Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мен/бен/пен жалғаулық шылауларының варианттылығы – жалғамалы тілдің белгісі

Мақалада қазақ тіл білімінің қолданбалы бағытын зерттеуде фонетикалық варианттылық, тілде варианттардың пайда болуы, норма, семантикаға қатысты мәселелер қарастырылған. Жалпы тіл білімінде тіл мен сөйлеуде көрініс табатын тілдік бірліктердің қызмет ету сипатын анықтауда квантитативті және квалитативті әдістердің рөлі айтылған. Квантитативті математикалық тіл білімінде шартты түрде алгебралық лингвистика деп аталатын бағытының берер нәтижесі дәлелденген. Қазақ тіл білімі ғалымдарының зерттеулеріне шолу жасай отырып, мен/бен/пен жалғаулық шылауларына түрлі стильдегі мәтіндер бойынша жасалған квантитативті, квалитативті талдауларының нақты нәтижелері берілген. Сондай-ақ, аталмыш зерттеу нысаны бойынша фонетикалық варианттың теориялық зерттеу қажеттілігі мен практикалық қолданысының ерекшелігі айқындалған.

Кіріспе

Қазақ тіл білімінің қолданбалы бағытында квантитативті өлшемдер әр фонетикалық варианттың үндесе алатын дыбыстарын ғана емес, сонымен бірге сол дыбыс үндестігіне негізделген варианттың мәтінде таралу жиілігінің сандық көрсеткішін де анықтауға мүмкіндік береді.

Дыбыстардың өзара үндесуі барысындағы фонетикалық варианттардың сандық жиілік көрсеткіші тілдің типологиялық (морфологиялық) құрылымының аталған жалғаулық шылаулардағы көрінісін, ықпалын саралауда сүйенетін дерек болып табылады.

Тіл динамикасын бейнелейтін заңды үрдістердің бірі вариативтілік екендігі белгілі. Оған тілдің тарихын және қазіргі жай-күйін зерттеушілер де айрықша назар аударуда. Лингвистикада варианттарды зерттеп, оның мәнін түсіндіруде түрлі қырынан қаралатындығы байқалады, себебі варианттылық мәселесі көпқырлы, ХХ ғасырдың ортасынан бастап қазіргі уақытқа дейін ол отандық және шетелдік ғалымдардың түрлі лингвистика салалары мен бірқатар аралас ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады.

Варианттылық мәселесін қарастыруда әдеби нормаменлексикалықварианттылықөлшемдерін анықтау аса маңызды, ол үшін вариант және варианттылық терминдерін анықтау мәселесіне назар аудару керек. Зерттеу нысаны варианттар болып табылатын ғылымның терминологиялық аппаратын реттеу қажеттілігі бұрыннан-ақ пісіп жетілген болатын, ал ғасырлар тоғысындағы ғылыми лингвистикалық парадигманың мұндай сипаттауға сенімді әдіснамалық және теориялық негізі бар.

Қазақтілбіліміғалымдарыеңбектеріндеөзекті мәселе ретінде қарастырылатын орфографиялық норма, орфоэпиялық заңдылықтар тікелей түрде варианттылық жайларымен қабысып жатады. Жалпы тілдік норма, әдеби тіл нормасы, сөйлеу мәдениеті, тіл мәдениеті, орфографиялық норма, орфоэпиялық заңдылықтар мәселелерін тілдік бірліктердің варианттар түрінде өмір сүруі, түр өзгерткіштікке бейімдігі тудырады.

