Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сəбеңнің шағын прозалық шығармалары

С.Мұқановтың жазушының қазақ прозасында социалистік реализм принциптерін қалыптастырған шығармаларының қатарында оның əйгілі романдарымен бірге, əңгіме, повестерінің де аталуы заңды. Өмірді сырттан бақылаушы болмай, жаңа заман істеріне белсенді араласқан, əдебиеттің партиялығы мен халықтығы принципіне кіршік шалдырмаған суреткердің прозалық қысқа жанрдағы туындылары да елеулі. Бұл мақалада біз Сəбеңнің шағын прозалық шығармаларының ішінен оның 16 томдық таңдамалы шығармалар жинағына енген повестері туралы сөз қозғамақпыз.

Жалпы жазушы шығармаларында адамды көркейтетін, абыройға жеткізетін қуатты күш ретінде еңбекке ерекше мəн беріледі. Əсіресе, «Жарқын жолмен» жəне «Ажардың ажалы» повестерінде. Бұлардың алғашқысында қазақ əйелдерінің арасынан алғаш рет техниканы меңгергендердің бірі тракторшы Үміттің бейнесі, соңғысында еркін махаббатқа ұмтылған, өмірге құштар Ажардың іс-əрекеті нанымды берілген. Бұл шығармалардың тағы бір ерекшеліктері – өмірдің тікелей жанды айғақтарын қорыту негізінде жасалғандығы. Өмірді терең зерттейтін, кеңестік құрылысқа тікелей араласқан жазушы қалың айғақтар ішінен типтік оқиғаларды екшеуге мол мүмкіндік табады. Таптық тартыс қаншалықты шиеленіскен оқиғалар тудыратынын «Ажардың ажалы» повесі айқын дəлелдейді. Мұнда тəркілеуге ілінген Төлебайдың жаулық əрекетке көшуі, астыртын қастандықтар жасауы, оның нəтижесінде Ажардың қайғылы қазаға ұшырауы əңгімеленеді.

Білімге қарай құлаш ұрып, алғырлығымен жақсы нəтижелер көрсетіп жүрген, ел мақтаған Ажардың, ең бастысы, əкесінен демеу көрмеуі, оның надандық көзқарастарының оған көп нəрседе тосқауыл болуы – шығармадағы ең басты трагедия болып табылады. Қызына өмірінде не əкелік жылы сөз айтпаған, не сүйіп иіскемеген, аузынан ешуақытта несие сөз шықпайтын, айтатын сөздері əрі долаң, əрі тұрпайы əкесі Қаратілеудің портретін жазушы шеберлікпен бере білген: «Қаратілеудің ісіне түсі лайық сықылды: алпамсадай денесінің жауырыны күдістеу келген, алдындағыны тарпа бассалғандай еңкек; қалың қабағында қою, ұзын қара қасы кішігірім сақалдай желкілдейді, ойнақшыған кішкене шүңірек қара көзі інінде жатқан жыландай жылтырайды; бет-аузының мұрны мен көз көлемінен басқа жерін түгел жапқан бұйра қою қара сақалдың қылдары аттың ту құйрығындай; саусағының буындарына дейін шоқтала өскен қара қылдар анау-мынау мұрттай; дауысы бұқаның өкіргеніндей жуан» (1.161). Осы бір суреттеу қыз əкесінің бейнесін, сыртқы келбетін көз алдымызға еркін елестетуге мүмкіндік береді. Ал төмендегі жолдардан оның мінезін, жан-дүниесін, жаратылыс табиғатын танимыз: «Ол, өз ақылынан басқаны тыңдамайтын қырыс, кер азу, мінезі ұрт адам да. Жанына жақпаған істе, кім де болса бетінен алып қауып тастайтын. Сол мінезінің үстіне Қаратілеу өлгендей жалқау. Жасы қырық бестерге жаңа келген, күші қайтпаған, істеп кетсе жұмыс алдынан бұрқырап отыратын кісі болғанмен, үйінде тым-тырыс жата береді де, табысы болмаған соң не асқа, не киімге жарымай жүдейді де жүреді. Ажардан басқа жаны – əйелі.

