Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ əдебінің көркем шығармалардағы көрінісі

Қазақ этикасы – қазақ халқының ұлттық əдеп жүйесін моральды, адамгершілікті зерттейтін философиялық пəн. Қазақ топырағында əдептануды арнаулы ілім ретінде қарастырған ғұлама-философ, əмбебап ғалым – Əбу Насыр əл-Фараби. Əл-Фарабидің əлеуметтік-этикалық көзқарастары «Бақыт жолын сілтеу», «Азаматтық саясат», «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері», «Бақытқа жету жолында» деген зерттеулерінде ерекше назар аударылған [1].

Қазақ этикасының ежелгі бастау қайнар көздері үш мың жылдай Еуразияның Ұлы даласында өркендеген скиф-сақ, ғұн, үйсін, қаңлы мен түрік бірлестіктерінің мол мəдениетінен нəр алады.

Іргелі жазба мəдениет арқасында тəрбие алып есейген бүгінгі ұрпақ ұлттық мəдениет пен дүниетаным, салт пен дəстүр секілді мыңдаған жылдар бойы қалыптасып, өркен жайған ұғымдардың негізінде ауызекі дəстүрдің жатқандығын ескере бермеуі де мүмкін. Көшпенділер өркениетінде жатқа айту, немесе ауызекі дəстүрі мұрағат, кітапхана, мектеп, барлық ақпарат құралдар міндетін өз мойнына алып, бұрынғы өмір салты түбегейлі өзгеріске ұшырап, бүгінгі жазба дəстүрі біржола салтанат құрғанға дейінгі кезеңде аса үткен міндет атқарып келді. Сондықтан да халық барлық өнер атаулыдан ауызекі айту дəстүрін жоғары қойып, «Өнер алды – қызыл тіл» деді.

Ал осы ұлттық мəдениеттің іргетасын құрған ауызекі дəстүрдің халық арасындағы ірілі-кішілі сөз өнері жампоздарынсыз өркен жайып, дамуы тіптен мүмкін еместігі де даусыз шындық. Орта ғасырлар, одан да ерте кезеңдердегі рухани мəдениеттің жиынтық көрінісі, тұтас тарихи дəуірлерді қамтып, бүгінде бүтін бір мəдениеттердің іргетасына айналған «Махабхарата», «Манас», «Калевала», «Қыз Жібек», «Қобыланды» сияқты эпикалық мұралардың кейінгі замандарға жетуі де солардың ұлы азаматтық еңбегі екендігі даусыз. Халық даналығы бір күндік өткінші нəрсе мен мəңгілік қасиеттерді ажырата білуді парасаттылықтың алғышартына жатқызады.

Қазақ ауыз əдебиетінің көптеген жанрларының ішінде, соның ішінде, батырлар жыры мен ғашықтық жырларда шынайы махаббат, адам жан дүниесінің пəктігі, тазалығы, адамгершілігі, ізгілігі жəне бас бостандығын аңсаған жастар, ескі əдет-ғұрып, салттан туған теңсіздік, қайғықасірет, күйініш суреттеледі. Əсіресе, адам бойындағы біреу үшін өзін құрбандыққа қия білу, жақынға достық көмек, кеңпейілділік, ақылдылық жəне əділділік сияқты қасиеттер ерекше жырланады. Мəселен, «Ер Қосай» жырында алты жасында əкесінен қалған Қосай қырық баламен асық ойнап жүргенде, аттылы жүз адам келеді. Сонда Қосайдың айтқаны:

«Аққа мойным бұрайын, Сендерді көзім көрген соң, Сұрамай нағып тұрайын? Біреуің маған келмесең, Елдігіңді ұрайын!

Екеу емес, үшеу емес, Кіндіктен тудым жалғыз тақ, Мырзаларға келуім ақ, Аруақ маған жар болса,

Ұялып жүрме, ей, бейбақ!» дейді [2, 17 б].

«Қарадөң батыр жəне оның ұрпақтары» жырында да Қарадөң он бес жасқа келгенде Тоқсан баулы ноғайлының ханы жиналған топқа келіп былай деген екен:

«Қарадөңдей жас бала, Дұшпанменен қас бала, Сегіз жасқа келгенде Алысар жауын көздеді, Өз қатарын іздеді.