Мысалы, проф. М. Балақаевтың еңбектерінде көтерілген әдеби тіл мен сөйлеу тілі мәдениеті, әдеби норма мен стильдік ерекшеліктер туралы мәселелері (Solntsev, 1984: 3), (Sheremeteva, 2001: 8), Р. Сыздықованың (Iazykı mıra, 1990: 89), Н. Уәлиев пен А. Алдашеваның (Sheremeteva, 2001: 25) еңбектерінде әдеби норманы қалыптастыруда өзекті болып табыла тын әріптердің дыбыстық мәні, фонемалардың позициялық, тарихи алмасуларының жазудағы көрінісі, бірге және бөлек жазылатын сөздердің кейбір типтері, орыс және араб-парсы тілдерінен енген сөздердің орфографиясы сияқты жайлар, проф. М. Серғалиевтің (Iazykı mıra, 1990: 108) әлем жаңалықтарын, әлеуметтікқоғамдық жағдай, ғылым мен өнер, мәдениет сияқты жаңалықтарды баяндайтын ақпарат құралдарының тіліндегі жарыспа тұлғаларды тұрақтандыру тұрғысындағы қарастыратын әдеби тіл нормасы мәселелері қазақ тіліндегі варианттардың көрініс беруімен, тілде қызмет етуімен байланысты зерттеледі. Жалпы әдеби норма мен варианттылық мәселесінің тығыз байланыстылығын И. Ұйықбаев дәл сипаттайды: «Әдеби тіл нормасының дамуы варианттардың қызметімен тығыз байланысты болғандықтан, тілдегі сөз варианттарын зерттеу жалпы тіл білімінің, тіл мәдениетінің ең басты проблемасының бірі» (Komlev, 2000: 3).

Кейбір ғалымдардың пікірінше, варианттар бұл мағынасы жағынан ұқсас тілдік бірліктер, сөздің дыбыстық материалдық формасының ұқсастығы мен айырмашылығы, оның мәнді белгісі емес, ал варианттылық – бір мағынаны білдірудің көптілігі. Басқа лингвистердің пікірінше, варианттар – мағына ұқсастығымен және жартылай сөздің дыбыстық құрамының өзгешелігімен сипатталатын бір сөздің әр түрлілігі, ал варианттылық – сөздің материалдық қабыршығының кейбір өзгерісі.

Жалпы тіл білімінде тіл мен сөйлеуде көрініс табатын тілдік бірліктердің қызмет ету сипатын анықтауда квантитативті және квалитативті әдістер қолданылады. Квантитативті математикалық тіл білімінде шартты түрде алгебралық лингвистика деп аталатын бағыт айқындалған

болатын. Квантитативті әдістерді тіл білімінің кейбір бөлімдерін математикалық сипаттауда қолдануға болады.

Тіл көптеген өлшемдері бар, көп деңгейлі, күрделі жүйе болып табылады. Дәл осындай жүйеге ықтималдық теориясы, математикалық статистика, ақпарат теориясы және тағы басқалары сөйлеуде жиі кездесетін белгілі шарттармен байланысты кездейсоқ тіл құбылыстарының статистикалық заңдылықтарын қарастыруға сүйенеді. Егер ауызша және жазба тіл ағынындағы қандай да бір тілдік бірліктердің пайда болуын кездейсоқ оқиғаға жатқызуға болатын болса, онда статистикалық зерттеуде мұндай жағдайлар ықтималдылығы болуы мүмкін. Қазақ тіл білімінің дамуы сөздердің тек фонетикалық, грамматикалық категориялары мен морфологиялық кластарын ескеріп қана қоймай, сондайақ тілдің барлық сөздік қорын әдеби аспектіде де, жалпы тілдік тұрғыдан да ескеруді болжайды. Бұл орайда мынадай ғалымдардың М. Балақаев, Р. Сыздық, Н. Уәлиев пен А. Алдашева, И. Ұйықбаев, С. Бизақовтардың қазақ тіл мәдениеті, тілдік норма, әдеби тіл нормасының қалыптасуы мен дамуы, тілдегі варианттылыққа арналған еңбектерінде қарастырылады.

Әр түрлі стильдік бояудағы қазақ мәтіндерінде шылаулардың қолданылуын статистикалық есептеу Қазақ грамматикасында атап көрсетілген ережені бұзудың көптеген себептерін айқындауға мүмкіндік береді (Qazaq grammatıkasy, 200: 522).

