Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ поэмаларындағы дəстүр жалғастығы (Моңғол қазақтары ақындарының поэмалары негізінде)

Қазақ поэзиясының һəм оның эпикалық жанры поэманың өз бастауын тым əріден, тылсым тереңнен, көз жеткісіз алыстан, ұзақтан тартатыны нақ. Оның бүгінгі күнге жеткен сарыны əнде жатса, сөзі өлеңде. Аталарымыздың есте жоқ ескі замандардағы ұстанған салт дəстүрлерінің, дүние танымының жұрнақтары мен жұғындары қазақтың көркем сөзінің көркіне айналып кетсе оған ешкім дау айта алмайды.

Ақатай Сəбетқазы «Мəдени игілік өзінен өзі нұр болып жауатыны бар. Оның əлеуметтік экономикалық жəне тарихи алғы шарттары бар. Əр құбылыстың шығу тегін аспаннан емес,

«жерден» іздеу, сыртқы емес, ішкі себептеріне үңілу ғылыми əдістеменің өзекті принципі екені аян... қазақ халқының дүниетанымдық көзқарасы əлемдік ақыл ойдың даму арнасынан оқшау тұрған жоқ» [1,6] деген еді. Олай болса, “Мифологияны көне дəуір философиясы деп санасақ, халықтың пайымдық жүйесі осы мифология мен философия арасын жалғастырушы дəнекер. Мифологиялық дəуір қаншалықты созылмалы болғанымен өткінші. Оны танымның ақыл мен білімге негізделген «жаңа» дəуірі (рационалды ойлау, əлде «ақылдылық») жеңіп өрелі тұғырынан тайдырады. Мифологиялық мұрағаттар əпден дағдарысқа ұшырай бастаған сəтте ұлттық ой өрнегінің айшығына, бояуы мен көркемдік айшығына айналып кетеді». [1,6]

.Ғалымның бұл пікірімен əбден келісуге болады. Мұндай үдеріс қазірде тоқтаусыз жалғасып отыр. Бұл ғалым айтқандай «жаңа» мен «ескі» ұзақ дəуір үзеңгілес отыратын», көпке жалғасатын процесс болса керек. Оның мысалын осы

заманның кез келген көркем шығармасынан, соның ішінде өлеңмен жазылған туындылардан көруге болады. «Бұлғын деген Бай Өлгейдің басындағы үкісі» [2].

Д.Қалаубайұлының «Келін» поэмасында[3]:

Той дегенде ұят ау қызынбаған, (Беретіндей сол ауыл қызын маған). Кіріп барсам оң жақта бір бүлдіршін, Үлбірейді қаймағы бұзылмаған.

Қолаң шашы көмірдің қарасындай,

Бір көргенде ақ ғашық боп қалатындай. Жəудірейді мөлдіреп қой көздері, Қолға түскен үкінің баласындай.

Осындағы «үкі» мифологиялық заманда киелі «қорғаушы», «сақшы рөлін атқарса, қазіргі түсінікпен қарағанда əсемдік белгісі, əдемілік құралы, сұлулық сипатын анықтайтын əшекей. Сипаттауға алынып отырған субьектінің көркемдігін басқадан ерекшелеп, айшықтап, ашып көрсететін салыстырмалық көркемдік зат. Мұндағы асты сызылған сөздер мен сөз тіркестері дəстүрлік жалғастық. Сонымен қатар бұрынғы заманда көркемдік қасиетімен қатар үкінің кəзіргі тілмен айтқанда «сырға тағу» сияқты салт орнына жүргенін де ақындар поэмасынан байқаймыз. К.Ілиясұлынң «Келіншек» поэмасынан:

Сол жолы үкі тағып екі қызға,

Еліне қайтып кетті Есендəулет [4,17].

Қазіргі жас оқырман, реалистік ұғыммен түсіне қоймауы мүмкін. Ақынның мұндай қолданысын ескіліктің көрінісі, эстетикалық талғаның тарлығы, эстетикалық түсініктің таяздығы деп түсінуге əсте болмайтын сияқты. Керісінше мифологиялық пайымдаулар кезеңіндегі мұрағат жəдігерлерінің көрем əдебиет түрлерінде көптеп орын алғаны ұлтық, байырғы ойлау жүйесінің қалпын бұзбаған тұнықтығы,

«текті принциптердің» жаластығы деп сараласақ шындыққа əлде қайда жақын келеміз.

Ескі аңыз, ертегілерде жиі кездесетін халықтық дəстүр салттың бірі түс көру, оны жору, сол арқылы адамдар өздерінің болашағын болжап, келешегіне үміт артады. Біз егде жəдігерлер арқылы ерте заманда адам рух қуатының ерекше дамығанын білеміз. Соның бір көрінісі сəуегейлік пен көріпкелдік. Поэма жанрында көрініс беретін түс жору, құмалақ салу, жауырынмен бал ашу, мифтік аңыздар соның жалғасып жатқан сарқыны болса керек.

Сəуегейлік, көріпкелдік қазақ баласына тəн құбылыс болып көрінеді. Ол ақындар шығармаларынан да кең орын алған. Ақтан Бабиұлының «Бүркіт» поэмасында «Ақиық» атты құсын аңға алып шығар алдында Жекейге жары Жанботаның айтқаны:

Оқтын оқтын шақырып, Отырмайды шырылдап. Қыраныңнан жүрегім, Қорқып тұр зуылдап.

