Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Əйел сипаты

Əйел заты тіршілік тірегі, отбасының ұйтқысы екені белгілі. Тіпті адамның адамгершілік тұрпаты, оның ұлықты ұл, қылықты қыз болып қалыптасуы да отбасына байланысты екені анық. Халқымыз «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп бекер айтпаған ғой. Бүкіл өмір-тіршіліктің кілті əйел затының қолында десек, артық айтқандық болмайды. Ана алақанының жылылығы сəби үшін ғана емес, ортағасырға да үлкен күш-қуат береді. Өмірге құштарлықты арттырып, адамға жігер беретін құдірет – əйел-ананың ықыласы. Бұдан шығатын түйін соладам өміріне əйел затының ықпалы зор. Осындай себептерден болар ілгері-кейінді өткен ақын-жыраулардың көбі-ақ бұл мəселеге назар аударған. Осы ретте Ақан Қорамсаұлы бірнеше өлең жазған. Соның бірі «Жақсы қатын» деп аталады. Ақын алдымен жақсы əйелдің сыртқы сипатына назар аударады.

Ақ жүзді қатын алсаң бойы сұңғақ, Қасыңа шақырғанда келсе зырлап. Дауысы əу дегенде əрең шығып Кеудесі еңкейгенде етсе бұлғақ.

Немесе:

Қара қас, жазық маңдай, қара көзді, Дауысы жіп-жіңішке жұмсақ сөзді,

Мінезі майға еріткен қорғасындай

Келсең де ерте-кешті бір мінезді. (1, 179б.).

Талғамы биік ақынның талабы да жоғары. Алды мен көңілі толатын жақсы əйелдерге портреттік сипаттама береді. «Ақ жүзді, бойы сұңғақ» не «қара қас, жазық маңдай, қара көз» болуы шарт. Сұлулыққа жаны құштар ақын əйелдің сыртқы бітіміне ақылы сай болуын қалайды. Құлаққа жағымды жұмсақ дауысқа, «майға еріткен қорғасындай мінез» адамға берілген үлкен байлық.

Ерте-кешті келсең де бір қалыптан өзгермейтін мінез көп нəрсені шешеді. Тіпті отбасының бақыты, мызғымас татулығы да əйелдің ақылы мен мінезіне байланысты екені белгілі.

Жүзінің ақ аралас қызыл бетті, Жаман сөз сөйлемейді, адал жұпты. Болғанда тісі аппақ, пісте мұрын Ауызы қалжың сөзге болса епті, - деп тағы да сұлу əйелдің сын-сымбатын айшықтай түседі. Осы арада айта кетер бір жай, ақын халық əдебиетіне бұрыннан қалыптасып, жиі қолданылатын сипат-белгілерді (ақ жүз, қара қас, жазық маңдай, қара көз, қызыл ьет, аппақ тіс, пісте мұрын т.б.) қолданғанын байқаймыз. «Əйел портретін суретбояуы жағынан алғанда адам бейнесінің, өң-түсінің ашықтығы, айшықтылығы назар аударады. Жарқырап көзге ұратын жəне бірін-бірі күшейтіп, ашып тұратын, айқын реңтүстерді сипаттайтын ақ, қара, қызыл сияқты эпитеттер əсіресе жиі қолданылады» (2,39б.). Бұл, сөз жоқ, халық əдебиетінің əсері.

Алайда халық əдебиетіндегі дəстүрлі суреттік айшықтау, баламалар қолдану арқылы сұлу əйелдің ажар-көркін əрлендіре суреттейді. «Жаман сөз сөйлемейтін, адал жан» екенін де аңғартады. Жақсы əйелдің тағы қандай сипаты болады екен?

Кетеді түзге барса қырдан асып, Қосылған ғашық жары көңілі тасып. Жақсы сөз, жаман сөзді бірдей біліп Ерінің сөйлемейді көңлін басып.

