Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Халқымыздың тəрбие туралы аса құнды мəдени игіліктерінің бірі – халықтық ойындар

Бүгінгі күннің жаңару бағыты бала тəрбиесінің арқауына ұлттық əдет-ғұрып, салт-дəстүрді халықтың рухани игілігін пайдалану басты назарда болуы көзделініп отыр. Əр қазақ халқының азаматы ұлттық өмірге немқұрайлы қарамай жас ұрпақты қазақтың рухани, материалдық мəдениетін толық меңгерген, тарихын, əдет-ғұрып салт-сана, дəстүр, тəлім-тəрбие, адамгершілік қасиеттерін бойына сіңіріп, елін, жұртын сүйетін азамат болып өсуін қамтамасыз етуі тиіс.

Баланы дамытатын, өсіретін əрі тəрбиелейтін негізгі іс əрекеті-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдармен олардың еңбектерімен танысады.Ұлы педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, фантазиясыз толық мəніндегі ақыл-ой тəрбиесі болмайды», дейді.

Демек, шəкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы баии түседі. Халқымыздың осындай тəрбие туралы жəне аса құнды мəдени игіліктерінің бірі халықтық ойындар.

Халықтық ойындар халық педагогикасының құрамды бөлігі деп тегін айтылмайды. Себебі олар арқылы жас ұрпақты өз халқының салт-дəстүрлерімен де, əдет-қылықтарымен де, тілімен, мəдениетімен, өнерімен психологиялық ерекшеліктерімен таныстыруға болады. Ойынға қарайтын болсақ, одан мəнді мағыналы көп істерді көруге болады.

Мысалы: көне мəдениет пен əдеби туындылар, шығармалар ойын-той үстінде ойын ретінде пайда болған. Бүгінгі ұрпақ ойындарының өзі адам еңбегінің жемісі, оның дүниені танып білуге деген ұмтылысы, əлеуметтікэкономикалық өмірінің айнасы екенін білуі тиіс. Қазақ халқының ойындары өте ерте туып, оның көшіп-қонған өмірінен түсінік бергендей əсер қалдырады. Олай дейтін себебіміз ойындардың көпшілігі көшпелі тұрмысқа, салт жүріске лайықталып, арнайы материалдың əзірліксіз ойнала беретіндігінде. Халықтық ойындар осылайша атадан балаға, үлкеннен-кішіге мұра болып жалғасып, халықтық дəстүрлі шаруашылық мəдени, өнер тіршілігінің бейнесі болып қала берген. Сонымен қатар халықтық ойындар сол халықтың өзінің ішкі байланысының ғана емес, басқа халықтармен ұлтаралық қатынастарының негізін қалаған. Осы ойындар ғасырлар бойы қоғамдық тəрбиенің баға жетпес қызметін атқарған. Тарихтың көнелігіне қарамастан ойын үнемі жаңа, ол тот баспайтын, ескірмейтін нəрсе, өйткені күн сайын дүниеге келіп жататын сəбилердің қиялын қозғап, сезімдерін аялайтын, денеге қуат, жанға саулық беріп, рухани азық болатыны да осы ойын болып саналады. Бүгінгі таңда жеткіншек ұрпаққа гуманистік тəрбие беруде, олардың болашаққа деген нақты көзқарасын қалыптастыруда ұлттық ойындарды қолдануға жоғары баға беруге болады.

Сондықтан қазіргі кезде “балалар этнографиясы” сияқты ғылыми бағыттар қалыптасуда. Қазақ халқының ойындарының тарихы өте бай, ертеде ауыз екі туып, жалпы жұртқа ауыз екі тараған, көпшілік ойындарды күні бүгінге дейін сақтаған, халық арасында таралған. Негізгі тарихи деректерге сүйенсек қазақ халқының ұлттық ойындары жөніндегі деректер қағаз бетіне алғаш рет ХІІІ ғасырда түскен. Оны алғаш рет зерттеп жинаушылардың бірі ретінде Италия елінің саяхатшысы Плано Карпини болды. ХІІІ ғасырда Европа халқына Маңғол тарихын таныстыру мақсатымен саяхатқа шыққан П.Карпини Жетісу мен Тарбағатайды басып өткен кезде, осы өңірде мекендеген ру тайпаларының тұрмысы, əдеп-ғұрыптары, ойынсауықтары жайлы көптеген этнографиялық материалдар жинаған.