Тіл қандай да ықтималды-статистикалық заңдарға бағына отырып, элементтері сөйлеуде қолданылуға болатын құрылым ретінде қарастырыла алады. Егер бұл осылай болса, онда статистикалық әдістемені қолданудың объективті қажеттілігі түсінікті болып шығады, өйткені дәл осы әдістеме әр түрлі статистикалық заңдар әрекетін аңғаруға арнайы бейімделген, тіл білімінің қолданатын дәстүрлі мойындалған әдістемелері тілдік бірліктердің өзін-өзі сапалық сипаттау үшін қолайлы, бірақ олар статистикалық табиғаты бар генетикалық және функционалдық заңдылықтарды айқындау және тану үшін мүлдем тиімсіз. Сондықтан да лингвистер статистикалық әдістемелер мәселелеріне түрлі қырынан келуге айрықша назар аударады. Бұл шарттардың негізі ретінде статистиканың тілдің квантитативті өлшемдер әдістемесімен дәстүрлі бірлігін айтуға болады. Бұл бірлік аса қажет, себебі, лингвист сөз, сөз табы, сөйлем мүшелері, сөйлем түрлері және т.б. категориялардың статистикасын қолдана алады, яғни сандық интерпретация тікелей түрде сапалық талдаумен ұштасады. Статистика өздігінен тілдің қарапайым бірліктерінің сапалық сипатын тануды қамтамасыз ете алмайды. Дегенмен, статистика тілдік бірліктерді сапалық талдау нәтижесіне сүйене отырып, жүзеге асырған олардың қолданылуы мен дамуының заңдылықтарын көрсетеді және жаңа зерттеу деңгейінде сапалық бағаға негіз болады. Бұл мәселеде қазақ тілі материалы бойынша статистикалық зерттеулер жүргізген проф. А.Қ. Жұбановтың пікірі маңызды, ғалымның есептеуінше, тілдік құбылыстың жиілігі – универсалды тілдік категория. Бұл жерде тіл зерттеу барысында тек математикалық, дәлірек айтсақ, статистикалық әдіс-тәсіл мен математикалық өрнекті қолдану туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен бірге сандық сипат белгілі бір тілдің ішкі табиғатына объективті түрде тән деп түсінген жөн. Шынында да, бүгінгі таңда тіл құрылымындағы сапалық және сандық сипаттар іштей тығыз байланыста болатыны күмән туғызбайды. Тілді статистикалық тәсілдермен зерттеу тілші-мамандардың субъективті тұжырымдарын не объективті шындыққа айналдыруға көмектеседі немесе оның теріс екендігін дәлелдеп береді (Djýbanov, 1987: 11).

Эксперимент

Мен/бен/пен фонетикалық варианттарының дыбыстар үндестігіне сәйкес пайда болғаны қазақ тіл білімінде аталып өткенімен, оның табиғаты терең танылған жоқ, әр варианттың өзіндік үндесетін дыбыстары және шылаулардағы бұл сингармонизмнің тілдің типологиялық (морфологиялық) ерекшелігіне қатысы, соған орай туындайтыны сөз болған емес.

Вариативтілік – тілдің әмбебап қасиеті, ол түрлі себептерге байланысты түсіндіріледі. Бірінші кезекте, вариативтілік түрлене отырып коммуникативтік жарамдылығын сақтауға талпыныстағы тіл табиғаты арқылы, басқаша айтқанда, тілде варианттардың пайда болуы оның қызмет ету қажеттілігімен орайласады.

Тілде варианттардың пайда болуының шындығындағы себептері, сөзсіз, тарихи (диахрондық), әлеуметтік (әлеуметтік линвистикалық), психологиялық (психолингвистикалық) т.б. көптеген факторларға байланысты.

Тілдегі варианттылықтың көріністері туралы түсініктемелердің ішінен, әсіресе, варианттылықтың тілдің өзінің типологиялық сипатына байланысты туындайтыны тұрғысындағы тұжырымдар ерекше орын алады. Сөздің морфология-типологиялық ерекшелігі тілдердің 4 типке – жалғамалы, қопармалы, даралаушы, полисинтетикалық – бөлінуі негізінде түсіндірілетіні белгілі.

Сондықтан мен/бен/пен вариативтілігінің ерекшеліктерін тілдердің жалғамалы типіне жататын тіл үндестігі тән қазақ тілінің типологиялық қасиетіне сәйкес қарастырамыз.