Айналайын Жекейім, Артық айтып не дейін. Аттанба бүгін ешқайда,

Аяулым сенен тілеймін

деген «Ботаның қылығына Жекей күліп, // Cөз мəнісін əзілге айналдырып» кете барады. «Бота қарап артында тұрып қалады, Боларын бір сұмдықтың біліп қалады»[5] болмаса қасыңа дабылшы ертіп алмадың ба дейді. Бірақ та жарының сөзін құлағына ілмеген Жекей аңға жалғыз кетеді. Ал Ақбөрідей ілбіске түскен бүркітті қатты өшігіп, сыр бермей, сырттан бағып жүретін Қасқарбай деген жəдігөй атып салады.

Бұл жерде біз құс «Ақиықтың» тағдыры Ілияс Жансүгіровтың жазған Ақанның «Құлагерімен» тағдырлас екенін көреміз. Тіпті ақынның жырлауында да ұқсастық сезіледі.

Құшақтап ақиықты жатыр жылап, Адам жоқ уататын алда-сулап.

Бір мезет иығына қол қояды,

Көрмек боп не болса да өмірді ұрлап.

Ал «Құлагерде» жығылған аттың басына жеткен Ақан:

Көргенде ол мынадай сұмдық істі, Үстіне Құлагердің құлап түсті.

Білмеді не болғанын, айырылды естен, Аймалап Құлагердің басын құшты [6].

Екі поэмадағы трагедиялар тоғысы осылай бір бірімен үндесіп, сабақтасып жатады.

Моңғолиядағы көп қырлы қаламгердің бірі Шынай Рахметұлы. Оның талантынан прозалық жəне поэзиялық көптеген белгілі шығармалар туындаған даңқты журналист һəм публицист. Рахметұлының шығармаларымен еліміз оқырмандарын Дүние жүзі қазақтары қауымдастығының «Атажұрт» баспасы «Қайқая шапқан қарагер» атты өлеңдер жинағымен таныстыруы аса құптарлық. Бұл тарапта біз Ш.Рахметұлының «Иман» атты дастанынан дəйектер келтірмекпіз. Жалпы бұл поэма жабық тақырып болып келген өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы репрецияға арналған қайғылы қасыретнама. Поэманың көркемдігі көңіл сергітер, оқиғасы шымыр, баяндалу бапты, кесек туынды. Сонда жайма шуақ ел қатарлы тіршілігін бастаған Иман мен Алтынайдың шаңырағы қалай шайқаларын алдын ала келіннің түс көріп, оны атасына жорытуы арқылы көрсетеді.

  • Не болар екен ата, осы заман,

Ит көрдім қашқан аңға арсылдаған. Барады қырқа-қарқа қырдан асып, Оқ тиіп аяғына шошыған аң.

  • Қасқыр ма, деді, балам, қоңыр аң ба? Жыртқыш болса бар қырсық арылар да.
  • Ақсаңдай аласұрған арақар, деймін, Зəре жоқ қансыраған жануарда.
  • Япырай, əттегене, бəрекелді… Жаратқан тағы қандай пəле əкелді?!

деген қария сөз соңын аяқтай алмай қалады. Əрине, оқушыға тірліктің ары қарайғы тағдыры енді белгілі болады. Оны автор да жасырмайды.

«Көңілге түсіп қаяу, көзге кірбің // Бұзылды бұрынғы күй мерекелі” дейді. Алтынай келін түс көріп, оны атасы жору арқылы ертеңгі күндерінің қасыретін бір үйлі жан осылай көріп, біліп болжайды. Елге еркек кіндіктіні түгелге жуық жалмаған репреция келеді.

Тұтқын боп отыр төрде ылғи жуан, Оқиды біреуі жыр, бірі құран.

Бас қосқан руымен бай мен кедей, Мүлгиді кей түкпірде бір үйлі жан.

Поэма азапты жылдардың ақиқатын, абақтының ащы сұмдығын аша білген.

Қазатың лиро-эпостық дəстүрлі жыр-дастан үлгілерін заманына сай байытып, кемелдендіре жырлаған жаңа заман ақындары. Академик Рымғали Нұрғали осы тарапта «Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры» атты зерттеу еңбегінде халықтық сюжетті, бұрыннан бар белгілі сарындарды, фольклорлық идеяларды жаңа заман тілегіне қарай суреткерлікпен өзгерте пайдалану реализм поэтикасына жат емес екенін атайды [7].

Халықтық дəстүр, бұрынғы батырлар жырларының желісіне ауытқымау, əсіресе өткен замандардағы тарихи оқиғалар мен «ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен» ел мен жерін қорғаған батырларын жырлауда көрініс береді.

Эпикалық шығараларды жазуда Моңғолия жəне Шыңжан қазақтары ақындары арсындағы бір ұқсастық екеуі де поэзияның жаңа түрлерімен қатар дəстүрлік жалғастықты жақсы сақтап отырғандығынан байқалады.

 

 

  1. Сəбетқазы. А. Рухани əлемнің каусар бұлағы. //Қаз. əдебиеті. 6-7бет. №45, 2008 ж.
  2. Бəмішұлы.Б. Мəңгі көк аспан астында. Өлеңдер. –Алматы, сақшы, 1998.160б.
  3. Қалаубайұлы.Д. «Келін». Өлгий, /Шұғыла, 57-бет, №І, 1990ж.
  4. Ілиясұлы К. «Қос келіншек». Өлгий, //Шұғыла, 1229 беттер, №4, 1989ж.
  5. Бабиұлы Ақтан. Шығармалары.Өлгий, 1987.-634б.
  6. Жансүгіров. І. Шығармалары. –Алматы, Жазушы, 1998ж.
  7. Нұрғали.Р. Қазақ əдебиетінің алтын ғасыры.– Алмаы: Күлтегін, 2002.—528 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.