Бірде ауру, бірде сау оның тиіп-қашты еңбегі кімді жарытады? Қылығына қарап, Қаратілеуді колхоз басқармасы мүшеліктен шығарып жіберуге талай рет оқталады да, жалғыз Ажардың көңілін қимағандықтан қалдыра береді» (1.167).

Ажар мен Тайжан арасында бейкүнə махаббат отының тұтануы тартымды суреттеледі. Қыздың ұнатпауына қарамай, оны қолға түсірудің бар амалын жасап жүрген прокурор Салмақпай мен оған жел беріп, көмектесіп жүрген Төлебай есімді қаскүнемнің азғырып, айдап салуы нəтижесінде Қаратілеу ақыры Ажардың ажалына жетіп, қылмысты Тайжанның мойнына артады.

Күнəсін кеш түсінген қыз əкесі сот барысында ауыр қылмысын мойнына алады.

«Ағынан жарылған оның ұзақ жəне ауыр сөзін, көппен бірге, мəжіліске қатынасқан жазушысы да тыңдап отырып қажетті жерінің бəрін блокнотына сүйкеп алды. Сол сүйкеуден осы повесть туды» (1.212) деп аяқталатын шығармадан аңғарғанымыздай, 1935 жылы нақты өмірде болған оқиға желісінде 1937 жылы жаңа повесть дүниеге келген.

Сəбит Мұқановтың жоғарыда сөз болған жаңа адам бейнесін елестетерліктей еңбектерімен қатар, «Бақташының баласы» атты шығармасында қызғылықты адам мінездері кездеседі. Жалпы бұл шығармада шаруашылық малына тыныштық бермейтін, көшпелі, мал баққан қазақ халқына қашаннан таныс жау – қорқау қасқырмен алысқан қарапайым қазақ шалының бейнесі сомдалған. Шалдың ісəрекетінің басы-қасында немересін қатар жүргізу арқылы, атасына болысуына, одан көп нəрсе үйренуіне назар аудара отырып, автор ұрпақтар сабақтастығына меңзейді. Жаңа өмір ағымына қарамастан, кең даланы мекен еткен, сол даланың тілінде сөйлей алатын, əлі де сұранысқа ие болып қала бермек қазақы қасиеттің, өмірлік тəжірибенің құндылығын аңғартады. «Ит – жеті қазынаның бірі» деп санаған қазақ халқының аңға тазы қосу өнерінен, жалпы аңшылық өнерінен жазушының хабардар ғана емес, бұл оның жанына жақын тақырып екендігін қаламгердің шығарма тақырыбын шебер аша білуі айқын байқатады.

Сəбит Мұқанов – тарихшы жазушы. Оның жазушылық тəжірибесін қадағалап қараған адамның қай-қайсысы болса да бұл пікірді жоққа шығармайды. Жазушы қазақ қоғамының даму жолын, ондағы негізгі бетбұрыс кезеңдерді өз шығармаларында шыншылдықпен бейнеледі. Бірде дəуірдің тарихи оқиғаларына сүйене, бірде кітаптарын өмірде нақты болған адамдардың ісəрекетіне құра отырып, ол халық өмірі дамуының бұлтарыссыз шындығын өз шығармашылығының өзекті тақырыбы етті.

Жазушының «Балуан Шолақ» шығармасынан да осы тарих белгілерін мол табамыз. Өйткені «Балуан Шолақ» тарихта болған қа зақ халқының дарқан ұлы туралы шығарма. Қаламгер шығармасын көпшілікке аңыз деп ұсынады, дегенмен осы бір тарихи шындық суреттеріне бай, дəуір тынысы кең қамтылған шығармаға қажет материалдарды жазушыға халық өмірі, оның қуанышы мен қайғысы, сол жолдағы Балуан Шолақтың күресі берді. С.Мұқановтың өте сəтті шыққан туындыларының қатарына жататын бұл шығарманы зерттеу нысанына айналдырған ғылыми мақалалар да аз емес. Мысалы, ұлы жазушымыз М.О.Əуезов:

«Ескі өмірден алынған кейіпкерлерінде де жаңа дəуір таңын тосқан асыл сезімдер жүреді. Ауыл тірлігін революция жолымен жаңғыртам деп алысқан жеке-жеке адамдардың бəрінде үлкен оптимистік наным мол болады. Осылай етіп суреттеу жазушының өз кеудесіндегі үлкен нанымнан туған» (2.10) десе, əдебиетші-ғалым Белгібай Шалабаев: «Романның батырлық дастандарға ұқсауында көп мəн бар. Сюжет дамыған сайын қызықты болу үшін автор бұрынғы қазақтың эпостық жырларының əдісін қолданып отырады. Балуан Шолақ кейде «отқа салса күймейтін, суға салса батпайтын, найза өтпейтін, қылыш кеспейтін ертегінің ері сияқты. Баяғының батырындай оның да «Аққошқар», «Қаршыға» тəрізді əруағы, «қолтығына қос қанат біткен аты» бар. Жекпе-жекте жолбарысты да өлтіреді» (3.140) деп жазады. Жазушының жыр-дастандарды жатқа айту машығының шығармасының сюжетін дамыту, кейіпкерлерінің образдарын сомдау ісінде оң нəтиже бергендігі айқын.

Ал алыптың Ақбоз аты туралы: жазушы Естай Мырзахметов: «Балуан Шолақ жанына балаған тұлпарын жас баладай мəпелеп бағып, неше түрлі өнерге үйреткен ғой. Ақбоз ат иесінің айтқанының бəрін түсінетін болған жəне де иесіне шексіз берілгені сондай, оның айтуынсыз, бұйрығынсыз аяғын қия басуды білмеген. Байлаусыз, тұсаусыз жүретін, енесінің соңынан ерген құлындай, жетелемей-ақ еріп отырған. Сөйткен есті жануар алты күн бойы тас қорада байлауда, қамауда тұрып, аласұрып, иесін іздеп, арқырап, кісінеумен болған емес пе? Енді иесін көргеннен кейін сағынып көрісіп құшақтасқан адам секілді басын екі иығына кезек-кезек салып, көзінен жас сорғалап, кісіше жылағанын Балуан Шолақ жүрегі елжірей айтып жүрген дейді. Өлеңде де сол. Ақбозының көзжасын тыя алмағанын айтқан. Ол жайды жете білмейтін біреу Балуан Шолақ өзі жылады деп ұққан», – десе (4.7), тұлпардың қасиеттілігі жайлы Балуан Шолақтың немересі Шайдолла Құдайбергенов: «...Бұл жануар өте белді жəне ақылды ат болыпты. Белді дейтінім, атамыз осы Тастыөзектің Аққұдық жайлауында қызы Бəтенді ұзату үшін той жасайды. Сонда жігіттер көкпар тартамыз деп оның үлкен ұлы Исажардан серке сұрайды. Мұны естіген Балуан оларға:

«Жапырақтай жалғыз атқа қайсысыңның тақымың толады. Одан да тана тартыңдар, – деп мүйізі шығып қалған өгізшені бауыздап береді.

Намысқа тырысқан небір атпал азаматтар əлгіні қозғалта алмай əуре-сарсаңға түседі. Жігіттердің ақ тер, көк тер болғанын көрген атамыз түс қайта Ақбозбен «көкпарды» жерден үзеңгі бойы көтерген күйі ауыл шетіндегі Айша деген жесір əйелдің есігінің алдына апарып, солқ еткізіп тастай салады. Сонда батырдың астындағы аты əлгі екі аралыққа дейін сымдай созылған күйі аяғын санап басып, сыр бермей жетті дейді көргендер. Ал, оның ақылдылығын мынаған байланыстырып айтады. ...Балуанның қарасы көрінсе немесе оның дыбысын естісе жарықтық Ақбоз өрісте жүрген жерінен желіп отырып келіп атамызға бір соғып кетеді екен. Ол кісі иығын тұмсығымен түрткілеп: «Мен келдім!» – деп тұрған оның мойнын алақанымен қағып, еркелеткеннен кейін ғана, аты үйірдегі жылқыларға қайта барып қосылатын болған»» – дейді (5.4).

