Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Күрделі атаулардың уәжделу жолдары

Қазақ тіл біліміндегі уәждеме саласы – жаңадан қалыптасу үстіндегі жас ілім. Оның аталым үдерісінің табиғатын ашудағы маңызына соңғы кезеңдердегі баса назар аударыла бастады. Сөзқосымдағы уәждеме үрдісіне зерттеу жүргізген Б. Қасым бұл құбылысқа мынадай анықтама береді: «Уәждеме – аталымның жасалуындағы алдын-ала жасалатын міндетті баспалдақ. Сөзжасамдық уәждеме – құрастырушы сыңарлардың арасындағы қатынастар мынандай белгілерге ие болады: екі сыңар да күрделі сөз жасауға қатысады; бір сыңардағы мағына толығымен екінші сыңардағы мағынамен мағыналық үйлесім жасап кірігеді, кіреді. Жүйесіз кез келген сөз тіркесе бермейді, тілдің барлық қабаттары белгілі бір тәртіпке, заңдылыққа бағынады» [1, 250]. Атау жасаудағы алғашқы белгілердің таңдалуы, тілдік бірліктермен бекілуі аталымның негізін құрайтын әрекеттер.

Уәждеме – сөздің дыбыстық таңбасы мен мағынасының арақатынасын, ұғым мен зат арасындағы байланыс арқылы саралауды талап етеді. Сөздің дыбысталуы мен мағынасының арақатынасы мәселесі көне замандағы философтардан бастап осы уақытқа дейінгі тілші ғалымдарды толғандырып келеді. Уәждеме теориясының бастауы тіл мен ойлау арасындағы байланыс туралы философиялық пайымдауларды қалдырған Платон еңбектерінде жатыр. «Кратил» диалогында Платон «сөз мағына мен дыбыстық жамылғышынан бөлек өзіндік бейнелік қасиетке ие», – деген [2, 479].

Тіл білімінің уәждеме теориясы тұжырымдамалары орыс лингвистикасында В.В. Лопатин, Е.С. Кубрякова, О.И. Блинова, Н.Д. Голев, М.Н. Янценецкая сынды тілшілер еңбектерінде қамтылған. Қазақстан ғалымдарынан М.М. Копыленко, Л.Қ. Жаналина, Б. Қасым, А. Салқынбай тағы да басқа ғалымдар өз еңбектерінде осы мәселенің шешілуіне үлес қосқан [3, 33].

Лексикология саласында алғаш мотивология (уәжтаным) терминін енгізіп, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі құс атауларының жасалуын уәждеме тұрғысынан қарастырған ғалым М.М. Гинатулин. Тілші «Мотивация как языковое явление есть акт отражения признака предмета в его названии средствами языка», – деп алғашқылардың бірі болып уәждеме құбылысына анықтама береді [4, 11].

Жалпы күрделі аталымдар уәждеме теориясына келсек, қазақ тіл білімінде күрделі атаулар 1980 жылдарға дейінгі еңбектерде сөз тұлғасының бір түрі – күрделі сөз деген ұғымда морфологиялықкатегорияретіндеқарастырылып келгені, 1989 жылдан бастап сөзжасам жүйесінде қарала бастағаны белгілі. Күрделі атаулардың кең тараған бір түрі заттың күрделі атауларын сөзжасам жүйесінде кешенді түрде арнайы зерттеу профессор Балқия Қасым еңбектерінен басталады десек, күрделі атаулардың ол жасаған басты тұжырымдамаларына тоқталып көрейік.

