Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ауызша аударма үдерісі

Екі тілді білгеннің бəрі аудармашы болып шықпайды. Кəсіби аудармашы болу үшін арнайы теориялық білім алады. Сонан соң біраз уақыт тəжірибелік тұрғыдан шыңдалады. Аудармашылық мектептер, оқу орындарының жұмысы аудармашыны кəсіби маман ретінде дайындауға негізделген. Қазіргі заман талабы аудармашылықтың тəжірибе жинаумен емес, теориялық мол əзірлікпен қалыптасатындығын дəлелдеп отыр. Бұрындары ауызша аударғанда арнайы теория қалыптаспағандықтан, əр аудармашы өз қабілетіне, тілді меңгеру мүмкіндігіне сүйенді. Көптеген күрделі аудармашылық шешімдердің өзі теориялық тұрғыдан терең талдап түсіндіру қиындығын туғызғанымен, көп жағдайда аудармашының кəсіби танымы мен шығармашылық машығына негізделді.

Аударма теориясы ең алдымен аудармашының кəсіби негіздегі жинақталған білімін, қос тілділік жағдайындағы ізденісін, жаңа ойтұжырымдармен, тəжірибелермен толықтыруға, аудармашылық машықты жетілдіріп, ізденісін, шеберлігін ұштауға көмектеседі. Аудармашылық əдеп нормаларын сақтауға дағдыландырады. Аударма теориясы аударма жасаудың түрлі тəсілдерін үйретеді, жаңа ізденістің үлгілерін көрсетеді, тəжірибе жетілдіреді, аударма ісіне қолданылып жүрген жаңа терминдермен таныстырады.

Ауызша аударма – шығармашылық іс емес, техникалық сипаттағы үдеріс. Аударма үдерісі мықты теориялық білім нəтижелерінсіз əрі үнемі ізденіп, жаттығусыз мүмкін емес. Аударма теориясын жақсы меңгеру арқылы болашақ аудармашы тəжірибе жинақтайды. Ауызша аударма – аса жауапты жұмыс. Ауызша аударманың жасалу технологиясы, əдістемелері, аударма үдерістері, аудармашы əдебі, мəдениеті – кəсіби маманданудың басты негіздері. Қазіргі өмір тəжірибесі көрсеткендей, кəсіби теориялық білімсіз аударма жүзеге асырылмайды. Екі немесе бірнеше тілді жақсы меңгеру аудармашыға жеткіліксіз. Оның кəсіби ой-өрісін дамыту үшін аударма теориясы əбден қажет. Ең алдымен жалпы тіл білімін, теориялық грамматиканы, лингвистиканы, аударма тілінің стилистикасын, салыстырмалы стилистика, лингвомəдениеттану, лингвоелтану, нейрофизилогия пəндерін жете білу қажет. Ауызша аудармашы шешен де шебер сөйлеуге дағдыланумен бірге, тіл мəдениетін жетік меңгеруі тиіс. Ойды дұрыс, жинақы жеткізу, сөзді жедел есте сақтап, жылдам қайталап айту белсенділігін меңгеруге логика жəне аударма психологиясының ықпалы да бар.

Ауызша аудармашы жұмыс барысында əр саланың мамандарымен жиі араласады. Аудармашыға əр кəсіп иесімен, мамандармен əңгімелесу, яғни, аудару қажеттілігіне сай сол саладан жеткілікті хабардар болу маңызды. Əр мамандықтың қыр-сырын білу қашан да қажет.

