Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұхаммед пайғамбар туралы дастандар желісі

Мұхаммед пайғамбардың өмірбаян деректері негіз етіп жазылған дастандар тарихы əріден басталады. Бұлар бір тұтас цикл деуге болады. «Мұхаммед пайғамбар» дастанында пайғамбардың Хадиша анамызға үйленгенге дейінгі кезеңінің бірер уақиғасы баяндалады.

Шығарма Мұхаммед пайғамбардың ислам үшін күрес жолын баяндайтын ондаған көркем туындылардың бірі. Дастанның мазмұны пайғамбар өмірін негіз еткен хадистер мен Құранның аят-сүрелерінен алынған.

Шығармадағы Əбужəһілдің (Омар бин Хишам) пайғамбарға қарсы əрекеттері нақтылы деректерге сүйеніліп баяндалғаны дастанның тарихи негізін танытса керек. Əбужəһіл надандықтың атасы дегенді білдіреді.

Шығармадағы кейіпкерлердің көпшілігі тарихта болған адамдар. Мəселен, Əбужəһілдің дастандағы жексұрын бейнесі де шындықтан туындаған. Ол жөнінде Құраннан [96, 10; 68, 10-14], хадистерден, қасиетті «Сира» мен араб тарихшыларының зерттеу еңбектерінен оқуға болады», деп жазады зерттеушілер [1;370].

Əбужəһіл де пайғамбар шыққан Құрайыш тайпасынан болғанына қарамастан, діни ұстаным үшін Мұхаммедке қастық қылуын қоймаған. Бұл амалдан Пайғамбар Алланың құдіретімен ғана аман қалғаны айтылады.Хазірет Омар оны өлтірілуге жібергенде

«Хадид» сүресінің аяттарын естіп райынан қайтқан, исламға мойынсұнған.

Дастанда Мұхаммедтің жастай жетім қалып атасы, одан кейін əкесінің інісінің тəрбиесінде өскені баяндалады.

Дастан оқиғалары тарихи аңыздар сырын аша түседі.

Зерттеушілер «Мұхаммед пайғамбар» дастанының қайсыбір желілерін эпикалық мұраның

көркемдік иірімімен сабақтастыра қарастырған тұстар да бар.

Шығармада Мұхаммед пайғамбар мен Хадиша анамызға қатысты баяндалатын əңгімелер де тарихи шындық негізінде айтылады.

Шығармада ежелгі əдебиеттің үзілмеген арқауының бірі түс көру мотиві бар.

«Бабалар сөзі» жинағындағы дастанда берілген түсініктерге қарағанда бұл дастанның қазақтың халық эпосымен, жыраулар поэзиясымен образдар жүйесі, баяндау тəсілінде ұқсастық, сабақтастық бар. Мəселен, мына бір айтылған тоқтамға назар салалық:

«Шығармадағы Хамза, Əбутəліп, Аббас сынды кейіпкерлердің бейнесі «Қозы Көрпеш-Баян сұлудағы» Тайлақ пен Айбасты, «Қобыландыдағы» Естеміс пен Сəлімбайды, «Қыз Жібектегі» Шеге мен Қаршығаны көз алдымызға əкеледі.

...Шығармада басты кейіпкердің санатында Мұхаммед Расулдың немере ағаларының бірі Аббаз (Аббас) да жүреді.Оның Үшжам (Хишам) патшаға айтқан мына бір сөздері Бұхардың Абылайға арнаған белгілі өлеңін еске түсіргендей:

Үшжам, менен бай ма едің, Ілгеріде қайда едің?

Патша бопсың бұл күнде, Ағайынға сай ма едің?

Нағып шықты есіңнен, Емек қана жайда едің.

...Түйемді бағып жүруші ең, Жалаңаяқ зар жылап,

Бір атадан нашарсың, Неғыласың мал санап...

«Қисса-и анхазірет Расулдың Миғражға қонақ болғаны» қиссасында Мұхаммед пайғамбардың Алланың бұйрығымен Миғражға көтеріліп, нұр дидарын көру тарихы баяндалады. Шығарма 1896 жылы баспа көрген. Бұл дастанның соңында мынадай дерек бар:

Əркімге ғибрат үшін жаздым мұны, Жайымыз қандай болар махшар күні Иə, Алла, рахметі көп, жарылқағыл, Ғафу қып мен ғасының күнəһыны. Мұны жазған, сұрасаң, қожа затым, Жақсылар, айып етпе, жазған хатым, Əкем аты Шайхыслам қожазада, Жүсіпбек, мұн ы жазған менің атым.

Зерттеушілер Жүсіпбек мəтінді баспаға əзірлеген дейді.

Дастан оқиғасы Құран мазмұнында баяндалған шындық жайлар негізінде өрбиді:

«Мұхаммед Расулдың көкке көтерілуі жайында қасиетті Құранның «Исра» сүресінде анық жазылған» [1;375].

Осы дастандағы оқиғаға қатысты ғылыми деректердің мəн-жайына барлай қарау арқылы бірталай мəселені ұғына түсуге болар еді.

«Мұхаммед пайғамбардың көкке көтерілуі мен оның Алла тағала Дəргаһында болу тарихына Ислам

Жалпы ислам тарихында «Миғраж» оқиғасын арқау еткен шығарма біршама. Соның ішінде XIX ғасырдағы қазақ арасына кең жайылған дастандардың жазылу тарихында үңіле түсіп зерттеуді қажет етіп отырған мəселелер бар.

Жалпы Мұхаммед пайғамбар туралы қиссалардың негізгі мақсаты XIX ғасырда аярлықпен жүргізілген шоқындыру саясатына қарсы бағытта дін негіздерін ұғындыратын ағыстың мақсатымен үндес.

«Мұхаммед пайғамбар» дастанына сабақтас бұл шығарма еркін жыр үлгісінде қайта жырлан ған. Жыр тілінде өмір пəлсапасынан өрілген өрімдер назар аударады. Дастан баяндау үлгісінде жазылған. Жанды, бейнелі, көркем. Мұнда ақын дəстүрлі жыр үлгісінде төгілтіп, сөгіп айтатын тұстардың қарасы қалың. Өлең ұйқасы аралас. Шығарма тілінде кітаби тіл ықпалы мен элемент тері айқын көрінеді. Дастанда бейнелі суреттер де бар.

Шығарма өмірлік, тарихи деректерге жүгінуімен де құнды.

ғалымдары əрқилы баға берген. Оларды кейбіреулері

«Расул Алла Миғражға түсінде көтерілген» десе, енді бірқатары «ояу еді» деседі. Тағы бір қайшылық

«Мұхаммед (ғ.с.) Көкке денесімен түгел шықты ма, əлде рухы арқылы саяхат жасады ма?» деген аса қиын сауалдың төңірегінде өрбіді. Алайда, көптеген мұсылман қауым Миғраждың дене арқылы өткеніне сенеді» [1;375].

Зерттеушілер «Миғраж» дастанының тіл көркемдігіне көңіл бөледі. Кестелі тіркес, келісті теңеулердің мол екендігіне тоқталады.

 

  1. «Бабалар сөзі»: Көптомдық, 1 том «Діни дастандар».─ Астана, 2002. ─448 б.
  2. Құран Кəрім. Қазақша мағына жəне түсінігі. Ауд. Халифа Алтай, Медине, 1991.-547 б.
  3. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. Алматы; Жазушы, 1984.-260 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.