Бірінші, күрделі атауларды анықтау жөніндегі тұжырымдамаға келсек, Б.Қасым күрделі атауларды анықтау үшін, лингвистикада қалыптасқан үш түрлі ұстаным-белгіге сүйенеді. Оның біріншісі, мағыналық тұтастық белгісі. Бұл белгі бойынша күрделі атаудың құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа лексикалық мағынаны емес, біртұтас мағынаны білдіріп жеке атау болады (Жезқазған, көкқасқа, бозбала). Екінші, құрылымдық тұтастық белгісі. Күрделі атау да жалаң сөз тәрізді парадигмалық қатынастарға түсе алады, бірақ оның сыңарларының әрқайсысы бөлек-бөлек емес, тұтасқан күйінде түрленіп бір тұлғаға ие болады. Сыңарларының орнын ауысты рып, қалыптасқан күйін өзгертуге болмай ды. Үшіншісі, синтаксистік тұтастық белгісі. Күрделі атаулар сөйлеу, қатысым әрекетінде даяр қалпында қолданылып, лексикалық бірлік ретінде сөйлемнің бір мүшесі болады.

Екінші, күрделі атаулардың уәжділігіне байланысты тұжырымдама. Сөздің уәжділігі жайындағы зерттеулерге сүйене отырып, тіл білімінде бұрын негізінен синтетикалық сөзжасамда қолданылып келген уәжділік, уәждеме теориясын автор аналитикалық сөзжасамда қолданып, сөзжасамдық уәждеме теориясын әрі қарай кеңейткен.

Аталымдық белгі, оны таңдау туралы тұжырымдамада автор атаудың пайда болуында аталатын нысанның өзіне тән белгісін анықтауға, яғни белгі таңдаудың мәні зор екеніне көңіл аударған. Күрделі атаулардың тарихи қалыптасуы жайындағы байламында ғалымның түсіндіруінше, қазақ тіліндегі күрделі атаулардың алғашқы қалыптасу кезеңі көне түркі (ОрхонЕнисей) заманынан басталып, одан кейінгі ортағасырлық дәуірлерде жетіліп, сараланып отырған. Күрделі атаулардың негізінде сөз тіркестері жатыр. Олардың атаулық қызметіне ауысуы сөз тіркесінің ономасиологиялық сипатына байланысты. Мәселен, атқа міну тіркесі ономасиологиялық негізді жасаса, осы тіркестің алдыңғы сыңары ономасиологиялық белгіні танытады, ал одан шыққан атқамінер күрделі атау болып табылады. Осылайша сөз тіркесінен күрделі атаулық лексемалар туындайды.

Қазақ тіліндегі күрделі сөздердің теориялық негіздерін зерттеген ғалым Б. Қасым оларды |күрделі атаулар деп қарастырып, тілдік деректердің атаулық қасиеттерін сараптап, уәжділік дәрежесіне орай 8 түрге бөледі: 1) тура уәжділік (лексикалык морфемдердің айқын, тура мағыналары); 2) жартылай уәжділік (уәждеуші сыңарлардың біреуінің мағынасы күңгірттеніп, көмескіленіп, ауыс мағынаға көшуі); көмескі уәжділік (айқын мағынаның орнына жасырын мағынаның пайда болуынан ауыс мағынаға көшуі) [1, 85]. Көмескі уәжділікке ие күрделі атауларды тұрақты тіркестерге жақын бірліктер деп қарастыруға болады. Тілдің лексикология саласында қарастыратын, атауыштық қызмет атқаратын күрделі сөздердің тұрақты тіркестерден айырмашылығы бар:

  • күрделі сөздер тұрақты тіркестердің қалыптасу төркіні еркін тіркестер болғанымен, олардың қалыптасу үрдісі әр басқа (күрделі сөздер үшін – фонетикалық фактор мен лексикалану, грамматикалану, тұрақты тіркеске – тән үрдіс);
  • тұрақты тіркестердің құрылым тұлғалары берік, олар көп компонентті (екіден көп), құрамы дербес атауыш сөздермен шектелмейді;
  • күрделі сөздерге – тура мағына, фраземаларға – ауыс мағына тән;
  • күрделі сөздердің қалыптасу уәждері ашық, тұрақты тіркестердің ішкі формасы ашық емес және т.б. Еркін тіркестер мен тұрақты тіркестердің арасындағы ерекшеліктерді саралап, профессор Т. Сайрамбаев: «тұрақты тіркестерделексикалықмағынаболса, сөзтіркестерінде болмайды, сөз тіркестері сөздің лексикалық бірлігі негізінде жасалса, тұрақты тіркестерде жеке лексикалық бірліктер жоқ. Сөз тіркесі мен фразеологизмдердің сырттай ұқсастықтары болғанымен, ішкі мазмұны жағынан бір емес», – дейді [1, 82].

