Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ әзілдерінің тақырыптық ерекшеліктері

Тілдік қатынас арқылы коммуниканттар арасында ерекше байланыс орнатылады. Өзара ақпарат алмасу, бірін-бірі түсіну, диалог құру – барлығы тіл арқылы қарым-қатынастың өрісін кеңейтеді. Әдетте адамдар арасында пікір алмасу, ой бөлісу сынды сергек әңгімелермен қатар түрлі жағдаяттарға қарай әзіл-қалжың қоса айтылып, тілдік қатынастың тақырыптық ауқымымен қатар, интенцияның көріну формалары да түрлене түседі. Өзара қатысымдық (коммуникативтік) тактика – әдістәсілдер арасында қазақ әзілдерінің орны ерекше. Мұнда менталдық, ұлттық мәдени ерекшеліктер бар.

«Әзіл» – ( ¾----œ¹²ϓ ) араб тілінен енген сөз. Қазақ әдеби тілінің түсіндірме сөздігінде берілген анықтама бойынша әзіл семантикасы:

  1. Күлкі тудыру үшін айтылатын сөз немесе жасалатын күлдіргі әрекет, қалжың;
  2. Бір адамның екінші адамды ұялту, сөзге тоқтату және т.б. мақсаттары үшін айтатын ұрымтал да астарлы, көңілді де күлкілі пікірі немесе қылығы;
  3. Этн. дәстүрлі қазақ қоғамында қатарлас, құрдас немесе белгілі бір туыстық қатынастағы адамдар арасында орынды саналатын өзара сөз сынасу, сын айту, қалжыңдасуға негізделген қарым-қатынас түрі;
  4. Ауыс. қызық, думан, бос күлкі.

Қазақ әзілдері қоғаммен бірге өмір сүретін, заманның ағымына қарай, өзгерістеріне қарай икемделетін құбылыс. Әзілдің өзі, ұлттық тілге, дүниетанымға, әртүрлі жағдайларға байланысты туындап отырған. Әр халықтың өмірді тануы, қабылдауында өзіне тән ұқсастықтар, ортақ, жалпы жақтары болумен қатар өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары да болады. Халықтың белгілі бір ортада, белгілі бір аймақта өмір сүруі оның ұлттық сипатына, болмысына әсер етеді. Ұлттық сипаттағы өзіндік ерекшеліктер мен менталитет этностың мәдениетінде, тұрмысында, күнделікті өмірінде көрініс табады. Олар сөз жоқ, тілде бейнеленіп, көрінеді. Алғашында көңіл көтеру мақсатында пайда болған әзіл, кейін келе қоғамдағы болып жатқан түрлі құбылыстарға байланысты халықтың қуаныш-күйінішін, арман-тілегін білдіруге қызмет еткен.

Жиналған мәтіндік деректерді талдасақ, әзілдің түрлері: достық әзіл, жарасты әзіл, жеңіл әзіл, қисынсыз әзіл, өткір әзіл, тұрпайы әзіл, шымшыма әзіл.

Досқа айтылған әзіл зілсіз болса, ел билеушілерге, дұшпанға айтылған әзіл уытты болады. Әзілдің сәтті, тапқыр шығуы қақтығысушы екі жақтың да ізетті, мәдениетті болуын талап етеді. Орынды жерде, шамамен әзілдеу ақыл мен сөз тапқырлығының нәтижесі.

Қазақ әзілдерінің қай-қайсысын алсақ та, халық дүниетанымын, салт-дәстүрін, психологиясын тануға болады. Қызыл сөзге шешен халқымыздың әзілі астарлы, әрі салмақты болған. Бұл ретте көпшілікке таныс тілдік тұлғалардың яғни, ақын, жазушылардың арасындағы әзілдердің мағыналық-тақырыптық топтарына назар аударылды. Себебі олардың болмыс-бітімі мен логикалық ой сабақтауы қашан да жқртшылыққа үлгі, тіпті кейбір тұста тәрбие мен өнегенің айқын тұстарын ұлт ойы, ұлт пікірі деп қабылдауға болады. Әзіл мәтіндерін сұрыптай келе, төмендегідей топтарға бөлдік:

  • салт-дәстүрге байланысты;
  • әлеуметтік жағдайға байланысты;
  • білім-ғылымға байланысты;
  • адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты;
  • туысқандық, отбасылық қарым-қатынастағы әзілдер;
  • ұлттар арасындағы достық әзілдер;
  • достар мен құрдастар арасындағы әзілдер. Салт-дәстүрге байланысты әзілдерде қазақ халқының ертеден ұстанып келе жатқан салты мен дәстүрінің жалғастығын байқатады. Өлең сөз немесе қарасөз арқылы айтылған астарлы әзілдің мазмұны халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен хабардар етеді. Қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі – қонақжайлық. Қонақжайлық адамдар арасындағы сыйластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиеттердің бірі.

