Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Сахна тіліндегі интонацияның бағалауыштық-экспрессивтік қызметі

Сахнадағы бейненің уақыт талабына сай өзгеріп отыруы да заңды құбылыс. Əр кезеңнің өз театры, өз бейнесі, өз шындығы, өз мінезі болады.

Кез келген ұлттың сахна өнері өзінің тегінен, түп-тамырынан, яғни, ұлттық өнерден бастау алады, көне ауыз əдебиетіне жүгінеді. Біз қарастырып отырған кезеңдегі сахна тілінің көркемдік қуаты, саздылық сипаты ерекше.

Сахнадағы интонация – екпін, дикция, əуен, ырғақ, дем, үн, орфопэия мəселелерін қамтиды.

Сахна тілінде сөздерді дұрыс айту нормасы бірінші орынға қойылады.

Суреткерлер тілі – қазақ тілінің бай жүйесін сөйлем құрылысын түрлендіруге, сөздің əсер ету қызметіне, ой астарының салмағын сөзге түсіруге, тілдік норманы көркем қалыптастыруға қызмет етті.

Сахнада сөзді үзіп-жұлқып сөйлеуге, сөздің аяғын жұтып, асығып-аптығып сөйуге, дауыс екпінін дұрыс қоймауға, тыныс белгілерін терең ескермеуге болмайды. Яғни, сөйлеуші тыңдаушысына сөзді айқын, əуезді-əуенділігімен жеткізе білуі шарт. Сауатты актер тілдік қатынастың сапасын көрсетуі шарт.

Сахна тіліндегі интонация мəселесінің күрделі құбылыс екендігі айқын. Өйткені драматургиядағы басты нəрсе – тіл екендігін ескерсек, ондағы сауатты сөйлеу мəселесінің өзектілігі өз-өзінен түсінікті. Сахнадағы сөйлеу кезінде интонация аса зор рөл атқарады.

Интонацияның фонетикалық, коммуникативтік, стилистикалық, синтаксистік, эмоционалды-экспрессивтік, мағына ажыратушылық қызметінің барлығы сахна тілінде айқын көрініс табады. Тілдің суперсегментті тəсілдері фразалардағы сөйлеу толқынын, ырғағын анықтайды. Сондықтан, бүгінде интонология саласындағы ғалымдар интонация сегменттерін глобалдық əдіспен зерттеуді қолға алды.

Сахна тілінде интонацияның жиілігі, ұзақтылығы, қарқыны, интенсивтілігі анық көрінеді. Өйткені, онда сөйлеуші мен тыңдаушы арасында жанды байланыс орнайды. Сөйлеуші жеткізіп тұрған ойына өзінің эмоциясын қоса білдіреді.

Сөйлемнің логикалық мағынасы мен интонациясы тығыз бірлікте болады. Бұл оның қарымқатынас қызметінің негізгісі болып табылады. Ежелгі заманнан-ақ интонацияны сахна өнерімен тығыз байланыстырған. Сахнадағы сөз кейде қарқынмен, кейде бірқалыпты айтылады.

Соның ішінде, интонация – поэтикалық мəтіннің мағыналық байлығын жəне фонетико-əуенді қырларын ашуда маңызды рөл атқарады. Интонация мағыналық жəне ритмикалық паузалар, логикалық екпін, ырғақты (темп) қамтиды.

Интонацияны фонетистер, фонологтар, синтаксис мамандары, əдіскерлер, əдебиетшілер əр түрлі аспектілерде қарастырып келеді.

Сөйлеудің акустикалық жəне перцептивті қырларын зерттегендер Л.П.Блохина, Л.В.Бондарко, Г.И.Бубнова, М.В.Гордина, Р.К.Потапова, Н.Д.Светозарова т.б.

Қазіргі тілімізде интонациялар өзіндік лингвистикалық қызмет атқарады. Интонациялар ауызекі сөйлеу тілінде бағалауыштық қызметті белсенді қозғаушы болып табылады. Сөйлеушінің қарымқатынастағы жағымды жəне жағымсыз бейнесін ажыратуға көмектеседі. Просодикалық құралдардың негізінде, негізгі тонның жиілігі мен екпіннің айқындалуына ықпалын тигізеді.

