Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Номинативті фразеологизмдердегі «өнер» концептісінің көрінісі

Өнер сөзі қазақ тілінде мынадай мағыналарда қолданылады; 1. Бір шаруаны ұқсатып жасау қабілеті, шеберлік, іскерлік. 2. Шындық өмірді шығармашылық жолмен, көркм образдар арқылы суреттейтін көркемөнердегі жанр. 3. ауыс. Кəсіп, қарекет [1, 654].

Мəдениеттануда өнер сөзі тар жəне кең мағынасында қолданылады. Тар мағынасында алғанда өнер деп көркем шығармашылық процесін жəне оның əртүрлі бітімдерін айтады. Өнердің қазақ мəдениетіндегі алғашқы жүйелерін, түрлерін көрсеткен Жүсіпбек Аймауытов: “Атам заманғы табылған өнер, білімнің бəрі сөз арқылы бұл күнге жетіп, піскен астай даяр болып, жемісін бүкіл адам баласы пайдаланып отыр”, деп жазады. Зерттеушілер өнерді беске бөледі: 1. Сөз өнері. 2. Суретшілік өнері. Мүсіншілік өнері. 4. Үй ішілік (сəулет, үй, сарай, көпір салу сияқты өнер) 5. Музыка өнері [2, 316].

Осы өнер түрлерінің ішінде ең артық бағаланатыны – сөз өнері. Өйткені жоғарыда аталған өнер түрлерінің бəрін сөзбен суреттеп айтуға болады. Сондықтан да қазақ мақалында “Өнер алды – қызыл тіл” деп тұжырымдалады.

Өнер атауы кең мағынасында кез келген адамның шығармашылық əрекетінің баламасы ретінде де жұмсалады. Бұл мағына “шеберлік”, “жасампаздық”, “іскерлік”, “таланттылық” жəне жалпы “мəдениеттілік” ұғымдарымен сабақтасып жатады. Қазақтың қолөнері, зерттеушілердің көрсетуінше, үй ішілік кəсібі негізінде дамыған.. Мəдениеттанымдық жағынан қарастырғанда табиғи емес, қолдан жасалған нəрселер артефактілер деп аталады. Артефактілер – мəдениеттің жемісі. Мəдениеттануда артефактілер ретінде тек денелік белгілер емес, сонымен бірге таңбалық, символдық мазмұны бар кез келген жасанды нəрсе қарастырыла алады. Мəдени артефактілерге адам қолынан шыққан заттар, бұйымдар, еңбек құралдары, киім-кешек, тұрмыстық жабдықтар, тұрғын үй, сонымен бірге қоғам өмірінің құбылыстары – наным-сенім, өнер, моральдық қағидалар т.б. жатады. Халықтың шығармашылық рухынан туған дүниелер, өнер – мəдениеттің алтын қазынасы.

Тарихи тұрғыдан алғанда қолөнер лексикасы байырғы аңшылық, малшылық, егіншілік сияқты шаруашылық түрлерімен байланысты қалыптасқан кəсіби лексикамен тығыз байланысты. Себебі қолөнері сол шаруашылықтарды құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге, адамдардың тұрмыстық қажетін өтеуге байланысты қалыптасты. Қолөнері де кəсіпке жатады. Өйткені екуіне де ортақ нəрсе: еңбектің қандай да бір түріне бейімделу, машықтану, белгілі бір істің маманы болу. Осыған байланысты тарихиэтнографиялық əдебиеттерде, мəдениеттануға қатысты еңбектерде кəсіп, қолөнер кəсібі, зергерлік кəсіп, тоқымашылық ісі, ағаш шеберлігі яки ағаш өңдеуді кəсіп ету, қолөнеріне байланысты кəсіпшілік, қол еңбегі кəсіпшілігі, үй ішілік кəсіп тəрізді атаулар, сөз тіркестері ұзақ уақыттар бойы осылай түрліше қолданылып, соңғы кездерде бұлардың басын жинақтап көрсететін қолөнер деген термин, ал оның түрлері немен айналысатынына қарай үй ішілік өнері, ұсталық өнері, тігіншілік өнері, зергерлік өнері, ершілік өнері, тоқымашылық өнері т.б. түрінде өнер сөзімен тіркесіп айтылатын болды. Этнографиялық еңбектерде басқа кəсіп түрлерінен қолөнерінің бір ерекшелігі ретінде оның белгілі бір шикізатты (материалды) өңдеуге байланысты қалыптасатындығы, өңдеу тəсілдерінің қарадүрсін емес, шығармашылықпен орындалатындығы, соның нəтижесінде көркем, мықты, сапалы т.б қасиеттерімен ерекшеленетін бұйымдардың дүниеге келетіндігі, қолөнер бұйымдарының эстетикалық, əлеуметтік жіктеу, қоғамдық қатынастарды реттеу қызметін атқарып, сондай қызметтерді атқарудың заттық құралы болғандығы айтылады. Осындай белгілеріне қарай тұжырымдай айтқанда қол өнері – ерте замандардан қол еңбегінің негізінде шығармашылықпен қалыптасқан, рухани мəдениетпен тығыз байланысты материалдық, мəдени мұра [3,138-139].