Одан кейін деректерді біз итальяндық Марко Поланың австриялық С.Герберштейннің, итальяндық И.И.Новокамскийдің орыс саяхатшысы П.И.Рычковтың, орыс ғалымы П.С.Палстын, венгер зерттеушісі А.Вамберридің, неміс этнографы Р.Картуцканның, неміс ғалымы А.Гумбольдың поляк халқының өкілдері А.Янушкевич, С.Гросс, Б.Зеленскийдің тағы басқа жазбаларынан кездестіреміз.

Одан кейінгі кезеңде қазақ халқының бай этнографиялық материалдарын жинаған жəне оның ішінде ұлттық ойынның тəрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский, А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ə.Диваев, А.Левшин, Н.Пантусов, Ф.Лазеревский, П.П.Пашин, Е.Букин, О.Əлжанов тағы басқалары болды /1/.

Қазақтың ұлттық ойындары туралы алғашқы пікір айтушылар мен жеке нұсқауларын жинақтаушылардың қай-қайсысы болмасын, оны жоғары бағалап, көшпелі халықтан мұндай өрелі өнерді күтпегендіктерін сөз етеді. Осындай жылы лебіз, құнды пікір айтқан неміс ғалымы А.Гумбольт өзінің достарына жазған бір хатында былай дейді: “Мен қазақ аулында болған кезімде өмірімнің аса бір қуанышты кезеңі деп есептеймін. Себебі көшпелі халықтың біздерге көрсеткен сый-құрметі мен ойынсауықтары естен кететін шаруа емес. Мен өмірімнің қысқа уақыт ішінде мұндай үлкен тарихтан осынша материал жинап көрген емес едім, бірақ бұл дүниенің ортасында болғандықтан да солай болуы керек” деген.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ даласын аралаған поляк халқының өкілі революциялық күреске қатысқаны үшін Сібірге жер аударылып келіп, қазақ даласына тап болған, өзінің саяхаттары туралы “Күнделіктер мен хаттар немесе қазақ даласына жасаған саяхат туралы жазбалар” деген кітаптың авторы А.Янушкевич естен кетпейтін естеліктер жазды.

Ол еңбегінде қазақ халқының тұрмысын əр қырынан суреттей отырып, олардың өнерінің, ойын-сауықтарының өзіне қатты ұнағанын айтады. Сонымен бірге Янушкевич халық өнерін жан-жақты сөз ете отырып, оның табиғатпен астасып, халық тұрмысымен, əдет-ғұрпымен, қоршаған ортамен байланысып жатқанын сөз етеді. Қазақ халқының фольклорын, ұлт ойындарын жинаушы этнограф Э.Диваев өзінің “Қырғыз балаларының ойыны” деген еңбектерінде, оның бала тəрбиелеудегі маңызын айта келіп, сол кездегі қалыптас-қан əдет-ғұрып бойынша жас ерекшелігіне қарай жасөспірімдерді негізінен үш топқа бөледі.

  1. Бір жастан жетіге дейін нəресте.
  2. Жеті жастан он бес жасқа дейін – бозбала.
  3. Он бестен отызға дейін – жігіт.

