Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сөз тіркесі мен сөйлемді оқыту барысында мəтінмен жұмыс жасау əдістемесі туралы

Сөз тіркесінің басқа да синтаксистік тіл бірліктерінің қатарында зерттеу объектісі ретінде қарастырылуы, біріншіден, 90-жылдардағы бастауыш мектеп бағдарламаларында бұл тақырыптың енгізілуімен, екіншіден, сөз тіркесінің құрылысы жағынан тілдің кейбір құбылыстарымен ұқсас келуімен (күрделі сөз, тұрлаулы мүшелер), үшіншіден, сөйлемдегі сөз тіркесін анықтай алмаушылықтан қатысымдық үрдістің бұзылу себептерімен, төртіншіден, бастауыш мектепте сөз тіркесін қатысымдық тұрғыда тілдік жəне сөйлеу бірліктері ретіндегі оқытуды іске асырумен, талап етумен байланысты болмақ.

Зерттеу тақырыбымызға жақын еңбектерге (С.Рахметова, Н.Құрманова) жасалған талдау балалардың өз сөйлеуінде сөз тіркестерін белсенді қолданатындығын көрсетеді [1,2]. Оқушылар жұмыстарында заттың, қимылдың белгілерін білдіретін сөздерді көптеп кездестіруге болады. Бұл, сөз жоқ, оқушыларды сөйлеу дəлдігіне, бейнелілігіне жетуге талпындырады. Бірақ, балалардың сөздік қоры əрдайым бай емес, синтаксистік құрылымдары əртүрлілігімен ерекшеленбейді, балалар шығармалары мен мазмұндамаларында, мəтін құрауда стильдік қателер көптеп кездеседі. Демек, бұл айтылғандар қазақ тілі сабақтарында оқушылардың байланыстырып сөйлеуін жетілдіру бағытында бағдарламада қарастырылған грамматикалық тақырыптармен өзара байланыста сөз тіркесін мəтінмен жұмыс жасауда қабылдау жəне шығармашылықпен қолдану арқылы қатысымдық біліктілігін қалыптастыру тұрғысындағы əдістемелік жүйені жетілдіру қажеттігін дəлелдейді. Мəтінмен жұмыс жасауда сөз тіркестерін автордың түпкі ойын бейнелеу құралы, оқиғаның даму шегін (динамикасын) көрсету құралы, мəтін құрылымын түзудің құралы ретінде қолдануға болады.

Əлі күнге дейін сөз тіркесі теориясы туралы, оның табиғаты туралы орныққан пікір жоқ. Бірақ ғалымдардың көзқарастарын жақындататын тұстары бар. Мысалы, сөз тіркестері мен сөйлем – синтаксистің объектісі (М.Балақаев), сөйлем қарым-қатынас жасауда жетекші рөл атқарады. (Ф.Ш.Оразбаева) [3, 4]. Сонымен бірге кейбір ғалымдар (К.Аханов) сөз тіркесін сөйлем құрамынан таныту, сонан соң оны талдаудан өткізу əдісін қолданады [5].

Қазіргі зерттеулерде сөз тіркесін оқыту мəселесінің 2 бағыттылығы байқалады: бұл тіл бірлігінің тілдік жəне қатысымдық қасиеттерін үйрету мəселелері.

Лингвистикалық əдебиеттерді талдау сөз тіркесін талдау, оның белгілерін (мағынасын, формасын, қызметін) бірлікте үйрету арқылы анықтауға мүмкіндік береді. Қазақ тілін оқытуға қатысымдық тұрғыдан келу оқытудың жаңа продуктивті əдістəсілдері мен құралдарының пайда болуына себепші болды. Бұл сөз тіркесі ұғымын қалыптастыру, оның синтаксистік бірліктің мағынасы жəне қызметі тұрғысында қарастыру үрдісіне əкеліп отыр.

Бастауыш сыныптарда сөз тіркестерін функционалды-семантикалық тұрғыда іске асырудың негізгі құралы ретінде мəтін танылады. Мұндай тəсіл сөз тіркесін мəтін жүйесін ұйымдастырушы, мəтіндегі автордың негізгі міндеттері мен ойын беру тілдік құралы ретіндегі мол мүмкіндіктерін көрсетуге жағдай жасайды.

Əдістемелік əдебиеттерді талдау функционалдысемантикалық тəсілді жүзеге асыруды қамтамасыз етуде тілдік бірліктердің мəтіндері рөлінен бақылау жасау керек екендігін көрсетеді.