Аудармашы – адамзат білімі мен қызметінің əр саласынан мəліметтер, деректерді бірегей жинаушы. Ауызша аударма үдерісі көп жағдайда бағдарлы білімге негізделеді. Бұл дегеніміз аудармашының сан салалы білімнен, ғылымнан жеткілікті хабардар болуы. Ол ойтанымын үнемі дамытумен бірге, үнемі ізденісте жүреді. Ауызша аудармашыға жаңа білім саласын жедел меңгеру қажеттілігі де туады. Мəселен ертеңгі болатын жиын атом энергиясы саласы болса, келесі бір (конференция) мəслихат қазіргі медицина мəселесіне арналса, үшінші кездесу халықаралық сауда ұйымы туралы болуы мүмкін. Осы жағдайда əр саладан жаңа ақпараттық материал жинау, деректер алу негізгі тілдік терминдермен танысу белсенді түрде жүргізіледі: а) ресми кітап сөзі (жазба мəтіндер), ə) ресми ауызша сөз (ресми қатынас), б) кəсіби жаргон (ресми емес қатынас). Есте сақтау қабілетін үнемі машықтандырған аудармашы əзірлік барысында осынау бай материалдарды бірден меңгеріп кетеді. Бұл үшін қажетті дерек көздерін, анықтамалықтар, сөздіктерді, интернет жүйесін, мамандардың ақылкеңестерін тиімді пайдаланған дұрыс. Ауызша аударуға жаттығу – кəсіби біліктілікті арттыру кепілі.

Шет тілін білетін кез-келген адам аударма жасай алмайды. Бірақ нағыз кəсіби маман болып қалыптасып, мамандық биігіне жету үшін соған бейімделу үнемі ізденісті қажет етеді. Ауызекі сөйлеуге негізделген жағдайда тілді терең меңгерумен бірге, шешендігі мен жедел есте сақтау қабілеті мықты адам ғана ауызша аудармашы бола алады. Сондықтан да аудармашы болу үшін шет тілі мен ана тілін жетік білу, сөз сөйлеу ұшқырлығы, жедел есте сақтау қабілеті керек. Аударма мамандығына оқуға қабылдау кезінде де осы ерекшелік ескеріледі. Оның үстіне дауыс анық, ашық үн-ырғақ, интонация нақты, айқын болғаны дұрыс. Тіл мүкістігі немесе жекелеген əріпті дұрыс жеткізбеу мүлде ұшыраспайды. Сонымен бірге жалпы ой-өрістің, дүниетанымның кеңдігі де керек.

Шет елдегі əр оқу орындарындағы қабылдау сынақтары əрқилы. Сорбонодағы аударма мектебіне түсушілер қазіргі өмірге қатысты кезкелген тақырыпта негізінен жұмыстық шет тілінде монолог жеткізсе, біраз уақыттан соң аталған мəтін үзіндісін өз тілінде қайта айтып шығады. Одан кейін ағылшын тілінде мəтін үзіндісін тыңдап алып, мəтіннің толық мазмұнын ана тілінде аударып жеткізеді. Осы жəне басқа да бірнеше сынақтар жасалады. Бұдан əрі оқу кезінде күн сайын тест жүргізіледі. Ондағы нəтижелер мына көрсеткіштер бойынша анықталады. Мұның өзі ауызша аудармаға мамандану негізі болып табылады.

  1. Аудармадағы сөз сөйлеу жылдамдығы, мөлшері;
  2. Аударма тұтастылығы (ақпарат санының қаншалықты кеміп қалғаны);
  3. Айтылған сөздердің бұрмаланып кетпеуінен сақтану. Мұнда мəтіннің толығымен жеткізілуіне зер салынады;
  4. Сөйлеу реттілігі (түсініктілігі), сөйлемді анық, ұғымды тиянақтап аяқтау, сөз қайталауларға жиі жол бермеу;
  5. Сөйлеу дұрыстығы (əдеби тіл нормасын сақтау, ауызекі қарапайым сөздердің қатыспауы, дикцияның дұрыстығы, дауыс əуезділігі, айқындылығы);
  6. Аудармашылық мінез-құлық (емеурін ишара, ұстамдылық, дауыс көтеріңкілігі (қаттылығы), сөз сөйлеу сенімділігі, еркіндік, сабырлылық.

Бұл көрсеткіштер барлық аударма мектептеріне ортақ. Мысалы Гейдельберг институтын бітіруші аудармашы бұдан бұрын оқытылған тақырып бойынша 10-15 минут синхронды аударма жасаса, содан соң белгілі тақырып бойынша жазбаша аударма жасау арқылы (жазбаша нотация) ілеспе аударма орындайды. Монтеррей институтында синхронды аударма жасауға 12-20 минут беріледі.

