Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Өміршең туынды

ХХ ғасырдың басында көлемді прозаның алғаш баспалдағын қалаған Сəбит Мұқанов болды десек қателеспейміз. Алғаш рет 1935 жылы «Адасқандар» деген атпен жарық көріп, кейін өңделіп қайта басылған «Мөлдір махаббат» романы – жазушының ғалымдардың назарын жиі аударып, көбірек тілге тиек болған туындысы.

Əрбір көркем шығармаға сол дəуірдің, сол заманның өмір шындығы негіз болады. Қалың көпшілікке «Мөлдір махаббат» деген атпен таныс «Адасқандар» романы да шыншыл оқиға желісінде жазылған. «...Романда суреттелген оқиғалардың бəрі де өмірдің өзінен туып, шындық деңгейінде суреттеледі: Бəтес (Бəтима) пен Бүркіттің (Сұлтанбектің) махаббатынан өрбіген трагедияны көзімен көріп, қатты толғануы қолға қалам ұстатпай қоймайтын еді. Осы шығармашылық қажеттілік сыртқа шығар форманы іздеген уақытта С.Мұқанов прозаның ең ауыр да күрделі түрі – романды таңдап алды» (1.101). Алғашында қатал сынға ұшыраған роман одан кейін де бірнеше өзгеріске түседі. Романның жазылу тарихын, шығармашылық зертханасын, көркемдік деңгейін əдебиет зерттеушілері кеңінен қозғады. Кезінде қаншама зерттеу еңбектері, мақалалар мен ғылыми жұмыстарға негіз болған Сəбит Мұқановтың «Мөлдір махаббат» романын кеңестік жүйенің саяси идеологиялық тұсауынан еркін елдің көркемдік дүниетанымы тұрғысынан саралап көрелік.

Əдебиеттану ғылымында романды кең көлемде талдаған зерттеушілер – Т.Нұртазин, Б.Кенжебаев, Ғ.Мүсірепов, М.Қаратаев, Т.Кəкішев, З.Қабдолов, С.Қирабаев, Р.Бердібаев, Ə.Нарымбетов, Р.Нұрғалиев, Қ.Ергөбек, Рахымжан Тұрысбек. «Дүниетаным жəне шығарма» мақаласында ғалым Рахымжан Тұрысбек: «Шығарма 1928 жылы жазылып, 1931 жылы Қызылордадан жеке кітап болып жарық көрді. Үш бөлім, отыз тараудан тұратын роман күрделі кезеңнің қоғамдық-əлеуметтік сипатын өзек еткен шындық оқиғаға құрылған. Роман өңделіп, 1935 жылы «Адасқандар» жəне «Сын бая» деген атпен орыс тілінде жарық көрді. Оның ішінде 1962, 64 жылы «Светлая любовь», ал 1959, 61, 88 жылдары «Мөлдір махаббат» болып басылды. Бұл реттен алғанда романның жарық көруінде кемшілік жоқ секілді» (2), – деп романның жариялану тарихына тоқталады. Шығарманың осылайша бірнеше рет көптеген данамен таралуы романға деген сұраныстың жоғары болғанын көрсетеді. «Мөлдір махаббаттың» жазылу тарихын зерттеушілер де, Сəбит Мұқановтың өзі де талай əңгімелеген болатын. Белгілі ғалым Құлбек Ергөбек өзінің «Сəбит Мұқанов» еңбегінде жазушының көлемді шығармаларын кеңінен таратып əңгімелейді. Өмірде Сұлтанбек, Бəтима мен Мұстафаның арасындағы қарым-қатынас, сол уақыттағы дəуір келбеті, əлеуметтік ортаның жекелеген адамдар өміріндегі көрінісі, оқиғаның Сəбит Мұқанов қызығушылығын туғызуы – барлығы да Құлбек ағаның осы еңбегінде талданады. Ең алғашқы көлемді романды ХХ ғасырдың басында əдебиетте Сəбит аға Мұқанов туындатқанын білеміз. Роман кезінде сынға да ұшырады, таптық тұрғыдан дұрыс қабылданбады, қайта өзгеріске түсті, сонда да шығарма өзінің өміршеңдігін дəлелдеді.

