Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Студенттердің кəсіби-педагогикалық дайындығының қалыптасқандық деңгейі

Мəселенің өзектілігі. Тəжірибе жүзінде үйрету барысындағы жүргізілген жұмыс ұсынылған теориялық ережелердің шынайылығын дəлелдеді (1,2,3). Болашақ бапкерлердің кəсіби-педагогикалық мəдениетін қалыптастыру педагогикалық бағыттылықтың, жеке тұлғаның субъективті ұстанымының, əдістемелік түйсінуінің, релексияның дамуына жəне бапкердің кəсіби-педагогикалық дайындық барысында қызметінің операционалды жақтарын меңгеруіне мүмкін беретін педагогикалық жағдайлардың жасалуымен қамтасыз етілді (4).

Зерттеу мақсаты: тəжірибелік жəне бақылау топ студенттерінің кəсіби-педагогикалық мəдениетінің қалыптасқандық деңгейін анықтап, тəжірибьелік үйреткенге дейін жəне кейін салыстырмалы сараптамасын беру.

Зерттеу əдістері: бақылаудан, сұрақ-жауап алудан, тест жүргізуден, қызмет өнімдерін талдау жəне т.б. кешенді зерттеу материалдары негізінде жүргізіледі.

Зерттеу нəтижелері мен олардың сараптамасы

Бірінші курс студенттерінде кəсіби-педагогикалық мəдениеттің бейімделулі деңгейі басым болғаны анықталды, оның негізінде психологиялық-педагогикалық жəне арнайы-педагогикалық пəндерді оқыту үрдісінде репродуктивті деңгейдің қалыптасуы басталды. Бұл жерде ерекше маңызға ие болған бағыт педагогикалық үрдіс құрылымдарының (мақсатты, мазмұнды, жетілдіруші-нəтижелі, операциональдықызметті, бағаламалы-нəтижелі) сараптамасы мен олардың өзара байланысын орнықтыруға бағдарланған педагогикалық тəжірибе. Жеке тұлғаның педагогикалық бағыттылығын жəне бірінші курстықтардың рефлексивті санасын қалыптастыруда жекелей кəсіби-педагогикалық бағдарламамен жұмыс жүргізудің маңызы ерекше болды. Бұл жұмыстың барысында педагогикалық құндылықтардың көкейкестілігі арта түсті, оларды жеке басылық құндылықтармен, мақсаттармен, бағдарлармен салыстыру жүзеге асты.

Бұл деңгейдің жаңалықты көрсеткіштері төмендегідей:

  • педагогикалық құндылықтарды тани білу;
  • педагогикалық қызметтің жəне бапкердің жеке басына қойылатын талаптардың ерекшеліктерін ұғыну;
  • педагогиканың, ДШТ, таңдап алынған спорт түрлерінің түсініктемелі-терминологиялық аппаратымен танысу;
  • кəсібилік қызмет үлгісі туралы жалпы түсінік қалыптастыру;
  • ұйымдастырулы-педагогикалық міндеттерді қоя білу жəне оларды шешу.

Екінші жəне үшінші курстарда репродуктивті деңгейдің қалыптасуы аяқталды жəне кəсіби-педагогикалық мəдениеттің эвристикалық деңгейіне өтудің жағдайлары мен алғы шарттары түзілді.

Аудиториялық, шынықтыру сабақтары жəне педагогикалық тəжірибе барысында педагогикалық қызметтің талқылану операциялары, мақсаттылығы, жобалануы мен құрастырылуы, сарапталуы мен түзетулері қалыптасып, жүзеге асырылды.

Бапкердің жеке басының кəсіби-педагогикалық мəдениетінің репродуктивті деңгейіне бірқатар жаңа түзілімдер тəн:

  • педагогикалық жəне дене шынықтыру құндылықтарының көптеген əлем құндылықтар ішінен жеке даралануы;
  • «бапкер-оқушы» жүйесінде субъект-субъективті қарым-қатынастың танылуы, өзіндік жүзеге асырылуыға деген сұраныс;
  • педагогикалық пікірлердің ұғынылуы, кəсіби ұстанымдардың қалыптастуы;
  • педагогикалық қызмет, өзіндік реттелу құрылымдарының үлгісін түзу ұстанымдары;
  • құрылымды-болжамды міндеттерді қоя білу жəне оларды шешу.

