Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ драматургиясы Р. Нұрғали зерттеулерінде

ХХ ғасырдың басында дамыған қазақ əдебиеті толысып, озық ұлттық əдебиеттердің жанрлық салаларына жол тартып, əлемдік əдебиетке тəн құбылыс – «Қайта өрлеу дəуірін» басынан өткізді. Елді елең еткізер жаңалықтар бірінен соң бірі халықтың рухани азығына айнала бастады. Солардың қатарында роман жанрымен бірге сөз өнерінің іргелі саласы болып табылатын қазақ драматургиясының туып, қалыптасуы осының куəсі еді. Алғаш қазақ жастары арасында əдеби-сауық кеші болып бастау алған бастама соңынан ұлттық деңгейдегі драмалық шығармалардың жазылуына ұласты. Осы саланы дамытуға Ж. Аймауытов, М. Дулатов, М. Əуезов, Қ. Кемеңгеров, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, Ж. Шаниндер бастаған ұлт зиялылары үлкен үлес қосты. 1915 Көлбай Төгісовтің «Надандық құрбаны» драмасы жеке кітап болып басылып шықты. 1916-1917 жылдары Ж. Аймауытовтың тұңғыш үш пьесасы «Рабиға», «Мансапқорлар», «Қанафия-Шəрбану» жазылды. 1917 жылы жайлаудағы Əйгерімнің қонысында «ЕңлікКебектің» тұңғыш қойылымы көрсетілді. Міне, осылай басталған қазақ драматургиясының қадамы қарыштай дамып, бүгінде əлемдік деңгейдегі үздік шығармаларды тудырып, биік тұғырдан көрінуде. Жоғарыда айтқанымыздай қазақ əдебиеттану ғылымында поэзия, эпикалық проза, оның ішінде ерекше роман түбегейлі зерттелді. Ал драматургия жайында Ə. Тəжібаевтың «Қазақ драматургиясының очеркі», Р. Рүстембекованың «Қазақ совет комедиясы», М. Дүйсеновтың «Қазақ драматургиясының жанр, стиль мəселесі», Е. Жақыповтың «Дастаннан драмаға», Н. Ғабдуллиннің «Ғ. Мүсірепов – драматург» сияқты еңбектері дүниеге келді. Ғ. Тоғжанов, І. Жансүгіров, Н. Львов, Қ. Қуандықов, Б. Құндақбаев О. Қайдалова, У. Садықова, А. Тоқпанов Л. Богатенкова, Ə. Сығаев, Қ. Уəлиев сияқты театр сыншыларының еңбектерінде айтылған құнды пікірлерден бастау алған сыншылық үрдіс қазіргі сыншылар еңбектерінде өз жалғасын табуда. Əлем драматургиясы мыңдаған жылдарды артқа тастап, сан ғасырлар бойында қалыптасу жолынан өтті. Ал қазақ драматургиясының тарихы бір ғасырға да толмайды. Кешегі Қазан төңкерісінен кейінгі қоғамымыздың əлеуметтік-экономикалық, тарихи-мəдени дамуы халқымыздың мыңдаған жылдық дəстүрлі фольклоры мен бай əдебиетінен, жаһан мəдениетінің орыс мəдениеті арқылы жеткен озық дəстүрлерінен бастау алып, қазақтың жаңа сапалы өнері – драматургия мен театрды дүниеге əкелді. Осының арқасында тұтас, жүйелі, жан-жақты əдеби-мəдени процесс бастау алды. ХХ ғасырда қазақ драматургиясы жалпы драмаға тəн қасиеттер мен сапаларға жанрлық құрылымдар мен пішіндерге ие бола отырып қазақ əдебиетімен, мəдениетімен бірге өсіп, жетіліп отырды. Əдебиеттің айрықша бір түрі – драматургияның негізгі нысаны театр, сондықтан театрға арналып жазылады. Драматургия – танымдық, тəрбиелік мəні зор, идеялық-эстетикалық əсері күшті өнер. Мұнда тағдырлар тоғысуы мен характерлер қақтығысын, сезімдер шайқасын көрсете отырып ерекше көркемдік құрал – диалогтар мен монологтар арқылы болмыстың сан алуан шындықтарын ашады, өмір құбылыстарына баға береді, билік айтады. Жанр мəселесі өнертану мен əдебиеттануда өзекті болғандықтан, ерекше көңіл бөлініп, көптеген зерттеулер мен еңбектер дүниеге келді. Əлемдегі барлық халықтардың мəдениеті мен əдебиетінде де жанр мен оның түрлері мəні бар құбылыстардың қатарына жатқызылып, кең орын алады. Типологиялық тұрғыдан жанр табиғаты ұқсас, сарындас. Олар бір жерде ішкі жағдайлардың əсерінен дүниеге келсе, екінші ортада тарихи-мəдени алыс-беріс кезінде тууы да мүмкін. Бұл мəселенің бетін ашу мақсатында эстетикада əртүрлі мектептер, бағыттар болғанын білеміз. Мысалы, Аристотель «Поэзия өнері туралы» шығармасында драмалық жанрларға анықтама берсе, Буало «Поэтикалық өнер», Дидро «Драмалық поэзия туралы» еңбегі, Гегель «Шығармалар жинағы», Белинскийдің көптеген сыни еңбектерінде жанр мəселесі қозғалған. Буржуазиялық оқымыстылардың бір тобы жанрларға психологиялық, екінші тобы грамматикалық категориялар арқылы түсінік жасамақ болады. Ал кеңес ғылымы бұларға қарама-қарсы, объективті критерий ұсынады – жанрды қоғамдық, мəдениəдеби жалпы дамумен сабақтас қарап, нақты əлеуметтік-тарихи, эстетикалық-көркемдік аспектіде анықтама береді. Жанр тудыратын элементтер деп сюжет түзілісі, композиция, поэтика, бір сөзбен айтқанда, шығарма идеясы мен мазмұнын ашатын көркемдік құралдарды айтуға болады. Бұған драмалық эмоциялық əсер беретін формаларды да қосқан дұрыс: трагедия, комедия, драма. Даму үдерісінде жанрлар бірбіріне өзара ықпал етеді, бірін-бірі байытады. Кейбіреуі жаңғырып өссе, енді бірі өшеді, өледі.

