Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Ұлан» газетінің балалар баспасөзін қалыптастырудағы рөлі

Балалар мен жасөспірімдердің республикалық «Ұлан» газеті – Қазақстан балалар баспасөзінің негізін қалап келе жатқан сүйікті басылымдардың бірі. 80-жылдық қысқа да ұзақ тарихы бар, талай «тар жол, тайғақ кешулерден» өтіп, талай тауқыметті артқа тастады. Қазақстанның тəуелсіз заманына да жетті.

Газет шыға бастаған күннен бері жас буынның өмірдегі бағыт сілтер кеңесшісі, қол ұшын берер көмекшісі, ой бөлісер сырласы болып келеді. Бүгінгі күні қаншама атақты еңбек адамының, мəдениет пен өнер қайраткерінің, озық ойлы саясаткер мен ғалымның, осы газет арқылы дүние танып, қанаттанғанын айтып берудің өзі күш. Кішкентай бүлдіршіннің саналы да салауатты азамат, білімді де білікті маман болып тəрбиеленуіне газеттің қосқан үлесі зор. Газет балалардың ой-өрісі мен дүниетанымын ұлттық тұрғыдан өсіретін, халқымыздың сан қырлы тарихы мен салт-дəстүрін насихаттайтын кең тынысты шығармалар жариялап, жас ұрпақтың бойына елімізге деген патриоттық сезім рухын сеуіп, Отанын сүйген, елін қадір тұтқан үлкен азамат болып ер жетуіне қомақты үлес қосып келеді.

Балалардың оқу-білімге ынтасын, құштарлығын арттыру, олардың ойлау, өзінше тұжырымдау, өзіндік пікірін айта білуге тəрбиелеу –

«Ұлан» газетінің басты мақсаты. Сонымен қатар, балғындардың рухани дүниесін кеңейтуде басты себеп болатын олардың шығармашылығына əрдайым үлкен орын беріледі.

Өзге басылымдардан газет өзіндік қалыбымен, көлемімен жəне шығу мерзімінің жиілігімен ерекшеленеді. Газетте публицистиканың əр түрлі пішіндері мен жанрлары пайдаланылады.

«Ұлан» газеті 1930 жылы 20-наурызда алғаш рет «Лениншіл жастың» қанатының астында, оның 5-6 беттерінде «Пионер» деген атпен шықты. өлкелік комсомол комитеті бюросының жəне халық ағарту комиссариатының тапсырмасымен өлкемізде газеттің алғашқы жауапты редакторы А.Нұралин болды. 5-қараша, «Пионер» газеті Алматы қаласының Гоголь көшесіндегі №9 үйде тұңғыш рет өз алдына дербес басылым болып шықты.

1937 жыл. Наурыз. «Пионер» газеті «Октябрь балалары» деген атпен шыға бастады.

1941 жыл. 28 маусым. Осы күнгі газеттің алғашқы бетінен «Пионерлер, Ұлы Отанымыздың күш-қуаты арта беру үшін қолдарыңнан не іс келсе, соның бəрін де істеңдер», деген ұранын оқуға болады.

Газет осы нөмірден кейін соғыс жағдайына байланысты уақытша жабылды.

1946 жыл. 9-мамыр. «Октябрь балалары» «Қазақстан пионері» деген атпен түледі.

1990 жыл. 4-қаңтар. «Қазақстан пионері» газеті «Ұлан» деген атпен жарық көре бастады. Ал еліміз тəуелсіздігін жариялағаннан бері ұлттық балалар мен жасөспірімдер басылымы болып, халықтық педагогика жүйесін басшылыққа алып, тақырып аясын кеңейтіп, 1991 жылдың басынан сегіз беттік апталық газет болып шығып келеді.

80-жылдық тарихы бар «Ұланның» – «Октябрь балалары» кезіндегі, «Қазақстан пионері» атанып, шартарапқа таралған шағындағы рухани əлемге қосқан үлесі есепсіз. Оның əрбір санында уақыттың үні, тынысы бар.

