Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарауылбек Қазиев туындыларындағы туған жер табиғатының көрінісі

Қазіргі қазақ прозасына 1960 жылдарда келіп, «құйрықты жұлдыздай» ағып өткен тұрлаулы творчестволық тұлғалардың бірі – Қарауылбек Қазиев. Бар-жоғы 45 жыл ғұмыр кешкен талантты жазушы өзінен кейін өз алдына жеке зерттеуімізге лайық қомақты əдеби мұра қалдырды.

Оның əдеби шығармашылығы – бүгінгі күннің биік эстетикалық талғамы мен талабына жауап беретін, идеялық-көркемдік жағынан аса құнды еңбектер жазу айдынындағы алғашқы адымдары-тырнақалды туындыларында-ақ, өзіне тəн қаламгерлігімен, жазудағы өзгеше өрнекнақышымен, мəйекті тіл, сыршыл сазымен əдебиет əлеміне еркін еніп, қазақ прозасының қалың көшіне іркілмей ілескен Қарауылбек Қазиевтің жазушылық болмыс-бітімі бірден дараланып, уақыт өте келе шеберлігі шыңдала түскендігі оның көркем дүниелерінен айқын аңғарылады.

Қарауылбек Қазиев Жамбыл облысы, Шу ауданындағы «Кербұлақ» ауылында туған. Жазушының айтуынша, оның туып-өскен ортасы өнерге жақын болған. Оның болашақ жазушыға əсері де мол болғанын байқатады. Ол өскен орта əн-күйге бөленген, өзі ақын, өзі күйші, өзі сазгер – үштік бірлігінен құрылған əнші-ақын ортасы. Əрідегі Кенен Əзірбаевтың көзін көріп, даңқын естіп өскен. Бұл туралы деректерді жазушының «Мəтібұлақ басында» атты əңгімесінен кездестіреміз: «Мен Кенен ауылымен қолтықтас, тізерлес жатқан Шу өңірінде ержетіп ем. Ауылы аралас, қойы қоралас көрші-қолаңның күй мен жыры да жапсарлас. Біріне-бірінің аунап жетуі тез. Əз ағаның ауылынан əн үйреніп қайтқан əркімнің аты бейгеден келгендей көңілдері көтеріңкі келуші еді. Қалың тойды қақ жарып, Кенекеңнің күйлі əнін алғаш шырқап, шырайлана үн көтерген кісінің маңдайына жұлдызы бар сияқты көрінетін-ді. Осыдан кейін-ақ əлгі əнді ауыл болып көтеріп кетуші еді. «Бозторғайды» боздата, «Көкшолақты» екпіндете тебірентетін ауылдастарының келбеті əлі күнге дейін көз алдымда. «Базар-Назардың» сазымен соғыстан қайтпай қалған ұлдарын жоқтап, күңіренген көп апаның қапалы күйлері де көңілден кеткен жоқ... Кенекеңнің көп əндері қоңырқай балалығымның ескірмес ескерткіштеріндей жадымда қалыпты» [1, 254-255б.б.].

Ешқашан аптап ыстық, ми қанаттар шөл далада жапырағы шулаған алып бəйтерек тамыр жая алмайды. Сол секілді алдында дəстүрі, ежелгі төсегі жоқ елде талантты жазушы тумақ емес [2,385б.]дегендей ақын-жазушылар қазынасын – рухани уыз еткен. Өздерінің даңқты бабаларының өнегесі бойынша бар саналы ғұмырын халқының игілігіне арнаған асыл тұлғалар киелі Шу өңірінен аз шыққан жоқ. Қазаққа Бөлтірік шешен сынды сөз зергерін, Сауытбек сынды ақиық ақынды сыйлаған киелі Шу топырағынан шыққан танымал ақынжазушылар да аз емес. Олардың қатарында Жамбылдың шəкірті Бармақ ақын (Мықанбайұлы), халық ақындары Жақсыбай Жантөбетов, Сəрсен Жылысбаев, Омарбай Малқаров, халқымыздың біртуар ақын қыздары Майса мен Ақбөпе, жазушы, драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, Жамбыл облысының құрметті азаматы Əлдихан Қалдыбаев, Əбіғұл Ибрагимов, Мұрат Сыздық, жазушы, журналист, баспагер Болат Бодаубай, спортшы, ғалым, жазушы Əлімқұл Бүркітбаев, Ахметжан Қосақов, Қуаныш Иембердиев бар.

