Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Поэтикалық ақпарат жəне оның уақыт пен кеңістікте таралуы

Адам баласының ақпараттық өрісінің маңызды элементінің бірі – уақыт. Ол – адам санасы кеңістігінің ең маңызды қаруы. Адам санасының əрбір микроқұрылымы сол құрылымға ғана тəн уақыт пен кеңістікке ие болады. Бұл біртұтас организм құрылымдарына ілгерілі-кейінді қайтымды бағытты емес, айналмалы шығыныңқы бағытта əрекет ететін иерархиялық тəн. Мұның өзі ең мықты əсер етуші элемент ретіндегі уақыттың ақпараттық өрісте организмнің ең ілкі, бастапқы микроқұрылымдарында бар болатынын білдіреді.

Уақыт əрқашан да ойшылдардың ойының шоғырлануының сиқырлы нүктесіндей болып келді. Ежелгі діндер мен мəдениеттерде де уақыт ағымының заңдылықтарын түсінуге талпынуы ешқашан үзілмеді, сол бағытта дəлме-дəл күнтізбелер, хронологиялық жазбалар жасаумен айналысты. Адам санасында уақыт туралы екі түсінік барлығы белгілі: қайталанатын оқиғалар, «дөңгелек дүние» бірізділігі түріндегі циклдық уақыт жəне бірбағытты сызықтық қозғалыс ретіндегі уақыт.

Поэтикалық ақпарат кеңістікте уақыт ағымымен қалай таралады дегеннің жауабын іздеу де бүгін пайда болған мəселе емес. Б.Успенский циклдық уақыт ғарыштық санаға, сызықтық уақыт тарихи санаға сай түсетінін айтады. «Ғарыштық сана уақыт процесінде бір, сол бір ғана онтологиялық жүктемелі мəтін қайталанатынын болжауға мүмкіндік береді… Тарихи сана сызықтық, қайырылмас уақытты ұсынады», дейді[1,32].

Поэтикалық ақпарат ретіндегі шығармашылық өнерде де ырғақтық, интонациялық жүйе арқылы уақыт таралатын жерде қайталамалы, айналмалы циклдық, қайтымсыз, бірбеткей сызықтық уақыттың үйлесімі мен қайшылығы көрініс табады. Қазіргі поэтикада уақытты жаңаша сезіну оның поэтикалық болмыс қозғалысының сандық өлшемі болатын энергетикалық табиғатына сүйенеді. Уақыт энергиясы теориясының дамуы ежелгі араб танымдарында кездеседі, онда олар уақытты Ғаламды шығармашылық энергиямен рухтандыратын ерекше күш ретінде таниды[2,8]. Сонымен қатар əлемдік діни философияда, оккультті білім өкілдері еңбектерінде де ұшырасады.

Н.Козырев теориясына сəйкес уақыт – материалдық жүйенің энергиямен мейілінше тығыздалуы[3]. Материалдық энергия мен уақыт ағымы арасында мынадай байланыс бар: болмыстың энергияға қанығуы қаншалықты жоғарылаған сайын уақыттың ағымы соншалық жай болады. Бұл байланыс поэтикалық ақпарат ретіндегі болмысқа тікелей қатысы бар. Оның энергетикалық тығыздығы уақыт бірлігінде энергетикалық импульстар санымен өлшенетін поэтикалық жасушаға да тікелей қатыстылығы ерекше назар аудартады.

Поэтикалық ырғақ дербес ақпараттық бірлік қызметін атқара отырып, уақыттың энергетикалық өлшеміне айналады. Ол өмір туралы, сондай-ақ Ғарыш құрылымы жөнінде тұтас аяқталған ақпаратты тасып жүреді. Кеңістік пен уақыттағы поэтикалық ырғақ жүрісін əлемдік сызықтарды қосушы қайнар көзге теңестіруге болады. Поэтикалық ырғақ есебінен қозғалысқа түсіп, жүзеге асатын поэтикалық сөйлеу, поэтикалық ойлау дың өзі ғана емес, оның қадамына дейінгі үзіліс пен пропозициялық құрылымдарды көшіруші, құрылымдардың ішегін қозғаушы кідірістердің өзінің поэтикалық дискурстық бірлік ретінде танылуы осы жерден айғақ табары сөзсіз. Сайып келгенде вербальды жəне вербальды емес дискурстық бірліктер Ғарыштық сананың үйлесімін жасаушы жəне реттеуші ерекше жүйе құратын тану қиын емес. Кеңістікте поэтикалық ақпаратты толық қамтамасыз ететін дискурсық бірліктер тыныштық қалпын ретті мағыналы ақпараттық толқынға қосуда сызықтық емес уақытта жарықтық жылдамдықпен қозғалыс жасайды. Ал біз оны өз уақыттық өлшемімізге сай өлшеуге тырысамыз.