Оқудың аты – оқу. Арнайы аудармашылық оқу орындарын бітіргендердің бəрі де аудармашы болып кете алмайды. Жақсы маман болып қалыптасу үшін өзіндік қосымша даярлық, машықтану дағдысы, кəсіпті тəжірибелік негізде үздіксіз жетілдіру, іс жүзінде үнемі іздену, жаттығу көмекке келеді. Ауызша аударма – адамның өз бетінше оқып үйреніп, үзбей жаттығуын əркез талап ететін мамандық.

Ілеспе аударманың қолданылуы

Ілеспе аударма – бір тілде сөйленген сөзді тыңдау арқылы екінші бір тілге ауызша аудару. Барлық мəліметтер жеткізіліп болғаннан кейін əңгімелесушінің айтқандары, шешеннің сөздері, радио хабарлары толық түрде жедел аударылады. Мəтінді тыңдағаннан кейінгі ауыз ша жасалатын аударма. Ілеспе аударма жазбаша аударманы ауызша аудару, азат жолдықсөйлемдік аударма, сондай-ақ бір жақты аударма жəне екі жақты аудармадан ерекшеленеді. Ілеспе ауларманы көп жағдайда аударма қызметінің кəсіби түрі ретінде тындау арқылы жазбаша жүргізілетін ауызша аударма деп атайды. Ауызша аударма қызметі аударылатын тілдегі сөз аяқталғаннан кейін айтылған мəтінді аударумен сипатталады. Ауызша аударма тындау нəтижесінде жасалады. Бір ерекшелігі аударма айтылған сөздерді үзіп, бөліп жеткізу түрінде жүргізіледі. Сөз сөйлеушінің айтар ойын толық жеткізуіне байланысты, оны толық тындап, жедел есте сақтау арқылы аудармашы уақыт айырмашылығының ұлғаюына тап келеді. Осынау уақыт ішінде аудармашы айтылған сөздерді, барлық ақпарат көлемін мұқият есте сақтай отырып, жедел есте сақтау қабілетінің көмегімен ойдағы мəтінді түгелдей аударып шығады. Бұл міндетті шешуде арнайы жазба жүйесі пайдаланылады, бұл аудармашының есте сақтау қабілетіндегі жүктемені жеңілдетеді. Бұл белгілі бір мəтін бірліктерін кідіріспен тындау арқылы орындалатын аударма.

Жазбаша жүргізілетін ілеспе аударма – бір тілден басқа тілге тындау арқылы аудармашының аударылатын мəтінді жазба жүйесімен ілеспе аударма негізінде қабылдау кезінде пайдаланылатын ауызша аударма түрі.

Аударма қызметінде сөйлеу үдерістерінің негізгі белгілері аударманы жүзеге асыру құралдары ретінде қатысады. Ол сөзді жеткізу түрлері: сөйлеу, тындау, жазу, оқу.

Аударма – əлеуметтік қажеттіліктегі қызмет əрі қоғамдық пайдалы еңбек. Аудармашы рөлі – тілдік кедергілерді жеңу арқылы тілдік қатынастарды байланыстыру, сапалы аударма жасау. Аударма екі тілдің құралдарын меңгеру негізінде ауқымды сөз сөйлеу мүмкіндігін жұптап пайдалануға сүйенеді. Яғни тындау жəне қайта айту, тындау жəне жазу үдерістерін қамтиды. Аударма екі тілдік құралдарды пайдалануға сай бір тілдік жүйеге қарама-қарсы қойылады. Екі ауқымды сөйлеу тəсілдерін пайдалану бойынша аударма диалогпен, қайта əңгімелеумен, мазмұндаумен түйіндеу жасаумен, ойда сұрыптап, реттеумен т.б. бірігеді. Аударманың мамандану ерекшелігі айтылған сөзді толық əрі дəл қабылдауға бағытталады. Оның тұтастылығы мен дəлдігі – аударма қызметінің мақсатты талабы.

