Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Танымдық іс-əрекетті дамытудың психологиялық ерекшеліктері

Бүгінгі заманның басты мақсаты оқыту мен тəрбие беру, болашағынан зор үміт күттіретін білімді де, білікті мамандар даярлау. Жаңа қоғамымыздың ертеңі оқыту мен тəрбие тал бесіктен басталып, ұдайы даму барысында қалыптасады. Бұл білім беру мекемелеріне үлкен міндеттер жүктейді. Сондықтанда да білім беру жүйесі əртүрлі əдіс-тəсілдерді қол дана отырып, келер ұрпаққа білім мен тəрбие беруде танымдық əрекеттерді дамытуды көздеп отыр. Осы тұрғыда жеке тұлғаның жан-жақты дамуына əсер ететін факторлар психологиялық тұрғыда қарастырылып жатыр десек болады. Бала бойындағы туа біткен қасиеттерді дамытатын оқыту мен тəрбие, ал оны ары қарай дамытатын баланың айналасындағы педагогикалық, психологиялық ортасы болып табылады.

Сондықтан қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық іс-əрекетін қалыптастыру жəне тұлғалық жағынан үйлесімді қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі десек болады. Мектепке дейінгі жас кезеңінің өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар. Бүгінде елімізде мектеп жасына дейінгі балаларды тəрбиелеу мен оқыту мəселесі кең көлемде дамып келе жатыр. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы басты мақсаттар мектепке дейінгі білім беруді кеңейту жолымен балалардың білім алуына жағдай жасау жəне бар мүмкіндіктермен қамтамасыз ету.

Жалпы бала бойындағы танымдық белсенділікті дамыту оқумен тығыз байланысты. Танымдық белсенділікті психологиялық құбылыс ретінде анықтау, балалардың тұлға ерекшелігіне талдау жасау, білім беру мен тəрбие беру мекемелерінің басты міндеті.

Мектепке дейінгі жас кезеңі өзіндік ерекшелікпен сипатталады. Бұл жөнінде ғалымдар Л.С.Выготский, А.Н. Леотьев, В.В.Запорежец зерттеулері баршылық. Олар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық əрекеті, сөзі, мінез-құлық нормалары сияқты қасиеттері əлеуметтік тəжірбиені игеру процесінде қалыптасатынын атап көрсетті.

Осы кезеңде балада зейін қалыптасады. Зейін бағдарлы – зерттеу əрекетінің бір сəті болып табылады. Зейіннің динамикалық сипатта болуы оқыту мен дамыту үрдісіне тəуелділігімен түсіндіреді. Баланың зейінділігін өздігінен орындайтын іс-əрекеттің тиімді мөлшерде болуы оның өзін басқаруын, бақылауын дамытады. Адамға тəн əрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нəтижелі болуы қиын. К. Д. Ушинский зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді: «Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, есікке ілімнің бірде бір сөзі соқпай өте алмайды, егерде ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңеде қалмайды» [1]

Мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне тоқталсақ, ойлау тіл дамуы мен ғылыми ұғымдарды меңгеру жағдайында дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі. Ойлау сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының адам миында жалпылай жəне жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл ой жағынан бала қаншалықты мықты болса, сонша көп сұрақтар қояды. Бала заттың бейнесін ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы ойлайды. Бейнелі ойлау-алты жасар бала ойлауының негізгі түрі. Сонымен қоса бала логикалық ойлаудыда орындай алады, бірақта көрнекілікке сүйенген оқыту басым болады. Мектепке дейінгі бала тəрбиесімен айналысатын педагогтар мен тəрбиешілер, ата-аналар балалар мен жылдың қай мезгілінде болмасын далаға шығып серуендегенде, əр түрлі ойындар ойнағанда ойланту əдісіне көңіл бөлгені дұрыс. Баланың бойына ерекше əсер ететін айналадағы өлі жəне тірі табиғат құбылыстары түрткі болады.

К.Д.Ушинский баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзінің логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне əсері мол екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына жəне оны дəлелдеп беруіне жетелейді. Сондайақ кімде-кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, деп көрсетеді. [2,3]

Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тəжірбиені меңгерудегі алғы шарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көз қараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда əлсіз болады. Л.С.Выготскидің тұжырымына сүйенсек, «Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенімен де, баланың өмірден көрген білгеніне негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдауымен түсіндіргенде, үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып естіледі».

С.Л.Рубинштейннің айтуынша «Қиял – бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу» деп түсіндіреді. Л.С.Выготский мен А.Н.Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мəн берді [4]

Мектепке дейінгі балалардың ерекше қабілеттерін зерттеп, қорытынды жасаған А. Подьяков болатын. Оның айтуы бойынша 5-6 жастағы балалар белгілі бір тапсырманы зерттеуге ынталы, белсенді келеді, яғни осы жастағы балалар қиын, көпсалалы тапсырмаларды өз бетінше саралай алады. Бұл баланың білімді меңгеруімен, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасауымен, күнделікті өмірдегі істəжірбиесімен жүзеге асады. Сонымен қатар қимылдайтынын, ал тəрбиеші болса тек қана басқарып, бағыттап отырады. Балалардың танымдық əрекетке қызығушылығы ынта-ықыласы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты, ойлау əрекетінің əдістерінің қалыптасуына тəуелді» [5] Тəрбиеші үшін баланың қызығушылығы, бейімі, қабілеті жəне басқа психологиялық ерекшеліктері басты мəселе болуы тиіс. Осы ерекшеліктерді ескеру мен дамыту баланың жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды фактор болып табылады. Мектепке дейінгі психологиялық процестер барысында баланың көңіл-күйін анықтап, психологиялық жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру көзделеді.

Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының қалыптасуы, ой-өрісінің кеңеюіне психологияның қосары мол. Баланы байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке, тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тəрбиелейтінде осы ғылым саласы. Жалпы психология ғылымының алға қойған мақсаттары халыққа, болашақ ұрпаққа адамның өзін-өзі танып білуінде психологиялық қызметтің қаншалықты маңызды мəселе екендігін жете түсіндіру.

мектеп жасына дейінгі балалардың оқу-танымдық əрекетке қызығушылықтары мен ынтаықыластарын қалыптастыру арқылы олардың белсенділігін арттыру маңызды. Сол жөнінде Л.С.Выготский былай деген: «Ең алдымен баланы бір əрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл əрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса. Осыны іске асыру үшін барлық күш жігерін салатынын жəне бала өзі

 

  1. Д. Ушинский К Педогогические сочинения В.6т. М.., 1988 414 Л.С.
  2. Возрастная и педогогическая психология. Тексты.М.МГУ, 1992.
  3. В.В.Давыдов. Теория развивающего обучения.М.1996
  4. Л.С.Выготский. Проблема возраста/ Собрание сочинений. – М.,1984
  5. Л.С. Выготский «Избранные психологические исследование». М.., 1956. 519-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.