Бұл балалар мен жасөспірімдер газеті болған соң, балалар шығармашылығына үлкен мəн берілді. Балалар жіберген хаттар редакция бөлімінде сұрыпталып, əртүрлі айдарлармен жарық көре бастады. Мəселен, «Пікірлесу клубы», «Қазақстан пионері», «Тілші болдық», «Бұл мақала түзетусіз шықты», «Бірінші рет жазғаным еді», «Бала, хал қалай», «Өнердің міндік тұлпарын», «Қыл қаламға құштарлар», «Туған жерім менің – Қазақстаным!», «Ана тілі ардақты», «Тілім менің, елім менің», «Сабақтан соңғы сағаттар», «Атам айтады», «Рауан», «Қанат», «Шимайбектің портфелі» айдарлары.

Бүгінгі жалпыхалықтық мəселе – баланы білімге, рухани тазалыққа ұмтылысын ояту. Білімсіз адамнан мардымды ештеңе шықпайды. Екіншіден, адал жүру, адамның ар алдында таза болуы – адамгершілік негізі болып табылады.

Газеттің «Пікірлесу клубы» айдарында көтерілген тақырыптар дені осы бағытта.

Оқырмандар көбіне-көп өзара сын, əсіресе, қараңғылық, адалдық, достық туралы көп жазатын.

Мəселен «Тілің-арың» (1984-1985 ж №21- №28), «Жақсы мен жаман» (1965 ж№94-№101),

«Ар сақтау деген не?» (1964ж №22-№106),

«Үлкен жүректі адам» (1970 ж №20-№25),

«Күлпаштың кітабы» (1975 ж №77-№99),

«Əдептілік əдемілік емес пе?» (1979 ж №24-

№65), «Жақсы адам болғым келеді» (1985 ж

№45-№90), «Спорт – енжарлықты сүймейді» (1985 ж №102-№113) деген тақырыптар төңірегінде пікір алысулар жасөспірімдер аясынан шығып, мұғалімдердің, психологтардың, ғылымдардың араласуына ұласты.

Жас ұландар «Жақсы мен жаман» ұғымын тереңірек ұғынып, адамгершілік, ізгілік, мейірімділік турасында өз ойларын ашық ортаға салды. Сол замандағы бүлдіршіндердің өмір туралы түсінігін осы «пікірлесу клубында» анық байқауға болады. Əркімнің түсінігі əр түрлі. Кейбіреуінің пікірі бұрыс, қате болады. Осыларды сарапқа салып, жөн сілтеп, бағыт беріп отыратын психологтар, ғалымдар пікірталастың қорытындысын жасайды. Бұл адамдар ғылыми тұрғыда дəлелденген пікірлер айтады, оны оқыған оқырманның санасында белгілі-бір ұғым жайлы дұрыс түсінік қалыптасады. Міне, бұл қозғалған тақырыптар адамның жеке басының тəрбиесіне жататын болса, онда біз «Ұланды» тəрбиеші, ақылшы деп атауымызға толық мүмкіншілігіміз бар.

«Туған жерім менің Қазақстаным», «Ана тілі ардақты», «Тілім менің, елім менің» деген айдармен жарияланып отыратын мақалалардан патриоттық лебі сонадайдан сезілетіні тақырыбынан-ақ айқын.

Жастар Қазақстанның болашағы жарқын əрі келбетті болатынына сенді, əрі сол болашақты жасаушы өздері екенін үнемі ескере отырып, ұлттық сипатты сақтап қалатын тіл екенін айтады. Сол ана тілдерін шұбарлатпауға бар күштерін салып, қатарластарын да соған үндейді.

Тұрақты «Атам айтады» айдары көне тарихи жер-су аттарын сипаттайды. Оқушы қазақтың қилы тарихы қалдырып кеткен атаулар жайлы толық мағлұмат алады.

