Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Шəкəрім жəне Толстой

Қазақ ақын-жазушыларының арасында ЛН. Толстойды өзіне ұстаз тұтқан алғашқылардың бірі – Шəкəрім орыс классигінің алғашқы оқырманы жəне оны өз қандастарына танытушы, оған өз туындысын арнаушы болғаны белгілі. Шəкəрім Пушкин шығармаларымен қатар, Толстойдың да үш шығармасы мен Қытай елінің өмірінен алынған үш шығарманы 1924 жылы аударып, «Алты əңгіме» топтамасына енгізген.

Əңгімелерде адамның мінез-құлқы мен ісəрекеттері жəне өмірдегі орны туралы сөз болады. Бұл шығармаларында да Шəкəрім дəлме-дəл аударуға емес, Толстой шығармасының негізгі мұратын жеткізуге ұмтылады. Шəкəрім үшін Толстой шығармасының тереңде жатқан жасырын идеясы өте маңызды, ақын сол идеяны, орыс жазушысының айтпақ болған ойын əрбір адамның санасына жеткізгісі келеді.

Əлем əдебиеті классиктерінің тікелей ықпал-əсерін түйсіне отырып, Шəкəрім олардың көркемдік тəжірибесінен үлгі алды, бірақ қазақтың ұлттық дəстүрлерінен ешқашан қол үзбеді.

Топтамаға өзі өмір бойы пір тұтып, ұстаз санап өткен орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың

«Асархидон—Лаэли», «Үш сауал», «Криз патша» əңгімелері мен шығыстағы Қытай елінің өмірінен алынған «Ұждан», «Пан-Жи-Зан-хан»,

«Қолшатыр бұйрығы» атты əңгімелерді енгізген.

«Царь Криз» атты əңгімені немесе сюжеті осы əңгімеге ұқсас шығарманы Л.Толстойдан кездестіре алмадық,бірақ Шəкəрімде əңгіме атауынан кейін «Толстойдан» алынған деген түсініктеме беріледі.Осы жəне т.б. əңгімелерді Шəкəрім Толстой шығармаларының желісі бойынша жазған тəрізді, ал өз кезегінде бұл шығармаларының арқауын Толстой шығыс ертегілері мен аңыздарынан алған. Аталмыш əңгімелерде мораль, ар-ұждан сияқты жалпы адамгершілік мəселелері сөз болады.

Автордың бұлайша топтауының басты сыры бізге беймəлім болғанмен де, аталмыш əңгімелердің сюжет, идеяларымен таныса келе бұл тұрғыда белгілі дəрежеде болжалды ой түюге де болатын секілді. «Алты əңгіме» топтамасына енген шығармалардың барлығының тақырыбы адамгершілік, адалдық, қанағат пен ынсап, ар-ұят, ұждан мəселелері. Атап айтқанда, «Асархидон — Лаэли» əңгімесінде қарсыласы Лаэлидің əскерін қырып, енді өзін қалайша азаптап өлтірсем деген Ассирия патшасы Асархидон да, өлеңмен аударылған «Криз патша» да бір кезде өзінің сұлулығын, құдіреттілігін айтып мақтана беретін, бірақ басына күн туғанда сол қасиеттерінен қайыр көрмей, данышпан Салонның ақылды сөздерінің арқасында ғана ажалдан аман қалатын Криз патша да түптің түбінде адамға ең қажетті байлық əділдік пен адалдық, қара күш емес ойлы ақыл екендігін ұғады. «Үш сауал» əңгімесінде де

тақта отырып түсіне алмаған имандылық қағидаларының сырын қарапайым күн кешкен ақылды тақуамен өткізген аз уақыт ішінде ұғынған патшаның жүгінетіні де осылар.

ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында əлемдік философиялық-эстетикалық ойтанымда өзіндік орны болған ойшылдар қатарында Шəкəрім Құдайбердіұлы мен Лев Толстой есімдері қатар аталады. Екі суреткердің де еңбектері мен шығармалары адамзаттың көркемдік, эстетикалық, философиялық құндылықтары қатарында саналады. Ол əлем əдебиеті классиктерінен Хафиз, А.С.Пушкин, БичерCтоу, Л.Толстой т.б. шығармаларын қазақ тілінде сөйлеткен. Бір ерекшелігі Шəкəрім шығыс жəне батыс даналарының ішінен Толстойды бөлекше қарастырып, өзінің ұстазы ретінде қабылдаған:

Танбаймын, шəкіртімін Толстойдың, Алдампаз, арам сопы кəрі қойдың. Жанымен сүйді əділет, ардың жолын, Сондықтан ол иесі терең ойдың [1,64]

Қазақ ақыны, дана ойшылы Шəкəрімнің Толстойды ұстаз тұтуы жалаң үйрену мағынасында қабылданбауы керек, керісінше даналар үндестігі ретінде қабылдануы қажет. Өйткені, Шəкəрім Л.Толстойға тұлға ретінде құрметпен қараған жəне оның дүниетанымымен өзінің көзқарасы көп мəселеде үндес келетінін де жасырмаған. Мəселен, Толстой «ардың жолын» таңдаған, «əділетті» сүйген, «терең ойдың» иесі екенін атап өтеді. Шəкəрім көп жыл ізденіп жазған «Үш анық» атты еңбегінде «ар ілімін» терең қарастырып, «ынсап,əділет,мейірім» ұғымдары арқылы «ұждан» мəселесін көтереді. Осы тұрғыдан келгенде Толстой танымының өз көзқарасымен түйісер жерін де байқайды. Тіпті оны бар халыққа ортақ, білім иесі деген пікір түйеді.

Танымдық тұрғыдан салыстыра зерттегенде екі суреткердің əсіресе эстетикалық көзқарасында көп үндестік барын байқауға болады. Дүниенің, болмыстың, адамзат қоғамының болашағы туралы ой-толғамдары жинақталған еңбектері мен шығармаларын салыстыра зерттеу сондықтан да аса өзекті мəселе.

Əлем əдебиеті классиктерінің туындыларын ұлттық тілге тəржімелеу дəстүрі Шəкəрім Құдайбердіұлы шығармаларының елеулі бір саласы болып табылады.Оны тек қана көркемдік тəржімелеулері ғана емес, сонымен қатар Шəкəрімнің бұл бағыттағы теориялық естелікзерттеулері де айғақтайды. Солардың біреуін келтірейік:

«-Ақын, жазушы өзінің жазған тума шығармасына жауаптылықпен қарау қажеттілігі сөзсіз.

Ал өте жауапты нəрсе-біреудің шығармасын аудару. Бұған өте шеберлік керек.

Шығарманы аударушы адам, сол шығарманың барлық мазмұнын түсіндірумен қатар, жазушының нəзік сезімін, шеберлігін, шығарманың қандай күйде, қандай рухта жазылғанын жақсы білу керек. Демек: аудармашы сол аударманың авторынан ой-санасы, сезімі төмен болса, онда аударма дəл болып шықпайды. Шығарма аударылғанда рухынан айырып қалса, онда аудармашының жазушыға қиянат істегені болады.» [2,40 ].

Көркем аударма саласында Шəкəрімнің теориялық əрі іс жүзінде өзіндік дағды қалыптастыруы шын мəніндегі аударма жасауға мүмкіндік туғызды. Сондықтан, аталмыш пікірдің Шəкəрімге тиесілі болуы дау тудырмайды.

Ал Шəкəрімнің Толстойдың дəл осы шығармаларын таңдауы жөнінде көркем аударма саласының теоретик əрі практик маманы Н.Сағындықова былай дейді: «Переводчик должен переводить на родной язык то, что созвучно его душе»[3,145].

ғасыр басындағы қазақ көркем прозасының поэтикасын зерттеуші ғалым А.Ісімақова былай дейді: «Художественный стиль этой литературы запоминается не словами, а моментами экзистенциального мира, обсуждением вечных ценностей мира и жизни. В этом непреходящее значение и достоинство этой литературы» [5,54]. Біздің байқауымызша, бұл «стиль» тек қана Шəкəрімнің өз туындыларынан ғана емес, сонымен қатар, оның аудармаларында да көрініс табады. Мысалы, «Үш сауал» деген əңгімесінде: «Қай істі қандай уақытта істеген жақсы? Ең керекті кісі кім? Ең керекті іс не?» сияқты өмірлік маңызы бар сұрақтардың қойылуының өзі жəне солардан шығатын қорытынды жауаптар «ең керекті уақыт-осы уақыт! Неге десең, бəріміздің де қолымыз бос ерік өзімізде, ең керек кісіосы дұспаның болды. Неге десең, мұның жазылар, жазылмасы əзір неғайбыл, егер жазылса, бұл-дағы біреуге жақсылық қылғанды жанындай жақсы көрер еді. Ең керек іс-қазір осыған қылған жақсылығың, неге десең, адамның мойынындағы шын міндеті-біреуге жəрдем ету...» [1,479] деген өмірдің мəңгілік құндылықтарының талдауы, талқылауы болып табылады. Сол сияқты «Ассархидон-Лаэли» əңгімесінде де: «Тіршілік пен рақат жалғыз саған ғана керек емес, тамам жан иесіне де керек. Бірақ сен жалғыз бір өзіңе тиген үлесің тіршілігіне ғана иесің» [1,476].

