Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Психикалық қасиеттерді дамытуда қарым-қатынастың əсері

Мектепке дейінгі білім беру Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымдық бөлігі ретінде маңызды рөл атқарады, өйткені соның аясында баланың табиғи зеректік қасиеті мен ерекшелігі ашылады, оларды дамытуға жағдай жасау қамтамасыз етіледі, баланың мектепке дайындау кең көлемді бағдарламасы жүзеге асырылады. Қазіргі заманда əлемдегі мектепке дайындық түсінігі екі жиынтықты құрастырады: оқуға дайындығы жəне мектепке дайындығы.

Мектепке дейінгі тəрбиелеудің негізгі міндеттері балалардың денсаулығын нығайтуды сақтау, олардың салауатты өмір салтын сақтау əдеттерін қалыптастыру. Балалардың психикалық жəне толымды психикалық дамуы мен тəрбиеленуі. Ерте балалық шақбаланың тез қарқында табиғи, психикалық жəне əлеуметтік дамуымен ерекшеленетін бала өмірінің кезеңі. Туа біткен механизмдердің арқасында меңгеру, оқу бейімділігі зор. Тек адамға ғана тəн психикалық қасиеттерін қалыптастыру негізіне қызмет етеді.

Барлығына мəлім, баланың даму негізінің 95 % 2 жастан 6 жас аралығында қалыптасады жəне мектепке дейінгі дайындықтан өтпеген бала дамуы баяу болуға мəжбір, өз жасынан кеш қалса, оны қуып жету қиын. Мектепке дейін тəрбиелеу мекемелерінің тапшылығы жағдайында шағын-орталықтар əр балаға мектепке дейінгі балалық шақты қуанышпен жəне мазмұнды өткізуге жəне мектепке ойдағыдай дайындалуға мүмкіндік береді.

Педагогика үшін мəнді мəселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – əлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мəселесін үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, əлеуметтік жəне биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету əлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі жəне қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену жəне өзгеру үрдісі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік жəне қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның тірі организм екенін ұмытпау керек. Əлеуметтік жəне биологиялық қатынастар жеке адамның қалыптасып дамуына əртүрлі əсер етеді.

Адамның табиғи дамуы сан алуан əлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып отырады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нəрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі жəне көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі жəне т.б. Өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, əртүрлі жұмыс істеу арқылы ептіліктер мен дағдылары қалыптасады жəне олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады.

Баланың қабілетін дамытуда оның өзінің белсенділігі маңызды жəне қажетті жағдай болып табылады. Бұл белсенділік баланың кезкелген əрекетінде: ойында, оқуда, еңбекте көрінеді. Əрине бұл жағдай ересектердің бағытбағдар беруі арқылы жүзеге асады. Баланың қабілеті оның өз қолдауы табылған іс-əрекетінде қалыптасады жəне дамиды. Бала тек белсенді ісəрекетте ғана жан-жақты дамиды да, жеке тұлға ретінде қалыптасудың реті туады.[1]

Біз тұлғаны толыққанды жүйе деп есептесек, оның психикалық қасиеттері негізгі орынды алады. Бұл жүйе табиғи қасиеттері мен қоғамдық тəжірибені меңгеру барысында дамиды. Тұлғаның тұтастығы мен бірлігі əр алуан жəне қарама – қайшылықтардың жиынтығы болып табылады. Тұлға жеке оқиғалар ғана емес, қоғамдық өмірдегі маңызды оқиғаларға да байланысты əсерленіп ашылады. Соған сəйкес туындайтын көзқарас пен іс – ірекет те əр алуан болады. Тұлға іс əрекеті, өзіне жəне айналасына қарым – қатынасы арқылы, шығармашылық қабілетін жүзеге асыру арқылы қалыптасады. Сондықтан баланың табиғи бейімділігін дамытып, тұрақты, əлеуметтік құнды шығармашылық қабілетке айналдырудың, осы əрекетке педагогикалық басшылық етудің маңызы зор.