«Кербұлақ» ауылы қазақ мəдениетіне оннан астам тұғырлы тұлға берген. Қазақ мемлекеттік камералық оркестрінің бас дирижері болған Ұялбай Нүсіпов, дəулескер күйші-сазгер Əбдімомын Желдібаев, əнші-сазгер Серік Əденов, Қазақстан Республикасының халық əртісі, режиссер Қадыр Жетпісбаев тағы басқалар – осы ауылдың төл перзенттері.

Адам болашағының ғибратты болмағына оның бала жастан тəлім – тəрбие алып өскен ортасы, ұшқан ұясы зор əсерін тигізеді. Оның рухани болмысы мен танымының қалыптасуы да есейген ортасымен тығыз байланысты. Қарауылбек Қазиев осындай ақын–жазушыларды туғызған, ұлылар мекені атанған Кербұлақта дүниеге келуі, рухани қоғамдық ортада тəрбиеленуі оны биік белестерге көтерді.

«Кербұлақ» қазақтың қаймағы бұзылмаған ауылы. Жазушылық та, ақындықта туған жер табиғатынан болса керек. Кербұлақ – сұлу жер, тамылжыған табиғат қана емес. Жоғарыда аталған ғажайып шығармашылық тұлғалардың тууына, қалыптасуына да себепкер болған. Қаламгер Кербұлақты бар жан-тəнімен сүйгені белгілі. Кіндік қаны тамған, Кербұлақты шығармаларына арқау етіп отырғаны да мəлім. Рухани толысқан əр адамның бейнесінен туған жер бейнесі көрінеді. Оның сөзінен, қимылəрекетінен өскен ортаның танымал белгілері əрқашан мен мұндалап қол бұлғайды. Қарауылбек Қазиев сезінгенін іркіп қала алмайтын, қуанышына да, ренішіне де оқырманын ортақтастыра алатын шын сезім жазушысы. Оның туындылары өзі туған Кербұлақтың саф ауасындай таза, қайыңдары мен қарағайындай биік жəне əдемі, көлдеріндей айдын, бұлақтарындай мөлдір.

Табиғаттың əсем сұлу өңірінде жарық дүниеге келген, көзін ашып көргені табиғи көркемдік болып ер жетіп келе жатқан бозбала үшін қайталанбас əсер еді. Қарауылбек Қазиевтің балдаурен балалық шағы өткен өңірі, өскен ортасынан ойлағанда оны жазушы болмасқа əдісі жоқ дарын ретінде қабылдаймыз.

Оның бойындағы өмірге құштарлық, адамға мейірімділік, əдемілікке, сұлулыққа іңкəрлік, жан-дүниесіндегі сыршыл сезімталдық, сыншыл талғам осы туған жерінің қайталанбас ғажайып көрінісінен дарыған.

Жазушының туған жері – Кербұлаққа əбден бауыр басуы, кейіпкерлерін, тақырыбын сол аймақтан табуы, объектісіне деген құштарлық қуантарлық жайт.

Жазушы мына сөйлемдермен-ақ “Жаз айының жайдары таңы тағы да əдемi атты. Жауынның көптiгiнен қоңырланып, биiктеп алған батсайы раң шашақтарын сiлкiнiп, ертеңгi арайға бет бұра бастады. Азанғы самалмен азды-кем бұйра толқын ойнатқан көк дала кейпiнде жұмсақ нұр бар” — деп кiршiксiз арайлы таңды мөлдiрете суреттейді.

«...Түн əбден кірді. Жұлдыздар пырдай жанып, қаумалап тұрғанымен батыс жақта бүлкілдеп от ойнатқан ойнамалы қалың бұлт бар. Тек тау ішіне ғана тəн жым-жырт тыныштық. Ауық-ауық иттер үреді. Түн көрпесін жамылып, жамырай шырылдаған шегірке үндері бір сəт те басылған жоқ. Бақа шуылымен үйлесіп, үзілмей қатаймаған ұзын-сонар əуен бесігі тербелгендей».

«Олар екеу, мен жалғыз...» əңгімесінде:

«Шоқпар асуы» бір-біріне міңгескен бес-алты тау жотасынан тұрады. Əр қырқасына көтерілген сайын жақпар тас, жалаңаш құзданып биіктей бастайды. Сондықтан да бұл тұсқа келген қай поезд болмасын бұрынғысынша екпіндей алмайды....

