Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

М. Мағауиннің «МЕН» ғұмырбаяндық хамсасы туралы

ХХ ғасырдың алпысыншы-жетпісінші жылдары ұлттық əдебиетке рухани сілкініс ала келген, тегеурінді туындылары арқылы қазақ халқының ұлттық санасының серпілуіне сеп болған, шынайы ақиқатты астарлап айтып, шығармаларын ишараға құрған, ұлт мүддесін емеурінмен жеткізуге талпынған қаламгерлер шоғырының алдыңғы қатарында тұрған тұлғалардың бірі – М. Мағауин еді. Талант табиғатына тəн дарындылықпен ұлтшылдық идеяны шығармаларына мансұқ еткен ұлт қаламгерінің бірі əрі бірегейі де Мұхтар Мағауин болатын. М. Мағауин шығармашылығына қатысты айтылған, жазылған пікірлердің барлығы дерлік оның жазу нақышының болмысы бөлек, шығармаларындағы ой да айрықша дегенге саяды. Жоғары деңгейдегі зияткерлігі мен биік мəдениеті, ойшылдығы мен ұлтының ұлылығын ұлықтауда озық мəнерді ұлттық нақышпен əдіптеген бекзаттығы, рухының асқақтығы өзгеше жазу стилінің қалыптасуындағы маңызы зор қасиеттері екендігі анық.

Қазақ сөз өнерінің білгірі Ахмет Байтұрсынұлы өзінің «Əдебиет танытқыш» атты еңбегінде «Сөз жазатын адам əрі жазушы, əрі сыншы боларға керек. Сөздің шырайлы болуына ойдың шеберлігі керек. Ұнамды, орынды, дəмді болуына сыншылық керек. Мағыналы, маңызды болуына білім керек» дейді [1; 42-б.]. Қаламгер əрі зерттеуші ғалым М. Мағауиннің «Мен» романында бой көрсететін шығармашылық тұлғасында осы үш қасиет те тоғысқан. Аса білімдар жазушының дара дарыны мен оқыған жанды тəнті ететін талантына телегей-теңіз білімі қосылып, оның шығармашылық тұлғасының өзгелерден оқ бойы озық тұрғандығын аңдатады. Ұлтының тарихын тайға таңба басқандай етіп жазған туындыларынан батыс пен шығыс классиктерінің жазу техникасын жете меңгеріп, оны ұлттық үлгімен ұштастыра білген шеберлігін байқаймыз. Бұл сөзімізді əдебиетіміздің асқаралы алыбы Əбіш Кекілбаевтың мына бір пікірі дəлелдей түседі: “Мұхтар Мағауин саяси озбырлық, рухани əрісəрілік, кəсіби балаңдық жабыла қинап, дағдарыс тығырығына қамалған əдебиетіміздің одан əрі дамуына жаңа қарқын бітіруге тырысқан алпысыншы жылдардағы серпілісте айрықша көзге түсіп, сол қарқынын əлі күнге үдетпесе, бəсеңдетпей, жанқиярлық танытып келе жатқан кесек тұлғамыз” [2; 2-б.].