Ал осы жағдайда, қарым-қатынасты адамның өмірлік іс-əрекетінің негізгі факторы десек қателеспейміз. Интеллект жəне ерік, эрудиция жəне эмоционалды мəдениет тəрбиелілік – осылардың барлығы; жəне басқа адамдарды түсіну, яғни психикалық дұрыс бағалау. Екіншіден олардың мінез-кұлық жəне жағдайына адекватты эмоционалды жауап бере алу, үшіншіден əр адамның өзінің жеке даралық ерекшеліктеріне байланысты стилін, əдіс-тəсілін, формасын таба білу. Қарым-қатынас мəдениетін көтеру үшін, ерте жастан бастап адамның басқа адамға жанашырлық, тілектестік, ортақтастық, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыра білу керек. Қарым-қатынас ең алдымен, бір адамның екінші адамды өзара түсінушілігінен басталады. Немқұрайлық қатігездік тұрпайылық сыйламсыздық қарым-қатынасты бұзады. Ал, егер тілек, өзара сұрақтар, өзара келіспеушілік басым болса, онда достық қатынас, яғни ол жанұяға қажетті психологиялық атмосфера болып табылады. Біз білетіндей адамның өзара түсінушілігіне бөгет болатын жағдайлар; оның қайталанбастығы, жеке даралығы, бір-біріне ұқсамайтындығы. Өзара түсінушіліктің тағы бір кедергісі қабылдаудың стереотиптілігі. Кейбір адамдар басқаларды терең білмей өз ойларын айта салады. Мысалы; ол – дəрігер, ол – сатушы, сонымен бəрі түсінікті, себебі олардың моделі, шаблоны бейнесі сол адамға беріледі. Адамның басқа адаммен қарым-қатынасы оның жеке күші мен əлсіздігі, өмірлік қайталанбас жеке даралық көріінісі, тəрбиелеу ерекшелігі сияқты мінезқұлқының ерекшелігіне байланысты. Адамға басқа адамдардың бағалауы мен бірге өзіндік ойы, əлеуметтік статусы ұжым да алатын орны сияқты қасиеттер əсер етеді. Қарым-қатынас басқа да іс-əрекет сияқты белгілі бір нəтижемен аяқталады Қарым-қатынас нəтижесін оның өнімі ретінде қарастыруға болады. Өнімі əр түрлі болады. Оның ішінде басты орын алатындары өзара қатынас жəне өзінің образы. Өзара қарымқатынас қатынас үрдісіне өзінің əсерін тигізеді. Адамдар арасындағы өзара қатынас таңдау сипатына ие болады. Бұл таңдау адам қажеттілігіне байланыста анықталады. Баланың өз образы өмірлік іс-тəжірибенің əр түрлі түрінде пайда болады: жеке даралық əрекет тəжірибесі жəне қарым-қатынас тəжірибесі бала дамуындағы шешуші фактор – баланың өзіне қатынасы қоршаған ортаны белсенді өзгерту жəне əлеуметтік тарихи сипат алады. Өз образын біз аффективті – когнитивті комплекс ретінде қарастырамыз. Оның аффективті жағын өзін-өзі бағалау ал, когнитивті жағын, баланың өзі туралы ойы деп айтуға болады. Бала өмірге келісімен алдымен үлкендермен, одан кейін құрбы-құрдастарымен қарым-қатынасқа түсе бастайды. Осының нəтижесінде жаратылысынан берілген адам болу қабілетін іске асырады. Қарым-қатынас баланың психикалық дамуының негізгі факторы жəне жағдайы. Қарым-қатынаста адамдар өзін-өзі жəне басқаларды тану қажетттілігін қанағатандырады. Өзін-өзі тану жəне қарым-қатынас бір-бірімен тығыз байланысты [2, б. 84-95]. [2]

Соныме бірге, даму – адамның сандық жəне сапалық өзгерістерінің жүрісі мен нəтижесі.

Даму нəтижесінде адам биологиялық түр жəне əлеуметтік тіршілік иесі болып жетіледі. Адамның биологиялық сипаты өз ішіне морфологиялық, биохимиялық, физиологиялық өзгерістерді қамтыған тəндене дамуынан көрінеді. Ал əлеуметтік даму оның психикалық, рухани, интелектуал кемелденуінен байқалады. Егер адам сана жəне өзіндік санаға ие болып, өз бетінше жаңғыртушы іс-əрекет орындауға қабілетті болса, онда ол адам тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттік дəреже даму барысында қалыптасады. “Адам” ұғымынан өзгеше “тұлға” түсінігі – адамның қоғамдық қатынастар, басқа адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан əлеуметтік сапақасиеттерін білдіреді. Тұлға ретінде əрбір адам əлеуметтік жүйеде мақсат бағдарлы жəне ойластырылған тəрбие барысында қалыптасады. Əрбір тұлға, бір жағынан, қоғамдық тəжірибені игеру деңгейімен, екінші жағынан, материалдық жəне рухани құндылықтар қорына қосқан

балалармен тəрбиелік жұмыстарын жүргізуде римдік философ Сенеканың: «əрбір адам өмірінің тек кейбір жақтарын ойлап талдайды, бірақ ешкім жалпы өмір туралы ойланбайды» деген ой-пікіріне сүйене отырып, девиацияға коррекция жасаушы əрбір маман ұстаз, баланың тек кейбір мінездік кемшіліктерін түзетіп қана қоймай, оларды, қоғамдық өмірдің талаптарымен ұштасқан дұрыс қарым-қатынас жолына қайтып əкеліп, ары қарай қалыптаса дамуына, əлеуметтенуіне көмектесуі қажет. Бұл педагогикалық іс-əрекеттер мазмұны, қоғам өмірінде бекіген адамгершілік қадір-қасиеттерінің мəнімен, талаптарын тікелей байланыстыра, адамдар арасындағы қарым-қатынастар (достық, жолдастық, туыстық, сүйіспеншілік, махаббат т.б.) нормаларымен ұштастырыла жүзеге асырылғанда, балалар бойында девиантты мінез-құлықтың өріс алмауына жəне оларды мектеп қабырғасынан бастап əлеуметтендіруге мүмкідік жасалады.

қоғамдық үлесімен танылады. Тұлға болып

жетілу үшін адам өзіне табиғаттан берілген жəне өмір мен тəрбие желісінде қалыптасқан ішкі қасиеттерін нақты практикалық қызметте аша білуі шарт.

Қорыта айтқанды, девиантты мінез-құлықты

 

  1. Саданова С.К., Саданова Ж.К. «Вестник» КАСУ №1 2005
  2. Байтемирова К.Б. «Вестник» КАСУ №1 – 2005
  3. Қадыржан Сейталиев «Жалпы психология» Алматы: «Білім» 2007 ж

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.