Жинақталған материалдар “өнер” концептісі, “еп, икем”, “жұмыс”, “іс”, “өткір”, “өңдеу”, “мөлшер”, “біркелкі”, “қоспасыз, таза”, “металл”, “қару”, “жаңа”, “əшекейлеу”, “шебер”, “құрал”, “бұйым”, “бейімделу, мамандану”, “киім” т.б. сан алуан ұғымдарды қамтиды.

Тіл тек комуникативтік құрал емес, сонымен бірге адам болмысының, оның мəдениетінің көрінісі, өйткені мəдениет таңба, белгіден тысқары, яғни тілден тысқары өмір сүре алмайды. Адамды түгелдей дерлік таңбалық əлем қоршаған, өйткені адам болмысының өзі таңбалық, тілдік болмыс. Адам бір мезгілде таңбаны тудырушы да, оны талдаушы да. Міне, қысқаша тоқтала кететін болсақ, қазіргі замандағы тіл, таңба мəселесіне жəне оның мəдениеттегі орнына деген көзқарастар осындай. Тіл – тек денотативті (белгілі, сигналдық) коммуникация құралы ғана емес, сонымен бірге коннотативті (белгілі, əлеуметтік – мəдени, идологиялық мəні бар) құрал. Тілде əр халықтың тарихы, оның өмірі, тіршілігі, шаруашылығы мен мəдениеті жатыр. [2, 47]. Бұл айтылғандардың барлығының қолөнерге тікелей қатысы бар. Оны төмендегі мəдени, тілдік ақпараттардан табамыз.

Етек-жеңі түргіт – пысық, жұмысына епті адам. Екі жапсақ, бір епсек – бір мезгілде екі жұмысты қатар орындау. Бұл фраза халық тілінде “бір оқпен екі қоян алу” деген мағынада қолданылады. Қолөнерінде жапсақ – іс, жұмыс. Олай болса тұрақты тіркес шебердің епті қимылына байланысты айтылып, “епті қимылдаудың арқасында екі жұмысты бірден бітірді” дегенді аңғартады.

Қолының епсегі бар – жұмысты, істі орындауға икемі бар. Бұл тіркес “қолының еп-себі бар” тұлғасында да кездеседі. Егеулі найза өткір найза.

Дем берді – металды балқыту үшін шоқты қыздырды. Дем беру – тура мағынасында “жел беру” деген сөз. Ауыспалы мағынасында “демеп, күш-қуат берді, сүйемелдеді, жігерлендірді” дегенді аңғартатындығы мəлім. Мысалы: Аламанға дем берген, Аса жұртты меңгерген (Батырлар жыры) (Аламанкөпшілік; шапқыншы қол; жортуылшы топ; аса жұрт өз жұрты, туысқан елі. Сонда бұл тіркес “шапқыншы қолды, жортуылға шыққандарды жігерлендірді” деген ұғымды аңғартады). Дем тарту – кесетін, шабатын құралдар мен қару-жарақты төске таптап, жалпайтып жүзін шығару, егеумен егеп жүзін шығару. Ұсталық өнерінде қолданылатын бұл сөз “өткірлену” мағынасында Махамбет өлеңдерінде, ауыз əдебиеті үлгілерінде сақталған. Мысалы: Қарқыны күшкі көк семсер, Шапқан сайын дем тартар. Сусыным қанға қанар деп (Махамбет. Ереуіл атқа ер салмай, 1974, 30-б.) [ 4, 24]. Дүр екенсің – шебер адамға қарата айтылады. Дүр – арабтың “асыл”, “маржан”, “гауһар” мағынасын білдіретін сөзі.

Аталған фразеологизмге байланысты академик Р.Сыздық: “Дем тарту тіркесінің мағынасы бұл күнде күңгірт, сондықтан да кейбір жерлерде ол дом тартар деп басылған. Бұл фразеологизм, сірə, парсының дем сөзінің қатысуымен жасалған болуы керек. Бұл сөздің парсы тілінде бірнеше мағынасы бар: қазақ тіліне енген дем (“ауа жұту”) дегеннен басқа жəне бір мағынасы қылыш, оқ, қайшы, семсер сияқты құралдардың өткір жүзі, ұшы дегенге саяды. Осыдан барып дем тарту тіркесі “өткірлене түсу” деген ауыспалы мəнге ие болуы мүмкін”, деп жазады. [5, 53].