Ілеспе аударма – тындау арқылы мəтінді басқа тілдің құралдарымен ауызша қайта баяндап шығу. Айтылған мəтінді тындау нəтижесінде қабылдау, есте сақтау қабілеті белсенді жұмыс істеуі тиіс. Баяндалған мəтіннің арасындағы уақыт неғұрлым ұзарған сайын есте сақтау қабілетіне үлкен күш түседі. Аудармашының есте сақтау қабілетінің мықтылығы, оның жоғары деңгейі мен машықтануы айтарлықтай дəрежеде ілеспе аударманың сапасын анықтайды. Егер де түпнұсқа мəтіні ұзақ болса əбден бейімделген зейіннің өзі де оны толық əрі қайтадан дəл жеткізіп беруге кепіл бере алмайды. Мəтіннің көлемін негізінде сөйлеуші шешен белгілейді, аудармашы міндеті сөйлеушінің шешендігімен, сөйлеу стилімен аударманы үйлестіре білу. Эдмон Кари өз кітабында француз дипломаты Андре Франсуа-Пансенің Ұлттар лигасында 2,5 сағатқа созылған сөзіне үздіксіз ілеспе аударма жасағанын жазады. Ұлттар лигасының мəжілісінде екі жұмыс тілі ағылшын жəне француз тілдері пайдаланылған.

Ілеспе аударманың негізін қалап, дамуы Женева университеті жанындағы аудармашылар мектебінен басталады. 1941 жылы құрылған бұл мектепте ілеспе аударманың жандануы Антуан Веллеман, Жан Эрбер, Рабер Канфино, ағайынды Каминкерлер, Жорж Матье есімдерімен тығыз байланысты. А. Веллеман – ілеспе аударма метебінің негізін салушы. Бұл университетте негізі пəн ілеспе аударма, дəлірек айтсақ, ілеспе аудармадағы жазба жүргізу болды. Ілеспе аударманы техникалық тұрғыдан жазу Батыс Еуропа елдерінде алдыңғы орынға қойылды. Халықаралық конференциялар ұйымдастырушылар шешеннің ілеспе аударма арқылы «үздіксіз» сөйлеуіне мүлде қарсы шықты. Олардың ұйғаруынша ол сөзді түгел сөйлеп шығады, сонан кейін ғана аударма жасалады.

Синхронды аударма ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін ғана алдыңғы орынға шыға бастады. Нюрнберг сот процесінде алғаш рет енгізілген бұл аударма түрі БҰҰ бекіткеннен кейін конгрес, конференция, симпозиумдар да жаппай қолданылды. Алайда синхронды аударма екі жұмыс тілі қабылданған жерде уақытты үнемдеуге қолайлы болғанымен, ілеспе аударманы тұтастай алмастыра алмады. Синхронды аударма үшін қымбат техника, арнайы микрофон, жазба аппараттары, тыңдау құралдары, арнайы жабдықталған кабинет керек. Тағы бір жағы жақсы синхронды аударма ақпаратты толық жеткізудің кепілдігін бере алмайды.

Ілеспе аударма келіссөздер, мемлекет жəне саяси басшылар кездесуінде, баспасөз мəслихаттарында, түрлі комиссиялар жұмысында, ресми сапарларда, халықаралық жиындарда, форумдарда, əсіресе екі жұмыс тілі қолданылған жағдайда жүргізіледі. Өзіндік ілеспе аударма радио мəліметтерін немесе шет тіліндегі радио хабарларды жазбасымен жеткізу болып табылады. Мұндай жазба үлгісін аудиотаспаға жазып алу арқылы бірнеше рет тыңдап барып, қажет жағдайда қайта жазып шығып, сонан соң аударма жасалады. Бұл аударма түрін жазба аударманың нұсқасы деп қарастыруға болады. Бұл – бір. Радио хабарларын аудару бірден магнитті таспаға немесе аудиотаспаға түсіріледі. Мұндай жағдайда аудармашы бір рет қана тыңдау мүмкіндігіне ие болады. Мұндай хабарларды аудару үшін аудармашыға жылдам жазу қажеттілігі зор.