Соңғы жылдары интонациялардың сөйлеушінің бір нысанға қарым-қатынасының эмоционалды көрінісін қарастыруға баса көңіл бөлінуде. Өйткені эмоционалдылық тілдік қатынас үдерісінің ажырамас бөлігі екендігі белгілі, ал интонациялар мұнда басты орын алады. Оның үстіне интонациялар сөйлеушінің эмоциясын білдірудегі бірден-бір көрсеткіш болып табылады. Орыс зерттеушісі Е.О.Фирсова интонациялардың экспессивті-бағалауыштық қызметін қазіргі француз тілінің негізінде қарастырады. Еңбекте интонациялардың өзіндік қолданысындағы бағалауыштық-экспрессивтік қызметіне кешенді талдау (лингвистикалық, аудиториялық, электроакустикалық) жасалынады. Автор «Мы считаем, что интонация является одним из важнейших, а часто единственным средством актуализации положительной или отрицательной оценки в процессе развертывание устного высказывания. Это обозначает что положительная или отрицательная оценка должна иметь собственный набор дифференциальных просодических признаков, позволяющих разграничить положительное и отрицательное оценочное отношение говорящего к объекту речи при слуховом восприятии» (1, 8б),-деп атап көрсетеді.

Интонациядағы тілдік интерференция біршама зерттелген дедік. Ғылымда интонацияны нысан ретінде ерекше талдау əдістемесі, оның ішінде көркем интонацияны баса көрсете отырып қарастыру көзделуде.

Стилистикалық графикалық құралдар мағынаны жеткізудегі функционалды тұрғыдан, яғни мəтіннің жəне авторлық интенцияның берілуінде маңызды болып табылады. Тілдің бұл қызметіне мəтінді визуалды қабылдаудағы информативтілік, реципиентке эстетикалық əсер ету, эмотивтілік, ассоциотивтілік жатады.

Көркем əдебиет тілін қарастыруда, көркем интонацияны зерттеу саласы əлі де тың. Бұл құбылыс өзіндік құрылымдық ерекшеліктері бар, мəтіндегі авторлық интонациялардың өзгешеліктерін қарастыруды қажет етеді.

Ауқымды фонетикалық формадағы дүниелерді синтаксистік тұрғыдан қарастырғанда, күрделі синтаксистік тұтастықтардан, сөйлеудегі түрлі коммуникативтік типті (хабарлы, бұйрықты, сұраулы) интонемалардан құралады. Интонемалар синтагмалардың барлық түрлерінде көрініс табады, бұл интонациялық өрнектердің фразалардағы құрылымдықсемантикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Осыған орай, поэтикалық шығармалардағы интонемалар туралы ғалым З.М.Базарбаева былай деп өте нақты көрсетеді: «Направление движения частоты основного тона, тональные диапозоны и уровни, мелодические интервалы, интенсивность, пауза, темп, тембр, локализация ударениий и др. просодические средства участвуют в интонационно-ритмическом построении поэтических произведений» (2, 269).

Демек, интонациялардың репрезентациясын талдауда нормативті жəне авторлық, соның ішінде авторлық стилситикалық құралдарға баса көңіл бөлінеді.

Жоғарыда айтылған мəтіндегі авторлық интонация туралы М.И.Баламакова: «Осознание роли стилистической графики как особого средства выражения авторской интенции, а также знание способов ее интонационной репрезентированности необходимо для адекватной интерпретации художественного произведения, для подлинно филологического его понимания (3, 163),-деп анықтайды.

Интонациялар сахналық мəтіндерде сөйлеу əуенін, созыңқылығын, интенсивтілігін, сөйлеу қарқынын білдіреді. Сондай-ақ, сөздердің мағынасын айқындаудың маңызды құралы ретінде сөйлеуді дұрыс қалыптастыруға ықпал етеді.

Мəселен, көркем мəтіндерде дыбыстардың қайталануы күрделі құбылыс. Ғалымдар өлеңде кездесетін дыбыстық қайталамаларды эвфоникалық жəне метрикалық деп бөліп жүр. Дыбыстардың дисгармониясының эстетикалық мəні күшті болатындығы айқын. Дыбыстық құрам əсіресе поэтикалық тілде айқын сезіледі. Ғалымдар поэтикалық тілдегі əуезді-мағыналық құрылым көркем шығармалардың қуатын арттыратын негізгі құралдарға жатады (Л. Тимофеев) десе, О.Брик шығарманың тек

дыбыстық жағын талдау, оның сыртқы əдемілігін ғана көрсетеді дейді. Осы пікірге орай, белгілі ғалым Р.Сыздықтың «Сахнадан естілер сөз жайында» мақаласындағы: «Дыбыс үйлесімі белгілі бір өлшемге сай құрылған, төгіліп тұратын шешендік типтегі монологтарда өте-мөте көзге түседі. «ЕңлікКебек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қобыланды», «Ақан сері – Ақтоқты» сияқты қазақ драматургиясы классикалық шығармаларының көп жерлері өлең емес, қарас сөз бола тұра осындай ұйқасты-үйлесімді сөздермен келеді» (4, 167),-деуінде интонацияға да қатысты үлкен мəн жатыр.