Бұл ара осындай өр, шұғыл еңіс болуымен бірге табиғатының сұлулығымен де аты шыққан жер. Əртүрлі гүл атаулы ыстық жаздың ортасына дейін өңін бермей, қызылды-жасылды боп тұрып алады. Кез келген жыра-сайларынан атқылайтын мөлдір бұлақ, мол сулы бастаулары да мол».

«Ауылдан алыстаған сайын əртүрлі гүл шоқтары алдымыздан жамырап шыға берді. Өңкей бір нəзік қылықты, бізге аттары беймəлім гүлді жапырақшалар ана жерден де, мына жерден де қылаң етіп қою көзқарасына жасырына түскендей болып, ілесті де отырды. Кейбіреулері тосын жүрістен секем алып қалғандай, қайырыла қарап тұрып, таң қалған пішінмен бас шұлғиды. Кейбіреулерінің жүзінен қуанышты сəбидің кейпі аңғарылғандай. Ана бір ойпаңдағы қалың «бақбақ» бастарына жібек шатыр ұстаған ертегі қыздарын көзге елестетсе, мына бір қыраттағы ақшабас шағын гүлдер өскен самалмен ирелеңдеп, жас қозылардың асыр сап жүгіргеніндей ойнақ салады» [1,95б.].

«Олар екеу, мен жалғыз» əңгімесін оқығанда кеудеңнің тұсы еріксіз сыздап, қырдан қызғалдақ терген, имек айдың ұшына жармасып, кең дүниені кезіп кеткің келген кездерің көз алдыңа сағымша ойнайды. Туған өлке сұлулығын өзен-көлдерінен, жартастарынан таниды. Бұлар ол табынған сұлулықтың символдарының бірі, жазушы бейнелеуінде, оны өмірге ғашық еткен, құштар қылған əсемдік көріністері. Бұл тектес туындылар жазушы бойындағы адам сүйгіш, өмірге құштар, гуманистік сезімдердің байлығын танытып, сезімтал, сыршыл жазушының өз бейнесінен де хабар береді.

Шығармаларындағы туған жер суреттері, оның қарамақпал түні, ерке самалы, тас бұлаққа шүпірлей қонған жұлдыздар нұры, қызыл іңірде қарауыта дүңкиген тау басынан қорғалай туатын ай, сол айға жүгіріп барып, ернеуінен ұстап, мініп алып сейіл-серуен құрғысы келетін екі жас қыз – бəрі-бəрі тұп-тұнық суреттеледі.

«Бəйшешекті жыл» əңгімесінде: «Ерте піскен ақшыл гүлдер жерге шашылып түскен аспан жұлдыздарындай болып, ескен самалмен от үргендей сəулеленіп пырдай шашырап тұрып алды. Кейбіреулері қос-қостан қол ұстасып, тұптура үйіргесіне дейін жайылып келеді. Мына бір үйір бəйшешек өзен жиегінен су ішуге келгендей жыпырлай түсіп, құлай беріске төніп алыпты. Баз-біреулері өзеннің ішіне дейін кешіп келіп, су дірілімен билеп ойнағандай жайнаң қағады....

Табиғаттың осы бір қуанышты шағы Қайыржан ішіне түскен ине жасуындай жұқалаң сəулені үрлепөршіткендей болады. Оның бойынада аппақ бəйшешектер өсіп, қаз-қатар шырақтар жанған тəрізді. Еркелей жыпырлап, тысқа ұмтылып өзінше бір жарастық іздегендей. Қанатсыз аспанға көтерердей жеңіл сезім белгісіз аңсауға ұласады. Ұлпа бұлт сияқтанған мамық сағыныш ары-бері қозғала бастағандай...» [1,218б.].

«Қадиша» əңгімесінде: «Түңгі төңірек қапқара тыныштық құшағына сүйеніп, аспандағы қалың жұлдыз қара жерге шыққан бəйшешекке ұқсап, жыпырлап тұрады. Лептей есіліп қанатты вальс желпініп жатады. Жанарынан қуаныш оты ұшқындап, үлпілдек шашындағы ақ бантигі таң шолпанындай күмістеніп Қадиша жүреді...».