Бұған қарама-қарсы вариалогия және вариантология түріндегі орыс терминдері мен неміс лингвистері енгізген ұғымын varitions Lingistik («тілдегіварианттылыққұбылыстарыныңбарлық зерттеу саласын білдіреді») салыстырайық (Solntsev, 1984: 14). Бұл жерде варианттылыққа байланысты ерекше мәселе негізін қалаушы тілдегі социолингвистикалық сәттер болып табылады, онда түрлі экстралингвистикалық – аумақтық, әлеуметтік, жағдаяттық, байланыстық (контактілік) факторлардың әсерінен варианттар пайда болады; вариативтілік тілдік құзырлық деңгейімен, сондай-ақ пиджиндену және креолдану үдерістерімен жанасады.

Бұдан шығатын қорытынды, тілде социолингвистикалық факторларға негізделген варианттар, сондай-ақ тілдің типологиялық табиғатына негізделген варианттар бар.

Мәселен, қопармалы тілдердегі варианттар көбінесе сөздің құрылымдық өзгерістеріне байланысты туындаса, жалғамалы тілдердегі сөз варианттары, сондай-ақ алломорфтар – қосымшалардың варианттары жалғамалы типке тән аффиксация, қосымшалардың бірмәнділігі мен бірқалыптылық сипатынан туындайтын дыбыстар үндестігі заңдылығына байланысты пайда болған.

Варианттылықтың осы айтылған типологиялық ерекшелікпен байланыстылығы мен/бен/ пен жалғаулық шылауларына да қатысты болып отыр. Нақ осы себептен пайда болуына тікелей ішкі грамматикалық мағына берілуінің жалғану процестері кезіндегі дыбыстр үндестігі түрткі болған қазақ тіліндегі мен/бен/пен жалғаулық шылауларының варианттар ретіндегі орнын қарастыру маңызды.

Теориялық мәселе ретінде варианттылықты қарастырған А.Г. Шереметьваның көптеген зерттеулерін атап кеткен жөн. Оның докторлық диссертациясында алғаш рет орыс тіліндегі лексика-грамматикалық варианттылыққа синхронды-диахрондық талдау жасалынған (Sheremeteva, 2001: 18).

Тілдік бірліктердің вариантталуын сипаттауда олардың формалды және семантикалық вариативтілігін ажырату қажет, осыған байланысты вариантталу саласының өзінде формалды вариантталу және семантикалық варианттауды ажыратып көрсетеді. Вариантталудың бұл типтері «Языки мира: Проблемы языковой вариативности» кітабында бүге-шігесіне дейін сипатталған. Формалды түрөзгертушілікке тілдік жүйенің кез келген деңгейіндегі, тақырыпқа сәйкес біз қарастырып отырған – фонетикалық, лексикалық, грамматикалық синонимиялық топтар кіреді. «Жалғыз шарт бұл топты тек бір ғана тіл деңгейінің құрылымына енгізу болып табылады... Формалды вариантталуда сөйлеушілер үшін екі (немесе бірнеше) лексикалық синонимдердің біреуін таңдау мүмкіншілігі ғана қалады. Олардың ішінен ол осы қатынас жағдаятына неғұрлым лайық келетін сөзді таңдайды немесе (егер тілдік жағдаят мүмкіндік берсе) өзіне неғұрлым үйреншікті, яғни оның жеке сөйлеу стиліне кіретін лексеманы қолданады» (Iazykı mıra, 1990: 6).

Қазіргі орыс тілінде формалды белгілер бойынша вариативтіліктің төрт түрі ажыратылады: акценттік, фонетикалық, фонематикалық және морфологиялық. Формалды вариативтіліктің мұндай кең ұғынылуына кейбір шектеулер де қойылады, вариантты деп синонимиялық формаларды тек бір тілдің шеңберінде ғана есептеу керек.