«Жанр əрқашан өзі, əрі өзі емес, əрқашан көне, əрі жаңа, жанр əдебиет дамуының əрбір жаңа кезеңінде, əрбір жаңа шығарма тұсында қайта туындап жасарады... Жанр бүгінгі күннің тынысымен өмір сүреді, бірақ əрқашан өз өткенін ерекше қасиет ретінде өз бойында сақтайды. Жанр – əдеби даму үдерісіндегі шығармашылық тұжырым түрінде қалады», – деп жазды М. Бахтин [1]. ХХ ғасырдың 60 жылдары жалындаған жас ғалым Р. Нұрғали өзінің жаңашыл ғылыми зерттеушілік бағытымен əдебиеттану ғылымына келіп қосылды. Ғалым қазақ драматургиясындағы трагедия, комедия, драма жанрларының ұлттық ерекшеліктерін, дүниежүзілік əдеби дамуға қосылатын белгілерін көп жылдар бойы аса бір ұқыптылықпен тексерді. Оның айғағы ретінде «Трагедия табиғаты» [2], «Талант тағдыры» [3], «Күретамыр» [4], «Өнер алды – қызыл тіл» [5], «Өнердің эстетикалық нысанасы» [6], «Драма поэтикасы» атты монографияларын айта аламыз[7].

Əдебиет əлемі жөнінде өрелі ой, орнықты пікір айтып, қазақ əдебиетінің ғылым мен сынында өзіндік сара жол салған Р. Нұрғалидың «Айдын. Қазақ драматургиясының жанр жүйесі» атты монографиясы қазақ драматургиясының табиғатын, жанрлық жүйесін жан-жақты саралап зерттеген бірегей еңбек деп айтуымызға болады [8]. Р. Нұрғали қазақ драма жанрларының – өзіндік ерекшеліктерін, поэтикасын айқындаудың, олардың əдеби дамудағы орны мен маңызын ашудың өрістеу үрдісін тиянақтаудың, жанрлық құрылымдардың өзгерістерін, сонымен қатар олардың өзара байланысы мен баюын көрсетудің уақыты келгенін айта келіп, өз зерттеуінің негізгі нысанасы етіп алуға бел байлайды. Ғалым бұл зерттеуінің ХХ ғасырдағы қазақ əдебиеттану ғылымындағы əдеби көркем процесс диалектикасына енуге, ұлттық жəне интернационалдық дəстүрлердің арақатынасын көрсетуге, белгілі кезеңдердегі əдеби даму заңдылықтарын ашуға мүмкіндік туғызатынына, сондай-ақ қазақ драматургиясының дамуындағы қалыптасқан дəстүрлер мен тұрақты байланыстарды анықтауға, олқылықтар мен кемшіліктерді көрсетуге, болашағын барлап болжауға жағдай жасайтынына кəміл сенеді. Əдебиет жанрлары жөнінде тұжырым жасаған академик

Д.С. Лихачев «Жанрлар түрлі өзгермелі факторлардың əсерімен қалыптасып, сан алуан қасиеттерге ие болғандықтан, əдебиет тарихы алдында ерекше міндеттер туады: жанрларды ғана емес, жанрлық саралауды тудыратын принциптерді зерттеу керек, жеке жанрларды, олардың тарихын ғана емес, əр дəуірдегі жанрлар жүйесін зерттеу керек» – дейді [9].