Шығармада Балуан Шолақ Көкшетау елінің атақты байы Нығметжанның асау жылқысы – Ақбозды үйретіп мінеді: «... Мойнына бұғалық түскенін сезген Ақбоз қарғи кеп жөнелгенде, Балуан Шолақ жерге отыра қап, жұлқи тартты. Шапшыған ат тегеурінді қолдың екпінімен шалқасынан түсті. Ат түрегелгенше Шолақ шап етіп құлағынан ұстай алды. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағынан төмен қарай тұқырта басып қалып еді, ат етбетінен түсті.

Ақбоз жанталасып екінші рет тұра бергенде, Шолақ оның құлағын босатып, тізесіне төгіле өскен шоқтығына сол қолын орап алды да, жұқа шаптан қамшымен тартып жіберді. Бұрын етіне бұндай таяқ тиіп көрмеген Ақбоздың жаны ышқынып, орнынан тұра, ыта жөнелгенде Шолақ үстіне қарғып шығып кетті...» (6.50). Бұл жолдардан балуанның «қолтығына қос қанат біткен атына» қатысты тұстарда аңыз сарыны шындық ауылынан алысқа кетпегенін байқаймыз.

Ғалым Серік Қирабаев: ««Балуан Шолақтан» менің өз басым қараңғыда қарманып, шығар жолды таба алмай жүрген, бірақ ешкімнің тəлкегі мен зорлығына көнбейтін халықтың мылқау, дүлей күшін көремін. Оны оқыған кісі адамның біреуге тəуелді, құл болуының заңсыздығын, ол адам табиғатына жат екенін аңғарады. Адамдық ар, намыс оған көнбейді. Адам қашанда ерікті болуға тиіс. Балуан Шолақ бейнесі бізге осыны түсіндіреді. Ол ешкімге жалтақтауды, билік басындағылар мен орыс чиновниктерінен қаймығуды білмейді. Оларға қарсы саналы күрес те жүргізбейді. Жолына бөгет болған жандарды сүйретіп тастап, дүрліктіріп, өз жолымен жүре береді. Балуан Шолақтың жеке басына тəн осындай мінездерге жазушы тарихи көзбен қарайды. Шығармадағы Балуан мен Ғалияның ғашықтық суреттері оған көтеріңкі рең береді. Саяси күрестен аулақ, қоғамдық өмірдің сырын танырлық білімі де жеткіліксіз балуанның ішкі рухани байлығын біз осы махаббат линиясынан танимыз. Оны қажытпай, ілгері сүйреп жүрген де осы байлығы. Сəбиттің романды əуелде «Батырлық поэма» деп жариялауы да тегін болмаса керек» (7.229).

«Балуан Шолақ» романы, ең бастысы, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске дейінгі халық тағдырының қат-қабат сырларын ашады. Қарапайым бұқара халықтың ғасырлар бойғы үнсіздік көрпесін ысырып, көнбістік қамытын шешіп, саналы түрде көтеріліске бел бууының тарихи-əлеуметтік себептерін көркем бейнелеп береді. Аталмыш шығармадағы тартыс пен характер мəселесін дендей зерттеген ғалым Серік Мақпырұлының сөздерімен айтсақ:

«Балуанды жерлеу кезіндегі қарапайым көпшіліктің Шолақтың трагедиялы өліміне қайғыруымен əділетсіздікке қарсы ашу-ызаның қатар тасқындауы, сана-сезімдеріндегі серпіліс, ширығу, батыл, ашық əрекетке бəтуаласу – мұның бəрі халық психологиясындағы түбірлі өзгерісті аңғартады. Романның идеялық-көркемдік мақсаты да біздіңше осыны – халық оянысын, осыған себепші болған əлеуметтік жағдайды бейнелеу. Осындай идеялық мақсатына сай жазушы романға Балуан Шолақ бейнесін басты тұлға етіп алады. Өйткені өзінің қуғын-сүргінде өткен ерекше тіршілігімен, зорлық иелеріне қарсы жүргізген стихиялы күрес-тартысымен халық тағдырын, оның санасындағы сілкіністі, оянуды, жамандыққа қарсы тұра алатын жігері мен күшін танытады» (8).