Жаманға жүдə ермеді, Жаманның бетін көрмеді, Жақсылар сөз сөйлесе, Отырып сөз тыңдады.

Жаманның ісін қылмады,

Жасы үлкенді сыйлады...», дейді [2, 74-75 бб].

Тарихи кезеңдердің жаңа дəуірі туғанымен ешқашан құнын жоймайтын моральдық-этикалық категорияларға: ар, ұят, намыс, абырой, ұждан, абырой, борыш, парыз, борыш т.б. жатады. Оған қазақ халқының «Ақылды болсаң, арыңды сақта, ар-ұят керек əр уақытта», «Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы», «Ұят кімде болса, иман сонда», «Əдептілік, ар-ұят – адамдықтың белгісі», «Өз ұятын білген кісі, бір кісіге төрелік береді» т.б. деген мақал-мəтелдері дəлел бола алады. Қазақ халқы ар-ожданды, абыройды қатты қастерлеген, оны адамгершіліктің туы етіп көтерген, сондықтан жастарға бата бергенде «Абыройлы бол!», «А, құдай абыройыңнан айырма» деп тілек білдіріп отырған. Ал, намыс – адамның ішкі сезімі, абыройды қорғайтын құралы. Намыс – адамның қадірқасиетіне байланысты өте нəзік, өткір, күшті лап етпе сезім. Ол адамды жаман əрекеттерден сақтайтын таза ұлы қасиет.

«Болат-Жанат» дастанында неше түрлі қиыншылық, бөгеттер, оларды жеңудегі оның шыдамдылығын, өмірге деген құштарлығы, жақсылыққа деген сенімі, ақылдылығы, тапқырлығы, қулығы таңғалдырып отырады. Болат пен Жанаттың əкесі Мақалбай саудагер жол жүрер алдында ұл-қызына мынадай өсиет айтады:

«Ұлы-қызым – шырыным, Тілінен шықпа піріңнің. Жасыңнан əдеп үйренсең, Əркімнен озар ілімің...», дейді [3, 19 б]. Халқымыз «жақсы» деген ұғымды адамгершілікке балайды. Өйткені, ел адамгершілігі мол адамды «жақсы адам» деген.

«Құлқаныс – Зеберше» дастанында Құлқанысқа сырттай ғашық болып, қапа болған Қаныстың айтқаны мынау екен:

«Жаманға ұйқы – жолдас, тамақ – тамыр,

Көріп ем бір көргеннен сізді тəуір. Сəулетінің сыпай ының түзде көр деп, Шынымен болғаның ба бір оңбағыр!

Ақиқат шыққанынша бір терең сыр, Арбамен асықпаған қоян алар, Құдайдың мың бір аты, бірі – сабыр. Жаманға ұйқы жолдас басқадан да, Ақылы өз басынан аспағанға.

Ойланбай қылған істің түбі ойран,

Сары алтын сабыр түбі саспағанға...», дейді [3, 8788 бб].

Қазақтың ұлан-байтақ жері қай кезде де, қай кезеңде де ел мұңын, ел жырын жырлаған дарабоз ақындарға кенде болмаған. Сондай аса дарынды, маржан сөздің майын ағызған жыраулардың бірі – Қабан ақын.

Қабан жыраудың:

Дүниеде ешбір қатер жуымайды, Əркім ие боп жүрсе өз аузына. Басына бəле адамның тілден болар, Сол тілден ұрынады сөз дауына... Ауызбірлік жоқ жерде

Қиянатты қият бар.

Ұяттың иман қабы дер,

Имандыда ұят бар, деген өлең жолдары бар [4, 11-12 бб].

Ислам дəуірі əдебиеті мен қазақ ақынжыраулары поэзиясы арасындағы көркемдік дəстүр жалғастығын сөз еткенде, мықтап ескеретін бір жəйт бар. Кез келген халық əдебиетіндегі дəстүр жалғастығы сол қоғамдағы тарихи жалғастықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Ал тарихи жалғастық дегеніміздің өзі, ең алдымен, ақыл-парасат жалғастығы екені белгілі. Өнер біткеннің бəріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық жəне интеллектуалдық бəріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес.

