Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Көркем сөздің хас шебері

Қазақ əдебиеті ежелгі дəуірінен бергі дамуының əрбір кезеңінде асыл сөздің өркен жаюына ерекше əсер етіп, өз уақытындағы əдебиеттің сан тарам желісінің түп қазығына айналып, есімі тұтас кезеңді түгел танытып тұрар қадау-қадау шығармашылық тұлғалар баршылық. Төл əдебиетіміздің шырқау биіктері – Асан Қайғы мен Бұхар, Дулат пен Махамбет Абай, Шəкəрім, Мағжан, Сəкен, Ілияс, Бейімбет, Мұхтарлар қазақ сөз өнері ұлылығының символы іспеттес.

Жоғарыда сөз болған əдебиет алыптары ішінде М. Əуезов ХХ ғасырдың алпысыншы жылдарына дейін талмай еңбек етіп, кейінгі толқынға даңғыл жол ашты. Ендеше өзімізге етене жақын өткен ғасырдың екінші жартысындағы жас толқыннан қазақ сөз өнерінің биіктігі мен кеңдігін айқындайтын анық өлшем кімнің шығармашылығы болмақ деген де, ауызға алдымен алынар суреткер – бітімімен алдыңғы толқын ұлы ағалардың бар адамиазаматтық, шығармашылық-қайраткерлік қасиеттері түгел табылатын сан қырлы саңлақ дарын Əбіш Кекілбайұлы!

Əдеби шығармашылықтағы алғашқы қадамын сөз патшасы өлеңнен бастаған жас талант «Алтын шуақ» (1962 ж.) атты сыршыл лиризмге толы өлеңдер жинағымен ақын ретінде танылса, өлең өнеріндегі соңғы дүниесі «Дүние ғапыл» жинағында философиялық ой-танымға құрылған, даналыққа тұнған ойшыл өлеңдері арқылы «ақылдың да, ақынның да ақынына» айналды.

Содан бергі кезеңде ол ХХ ғасырдың екінші жартсындағы қазақ əдебиетінің дамуына ақын, жазушы, драматург, аудармашы, сыншы, əдебиет зерттеушісі ретінде өлшеусіз үлес қосты.

Əбіш Кекілбаев шығармашылығы, ең алдымен, қай жанрда болмасын, тыңнан түрен салған жаңашылдығымен тəнті етеді. «Өнердің басты міндеті – адам, адам өмірінің шындығын ашу» дейтін болсақ, жазушы өзінің кіші жанрдағы «Тасбақаның шөбі», «Міне, керемет», «Ақырғы аялдама», «Керек адам», «Аш бөрі» т.б. əңгімелерінде адам туралы толға нып, адам жайлы ойын өрістете дамытып, замананың күңгейі мен көлеңкесін салғастыра көрсетіп, замана тезіне түскен өз кейіпкерлерінің адамдық, азаматтық асыл қасиеттерін биік рухани өреде танытады.

Жазушы өзі өмір сүрген қоғамда қалыптасқан қасаң қағидаларға деген қарсылықты сол қоғамның бір тетігі іспетті «кішкене» адам санасындағы сілкіністі сыртқы бейне арқылы емес, ішкі тебіреністің тегеуріні арқылы танытады.

Ə. Кекілбаев – шын мəніндегі əңгіме жанрының хас шебері. Оның жазушы ретіндегі бір ерекшелігі шығармашылық болмысында шағын жанр деген өлшем жоқ. Туындыгер ұстанымында аз көлемге көп ой сыйғызар «қысқалықты таланттың қарындасы» деп танығын нағыз суреткерлік талғам бар.

Ə. Кекілбаевтың жазушы ретінде ерекшелейтін өрнекті де бейнелі көркем тілі. Ол өз ойын бейнелі жеткізуге, əрбір нəрсені жанды суретке айналдыруға өте ұста. Ұлттық тілдегі сиқырлы сөз саптаулар мен əдеби тілдегі мың иірімді оралымдарды қиюын тауып қиюластырып, ой мен суретті дəлеледікпен бере білу осыны танытса керек. Суреткер тілінің поэтикалық қуаты өте зор. «Сылдырлап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай» деп Абай таныған келісім бір-бірімен құйрық тістесе келіп, құйылып түсер жазушы сөйлемдері арқылы əсем жарасым тауып, жүрекке қонып, көңілге ұялап, бойды аралап, тамырдағы қызу қанды лүпіл қақтырып, ойды оятады.

