Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тілді оқытуды ұйымдастыру (қазақ тілі)

Тілді екінші жəне шет тілі ретінде оқытудың бірыңғай тұжырымдамасын құзіреттілік (компетенция) competentis латын тілінде – қабілетті) жолымен қарастыру қажет. Құзіреттілік терминін ғылымға алғаш рет Н. Хомский енгізген. Оны адамның белгілі бір іс-əрекетті орындауға қабілеттілігін көрсету үшін қолданды. Тіл меңгеруде құзіреттіліктің негізгі үш түрі айқындалған.

Коммуникативтік құзіреттілік – бұл тілді қарым-қатынас кеңістігі ретінде түсініп, іс-əрекеттің белгілі бір саласында қарым-қатынастың мақсаты мен жағдаятына сай үйреніп жатқан тіл құралдары арқылы сөйлеу əрекетін жасау қабілеті.

Тілдік құзіреттілік – тіл арнайы заңдылықпен қызмет жасайтын жүйе деп түсініп, осы жүйенің көмегімен басқа адамның ойын ұғу жəне ауызша, жазбаша түрде өзіндік пайымдауларын жеткізе білу қабілеті.

Əлеуметтік-мəдени құзіреттілік – тіл халық мəдениетінің құрамдас бөлігі, мəдениетті тасымалдаушы құрал деп түсініп, үйреніп жатқан тілде сөйлейтін халықтың əдет-ғұрпын, этикетін, əлеуметтік стереотиптерін, тарихын, мəдениетін қоса меңгеріп, қарым-қатынас барысында оларды қолдана білу қабілеті [1,138 б].

Бұл құзіреттіліктер тілдік тұлғаның терең қалыптасқан сапасын білдіреді. Сондай-ақ олардың бөтен ортада өмір сүріп, əрекет жасауын қамтамасыз ететін дағдылары мен біліктілігін, алған білімдерін орынды қолдана білу қабілетін көрсетеді.

Қазіргі кезеңде еуропалық стандарт бойынша тілді меңгерудің алты деңгейі қарастырылған. Осыған орай əл-Фараби атындағы ҚазҰУдың шетел азаматтарына арналаған дайындық факультетінде қазақ тілін меңгеру жүйесі де осы деңгейлерге сəйкес ұйымдастырылған. Тілді меңгерудің коммуникативтік құзіреттіліктері де осы деңгейлерге сəйкес таңдап алынады.

Осы қағиданы негізгі ұстаным етіп ала отырып, сабақ ұйымдастырылуы тиіс.

Сабақтың құрылымын негізгі үш бөлімге бөлеміз: сабақтың басы – тілдік қарым-қатынасқа дайындау; сабақтың ортаңғы бөлігі – жаңа сабақты түсіндіру жəне бекіту; Сабақтың аяғы – қорытындылау, бақылау;

Сабақтың негізгі бөлімі.

  1. Жаңа сабақты түсіндірудің негізгі ұстанымы – коммуникативтік тəртіптегі тілдік материал.

Тілдік материалды ұйымдастыру коммуникативтік мақсатқа сай болу керек. Ең алдымен оқушыға тілдік қарым-қатынасқа қажет нəрсені үйрету жөн. Бұл оқытудың пəндік мазмұнымен анықталады. Оған түрлі салалар, тақырыптар, қарым-қатынас жағдаяттары, мəтіндер енеді. Оның ішінде тіл меңгерушілердің қарым-қатынастарының ниеттері (интенциялары) де анықталады. В.Л. Скалкин қарым-қатынас саласына əлеуметтік-тұрмыстық, отбасылық, кəсіби-еңбек, əлеуметтік-мəдени, қоғамдық əрекет, əкімшілік-құқықтық, көпшілік ойындар мен көңіл көтерулерді жатқызады, ал тіл меңгеруде əдетте оқу-кəсіби, əлеуметтік-мəдени, тұрмыстық, қоғамдық-саяси, ресми-іскери салаларды таңдап алады [2].

Əлеуметтік-тұрмыстық салада қарастырылатын қарым-қатынас тақырыптары: отбасылық мəселелер, əке-шешемен, достармен қарымқатынас, ақша мəселесі; Оқу мен еңбек саласында: мамандық таңдау, бос уақыт мəселелері, жұмыс іздеу мəселелері; əлеуметтік-тұрмыстық салада: үйреніп жатқан тіл елі, қалалары, бұқаралық ақпарат құралдары, жастар сəн-салтанаты, саяхат, мерекелер, табиғат пен экология, мəдениет пен əдебиеттің ұлы қайраткерлері [1]. Осы тақырыптар төңірегінде арнайы жағдаяттар құрылуы тиіс.