Ғалым академиктің осы талаптарын ескере отырып нақты шығармаларды талдап, жанрлардың оның ішінде барлық жүйелердің, даму үдерісіне зейін қояды. Р. Нұрғали драматургия жанрларын жай қағида, қатаң тұжырым етіп қана алмай, олардың қоғамдық мəдени дамуы мен сабақтастығына мəн беріп, көркемдікэстетикалық тұрғыдан баға береді. Өзі көтеріп отырған күрделі теориялық мəселенің негізгі түйінін ашуға тырысады. Р. Нұрғалидың бұл еңбегі ұзақ уақыттар бойы сарқыла зерттеу нəтижесінде дүниеге келді. Осы салада жүргізген ізденістері мен көптеген құнды ғылыми топшылаулар өз жемісін берді. Монографияда қазақ пьесалары жанрлық тұрғыдан жіктеліп, белгілі бір ретпен қарастырылады. Қазақ қаламгерлерінің алпыстан аса пьесалары ғылыми тұрғыдан зерттеліп, олардың идеялық-көркемдік қасиеттері, жанрлық-стильдік сипаттары ашылып талданады. Ғалым драмалық шығармаларды бұрынғы зерттеуші ғалымдар сияқты трагедия, комедия, драмаға бөліп, əр жанрдағы шығармаларды ішкі сипаттарына қарай бірнеше бөліктерге бөледі. Монография «Трагедиялық тартыс жəне трагедиялық характер» деген тақырыппен ашылады. Ғалым қазақ əдебиеттануында алғаш рет драманың негізгі түрлерінің бірі трагедияға жан-жақты жанрлық тұрғыдан сипаттама береді: «Драматургия жанрларының ішінде өмірге айрықша жақын түрі – трагедия, өйткені бұл формада тіршіліктің сан алуан қайшылықтары, ғаламат тартыстар, құштарлықтар мен сезімдер шайқасы, ойлар мен идеялар қақтығысы ерекше зор пафоспен, əрі реалистік тереңдікпен бейнеленеді. Классикалық əдебиеттегі трагедияларда дара тұлғаның əлеуметтікқоғамдық қайшылықтармен кереғар қайшы келуі, бітіспес күреске түсуі көрсетілген. Трагедия қаһармандары сұм заманның қатігез əдеттерімен шайқаста опат болады; олардың алдарына тас қамалдай неше түрлі кедергілер, асу бермес тосқауылдар тұрады; трагедия асқақ рухты қайсар жанның алапат күресін суреттейді. Трагедия қаһарманы теңіздей сұрапыл тебіреніс құшағында; ол өз ішіне терең бойлайды; қамырықты, қайғылы азапты хал кешеді; ке дергі, қарсылықтармен қаймықпай күреседі» [8, 12б.].

Трагедия категориясына қатысты көптеген ғылыми зерттеулер жазылып, көптеген зерделі пікірлер айтылды. А.В. Луначарский дүниежүзілік драматургия тарихына сүйене отырып, трагедияны символдық жəне реалистік деп екі салаға бөліп қарайды. Бірінші қатарға Гетенің «Фаустын» қосса, екінші қатарға Шекспирдің «Гамлетін» жатқызады. Трагедияны оқыған немесе сахнадан көрген адам орасан зор тебіреніске түсіп, сан алуан сезім толқынына

бөленеді, қапалы ой құшағына енеді. Бұл идеялық-эстетикалық əсер ету ерекшелігін Аристотель – жан ашу, қорқыныш һəм қуаныш сəттерінің шарпысуынан туған ерекше күй деп атайды.

Ғалым трагедияның тағы бір маңызды сипатына кейіпкердің үлкен қателік жіберіп, зор адасуларға ұшырайтынын жатқызады. «Бұл əлеуметтік жағдайлар мен қоғамдық қарымқатынастар тудыратын, кейіпкердің өз еркінен тыс, оның идеал-мұраттарын күйретіп, мақсатына жеткізбей мерт қылатын зауал іспетті, тағдыр мен жазмыш бұйрығы тағылеттес ерекше жағдаяттардан шығады».