Осы орайда, Абай өлеңдеріндегі көркемдеуіш тəсілдерді қарастырған Б.А.Қалиев: «Əуезділіктің (фониканың) стилистикалық «белсенділігі» тілдің эмоциялық бояуына (реңкіне) байланысты болады. Тілдің дыбыстық жағына мəн берілу үшін сөздердің дыбыстауда (оқылуда) айқын бөлінуі жəне мəнерлілік бейнелілікке ие болатын дыбыстардың да бөлініп айтылуы тиіс. Бұл поэзия мен жоғары эмоционалды прозада ғана болуы мүмкін айрықша дауыс ырғағын (интонацияны) қажет етеді. Мұндай шығармаларда сөздердегі интонациялық еркіндікке едəуір қол жеткізіледі»,-дейді (5, 68).

Ал Е.В.Суслова болса, өлең стиліндегі интонациялады қарастырады. Өлең құрылымы интонация-

нацияның орны – тілдің құрылымының нағыз өзегінде жатады, оны аңғармау, оның маңызын дұрыс түсінбеу – тілдің жалпы табиғатын түсінбеумен барабар.

Театрдың көркем дəстүрлі тəжірибесімен тазартылған сахна тілі, ұлттық тілдің типтік санын, əуезді сөйлеудің, яғни əуенділік, иілгіштік, үнділік, сарындылық, мəнерлілілік күшін, орфоэпиялық тазалықтың ең жақсы қасиеттерін жинақтайды.

Сахнадағы сөйлеудің типтік сапасы театр дамуының, актер өнерінің ерекшелігінің жəне режиссерлік ұстанымның жалпы үрдістерінің əсері арқылы қалыптасады.

Дикция, дауыс, екпін, тыныс, орфоэпия, ауызекі сөздің логикалық-интонациялық заңдылықтары, осының бəрі – сөйлеу шеберлігінің маңызды да қажетті қырлары. Сахнада əртістің аузынан шыққан үнге қойылатын ең басты талап – дыбыстың таза, анық болуы. Яғни, дикция дегеніміз – бұл дыбыстың анық айтылуы. Бұл ретте орфоэпиялық жəне логикалық сауаттылық талап етіліп, ойдың нақты, анық болуы қадағаланады.

Ұлттық театрымыздағы сахна тілі жастарға үлгі болуы тиіс. Біздің театрларымыз, ұлттық сөйлеу мектебі, сөйлеу мəдениетінің эталоны қалыптасқан театрлар.

сының материалы – тілдік интонация болып

табылады. Көркем шығармадағы автордың дара қолтаңбасындағы интонацияларды айқындауға күш салады. Ол туралы автор былай дейді: «Базой для проявления авторской индивидуальности в интонационном стихотворном стиле является речевая деятельность, направленная на выражение авторской концепции картины мира, устойчиво соотносимой с личностным смыслом открываемом в слове и в стихах» (6, 6).

Бұл орайда тағы бір айта кететін нəрсе, дыбыстық қайталамалардың түріне жататын – ырғақ мəселесі драмалық шығармалар үшін де маңызды. Бұл поэтикалық мəтіндердің табиғатын танытуда да аса қажет тəсіл. Суреткерлер өз шығармаларында дыбыстық жүйені талғап қолданады. Яғни, ырғақ инерциясын қалыптастырады.

Сонымен, интонацияның қай тілдің болса да жалпы жүйесіндегі орнын анықтау оңай мəселе емес. Б.Мальмбергтің айтуынша, просодияның, яғни инто-

 

 

  1. Фирсова Е.О. Оценочно-экспрессивная функция интонации (экспериментально-фонетическое исследования на мат. современного французского. языка). Иркутск, 2005г.
  2. Базарбаева З.М. Казахская интонация. Алматы: «Дайк-Пресс», 2008ж.– 284 стр.
  3. Баламакова М.В. Авторская интонация в тексте (стилистическая графика в фонетической освещении). Иванова, 1998г. – 194стр.
  4. Сыздық Р. Тіл жəне ұлттық мəдениет (ғылыми мақалалар жинағы). Түркістан, 2005ж. – 221б.
  5. Қалиев Б.А. Абай өлеңдеріндегі қайталамалар// Қарағанды университетінің Хабаршысы. №3 (55) 2009ж.
  6. Суслова Е.В. Интонация и стиль стихотворной речи (на мат. поэзии XX века). Автореф. канд. диссерт. Самара, 2005г. – 16стр.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.