Л.Толстой «Ассархидон-Лаэли» əңгімесін жазу кезінде З.А.Рагозинаның «История Ассирии» деген кітабын пайдаланған. Əңгіменің барлық кейіпкерлері ойдан шығарылмаған, тарихи тұлғалар болғандықтан, автор «жалған қателерді» («мнимые неправильности») (былайша айтқанда, шынайы патша бейнесіне келіспейтін баяндаулар) пайдалануына қарамастан, Ассархадон патшасының бейнесін «табиғатынан жұмсақтыққа бейім» адам ретінде береді[6,378]. Шəкəрімнің бұл «еркіндігін» кемшілік ретінде қабылдамауымыз керек, керісінше, ол аудармашының даралығы мен таланттылығы туралы ойды негіздей түседі. Бұл пікірді «Аударма өнері» деген еңбегінде И.Левый де қолдайды: «отклонения от подлинника лучше всего демонстрируют метод переводчика и его взгляды на переводное произведение» [7,160].

Жоғарыда айтып кеткендей, көркем аудама саласы аудармашының өзіндік стилінде маңызды орын алатын лингвистикалық аспектілерсіз жүзеге асуы мүмкін емес. Мұндай аспектілердің бірі сөйлем құрылысының синтаксистік ерекшеліктері. Сөйлемдер жай əрі қысқа болғандықтан, шығарманың ырғағы М.Əуезовтің айтуынша «лебізі» кідірмелі, «тынығуға» ұқсайды [8,516]. Осындай күрделі синтаксистік құрылымдарға толы Толстой тіліне тəн емес жазу стилін Шəкəрім шеберлікпен жеткізеді. Тек əңгіменің соңында ғана Толстойдың кең тынысты нақ тілін байқаймыз. Дəл осы дəлдікпен Шəкəрім əңгіменің шарықтау шегін, яғни шалдың ойын береді.Аудармадағы кейбір ауытқуларға қарамастан Шəкəрім негізгі ойды-мейірімділік пен зұлымдық идеясын өте шебер жеткізеді.

Енді «Үш сауал» аударма əңгімесінің көркемдік пен эстетикалық құралдарына көңіл бөлейік. Түпнұсқа мен аударманың бірінші көзге көрінетін ерекшелігі олардың сюжеттік жағы. Түпнұсқада оқиға желісі орманда өтсе, аудармада оқиға мекені -елсіз, жартасты жер. Жəне де бұл көзге көрінбейтін детальді қалдырып кетуі кездейсоқтық емес, өйткені аудармада бұл аяғына дейін сақталған.

Мысалы, Толстойда:... Отшельник жил в лесу...[4,570].

Шəкəрімде:...тақуа адам..., тастың үңгірін үй қылып... [1,477].

Немесе

Толстойда:...солнце стало заходить за деревья... [4,570].

Шəкəрім бұны былай өзгертеді:... Күн батуға таянып...[1,477].

Сондай-ақ жүгіріп келе жатқан адамды суреттеу. Түпнұсқада ол былай береді:...Царь оглянулся и увидал, что из леса, точно, бежал бородатый человек...[4,570].

Шəкəрімде бұл деталь мүлде жоқ.

Тəржімелеудің мақсатысуретшінің өзіндік даралығын ескере отырып, мəтінді, бұл жерде нақтырақ айтсақ, сюжетті жеткізуі. Оған Шəкəрімнің қорытынды сөзі дəлел бола алады:

Адамшылық іздесең,бұл жолға түс, Алдау қылма біреуге қиянат күш! Жетілсең де жемтік жеп ел зарлатпа,

Ар-ынсаптың сүйгені таза жұмыс![1,465].