Қазақ этикасының қалыптасуына Қорқыт ата үлкен үлес қосты. Оның үлгі-өнеге, өсиетнақыл сөздері қазақтармен қатар барша түрік халықтарында кең таралған. Қорқыт жырлары– имандылық пен ізеттілік, адамгершілік пен парасаттылыққа меңзейді [5].

Қазақ халқының моральдық-этикалық тəрбиесінің басқа халықтарға ұқсамайтын өзіне тəн мəн-мазмұны, ерекшеліктері бар. Біздің пайымдауымызша, моральдық-этикалық дəстүрлер дегеніміз – моральдық сана тəжірибесіне ендірілген, адамгершілік қатынас мазмұнында көрініс тапқан моральдық ережелер мен нормалар.

Кезінде сенімді серігі болған Қойгелді батырды Төле би мұны бір сынайыншы деп:

«Қойгелдім, адам қайтсе адам болады?», дейді. Сонда өзін сынап отырғанын сезген Қойгелді мүдірмейді: «Меніңше, Төке, дүниеге жоқтан бар болып келген соң адам баласы тəрбиемен адам болады. Тəртіпті, тəрбиелі бала жаманшылықтан аулақ жүреді. Ал тəрбиесіз бала тəртіпсіздікке, жаман іске үйір келеді, соған бейімделеді. Бала тəрбиенің жоқтығынан бұзылады», дейді [6, 10 б].

–Ұятты қалай түсінесің?деген сауалға Қойгелді батыр: «Меніңше ұят дегеніміз – сенім, тəрбие», деп жауап берген екен. [6, 12 б].

Адам баласының қоғамда бағалануы, дəріптелуі, ардақталуы – тікелей оның адамгершілік қасиеттеріне байланысты. Ол егер айналасындағыларға қайырымды да адал болып, бүкіл қарым-қатынастарын адамдық тұрғысынан реттейтін болса, нағыз адамгершілігі мол жан болып шыға келеді де, қоғамдағы сыйлы бағасын да, орнын да иемденеді.

Ұлы жазушы Мұхтар Əуезовтің «Абай жолы» романында халықтық əдеп, шынайы шындық мəселелері кеңінен орын алған. Мəселен, Қарашоқыға жазықсыз жаламен Қодар мен Қамқаны өлтіруге алып келгенде, ашынған Қодар зор дауыспен барынша: –Ақ-қарамды тексермедің бе, өңшең қан жұтқан, қара бет?!деп, қанталаған көзімен Құнанбайға бұрылып, атып жіберердей қарағанын білеміз [7, 36 б].

«Баласы атқа қонып, жүруге ыңғайланып, тізесін қымтай бергенде Ұлжан өзінің үлкен ақ саусақтарын жирен аттың жалына салды. Бір нəрсе айтатын сияқты. Абай осыны аңғарып, анасының жүзіне қарағанда, Ұлжан бұған біраз көз салып тұрып:

Балам, үлкендер бірде тату, бірде араз бола беретін. «Күндестің күлі күндес» дегенді сен білмей-ақ қой. Бөжекеңді көрген жерде сəлеміңді түзу бер. Бір кезде жақсы жақының еді. Кім тентек, кім мақұл? Қайдан білдің? Əкең дұшпан десе, сен əділ бол! Жамандыққа кім табылмайды дейсің, жан ашырдан айырылма!»деді [7, 96 б].

«Абай тоқтаған қалпында бойын тез жиып, аттылардың алдында жұмысы бар кісідей көлденендеп кеп, тосып тұрды. Аттылар мұның қозғалысын оқыс көрді ме, немесе таныды ма, аттарын баяу бастыра бастап еді, жақындап, тұстас келді.

Сол уақытта Абай үлкен ықылас білдіріп, айрықша тағзыммен төсін басып, қатты дауыстап:

Ассалаумағалайкүм! – деп сəлем берді.

Абай көптен бері ешкімге бүйтіп сəлем беріп көрген жоқ. Қарқаралыға

келгелі Бөжейдің көрінгені осы. Шешесінің жүрердегі сөз есіне түсті ме, болмаса қазіргі көңіл күйіне сай келді ме?.. Қалайша бүйтіп əдеп шығарғанын Абайдың өзі де байқамай қалған-ды.

Өзге қазақтан бөлек, мына сияқты, бір алуан сыпайылыққа Бөжей оң назарын салды білем... атының басын тежей беріп:

Уағалайкүмəссəлəм, балам!.. – деп тоқырай қалды. [7, 112 б].