Эвристикалық деңгейге өту үшін студенттердің əдістемелік түйсінуін дамыту, жəне педагогикалық теорияны танымдылық қызметіне түрлендірудің тұрақты ұстанымын құлыптастыру шешу маңызға ие болды.

Кəсіби-педагогикалық мəдениеттің бұл деңгейі үшінші курста қалыптасты. Студенттердің бойында микроүйрету жəне педагогикалық практика барысында педагогикалық қызмет үлгісін түзу арқылы рефлексивті сананы дамытуға, кəсібилік қызметте өзіндік жүзеге асырылу ұстанымын бекітуге, өзіндік реттелу мен өзіндік жетілу үрдістерінің көкейкестілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінді, бұл креативті деңгейге өтудің алғы шарты болды.

Педагогтың жеке басының кəсіби-педагогикалық мəдениеті деңгейінің эвристикалық деңгейінің жаңа түзілімдері төмендегідей:

  • құндылықтарды қызмет мақсаттары ретінде қабылдау, құндылықтардың жүзеге асырылуына ұстанымдылық қалыптастыру;
  • қызметте өзіндік жүзеге асу ұстанымы; педагогтың қызмет субъектісі ретінде қалыптасуы;
  • психологиялық-педагогикалық жəне спорттық сабақтарға тұрақты қызығушылық, педагогикалық теорияны танымдылық қызметіне түрлендіру ұстанымын қалыптастыру;
  • педагогикалық үрдістің мəні мен құрылымын түсіну; өзіндік реттелудің, сараптамалы түйсінуді дамыту;
  • бағаламалы-ақпаратты жəне түзетуші-реттеуші міндеттерді қоя білу жəне оларды шешу.

Болашақ бапкерлердің өзіндік жетілуінің маңызды жетілдірушісі ретінде бұл сатыда олардың спорттық колледж шеңберінен тысқары (ғылымитəжірибелік конференция, психологиялық-педагогикалық олимпиадалар, педагогикалық шеберлік сайыстар, жарыстарға қатысу жəне т.б.) студенттік ғылыми-зерттеу жəне шығармашылық-педагогикалық қызметке қатыстырылуы қарастырылды.

Мұндай жұмыс өзіндік рефлекстің дамуын, əрбір студенттің өзін танымдылық пен шығармашылық қызмет субъектісі ретінде тани білуін, шабытын, пікірлерді жүзеге асыруын дамытуға мүмкіндік берді. Мұның мысалы ретінде студенттік педагогикалық оқылымдарды айтуға болады. Оларда дене шынықтыру мен спорттың гуманистік мəні, рухани-денелік құндылықтарды меңгеру үрдісінде жеке тұлғаны тəрбиелеп, дамыту; бапкердің қарым-қатынасының жөні; дене тəрбиесі құралдарымен педагогикалық түзетулер жүргізу жəне т.б. сияқты мəселелер қарастырылды.

Оқытудың аяғына қарай, студенттердің бір бөлігі кəсіби-педагогикалық мəдениеттің жетістікті деңгейіне жетті, оның ары қарайғы қалыптасуы бапкердің өзіндік кəсіби қызметінің міндеті болып табылады.

Спорттық педагогтың жеке басының кəсібипедагогикалық мəдениетінің креативті деңгейі төмендегідей жаңа түзілімдермен сипатталады:

  • педагогикалық, дене шынықтыру жəне спорт құндылықтарын өзіндік шығармашылық қызметте жүзеге асыру;
  • жеке басылық-психикалық, зияткерлікті мүмкіндіктерді өзіндік жүзеге асыру;
  • психологиялық-педагогикалық жəне спорттық білімдерді толықтыру мен жетілдіруге деген тұрақты талпыныс, оларды педагогикалық пікірлерді жүзеге асыруда, педагогикалық қызметтің ғылыми келбетін қалыптастыруда қолдану;
  • өзіндік педагогикалық қызмет үлгісін тұзу, жаңа пікірлер қалыптастырып, олардың жүзеге асырылуы;
  • оқушының жеке басының қабілеттері мен қасиеттерін дамыту бойынша белсенді өзіндік жасампаздық қызмет.