Махамбет жол жүріп келе жатып бөктерде отырған малшы үйіне ат басын тірейді. Ойы сусын ішіп, сәл тынығып алу. Бірақ үйден шыққан жас келіншек ақынның сөзін селқостай тыңдап, қабақ бермей, сусын орнына пісіліп, майы ажыратылған сұйық айран әкеліп ұсынады. Жас келінге не дейсің? «Танымасты сыйламас» деген ғой деп, Махаң айранды ат үстінде тұрып басына бір-ақ көтереді. Кесесін қайтып беріп тұрып:

Уа, айран. Келдің қайдан?!

Әйелдермен ұрысып, Күбілермен жұлысып, Айрылыпсың-ау майдан! Есіл ақтығың болмаса, Кем емессің-ау шайдан, –деп ауызды қолының сыртымен бір сүртіп жүріп кетеді.

Кешікпей үй иесі келіп, болған жайды естігеннен кейін, санын бір соғып, Махаңды көрші ауылда түстеніп отырған жерінен қоярда-қоймай алып келіп, арнайы бағлан сойып, жақсылап күтіп жіберген екен [1, 10-11].

«Қазақ салтында қонағын сыйламау, оған тиісті ізет-құрмет көрсетпеу, малдың дұрысын сойып, сыбағасын жөнді етіп бермеу және осы сияқты әдет-ғұрыпты сақтамау – бәрі қонағының көңілінен шықпаса, ол ауыл ақсақалына, ру басына, биіне шағым айтуы, ақын болса, ел күлетіндей етіп өлең шығарып, әжуа етуі де мүмкін. Бұл құдайы қонақтың салт-әдет заңы бойынша құқығы» [2, 594]. Осылайша, әзіл аралас бірауыз өлең сөз арқылы талай нәрсені астарлап айтқан екен Махамбет ақын.

Әлеуметтік жағдайға байланысты.

Үлкен бір жиналыста финанс министрі баяндама жасапты. Үзіліс кезінде бес-алты кісі ортасында әңгіме айтып тұрған Мұхтар Әуезовке әлгі министр келіп, сәлемдесіпті де:

  • Қалай, Мұқа, менің баяндамам сізге ұнады ма? – депті. Сонда Мұқаң:
  • Пәлі, ел сенен ақыл сұрар дейсің бе, ақшаңды беріп тұрсаң болғаны да, – деп, жұртты ду күлдіріпті [3, 49].

Бірде атақты композиор Әбілақат Еспаевтың «Мәдениет және тұрмыс» журналына нотасымен бір өлең шығады. Сол өлеңнің қаламақысын барып алса – әдейі аз қойған ба, ақшасы мардымсыздау екен. Әбілақат ақшаны алады да, журналдың жауапты хатшысына кіріп:

Мәдениеттерің жақсы, тұрмыстарың нашар екен, – депті де, шығып жүре беріпті [4, 25]. Жазушы Мұхтар Әуезовтің «– Пәлі, ел сенен ақыл сұрар дейсің бе, ақшаңды беріп тұрсаң болғаны да» деп айтқан ұтымды әзілі мен композитор Әбілақат Еспаевтың «– Мәдениеттерің жақсы, тұрмыстарың нашар екен» деген шымшыма әзілі күлкі тудырғанымен, астарлап жеткізер мағынасы бар, ойлы әзіл.

Білім-ғылымға байланысты.

…біреу Қалтай Мұхаметжановтан: «Қалай, министрлікке тіркелген жаңа кадрларға риза боларсыз?» – деп сұрапты. Сонда Қалтай:

– Әрине, ризамыз, министр – домбырашы, замминистр – иллюзионист, тағы бір замымыз циркаш, тамаша ғой! Тек енді бір фокусник болса қатып кетер еді, – депті. Мұнысы: Еркімбековтың консервоторияның домбыра класын бітіргенін, Поповтың бұрынғы иллюзтонист, Саудабаевтың цирк директоры екенін айтқаны екен дейді [3, 6].