«Мөлдір махаббат» романы төрт бөлімнен тұрады. «Сүйген жер» бөлімінде басты кейіпкер туған жері, туған үйі туралы мəлімет береді. Бүркіттің отбасынан 1911 жылғы «Доңыз» жұтында көп шығын шығады. Жалпы Бүркіттің əкесі байлық десе ар-намысы тұрмақ, туғанын да сатып жіберуден тайынбайтын аяр адам ретінде суреттеледі. Сол «жылқылар бір-бірінің құйрық, жалын; қойлар бір-бірінің жүнін жұлып жей бастаған» «таусылған шақта» Əбеу малдарын Орал тауына айдайтын тұсы бар. Сапардан бар малынан айырылып қайтқандағы мына көріністі қазіргі оқырманның қалай қабылдайтыны туралы сөз етсек: «Жасым ол жылы төрттен азақ асқанмен, əкемнің қандай халде келгені есімде жақсы сақталған: «өлдім!» деп шыңғырған дауыстан шошып оянсам, төрдей қараңғы үйдің ішінде, қамыс арасында қорсылдап айбат шеккен қырдың қабаны сияқты біреудің күрілдеген былапыт сөзді ашулы даусы естіледі, шамасы, əкемнің даусына ұқсайды. «Өлдім» деген сөзді қайталай айтып шыңғырған, шешемнің даусы сияқты... Не болды, Əбеужан!.. Өлтірдің ғой сорлыны!.. Тоқталшы!.. Басшы, ашуыңды!..» деп арашалаған дауыс əжемдікі!.. Шошып оянған бала-шағаның шулай жылауынан қараңғы үйдің іші азан-қазан!.. Тағы біреулердің арашалаған даусы естіледі...» (3.10). Шығарманың осы тұсын оқыған оқырманның төбе шашы тік тұрып, құйқасы шымырлары анық шығар. Əрине, қазақ əрқашанда малын жанынан артық көрген, «мал ашуы – жан ашуы» деген мəтел де текке шықпаған болар. Əйтсе де осы көріністен-ақ жазушы суреттеп отырған кезеңдегі жалпы адамзаттың əйел баласына деген көзқарасын көреміз. Бүгінгі күннің оқырманы, əсіресе, жастар жағы мұны басқаша қабылдары анық. Адамның адамдық құндылығы, менің ойымша, қай кезде де шамалас болған. Осы оқиға арқылы жазушы Əбеудің қорқаулығын дəлелдей түскісі келгендей. Бұл кейіпкердің бейнесі солдатқа адам жинау тұсында да барлық қырынан көрінеді. Əбеудің іс-қимылы туралы оқып отырып, мұндай адамдардың қазіргі қоғамда да қаптап жүргенін мойындайсың. Бұл да шығарманың шыншылдығы. Əр кезде де өмірдің ақ пен қарадан, жақсы мен жаманнан тұратынын ойға салады.

Романдағы Бүркіттің əжесінің образы – нағыз қазақ анасының бейнесі. Кейіпкердің əжесіне деген сезімі де оқырманды баурап алады. Əжесінің өжеттігін суреттегенде əдебиеттегі батыл аналар образына ұқсатасың. Мəселен, ешнəрседен тайынбайтын, қорқаулығында шек жоқ Бүркіттің əкесі Əбеу анасының алдында жас баладай жуасып қалатынына бір жағынан күлкің де келеді. «Əкемнің əжеме сөзсіз бағыныштылығын сонда ғана көрдім:

«Жүр!» деп əжем бұйыра сөйлегенде əкем төсегінен жылжып түсе берді» (3.37).

«Арпалыс күндері» тарауында тап тартысы, кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі қоғам кеңінен суреттеледі. Кеңестік дəуір мен ақ, қызылдардың арасындағы тартыс көптеген шығармалардың тақырыбына арқау болды, шығарманың жарық көрген уақытында маңызды атрибуттың бірі болып талданған бұл тақырып, тарихымыздың бір беті болғанымен егемендік алғалы бері мұндай шығармалардың біршамасы ұмытылып кеткені жасырын емес. Бірақ «Мөлдір махаббат» ешуақытта мұндай туындылардың қатарына кірген емес, кірмейді де. Себебі шығарманың негізгі өзегі – мəңгілік өшпес махаббат. Адамның басты құндылықтары – адамгершілік қасиеттер мен адам мен адам, ана мен бала, əке мен бала арасындағы қарымқатынасы – кеңінен суреттеледі. Шығармада «бай баласы», «алашордашы», «ұлтшыл» деп айыпталған қазақтың талай марғасқаларының қуғынға түскенін тарих та айғақтайды. Сондай алашордашының бірі Бүркіттің нағашысы – Жақыпбек. Профессор Құлбек Ергөбектің зерттеуіне сүйенсек, өмірдегі Сұлтанбектің (Бүркіт) нағашысы – Міржақып Дулатов. «Оян, қазақ!» деп жан ұшырған Міржақыптың шығармаларын кеңестік кезеңде оқуға тыйым салынғаны бесенеден белгілі. Бірақ, тарих та, өмір де «алашордашы, ұлтшылдарды» қалай ақтап алғанының куəсі де біз. Олай болса, Т.Кəкішұлы, К.Ахмет сынды белгілі ғалымдарымыздың «1935 жылы «Сын бая» болып шыққанда

«Комсомольская правда газеті «Литературная газетаның» араша түсуіне қарамай, дөрекі социологиялық сынмен сойды да салды. Одақтық көлемде айтылған ойдың салмағы ауыр болды...