Көрнекті қаламгер М. Мағауиннің тəуелсіздік жылдары дүниеге келген өзгеше бағыттағы туындысы – «Мен» атты мемуарлық романы (1998). Қазақ сөз өнерінде айрықша өнер туындату өрнегімен ерекшеленген, озық туындылары қазақы рух пен тарихи таным тынысын ала келген қаламгердің бұл шығармасын жазудағы басты мақсаты – өткен өміріне көз жібере отырып, бүгінгі барымен бөлісу болатын. М. Мағауиннің «Мен» атты мемуарлық романы «Шытырман» жəне «Қия жолдар» деп аталатын екі кітаптан тұрады. Мағауиннің өзі туындысында атап көрсеткеніндей, бұл шығармасы ғұмырбаяндық өмір көріністерін толық қамтитын дүние емес, тек жазушының қалам тартқан жылдарындағы көрген-білгенін, жазусызудың машақатын, жазған дүниелерін жарыққа шығара алмай қиналған, күйзелген кезеңін саралай келе, өзінің жүріп өткен жолы турасында оқырманымен ой бөлісуі еді. Ол туралы қаламгердің өзі: «... бұл – Оқырманмен де сырласу. Аңшы əңгіме айтпай ма, түлкіні былай соқтым, қасқырды былай аттым деп. Алғаны, атқаны рас, тек аздап əсірелеуі мүмкін. Біздікі əсіресіз шындық. Тілектес Оқырмен көрсін, білсін, ал ниеті түзу талапкер бұлыңғырда адаспай, құмартқан аңының ізіне бірден түссе дейміз...» дейді 3; 195-б.. М. Мағауиннің «əсіресіз шындық» деп бағалауындағы бұл туындысынан жазушы өмірінің шынайы көріністерімен қатар кеңестік қоғам құрылымының ақиқаты да айқын көрінеді. Ес білгелі елінің жайын күйттеген, қазақ сөз өнерінде өзгелерден оқ бойы озық тұрған туындыларында ұлттық мүддені ешқашан ұмыт қалдырмай, басты ұстанымы еткен қаламгер осы шығармасы арқылы жүріп өткен жолына көз жіберіп, өз кезеңінде өзегіне өрт боп тиген өзекті мəселелерді қозғайды. Елінің тəуелсіздік алғанына мың да бір тəуба айта отырып, тəуелділіктің тар қамытынан кең тыныстай алмай, қылғынған кезеңдерін көз алдынан өткереді.

М. Мағауиннің «Мен» романы туралы қазақ əдебиетіндегі мемуарлық романдар туралы зерттеп жүрген ғалым əрі жазушы Н. Ақыш былай дейді: «Өзінің прозалық көркем туындыларына тəн өзгешеліктер, стиль мен машық М. Мағауиннің «Мен» мемуарлық романында да үзіліп қалмай, ары қарай жалғасын тапқан. Содан жазушы шығармашылығымен жақсы таныс оқырман бірден-ақ Мұхтар Мағауин əлеміне енгенін байқайды. Одан арғы ой желісі, баяндау үрдісі қаламгердің өз стилін айқындайтын сөйлемдермен жалғасын табады» 4; 21б.. Жоғарыдағы зерттеуші сөзімен толықтай келісеміз, қаламгердің жазу стилін танытатын бұл еңбекте оның сөз туындату машығынан да бөлек мінез ерекшелігі, адами тұрпаты, шығармашылық тұлғасы ерекшелене түскен. Кеңестік кезеңдегі көп нəрсеге тыйым салынған тұстарда еш тартынбастан ұлтын ұлықтай білген, «жарыққа шығар-шықпасы белгісіз» екендігін ұғына, біле тұра, сол өз заманында жазылған туындылары мен жарық көрерде сан түрлі «шырғалаңды» бастан өткерген өткір шығармаларын қалай өмірге əкелгені туралы толғаныс кітабын қаламгердің өзі «Шытырман» деп атапты. Бұл еңбектің не туралы болатындығын алғашқы беттегі қысқа ғана сөйлемдер айқындап береді: «Бастан өткен ғұмырдың көңілдегі суреті. Қаламға ілінген жазудың жүректегі жүгі. Тұтас ғұмыр емес, бедерлі белестер ғана» 5; 4б.. «Жазудың жүрекке түскен жүгін» жазушының мойымастан арқалауына сеп болған оның ел болашағына деген сенімі еді. Оның күшжігеріне қуат үстеген де осы сенім болатын:

«Саған сол тар күндердің өзінде күш берген немене? Сенім болса керек. Өзіңді өте жақсы көретін едің. Мен жазбасам, қазақ əдебиеті тұралап қалады, мен күреспесем, ежелгі мұра біржола ұмытылады, атаның аруағын арқалап жүрген – жалғыз өзім, алаштың мұратын келер ұрпаққа жеткізетін – Мен, Мен ғана, Мен болмасам, ұлысымның ырысы ортаяды, ұрпағымның көкірек-көзі ашылмайды, Мен, Мен... деп ойладың. Аз ба, көп пе, бар жасаған еңбегің – осы Сенімнің көрінісі» 6; 5-б.. Ғұмырбаяндық хамсаның алғашқы беттерінің бірінде жазылған жоғарыдағы үзіндіден ұққанымыз – ел сенімін ақтауға ұмтылған ұланының өр рухының көрінісі еді. «Мен, мен едім, мен едім» деп жер қайысқан жаудың қабырғасын сөгіп, кеудесін соққан Махамбеттей ердің ұрпағы екендігін қаламгер жоғарыдағы сөздерімен ғана емес, батыл іс-қимылымен де дəлелдеген болатын.

«Аласапырандай» тарихи танымы зор туындыны дүниеге əкеліп, 15 пен 18 ғасырлардың арасындағы орындары үңірейіп бос тұрған жыраулар поэзиясын, жыр жауһарларына толы асыл мұраны көп дүниенің арасынан ар шып алып, халқының алдына жайып салған М. Мағауиннің шығармашылық тұлғасы жоғарыдағы секілді өршіл рухта танылып жатса, кеудемсоқтықтың, асып-тасығандықтың белгісі деп емес, ұлты үшін жасалған жан қиярлық ерлікпен теңдес еңбек ретінде бағаланбақ. Қаламгердің «Менін» алдыңғы қатарға шығаруы жалғыз Мағауинға ғана тəн дүние емес, ғұмырбаяндық шығармалар мен күнделік тектес туындылардың біршамасында кездесетін жайт екендігін төмендегі орыс тіліндегі тұжырымнан көре аламыз: «Социально-психологической основой дневника в литературе 19 века становится утверждения «я» как бы первостепенной духовной ценности и верховного судьи окружающих. Дневник генетически связан с развитием индивидуализма как мировозрения» 7; стр. 147.

Ғұмырбаяндық романдардағы шығармашылық тұлға мəселесін қарастырғанда, шығармашылық тұлғаның шынайы табиғаты мен шығармашылық үдеріс жайында нақтырақ білу қажет. Шығарма мазмұнында көрініс тауып жататын күрделі кейіпкерлер мінезі мен қайшылықты оқиғаларға қаламгердің өзі де белгілі бір дəрежеде қатысып отыратындығы белгілі. Бұлай дейтін себебіміз, шығармада түрлі деңгейде көрініс тауып жататын сан түрлі кейіпкерлердің бойынан жазушының тұлғасын, оның мінез көріністерін, өмір сүру, жазу-сызу қалыбының ұшқындарын байқап жататынымыз ақиқат. Шығарманы туындатуға себеп болған жайттар, бастапқы идеяның көркем образдарға айналуы, көркем шығарманы туындату үдерісі, шығарманы дүниеге əкелу барысындағы автордың елестету, сезіну, түйсіну, қиялдау, меңзеу секілді психологиялық жай-күйі, оның дүниетанымы, шығармашылық көңіл ауаны, авторлық ұстанымы, т. б. – автордың шығармашылық тұлғасын айқындай түсуде маңызды рөл атқаратын мəселелер.

Қаламгердің шығармашылық тұлғасын шығармасындағы көркем мəтіннен бөліп қарау дұрыс емес. Шығармадағы кейіпкер бұл – автордың өзі, əсіресе мемуарлық шығармалардан мұны айқын байқауға болады. Көркем шығармадағы автордың шығармашылық тұлғасы оның нақты авторлық ұстанымын өзі туындатқан романында қаншалықты жүзеге асыруымен айқындала түспек.