Семантикалық вариантталу деп «тілдің бір құрылымдық бірлігі (сөзден сөйлемге дейін) бірнеше мағынаны қосқан жағдайды» түсіну қажет, жеке бірлік үшін оларды дұрыс түсіну мүмкін емес. Бір формадағы семантикалық варианттардың біреуін таңдау үшін тілдік немесе жағдаяттық контекст керек» (Iazykı mıra, 1990: 98). Бұл жерде лексикадағы тілдің сөздік құрамының толығуына байланысты вариантталу формалары мен шекаралары әрдайым ауысатындығын атап кету керек.

Лингвистикадағы қазіргі орыс тілі материалында ішкі тілдік құбылыс ретіндегі формалды вариантталу семантикалық вариантталумен салыстырғанда неғұрлым толық сипатталған, олардың зерттелуінің реттілік сипаты болған жоқ және тілдік жүйенің кейбір құбылыстарына қарағанда іріктеп жүргізілді.

Тілде варианттылықтың көрінуі сондай ақ антонимия болып табылады. Әр түрлі түбірлі паронимдердің вариантталудың негізгі принциптерін анықтау үшін оларды антонимдермен салыстыру қажет.

«Антонимиканың пайда болуы үшін сөз мағынасында ұлғайып қарама-қарсыға дейін жете алатын сапалық белгілер болуы ке рек» (Sheremeteva, 2001: 6). Осы құбылыстың негізінде жатқан қарама-қайшылық бір мәннің шеңберіндегі айырмашылықтар болып саналады, «мұндай мәннің қарама-қарсы көріністері, олардың полярлық анықтамалары» (Iazykı mıra, 1990: 8). Бұған қоса антонимияның негізінде жатқан қарама-қайшылық түрлерінің кез келгені антонимияның ортақ (инвари ант) белгісіне кіреді. Мұндай константты белгілер антонимиялық жұптардың мүшелерін айқындаудағы «шектік болымсыздық салдары болып табылады (Komlev, 2000: 10).Антонимдер антонимияның ортақ инвариантты белгілеріне қатысты вариантталады. Бұл жерде вариантталу константасы «сол бір мән» болып табылады, оның ішінде қарама-қайшылық пайда болады. Бірқатар жағдайларда инвариант, антонимдер семантикасында ортақ белгілер ретінде форма қызмет етеді (бір түбірлі антономияда).

Ғалым С. Аманжоловтың келесі анықтамасында осы шылауларды санамалап көрсету амалы назар аудартады: «Ыңғайластық жалғаулықтары: да, де, та, те, әрі, және, мен (бен, пен). Бұлар сөйлемдегі мәні тең бірыңғай мүшелерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданылады» (Amanjolov, 1994: 253). Ғалым бен/пен жалғаулықтарын жақшаның ішіне алып көрсеткен, яғни олардың арасында мен жалғаулығын негізгі деп есептеген сияқты.

Осы мәселелер мен/бен/пен, жалғаулық шылаулары қазақ тілінде дыбыс үндестігі дамуының нәтижесінде, яғни интралингвистикалық себептермен пайда болуы мүмкін және олар мен жалғаулығының вариативтері деген болжамымызға негіз болып отыр, өйткені қазақ тілінде, жоғарыда көрсеткеніміздей, осы жалғаулық (мен) қажет ететін дыбыстарға аяқталатын сөздер санының көп үлес алуына байланысты да анықталады.

Лингвистикалық дереккөздерді талдау көрсеткендей, вариативтілік құбылысының зерттелуі түрлі аспектіде жүзеге асырылады. Мысалы, жалпы тіл білімі тұрғысынан «вариант» және «инвариант», «вариантталу типтері мен түрлері», «вариантталу диапазоны», «вариативтілік шекаралары», «формалды және семантикалық вариантталу» және т.б.қарастырылса, сөйлеу мәдениеті тұрғысынан – «бірліктердің нормативтілігі / бейнормативтілігі» және т.б.; тіл тарихы бойынша – «тіл бірліктерінің даму эволюциясы» және т.б.; социолингвистика бойынша – «варианттардың стратификациялық

және аумақтық жүзеге асырылуы» және т.б.терминология тұрғысынан – «термин варианттарын таңдау» және т.б. қарастырылады.