Ендеше сізбен қалай араздасқанын мен өз əкемнен ғана біліп қойсам, мына Əділбек пен Асылбек ағам сізден ғана ұғынып қойса не болады? Анық шынға жете алмай, сыңар жақ кетеміз ғой. Бірден адасамыз. Екіншіден, бала мен бала, мына біздер, сырттан қырбай, сырттан шалғай кетісеміз ғой. Сіз маған, менің əкем бұл кісілерге айтып отырса таразының басы тең баспас па еді?

Сүйіндік те, үй іші де Абайдың мына дəлелдерін дұрыс көрді. [7, 143 б].

Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген,

ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен жəне əділеттігімен ардақты. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.

Қазақ тілінде əдептілік, сыпайылық, ізеттілік деген сөздердің түп мағынасы бір. Ол – адамгершілік. Яғни ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, шыншыл жəне əділетті болу, сондай-ақ адамның көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуі.

Адамгершілік адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасып, əрбір дəуірдің өзіндік қайшылықтарымен біте қайнасып, əлі де жетіліп келеді.

Сүйінбай ақын өлеңдерінде де дүние қуған пендешілікі, кісіліктің парқын малмен өлшейтін бейшаралық, кедей сорлының жалғыздықтан көрген жаутаңкөздігі, мақтанның көбігінен өз суретін көруге құштар даңкеуде, жер дауын, жесір дауын қоздырып, арасынан пара алып, ел көзіне көсемсіп көрінетін екі жүзді билер мен зорлықшыл бектер қатар сыналады. Мəселен,

«Əділеттік орнаса...» атты өлеңінде:

Жау басынар халықты, Басқарушы оңбаса.

Малша айдап адамды, Орынсыз күштеп зорласа. Ауға түскен балықтай, Шыға алмассың бұлқынып, Əділетшің болмаса.

Күннің көзін жасырар, Аспанды бұлт торласа, Елдің бағы ашылар, Əділеттік орнаса... [8, 33 б].

«Сөз асылы сөзде болады», деп нақыл сөз қалдырған Сүйінбай ақын «Жақсы менен жаманның айырмасы» атты өлеңінде:

Жақсының сөзін əркім пайдаланар, Миуалы алма-өріктің ағашындай. Жаманның көкірегі көр, көзі соқыр, 

Жүрер жолдан тал түсте адасып-ай! – дейді [8, 43 б]. Бұдан жақсылық пен жамандық адамның ісəрекеті арқылы өлшенетіндігін, бұл іс-əрекеттерден моральдық қасиеттер туындайтындығын аңғаруымызға болады. Демек, моральдық қасиеттерге ие болған адам адамгершіліктің не екенін жақсы түсінеді.

Адамгершілік халықтың əдет-ғұрыптарымен, дағдылы дəстүрлерімен тығыз байланысты. Ол жеке адамға сыртқы дүние сияқгы болса да, сайып келгенде онымен бірдей қоян-қолтық қосыла кетеді. Ал мораль болса адамның ішкі сенімділігі, рухани куəландырылуы. Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты азамат болып шығу. Өйткені, адам – өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен, адалдығымен жəне əділеттігімен ардақты.

 

  1. Əл–Фараби. Əлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975. – 251 б.
  2. Ақсауыт. Батырлық дастандар. 2-том. Құрастырған: Нұрмағамбетова О. –Алматы: Жазушы, 1977. 17 б.
  3. Қазақ халық əдебиеті. Дастандар. Т. 1. Жауапты шығарушы: Алпысбаев Т. –Алматы: Жазушы, 1990. 19 б.
  4. Қабан жырау. Алтын қазық. –Алматы: МГП Берен, 1993. 11-12 бб.
  5. Даналардан шыққан сөз: нақылдар жинағы / Құрастырған Ұ. Асылов. – Алматы: Мектеп, 1987. – 162 б.
  6. Төле би мен Қойгелді батыр. –Алматы: Қазақстан, Мерей. 1992. 10 б.
  7. Əуезов М. Абай жолы. –Алматы: Жазушы, 2003. 36 б.
  8. Аронұлы С. Ақиық. Толғаулар, сын-сықақтар, айтыстар. –Алматы: Жазушы, 1976. 33 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.