Тəрбиелі əйел бейнесі көз алдыға келгендей болады. Ақын сұлу əйелдің кескін-кейпін жалаң суреттемейді. Бой сұлулығын ай сұлулығы мен ұштастыра бейнелейді. Жақсы, жаман сөздің парқын біліп, ерінің көңілін баспай сөйлеу инабаттылықтың белгісі. Сондықтан ақын мұндай мінез-қылықты жақсы əйелге тəн деп біледі. Немесе:

Аяғын, табағымен қойған жуып, Сүйреңдеп сөз сөйлемес өсек қуып, Бір сөзді екі сөз ғып еш айтпайды Көбейсін ұрыс-жанжал қайдан туып, -

деген жолдардағы ақынның айтып отырғаны бір қарағанда ұсақ-түйек нəрсе сияқты көрінуі мүмкін. Шынында олай қарауға болмайды. Өйткені үй-ішінің тазалығы қазан-ошақ, аяқ-табақтың жуылып таза тұруы əйел затының басты міндеттерінің бірі. Тазалық əйелдің ісілігі мен тəрбиесіне де қатысты. Қысқасы, тазалықты тəрбиеден бөліп қарауға болмайды. Адамның денсаулығының, көңіл хошы– ның, өң-шырайының жақсы болуына тазалықтың да айтарлықтай əсері болатыны даусыз. Тіпті тазалығы жоқ үйге қонақ та, көрші-қолаң да келмеуі мүмкін.

Тазалықты сақтау тəрбиелік, мəдениеттіліктің белгісі болып есептеледі.

Жақсы əйелге тəн қасиеттің бірі «Сүйреңдеп сөз сөйлемес өсек қуып». Сүйреңдеп сөз сөйлеу, басқаша айтқанда өсек айту тіршіліктің шырқын бұзуы мүмкін. Бір нəрсенің парқына бармай, көпірте көп сөйлеп өсек-өрбіту біреудің жанын жаралауы, не өзіңді ыңғайсыз жағдайға қалдыруы ғажап емес. Сондықтан ақын əйелдің жақсы қылығын жария етеді, көпке үлгі ретінде ұсынады. Осындай əйелдерге көңілі толады, разы болады:

Болмайды киімі де еш уақыт кір, Құманда дəрет суы жып-жылы тұр. Сақтанып өсек сөзден бойын бағып, Сүйреңдеп абысынға айтпайды сыр.

Бұл бойын таза ұстайтын, ұқыпты əйелдің сипаты. Өсек-өтіріктен бойын аулақ ұстап, сыр ашпау кісілікке тəн қылық. Мұндай əдеп ерлізайыптылардың арасында қанағат сезімін тудырып, бір-біріне деген жақсы ілтипатын арттыра түседі.

«Ақын жырлары адамгершіліктің асыл қазынасына барлау жасайды, оның ең қымбаттылары мен қасиеттілерін паш етеді» (3,200б.)1. Енді бірде:

Кісі жоқ одан бұрын ерте тұрған, Бүркеніп оң қолына алар құман. Немесе:

Жат мінез, шайпау сөзі еш болмайды, Шақ етіп даусы шықпас баланы ұрған. Ерте-кеш бір ауылдан ері келсе,

Тап-таза үйдің іші сыпырылған. (1,180б.).

Ақан əйелдің сырт сұлулығына ғана қарамайды. Оның мінез-құлық, таным-тадғамына да ерекше назар аударады. Ақылды əйел жат мінез, көрсетіп, шайпау сөз айтпайды. Ер-азаматтың бетінен алып, ащы сөз айтуға бейім тұрған əйелді халық ұнатпаған, көргенсіздікке балаған. Мұндай əйелден бойын аулақ салуды жөн санаған. Ондай əйелдің ұяты аз, кісілігі төмен болады. Ақын жақсы, жаман екі түрлі құбылысты салыстыра суреттеп, адамдарға ғибрат айтады. Қысқасы, үй ұстауы, киім киісі, жүріс-тұрысы жақсы болса, ондай əйел ер адамның да, көптің де көңілінен шықпақ. Бақытты, дұрыс өмір сүрудің қағидаттарын сақтау ата-баба салтының сақталуы деп есептелген.

Ақын өз өлеңінде жақсы əйелді əр қырынан мінездейді. Бар-жоқты білгізбей, еріне адал жүріп серік бола білсе деген ойын орынды жеткізеді.

Еріне адал жүріп болар серік, Қуанар ғазіз құрбы жүзін көріп. Білгізбей бар болса да, жоқ болса да, Ол бір марал-тұрғаны қасын керіп.