Бір ғалым өзінің докторлық еңбегін қорғап жатса керек. Даулы пікірлер туындап, академик Әлкей Марғұлан екі-үш рет шығып сөйлепті. Сонда ойнай беретін біреу:

    • Әлеке, бүгін көп сөйлеп кеттіңіз ғой, – дейді. Бұған Әлекең:

– Кісі не нәрсе туралы бірдеңе білген соң сөйлейді ғой, білмесе несін сөйлесін, – деп жауап беріпті [3, 7].

Бір күні сатирик Садықбек Адамбеков Жазушылар одағының секция мәжілісінде өзінің жаңа комедиясын оқыпты. Комедия ұзақ екен. Мәжіліске қатысып отырған ақын Сырбай жалығып жиі-жиі күле берсе керек.

  • Ей, сен неге күлесің? – депті Садықбек Сырбайдың күлгенін жақтырмай. Сонда сырбай күлкісін тыймай:
  • Комедия болған соң күлмегенде қайтеміз!

– депті [3, 19].

Білім адамзат мәдениетінің ең ауқымды ұғымдарының бірі және сана, таным, объективті әлем, субъект, ойлау, логика, ақиқат, парасат, ғылыми және күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты. Білім зерттеу, тексеру, ой тәжірибесінен, ғылыми тәжірибеден өткізу арқылы қалыптасады, реттелу арқылы топтастырылады. Ғылым мен білімге байланысты әзілдердің де өзіндік астарлы ақиқаты болады. Жеңіл әзілдермен салыстырғанда, бұл тақырыптағы әзілдер өткірлігімен ерекшеленеді.

Туысқандық, отбасылық қарым-қатынастағы әзілдер жарасымды, әрі жеңіл әзілдер болып келеді. Қазақ халқының ұлы данышпаны Абай: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» – дейді. Ұрпақ – қазақ халқының ұлы мұраты болғандықтан, ата-бабамыз «Адам адаммен бай», «Кісі болар баланың кісі менен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен иесі бар» деп адамдар арасындағы туысқандық қарым-қатынасқа зор мән берген. Отбасындағы жарасымды әзілдерге мысал келтірсек,

Бақытжанның телефон арқылы біреумен қаттырақ дауыс көтеріп, ашулана сөйлескенін естіген Баукең кейінірек, жайбарақат отырғанда баласына:

  • Сен бағана жолдасыңмен айқайлап сөйлестің ғой, – дейді.
  • Өзі кінәлі, үндемегенге төбеме шығып алған, – деп жауап айтады Бақытжан.

Сонда Баукең:

  • Ол кінәлі емес. Шығуға ыңғайлы, мінгенге жайдақ сенің төбең кінәлі, – деген екен [3, 15].

Пианино ойнап, нота жазып отырған академик-композитор Ахмет Жұбановқа қызы Ғазиза «ана нотаны дұрыс алмадыңыз, мынасы олай емес» деп ескерте беріпті. Сонда Ахаң:

  • Қызым-ау, мен сен сияқты академиктің баласы емеспін ғой. Жай қара шаруадан туғанмын, сондықтан да қателесуім заңды, – депті [3, 49].

Әке – отбасының пірі, қара шаңырақтың қожасы. Балаға ата-ананың жеке басындағы қасиеттері толығымен керек болады: ақылы да, шеберлігі де, күші де, мейірімі де, дауыс ырғағы да әрі қымбат, әрі маңызды. «– Ол кінәлі емес. Шығуға ыңғайлы, мінгенге жайдақ сенің төбең кінәлі» деген Бауыржан Момышұлының ұтымды айтылған әзілінің түсіне білген адамға берер тәрбиесі мол. Бір ауыз әзіл сөзбен көп нәрсені ұғындыра білген.