Жасыған жездей өте жұмсақ (иленген тері туралы). Жетім қазан – тозығы жеткен, ескі қазан. Жетім қазанға тарыдан басқа еш нəрсе қайнатпайды. Жетім сағанақ – керегенің бір бөлігі. Жетім ұлтан – ұлтаны тесілген аяқ киімге екінші рет қағылатын ұлтан, шолақ ұлтан. Жетімді ұлтанды етікті атқа шапқанда аяқты үзеңгіден алуға бөгет болады деп кимеген, ат жарысында сый табан етік киген. Жорға табақ – ет салатын табақ.

Кəсібіне бару – жұмысына бару. Кəсіпке қосылу – жұмысқа тұру. Кəсіп сауу – кəсіппен айналысу, жұмыс істеу. Кереге там – бейіт үстіне тұрғызылған төрт қабырғалы құрылыс. Кестесі келісу – істеген істің орайы келу, орындалу. Көк ине – іске шорқақ, олақ. Көрік басты – жұмыс істеді, іс соқты.

Қайрауы жеткен əбден өткірленген, шыңдалып, бабына келген. Бір қалыпқа салды – бір үлгімен құйып жасады. Бір қалыптан шыққандай – бұйым бөліктерінің (тұтас бұйымдардың) біркелкі үлгіде жасалуы. Қалып алды – жұмысты орындауға төселді, дағдыланды. Қарқ алтын – таза алтын. – Соңғыда да сауға бар Қарқ алтынға малынтып, Қарлығамды алады (М.Əуезов, Шығармалар жинағы). Қарқ болады – аса сапалы болат. Қарқ – қырғыз тілінде “саф”, “таза”, “нағыз” дегенді білдіреді. [6,351]. Араб тілінде қарқ “молшылық”, “жеткілікті болу”. Қой боғындай қорғасын – мылтықтың оғы. Қылауына қыл түспеген – жүзі қылпып тұр, өткір, жап-жаңа. Қылау – қылыш, пышақ, балта сияқты құралдардың жүзіндегі егеуден кейін қалған ұсақ бүршіктер, ұлпа. Егелген құралдың жүзіндегі қылауды былғарыға, қайысқа жанып кетіреді, олай етпегенде құралдың жүзі қылпып тұрмайды. Қылауы түспеген – жап-жаңа, судай жаңа. Қылыштың жүзіндей өткір, жүзі (мəселен, балтаның) қылпып тұр. Қолдан келген өнерді шашу – бар мүмкіндігін көрсету, жанын сала істеу. Сары алтын – қоспасыз, таза алтын. Суын алу – металды шынықтыру. Суын табу – металды шынықтыру тəсілін меңгеру. – Болаттың суын тапқан данышпаным (Қ.Өмірəлиев, Қазақ поэзиясының жанры мен стилі, 1983, 73-б.). Бұл тіркестер ұсталардың металды суару деп аталатын тəсілімен байланысты. Суару – шабатын, кесетін, түйрейтін құралдардың материалын (темірді) алма – кезек отқа қыздырып, суға батырып, т.б. сұйықтықтарды қолдана отырып шынықтыру, беріктігін арттыру. Суы қайту – темір аспаптардың жүзінің жапырылып, жасып қалуы.

Сіркесін кең қондыра алмау – істің ретін, ыңғайын таппай қиналу. Сірке қондыру деп зат бетіне бүршік қондырып, əшекейлеуді айтады.

Темірге тіл, жаңқаға жан бітіретін өте шебер, бармағынан бал тамған, қолынан келмейтіні жоқ. Темірден түйме түйеді – ұста, асқан шебер.

Іс соқты – жұмыс істеді. – Бір қарт ұста күнітүні тынбай іс соғып отырады екен (Ы.Алтынсарин). Істен шыққан – тозған, ескірген бұйым, құралсайман туралы.

Қиюын келтіру – бөлшектерді қиюластыру, құрастыру. Қию – 1) тұс киіздің шетіне жүргізілетін жиек. 2) тонның сыртқы жиектеріне, жауырынына салынатын барқыт мата.