Күрделі атаулардың мазмұнына қарай топтастыру, сөзжасамдық типтер жайындағы тұжырымдамада Балқия Қасым күрделі атауларды «адам», «қоғам», «табиғат» (Ә. Қайдар бойынша) салаларына қатысты тақырыптарға жіктеп, сөзжасамдық типтерді анықтайды. Күрделі сөзжасамдық типтер туынды атаулардың сыртқы құрылымдық тұрпатымен және ішкі семантикалық белгілерімен анықталатынын көрсетеді.

Критерий ретінде олардың үш түрлі ерекшелігіне тоқтайды: Бірінші туынды атаулардың лексикаграмматикалық ерекшелігі; екінші туынды атау мен тудырушы негіздердің мағыналық қатынасындағы ерекшелігі; үшінші туынды атаудың жасалуындағы сөзжасамдық құралдар мен тәсілдердің ерекшелігі. Күрделі атаулардың семантикасынабайланыстыолардыңкөпмағыналы, синонимдік, омонимдіксипатынашыпкөрсеткен. Сөзжасамды зерттеушілер күрделі атаулардың жасалуында метафоралардың қызметіне жете мән бермегенін ескертіп, оларды қызметіне қарай: атауыштық метафоралар (егеуқұйрық, бізтұмсық), танымдық метафоралар (ғаламшар, тұсаукесер), экспрессивті-бағалаушы метафоралар (жексұрын, оқжылан), т.б. деп саралап зерттеген.

Қазақ тіл білімінде сөзжасамға қатысты бұрынғы теориялық тұжырымдар негізінен дара атауларға байланысты болып келгені, бұл тұжырымдар күрделі атаулар мәселесін толық шешуге мүмкіндік бермейтіні белгілі. Б. Қасым еңбектерінде күрделі атаулардың теориялық негіздері екі негізгі мәселенің: уәждеме және аталым маңында дамытылып, күрделі атаулардың дербес лексема мәртебесіне ие болуының заңдылықтарыашылған. Жоғарыдаайтылғандай, тұжырымдамаларды қазақ сөзжасамының әлі де қалыптасу үстіндегі композиттану теориясын дамытып, жетілдіруге қосылған маңызы зор үлес деп бағалауға болады.

Тілде атау да өмір сүре береді. Осыған байланысты сөздерді ия атауларды екі түрге бөлуге болады: 1) уәжсіз; 2) уәжді» Бұдан шығатын қорытынды лингвистикалық түрғыдан келгенде сөздің уәжділігі – оның атау сэтіндегі мағынасымен тарихи байланысты болады. Осыған орай тіл білімінде уәждің үш түрі ажыратылады: 1) Дыбыстық уәж; 2) Морфологиялық уәж; 3) Семантикалық уәж. Уәждеу (мотивация) тілдік номинация теориясьшьщ өзекті бір саласы болып саналады. Номинация немесе атау қызметі үш бөліктен түратьш қатынаспен сипатталатыны белгілі: реалий – ұғым – атау. Әртүрлі нақтылы тілдік ортада ол үш бөлік әртүрлі белгілерге ие болады. Тіл білімінде атаудың (номинацияның) екі дәрежесі көрсетіледі: 1) Бірінші дәрежелі немесе алғашқы атау(первичная номинация). Ол – атаудың аталушы заттың қасиеттерімен уәжделуі немесе «шьшдықтьщ фактілерінің тілдік жүйенің фактісіне айналуы»; 2) Екінші дәрежелі немесе кейінгі атау (вторичная номинация). Онда сөздің семантикалық даму нәтижесінде өзін тудырған түбірмен мағыналық

байланысы үзіледі, яғни, жаңа атаулар үшін тілде бұрыннан бар атауыштық қүралдарды пайдалану».