М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» атты еңбегінде: «Адам ойлау арқасында ғана заттардың, көріністердің арасындағы байламды белгілеп, оларды бар қылған себептерді табады. Келешекте оларға ие болатынын ойлап шығарады, келешекті болжай алады. Қысқасы, ойлай білетін адам шын мағынасымен адам. Ойлау осындай қымбат көрініс болса, оны өркендету керек. Əсіресе, тəрбиеші баланың дұрыс ойлап, үйренуіне көп күш жұмсау керек», деген болатын. Сол сияқты, балалардың ой-өрісін дамытуға газет те көп күш салады. Күні бүгінге дейін əр саны сайын беріліп тұратын «Танымдық Ойындар Əлемі» атты айдардың ауқымына сондай материалдар топтасқан.

«Өнердің міндік тұлпарын» атты айдар «Ел іші өнер кеніші» демекші ел ішіндегі өнерлі өрендердің өнерін жұртшылыққа таныстырды.

«Бірінші рет жазғаным еді», «Бұл мақала түзетусіз шықты» айдарлары қыл қаламға құштарлардың қолтығынан демеп, даңғыл жол салып берді.

1978-1981 жылдары газет бетінде «Жас тілшінің блокнотынан» атты арнайы сабақ жүргізіле бастады. Мұнда балалар баспасөзінің тілі, стилі жайлы, газет жанрларының кейбір түрлерінің жазылу формасы турасында əңгіме сабақтар өткізілді. Бұл сабақтың жас тілшілердің журналистік қыл қаламдарының ұшталуына үлкен септігін тигізді.

Жас тілшілердің тырнақалды мақалалары олардың əдебиетке, жазушылыққа қызығушылықтарын арттырды. Газеттің бұрынғы жас тілшілері Ə.Нұршайықов, К.Əмірбек, Ұ.Доспанбети, А.Шымырбаев, А.Байтанаев, Н.Оразалиндер бүгінде елімізде танымал ақын-жазушылар. Олар өздерінің шығармашылық жолдарын əңгімелеген кезде ең алдымен «Қазақстан пионері» еске алып отырады.

Қаршадайынан осы газеттен тағылым алмай, алғашқы балаң еңбектерін соған бастырмай, аспаннан түсе қалған ақын мен жазушы кем де кем. Газетті үзбей оқып, хат жазысып, еңбектерін бастырып, кейін танымал журналист, белгілі ақын, жазушы болып кеткен кісілер аз емес. Біз жоғарыда біршамасын атап өттік. Міне, осы  ұрғыдан алғанда, газеттің кешегі жас тілшісінің бүгінгі еліміздің арқа сүйер азаматтарына айналуына иненің жасауындай болса да қосқан үлесі бар екенін анық байқауға болады.

Газет қызметкерлері неғұрлым өмір тəжірибесі толысқан, жазу, сызу жағына бес аспап, падагогикадан хабардар болып келсе, газет материалдары да соғұрлым нысанаға дарығыш келеді. Əр кездері газет бұл талаптың деңгейінен шығып отырады. Оған дəлел, газетте алғаш редактор болып А.Нұралин (1930-1932 ж.), бірқатар елімізге танымал белгілі жазушылар С.Ерубаев (1933-1934ж.), М.Мамажанов (19561958ж.), С.Сарғасқаев (1958-1961ж.), С.Бердіқұлов (1965-1970 ж.), Б.Сапаралин (1991 ж.), майталман ақындар Ф.Оңғарсынова (1970 1977 ж.), С.Қали (1991 жылдан бері) редакторлық қызмет атқарды. Газеттің басқа да қызметкерлері Қ.Аманжолов, Т.Əбдіков, О.Əубəкіров, А.Байтанаев, М.Ғабдуллин, Б.Бұлқышев, Е.Елубаев, Н.Оразалин, М.Сүндетов, Ə.Тарази, Ж.Саин, Ə.Нұршайықовтардың есімдері бүгінде тек өз елімізде ғана емес, əлемнің көптеген елдерінде танымал.

Ал 1960-1965 жылдары редакцияның ең негізгі пионерлер бөлімін меңгерген И.Жақановтың орны ерекше. Олай деуіміздің себебі, ол өзінің зерттеушілік жұмысын дəл «Қазақстан пионерінен» бастаған екен.