Жоғарыда аталған пікірлермен қатар, ғалым Р.Кажиакбарованың «С.Мұқановтың «Балуан Шолақ» романының шығармашылық тарихы» атты зерттеу еңбегінің құндылығын ерекше атап өтуіміз тиіс.

«Тарихи тұлға – Балуан Шолақ Баймырзаұлы жазушы шеберлігінің арқасында əдеби кейіпкерге айналады, дара мінезімен, іс-əрекетімен бірге рухани ішкі қасиеттері тұлғаланады. Мұндай жағдайда көзбен көрген, бастан кешкен, ой елегінен өткізген оқиғалар, образдар шығармаға шынайы сипат береді» (9) деп орынды пікір білдірген ғалым одан əрі Балуан мен Сəбеңнің өмір жолдарынан үндестік іздеп, оны шығармалардан келтірілген нақты мысалдар негізінде дəлелдеп береді. Екеуінің де жастайынан өлеңге, күреске құштар болуын пайымдай келе: «...жазушы Балуан Шолақтың бала шақтағы характерін ашуда өзінің бала кезгі бастан кешулері мен кейіпкер түптұлғасы жайындағы ел аузында аңызға айналған естеліктерді ұштастыра пайдаланған...» (9) деген сынды дəйекті пікірлер білдіреді.

Жалпы Сəбит Мұқанов көп жазған жəне жемісті жазған, сол еңбегі арқылы көзінің тірісінде-ақ дүниенің төрт бұрышына түгел дерлік танылған қаламгер. Оның «мұқалып көрмеген» қаламынан туған туындылар қаншалықты көп болса, соларды таңдап, түсіндіруге, жақсыларын жарқырата көрсетіп, кем-кетіктерін ашарлық сын-ескертпелер жасауға арналған шығармалар да, байқағанымыздай – əсіресе, «Балуан Шолақ» туралы, соншалықты мол, ұшан-теңіз.

Шеберлік – тек талантпен ғана алынар асу емес, ізденіспен, ерен еңбекпен игерілер шың. Олай болса, Сəбеңнің «Балуан Шолақ» туындысының шебер өрілуіне себепші факторлар қатарына тынбай ізденіс нəтижесінде тақырыптың сəтті таңдалуын жəне осы тақырыпты ашу жолындағы тынымсыз еңбегін де жатқызған жөн. Ал, Сəбеңнің қайталаулары ше? Бұлар да бір-біріне оралғы болып, оқуды қиындатып тұрған жоқ па? Тіпті олай емес! Көне көз, кəрі құлақ қарттардың ертегі-аңыздарды осылай бастайтыны, онысын үй толы жұрт ұйып тыңдайтыны рас. «Екен»-дер мен «дейді»-лер шал мен кемпірдің, жігіт пен қыздың бастарынан өткендерін, оны халық жадында сақтап, ұрпақтан ұрпаққа айтып қалдыра беретіндігін аңғартса керек. Қаршадайынан сондай ертегіаңыздарды көп естіп, жаттап өскен жəне оларын топ алдында айтып дағдыланған сұртаңдайлар сөзді қашан да осылай бастаған. Халық прозасының ауызша əңгімелеуге де қолайлы, тыңдаушы құлағына да құйыла беретін осы бір «жеңіл» əдісін Сəбең романдар мен повестер жазу үстінде, əсіресе монологтар мен авторлық

баяндауларда шебер қолданған. Сөйлемдердің қарапайымдылығы, олардың оқуға, айтуға, қабылдауға соншалық жеңілдігі, жеке сөздердің бірін-бірі күшейтіп, ұғымды дəл беріп қана қоймай, жан-жағына, оқушы ойына сəуле түсіріп тұратын бейнелілігі халықтық əдебиет рухын танытады. Сəбең шығармаларының баға жетпес құндылығы көп сырлары мен қырларының бірі осында – олардың халық əдебиеті қайнарынан суарылғандығында жəне оның туын поэзияда ғана емес, көркем прозада да жоғары көтергендігінде болса керек.