Мен/бен/пен жалғаулық шылаулары варианттарын тілдің жалғамалық сипатының белгісі тұрғысынан түсіндіруге болады. Бұл пікірімізге осы жалғаулық шылаулардың этимологиясына байланысты ғылыми зерттеулер мен тұжырымдар, болжамдар негіз болады. Т. Қордабаев, М. Томанов сияқты ғалымдар қазіргі әдеби тілімізде қолданылу орнына қарай бірде жалғаулық шылаулары, бірде түбірге жалғанатын көмектес септігі жалғауы делініп жүрген мен/бен/пен жалғаулық шылаулары келетін орындарда және жалғаулық шылауы солардың мағыналары мен функцияларында «Жамиғ-ат тауарих» шежіресінде бірлән, бірлә, илан морфемдері қолданылғанын айтады (Qazaq grammatıkasy, 200: 303). Жалғамалы тілдерде қосымшалар түбірге емін-еркін, өз бетінше емес, белгілі бір тәртіп, заңдылық бойынша жалғанатыны туралы қалыптасқан тілдік теорияны мен/бен/пен жалғаулық шылауларына да қатысты қарастыруға да болады.

«Ескі тіл ескерткіштерінде бірле (біле) шылауыатау, ілік, табыс, құралдықсептік, жатыссептік тұлғалы сөздермен тіркескен. Зерттеушілердің айтуынша, «бірлен» шылауының осылай қолданысында мағыналық та айырмашылықтар болған. Мысалы, атау септікті сөзді сөздермен тіркескенде, бірлестік, құралдық, мақсат, істің істелу тәсілі сықылды мағыналарды білдірген. Ал ілік жалғаулы сөздермен тіркескенде, тек бірлестік мәнде айтылса керек. Құралдық, не жатыс септіктеріндегі сөздермен тіркескенде, көбінесе мезгілдік мәнде жұмсалған. Осы мәндердің кейбір іздерін қазіргі қазақ тіліндегі көмектес септік жалғауының қолданысынан да байқауға болады: көмектес септігі кейде ілік жалғауының үстіне жалғанады: «оныңмен сөйлестім». Бұл, әрине норма емес. Алайда ХІХ ғасырдағы жазба тілі бұл құбылысты жай деп санамаған сықылды. Мысалы: Көптен бері мен қалап едім сеніменен сөйлесуге, менің қымбатты достым.

«Морфемалардың бірыңғай жуан не жіңішке буынды болып және олардың аралығында қатар келген дыбыстардың біріне-бірі акустикаартикуляциялық жақтан бейімделіп, үйлесіп» тұрузаңдылығынегізінентүбірменқосымшаның аралығында – грамматикалық мағынаның берілуіндегі жалғамалы тәсіл барысында туындайтын тілдік құбылыс, сондықтан жалғау, жұрнақтардың варианттылығы, сонымен қатар көмектес септігі жалғауымен тұлғалас мен/бен/ пен жалғаулық шылауы да тілдің жалғамалы сипатының белгісі ретінде танимыз. Себебі қазақ тіліндегі диірмен/тиірмен, иесі/егесі, жүзу/дүзу, ажуа/әжуа, заңғар/зеңгір, қария/ кәрия, бейіл/пейіл сияқты көптеген сөздердің әр түрлі дыбыстық варианттарының мағыналық тепе-теңдігі толық сақталады және олардың қолданысы дыбыстық үйлестікке байланысты емес.