Қобыздап жасау – ыдысты өрнектеп жасау. Қазақта шидің өрнектеп, оралған тілін қобыз тіл деп атайды. Олай болса, қобыздау сөзі жеке тұрып “өрнектеу, “ою-өрнек салу”, “əшекейлеу” мағынасын білдіреді. Қыдырған уық – қатты жел болғанда киіз үй уықтарының қаламдықтан шығып қалып қисаюы, уықтың қисайыңқырауы. Қой қазан – қой еті сиып кететін қазан. Қазанның ұсталар жасаған жетім қазан, тай қазан, қой қазан, түйе қазан, шүлен қазан деп аталатын түрлері болған. Қол білгі адам – қолынан келетін, істің жөнін білетін адам (фразеологизм техникасыз, қолмен істеуге байланысты айтылған). Қол қамшы – ат қамшы, салт аттының қамшысы. Қол қауға – жазғұтырым судың иірімді жеріне ұстап, балық аулайтын құрал (қауға деп, əдетте, құдықтан су алатын құралды айтады). Қол сандық кішкене сандық. Жергілікті тіл ерекшеліктері ретінде қолданылатын мұндай номинативті фразеологизмдермен (атауыштық мəнде жұмсалатын тіркестер) бірге мынадай фразеологизмдер де кездеседі: қолы бармау қолынан келмеу, бір нəрсені дұрыс істей алмау. – Байғұстың киіз жиектеуге де қолы бармағаны ғой, тіпті, ірікпей тігіпті (Қазақ тілінің аймақтық сөздігі, 420-б.).

Қолы қану – қолы үйрену. Қолының ұшында жасау – оп-оңай жасай салу, қиналмай істеп алу. Қолы түсіну – қолы үйрену. Қызыл қазан – мосыға асатын кішкене қазан. Қырық жүн – нашар, кір жүн. Мая жүн – шекпен, т.б. осындай жауын-шашынға киетін киім (бұл түйе жүнінен тоқылуына орай осылай аталған).

Мүлік болмай қалу – түкке алғысыз болып қалу, қолдануға жарамайтын болу. Төре төсек – кереуеттің үстіне киізді қабаттап, оның үстіне барқытпен қаптап салған төсек. Төре төсек сыйлы адамдарға арналады.

Тесе болу – құрал жүзінің мұқалып, өтпей қалуы. Тесе – халық тілінде жер қазатын кетпеннен кішілеу, шот сияқты құрал. Уық қыдырып кетті уық қисайып кетті. Ұрғашы алтын – саф алтын, таза алтын. Ұрғашы күміс – жұмсақ, ақ күміс. Қазақ шеберлерінің тілінде осы сияқты еркек жіп, ұрғашы басылған ою-өрнекті төсеніш (өре1) құр жаю үшін жасалған ағаш. 2) ау торының бойы, торының ұзындығы). Ойран шалбар – киіктің терісінен кең етіп тіккен шалбар. Аймақтық лексикада сұйқылттау қызылды ойран қызыл дейді. Біздің ойымызша, шалбардың бейнелі атауы киіктің терісінің түсіне орай қалыптасса керек. Нар шынжыр – мықты, үзілмейтін шынжыр. Өнерің істесін өнерің тасысын. Өнері тасыды – асқан шеберлік көрсетті, шеберлігін танытты.

Қорыта айтқанда, жоғарыдағы фразеологизмдердің бойынан тілдің қарым-қатынас құралы ғана емес, ол сонымен қатар, адам болмысының, қоғам мəдениетінің көрінісі екендігі анық байқалады. Басқаша айтқанда, қазақ халқының тарихы мен өмір тіршілігі, шаруашылығы мен мəдениетіне қатысты мəдени деректер фразеология жүйесін де ғасырлар бойы сақталып, бүгінгі күнге жетіп отыр.

жіп, еркек күміс, ұрғашы күміс, еркек алтын,

ұрғашы алтын деп бейнелеп айту жиі кездеседі [7, 217].

Шер болат – таза болат, асыл болат. Түйе табан – үлкен ожау.

Ши алтын – таза алтын, саф алтын. Сол сияқты шеберлер жібектің түрін ши жібек деп те ажыратқан.

Ши жібекке бөленген, Ши алтыннан медаль тағынған, Алты қара нар жегіп, Патшаның келді қасынан (Жанұзақ жырау). Шелек қап – алашадан жасалған қап. Үш аяқ – 1) бауырсақ пісіретін үш аяқты (үш аяққа орнатылған қазан). 2) шайдың шоғын салатын ыдыс . Өре текемет – текеметтің ішіндегі ең үлкені. Жүнінің молдығына байланысты ұзын жəне енді етіп

 

 

  1. Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: “Дайк Пресс”, 2008. – 968-б.
  2. Ғабитов Т.Мүтəліпов Ж., Құлсариева А. Мəдениеттану. Алматы: “Қаржы-қаражат”, 2003. – 408 – б.
  3. Шойбеков Р.Н. Қазақ тілінің қолөнер лексикасы. Фил.ғыл.док. ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация. –Алматы, 2006.-307-б.
  4. Шойбеков Р.Н.Қазақ зергерлік өнерінің сөздігі. –Алматы: “Ғылым”, 1991. – 89-б.
  5. Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді. –Алматы: “Мектеп”, 1980. – 126-б.
  6. Юдахин К.К. Киргизско-русский словарь. –М: 1965. – 973-б.
  7. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы: “Қазақстан”, 1969. – 248-б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.