Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Майкөттің айтыстағы шеберлігі туралы

Майкөт пен Құлмамбеттің айтыстарының нұсқалары қатарында Қазанғап Байболұлының нұсқасы құрылымдық жүйесінің толықтығы жағынан ерекше көзге түседі. Айтыстың басында Құлмамбеттің толғау сөзі берілген. Онда ақынның өмірінің кейбір қырлары көрініс тапқан. Бұл тұста Құлмамбет өмірдің қызығы мен қиынын да мол көрген жанға ұқсайды. Айтыс алдағы уақытта қырғыз елінде Бəйтіктің аулында болатын той хабарынан басталады. Құлмамбет той болатыны туралы хабарды естісімен оған баруға дайындалғанын, қасына алты жігіт алып, елінен жолына бір мал айтып, атқа мінгенін баяндайды. Жолға шыққанына бес күн өтіп, алтыншы күн дегенде, той жасаған жерге келіп жеткені жайынан да мəлімет береді. Жол-жөнекей тойға кімдердің келіп жатқанын, алыс пен жақыннан кім барын қазақ мен қырғыздың бəрінен сұрап келгенін де ай тады. Ақын əңгіме айтушылардан бұл тойда Құдайберген майырдың баласы Рысқұлбек келіп жатқанын, қасында ақын Майкөт барын естиді.

Айтыс үстінде Құлмамбеттің Майкөт туралы, оның осал жерлері туралы қазақ, қырғызға арнайы сұрау салып, алдын ала көп нəрсеге қанығып алғаны белгілі болады. Бұл айтыс ақындарының өз қарсыластарының осал деген жерін алдын ала біліп алуға əрекеттенетін əдетін еске салады.

Құлмамбеттің сөзінен оның Майкөтпен айтысу туралы ойы бары белгілі болады. Той иелері екі ақынды айтысқа түсірместен бұрын, той иесінің үйіне келгенге дейін Құлмамбет Майкөтпен айтысуға ниет қылады. Бұл

Құлмамбеттің өз ойы ма немесе қазақ, қырғыздың айтысқұмар халқының тілегіне сай туған тілек пе – оны кесіп айту қиын. Қалай болғанда да Құлмамбет Бəйтіктің тойына Майкөттің келгенін естіген сəттен бастап онымен айтысуға қамдана бастайды.

Ақын Бəйтіктің он төрт қанат ордасына келгенін, əдеппен Бəйтіктің қолын алғанын, үй толып отырған ел жақсыларының бəрінің басын санап амандасқанын жырлайлы. Осылардың бəрі айтыс мəтінінде 56 жолды алады. Бұл, əрине, айтыстың өз құрылымынан тыс, ақынның кейіннен өзі жанынан қосып айтқан түсіндірме, анықтама сипатындағы сөзі еді. Жол бойынша, айтыстың мəтінін жүйеге түсіріп, сөздерін қалпына келтіріп, жүйеге тісіріп жұртқа жеткізу жеңілген ақынның міндеті болған. Құлмамбет айтыстың тарихын, ұзын-ырғасын осы жолға сай айтқан деуге болады.

Айтыстың келесі бөлімі Құлмамбеттің үй толып отырған жақсылармен амандасуына арналады. Ақын үйдегілерге той иесі Бəйтіктен бастап жырмен сəлемдеседі. Бəйтік, болыс Байсал, Сүлеймен, Шолпанқұл секілді қырғыздың бетке шыққандарына арнайы сəлем беріп келіп, қазақ Рысқұлбекке ойысады. Одан соң Майкөтке тиіседі.

Құлмамбеттің құбылып соқтығуына ширығып қалған Майкөттің сөзі Қ. Байболұлының нұсқасында мынадай болып айтылады:

Осы ма жұрт мақтаған Құлмамбетің, Майкөтке ауған екен бар ниетің.

Майкөтті үйде отырған далада деп, Көңіліңді аударған ба құдіретім?

Майкөттің осы сөзі Ж. Жантөбетов нұсқасында берілген мəтіннен алшақ емес. Бірақ Ж. Жантөбетов нұсқасында Майкөттің сөзі көркемдік жағынан жинақы, мазмұн, ой жағынан қуаттырақ. «Айтыс» жинағында жарияланған нұсқада да Майкөттің сөзі Қ. Байболов нұсқасындағыдан уыттырақ болып көрі неді.

Қ. Байболовтың нұсқасында Майкөттің сөзінің бағасы екі түрлі болып келеді. Төрт жол өлеңнің алғашқы екі тармағы кімге арналып айтылғаны анық ашылмаған. Ақынның кімге бұрылып, кімге қайрылып сөйлеп отырғаны мəлім емес. Ақын жалпы жұртқа, көпшілікке арнап айтып отырғаны туралы ой туғанмен, оны негіздеу қиын. Ж. Жантөбетовтен жеткен жəне “Айтыс” жинағына енген нұсқаларда Майкөттің сөзі толығымен Құлмамбеттің өзіне арналып айтылады. Біздіңше, Майкөт сөзінің осы түрде айтылуы айтыс жүйесіне толық сай келеді.

Алғашқы қақтығысудан соң, ақындар осындай уытсыз, жаймашуақ күйге түскендей қалып танытады да, іле қайта шырқайды, бірбіріне аяспастай соқтығысады. Айтысқа қажетті қайшылық, ой мен сезімдегі қарсылық осы жерде бір көркем көрініс табады да, одан ары қарайғы жерде ашық тартысқа ұласады.