Сары алтындай жалт-жұлт ойнаған сұлу сөзден өрілген сөйлемдердің əр қайырымында жүрек сығындысы іспетті сұңғыла ой өнді ріліп, оқырманның көңіл түкпірінде жатқан көмескі сұрақты жарыққа шығарады. Əр сөз тіркесіндегі сөздердің толқынды ырғағында бір-бірімен іштей қабысып жатқан үндестік бар.

Көркем əдебиеттің жаны – көркем образ десек, жазушы шеберлігінің хас белгісі көркем бейне жасаудың түрлі əдіс-тəсілдерін кеңінен қолданып, ең бір тиімді тəсілдерді тап басып тани алуында. Көркем бейне сомдаудың сыры адамның ішкі əлемінің, яғни жан дүние шындығын ашумен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Əбіш Кекілбаев – адам болмысына терең бойлаудың сан тарау көркемдік тəсілдерін шеберлікпен меңгерген суреткер. Жазушы кейіпкерлері қарапайым ғана адамдар болғанымен, олардың адами жан дүние құбылысының мəнін ашар өзіне ғана тəн өмірі мен тіршілігі, тағдыры мен мінез-құлқы бар. Сондықтан да жазушы ішкі əлем ирімдерінің тереңіне бойлап, кейіпкерінің іс-əрекетіне жеке басындағы түрлі сезім халдерін сипаттай отырып баға береді. Сөйтіп, өз көркемдік шешімімен көркемдік шындық үшін тағдыр талқысына салған кейіпкерлерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіретінен жаралған толғаулы ой арқылы өреді.

Ə. Кекілбаев шығармаларында өткен мен бүгіннің көзге көрінбес бірлігі бар. Ол өткен күндерден сыр шерте отырып, бүгінгі күннің көкейтесті мəселелерін қозғайды. Жазушының, «Бəсеке», «Ханша – Дария хикаясы», «Шыңырау», «Күй» т.б. хикаяттарында қазақ халқының тұрмыс-салты айқын көрініс тауып, асқақ арманы, биік мақсат-мұрасы, философиялық талдау мен психологиялық талқыға түсіп, жан-жақты терең суреттелген. Ə. Кекілбаевтың аталмыш шығармалары енген əрбір жинағы – бір дəуір келбетін ашар бүтін дүниелер. Осылардың ішіндегі «Шыңырау» повесі туралы кезінде қазақтың заңғар салқар сыншысы Сағат Əшімбаев: «Шыңыраудағы» бас кейіпкер ... жəй құдық қазушы емес, шындығында, өнерпаз жанның парықсыз, пəтуасыз ортадағыаяқасты болған , елеусіз қалған, имансыз жан себілдердің мазағына айналған тағдырын көз алдыңа əкеледі» [1, 420-421 бб.], – деп, шығарманың ішкі мəнін терең пайымдаған еді. Шындығында, солай. Автор қарапайым өнер адамның болмысынан өнердің ұлы құдіретін таныта алған.

Жазушы ізденімпаздығының бір қыры ежелгі аңыз-əңгімелерді бүгінгі күннің елегінен өткізе отырып, адамгершілік, азаматтық мəселелерді алға тартады. Осыдан келіп туындыгер шығармаларындағы аңыз-əңгімелердің қолданысы жаңаша сипат табады.

Аталмыш «Күй» повесіндегі тұлабойын қаталдық пен зұлымдық жайлаған, жанын өшпенділік оты өртеген Жөнейт саз өнерінің құдірет күшінен жеңіледі. «Ханша дария хикаясындағы» қатыгез қаһан Шыңғыстың жауыздыққа толы іс-əрекеттері жауапсыз қалмайды. Қаһарлы Шығыс пен зұлым Жөнейттің қаһарына қарсы жазушы – адамның биік рухын қарсы қояды. Сөйтіп өз шығармаларына тəн философиялық мағынаны, психологиялық тереңдікді дамытады. Қаламгер «қараңғы» мен «жарықты» арпалыстыра келе түпкі қорытындыны əділет жеңетіндігінің – көркемдік шешімімен тиянақтайды. Халық арманынан жаралған аңыз-əңгіме қаламгер танымының «домнасында» қайта қорытылып, өмір шындығы көркемдік шындыққа айналады.

