Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адамгершілікке тəрбиелеудегі халық ауыз əдебиетінің мүмкіндіктері

Кішілік пен ақ пейілділік – ұлылықтың белгісі. (Махмұд Қашқари).

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы

«Білім туралы» заңында, білім беру жүйесінің міндеттерінің бірінде:

«а) ұлттық жəне жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға жəне кəсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;

ə) жеке адамның шығармашылық, рухани күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту,» делінген.

Адамгершілік ұғымы – адамдардың күнделікті қарым-қатынасына байланысты гуманизм принциптерін бейнелейтін моральдық қасиет/1/.

Яғни, адамгершілік ұғымын – қоғамдық қатынастардың тарихи-мəдени дамудағы рухани қажеттіліктің нəтижесі деп түйіндеуімізге болады.

Баланың адамгершілігі мен мəдениетін қалыптастыру тəрбиесін жүзеге асыру проблемасы педагогикада өзекті мəселелердің негізгісі. Ал, тəрбие дегеніміздің өзі – адамның жан дүниесін ізгілікке баулу болып табылады. Осы орайда Мағжан Жұмабаевтың: «Жер жүзіндегі басқа жан иелерімен салыстырғанда адам баласы туғанда өте əлсіз, зағып, осал болып туады. Малдың төлі туа сала аяқтанады. Тауықтың балапаны жұмыртқадан жарылысымен жүгіріп кетеді. Ал адам туғанда іңгəлаған айғайы мол берік кесек ет. Ақылы, есі жоқ. Денесі тым əлсіз, өсуі, ұлғаюы тым сараң, тым шабан. Мінеки, адам баласы осылай өте əлсіз болып туып, аса сараң өсетіндігінен, оның денесіне, жанына азық беріп өсуіне көмек көрсетпей, яғни оны тəрбие қылмай болмайды,» -деген пікірінде де тəрбиенің өзіндік ерекше функциясын аша түседі.

Адамгершілік тəрбиесі – тұлғаның адамгершілік сана-сезімін, іс-əрекетін қалыптастырып, құндылық бағдарын айқындайтын тəрбие. Бұл тəрбиенің түрі адамгершілікке негізделген қарым-қатынас тəрбиесін игертеді. ...білім-білік, дағдыларды игертумен бірге тұлғаның ар-ұжданын, танымдық қызығушылығын кешенді түрде дамытады /1/.

Адамгершілік тəрбиесінің нəтижесі – адамдық тəрбие. Ол тұлғаның қоғамдағы бағалы қасиеттері мен сапаларын қарым-қатынас барысында қалыптастырады. Рухани адамгершілік тəрбие – бұл түзу дағдылар мен өзін-өзі ұстау дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарымқатынас мəдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Сондай-ақ, адамгершілік тəрбиесі – белгілі бір мақсатқа негізделген көзқарасты, мінез-құлық дағдылары мен əдеттерді қалыптастырудағы жəне адамгершілік сезімді, қарымқатынасты дамытуда, жалпы адамзаттық құрамдас бір бөлігі.

Қоғам үшін құнды адамгершілік əдеттерді қалыптастыру баланың адамгершілік нормаларын ұғынуын жəне өзінің ішкі түрткілерін, уəждерімен қалау сезімдерін саралау қажет. Баланың адамгершілік мінез-құлқы оның қоғамға, адамдарға, өзіне, дүниеге, табиғатқа деген қатынасын көрсететін қылықтарынан, сонымен бірге тұрақтылыққа, орнықтылыққа апаратын адамгершілік əдеттерінен құралады.

«Адамгершілік қасиеттері мəдениетті мінезқұлықты қалыптастырумен байланысты – деп көрсетеді Төлеубекова Р.К. – балаларды жас кезінен-ақ жақсы əдет-ғұрыпқа дағдыландыру, оларды адамдарға жақсылық жасауға үйрету, үй тұрмысындағы жоғары мəдениетке деген сүйіспеншілік дарыту өте маңызды. Мəдениетті мінез-құлыққа тəрбиелеу – ұзақ уақытты керек ететін күрделі процесс. Оны берік қалыптастырып, баянды етуге тек мектептің, семьяның, балалар мен жастар ұйымдарының күнделікті тəрбие жұмыстары арқылы ғана қол жеткізуге болады /2;17/,» дейді.

Негізгі адамгершілік сапалар – тазалық, əділдік, борыш, ұқыптылық, жауапкершілік, ар, намыс, гуманизм, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау сияқты қасиеттерді жатқызамыз.

Халықта: “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны iлерсiң” деген мақал бар. Тəлiм – тəрбие болмаған жерде адамгершiлiк мəдениеттiң ұшқыны да көрініс таппайды.