Сонымен ғалым трагедияға жан-жақты жанрлық тұрғыда сипаттама жасай отырып:

«Сөйтіп, трагедия – драматургияның қаһарлы тартыстар мен адасулар шайқасы қат-қабат өмірдің обьективті қайшылықтарын терең образдар арқылы ашып, зор айқастар, үлкен күрестерді бастан өткеріп, шындыққа жету жолында опат болатын күрделі тұлғаның қайғышері, мұң-ызасы эмоциялық-эстетикалық ғаламат əсерсен оқырманға (көрерменге берілетін, болмыстың қаны сорғалаған сұрапыл шындықтарын айқара ашып, қопара бейнелейтін іргелі жанры. Əрине, қалыпты өмірдің өзіндік тілек, талап, шарттары мен тарихи, трагедиялық тұлғаның мақсаты арасындағы күрес, конфликт, тартыс атаулының əр қоғамда, əр дəуірде, əр əлеуметтік, ұлттық ортада сан алуан форма, көрінісін тудыруы – объективті заңдылық. Трагедиялық тартыстар мен адасулар табиғатын, эстетикалық-эмоциялық əсер ерекшелігін сюжеттік материал, көркемдік-композициялық құралдар жүйесін, тақырыптық идеялық нысананы ескере отырып, қазақ трагедиясын мынадай салаларға бөлуге болады: а) эпикалық трагедия; ə) тарихи трагедия; б) адамгершіліктұрмыстық трагедия», – деп бірнеше бөлікке бөледі [8, 14 б]. Бұл жүйелеуден ғалымның драмалық шығармаларды жан-жақты терең зерттеп, жанрдың ішкі жақтарына көп үңілгеніне көзіңіз жетеді. Бұл зерделеу монографияның жаңалығы деп айтуымызға да болады.

Ғалым қазақ əдебиетіндегі классикалық үлгіде жазылып, жанр шарттарына толық жауап беретін ұлттық құндылығымыз «Еңлік-Кебек» трагедиясын алғаш рет жоғары бағалап, əдебиэстетикалық талдау жасады. Бұл шығарма ның эпикалық трагедияның барлық талабына сəйкес келетінін дəлелдеді. Алды мен ғалым М. Əуезовтің шығармашылық зертханасына тоқталып, жазушының Шекспир шығармашылығынан аударған туындыларына тоқталады.

Р. Нұрғали монографияда ғалымдар арасында бірінші болып зерттеудің жаңа ұстанымын қолданды. Бұл дүниежүзілік əдебиеттанудағы қолданылып жүрген жаңа типологиялық əдіс еді. Ғалым зерттеуге нысаны етіп отырған шығармаларын өздеріне тəн сипаттары мен ерекшіліктерін, ұқсастықтарын бір-бірімен салыстырады. Ұлттық əдебиеттің өзіне тəн ерекшіліктерін ескеріп отырады. Мұны да бұл еңбектің құндылығына жатқызуға болады.

«Еңлік-Кебектің» осы уақытқа дейінгі белгілі бірнеше нұсқаларын бір-бірімен салыстырып, сабақтастырып, оның қойылу тарихын, сахнадағы қойылымдарын тізе отырып, ғалым əрбір кейіпкерге, оның тіліне, мінезіне, іс қимылына, көркем шығармадағы тартыс, мінездің өзгеруі мен əдеби кейіпкердің өмірде болған, болмағанына, шығарма шындығы мен оның жасалуына, сомдалуына жіті көңіл бөледі. Көркем мəтінді жақсы білетін ғалым шығармаға əдеби-эстетикалық талдау жасайды. Эпикалық трагедияның жанрлық сипатына сараптама жасай отырып, оны əлемдік драматургияның жетістіктерімен салыстырып отырады. Зерттеуге əлемдік салыстырмалы-тарихи-типологиялық əдістің барлық мүмкіншіліктерін пайдаланады. Бұдан Р. Нұрғалидың зерделі білімін, жанжақтылығын байқай аламыз.

Ғалым «Еңлік – Кебек» аңызының екі əңгіме, екі поэма түрінде жеткен төрт нұсқасын салыстырып, мынадай байламдар жасайды.

