Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Педагогикалық технологиялардың мəні жəне жіктемесі

Қазіргі кезде бүкіл əлемде жүргізіліп жатқан ізгілендіру үрдістері қоғамның білім беру мекемелеріне қойлатын жаңа талаптарды анықтауда. Техникалық прогресс пен ғылыми ақпарат көлемінің ұлғая түсуі, мектептегі білім беру мазмұнын қайта құру жəне оқу-тəрбие орындарының іс-əрекет қағидаларын қайта қарау – мұның бəрі мұғалімнің кəсіби біліктілігі мен тұлғасына, бүкіл педагогикалық үрдістің тұлғалық бағдарлануына қойлатын талаптардың сөзсіз арта түсуіне алып келеді. Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін жаңа педагогикалық технологияларын пайдаланудың тиімділігін практиканың өзі дəлелдеп отыр.

Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің мақсаты мен мəнінің өзгеруі «педагогикалық технология» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мəнін білім беру үдерісінде өзгеше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың іс-əрекеті жетекші фактор болып табылып, оқыту мұғалім мен білім алушының субъектаралық өзара əрекетін қарастыратын жəне олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.

Ғылыми-педагогикалық əдебиеттерде педагогикалық технологияның мəнін ғалымдар түрліше анықтайды:

  • практикада іске асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы (В.А.Беспалько) [1];
  • педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен əдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы жəне жұмыс істеу реті (М.В.Кларин) [2];
  • қойылған мақсатқа сəйкес білімді, білікті, дағдыны жəне қатынасты құрастыру, қалыптастыру мен бақылау бойынша операциялардың жиыны (А.К.Колеченко) [3];
  • балаға педагогтың шынай өзара əрекетін қамтамасыз ететін қолданбалы ғылыми педагогикалық пəн (Н.Е.Щуркова) [4];
  • оқыту формаларының, əдістерінің, тəсілдерінің, амалдарының, тəрбие құралдарының əлеуметтік жиыны мен бірлігін анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулардың жиынтығы (Б.Т.Лихачев) [5];
  • педагогикалық технология – оқу-тəрбие үрдісінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тəрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай), т.б. [6].

Ғалымдардың берген анықтамаларын оқып, үйреніп, талдай келе педагогикалық технология оқыту мен тəрбие беру үдерісін неғұрлым тиімді жолдарын зерттейтін ғылым ретінде де, оқутəрбие беру үдерісінде қолданылатын əдістəсілдердің жаңа шеберлікпен, реттеуші құралдардың жиынтығы, əрі шынайы оқыту үдерісі ретінде де əрекет етіп қоғам талабына сай педагогикалық үдерістің жоғары сандық жəне сапалық көрсеткішін береді деп айтуға болады.

Осы кезге дейінгі ғылыми зерттеулерге жасалынған талдау бүгінде педагогикалық технологияларды жинақтап, жүйелеп, оның жүктемесін жасаған ғалымдар еңбектері баршылық. Солардың ішінде педагогика ғылымы мен практикасында белгілі барлық технологияларды неғұрлым жинақтап, жүйелеген Г.С. Селевконың жүктемесіне көңіл аударарлық. Зерттеуші ғалым педагогикалық технологияларды төмендегідей жіктейді:

  • қолдану деңгейі бойынша: жалпы педагогикалық, дербес əдістемелік жəне модульдік;
  • психикалық дамудың жетекші факторы бойынша: биогендік, психогендік, социогендік жəне идеалистік;
  • тұлғалық құрылымға бағдарлау бойынша: ақпараттық технологиялар, операциялық, эмоционалды-көркем жəне эмоционалды-адамгершілік, өзін-өзі дамыту технологиялары, эвристикалық жəне қолданбалы;
  • мазмұны мен құрылымының сипатына қарай: оқытатын жəне тəрбиелейтін, жалпы білім беретін жəне кəсіби бағдарланған, гуманитарлық жəне технократтық, əртүрлі салалық, дербес пəндік, сонымен бəрге монотехнологиялар, кешендік жəне кірме технологиялар;
  • ұйымдастыру формасы бойынша: сыныптық-сабақтық жəне альтернативтік, академиялық жəне клубтық, жеке жəне топтық, оқытудың ұжымдық тəсілдері, дифференциялық оқыту;
  • танымдық іс-əрекетті басқару типі бойынша: классикалық лекция, оқытудың техникалық құралдарының көмегімен оқыту, «кеңесші» жүйесі, кітап бойынша оқыту, аз топтардың жүйесі, компьютерлік оқыту, «репетитор» жүйесі, басқару бағдарламасы;
  • балаға қатынас жасау бойынша: авторитарлық, дидактикалық – орталықтандырылған, тұлғалық-бағдарланған, ізгілікті-тұлғалық, ынтымақтастық технологиясы, еркін тəрбие;
  • басым (үстемдік етуші) əдіс бойынша: догматтық-репродуктивтік, түсіндірмелі-иллюстративтік, дамыта оқыту, проблемалық, ізденгіштік, шығармашылық, бағдарламалық оқыту, диалогтық ойын, өзін-өзі дамытушы оқыту, ақпараттық;
  • дəстүрлі əдістемені модернизациялау бағыты бойынша: қатынастарды ізгілендіру мен демократияландыру негізінде, іс-əрекетті белсендіру мен интенсификациялау негізінде, ұйымдастыру мен басқарудың тиімділігі негізінде, əдістемелік жəне дидактикалық негізде, табиғатқа сəйкестік, альтернативті, авторлық мектептердің тұтас технологиялары;
  • оқытушылардың категориялары бойынша: бұқаралық технологиялар, озат оқыту, орнын толтыру, қиын балалармен жұмыс істеу технологиялары [7].

Қазіргі таңда бұл жіктеме педагогикалық технологиялардың мақсатын, мазмұнын жəне түрлерін ажыратуға көмектеседі жəне оларды атқаратын қызметіне сай пайдалануға негіз болады.

Қорыта келгенде дидакт ғалымдарымыздың ұсынған анықтамаларын зерделей келе, педагогикалық əрекетті-əлеуметтік тəжірибе мен мəдениетті ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін əрекеттің дербес түрі деп, ал педагогикалық технологияны – педагогикалық мақсаттарға жетуге кепілдік беретін, алдын-ала жобаланған оқутəрбие үрдісі бірізді жүзеге асатын жүйе деп түсінгеніміз жөн деген қорытынды жасауға болады.

 

  1. Обучение на основе исследования, игр, дискуссий. – Рига: НПЦ «Эксперимент», 1995.
  2. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. – М.: «Академия», 2003.
  3. Щуркова Н.Е. Педагогическая технология. – М.: Педагогическое общество России, 2002.
  4. Лихачев Б.Т. Педагогика. М.: Прометей, 1998.
  5. Таубаева Ш.Т., Лактионова С.Н. Педагогическая инноватика как теория и практика Нововедений в системе образования. – Алматы: ғылым, 2001.
  6. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.: Народное образование, 1988.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.