«...Жып-жылы жұмсақ түн. Алыстағы сансыз жұлдыздар жылусыз от бүркіп, шет-шетіне қырау жалатқандай жылтылдап, үнсіз, тынымсыз жымың қағады. Кеше дабыры да саябыр тауып, момын тартқан. Тек тозбас сарылына мініп, менің ойым секілді астан-кестен тулаған тау өзенінің дыбысы ғана бір сарынмен бұрқырап жатыр».

«...Əуеде қалқыған ұлпа тозаңдарды шапағымен бояған қызыл ымырт жабыла бастады. Ауыл іші қоңыр жейде киініп, бозғылт тартқан. Күл арасындағы өшер шаладай көмескіленген іңірдің алғашқы жұлдыздары көрінді. Үйдің қасына түн келіп жатты... Осы түннің тұнық ауасынан қайда барсам да жүрегімен естіліп тұратын аяулымның үнін тыңдаймын. Осы түннің мейірімді құшағынан көктемгі тұмандағы күн көзіндей елжіреп тұратын Қадишаның жылы жанарын көремін» [1,237б.].

Қаламгер өз шығармаларында табиғат сұлулығын тамсана жырлаумен бірге, кейіпкерлерінің ішкі жан-дүниесін, сезім буырқанысын сол табиғатпен астастыра суреттеудің шебері. Ол табиғат құбылысы мен адам жанын бірбірінен бөлектемей бірлікте сезінеді. Соның арқасында оның кейіпкерлері табиғаттың өзіндей, ақ-адал, кіршіксіз таза болып келеді.

Қаламгердің туындыларында жүрек елжіретер табиғат суреттері өте көп. Аңғарымпаздықты, шеберлікті былай қойғанда, жазушыны мұндай биікке шығарған құдірет туған жерге деген шексіз махаббат. Шудың биік аспаны, жыпырлаған жұлдызды түндері, Кербұлақтың бай хайуанат, өсімдік əлемі, тау өзендерінің таусылмас гүрілі қайда жүрсе де, не жазса да автор қаламынан тыс қалып көрген емес.

Шын суреткер пейзажы – қашан да белсенді адам қатынасымен, қайғы-мұң, қуаныш-сүйініш сияқты көңіл-күй əсерімен қанаттанған шынайы шабыт туындысы. Дүние сұлулығын игерудің маңызды бір саласы пейзаждық үлгіде түрлітүсті, жасанған жаратылыстың жалпы көрінісі ғана емес, табиғат байлығының, адам қасиетінің сезім қылын шертер ең нəзік тылсымтұңғиықтарына дейінгі бүкіл жүрек дірілі, жан жылуы жан-жақты ашылуына мүмкіндік мейлінше мол.

Əйтсе де, пейзажды тек танитын адамның қилы-қиян əсер билеген əртүрлі көңіл-күйіне ғана сая беруге болмайды. А. Буров мəселенің, міне, дəл осы қырына айрықша ден қойған [3]. Белгілі бір табиғи жағдайларға орай адам сезімі, қуаныш-сүйініші, көңіл-күйі көрінетіндіктен, ол нағыз пейзаж қашан да əсерлі болуға тиіс деп есептейді. Осы көріктеу өнерінің бар қиыншылығын, жауапкершілігін тек адам сезімі мен көңіл-күйі қалтарысына барынша тереңірек бойлау парызынан іздеген. Ал шындығында пейзаж жанрының өзекті желісі – сезім туғызатын табиғаттың өзі. Көркемөнерсіз-ақ ол адам көңіл-күйінің қуаныш-қайғы сияқты əр қилы жағдайымен ұқсас қызық бір мінездер байқатуы ғажап емес. Адам əдетте өз мұңы, өз қуанышымен үндес табиғаттың осындай əртүрлі ғажайып көріністерінен қуат алады.

Көркемдік таным аясында мейлінше маңызды қызмет атқаратын аңдау, əр нəрсенің байыбын барлау қарекеті тек əсерленген көңілкүй бабын ғана емес, сонымен бірге саналы түрде терең сезінгендік қасиетін аңғартып тұрады. Суреткер əрекетінде əдетте сол саналы ой мен сезім бауырласады да, табиғат кескісінің күллі ою-өрнегін нұрландырып, өзекті арқауға айналып кетеді. Олардың бұл өзара астасқан тас-түйін жарасымы – бейнелі дүние таным тіршілігінің өзіндік ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілердің бірі.