«Ұсақ ауытқуларды айтпағанда, барлық нұсқадағы оқиға, оның баяндау реті, аяқталуы, аты аталатын адамдар, негізінен бірдей. Адам бейнелерін кескіндеу де ұқсас. Кебек батыр. Еңлік – асқан махаббат иесі, Кеңгірбай опасыз болып көрінеді. Шыңғыстау, Орда, Хан, Доңғалаң, Ащысу барлық нұсқада айтылады. Нысан Абыздың бал ашқан сөзі, Еңлік портреті, бүркіт салу суреті сөзбе-сөз дəл келіп отырады. Бірталай тіркестер, жеке детальдар, жаулар үстерінен түскендегі қашу сəті, Кебек мойнына арқан тасталуы, Еңліктің үш тілегі, жөргекте зар

Еңлік ісі сылтау. Дабырайып, өсіп, шегіне жете сыздаған алтыбақан алауыздық бұлтының түйісуіне кездейсоқ бір оқиға, титтей себептің өзі жарап жатыр еді. Пьеса көркемдігімен бірге ғалым пьесада орын алған олқылықтарын да көрсетеді. Пьесаның алғашқы екі нұсқасындағы басты олқылық дүниетаным саяздығына тіреледі. Автор екі жас трагедиясының ең негізгі себебін алауыздықта, билердің қатігездігінде деген ойға мегзейді.

Ғалым əртүрлі елдер əдебиетінде кездесетін бір туындыға қайта-қайта оралып, əлденеше рет өңдеу дəстүрінің де М. Əуезов шығармашылығына тəн екенін айта отырып, жазушы өзінің тырнақалды шығармасы «Еңлік-Кебекке» қаламы шыңдалып, үлкен жазушылық мəдениетке ие болған кезеңде 1943 жылы бір, 1956 жылы екінші рет оралып, пьесаға мол өзгерістер енгізіп, қайтадан өңдеп шыққанына тоқталады. Пьесаның алғашқы нұсқасындағы сюжеттік желінің қалдырылып, тек трагедияның негізгі идеясын ашуға, конфликтінің өрбіп, асқынуына еш қатысы жоқ эпизодты алып тастағанын айта отырып, «трагедиялық қақтығыстың жойқын көрініс беруі үшін ұсақ бұрылыстарды, жай кикілжіңдерді қысқартып тастау қажет болды» – дейді. [8,24-б.] Сонымен қатар драматургтың аса үлкен шығармашылық табыстарын да көзден таса қылмайды. 1943 жылы жазылған нұсқа мен 1956 жылғы жазылған нұсқаның басты айырмашылықтарын айта келіп, қазіргі театрда қойылып жүрген нұсқаға тоқталып, алғашқы нұсқа мен осы нұсқаның арасындағы түбірлі мазмұндық, идеялық айырмашылықтарды, көптеген стильдік өзгешеліктерді салыстыру арқылы көрсетеді. «Сөйтіп, Мұхтар Əуезовтің əуел баста халықтың аңыз негізінде туған

«Еңлік-Кебек» трагедиясы талант құдіретімен əлденеше рет редакцияланып, жаңғыртылып, байытылуы арқасында образдарды кесек-кесек, тартысты шыңыраудай терең, тілі ғажап шұрайлы классикалық туындыға айналды» – деп жоғары баға береді [8,35б.].

қағып қалған бала өзгеріссіз қайталанады.

Барлық нұсқа Еңлік пен Кебектің өлімімен тынады. Кеңгірбайдың екі жүзділігі, тобықты, найман рулары арасындағы кикілжіңнің бас себебі тағдырдың бұйрығында, жазмыш күшінде деген идея барлық нұсқада бар» Мұхтар Əуезов жазған пьесаның сюжеті халық аңызының оның ішінде əңгіме, поэма түріндегі нұсқаларынан бастау алады [8, 15б.]. Тобықты – найман арасындағы оқиға тұнып тұрған драма материалы екенін ұққан жазушы көрегендігін айта келіп: «Ру арасындағы жаңа шайқасқа Кебек-

 

 

  1. Бахтин М. Достоевский поэтикасының проблемалары. – Москва: Советский писатель, 1972, 178-179 б.
  2. Нұрғали Р. Трагедия табиғаты. – Алматы: Жазушы, 1968. 251 б.
  3. Нұрғали Р. Талант тағдыры. – Алматы: Жазушы, 1969. 125б
  4. Нұрғали Р. Күретамыр. Қазақ драматургисының поэтикасы. – Алматы: Жазушы, 1979. 235 б.
  5. Нұрғали Р. Өнер алды – қызыл тіл. – Алматы: Мектеп,1974.152б.
  6. Нұрғали Р. Өнердің эстетикалық нысанасы. – Алматы. Мектеп, 1979, 192 б.
  7. Нұрғали Р. Драма поэтикасы. Алматы: 1982. 241б.
  8. Нұрғали Р. Айдын. Қазақ драматургиясының жанрлық жүйесі. – Алматы, 1985. 435б.
  9. Лихачев О.С. Театр жəне драматургия туралы. – Москва, 1958. 1-2 т.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.