Атаулардың уәждену жолдары тіл білімінде екі үлкен жүйеде қарастырылады: 1) лингвистикалық уәж жүйесі: фонетикалық уәж, морфологиялық уәж, синтаксистік уәж; 2) лингвистикадан тыс тану, қабылдау негізінде жинақталған белгілер жүйесі.

Қайсыбір тілдік ұжымның сөздік қорындағы жаңа ұғымға тағылған атаусөз сол тілдік ұжымның күнделікті өмір сүру тәжірибесінде кездесіп қолданылатын заттармен байланысты негізде өмірге келеді. Өйткені «Сөз – затқа ат беруге қызмет ететін негізгі тілдік бірлік». Тілдік санадағы кез келген атаудың бірден-бір қасиеті – танымдық қасиет деуге болады. Ғалым Ж. Манкеева өз зерттеуінде оны былайша түсіндіреді: «Қандай да болмасын заттың атауы оны тек атап қана қоймай, сонымен бірге оны танытады. Ал тану, иә анықтау белгілі бір халықтың тарихи даму жағдайы аясында іске асатындықтан, ол тілдік ұжымы өмір сүретін нақты жағдайларға байланысты әртүрлі болады».

Қай тілде болса да қоршаған ортадағы заттар, нәрселер, құбылыстар қоғамның өзгеру жүйесіне сай дамып толығып, сонымен бірге өзгеріске ұшырап өз іштерінен жаңа ұғымдары мен түсініктері анықталып, арнайы лексикалық бірліктермен белгіленіп отыруы үнемі болып отыратын үдеріс. Аталым актісіне қатысатын негізгі үш компонентке (таңбаланатын, таңбаланбайтын, аталатын) бұл үдеріс өзара тәуелді. Сонымен қатар номинативті үдерістің қағидалары қандай тілдің болса да типологиялыққұрылымдық ерекшелігімен, генетикалық жүйесімен байланыста өмір сүріп, әмбебап мәнге ие болып, сөздік қорын қамтиды. Осыған орай номинация тілден тыс фактілердің сол тілде қарым-қатынас жасайтын қоғам мүшелерінің өмір тәжірибелік санасындағы бейнеленген тілдің құрылым-құрылысы мен жүйесі, тілдің мәніне айналу үдерісі. Аталым актісі үш мүшенің қатысуымен жүргізіледі – «болмыс» – «ұғым» – «есім». Болмыс есімнің сигнификаты (мағынасы) ретінде танылады. Есімнің сигнификаты мен денотаты нақты атау актілерінде номинацияның базалық құрылысы болып есептеледі. Аталым актісіндегі маңызды және негізгі тілдік бірліктік байланыстар – уәж, уәждеме, уәждену, уәжділік үдерістері деуге болады. Лексиканың нақты қабатындағы күрделі мәселе болып табылатын ұғым мен атаудың, оның астарындағы семантикалық реңктердің даму жағдайына уәждеме, уәжділік, уәждену құбылыстары өз ықпалын тигізеді. Уәждеме құбылысы әлем бейнесіндегі сан алуан нәрселер мен заттарға ат қойып, айдар тағып сол атаудың мән-мазмұнын ашуда аталым актісіндегі аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Қоршаған ортадағы қандай да бір затты, нәрсені немесе құбылысты танып-біліп, атау тағып, таңбамен бекіту оның мән-мазмұнымен бейнеленеді. Бұл мән-мазмұнның сипаты сол тілдегі лексикалық жүйелердің қарым-қатынасымен байланысынан, сол халықтың, этностың рухани жан дүниесінен, әлеуметтік-экономикалық жағдайынан, мәдениетінен, моральдықпсихологиялық жай-күйіндегі ерекшеліктерінен қалыптасатын экстралингвистикалық факторлармен тығыз байланыста жүзеге асады. Яғни аталым теориясында уәждеме құбылысының көрінісі берілуі ерекше. Уәждемені зерттеудің теориялық аспектісі бұл мәселені зат пен атаудың уәжділігі тұрғысынан қарастыруды көздейді. Номинациямен байланысты тіл біліміндегі күрделі бұл мәселе ғылыми тұрғыдан әлі толық шешімін тапты деу қиын. Өйткені уәждеметанумен шұғылданушы ғалымдар уәждемені сөздің ішкі формасы, сөздің семантикалық тұлғасы, сөзжасамдық байланыс, сөздің этимологиялық белгісі сияқты ұғымдармен ара жігін толық ашып көрсете алмай келеді.