Көркем пейзаж жасау суреткердің дүниетанымының кеңдігіне, рухани жəне материалдық мəдениеттерді жете білуіне, бір-біріне жақындамайтын тегі басқа, тірлігі оқшау құбылыстарды орайластырып, жымдастыруға, алыс ұғым-түсініктерді бір-бірімен шебер қиюластыраға саяды. Жалпы, шығарма жазуда пайдаланатын нəзіктік, дүниенің жүрек қытықтар сезімге толы сəттері, көңіл тоймайтын сұлулық, бейкүнə сəбидей пəктікке құштарлық секілді белгілерді жазушы Қарауылбек Қазиев ой көзімен жеті рет өлшеп барып, содан кейін ғана бір-ақ мəрте кеседі. Мұндағы басты əңгіме – сырбаз жазушы Қарауылбек Қазиевтің əдебиетті өзінше киелі əлем ретінде бағалай білуінде. Ол сондықтан да əрбір теңеу мен нақышқа, жалпы ол, шығарма оқиғасының сенімді болуына өте көп көңіл бөлген. Осы орайда, атақты жазушы Л.Н. Толстойдың:

«Түзетпестен жазу дегенді мүлде ойдан шығарып тастау керек. Мен бірнеше қайтара өзгертіп отырмайынша қалай жазу керектігін түсінбеймін» деп айтқан сөзі ойға оралады. Бұдан байқайтынымыз, дүние жүзі мойындаған ұлы жазушының өзі əрбір сөзіне жіті мəн беріп, бірнеше мəрте ой елегінен өткізіп отырған. Ал жазушы Қарауылбек Қазиевтің де іштей осындай қағида ұстанғандығы оның əрбір шығармасынан анық аңғарылып тұрады. Осының əсері болар, жазушының қайсыбір əңгімелерін, қайсыбір повестерін алмаңыз, қай жағынан болмасын қойнауы жетіп туындағанына куə боламыз. Сонысымен де оның шығармалары оқыған жанды өзіне мəңгілік оқырман етіп, шын мəніндегі əдебиет əлемінің осы екендігін мойындатып, табындырып кетеді.

Авторға туған жердің жусаны мен бетегесі де, тау-тасы мен топырағы да, шалғыны мен шаңдағы етене жақын, ыстық. Қарауылбек Қазиев табиғат жыршысы. Ақын Есенбай Дүйсенбай: «Ол табиғат жыршысы еді. Оның суреткерлік таланты бізді гүл дірілі, бозторғай шырылы, жапырақ уілі, жел жұпары, шалғын əні, ағын сулар, асқар таулар əуені, ақ жауындар əуезі, жазғы найзағайлар жарқылы, атқан таңдар мен батқан күндер шұғыласы тербетілген сиқырлы сұлулық əлеміне енгізіп, жан түкпіріңді жаңғырта бастайды. Табиғат пен тағдыр дастанынан өз кеудеңде де көктемгі күн күркірі дауыстағандай болатыны сондықтан шығар. Қарауылбек жырлап өткен қараңғы түндердің өзінен рауан таңға тəн раушан нұр себездеп, қоңыр түсті салқын лептен біртүрлі арайлы жылылық есіп, бұлақтардың күрсінісінен күн сəулесі көрініп тұрады. Таулардан еркіндік пен мəңгілік мəрттікті, ақ жаңбырлардан тазалық пен адалдықты көретін сияқты» [4,74б.]деп пікірін білдірсе, жазушы Əлдихан Қалдыбаев «Қарауылбек – табиғаттың ғажайып жыршысы. Оның суреттеуінде біз туған Кербұлақ тауы, Жайсаң жотасы, Шу бойы бар реңкімен тұнып, жанып тұрады. Табиғат ананың адамдардың көңіл-күйімен астасып, суреттелетінін дəл Қарауылбектей жетік біліп, жеткізе жазу екінің бірінің қолынан келе бермейтіні анық. Бұл тұрғыда ол хас шеберге ғана даритын қасиет иесі»деп жоғары бағалайды [4,79б.].

Автордың «Үркер» повесі туралы Жаңабек Шағатай: «Марқұм Қ. Қазиевтiң бұл кiтабын (яғни, шығармаларын да) алғаш рет оқып шыққан жиырма жасар жiгiттiң ерiксiз сүйсiнiп: Ғажап екен ғой. Апыр-ай, мен ол жақта талай болған едiм, мен көрген Шу өңiрi мүлдем тозған, сүреңсiз жер секiлдi көрiнген. Ал мына кiсiнiң жазғанында Шу өңiрi əлемдегi ең ғажайып сұлу өлке екен ғой, — деп таңдана бас шайқағанына куə болғанымыз бар» -деп ске алады [5].