Грамматикалық материал функционалдық жəне ситуациялық негізде ұсынылуы тиіс.

Грамматика коммуникативтік ниеттерді, арнайы ойларды жеткізу құралы ретінде үйретіледі. Грамматика тілді оқытудың маңызды аспектілерінің бірі, себебі қарым-қатынас негізін грамматикалық дағдылар мен біліктілік құрайтын тілдік құзіреттілік арқасында жүзеге асады. Бүгінгі таңда грамматикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру үшін сөйлем құрылымын модельдеу (құрылымдық) жəне сөйлеу үлгілері əдістерін қолдану тиімді болып отыр[3, 89 б.]. Біздің тəжірибемізде əрбір жаңа сөз тек атау ғана емес, белгілі бір мағыналы синтаксема ретінде беріліп, сөйлем құрылымы атаулы сөйлем құраудан басталып, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері толық қатысқан жайылма жай сөйлем жасауға дейін күрделене алатын синтаксистік модельдер грамматикалық формаларды оқытуда негізге алынады.

Тілдік мəліметтерді ұсынудың негізгі ұстанымдары.

  • Тілдік бағыттылық – сабақ тіл туралы емес, сол тілде болу керек, яғни қарым-қатынас арқылы үйрену;
  • Функционалдық – грамматиканы мағынадан формаға ұстанымымен оқыту;
  • Ситуативтілік – тілді емес, қоршаған əлемді тіл көмегімен оқыту, яғни əлем шынайы жағдаяттарда;
  • Бірлесе істеу – интерактивтік əдістерді пайдалану.

Шет тілін үйрету тіл үйренушілердің мəдениетаралық қарым-қатынасқа жеке жəне тең дəрежеде қатыса алатындай би/полимəдениеттік тілдік тұлға мінезін қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Үйреніп отырған тілді мəдениетаралық қарым-қатынас құралы ретінде меңгеру тек мазмұны шынайы қарым-қатынасқа негізделген жағдайда ғана үйрене алады. Бұл ұстаным бірбірімен тығыз байланысқан ауызша сөйлеу мен оқу жəне жазу əрекеттеріне тікелей қатысты.

Сөйлеу əрекеттері түрлерін (сөйлеу – (диалог, монолог), жазу, оқу, түсініп-тыңдау) қатар меңгеру барысында танымның барлық түрі (көру, есту, сөйлеу, сезіну, түйсік т.б.) əрекетке түсіп, əрбір сөйлеу əрекеті оқытудың мақсаты ғана емес, құралының да рөлін атқара алады [4].

Сөйлеу: диалог. Үйреніп отырған тілдің елінде күнделікті қарым-қатынас жағдайларында сөйлеу нормаларын сақтай отырып, арнайы сəйкес клишелерді қолданып тілдесетін этикеттік диалог.

Бұйрық мəндегі сөйлемдердің барлық түрлері мен синонимдік құрылымдарды қолдана отырып өтіну, кеңес беру, ұсыныс жасау; баға бере алатындай пайымдау, пікір алысу; қызығатын тақырып төңірегінде пікірсайысқа түсе алу; т.б.

Монолог. Мəліметтер, оқиғалар жөнінде қысқа мəлімдеулер; эмоционалдық, баға беретін пайымдауларды пайдалана отырып əңгімелеу; заттарды, құбылыстарды, əрекеттерді сипаттау; мəселелер төңірегінде ойтолғау; оқиғалар мен адамдарға мінездеме беру; аргументтеу; оқылған мəтінге сүйене отырып мазмұнын баян дау; т.б.

Түсініп тыңдау. Күнделікті қарым-қатынаста екінші тілдесушінің сөзін толық түсіну; қайта сұрау, қайталап айтуын сұрау стратегияларын қолдана білу; онша үлкен емес түрлі жанр мəтіндерінің негізгі мəліметін түсіне алу; жарнама жəне т.б. хабарламалардағы қажетті мəліметтерді тілдік болжамға, контекстке байланысты түсіне білу; т.б.