Сөйлеу əрекеттерінің мəні туралы психологиялық-педагогикалық зерттеулер негізінде оқушылардың белсенді танымдық əрекетін қамтамасыз ететін тілдік құбылысты жетік меңгеруіне мүмкіндік беретін проблемалық оқу міндетін қою оқушылардың қатысымдылық мұқтаждығының пайда болуына мүмкіндік жасайтын сабақта тілдік жағдаяттар жасау шарттары анықталды.

Психологтардың айтуынша, сөйлеу əрекеті сөйлеуді қабылдау жəне сөзді тудыру үрдісін қамтиды. Осы үрдістер негізінде жағдаяттың дұрыс элементтерін таңдаудан, оларды біріктіруден, əрқайсысының салыстырмалы өлшеуішін анықтаудан тұратын алдын-ала болжау жəне түсіну жатыр. Сөйлеу əрекетінің мазмұны мен құрылымына ден қою барабар таңдаудың қатысымдық мəнділігі біліктілігін, сөйлеу əрекетінің редуктивті жəне продуктивті түрлері сөз тіркестерінің түрлері, сөз тіркестерін қабылдау мен қайта жасауды анықтауға мүмкіндік берді. Сөз тіркесінің функционалды-семантикалық аспектісі бойынша мəтінмен жұмыстың психологиялық жəне психолингвистикалық мінездемесіне келесі факторлар: а) алғашқы көркем елестете алуда оқушылардың өмірлік жəне тілдік тəжірибелерін тірек ету; ə) көркем мəтінді қабылдауда жəне өзі мəтін құрауда тілдік құралдар деңгейлерінің өзара көмектесе əрекет жасауы жатады.

Сөйлем мүшелері жəне олардың орын тəртібін оқыту барысында мəтінмен жұмыс жасау əдістемесінің ерекшеліктері

Мəтінмен жұмыс істеудің сапалы да тиімді əдістері көп ретте синтаксисті түсіндіру барысында мол байқалады. Оның ішінде, əсіресе, сөйлем, сөйлем мүшелері туралы түсінік беру барысында мəтіннің табиғатын таныту əдістері молаяды.

«Сөйлем мүшелері» тақырыбында, оның ішінде «Тұрлаулы мүшелер», «Тұрлаусыз мүшелер», «Сөйлем мүшелерінің байланысы», «Сөйлемнің бірыңғай мүшелері», «Қыстырма сөздер», «Қаратпа сөздер» тақырыптарын оқыту барысында олардың қызметі мəтін құрумен байланысты танытылуы керек. Ол үшін оқулықта берілген жаттығу мəтіндері талданып, арнайы жаттығулар іріктеледі.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін дамыта оқыту барысында мəтінмен жұмыс жасау əдістемесі

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері тақырыбын оқыту барысында тек даяр мəтіннен бірыңғай мүшелерін тапқызып қоймай, олардың бірыңғай мүше екенін дəлелдету арқылы пайымдау мəтінін құруды меңгерту керек. Ол үшін оқушыларға, алдымен, дəлелдеу үлгісі беріледі: Əрбір оқушы мектепке кітап, дəптер, қаламдарын алып келеді деген сөйлемдегі кітап, дəптер, қаламдар бірыңғай мүше болып табылады. Өйткені бұлар нені? деген бір ғана сұраққа жауап береді, бəрі де алып келеді деген баяндауышқа қатысты жəне бұлардың барлығы – оқу құралдарының аттары.

Келесі сөйлемдер осы үлгімен талданып, пайымдау мəтіні құрастырылады. Мысалы, Қаз, үйректің балапаны өте нəзік болады деген сөйлемдегі қаз, үйрек бірыңғай мүше болып табылады. Өйткені бұлар ненің? деген бір сұраққа ғана жауап береді, бəрі де балапаны деген бастауышқа қатысыт болып тұр жəне бұлардың барлығы құс атаулары.

Қаратпа, қыстырма сөздерді, одағайларды дамыта оқыту барысында мəтінмен жұмыс жасау əдістемесі

Қаратпа сөздер, қыстырма сөздер, одағайлар туралы түсінік берілген соң, олардың тұтас мəтінде алатын орны, атқаратын қызметі туралы білім қалыптастыру қажет. Осы ретте, олардың қолданылу мақсаты сөйлемдердің біртұтастыққа бірігуіне, мəтіннің жасалуына үлкен байланыс орнату екендігі анықталады. Сондықтан бастауыш саты мұғалімі оқулықта берілген жаттығулардың мəтінін осы бағытта талдап, қаратпа сөздердің, қыстырма сөздердің, одағайдың қызметіне, онда да мəтін құруға байланысты қызметіне оқушылардың назарын аудартады.