Мысалы, ертекші-əңгімешілердің белгілі бір оқиға желісін тартуы бар да, оны тыңдаушыларын қызықтыра өрбітуі бар ғой. Басты кейіпкерлердің қимыл-əрекетіне, қарама-қарсы күштердің қақтығысына байланысты оқиға бірде шиеленісіп, бірде «баяу» ағады. Кейде арнайы баяндауды, қосымша түсінік беруді қажет ететін жайлар да тап болады.

Ол өзінің прозалық шығармаларында, реті келген жерінде, сөз, оқиғалар орайына қарай, халық əдебиетінің барлық жанрларынан дерлік мысалдар келтіріп, ұзақ-ұзақ үзінділер, мазмұндаулар да беріп отырады. Бұлары шығарманың ажарын ашып, оқушыларын қызықтыра түседі. Сонымен қатар олардың халық əдебиетінен азды-көпті мағлұмат алып, ой-өрісін кеңейтуіне де көп пайдасын тигізеді. Сəбең шығармалары кешегі ұрпақты ғана емес, бүгінгі жəне келер ұрпақтарды рухани қазынамызды сүюге, қадірлеуге тəрбиелейді десек артық емес. Ұрпақтан ұрпаққа қалып келе жатқан рухани қазынамызды жасаушы да, оны қастерлеп сақтаушы да халық. Ел ішінде ертекшілер мен əңгімешілер, ақындар мен жыршылар, əншілер мен күйшілер көп. Кең далаға іргесін кең сала қоныстанған ауылдардың үстінде əрқашан дерлік əн қанатын қағып тұрады. Үлкен-кіші жиындарда өлең-жыр өзендей тасып жатады. Қарттар бас қоса қалғанда əңгіме-дүкен қызып, ағыл-тегіл шешендік сөздер тиегі ағытылады. Ақылдыдан шыққан асыл сөздер таланттыларға жетуге асығады. Мақал-мəтелдер, нақыл сөздер тыңдаушыларының құлағына құйылып, жаңа бір ой салып жатады. Олардың құдіретті күші жамандықтан жирендіріп, ізгілікті, жақсы əдетті үйретуге жұмсалады. Бір сөзбен айтқанда ескіруді, тозуды білмейтін, мəңгілік көгеріп, жайнап құлпыра беретін халық əдебиеті өзі туған халқына қалтқысыз қызмет етіп бағады.

Осындай шешендік сөздер, халық даналығы тудырған мақал-мəтелдер Сəбең кітаптарынан көптеп орын алған. Оның қаламынан туып, жарық көрген дүниелерді оқығандардың назарына ең алдымен шалынатыны да осы – мақалмəтелдердің молдығы. Олай болса, бұл пікіріміздің дұрыстығына шүбəланушылар да болмауы тиіс. Сəбит Мұқанов шығармашылығы туралы сөз болғанда халық əдебиеті жəне оның жазушы жолына əсер-ықпалы туралы мəселеге соқпай кету мүмкін емес.

Сəбеңнің «Туған халқыма» атты өлеңінде мынадай бір жолдар бар: Сөйлессем сырларыңа кетем сүңгіп, Аламын жанға азық мың-сан күндік, Өзіңе сыйды тарта білгенімді, Жеткенше əл-қуатым кеңес жыр ғып. Қай тұсқа барсамдағы кезігесің, Əрдайым жандай жақын сезілесің, Бүгіннің, болашақтың, өткеніңнің, Шертесің көрген сайын шежіресін.

Сəбеңнің осы бір екі ауыз өлеңі оның бар сырын, шынын айтып сайрап тұрғандай. Халық жазушысы халқымен күнде сөйлесіп, сырларына сүңги берген. Сөйлескен сайын одан өлшеусіз мол жан азығын алған. Халық шежіре шертуден, жазушы оны тыңдаудан жəне сол білгендерін, оның өзіне көркем туынды түрінде жомарттықпен сыйға тартудан жалықпаған. Сондықтан да оның əрбір шығармасы нағыз халықтық болып туған, оқушылар жүрегіне тура жол тапқан.