Оқу. Оқудың негізгі түрлері мен стратегияларын меңгеру:

  • Əртүрлі жанрда жазылған публицистикалық, функционалдық, əдеби, ғылыми-көпшілік мəтіндерді оқи отырып негізгі ой, идея, мəліметтерді іріктей алу;
  • Құрылымдық жəне мағыналық талдауларды, таңдап аударма жасауды пайдаланып мəтін мазмұнын толық түсіну;

Мəтінді ішінара іріктеп түсіну. Түрлі жанрдағы мəтіндерді жүгірте қарап шығып; қажетті, қызықтыратын мəліметті іздеп табу жəне бөліп алу [5, 399-400 б].

2. Сабақты бекітудің мақсаты:

  • Сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
  • Сөйлеу дағдыларын жетілдіру;
  • Сөйлеу біліктілігін дамыту.

Осыған орай жаттығу түрлері де үш топқа жіктеледі:

  • Сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар;
  • Сөйлеу дағдыларын жетілдіруге арналған жаттығулар;
  • Сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған жаттығулар;

Жаттығу барысында осы тақырыпқа сай құрылған шынайы жағдаяттарға сай жəне оқытудың бастапқы кезеңінде жиі қолданылатын тіркесімділік қабілеті жоғары сөздер таңдап алынуы тиіс.

Тілді қалай меңгеру керек? Мамандардың зерттеуі бойынша оқыту үдерісінде техника лық құрал жабдықтарды, көрнекіліктер, атап айтқанда, мультимедиалық компьютер, бейнепроекторлар, бейнетаспалар, суреттер, сызбалар, кестелер т.б. қолдану оқытудың тиімділігін арттырады. «Интерактивті бағдарламамен жұмыс істеу кезінде үйренушінің ынталылығы, назар аударуы күшейеді. Нақты материалды оқуға қажетті уақытты үнемдеу 30 пайызды құрайды. Сарапшылар оқу материалын меңгерту əдісі мен оны есте сақтау қабілеті арасындағы байланысты атап көрсетеді. Жадыда естілген нəрсенің тек төртінші бөлігі ғана сақталып қалады, егер қабылдау бейнелі түрде, яғни көзбен көру арқылы жүзеге асырылса, онда есте сақталып қалатын материалдың үлесі үшінші бөлікке дейін артады. Ал дыбыстық жəне бейнелі ықпалдардың қатар келуінде материалдардың жартысына дейінгі бөлігі есте қалады» [6] .

Тілді меңгеру əдістері: пассивті – оқытушы тек өзі сөйлеп, оқушылар белсенді болмайды; активті – оқытушы мен оқушылар бірге араласып жұмыс істейді; интерактивті, мағынасы inter – аралық, act – əрекет. Мұнда тек оқытушы мен оқушылар арасында ғана емес, оқушылар да бір-бірімен əрекетке түсе алатын əдіс. Əрине, сабақ үстінде бұл əдістердің бəрі қолданылады. Тек əрбір əдіс сабақта өз орнымен қолданылуы қажет.

Сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға арналған жаттығулар:

  • Имитативтік – (қайталап айту) шартты – коммуникативтік бағытта;
  • Орнына қою – тілдік дағдыны қалыптастыру мен автоматтандыру үшін;

«Сөйлемдерді (диалогты, мəтінді) толықтырыңыз», «Сөздерді тыңдаңыз. Көп болса, қалай айтасыз?» т.б.

  • Трансформациялық – сөйлемдерді өзгертіп қайта құруға арналған; сөйлемдерді толықтыру, кеңейту, қосу; ұқсас сөйлем құрау, дайын фразаларды əр жағдайға байланысты сөйлемге қосу т.б.

Сөйлеу дағдыларын жетілдіру жаттығулары екі түрге бөлінеді:

  1. Шартты сөйлеу – оқу материалы негізінде;
  2. Сөйлеу – шынайы қарым-қатынас үлгісі;
  • Респонсивті – сұрақ жауап, репликалық жəне шартты сөйлесу жаттығулары;
  • Ситуативтік – бір жағдаятты сипаттау;
  • Рөлдік ойындар – əлеуметтік-тұрмыстық, кəсіби.