Қазіргі қазақ тілінде сөздер варианттарының пайда болу себептері ғалым С. Бизақов еңбегінде талданған: орфоэпиялық, яғни сөз құрамындағы айтылуы ауырлау дыбыс тіркестерін жеңілдету бағытындағы өзгерістің бір түрі сөздегі көршілес, кейде көршілес емес дыбыстардың орын алмастыруы сияқты метатезалық варианттар (хауыз/ қаузы, құлып/құлпы, өкпе/өпке т.б.); жергілікті ерекшелікпен байланысты орфоэпиялық варианттар (шөп/чөп, жақсы/джақсы), бір әріптің орнына басқасын таңбалаудан түзілген орфографиялық варианттар (сақара/сахара, бұқара/бұхара, шекара/шегара); поэзияда ритмикаға, өлең ұйқасы мен буын санына қарай қолданылатын орфоэпиялық варианттар (жүреді/жүред, оқиды/оқид, беріледі/берілед); сөз тұлғасын біріктіріп, тіркес түрінде немесе дефис арқылы жазудан қалыптасқан варианттар (ұрдажық/ұрда жық/ұр да жық, көк ала/ көгала); қос сөздердің түрленген варианттары (ығы-жығы/бығы-жығы, нан-ман/нан-пан, азмаз/аз-мұз/аз-паз); сөздің ықшамдалуы барысында пайда болған варианттар (ол/о, сол/со, бұл/бұ); қазақ тілінің даму ерекшелігі тудырған семантикалық варианттар – еліктеуіш сөздер мен одағайлардың түр-түрі (ақшию/бақшию, жалт-жалт/жалт-жұлт, дабыр-дұбыр/дабырдыбыр) сияқты көптеген варианттар көрсетіледі. Ал жалғаулық шылаулардың мен/бен/пен сияқты варианттары тікелей үндестік заңына сәйкес пайда болған және үндестік заңының грамматикалық мағынаның берілуінде түбірге немесе туынды сөзге қосымшаның жалғанған жігінде жүзеге асатынын, ескеруіміз керек.

Ғалым Е. Ағмановтыңайтқанындай, көмектес септік жалғауы бірлән шылауының грамматикализциялануының нәтижесінде пайда бола отырып, іс-әрекеттің жүзеге асуында субъектілердің қатысуындағы, іс-әрекеттегі үлестерінің сипатына қарай аздаған өзгешеліктердің орын алуы бұл өзара тұлғалас грамматикалық бірліктердің семантикалық ортақтастығы болғанымен, функционалдық тұрғыдан саралануына әкелген сияқты.

Көнеден келе жатқан тамырластығы бұл грамматикалық бірліктердің өзгеріс динамикасын былай көрсетуге болады: бірлан → менен/бенен/пенен → -мен, -бен, -пен → мен/бен/ пен. О баста бірлан сөзінің шылау ретінде тілде қызмет еткен кезінде білән, илан сияқты варианттары болғанымен, олар дыбыс үндестігіне, нақты айтқанда, тілдің жалғамалық сипаты на орай туындаған варианттар болмаса керек, себебі дыбыс үндестігінде байқалатын түбір мен қосымшаның аралығында қатар келген буындар мен дыбыстар үйлесі тұрғысынан түсіндіруге келмейді.

Нәтиже мен талқы

Сонымен мен/бен/пен жалғаулық шылаулар варианттарын қазақ тілінің жүйесіндегі тілдік бірліктердің эволюциялық дамуының нәтижесі, интралингвистикалық себептермен – тілдің жалғамалық типіне тән үндестік заңы тудырған құбылыс деп анықтаймыз.

Қазақ тіліндегі мен/бен/пен, және жалғаулық шылауларының квантитативті өлшемдерін анықтау барысында түрлі стильдер бойынша жан-жақты талдаулардың бірі мынадай нәтиже берді (сурет).

Бұл диаграммада көркем әдебиет, пулицистикалық және ғылыми стильдері бойынша квантитативті өлшемдерді ғана емес, сонымен қатар мен/бен/пен жалғаулық шылаулаларының варианттылығының табиғатына қатысты өлшемдерді де аңғаруға болады. Оның үстіне мен, және жалғаулық шылауларының қолданылу жиілігі жайында да көптеген дәлелдер мен алынған нәтижелердің болмысы, жалпы табиғатын аңғаруға болады.

Қазақ тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерін жалғастырып, ыңғайласқан қатынасын білдіретін мен/бен/пен жалғаулықты шылаулары жүргізілген эксперименттік әдіс қорытындысы бойынша мәтін авторының қолдану аясы, стиліне байланысты және сөйлем мен сөз тіркестерінің соңғы буынына қарай, яғни дауысты немесе дауыссыз, оның ішінде қатаң, ұяң немесе үнді болып келуіне қарай ішінара өзгеріп отырады.