Қазіргі тіл білімінің бағыттарында уақытты сезіну оның энергетикалық табиғатына сүйенілді, мұнда энергия поэтикалық материя қозғалысының сандық өлшемі ретінде танылады. Уақыт энергиясының теориясының дамуын ежелгі дəуірдегі түркілік білімнен де табуға болады. Соның нəтижесінде қазақы түсінікте уақыттың тың деректері терең құрылымдық жүйе ретінде сипатталады, біздің тілдік танымымызға да сол қалпын бұзбай жеткен, сақталған. Мəңгілік ұғымында уақыттық өлшем жоқ, оның ес кеңістігінде ғана уақыт өз мəнісін табады.

Жалпы энергияның оң не теріс белгісінің болатынын ескерсек, кеңістікте тербелген кез келген ырғақ сəйкесінше жағдаятқа сай оң не теріс нəтиже беретін күшті де (энергияны) оятатынын байқауға болады.

Поэтикалық санадағы уақыт бұл ғарыштық қуатты вектор, қаптаған ұсақ энергетикалық элементтерден құралған күшті ағын.

Қарапайым өмірде энергетикалық микроэлементтер (Штокхаузен микроуақыт ( 1/16 сек. аз) жəне макроуақыт (1/16 сек. көп) түсініктерін ажыратқан [4.]) өздігінен құнды болмайды. Соған сай өмірдің еш сəті де өздігінен құнды болмайды, əрбір сəт келесіге жалғастырушы үзік қана, əрбір сəт келесі сəтке жетіп онымен алмасуға ұмтылушы ғана.

Ал поэтикалық болмыстағы уақыт, мəселен Абай шығармашылығындағы уақытты əрбір поэтикалық құрылымды тұтастырушы элементтері дербес əрі өздігінен құнды боп есептелетін энергетикалық импульстарға толы тұрақты өріс ретінде қарастыруға болады. Поэтикалық болмыстағы уақыт ақпаратқа толы, тығыз жəне біртұтастыққа шоғырланған. Сол себепті де оны тыңдағанда, естігенде, қабылдағанда, жырлағанда, іштей не дауыстап түзгенде уақыттың белгісіз күшпен созылғанын, өзге əлемге сүңгуді, өзге кезеңге, қалыпқа, күйге өтіп кетушілік сезініледі, басқа өлшемге сыйдырылғандықты, сыйысқандықты сəл сəтке болса да адам мойындап қалады, мұнда əрбір секундтық ғұмыры шынайы деп аталатын сызықтық уақыттағыдан ұзақтығы білінеді.

Поэтикалық ақпарат ағымында қанат біту мен ақпараттық көлем үйлестігіндегі, құрылымдылық пен айырықша ақпараттық тығыздықтың бір мезетке тоғыстырылуындағы қайшылық сезініле бермейді, сəт үзілгенде қайта жалғасын табуы сызықтық уақыттағы жағдаятқа тəуелділіктен арылуға қатысты болады. Поэтикалық уақыттың құпиясына кілтті əр адам өз санасында жасап жəне жойып отырады, оның өзі поэтикалық уақыт феноменінің энергетикалық табиғатынан деп түсінеміз.

Поэтикалық ақпараттық құрылымдылығы əу бастан бар құрылымға сəйкестеліп салынып келеді. Біздің тарихи кеңістікте таралған интертекстілік туралы түсінігіміз біршама қалыптасып қалды десек болады. Алайда ежелгі дүниеден қалған поэтикалық мəтін үзіктерінің басқа бір уақытта, кезеңде тағы сол күйінде, не өзгешелікпен қайталанылуын интертекстуалдылықтың əмбебап көрінісі ретінде ғана түсінік қалыптастырдық. Бір ғана қазақтың поэтикалық жадындағы интертекстуалдылық туралы айтсақ, мысалы, батырлық жырлар үзігінің жыраулар поэзиясындағы шоғыры, одан өтіп кейінгі ақындардың ақындық дəстүрінде жалғастығын табуын мəтіннің аралық сипатымен түсіндіру жеткіліксіз деп ойлаймыз. Себебі белгілі кезең ақынының аузында өзінен бұрынғы не параллель уақыттағы шығармашылық тұлғаның/тілдік сананың мəтіні/мəтін үзігінің қайта көрініс беруі мəтіннің/сөздің уақыттан уақытқа, кеңістіктен кеңістікке көшуінен десек, бүтін қазақ қайталауға шебер болғанымен, өзгеруге/дамуға бейім еместігімен де келісер едік. Расында кеңістіктерден, атап айтқанда жад кеңістігінен сана кеңістігіне, одан тілдік сана кеңістігіне өтуге бейім болатын интерқұрылымдар, яғни аралық пропозициялы құрылымдар мен біз қарастырып отырған поэтикалық ақпараттың энергетикалық элементтері деп пайымдаған дұрыс. Ең қызығы бұл көшпелі құрылым өзгеруге (мутацияға) де бейім екенімен келіспеске болмайды. Оны төмендегіше түсіндіріп көрелік:

Бізді белгілі бір деңгейде қуаныш-мұңға бөлейтін қазақы сұлу жыр өрнегі қандай энергиялық ақпараттардың басын біріктіреді? Бұл сұрақтың жауабын қазақ ішінен интуитивті түрде танып білгенмен, атап-түстеп бере қояры əрқандай. Мұның өзі, біздіңше, ескі ұлттық танымда ғой деп ойлаймыз. Кеңістігін төртке бөліп билеген түркілік тұтастық танымға (біз бұл тұрғыда бұдан ілгеріректегі мақаламызда жазғанбыз [5.5]) көз жіберелік: №1 сурет

Мұндағы шартты белгілер дəстүрлі түсінікке сай. Тұтастай алғанда территориялық кеңістік энергетикаға толы шеңбер түрінде көрініс табады.