Ауызша аудармада, баламалы аудару өте қиын. Ауызша аудармаға қойылатын басты талап – бастапқы мəліметтің негізгі мазмұнын дəл жеткізу. Сонымен бірге сөйленген сөздің ақпараттық құндылығын құрайтын негізгі элементтерін қамту. Кейде күрделі жағдайда аударманы жүйелендіруге де болады. Мұндағы ең бастысы – ақпаратты жедел, дəл, шынайы жеткізу. Ілеспе аударма құрылымы мынадан тұрады:

  1. ақпарат көзі (немесе жіберуші тұлға, сөйлеуші адам)
  2. ақпарат (сөйленген сөз)
  3. ақпаратты өз тілінен екінші тілге жеткізуші (бұл аудармашының аудару үдерісі)
  4. ақпарат арнасы (сөйленген сөздің жалпы мазмұны)
  5. ақпаратты басқа тілден қайта жасап шығарушы (аудармашының іс-əрекеті)
  6. алынған ақпарат (аударылған мəтін)

Ілеспе аударма синхронды аударма тəрізді ауызша аудару түрі ретінде мəтінді тыңдау нəтижесінде жасалады. Синхронды аударма ерекшелігі белгілі уақыт аралығында шешен сөзін соңғы мəліметтерді зердеде сақтап, оймен тиянақтап жеткізу уақыттың айтарлықтай кезеңімен бір-бірінен бөлінеді. Ілеспе аударма уақытқа сəйкес екі кезеңге бөлінеді: 1) сөз сөйлеп жатқан кезде аудармашы ақпаратты

В. Шкловский, жазушы Л.Л. Вайтоловская үйінде қонақта болғанда В.П. Строева (Рошальдың əйелі) Иса Байзақовтың суырып салмалылығын сынап, А.С. Пушкиннің «Египет түндеріндегі» əйгілі Клеопатра патша туралы оқиғаны бірден ауызша жырлап беруін өтінген. Ақын домбырасымен жиырма бес шумақтай жырды табанда айтып шыққан. Оны қонақтарға М. Əуезов ауызша, сол мезетте аударып берген. Ə.Тəжібаев естелігінде былай жазады: «Иса өзінің бұрыннан естіп, осыны жазсам деп ойланып, толғанып жүрген жырындай төкті. Əншейінде кібіртіктеп, ыңылдап бастайтын Мұхаң да бұл жолы ағыл-тегіл орысшалады: ол жырдағы ақын суреттеген адам мүсіндерін айнытпай айтады. Сөздердің екпін-лептерін аңғартады. Əлдеқандай нəзік елестейтін бояу, дыбыстарды, ишараттарды жеткізуге тырысады. Бəріміз бір кісідей тұрып, Исаға да, оның жырын осыншалық əсем аударған Мұхтарға да қошемет көрсеттік» (243 б). Міне бұл М. Əуезовтың əрі поэзиялық, əрі ауызша (ілеспе) аудармаға шеберлігінің жарқын үлгісі.

қабылдап алып, оның жазбасын жүргізуге

əзірленеді. Мұндағы жоғарыда аталғанның барлығы қатысады. 2) бұл кезеңде аудармашы жазбаны пайдаланып, сөзді тиісті адамға жеткізеді. Көбінесе сөзді толық тыңдау нəтижесінде ауызша қайта мазмұндау жасалады.

Ə. Тəжібаев естелігінде москвалық атақ ты режиссер Г. Рошаль белгілі əдебиетші

 

  1. Тарақов Ə. Аударма əлемі. Оқу құралы. Қазақ университеті, 2007 – 247 б.
  2. Миньяр-Белоручев Р.К. Как стать переводчиком. М., 1994
  3. Миньяр-Белоручев Р.К. Пособие по устному переводу (записи в последовательном переводе) для институтов и факультетов иностранных языков. Москва. Высшая школа, 1969 – 202 с.
  4. Əуезов М. Абай жолы. Роман-эпопея. Алматы: Жазушы, 1990. – Бірінші кітап. Абай: 608 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.