Ақын əйел затының бойында үнемі жақсы қасиеттер болуын қалайды. Əйел-ана жақсы болса, сол үйдің түтіні де түзу ұшпақ. Отбасының жылуы артып, сəні кірмек. Тіпті азаматтың алаңсыз тіршілігінің орнықты болуы да əйелге байланысты екені белгілі. Өйткені, ер адамға жағдай жасайтын от-ана емес пе? Сондықтан Ақан ойын:

Сипаты жақсы қатын айтып бітпес, Мадақтап жаман қатын ерін күтпес. Ұнатса аз ба, көп пе тапқаныңды,

Кез келсе кедейшілік ешнəрсе етпес, деп қорытады.

Əйел затына сұлулық та керек, адамгершілік те бұзылмауы тиіс. Осы екеуі ұштаса, бірлік тапса ғана отбасының бақыты баянды болады. Ерінің тапқанын аз демей де, көп демей де ұқсата білсе жəне құрметізеті болса ондай ерлі-зайыптылардың кедейшілігі де білінбек емес. Өмірдің ыстық-суығын тең көтеріп, бір-бірінің қас-қабағына қарай білу де адамгершілік екенін естен шығармау керек. Ақынның айтпағы осындай жақсы қасиеттерді жоғалтпауға үндеу. Ақын от басы, ошақ қасындағы күнделікті хам-харекетті айтып отырып-ақ көпке ортақ ой ұсынады.

Ер мен əйел бірлігі қоғамдық тəрбиенің негізін қалайды. Сондықтан халық бұл мəселеге үлкен жауапкершілікпен қараған. «Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» деген халықтық қағида да үлкен мəн бар. Мұның бəрі саналы ұрпақ өсірудің қамы десек те болады. Пенде болған соң кез келген адамның, соның ішінде əйел затының да жақсы, жаманы болуы мүмкін. Бұл мəселе тек Ақанды ғана толғандырып қоймаған, арыдан арна тартатынын байқауға болады. Жүсіп Баласағұнның (XI ғ.) «Құтты білік» дастанының үйлену туралы тарауында тө-

жақсы, ақыл-парасаты мол, текті-затты, кісілікті адамды таңдауды ескертеді. Мұндай адамнан қапы қалма дейді.

Ұлы ақын Абай да бұл тақырып төңірегінде толғанған. «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңінде жігіттерге тəн кей əрекеттерді саналамай келіп:

Біреуді көркі бар деп жақсы көрме, Лапылдақ көрсе қызар нəпсіге ерме! Əйел жақсы болмайды көркіменен, Мінезіне көз жетпей, көңіл берме. Немесе:

Жасаулы деп, малды деп байдан алма, Кедей қызды арзан деп құмарланба, Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-ананың қызынан ғапыл қалма (5,28-29б), дейді.

Жар таңдаудың шарты – осы. Екі ақынның ойы бір жерден шыққан, тіпті бірін-бірі толықтыра түсетіндей. Абай да əйелдің ажар-көркінен гөрі мінезіне қарауды жəне ар-ұяты, ақылы бар адамның қызынан ғапыл қалмауды ұсынады. Үй болу, серік таңдау-əлеуметтік мəні бар мəселе. Сондықтан бұл іске жеңіл қарауға болмайды екен.

мендегідей ақыл-кеңес айтылады:

Жақсы болсын тегі, заты, ұрығы, Пəк қуатты болсын жанның тұнығы. Көркін емес, ізгі құлқын қарарсың Жақсы болса ерірсің де жанарсың. Кездестірсең ақылды, ізгі адамды Ей, ізгі ер, үйлен қойып алаңды.

Не:

Құр тоздырып нұрлы жүздіңжылуын

Іздей көрме қыздың асқан сұлуын (4,419-421 б.) Осы жолдар да сұлулығынан гөрі мінез-құлқы

 

  1. Қорамсаұлы А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1963ж
  2. Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы: Мектеп, 1973ж.
  3. Кəрібаева Б.Қазіргі қазақ əдебиетінің көркемдік даму жолдары. – Алматы: Елорда, 2001ж.
  4. Баласағұн Ж. Құтты білік// Ауд. А. Егеубай. – Алматы: Жазушы, 1986ж.
  5. Құнанбаев А. Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1976ж.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.