...1959 жылы «Мөлдір махабатта» Алаш мəселесін «тереңдетпеске» шарасы қалмағанын көбіміз біле бермейміз» (1.106) деген дəйекті пікірлері саяси ахуалдың шығармадан көрініс табуы замана талабынан туындағанын аңғартады.

Бұл көркем шығарма болғандықтан мұндағы барлық оқиғаны шындыққа жанасады дей алмаймыз. Жалпы «Сүйген жер» бөлімі тек атамекен мен отбасын бейнелеп қоймай, сол уақыттағы заманның ащы шындығын ашады. Ақтар мен қызылдар арасындағы қақтығыс барысында көптеген кейіпкердің образы айқындалады. Ауылдас-ағайыны, өмір бойы шаруашылығын жүргізуге себін тигізіп жүрген Нұржанды баласының да, анасының да арашасына бермеген Əбеу секілді бөріден, əдетте, өзінен алыс кетпеген бөлтірік туылуы керек қой. Бүркітті бай баласы ретінде қаншалықты ұнамсыз бейнеде көрсетуге тырысқанымен, жазушының оған іші жылып тұрғанын сезінген оқырман да оған бей-жай қарай алмайды. Баласының əже тəрбиесінің арқасында дұрыс бағытты таңдауы, ақ көңілі мен шынайы ниеті Əбеудің өмірін сан рет сақтап қалады.

«Қылығыңа қарағанда, осы отырған жеріңде атып өлтіретін адамсың. Бірақ бұл жолы мен сені аман жіберем! (Əкем жылап қоя берді. Б.) Бірақ сен үшін емес, мынау балаң – Бүркіт үшін!.. ..ана жылы, он алтыншы жылдың көтерілісінде, мына əкеңнің қолына түскен ағам – Нұржанды дарға асып өлтірерде, сол тұрған топтан кіп-кішкене сен ғана араша түспек боп шырылдаған екенсің. Сол қылығың үшін, əкең Нұржанның қанын саған қимаса, мен əкеңнің қанын саған қидым!..» (3.99).

Қашанда көркем шығарманы жан-тəнімен, беріле оқитын оқырман бас қаһарманға қарап, оның іс əрекетінен үлгі алады. Бұл тұрғыдан Бүркіт образының оқушыға берер тəрбиелік мəні орасан. Шығарманың берер тəрбиесін өрбітсек, жазушы салыстырмалы суреттеулер арқылы ақылды мен ессізді, текті менен тексізді танытады. Мысалы, заман тынышталып, қырғындар басылған соң қашақ Əбеудің отбасы еліне қайтады. Сол кездегі Еркін ұйытып отырған ауыл берекесін көзімен көрген Бүркіттің аузымен жазушы біршама кейіпкерлерге мінездеме бере кетеді. «Қыран баласы – Қырымға, ит баласы – жырымға қарайды» дейді қазақ. Сол екі «баланың» қайсысы болғым келгені есімде жоқ, Еркін «ас пісті» деп шақырғанша, мен осы ауылдың көп үйіне кіріп, тінтіп шыққандай болдым, сонда аңғарғаным – былтырғы Торғайда көргенімнен əлдеқайда ілгері кеткен халық; «ит басына іркіт төгілді» дейтін молшылық болмағанмен, басы іспеуі былай тұрсын, бұл ауылда қарны ашып отырған бір де жан жоқ сияқты, сол тоқшылықтың тетігі – өздерінің бірлесіп атқарған еңбегі сияқты. Былтырғы егініне де разы олардың, биылғы егіннен дəмесі одан да зор сияқты...

Осы бірлескен істе, бəрінің тоқырар қазығы Еркін болғанға ұқсайды. Ол əлі жиырма екі жастағы жігіт. Онымен құрдас біздің Текебай ел-жұртқа қазық болу түгіл, өз басын зорға алып жүр. «Ораздының баласы он бесінде баспын дер, тоғышардың баласы жиырма бесте жаспын дер» дегендей, Еркін қайда кеткен, Текебай қайда қалған!..» (3.121).