«Күй» повесінде алғаш қолданыс тапқан «мəңгүрт» ұғымның кейін жадтан айырылған жанның трагедиялық мүшкіл халінің белгісі ретінде əдеби айшыққа айналып, əлемдік деңгейге көтерілуі осының бұлтартпас бір дəлелі. Иə бір кездері осы «мəңгүрт» ұғымын кім əдеби айналымға енгізді деген өнбес əңгіменің өріс алғаны белгілі. Бұның жауабында азаматтығы арына сын жазушының өзі бергенді:

«Мен шексіз кекшілдіктің шексіз қатыгездікке, ал шексіз қатыгездіктің рухани мəңгүрттікке ұрындыратынын сөз етсем, Шыңғыс Айтматов мəңгүрттіктің қайтадан шексіз қатыгездікке тірелетінін егежей-тегежейледі». Бұдан артық сөз өнеріндегі көркемдік ізденістің мəнін ұқтыру бола ма?! Өйткені «Шығарманың идеялық пафосы – бейбітшілдік пен адамгершілік үшін күрес. Автор оны күй өнерінің құдіретімен шеше білген» [2, 737 б.].

Əдебиет – мүмкіндігі шексіз рухани əлем. Ə.Кекілбаев кейіпкер бейнесін жан-жақты сомдау, адам жанының сан алуан құбылыстарын тереңдеп бару үшін бар мүмкіндікті молынан пайдаланып, көркемдік əдіс-тəсілдерді, көркемдегіш-бейнелегіш құралдарды суреткерлік шеберлікпен кеңінен қолданады.

Жазушы шығармаларына терең философиялық мəн мен көшелі қоғамдық болмыстар арқау болып отырады. Ұлттық сана, ұлттық болмыс, адамзаттық гуманизм, қоғамдық сананың қалыптасуы т.б. күрделі мəселелер толғандырар тақырып ретінде көтеріледі. Ə. Кекілбайұлының

«Абылай хан» атты өлең-драмасында ұлттық рух ұстанымы, азаттық пен еркіндік идеясы, қоғам мен адам арасындағы қатынастар, адамның қоғамдығы алатын орны үшін күресі ХҮІІІ – ХІХ ғасырлар тоғысындағы қазақ даласындағы тарихи оқиғалар үрдісі негізінде өрбиді.

Жазушының «Аңыздың ақыры» атты романы қазақ əдебиетіндегі шын мəніндегі психологиялық романның көшбасшысы. Бұған дейін бір адамның бүкіл ой-танымы, жан толғанысы, сезім күйі, мінез-құлқы арқылы өрілетін роман болған емес. Шығарма осы саладағы қазақ əдебиетінің іргелі табысына саналады. Өз романында туындыгер тарихи тақырыпты жаңаша игеріп, көркемдікпен ұштасқан жазушы қиялының құдіретін танытты. Бас кейіпкердің сан қырлы кейпін ашуда философиялық – аналитикалық талдау арқылы оның ішкі жандүниесіндегі түрлі психологиялық құбылыстардың тереңіне бойлай алды. Сонымен қатар үш адамның – əмірші, кіші ханым, шебер арасындағы психологиялық хал, ішкі монолог, сезім күйі арқылы талғамнан танымға жол тартқан көркем дүние жасап шықты. Романның неміс тіліне аударылған нұсқасы Германияда екі рет басылып шыққан. Мұны И. Гете, Г. Гейне, Ф. Шиллерді ардақ тұтатын неміс халқының қазақ халқына көрсеткен құрметі десе болады.