Ақын Жарасқан Әбдірашев төрт күн бойы үйіне келмей, дос-жарандарына еріп «тойлап» кетіпті. Жарасқанның бір күн, екі күн жоғалып кететін «мінезіне» әйелі Нәзік те әбден үйреніп, ондайда көп іздей бермейді екен. Бұл жолғы отағасының хабар-ошарсыз төрт күн жоғалуы Нәзіктің де көңілін қатты алаңдатады. Осыны сезген Жарасқан төртінші күні есік ашып үйге кірген бойда:

  • Ат айналып қазығын табады,

Жарасқан айналып Нәзігін табады, – деп, өлеңдете төрге өтіп, диван үстіне ұзынынан сұлап түсіпті [3, 61]. Ерлі-зайыптылардың татутәтті өмір сүруі, отбасының мәні cыйластық пен түсіністікте болса керек. Ақын Жарасқан Әбдірашевтың әйеліне айтқан әзілі, жарасты әзіл.

«Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар» деген мақал-мәтелдің екінші жолы өзгертіліп, «Жарасқан айналып Нәзігін табады» деп окказионалға айналып, қолданылып тұр.

Адамдардың жас ерекшеліктеріне қарай:

Жазушылар одағындағы кезекті бір жиналыста бір жас ақын сөз алып, Сәбит Мұқановқа тиісе сөйлейді. Қыза келгенде Сәбит Мұқанов ақын емес дегенді айтады ғой. Сонда Сәбит тұрып:

  • Жаңағы бала дұрыс айтады. Жас кезімде мен де Абайды ақын емес дегенмін, –деген екен. [3, 9].

Бірде ақын Шөмішбай Сариев байқамай жазушы Ахат Жақсыбаевтың өкшесін басып кетсе керек.

Қазақ әзілдерінің тақырыптық ерекшеліктері

  • Өкшемді оңдыртпай бастың-ау! – депті Ахат.

Сонда Шөмішбай:

  • Ақа, өкшеңізді басып келе жатқан ініңіз емеспін бе! – деген екен [3, 27].

Латиф Хамиди әзілкеш, ашық-жарқын кісі еді. Бірде көшеде кездескен композитор ағасына Мұзафар Әлімбаев:

  • Латеке, денсаулығыңыз қалай? – деп сәлемдесіпті.
  • Өткендегіммен салыстырсам, онша емес, ал келешегіммен салыстырсам, құдайға шүкір,
  • депті сонда 75 жастағы Хамиди [3, 36]. Кішіпейілдік – ізеттілік пен әдептіліктің, құрмет пен сыйластықтың белгісі, пейіл мен ниеттің бір түрі. Кішіпейілдік жасынан тәрбие көріп, өнегелі отбасында өскен жасқа да, өзінен кішіні «ақылы асса аға қоятын», «алды кең, арты кеніш» ұлағатты қарияға да тән. Үлкен мен кішінің достығы мен сыйластығының тіні – кішілік пен кісілік, арқауы – құрмет пен ізет. Үлкен мен кіші арасындағы сыйластықтың қандай болатындығы әзіл арқылы да көрінеді.

Ұлттар арасындағы достық әзіл:

Бір күні Мұзағаң (Мұзафар Әлімбаев) ұйғыр жазушысы Илья Бахтиярға әзілдеп:

    • Илья, осы сен өзің қазақша таза сөйлейсің, ал енді шығармаларыңды неге қазақ тілінде жазбайсың? – дейді.

Сонда Илья:

    • Мұзаға, ұйғырға да бір мықты ақын керек емес пе?! – деген екен [3, 20]. Бұл мысалда әзілге әзілмен жауап қайтарылған.

Академик Қаныш Сәтбаев совет делегациясының құрамында Англияға барады. Совет делегациясын бір орайлы шақта Англияның премьер-министрі Уинстон Черчилль қабылдап, қонақасы береді.

Дастарқан басында Черчилль Қаныш Сәтбаевқа назар аударып, әзілге балаған сұрақ қояды:

  • Сәтбаев мырза, айтыңызшы қазақтардың барлығы да өзіңіздей сұңғақ бойлы ма?
  • Менің халқым өзімнен әлдеқайда биік, – деп жауап береді Қанекең.

Келесі бір сәтте Черчилль орнынан тұрып келіп, Қанаңның рөмке көтеруіне демеу лебіз білдіріп, тағы да бір келеңсіздеу, тосын сұрақ қояды:

Сәтбаев мырза, Сіз осы нешінші размерлі бас киім киесіз?