Романдағы Бүркіт пен Бəтес арасындағы шоқтығы биік махаббат екінші «Сүйген жар» бөлімінде баяндалады. Бұл тарауда екі жастың басындағы махаббат оқиғасы, өз махаббаттарын қорғау жолындағы жастардың алдында жолыққан кедергілер суреттеледі. Бала кезден туындаған махаббаттың беріктігі екеуінің басына бұлт үйірілген, тағдырдың түрлі шырмауына түскен кезінде де өз іргесін сөккізбеген берік қамалдай. «Мөлдір махаббат» романында Сəбит Мұқанов Бəтесті ескіліктің құрбаны болған қыз ретінде суреттейді. Ол ауыл байының ерке, сезімтал, нəзік жанды қызы. Бүркіт пен Бəтес арасындағы махаббат ұшқыны он үш-он төрт жастарында, əжесімен ере келген еркекшора Бəтестің қыз екенін түсінген сəттен бастап сезіледі. Романның негізгі қазығы да осы екі жас арасындағы махаббат. Жазушы өмір, заман шындығын да, тап тартысын, əйел теңдігі мəселесін де екі кейіпкердің образы арқылы көрсетуге тырысады. Бəтесті ескілік салты бойынша бала күнінен сол аймақтың ірі байының баласымен атастырады. Бұл оқиға роман барысында екі жастың қосылуына ең басты кедергінің бірі болады. Ауылдың ақсақалдары да, екі жастың əкелері де ескіліктің ғұрпынан қайтқысы, əбден елдің бəрін бұраған қылбұрауды босатқысы келмейтін ескі көзқарастағы адамдар. Өз махаббатын, өз басының еркін қорғағысы келген Бəтестің оқуға деген ынтасы да жоғары болады. Бəтестің алғаш Бүркітпен бірге оқуға аттануға ниеттенген тұсында кедергі ретінде Қоңыр қожадай ескіліктің түп қазығы, берік қамалы кесе көлденең бөренедей тұра қалады. Бұл оқиға бізге сол кездерде əйел баласының тағдырына көгендеулі қойдың тағдыры сынды қарағандардың көп болғандығын көрсетеді. Өз басында билігі, аңсаған арманына жетер жолда табан тіреп, қайырылмастан жүруге қазақы тəлім-тəрбие жібермеген Бəтес жұмған аузын ашуға да қорқады. Қазіргі жиырма бірінші ғасырда, əрине, заман басқа, заң басқа. Ешкім ешкімді қыстауға да, зорлық-зомбылық көрсетуге де қақысы жоқ. Бірақ жасы үлкенге қарсы келмеу, айтқан сөзін аяқ асты етпеу деген секілді атабаба тəрбиесінен алыстамадық, оны жоғалтпауымыз керек. Бүркітке қол ұшын ұсынған салық жинаушы Самалық образы арқылы жазушы жастарды бұл шырмаудан алып шығатын тек кеңес үкіметі екенін астарлап тұр. Бүркіт əкесі мен нағашысына жақтаушы бола алмайтынын əрбір іс-əрекетімен танытады. Араларында қақтығыс та болады. Бұл да ескі мен жаңаның тартысы. Ақыры оның бетін бері қарата алмайтындарын түсінген ағайыны бұл іске Мүсəпірді араластырады. Мүсəпір – адамның ішіндегі ең қоры. Десек те, ол сондай аярлыққа барғанмен, жалғыз өзі оның барлығын жүзеге асыра алмас еді, ол үшін жұмыла кірісетін жұдырық қажет болды. Жұдырықты жұмылдырып тұрған ең басты алақан ол Бүркіт пен Мүсəпірдің нағашысы – Жақыпбек. Ғалым Рақымжан Тұрысбектің «Дүниетаным жəне шығармашылық» есімді зерттеу еңбегінде

«Романдағы Мүсəпір бейнесі – арамдық пен жауыздықтың жиынтығы. Қолдан келсе адамдарды бір біріне қарама-қарсы қояды, достастыру, табыстыру орнына өршітуге, тор құруға əуес. Жақыпбек тобының айтқанына құран сөзіндей сенеді. Өмірге, ондағы болып жататын үлкенді-кішілі өзгеріс-құбылыстарға Жақыпбек көзімен қарайды» (3.126) деп жазуы да осының дəлелі.