Біз зерттеу жұмысымызда өлшемдік ұғымдардың аталуына себеп болған уәждерді табуға тырысып, оларды уәждік белгілері бойынша топтастыруды мақсат етумен қатар, уәждеметану теориясындағы негізгі ұғымдарға түсініктеме бере кеткенді жөн санадық. Мотивология (франц. motif – сылтау, дәйектеме logia – ілім) –лексикологияның бір саласы. Ол дәлелдемелі (жартылай дәлелдемелі, дәлелдемесіз) сөздер мен уәждік қатынастарды қарастырады. Сөздің түрлі аспектілерде мотивтенуі – өзге тілдік бірліктермен мотивациялық қатынастарға (диахрондық және синхронды) түсетін лексикалық мотивологияның зерттеу нысаны болып табылатындығы белгілі. Уәждеметану саласындағы атауға негіз болатын ұғымтүсініктің бірі – уәж (мотив) термині. Уәж – белгілі бір іс-әрекетке негізделген адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру мақсатындағы саналық тұрғыдан анықтау. Уәж себептің негізінде пайда болып, оның тепе-тең бейнесін белгілейді. Зерттеушілердің кейбірі атау уәжін сол атаудың негізі болып табылатын заттың ерекше белгісі деп көрсетсе, екіншілері белгілеп отырған заттың елеулі немесе елеусіз белгілерінің өзі мотив бола алады деген қағиданы құптайды. Тілдегі уәж мәні ғылымдағы жалпы уәж ұғымына сәйкес келеді. Келесі бір негізгі ұғым – уәждеме. Сонымен уәждемені тіл арқылы аталған заттың немесе құбылыстың бір белгісінің көрінісі деуімізге болады. Бұл ұғымның негізгі қарастыратын мәселесі зат пен атаудың арасындағы байланыс. Оның аталу мерзімі, тілдің даму сатысы деңгейіндегі белгілі бір кезеңіндегі сөздің уәжділік сипаты. Уәждену, мотивтену – сөздің құрылымдық-мағыналық қасиеті, тілдік және тілден тысқары болмыстың негізінде дыбысталу мен мағыналық байланыстың мүмкіндігін түсіндіру. Уәждеуіштілік – сөздерді семантизациялаудағы маңызды элемент болып табылады. Себебі ол сөздің мағынасын құрайтын дифференциалды белгілер минимумының жүзеге асуын және белгілі бір дыбыстық құрылымының астарындағы мағынаны тануды қамтамасыз етеді. Уәждеметану теориясындағы аталмыш ұғым-түсініктер адамзат үшін әлем бейнесіндегі бейтаныс затты, нәрсені немесе құбылысты алғашқы рет байқап көргенде, оның әртүрлі қасиет, белгілеріне назар аударып, сол заттың бойынан тілде бар сөздік белгілердің ұқсас бірін таңдап алып, сол ұғымды жаңа заттың атауы ретінде пайдалануды саралап түсіндіруді мақсат етеді. Зат немесе құбылыстың уәж арқылы қабылданған белгілері мен қасиеттері белгілі бір этнос, ұлт, халық тілінде таңбаланушы ұғым, түсінік негізінде ақыл мен сананың ақиқат дәлеліне айналып, бейтаныс затқа (мысалы, әлі аталмаған өлшем бірлігіне) таңбалаушы болып бекітіледі. Мысалы, километр – арақашықтық өлшемін білдіретін шақырым атауына ат тағуда оның басқа көп белгілерінің ішінен қимылдық, айғайлап шақыру белгісі ерекше көзге түсіп атауға себепші, негіз болған. Мұнда бір адамның екінші бір адамға қатты дауыс шығарып шақыруымен байланысты осы өлшемдік ұғым қалыптасқан. Атау табиғатын айтқанымызда тілдің әр дәуірде, әр кезде өмір сүру мәселелерінің құрамдас бөлігі екенін ескерген жөн. Кез келген атау алғаш танылып, қолданысқа түскенде белгілі бір тілде сипаттама қызметке ие болады. Уақыт озған сайын ол сөйлеуші ұжым тілінде жұмсалу қызметі артып, жалпыға бірдей түсінікті болып, басқа тіл бірліктерімен қарым-қатынасқа түсу қабілеті кеңейіп сол ұжым тілінде тұрақтылық қасиетке ие болады. Сондықтан оның алғашқы танымдық уәждемелік бейнесі солғындай түсетіні белгілі.