№2 сурет

Оны кіндік нүктеден бөлетін екі көлденең жəне тік сызықтар уақыттық қос бағытын, сондай ақ төрт бөліктілікті тудырады да, жұптар үйлесімін жасайды:

№3 сурет

Бұл үйлесім халық тілінің танымдық болмысына да терең орныққан: дүниенің төрт бұрышы, екі ауыз сөз, екі елі ерін, ауызекі сөйлеу, төрт жол өлең, т.б. Төрт жол өлеңнің материалдық формасы шартты түрде мына түрде көрініс табады:

---------------------------------

---------------------------------

---------------------------------

---------------------------------

Поэтикалық мəтіннің мазмұнын энергияға толы поэтикалық ақпарат құрайтынын ескерсек, мазмұнға форма беру былайша көрінер еді: №4 сурет (Суреттердегі бейнелер беттескен, кіріккен бейнелер, түсінікті болу үшін шартты түрде бөліп көрсетілді)

 

форма

мазмұн

форма

мазмұн

202 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №4-5(128-129). 2010

Мұны поэтикалық ақпараттың тарихи уақыттағы формаға өтуінің бастапқы фазасы ретінде, адам санасының интуитивтік-рухани деңгейі ретінде қабылдаған жөн: шығармашылық тұлғаның өз мазмұнын формалауға ұмтылуы (өлең түріндегі əдеби-мəдени құндылықтар: бəдік жыры, қайым айтыс, сыңсу, жоқтау, жұмбақ т.с.с.). Бірте-бірте ортаңғы фазаға өту көрініс береді, мұнда поэтикалық ақпараттың басты ұйымдастырушы – дəстүрлі ырғақ.

форма

мазмұн

Мұнда форманы тілдік сана түпкілікті игереді, иеленеді, формадан мазмұнға (энергияға) жəне керісінше өту еркін жүзеге асады, адам санасының интеллектуалды-рухани деңгейі ретінде танылады, классикалық кезең: жыраулар поэзиясы, жырлар, қара өлең, ақ өлең, т.б.

Соңғы фазада форма да еркін, энергетика түпкілікті игерілген, ғарыштық уақыттағы ғарыштық сананың белең алуы, таза рухани-синергетикалық деңгей көрініс табады. Жаңа мазмұндағы жаңа формалы поэзия: Абайдың алты тармақты, сегіз тармақты өлеңдерінен басталады №6 сурет.

мазмұн

форма

Энергетика қай фазада да форма бойына үнемі таралып отырады. Енді бастапқы суретке қайтып

оралып, бұл сызбаны ортаңғы кіндік нүктеден көтерсек, мына көрініске ие болар еді: №7 сурет

Бұл – түркі жұртының, қазақы танымдағы кеңістіктің классикалық моделі, визуалды əрі виртуалды əмбебап интерқұрылым. Конус формасына геометриялық фигуралардың түрлері сыйыса алады: шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, сегізбұрыш, ромб т.с.с. Сондай-ақ, шеңбер – күллі кеңістік, шаңырақ – оның символы. Конус – киіз үй, сəукеле, алтыбақан, қара қазан, жүрек, сана формасы. Бұл құрылым – түркі жұртының ғарыштық санасы мен дүнияуи дүниесінің барлық нүктесіне кіріккен құрылым. Поэтикалық ақпараттың таралуы да бұл кеңістіктен ауытқи қоюы екіталай. Ал поэтикалық ақпараттың уақыттық кестесі өлшемсіз ғарыштық санаға ұмтылуымен ерекшеленеді.

 

  1. Успенский Б. История и семиотика. Статья вторая. «Труды по знаковым системам». Т. ХХIII. Тарту, 1989, с. 32.
  2. 2.. У и т р о у Дж. Естественная философия времени. М., 1984, с. 92. 13 Блаватская Е. Тайная доктрина. Т. 1. Л., 1991, с. 8.
  3. Козырев Н. Избранные труды. Л., 1991.
  4. См. Чаплыгина М. Музыкально-теоретическая система К. Штокхаузена. М., 1990.
  5. Аитова Н.Н., Əбдірова Ш.Г. Тұтастық жəне түркілік тұтастықтың синергетикалық түсінігі/ Жұбанов тағылымы ҮІІ халықаралық ғылыми конференциясының материалдары. Ақтөбе, 2009. 2-том.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.