Жаттығуларда жағдаяттық ұстаным болуы қажет. Шартты сөйлеу (оқуда) жəне сөйлеу жағдаяттары деп екіге бөлінеді. Алғашқы түрі тіл үйренудің алғашқы кезеңінде көбірек, ал екінші түрі жалғастырушы кезеңдерде көбірек беріледі. Сөйлеу жағдаяттары тілдік қарымқатынастың мазмұнын ғана емес, оның құрылымын, тілдік жəне сөйлеу құралдарын анықтап, қарым-қатынаста маңызды рөл атқарады [1, 144 б]. Жағдаят сөйлеуге қажетті тілдік құралдарды таңдай білуге үйретіп, қарым-қатынасқа ынталандырып, оған қажеттілік туғызады. Жағдаятқа құрылған сөйлеу тіл үйренушілерді арнайы сөйлеу əрекеттерін (сұрау, көндіру, хабарлау, бас тарту, т.б.) жасауға итермелейді. Атап айтқанда, тіл үйренудің алғашқы элементарлық деңгейінде дүкенде, кассада, поштада, ақша айырбастау пунктінде, мейрамханада, дəмханада, кафеде, асханада, кітапханада, сабақта, қала көшелерінде, көлікте, емханада, дəрігерде, дəріханада сияқты қарапайым жағдаяттарда өзінің коммуникативтік ниеттерін жүзеге асыра алуы тиіс. Ал тіл меңгерудің базалық деңгейінде жоғарыда аталған қарым-қатынас жағдаяттары анағұрлым күрделеніп, оған қоса əкімшілік қызмет: деканатта, əкімшілікте, кеңседе т.б., саяхатта, телефонмен сөйлесу сияқты күрделі тілдік құрылымдар таңдап алынады.

  1. Сөйлеу біліктілігін дамыту жаттығулары:

Репродуктивтік жаттығулар:

  • Мазмұнын айту;
  • Сипаттау – көрген фильм, сурет т.б. бойынша əңгімелеу;
  • Драмалау – мəтінді рөлге бөліп айту;
  • Дискутивтік – бір мəселені талқылау;
  • Ауызша əңгімелеу берілген тақырып бойынша;
  • Инициативтік – сұхбат алу;

Жоғарыда көрсетілген сабақты бекітуге арналған жаттығулардың əрқайсысының өз қызметі бар. Сондықтан тіл меңгеруде сөйлеуге алып келетін бұл жүйе үлкен ыждаһаттылықты тілейді.

Сабақтың тиімділігі, сонымен қатар, көбінесе оқытушының кəсіби шеберлігіне, оның оқытуда қолданып отырған заманауи технологияларына да байланысты.

Оқытушы мына нəрсені білуге тиіс:

  • Сабақ уақытын дұрыс жоспарлау;
  • Материалды мақсатты бағытталған түрде түсіндіру;
  • Қызықты жəне түсінікті материалды таңдап алып қолдану;
  • Оқушылардың жұмысын дұрыс бағыттай білу;
  • Көрнекіліктер, техникалық құрал жабдықтарды пайдалану;
  • Түрлі жеке, жұптық, топтық жұмыс əдістерін пайдалану;
  • Оқушылардың белсенділігін арттырып отыру;
  • Сабақтың уəжділігін қамтамасыз ету;
  • Оқытушы мен оқушы сөз көлемін дұрыс сақтай білу;

Қазақ тілін екінші тіл немесе шет тілі ретінде меңгеру теориясы мен практикасының жаңа дамып келе жатқандығына байланысты бұл салада зерттелінетін, жасалатын қыруар мəселелер тұр. Олардың ең маңыздысы қазақ тілін меңгерудің еуропалық стандартқа сай деңгейлік жүйесін нақтылау. Соған орай, коммуникативтік құзіреттіліктің əр деңгейге сай тақырыптық салалары, жағдаяттары мен ниеттері олардың лексикалық, грамматикалық минимумдары, сөйлеу əрекеттерінің мақсаттары мен міндеттері нақты саралануы тиіс деп ойлаймыз. Бұл мақалада оқытушы өз сабағын ұйымдастыруда басшылыққа ала алатын кейбір сəттер ғана сөз болды.

 

  1. Щукин А.Н. Обучение иностранным языкам. Теория и практика. М., «Филоматис» 2004. -416 с.
  2. Скалкин В.Л. Основы обучения устной иноязычной речи. М., 1981.
  3. Степаненко В.А. Сложно ли обучать сложному предложению? М. – 2008.
  4. Миролюбов А.А. Сознательно-сопоставительный метод обучения иностранным языкам. М., 1998.
  5. Гальскова Н.Д., Гез Н.И. Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика. М., «Академия» 2004. -336с.
  6. Котельников Д. Кочктов Д. Персональный мультимедийный компьютер. Медиотека, № 1.1997.
  7. Настольная книга преподавателя иностранного языка. Справочное пособие. Минск, 2001. -521 с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.