Тілімізде тұрақтылық сипатқа ие халықтық өлшемдерге айналған аршын, қар, қарыс, сүйем, елі сияқты атаулардың этимологиясын білмесек, олардың аталуына себепші уәж болған дене мүшелердің атаулары екенін таппаған болар едік. Демек, этимология арқылы осы өлшемдердің аталуына себеп болған уәждерін анықтауға болады. Нәрсеге немесе затқа, құбылысқа таным тұрғысынан алғаш ат беру үшін таңдап алынатын уәж әдетте сол зат немесе нәрсенің бойындағы қандай да бір болмасын белгісінен туындайды. Мәселен, тіліміздегі тереңдік өлшемдерін таңбалайтын таңбалаушы атаулардың аталуына себепші уәж қазақ халқына аса танымал жылқы малының дене мүшелері құлағы, тізесі, сауыры, тұяғы, шашасы болған. Осыдан тілімізде тереңдік өлшемін білдіретін таңбалаушы ат құлағынан, ат тізесінен, ат сауырынан, ат шашасынан, ат тұяғынан, ат бауырынан сияқты этнографиялық өлшемдік атаулар қалыптасқан. Уәждеметану теориясында фонетикалық, лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік уәждеме деп бөлінетіні белгілі. Өлшемдік ұғымды білдіретін атауларды фонетикалық уәждемеден басқа түрлеріне бөліп көрсетуге болады. Лексика-семантикалық уәждемеде белгілі бір заттың атауы болған сөз, лексикологияда лексикалық жүйедегі элементтердің бірі болып, бір-бірімен өзара байланыста және қарым-қатынаста тұрады. Мұнда лексикалық бөлшектермен тілде өмір сүретін басқа бөлшектер байланысқа түсіп, сөздің уәждену ұғымы пайда болады. Уәждену ұғымын анықтауда тілді қолданушы ұжым мүшелерінің ментальдық ерекшелігі ескеріледі. Сол тілдік санада өмір сүретін лексикалық бөлшектердің байланысы мен қарымқатынасы, әртүрлі ассоциациялық қатынастардың негізінде көрініс береді. Мысалы, арақашықтық өлшемін білдіретін қарға адым жер фразеологизмінің аталуына себепші негіз болған уәж қарғаның екі аяғының арасындағы аппақ қарға түскен ізі, адымы. Себебі адам өзінің танымында бұған дейінгі өзіне танымал екі аяғының арасын өлшем бірлік адым деп таныса, осы адымның сыртқы пішінімен қарға адымының жалпы пішінін, қардағы ізін ұқсастырып, салыстырып, бейнелеп тілдегі метафора тәсілі арқылы «жақын жер» мағынасын білдіретін өлшем бірлігін қалыптастырған. Морфологиялық уәждемеде атаудың мағынасы мен құрылымдық байланысын көрсетеді. Морфологиялық уәждемеде түбірден тараған туынды сөздің мағынасын қарастыратын сөзжасамдық уәждеме кеңінен қолданылады. Яғни сөзжасамдық уәждеме – бұл түбір сөздерден тараған туынды сөздердің өзара арақатынасы.