Қаламгер шынайы өмірдің ақиқатын таныта білуде, жазушы өмірінің сан қырлы қалтарысын ашып көрсетуде күнделікке жүгінеді. Адамзаттың ішкі жан дүниесін, көңіл-күйін, жүрегінің түкпіріне жасырған сырын, құпия қалтарыстарын жан-жақты ашуға мүмкіндік беретін күнделікті мемуарлық шығарма туындатудағы басты тəсіл, негізгі құрал ретінде пайдалану – əлемдік əдебиетте кеңінен тараған дəстүр. Өткен өміріндегі өз басынан өткерген оқиғаларды нақпа-нақ сипаттап, дəлме-дəл суреттей білуде күнделікке ертеректе түртіліп қойылған жазбалардың атқаратын міндеті ерекше екендігін қаламгерлердің еңбектерінен байқай аламыз.

М. Мағауин күн сайын күнделік жазып отырмаған, оның бар жазғанын (күнделікке) жиып-тергенде бір дəптер де толмайды. Ол тек алдағы жазылар дүниесінің нобайын ғана қысқа ғана сөздермен сырты жұқа қара дермантин дəптерге тізіп отырған. Бұл тұрғыдан келгенде, он тоғызыншы ғасырда өмір сүрген орыс жазушысы Д. Григоровичтің болашақ шығармасына қажетті штрихтар мен детальдарды қысқа ғана етіп қойын кітапшасына тізіп отыруы секілді ұқсастықты байқауға болады. Енді сөзіміздің дəлелді бола түсуі үшін жазушының ғұмырнамалық хамсасындағы өз жазбаларына жүгінелік: «Сондай-ақ қойын дəптер жүргізу жайын да қабыл көрмедік. Əлдеқалай естіген сөз үзігі, ойға оралған келте суреттер мен жекелеген толғамдарды тіркеп жазып отыруды да құнттамадық. Мұның бəрі бар нəрсе, бірталай қаламгер қажетіне жұмсап, пайдаға асырып жүрген нəрсе. Əлдебір өмірлік деректерді, əсіресе, бұрынғы-соңғы тарихқа қатысты оқиғалардың мезгілі мен мəнісін белгілеп қойған теріс емес. Мен бұл жағын да оншалық ескермедім, өйткені əуел бастан бай кітапханам болды, өзіме қажетті тарихи деректердің барлығы да қол созым жерде тұр, алам да пайдалана берем» 8; 287-б..

Дей тұрғанмен, күнделік дейміз бе, қойын дəптер қатарына жатқызамыз ба, əйтеуір, жазусызуға арналған бір дəптердің болғаны, жазушының қолында əлі күнге дейін сақтаулы тұрғаны рас. Оның «Алтын дəптер» аталып, таза шығармашылық жоспарларға арналғаны да ақиқат. Тағы да М. Мағауиннің өз сөзіне көңіл аударсақ, ол аталмыш романының 19-бетінде қандай мақсатта пайдаланылатын дəптер екендігін жазады: «Жобаның аты – «Алтын дəптер» еді. Яғни, жазу жазылған, жазу жазылатын дəптер. Алтын емес, кəдімгі тор көз, қарапайым қағаз. Əуел баста, мұқабадан кейінгі сыртқы бетіне «Шимайлар» деп жазылған екен. Яғни, ойға келген əртүрлі шығармалардың сұлбасын таңбалауға арналған. Уақыт оза келе əуелгі атауын тарта сызып, үстіне байыппен, қалың əріптермен «Алтын дəптер» деп жазыппын. Бұл дəптердің бүгінгі ғұмыр жасы отыз бес жыл болса керек. Студент кезде басталған. Бірінші беті «Сюжеттер – 1960 1961» деген тақырыппен ашылыпты. Ең соңғы таңба – «1996», 49бетте. Яғни, мен əдебиетке алғаш рет нық қадам басқаннан бергі отыз жеті жыл бойы жазуға жобаланған, жазылған жəне жазылып үлгермеген барлық шығармалардың сұлбасы осында» 9; 19-б..