Қорытындылай келе айтарымыз, жазушының бұл еңбектері – жеке тоқталып айтуға, «С.Мұқанов толық мағынасында халық жазушысы еді. Оның бұл қасиеті дарынды жазушының ұшан-теңіз шығармашылық мұрасынан, оның сан-сала тақырыбынан, бай мазмұнынан, берік идеялық тұрғысынан, байырғы да құнарлы халықтық тілінен анық көрінеді. Сонымен қатар бұл қасиет оның халықпен мидай араласқан байланысынан да көрініп тұратын еді. Аудан, облыстарды, өндірістерді, колхоз, совхоздарды, оқу, мəдениет орындарын Мұқановтай көп аралайтын жазушыны өз басым бұрын-соңды көргенім жоқ. Қайда жүрсе де қарапайым адамдардың ортасында мұндай сіңімді, мұндай жағымды да сүйкімді жазушыны жəне көргенім жоқ. Өйткені, оның өзі қарапайым еді, кішіпейіл еді, мінезі жарқын еді, – кəрі болсын, жас болсын, əйел болсын, ер болсын, – бəрімен дереу түсінісіп, тіл тауып кететін» деп жазады ғалым М.Қаратаев (10).

Жалпы алғанда, Сəбит Мұқановтың повестері өзінің идеялық саралығымен, өмір оқиғаларын екшеудегі принциптілігімен ерекшеленеді. Бұлар, сөз жоқ, болашақ үлкен прозашының сенімді аяқалысын байқататын тəжірибе сатылары еді. Осы повестерінің құрылыстық, сюжеттік, көркемдік өрнектері де түрлітүрлі. Кейде жазушы қаһарман тағдырын уақиға шытырманының қат-қабатына араласқан тұсында елестетеді. Енді бірде оқиға өріліп, орталық кейіпкердің естелігі түрінде суреттеледі. Бірақ сол шығарманың бəрінің де идеялық нысанасы айқын, ол нысана – бұрын əлеуметтік теңсіздік зардабын шеккендердің революция рухымен оянып, кеңес заманында тың серпінмен жасампаздық еңбекке араласқанын, кеңестік дəуірдің құрылысшысы ретінде қалыптасқанын, өз басынан таусылмас қуат тауып, өмір күрестерін де бірте-бірте шыныққандығын көрсету.

 

  1. Мұқанов С. Таңдамалы шығармалар жинағы. 16 томдық. 3 том. Алматы, Жазушы: 1972.
  2. Кəдімгі Сəбит Мұқанов. Естеліктер кітабы. Алматы, Жазушы. 1984 ж.
  3. Шалабаев Б. Қазақ романының тууы мен қалыптасу тарихы. Алматы, Мектеп, 1983 ж.
  4. Мырзахметов Е. Балуан Шолақтың бір өлеңі.//Қазақ əдебиеті, 1986. №39, 26 қыркүйек.
  5. Аупыбаев Ж. Балуан Шолақтың немересі. //Егеменді Қазақстан, 1999, 30 шілде.
  6. Мұқанов С. Балуан Шолақ. Алматы: Өнер, 1980 ж.
  7. Қирабаев Серік «Тəуелсіздік рухымен» Астана, 2002. 226-241 б.б. Сəбит Мұқанов – қазақ əдебиетінің классигі.
  8. Мақпыров С. Тартыс. Жағдай. Характер // «Қазақ ССР ҒА Хабарлары». Филология сериясы, 1989. №4.
  9. Р.Кажиакбарова Өмірлік деректен көркем туындыға \\ Ұлт тағылымы, 2000. №1.
  10. М.Қаратаев Бұдан 40 жыл бұрын... «Қазақ əдебиеті», 19 сəуір, 1974 жыл. №16 (1210), жұма.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.