Мысалы, мəтіннің ішіндегі одағай сөздерді алып тастап, сөйлемді өзгертіп көру мағынасы мен құрылымына нұқсан келтіре ме, жоқ па, соны анықтату:

Кəкеннің демалысы кезінде əкесі:

  • Ертең жолға шығамыз, балам, тағы да тауға шығып кетпе,деді.
  • Қайда барамыз, көке? – деп, Кəкен кəдімгідей көңілденіп қуанышын жасыра алмай қутыңдап қалды.
  • Ауылға барамыз, бабаңа сəлем беріп, батасын алып қайтамыз.
  • Баба деген кім ол, көке?
  • Бабаң əкеңнің атасы, атаңның əкесі [6]. (Ə.Табылдиев)

Қаратпа сөз туралы түсінік беруде диалогмəтін қолданудың артықшылық тұстары бар. Тақтаға жазылған диалог талданады:

  • Айгүл, математикадан есепті шығардың ба?
  • Иə, Темірлан, барлығын шығарып келдім.
  • Балалар, мұғалім келе жатыр.

Осындағы асты сызылған сөздер не үшін қолданылып тұрғанын анықтау проблемалық сұрақ қою арқылы іске асырылады. Сөйлеуші ауызекі сөйлеуде екінші адамның назарын дыбыспен немесе қимылмен өзіне аударып алады. Мұнда əрине, белгілі кідіріс болады, жазуда оны үтірмен белгілейміз. Ендеше оқушыға қаратпа сөздің басты белгісі тыңдаушы назарын аудару екендігін түсіндіру аса қажет, назарын аудару тыңдату деген сөз. Мəтін туралы түсініктерін бекітуде диалог-мəтінге ат қойдыру тапсырмасын беруге болады.

Сонымен қатар мəтінмен жұмыс жасаудың тəрбиелік жағын да бастауыш саты мұғалімі əрдайым есінде сақтауы тиіс.

Қыстырма сөздердің тек сөйлемді ғана емес, мəтінді де «ұстап тұра алатын» қызметін таныта түсу үшін мынандай салыстырулар қолдануға болады:

Сөйлем

Кірпіш, біріншіден, барлық жерден табылатын саз бен құмнан жасалады, екіншіден, отқа жанбайды, суға ерімейді, үшіншіден, қатты аязда да шытынамайды.

Мəтін

Мыңдаған жылдар бұрын сəнді сарайларды кірпіштен салған. Кірпіштен үй салу құрылысшыларға

Бұл əдіс те алдыңғы сияқты оқушыларды ұжым болып жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ əдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды, оқыған мəтінді түсіну оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы ауызша қарымқатысын қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Қорыта айтқанда, мəтінмен жұмыс жасау арқылы салыстыру операциясын меңгерту оқу жұмысында, тіл дамыту мен ой дамытуда аса маңызды. Балалар салыстыру арқылы қазақ тілі курсынан сөз бен сөзді, сөз тіркесін, мəтін мен мəтінді, бастауыш пен баяндауышты, зат есім мен сын есімді т.б. айыра білуге үйренеді. Өзіндік белгілерін терең тануға жаттығады.

өте ұнаған еді. Өйткені, біріншіден, кірпішті саз бен

құмнан жасайды. Ал саз бен құм барлық жерден табылады. Екіншіден, кірпіш отқа жанбайды, суға ерімейді, үшіншіден, қатты аязда да шытынамайды. Ақырында, кірпіштен салынған үй қыста жылы, жазда салқын болады.

Қыстырма сөздерді өз сөйлеуінде пайдалана білу, мақсатын көздей білу, тапсырмалары бар жаттығулар жаңа буын қазақ тілі оқулықтарында берілген. Мысалы, 2 сынып қазақ тілі оқулығындағы 172-жаттығуда М.Төрежановтан «Кім ақылды?» мəтіні беріліп, мəтіннің соңғы («сонда екеуінің қайсысы тапқыр, ақылды болғаны?») жауапты «Меніңше, ... Сеніңше, кімдікі дұрыс?» қыстырма сөздері арқылы беру тапсырмасы қарастырылған.

 

 

  1. С. Рахметова. Қазақ тілін оқыту əдістемесі. –Алматы:Ана тілі, 1994.
  2. Н. Құрманова. Сөз тіркесін оқыту барысында оқушылардың теориялық ойлауын дамыту əдістемесінің негіздері.–Ақтөбе, 2001. -298 б.
  3. М. Балақаев. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 2005. -317б.
  4. Ф. Оразбаева. Тілдік қатынас: теориясы жəне əдістемесі.– Алматы: Білім. 2000. -208б.
  5. К. Аханов. Тіл білімінің негіздері. – Алматы: Мектеп, 1974 ж.
  6. Ə. Табылдиев. Тəрбие өрнектері. –Алматы: Мектеп, 1989. -143 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.