Адамның адамгершiлiгi – оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Оның негiзгi белгiлерiнiң бiрi – адамдық ар-намысты ардақтау, əр уақытта жақсылық жасауға ұмтылу, соған дайын болуды айтамыз.

А.И. Левшин: «Қазақтардың – басқа Азия халықтарына қарағанда, қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға құрмет көрсету, баланы аялап, жанындай жақсы көруі – айрықша қасиет» деген көзқарас білдіреді. Яғни, бұл көзқарас бойынша қазақ елінің рухани байлығын көрсетеді.

«Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тəрбие. Тəрбиесiз бiлiм – адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат əкеледi»деп ƏлФараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияларының бiрi – тəрбие.

Тəрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тəрбие алыс пен жақын адамдарға жəне өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тəрбие – ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзедi. Адам тiршiлiгiне тек қана материалдық жағдайлар ғана емес, тəрбие – адамзат тiршiлiгiнiң мiндеттi шарты екені белгілі. Олай болса, болашақ ізбасарларға адамгершілік қаситтерді қалыптастыруда ойындардың, ертегі-аңыздардың, мақалмəтел, жұмбақтардың орны ерекше. Ертегі мен аңыздар баланың тұлғалық дамуын жеделдетеді. Өзінше қиялдауға жетелейді. Ол дегеніңіз, болашақта шығармашылыққа апаратын баспалдақ. Ал, мақал-мəтелдер, жұмбақтар, салтдəстүрлер де бала жанын ізгілікке тəрбиелейді. Сонымен бірге, ұлттық мінез, қалып, түсінік, бояу, бір сөзбен айтқанда, ұлттық тəрбиеге баулиды. Демек, адамгершілік тəрбиенің мəнін аша түседі.

Орыстың ұлы жазушысы М. Горький: «Халықтың өткендегі тарихын, тұрмыс тіршілігін, əдет-ғұрпын, ұрпақ тəрбиелеу тəсілін жақсылып зерттейміз десек, ауыз əдебиетін білуге тиіспіз!» деген болатын. Бүгінде баланың рухани дүниесін байытып, жан дүниесін ізгілікке баулу, ең əуелі – халықтың ауызша шығарған шығармаларынан бастаған абзал.

Ауыз əдебиеті шығармаларында халық тың дүниетанымы, өмірге көзқарасы көрінеді, халықтың ұғымы мен түсінігі байқалады. Халық ауыз əдебиетін халықтың ауызша шығарған, ауыз екі түрінде таратқан сөз маржандары құрайтыны белгілі. Ауыз əдебиеті ғылыми термин ретінде «фольклор» деп аталады. Алғаш 1846 жылы ағылшын ғалымы У.Дж. Томсон енгізген бұл термин ағылшынша – халық даналығы (folk – халық, lore – білім, даналық) деген ұғымды білдіреді. Фольклор ұғымы алғашында халықтың рухани, кейде материалдық деп түсінгенімен, уақыт өте келе бұл ұғымның аясы тарылып, оған ел арасындағы аңыз-əңгімелерді, ертегілерді, өлең жырларды, мақал-мəтелдерді тағы басқа халықтың шығармашылықтарын жатқызды.

Жазу-сызу болмаған заманда педагогикалық идеяларды ұрпақтан-ұрпаққа, осы ауыз əдебиеті мұралары негізінде жалғасын тапты. Аңызəңгімелер, ертегілер, батырлар жырларында, мақал-мəтелдерде жəне шешендік сөздердегі мəнді педагогикалық ойлар мен тұжырымдарда бейнеленді.

Халық ауыз əдебиетінің мазмұнында гуманизм, патриотизм, еңбек сүйгіштік, адалдық, сабырлық, табандылық, кішіпейілділік сияқты адамгершілік қасиеттер негізгі орынға ие. Сондықтанда қазақ халқының ауыз əдебиеті жас ұрпақты патриотизм рухында, Отанын, елін, тілін сүюге, оның мəдени байлығын, өткені мен бүгінгісін қастерлеу рухында, адамгершілік қасиетті иемденген тұлға ретінде тəрбиелейді.

«Халық əдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек кəсіп ету, тұрмыс-тіршілік құру тəжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адам дар əр нəрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін əңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегіəңгімелердің алғашқы үлгілері туған,» деп М. Ғабдуллин, ертегі жайлы мəлімет береді.

Қазақ ертегілердің мазмұнындағы ерекшеліктеріне байланысты:

  1. Қиял-ғажайып ертегілер;
  2. Хайуанаттар жайындағы ертегілер;
  3. Тұрмыс-салт ертегілері жəне аңыздар.