Мен жалғаулықты шылауы – дауысты [а, ә, е, о, ү, ұ, ы, і, я]; үнді [л, м, н, ң, р, й, у] дыбыстарымен аяқталған кезде жалғанады. Мысалы: алма мен өрік, түлкі мен ешкі, күн мен түн, т.б.

Пен жалғаулықты шылау – ұяң [б, г, ғ, д, в] және қатаң [п, к, қ, т, ш, с, ф, һ, ц, ч] дыбыстары-

мен аяқталғанда кезде жалғанады. Мысалы: Досанов пен командир, сауыт пен қалам, Әпеш пен Мырзаби, т.б.

Бен жалғаулықты шылауы – ұяң [з], [ж] дыбыстарымен аяқталған кезде жалғанады. Мысалы: қыз бен жігіт, аяз бен боран, т.б.

Сурет

Қай тілде болмасын, жазба тіл – дыбыстық тіл секілді практикалық және теориялық зерттеуді талап ететін маңызды тілдік материал. Жазба тілге тән ерекшеліктер жазба мәтін бірліктерінің сапалық және сандық ара қатынасында түрлі әдеби жанрларда көрінеді. Қазақ тіліндегі сөздердің соңғы әріптері мен әріптік тіркестерді жан-жақты статистикалық зерттеу синтагматикалық, сондай-ақ морфологиялық факторлардың соңы екендігін дәлелдейді.

Қорытынды

Мен/бен/пен жалғаулық шылаулары ортақ етістікке қатысты бірыңғай сөздерді: арасы, ортасы деген сөздерге қатысты бірыңғай сөздерді немесе өз ара салыстырылып тұрған заттарды білдіретін сөздерді байланыстырады. Мұндай жағдаятты мен/бен/пен жалғаулық шылауларының орнына басқа ыңғайлас жалғаулық шылаулардың ешқайсысы жүре алмайды.

Ал тілдік бірліктердің бұл варианттары мен/бен/пен жалғаулық шылаулары сияқты интралингвистикалық себептермен тілдің жалғамалық типі тудырған варианттар емес, олар тілдік қатынас (байланыс) және қостілділік секілді экстралингвистикалық себептермен; тілдің өмір сүруінің жекелеген формалары: әдеби тілдің әр түрлі тіл варианттарымен бірге өмір сүруі; тілдің ұлттық-аумақтық түрлері: әдеби тіл және диалектілердің болуына байланысты қалыптасқан варианттар.

Бұл тұжырымды қолдай отырып, өз тарапымыздан мен/бен/пен жалғаулық шылауларының варианттары тілдің жалғамалы сипатына негізделгенін атап айтқымыз келеді.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақ грамматикасы. Фонетика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис / Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі. А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты. – Астана, 2002. – 784 б.
  2. Джубанов А.Х. Квантитативная структура казахского текста. – Алма-Ата: Наука, 1987. – 146 с. Солнцев В.М. Вариативность как общее свойство языковой системы // ВЯ. – 1984. –№2. – С. 32.
  3. Шереметьева А.Г. Лексико-грамматическая вариантность в русском языке (синхронно-диахронический аспект): Автореф. дис. ... д-ра филол. наук. – Ташкент, 2001. – 38 с.
  4. Языки мира: Проблемы языковой вариативности. – М.: Наука, 1990. – 214 с.
  5. Шереметьева А.Г. Лексико-грамматическая вариантность в русском языке (синхронно-диахронический аспект): Автореф. дис. ... д-ра филол. наук. – Ташкент, 2001. – 38 с.
  6. Языки мира: Проблемы языковой вариативности. – М.: Наука, 1990. – 214 с. Комлев Н.Г. Словарь иностранных слов. – М.: Эксмо-Пресс, 2000. – 672 с.
  7. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат, 1994 ж. – 319 б.
  8. Қазақ грамматикасы. Фонетика. Сөзжасам. Морфология. Синтаксис / Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі. А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты. – Алматы, 1978. – 615 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.