Морфологиялық уәждеме арқылы тілімізде біршама өлшемдік ұғымды білдіретін атаулар жасалғаны белгілі. Мысалы, арақашықтық өлшем мағынасын білдіретін сәске+лік жер, түс+тік жер, күн+дік жер, тәулік+тік жер сияқты тіркестер мен көлем-мөлшерді білдіретін туырлық+тық киіз, көйлек+тік мата сияқты тіркестерді жатқызуымызға болады. Синтаксистік (аналитикалық) уәждемеде лексикалық мәнге ие жаңа сөз кемінде екі сөздің тіркесінен жасалады. Бұл тәсілмен жасалған өлшем бірліктерінің орны тұрақты, араларына сөз түспейді. Халық танымында ұзындықты өлшеуде өздеріне жақсы таныс аттың тізгіні, шідері, тұсауы, қамшы сияқты таңбалаушы атаулардың уәждік негізінде тұсау бойы, тізгін бойы, шідер бойы, қамшы бойы сияқты таңбаланушы өлшемдік тіркестер жасалған. Тілімізде өлшемдік ұғымды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің аталуына себеп болған уәждік белгілері бойынша бірнеше уәждік топқа бөліп көрсетуге болады. Соматикалық ұғымдармен байланысты аталуы: елі, қар, қарыс, сере қарыс, кере қарыс, сүйем, сынық сүйем, табан, шынтақ, бармақ, құлаш, құшақ, уыс, белуардан, тобықтан, қызыласықтан, қылтадан, т.б. Құрал-сайман атауларына байланысты аталуы: арқан бойы, құрық бойы, қамшы бойы, найза бойы, тұсау бойы, шідер бойы, тізгін бойы. Төрт түлік малдың жайылымына, шабысына, жүрісіне, мекеніне байланысты аталуы: ат шаптырым жер, тай шаптырым жер, құнан шаптырым жер, түйе көш жер, қозы көш жер, бойдақ қой ауылындай жер, қозы өрісіндей жер, қозы көген жер, қой өрісіндей жер, бие бауындай жер. Ас-тағамдар мен тұрған ыдыстарына байланысты аталуы: бір саба қымыз, бір табақ ет, бір қап ұн, бір қарын май, бір шымшым тұз, бір салым шай, бір асым ет, бір тілім нан, бір ұрттам су, т.б. Тәулік, уақытқа байланысты аталуы: күндік жер, сәскелік жер, түстік жер, бір түндік жер, апталық жер, айшылық жер. Сонымен тіліміздегі өлшемдік ұғымды білдіретін атауларды осындай уәждік белгілері бойынша топтастырдық. Кез келген тілдік бірліктер сияқты өлшемдік ұғымдардың да астарында күрделі және бірнеше уәж жататыны белгілі. Соның ең басты уәжі – танылған затқа не құбылысқа негіз болатындығын ашып көрсету үшін, аталым теориясындағы уәждеме құбылысына сүйенетіндігіміз ақиқат.

 

Әдебиеттер

  1. Қасым Б.Қ. Қазақ тіліндегі заттың күрделі атауларының теориялық негіздері: Фил. ғыл. док. дисс. – Алматы, 2012. – 313 б.
  2. Платон. Сочинения: в 3-х т. – М., 1971. – 689 б.
  3. Хасанов Б. Қазақ тіліндегі сөздердің метафоралы қолданылуы.– Алматы,1966. – 205 б.
  4. Гинатулин М.М. К исследованию мотивации лексических единиц (на материале наименований птиц): Автореф. Дис. канд. – Алма-Ата, 1972. – 27 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.