Жүргізілген тəжірибелік жұмыс нəтижелерінің сандық жəне сапалы сараптамасы бапкердің жеке басының кəсіби-педагогикалық мəдениетінің қалыптасқандық деңгейін (жеке тұлғаның педагогикалық бағыттылығы, субъективті ұстанымы, əдістемелік түйсінуі, рефлексия, педагогикалық іс-əрекеттер мен операцияларды меңгеруі) анықтаудың қалыптасқан көрсеткіштеріне сүйене жүргізілді. Əрбір көрсеткіш бойынша оның айқындалу деңгейін баллмен бағалау жүргізілді: 3 балл – жоғары; 2 балл – орта; 1 балл – төмен деңгейді көрсетсе, 0 балл – көрсеткіштің айқындалмағандығы болып есептелді.

Əрбір студенттің бес көрсеткіш бойынша алған баллдар жиынтығы оның кəсіби-педагогикалық мəдениетінің қалыптасқандық деңгейін (11-15 балл – жетістікті; 6-10 балл – эвристикалық; 3-5 балл – репродуктивті; 2 жəне одан төмен балл – бейімделу) анықтады. Алынған нəтижелер 1-кестеде келтірілген.

1 кесте – Тəжірибелік жəне бақылау топ студенттерінің кəсіби-педагогикалық мəдениетінің қалыптасқандық деңгейлері

Болжам уақыты

Топтар

Деңгейлер

Бейімделулі (%)

Репродуктивті

(%)

Эвристикалық

(%)

Жетістікті

(%)

Оқытқанға дейін

ТТ

91,7

8,3

БТ

87,5

12,5

Оқытқаннан кейін

ТТ

33,3

66,7

БТ

16,7

54,2

20,8

8,3

Тəжірибелі оқу басталғанға дейін көптеген стіденттер (91,7% тəжірибелік жəне 87,5% бақылау топтары) кəсіби-педагогикалық дайындықтың бейімделу деңгейінде болды. Репродуктивті деңгей спорттық колледжде оқығанға дейін бітірген (8,3% жəне 12,5%) бірнеше студенттерде əрбір топта айқындалады.

Тəжірибелі оқытудан кейін тəжірибелік топтардағы кəсіби-педагогикалық студенттердің 33,3% мəдениеттің қалыптасқандығының эвристикалық деңгейі анықталды, олардың 66,7% жетістікті деңгейге жетті (одан да төмен деңгейлер айқындалмады).

Дəстүрлі жүйе бойынша сабақ жүргізілген бақылау топтарында оқытудың соңына қарай студенттердің 16,7% кəсіби-педагогикалық мəдениеті қалыптасқандығының бейімделу деңгейінде қалды;

54,2% репродуктивті деңгей анықталды; 20,8% эвристикалық деңгей; 8,3% жетістікті деңгейге жетті. Қорытынды: жүргізілген тəжірибелі оқыту барысында дəстүрлі əдіспен салыстырғанда бапкердің жеке басының педагогикалық бағыттылығынан, субъективті ұстанымынан, əдістемелік түйсінуінен, педагогикалық операцияларды меңгеруіне тұратын кəсіби-педагогикалық мəдениетінің қалыптасқандық деңгейі бірнаша өсті. Бұл ұсынылған теориялық ережелердің шынайылығының жəне олардың іс-жүзінде жүзеге асырылуының ұсынылған технологиясының дəлелдемесі болып табылады.

 

  1. Касымбекова С.И. научно-педагогические основы формирования физической культуры учащейся молодежи. Диссертация докт. пед. наук: 13.00.04.Алматы, 2002.-282с.
  2. Кузьмина Н.В. способности, одаренность, талант учителя. –Л.ЛГУ, 1985.-32с.
  3. Кульназаров А.К. Физическое воспитание школьников / Народное образование от съезда к съезду.-Алма-Ата: Мектеп, 1987.-126с.
  4. Андрушишин И.Ф. Комплексная система психологопедагогической подготовки спортсмена. Диссертация докт. пед. наук: 13.00.04.Алматы, 2008.-278с.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.