Қайсы бір ертегіні алмайық адам жанын ізгілікке баулудың элементтері кездеседі. Мысалы, «Ертөстік», «Жеті өнерпаз», «Сырттандар», «Алтын сақа», «Тепең көк», «Мақта қыз бен мысық», «Аяз би», «Үш ауыз сөз» жəне т.б. ертегілер баланы адами тəрбиеге жетелейді.

Халық ауыз əдебиетінің бір түрі – аңызəңгімелер, бала қиялын дамыта отырып ізгілікке баулуда құнды шығарманың бір түрі. Аңызəңгімелердің мазмұны – жамандықтан жиреніп, жақсылыққа ұмтылуды суреттейді. Мысалы,

«Екі дос», «Сыншының баласы», «Қос қырсық»,

«Ақылгөй торғай», «Байлық пен ақыл», «Екі батыр», «Молда мен бала», «Бір басқа бір сөз»,

«Құмырсқа», « санасыздың сазайы», жəне т.б.

«Қос қырсық» атты аңыз-əңгімеде:

«Бір күні дастарқан басында екі қырсық ұшырасып қалады. Алдарында сынық сүйем шұжық бар екен.

  • Сен тура, дейді біріншісі.
  • Жоқ сен тура, дейді екіншісі.
  • Жоқ, сен тура.
  • Сен тура.

Екеуі шұжықты біріне-бірі итереді. Əрі-бері ысырысып отырғанда, шұжық еденге түсіп кетеді. Енді олар:

  • Сен көтер.
  • Жоқ, сен көтер, деп ерегеседі біріменбірі.

Ертеден бері терезе алдында басын қисайтып, қызығып отырған мысық сол сəтте еденге секіріп түсіп, шұжықты ала қашады.

  • Сен қу.
  • Жоқ, сен қу,деп, қос қырсық ауыздары аңқиып қала беріпті»/3; 313-314/.

Бұл шығарма арқылы бала күнделікті өз бетбейнесін көруі мүмкін. Яғни, осындай шығар-баспалдағы секілді. «Еңбегі бардың – өнбегі бар», «Еңбексіз тапқан мал, есепсіз кетер»,

«Түстік өмірің болса, кештік мал жина», деген сияқты мақалдарды балаға оқып беріп, бірге талдау қажет. Сонда бала бұл сөздің мəніне үңіліп санасының қойнауында сақталып қалады.

«Ердің екі сөйлегені өлгені», «Қоянды – қамыс өлтіреді, ерді – намыс өлтіреді», «Елжұрты бардың жұтамы жоқ», «кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол», «Жақсы сөз – жарым ырыс», «Ақымақпен тойға барғанша. Ақылдымен бірге тас тасы», «Шын жомарт жоқтығын елемейді, шын жүйрік тоқтығын елемейді» деген сияқты басқа да мақалдарды баланың жас кезінен бастап үйретіп, бірге талқылап жатсақ баланың рухани дүниесін байытатынымыз белгілі. Бір баланы біз бір қоғам ретінде қарауымыз керек. Себебі, бүгінгі жас бала ертең қоғамның дамуы немесе құлдырауына бірден-бір себеп болатын тұлға екені белгілі.

Қорытындылай келе, ертеңгі еліміздің болашағы осы өскелең ұрпақтың қолында деп жатамыз. Ал қазақ елінің іргесін берік ұстайтын қазақ жастары, əрине, қазақ азаматы деген атқа лайық болуы қажет. Адам өз тарихын, əдебиетін, тілін, ділін білмесе өз жерінде тұра, онда бұл елдің құлауының көрінісі болса керек. Сондықтан да бүгінгі өскелең ұрпақты халық ауыз əдебиетінің сөз маржандарымен сусындата отырып, адамгершілікке баулудың маңызы зор.

маларды оқу барысында бала өз ішінен өз

қимылын талдайды. Өзін-өзін саналы түрде тəрбиелейді.

Мақал-мəтелдер жайында, М. Горький былай дейді:

«Адамдардың еңбек процесінің нəтижесінде ертеде пайда болды. Бұл көркем өнердің пайда болуына адамдардың еңбек тəжірибесін сөздік формада ұйымдастыруға ұмтылу себеп болған еді», деген сипаттама береді. Оқырманды еңбексүйгіштікке, имандылыққа, жақсылық жасауға, оқуға, ізеттілікке, əділдікке, өз елін сүюге баулиды. Еңбек адамды мұратына жеткізудің

 

 

  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Педагогика жəне психология. -Алматы: «Мектеп» 2002.
  2. Төлеубекова Р.К. Адамгершілік тəрбиенің негіздері. -Алматы,1991.
  3. Ел аузынан. Құрастырушылар: Адамбаев Б., Жарқынбекова Т. –Алматы, 1992, 365 бет.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.