Осының негізінде қазақ ойындарын да сəбилер ойыны, бозбалалар ойыны жəне жігіттер ойыны деп негізінен үш топқа бөлінеді. Сонымен бірге Ə.Диваев ойыншықтар туралы айта келіп қазақтарда қыз балалар қолдан жасайтын қуыршақ пен ер балалар саздан жасайтын аңдар түрлері ғана бар екенін ай тады. Сонымен бірге ұлт ойындарының тарихы туралы мəліметтерді қарттардың аузынан да жинақталған. Олар ойындар түрлерін айта келе, олардың тəрбиелік мəнін түсіндіреді. Олар: Шығыс Қазақстанда тұратын Исенов Нүрке, Семейлік Қисықов Асқар, Төлеужанов, Омаровтар. С.Мұқанов “Өмір мектебі” атты мемуарлық еңбегінде “Орда” атты есеппен ойналатын асық ойыны болғанын бірнеше рет атап өтеді /2/. Осы ойын туралы деректер жинаған профессор К.К.Юдохин 1940 ж. Мəскеуден шыққан “Труды института востоковедения” жинағының 2 санында, бұл 5 санымен есептеудің ерекше жолы арқылы қолданылатын логикалық ойлауға арналған күрделі ойын деп көрсетеді. Сондай-ақ Б.Тотенаев “Қазақтың ұлт ойындары” деген кітабында “Абылайдың алты алаш” атты ойынды атап, ол ойын қазір ұмыт болған, бірақ мазмұны жағынан ол “Тоғыз құмалақ”, “Шахмат” ойыны сияқты деген деректер береді.

Жалпы ұлт ойындарының қалыптасуы кезеңі деп VІІ-ІХ ғ. кезеңдерді айтуға болады. Осылайша қазақтың ұлтық ойындары жөніндегі деректер басылым беттерінен жарық көріп, дамып отырған.

Сол секілді ұлттық, рухани, танымдық, тəрбиелік құндылық-тарымыз туралы белгілі

дағы ұлттық ойындардың рөлі И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская т.б. еңбектерінде сөз етілсе, ойын теориясы мен практикасын жасауда белгілі психологтар Л.С.Выгодский, П.Я.Галперин, А.Н.Леонтьев т.б зор үлес қосты /3/. Ал қазақтың халық ойындарының тəрбиедегі рөлі мен педагогикалық мүмкіндіктері ағартушылар (Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев) т.б идеяларынан бастау алып, ХХ ғасырдың екінші жартысында зерттеушілерпедагогтар (М.Танкеев, Т.Бекбатчаев, М.Тұрскельдина, Е.Сағындықұлы, А.Айтбаева жəне т.б) еңбектерінде арнайы сан алуан қырынан қарастырылды /4/. Қай халықтың өмірінде де ұжымдық жүйеде тəрбиеленетін бала тірлігінде ойынның мазмұны бай, тақырыбы əр алуан кең болатыны белгілі. Оған тиісті педагогикалық, психологиялық бағыт-бағдар дұрыс беріліп, ол мақсатты түрде жүйелі ұйымдастырылды.

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-əрекетіне еліктейді.Соның нəтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мəселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Бəйге», «Көкпар», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Қыз қуу»,  Тоғызқұмалақ» т.б. балалардың еңбекке деген қарымқатынасы мен қабілеттерін арттырады.

тарихшылар, философтар, этнографтар, əдебиет-

шілер мен өнертанушылар (М.О.Əуезов, Ə.Марғұлан, А.Жұбанов, С.А.Қасқабасов, Н.С.Сəрсенбаев т.б) түрлі зерттеу объектілеріне қарай өзіндік тұжырымды терең пікірлер білдірді. Ұлттық ойындарды ұрпақ тəрбиесінде пайдалану туралы түрлі тарихи кезеңдерге көптеген педагог, психологтар зерттеулер жүргізіп, жанжақты пікірлер айтты. Тұлғаның қалыптасуын-

 

  1. Диваев Ə. Тарту/Құраст. Ф.Оразаева. – Алматы: Ана тілі, 1992 25 бб.
  2. Ұзақбаева С.А. Халықтық педагогикадағы эстетикалық тəрбие. – Алматы, 1993.
  3. Тойлыбаев Б.А. Бастауыш мектеп оқушыларына дене тəрбиесін беруде халықтық педагогика элементтерін пайдалану: Алматы, 1995.
  4. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалар.Алматы, 1961.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.