Əбіш Кекілбаевтың аса ауқымды кең көлемдегі «Үркер», «Елең-алаң» романдарында ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихына қатысты күрделі оқиғалардың табиғатына терең бойлап, тарихи шындық жазушының ой-қиялы, суреткерлік ізденістері арқылы өзіндік көркемдік шешімін тауып отырады.

Бұл романдарында жазушы жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресті таза реалистік шыншылдықпен, романтикалық шабытпен суреттейді. Осынау азаттық күресті ұйымдастырушы, бірегей қолбасшы, тарихи тұлға Əбілқайыр ханның бейнесін Аңырақай шайқасындағы асқан ерлігі мен одан соңғы Ресеймен бірлікке келу жолындағы атқарған ақылмандық іс-əрекеттері, елін сақтау жолындағы түсінуі қиын бағытты ұсынуының себепсалдарын айқындау арқылы тарихи шындыққа қиянат жасамастан, тарихи дерек пен жазушы қиялының бірлігінен қиыннан қиыстыра отырып, көркемдік шындығы шымыр шығармада шеберлікпен ашады.

Қос романда ұлттық мүдде турасынан келген шындық бар. Ертеңге үміт артқан қос кейіпкердің Əбілқайыр, Тевкелев шын сыры, өзіндік көзқарастары ішкі толғаныс арқылы беріледі. Қазақ қоғамының сол кездегі шындығын осы кейіпкерлер ой ағысы арқылы саралайды. Оны өзінің авторлық ұстанымы тұрғысынан үстемелейді. Осы үштік айырымбірліктен шығармадағы бар болмыстың реалистік шындығы айқындалады. Осыдан келіп, бүтін-бітімдік көркемдік ой-жүйе қалыптасады.

Жазушы қазақ халқының хал-ахуалы, оның сол кездегі тағдырдың кермесіне кез болып, «иə бар, иə жоқ» сынды сұрақтар алға тартылған өзекті мəселелерін тарихи таным, көркемдік сурет арқылы шебер бейнелейді. Жəне де парасат-пайым тереңдігі арқылы ой ағынан еселенген замана шындығы туралы əлеуметтікпəлсапалық ой түйінделіп, тарихтың таласты сұрағына толыққанды тұжырым жасалады.

Ə. Кекілбаев өзінің тарихи романдарында қазақ халқының өткен дəуірлердегі түрлі қоғамдық өзгерістер тұсындағы өмірін жан-жақты суреттеу арқылы сол дəуірдің шындығын сөз өнерінің көркемдік құдіреті арқылы көрсетіп, сол кезеңдегі қоғам, адам туралы кең түсініктерге жол ашады. Олар жалаң ғана суреттелмей, қазақ халқының дəстүрлік мəдениеті мен ұлттық руханиятының эстетикалық сұлулығымен сабақтастырыла өріледі. Мұнда тарих көркемдік сана тұрғысынан терең сарапталады. Тарихтағы азаттық жолындағы күресті көркем бейнелеу Ə.Кекілбаев ұстанған ұстанымның негізгі тірегіне айналады.

Жалпы, Əбіш Кекілбаев шығармаларының мазмұн тереңдігін ашар басты қасиет жеке кейіпкерлердің ішкі жан-дүниесіне бойлау арқылы келетін аса табысты психологиялық суреттеу болып табылады. Автор ізгілік пен зұлымдық арпалысындағы адамзат ұстанымының басты идеалдарын алға қоя отырып, адам тіршілігі, адам өмірі туралы мəңгілік сұрақтарға жауап іздейді. Оларды көркемдік ой таным арқылы шешуге ұмтылады. Зұлымдықты ізгіліктің жеңерін басты ұстаным ретінде алға тартады. Ізгілік, адагершілік, əділеттілік, имандылық тағылымдары мəңгілік өзекті де мəңгілік қасиетті!

Иə, Ə.Кекілбайұлын бүгінгі қазақ сөз өнерінің хас шебері ретінде танудағы заманаларға жол тартқан шығармаларының құндылығын қысқаша қайырғанда, осылайша түйіндеуге болады.

 

  1. Əшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. – Алматы: Жазушы, 1993. – 497б.
  2. Қазақ əдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. –Алматы: ҚАЗақпарат, 2005. – 998 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.