«Иесіз бақшаның ішінде» жиенінен естіген сөздерін көңіліне ауыр алып, кек түйген Жақыпбек енді ойын жүзеге асыру үшін Мүсəпірді ортаға салып, оған Бəтесті шырмауына түсіру үшін барынша көмек қолын ұсынады. Жақыпбек роман барысында Бүркіттің оқып білім алуына көп септігін тигізеді. Соған қарап

оқырман Жақыпбекті адал көңілді нағашы деп те қабылдап қалуы мүмкін. Ал Жақыпбек Бүркітті оқытқанда кеңес үкіметіне қызмет ететін кеңестік азамат болсын деп емес, өзі секілді кеңестік идеяны астыртын əрекетпен жоймақшы топтың қатарын көбейткісі келді. Өзінің сонша «еңбегінің» зая кеткенін түсінген ол енді Мүсəпір арқылы Бүркітті қорлауды ойлады. Романда Мүсəпір, Жақыпбектердей жағымсыз кейіпкерлер қатарын Балқаш, Жаңыл, Бөдене, Қарсақ, Күзен секілділер, сондай-ақ олармен бір болмаса да, мақсаттары бір Əбеу, Мəмбет, Сасық, Жұман жəне оның əйелі, Қоңыр қожа мен Бүркіттің анасы толықтырады.

«Мөлдір махаббат» романында Сəбит Мұқанов Бəтеске шаң жұқтырмайды», – дейді Құлбек Ергөбек, біздіңше, Бəтеске шаң жуытпау арқылы жазушы махаббатқа шаң жуытып алмауды ойлаған секілді. Бүркіт мылтық кезеп өлтіруге келгенде де, Бəтес мойынсұнып, «қасқырдың айдауында жортып келе жатқан тоқты сияқтанып» алдына түсіп томпаңдайды. Бəтестің бұл қылығынан жазушы «махаббатсыз дүние бос» деген ойға келіп, өлімнен қорықпай қасқайып тұрған ғашықтың образын көрсеткісі келгендей.

Бəтестің Мүсəпірдің алдауына түсіп үлкен қайғыға ұрынатын тұсы «Адасу бөлімінде», ал барлық шиеленістің түйіні шешіліп, нүктесі

«Шешілген шиелер» бөлімінде қойылады. Құлбек Ергөбек біз жоғарыда атап өткен зерттеу еңбегінде Сəбит Мұқановтың романды жазу барысындағы «жекелеген жоспарын» оқушыға ұсынады. Сол жоспардың ең соңғы сөйлемі:

«Үкім қандай болу керек?» Шығармада үкімді Бүркіт өзі шығарады. Əрине оған кеңес берушілер де болады. Бірақ Мүсəпірді өлтіріп, кек алуға басты кейіпкер саналы түрде барады. Сондықтан, бұл – оның өз шешімі. Оқиғаны басқаша аяқтауға болар ма еді? Махаббат оқиғасы, түрлі шырғалаңға ұшыраған махаббат иелері. Адамдық тұрғыдан келгенде қоғам өлімді жақтаған адамға үрке қарауы да мүмкін, бірақ бұл махаббатты, адалдықты сенімді, адамдықты қорғау жолындағы өлім. Сол себепті жазушының бұл шешімі оқырманның ойымен үндес келетін сынды. Романдағы Бəтес əрекетіне бүгінгі таңдағы сол Бəтестей қыздардың көзқарасы өзгерек, ал Бүркіттің шешімін қолдаушылар көп. Көпшілік пікірінше Бəтес сүйе біледі, махаббатына да берік, махаббат жолында өлімнен де қорықпады. Əйтсе де, Бəтес өз махаббатын қорғай алмады. Алғаш көріп шошыған Күзен мен Бөдененің үйіне қайта барып, бір басқан шоғын қайта басты. Əсияның

арнап жіберген үйіне тоқтамауы да қателік. Бүркіттен хат болмады деп, Мүсəпірмен серуендеуі – əлсіздік. Қанша оқырман, сонша пікір болуы да заңды. Бір сөзбен айтқанда,

«Мөлдір махаббат» романы əлі күнге дейін сұранысқа ие, оқылып қана қоймай, жастардың арасында терең талқыға да түсетінін көргенде шығарманың өміршеңдігіне тағы бір көз жеткіземіз.

 

  1. Т.Кəкішұлы, К.Ахмет «Сəбит Мұқанов» (Əдеби-ғылыми ғұмырнама). Алматы: Арда, 2005 ж.
  2. Р.Тұрысбеков «Адасқандар» романының нұсқалары, кейіпкерлер əлемі туралы // «Лениншіл жас», 1990 жыл, 14 желтоқсан.
  3. С.Мұқанов «Мөлдір махаббат», Алматы: Жазушы, 1988 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.