Əңгіменің түпнұсқасында эпилог бөлімі мүлдем жоқ.Ал Шəкəрімде ол бөлім моральдық сарынмен айқын берілген. Бұл тəржімелеушінің өзіндік даралығын одан əрі айқындай түседі. Егер Толстой шығармада əдейі жасалған дидактикалық сипатты жоққа шығарса, Шəкəрім, керісінше, оны шығыс əдебиетіне тəн эпилогтық моральмен,яғни синтенциямен күшейтеді.

Шəкəрім шығармашылығында аударма мəселесі өз төңірегіндегі зерттеулерге қарамастан, комплекстік ғылыми талдауының обьектісі болып қала береді. Өйткені көркем аударманы нақты бір ғылыми пəнмен тану мүмкін емес. [10,158]

«Қолшатыр бұйрығы» əңгімелеріндегі қол астындағы халқына азуын батырып, əділетсіздік жасап отырған, өзі ғана тойғанға масайрап секірген ұлықтардың шынайы бейнелерінен де Шəкəрім өз ойларына толып жатқан тиянақ тапқандай болады. Мұнда баяндалатын оқиғалар қазақ арасына да өте жақсы таныс сезіледі. Өтірік ақпар беріп, патшасын алдаған ұлықтар немесе шаш ал десе бас алатын, өзінің ғана жан тыныштығын ойлайтын парақор, белсенді əкімдер қазақ ішінде аз болған ба?

Бір ұрты май, бір ұртында қандар да бар, Қой терісін жамылған жандар да бар. Жазасызды жалалап атақ алып, Ақ жүрексіп жүретін паңдар да бар... [1, 166]

«Алты əңгіме» топтамасының көркемдік бояу-нақыштарына қарай отырып, оларды түпнұсқамен салыстырған сəттерде бұл шығармалардың да сөзбе-сөз жасалған аударма емес, еркін баяндалған өзіндік ерекшеліктері бар туындылар екенін байқаймыз. Олардың бірінің қара сөзбен, екіншісінің өлеңмен өрнектелуінде де осындай еркіндіктің сыры сезіледі.

Шəкəрімнің Толстойға қарағандағы өзгешелігі эстетикадан арнайы еңбек жазбағанымен өзінің еңбектері мен шығармаларында эстетиканың «ұждан», «арлылық», «əдемілік» т.б. категорияларын тірек етіп алады. Толстой болса өзінің «Өнер дегеніміз не?» атты еңбегінің сүбелі бөлігін эстетиканың маңызды мəселелеріне арналған. Шəкəрім мен Толстойдың ой-таным мəселесіндегі үндестігі мен даралықтары терең танымды қажет етер күрделі мəселелердің бірі.

Соңғы жылдары Шəкəрім мен Толстойдың өмірі, көзқарастары, əдеби мұрасына арналған еңбектер қоры толыға түсті. Ал,Толстой шығармашылығы туралы еңбектер кітапханасы аса мол ,соған қарамастан зерттеушілер тарапынан оның қорының толысуы толастаған емес.

Олай болуы түсінікті де, өйткені Шəкəрім мен Толстойдың өмірі мен шығармашылығы адамзат баласы үшін идеал жəне эстетикалық құндылық болып қала береді.

Қытай елінің өмірінен алынып жазылған үш əңгіме де осы сарындас. «Пан-Жи-Зан хан» мен

 

 

  1. Шəкəрім Құдайбердиев.Шығармалары. А., «Жазушы», 1998-560б
  2. Мұхаметханұлы Қ.Абай мұрагерлері. А., «Жазушы», 1995-208 б.
  3. Сагындыкова Н.Ж. Основы художественного перевода. А., 1996.
  4. Л.Н.Толстой. Избранные сочинения в3-х т., т.м.1989-с671
  5. Исмакова А. Поэтика казахской художественной прозы начала ХХ века (тематика, жанр, стиль).Автореферат диссертации на соис.ученой степени доктора филол. наук, А.,1998-с54
  6. Рагозина З.А. История Ассирии.СПб.1902-с378
  7. Левый И.Искусство перевода.М.,1978-с250
  8. Ауезов М.Племя младое. Авторизированные переводы с казахского А Пантиелева. А., «Жазушы», 1997-с516
  9. Орысша-қазақша сөздік. 1,2-ші том, А-А, 1978-1981
  10. Аманжол А. Шəкəрім жəне Толстой. Шəкəрім əлемі: таным мен тағлым.А., 2008

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.