Қанекең сәл жымиып, еш іркілместен:

Черчилль мырза, егер Сіз екеуміз бас киім айырбастасақ, екі жағымыз да өкінбес едік! – де-

ген екен [3, 26-27]. Келтірілген мысалдардан, қазақ халқының өзге ұлт өкілдерімен достығы ғана емес, әзілі де жарасқандығын байқай аламыз. Ұтымды ой, орынды әзіл айта білетіндігіне көз жеткіземіз.

Достар мен құрдастар арасындағы әзіл:

Жақаң және Жамалхан Баетов бір әріптес корей достарының үйінен түстеніп шығыпты. Секемшілдеу Баетов былай шыққан соң:

  • Әлгі бізге ненің етін берді, – деп сұрапты жолдасынан. Сонда Жақаң тісін шұқып тұрып:
  • Білмедім, әйтеуір, менің үргім келіп тұр, – деп зәресін ұшырыпты [5, 4].

Бір жиналыста белгілі ғалым Ысқақ Дүйсенбаевтың артқы жағындағы орындыққа Сырбай Мәуленов отырып қалыпты. Сонда Сырбай ақын Ысекеңнің бітімін меңзеп:

Желке жағы жеті адыр, Жылқы жайсаң жеткендей. Төбе жағы тап-тақыр Тайлақ тайып кеткендей, –

деп әзілдеген екен [3, 9].

Үлкен ұлықтық лауазымға қолы жеткен бір адамның жақын досы оның қуанышына құтты болсын айта келген екен. Бірақ ұлық болған досы мұрнын шүйіріп, өп-өтірік танымағансып:

  • Я, сен өзің кімсің осы? Маған келе бердің?
  • депті.

Күні кеше ғана сыйласып, араласып-құраласып жүрген адамының аяқ астынан бүйтіп құбылып шыға келгенін көрген досы:

Жұрт сені осы таяуда екі көзінен айрылып, соқыр боп қалды деген соң, әдейі халіңді білгелі келіп едім, – депті [6, 54]. Қазақ құрдастың әзіліне ренжімейтін болған. Құрдас айтқан әзілге өкпелеу азаматтыққа сын. Сондықтан да құрдас азаматтар, достар арасында достық әзіл мен өткір әзілдер қатар жүретін болған.

Қорыта келгенде, халықпен бірге жасасып келе жатқан әзіл-қалжың рухани байлығымыз Ұлттық дүниетанымның нәр алатын ортасы, әрі көрінетін жері – ұлттық мәдениет. Әрбір этностың мәдениеті – оның тілі арқылы сақталған. Халқымыздың бастан кешкен тарихы, өмір тіршілігі, күнделікті тұрмысына қажетті бұйымдары, әдет-ғұрпы, салт-санасы, наным-сенімі, талғамы тілімізде бейнеленетін таңба десек, ұлтымыздың тілдік шығармаларында ол міндетті түрде таңбаланады және мәдениетіміздің көрсеткіші бола алады. Әзілді дәстүрлі құндылығымыз деп бағалағандықтан, бүгінгі таңда оны тақырыптық тұрғыдан жіктеп, талдаудың маңызы зор.

Қазақ ақын, жазушыларының арасындағы әзілдердің мағыналық-тақырыптық топтарын жүйелеу арқылы әзі-қалжың дискурсында қатысымдық тактиканың маңызды екені байқалады. Тілдік қатынастағы әзіл саласы лингвистикалық зерттеуді қажет етеді.

 

Әдебиеттер

  1. Елшібек Ж. Ауылдың айтқыштары. 1-кітапша. – Алматы: Өнер, 1993. – 56 б.
  2. Әбдуәли Қ. Қазақтар ана тілі әлемінде: этнолингвистикалық сөздік / Қоғам. – Т. 2. – Алматы: Сардар, 2013. – 728 б.
  3. Ниязбеков М. …деген екен! 1-кітапша – Алматы: Өнер, 1992. – 64 б.
  4. Асқаров Ә. Ағалардың әзілі, құрдастардың қалжыңы. – Алматы: Өнер, 1992. – 112 б.
  5. Садыр Б. Ауыл әзілдері. – Астана: BG-print, 2013. – 288 б.
  6. Төреқұлов Н. Сөз тапқанға қолқа жоқ. – Алматы: Жазушы, 1964. – 69 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.