Айтыс қырғыз елінде, қырғыздың манабы Бəйтіктің ордасында өткен. Сондықтан да Құлмамбет өз айтысының басында Бəйтік бастаған қырғыздарға бұрылып сөйлеп, олардың аталары мен өздерін көтермелеп, марапат, қошамет сөз айтады. Ақын атын атап, сəлем беріп отырған Бəйтік қырғыздың шоң манабы. Сүлеймен, Шолпанқұл, Рысбек бұлар да өз заманының ірі тұлғалары. Майлықожа ақын Бəйтік туралы: «Жүз мың үйлі қырғыздан Бəйтік датқа»,деп, Бəйтікке қарайтын үй санын көрсетеді. Бұл, əрине, Бəйтіктің қырғыз ішінде аса ірі шонжар болғанын білдіреді. Құлмамбеттің өз сөзінің басын жиын ағасы, үй иесі Бəйтікке қошемет айтып сəлем беруден бастауы, оның өз тұрғысынан алып қарағанда, орынды. Алайда дүйім жұрттың алдында айтысқа түскен ақынның ойы мен сөзіне сыншы көп, қошеметшілер де аз емес. Айтыста ақындар ғана айтыспайды, жиынға келіп отырған елдің игі жақсы-жайсаңдарды да жарысқа түседі, намысқа шабады.

Айтыс басында қырғыздарға марапат, құрмет сөзін аямай жəне алдымен айтып, сонысы үшін Рысқұлбектен «шапалақ жеген» Құлмамбет енді келіп Рысқұлбекке өзі Майкөттен жақын екендігін, Майкөттің Рысқұлбекке өзінен жақын бола алмайтынын алға тартады. Айтыс жүйесіндегі осы ойдың, жөннің жарысында, ағуал-жағдай ұтымдылығы жағынан Майкөттен бұрын да ұтылып қалған Құлмамбеттің айтыс арнасын бұрған саны соқпағы болар ма деген бұл амалы да негізсіз болып шығады. Осының алдында ғана қырғыздарға жақындығын, қырғыздарға өз көңілінің аса жақсы екендігін айтып, Рысқұлбекті кейінгі қатарға ысырған Құлмамбет мына сөзімен Рысқұлбекке қайта жақын бола алмайтынын, жақын болар көпір ді бұған дейін өзі бұзып тастағанын ескермейді, өзімшілдікке салынып, ескергісі келмейді. Майкөт айтыс кезінде осы жағдайды Құлмамбеттің алдына көлденең тартады.

Майкөттің орынды айтқан сөзіне Құлмамбет лайықты жауап қайтара алмайды. Сөздің жөнінен ойдың жүйесімен, ахуал-жағдайдың жайынан түгел басым болып отырған қарсыласына Құлмамбет еш қайран көрсете алмайды, шарасыз қалады. Өзінің осы күйіне ашынған Құлмамабет қарсыласын кемітуге ұмтылып, мынандай сөз айтады:

Майкөтжан, бір сапарға ісім түсті, Менімен айтыспағың қиын іс-ті. Ердім деп Рысқұлбекке асқындама, Секілді ит табаны аз ғана Ысты.

Мұның алдында айтқан ой жүйесі, сөз дарасында қарсыласынан беті қайтып, өзі бастаған тақырыпты ары қарай дамыта алмай, Майкөттің сөзіне еш уəж айта алмай, толқыған Құлмамбет бұрынғы тақырыбын тастай салып, басқа тақырыпты қозғайды. Майкөттің руын ит табанындай аз деп кем тұтады, өз руын көп деп артық тұтады. Алайда Майкөт ақын Құлмамбеттен бұл тақырыпта да асып түседі:

Бір талай Ысты деген ел емес пе, Үш дуан бас-аяғы жер емес пе?

Дулаттың аруағына тіл тигізіп, Кешегі қашқын Албан сен емес пе?

Құлмамбеттің Майкөтке қарсы ұстанып отырған артықшылығы – Майкөт руының аздығы, өз руының көптігі. Майкөт Құлмамбеттің бұл сөзінің де «кілтипанын, жүйесіздігін, жөнсіздігін» тауып айтады. Майкөттің сөзінен аңғарылатын нəрсе мынандай: Құлмамбет көптігін ардақ тұтатын болса, Албан өзімен бір туған Дулаттың аруағына тіл тигізіп, өз елі, өз жұртынан ауа қашпаған болар еді. Өзінің көптігінің қадіріне жетпеген Құлмамбеттің енді келіп, Майкөтке өзінің көптігін айтып мақтануы ақылға қонатын іске ұқсамайды. Сөйтіп, Құлмамбет бұл жерде де өзінің артықшылығы деп алға ұстаған қасиетінің құнсызданып, кемшілікке қалай айналып кеткенін аңдамай қалады. Майкөт бұл тұста да Құлмамбеттен асып түседі, оны өз сөзінен ұстап, өз сөзінің жүйесінен сүріндіреді, қарсыласының ойына негіз етіп отырған құбылысты оның өзінің кемшілігін əшкерлейтін дəлелге айландырып, оған қоршаған көпшілікті тұтас иландырады.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.