«Мен қызмет еткен төрт жылдағы газет нөмірлерін парақтап отырсам, бір санында өнер тақырыбы қамтылмай қалмаған екен. Осы жұмыстың бүгешігесін жан-жақты, сала-сала қарастыра жүріп, ақырында өзімнің нағыз өнер зерттеушілік жұмысым осы газеттен бастау алды»,-дейді дарынды композитор, талантты жазушы, танымал өнер зерттеушісі, Ш.Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың иегірі И.Жақанов. Шынымен де осы жылдардағы газет нөмірлеріне үңілер болсақ, əн падишасы Біржан сал, Ақан сері, үкілі Ыбырайлардың, күйшілерден Құрманғазыдан бастап Дəулеткерей, Ықыластардың өмірбаяны мен шығырмашылық жолдары жайлы толыққанды мағлұмат ала аламыз.

Сонымен, «Ұланның» Кеңестік дəуір тұсындағы газет материалдарына тоқталып өттік. Байқағанымыздай, газет көбіне-көп заман жаршысы болды. Газет ұлттық салт-дəстүріміз, əдет-ғұрыптарымыз, ана тіліміз бен дініміз жайлы мақалалар жариялауға мүмкіншілігі болмады. Ол үшін газетімізді айыптаудың да жөні де жоқ болар. Себебі, сол замандағы басылымдардың бəрі саяси идеология құрсауында болғаны мəлім. Бірақ сонда да бұл басылым əрқашан ұландар бапкері бола білді. Ол келешек тəуелсіз Қазақстанның жас ұрпақтарының патриот болып өсуіне қосқан үлесінің зор екеніне көзіміз жетті.

Айтулы ғалымдар барлық ұлылық пен даналықтың негізі балалық шақта қалана бастайтынын айтады. Балалық шақта қалыптасқан үлкен өмірдің іргетасы берік те мығым болса, алда кездесетін қандай қиыншылық, тауқыметке де төтап береді, уақыт сынынан сүрінбей өтеді. Міне, бұл тұрғыдан алғанда газет шыға бастаған күннен-ақ жас ұрпақтың ақылшы досы, айнымас серігі, дем берушісі, жақсылық атаулының жаршысы, ең негізгісі – тəрбиешісі бола білді. Ол жастардың бойына ұлттық ерекшеліктерімізді танытатын қасиеттерді дарытуға күш салды. Олардың бойына имандылық, инабаттылық, қайсарлық, адалдық сияқты асыл қасиеттерді егіп, жаңа заманға сай саналы, білімді, іскер қоғамшыл азамат етіп қарастыруға баулыды. Сонымен бірге ана тілін, тарихын, салтдəстүрін жетік білуге, танып-зерттеуге құлшындырып құрметтей, бағалай білуге үйретті. Сонымен, «Ұланның» оқырмандары неғұрлым көп болса, еліміздің саналы, білімді да білікті, елін сүйген патриот азаматтарының көбейе беретіні сөзсіз.

 

 

  1. «Ұлан» газетінің тігінділері.
  2. Б.Қойшыбаев. «Біздің өмірбаян». – Алматы: «Жалын», 1980 ж.
  3. Н.Өсеров, Ж.Естаев. «Ислам жəне қазақтардың əдет-ғұрпы». – Алматы: «Қазақстан», 1992 ж.
  4. М.Жұмабаев. «Таңдамалы». – Алматы: «Ғылым баспасы», 1992 ж.
  5. Б.Ыбырайымов. «Ой мен сөз». – Алматы: «Жазушы», 1985 ж.
  6. Т.Қожакеев. «Жас тілшілер серігі». – Алматы: «Рауан», 1991 ж.
  7. «Қазақ ұлттық энциклопедиясы». 2-том. – Алматы, 1999 ж.
  8. «Уақыт жəне қаламгер». – Алматы: «Жазушы», 1987 ж.
  9. «Даналардан шыққан сөз». – Алматы: «Мектеп», 1987 ж.
  10. «Қазақ совет энциклопедиясы». 9-том. – Алматы, 1976 ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.