Шығармаларында ауыл жастарының туған жерге деген сүйіспеншілігі, бір-біріне деген қаяусыз қарым-қатынасы, махаббат сезімдері табиғи қалпымен бейнеленеді.

Табиғат – адамзат мекені, оның дүниеге келген, туып-өскен жері. Сондықтан, табиғат – ана, атамекен. Əр адамға өзінің өніп-өскен жерінің ағашы мен суы да, төбесі мен тауы да ыстық. Жəне адамның табиғатты береген етудегі, өзгертудегі күресі де осы арада өтеді. Жазушы – суретші өз өміріне үлкен əсер еткен табиғат-ана бейнесін суреттемей отыра алмайды. Осындай жайлардан туған табиғат жырлары əдебиет дүниесінде əр жазушыда да кездеседі.

Неміс халқының ұлы ақыны Гете табиғатты анаға балап, өзін оның кеудесіндемін деп санаған. Табиғатты оятқан нұрлы көктемді жырлаған [6,66 б.].

Туған жерді жырлаған ақын-жазушылар өз даласының сұлу да қарапайым жері мен аспанын, суы мен өсімдігін өз топырағына деген ыстық сезіммен жырлап өткен, жырлап та келеді. Алайда, Қ. Қазиевтің базарлы бала кезін, жалынды жігіт шағын өткізген, туған анасындай Кербұлақ табиғатын жырлауының өз ерекшелігі бар.

Сөзбен сурет салудың зергері Қ. Қазиев табиғат суретін, дала келбетін бейнелегенде де аса бір сезімталдықпен, нəзік нақышпен көз алдыңа келтіреді. Көркем туындыларынан жазушы туған өңірінің табиғаты, өзен, тау, жер аттары жиі кездесіп отырады. Шығармаларындағы оқиға желілері өрбитін мекендер, емес» [7,13б.] көркем пішінге көшіру барысында көріктеу құралдарына негіз боларлық өмірлік материалдарды табиғаттан қапысыз екшеп ала білетіндігінің ең үлкен айғағы – оның пейзаждық лирикасы деп білеміз.

көбіне өзіне ежелден таныс Шу бойы, Кербұлақ

таулары мен оның қойнауы, қоныстары, осы аттас өзеннің бойы, Шоқпар асу аталатын қыраттар маңайы сияқты балауса балалық шағы өткен қасиетті өңірлер болып келуі де түсінікті. Өзі жетік білетін табиғатты суреттеу қаламгер үшін əлдеқайда қолайлы екені белгілі. Солар арқылы туған аймақтың бүкіл тыныс–тіршілігі ғана танылып қоймайды, кейіпкердің өзіне етене таныс суреттерден оның соларға деген махаббаты аңғарылып тұрады. Алайда жазушыға Қазақстанның кез-келген өлкесі ыстық, өйткені ол да ұрпаққа қалдырған ата–баба мұрасы. Автор сол мұраның молдығын, кеңдігін мақтаныш тұтады. Табиғат лирикасы жазушыдан ерекше байқағыштықты, талғампаздықты талап етері сөзсіз. И.Б. Гетенің: «Бірақ қасиетсізден тектіні, сиықсыздан сұлулықты екшеп алу жай нəрсе

 

  1. Қазиев Қ. Іңкəр дүние. – Алматы: Рауан, 1992. -272б.
  2. Нұрғалиев Р. Діңгек. Екі томдық. Алматы: Арда, 2009. І том. -592 б.
  3. Көркемөнердің эстетикалық мəні. Москва, 1956.
  4. Қазиев Қ. Адамзат сапарының мейманымыз. – Алматы: Жазушы, 2009. 181б.
  5. Шағатай Ж. Раушан гүлдер ауласы // Түркістан. – 2009. – 23 сəуір.
  6. Сыдиықұлы Қ.Тағлымды тұлғалар: Зерттеулер. Мақалалар, толғаныстар. –Алматы: Информ-Арна, 2000. 168б.
  7. Гете И.В. ОБ искусстве. – Москва, 1975. – С.585.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.