Шығармашылықпен байланысты барлық ғұмырын, сол ғұмырында жазуға ниет еткен туындыларын жобамен «Алтын дəптерге» ерте бастан-ақ тізіп қойған, студенттік жылдардың өзінде болашаққа жоспар құрып, сол жоспардың ізімен ілгері жылжыған Мұхтар Мағауин шығармашылыққа арнаған əрбір сағатын текке өткізбеуге тырысқан. Күніне төрт-бес сағат уақытын жазуға арнап, сол мерзім көлемінде қаламының жүруіне кедергі келтіріп, көңілін бөлген жайттарға қынжылып отырған. Тіптен əрбір күніне есеп беріп отыратын күнделік

екінші кітабын жазып жатқанда, қаламгерлік жұмысындағы ең қарқынды, ең жемісті жылдарында əлі алпыс жасқа да толмаған анасының тосыннан өмірден өтіп, əлі аяқталып үлгермеген романының қырық екі күнге толастап қалғандығын жазады. Оқыстан келген өлімге ғана емес, о дүниелік болған жанның артын күтіп, көңіл айта келген ағайынын, жұртын жайғауға жұмсаған асыл уақытына, жазудан амалсыз қол үзуге тура келген кезеңдеріне қынжылады.

Мұхтар Мағауиннің сөз өнеріне деген адалдығы, жазушылықты ғана басты ұстаным еткендігі, күнделікті өмірдің күйбеңінен қаламының киесін жоғары қойып, төбесіне көтере қастер тұтқандығы өзге қаламгерлерді де таңдандырары хақ.

М. Мағауиннің «Мен» романында жоспарға енген болашақ туындылардың «Алтын дəптерге» түскен сызбалары, олардың қаншалықты орындалғаны, əрбір жылдары жазылған дүниелерінің есебі, жазылмағандары туралы да сөз болады. Қаламгердің өзі де шығармасында жазып өткендей, «Мен» – жазушының балалық шағынан бастап сөз ететін ғұмырбаяндық дүние емес, қаламгер туындыларының ғұмырына арналған, олардың дүниеге келуі, жария болуы, басылып шығуындағы кездескен қиындықтарды жазуға баса назар аударылған. Басқаша айтқанда, жазушының шығармашылық зертханасынан молынан хабар беретін, қай шығармасының қандай жағдайда өмірге келгендігін, өзекті жарып шыққан туындыларының оқырманға жол тартқанға дейінгі қаламгердің басынан өткерген қуаныш-сүйініштерін дəйектейтін туынды. Əрбір шығармасына кіріспес бұрын Жаратқан иесіне сыйынып, сəтті қадам, толымды туынды тілейтін қаламгердің шығармашылық тұлғасының қалыптасып, толыса дами түсуін «Мен» романынан айқын байқауға болады.

дəптерді күн сайын жүргізіп отырмаса да, қай шығармасының қандай жеріне келгенде оқыстан туындап, кедергі болған жайттарды жадында мықтап сақтаған. Мəселен, осы аталмыш романында атап көрсеткеніндей, «Көк мұнардың» эпилогын жазып жатқан күні өзі ардақ тұтып, сыйлап жүретін жалғыз қайнағасы көлік апатынан қазаға ұшырағанда жазуының бір жарым айға үзілгенін, ал «Аласапыранның»

 

  1. 1. Байтұрсынұлы А. Əдебиет танытқыш. – Алматы: Атамұра, 2003. 208 б.
  2. 2. «Ана тілі», 2000 ж. №2
  3. 3, 5, 6, 8, 9. Мағауин М. Мен. Ғұмырбаяндық хамса.– Алматы, 1998, 590 б.
  4. 4. Ақыш Н.Б. Қазақ мемуарлық романы. Филол. ғыл. докт. ғыл. дəрежесін алу үшін дайындалған дисс. Авторефераты. – Алматы, 2009, 38 б.
  5. 7. Лермонтовская энциклопедия, М., 1981 г.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.