Оңтүстік Қазақстан аймағының музыкалық дәстүрлерін зерттеу мәселелері

Қазақ фольклоры, ән-күй-жыр өнері ұлтымыздың мақтаныш етер асыл мұрасы, сан ғасырлар бойы қаймағы бұзылмай, бүгінге жеткен қазынасы, сарқылмас байлығы. Қазақ музыкасы кешегі мен бүгінгінің алтын көпірі іспеттес бізге халқымыздың өткен тұрмыс-тіршілігін, қайғы-мұң, аңсар-арманын, сағынышшерін, басынан өткерген небір ауыр күрестері мен, қуанышытарын көрсетіп тұрған сырлы айнасындай.

Қазақтың фольклорын, халық және кәсіби әндерін, сонымен қатар күйшілік, жыршылық дәстүрдің үлгілерін жинау, жариялау, зерттеу фольклортану жәңе музыкатану ғылымдарының негіздері. Бұл жұмыстардың алғашқы тәжірибелері XVIII-XIX ғасырлардан бастау алып, XIX ғасырдың екінші жартысында Ш. Уәлиханов, В. Радлов, Г. Потанин, Ә. Диваев сияқты ғалымдардың еңбектерінде шынайы өрісін тапты. Бұл еңбектерде фольклор үлгілерін жинаудың, әрі зерттеудің өзіндік әдіс-тәсілдері қалыптаса берді және осы ғалымдардың тәжірибесі келесі буындарда өзінің жалғасын тапты.

XX ғасырда Қазақтың жалпы фольклорына және әндеріне арналған А. Затаевичтің, А. Жұбанов, Б. Ерзаковичтің, Т. Бекхожинаның, А. Байгаскинаның, С. Еламанованың, И. Қожабековтың т.б. көптеген музыка зерттеушілері мен жинаушыларының ғылыми еңбектері бізге мәлім. Ал аспаптық музыка күйлерінің жиналғанын және алғашқы рет зерттелгенін жоғарыда айтылған А. Затаевич, А. Жұбановтың, әрі қарай П. Аравин, З. Жанұзақованың, Т. Бекхожинаның еңбектерінен көрсек, күйлерді талдауда А. Мұхамбетова, Г. Омарова, А. Раймбергенова, С. Өтеғалиева т.б. көптеген зерттеушілердің еңбектері зор.

Ұлттық дәстүрлі музыкасы аймақтық орналасуларға байланысты әр қилы болып келеді. Себебі әр аймақтың өміріне, тұрмыс-тіршілігі мен наным-сенімдеріне шекаралас жатқан көрші мемлекттердің ықпалы әсер етпей қойған жоқ. Тек қана көршілес жатақан мемлекеттердің әсерінен ғана емес, сонымен қатар қазақ халқы тайпа-руларға бөліне отырып, жерді де бөлісті. Соның салдарынан әр аймақтың жағрафиялық орналысуы, тарихы, жергілік этно-мәдениеттік дәстүрлері сол аймақтардың музыкалық мәдениетінің ерекшелігіне өз әсерін тигізді және осыдан қазақ музыкасында алуан түрлілік пайда болды.

Қазақтың дәстүрлі ән-күй-жыр өнері өрістеген өлкелеріне, құрылымдық өзгешеліктеріне, орындаушылық ерекшеліктеріне қарай бірнеше аймақтық дәстүрлерге бөлінеді. Олар Шығыс Қазақстан (Алтай-Тарбағатай), Арқа, Жетісу, Сыр өңірі, Батыс Қазақстан өңірлерінде қалыптасқан. Бұл аймақтық дәстүрлер, оның ішінде фольклор және кәсіби ән, күй, жыр мектептері туралы музыка зерттеушілерінің, фольклортанушыларының әр аймақты жеке дара қарастырып зерттеген кітаптарі, жинақтары, монографиялық еңбектері, ғылыми диссертациялары, мақалалары бар.

Мысалы, еліміздің Шығыс, Орталық, Солтүстік аймақтарын қамтитын Арқа дәстүрлерін айтсақ, бұл аймақтан көмейіне бұлбұл ұялаған көптеген дарабоз әншілер шықты. Сол әншілердің өмірі мен шығармашылығы жайында көптеген еңбектер де жарық көрді. Атап көрсетсек, аталмыш аймақтың фольклоры мен әншілік дәстүріне байланысты әр жылдарда ноталық жинақтар шығып, монографиялық, диссертациялық еңбектер жазылды. Олар: Ж. Кәрменовтың, Г. Байтенованың, М. Әбуғазының ноталық жинақтары, С. Елеманованың монографиясы, Д. Амированың, А. Байбектің диссертациялары [1], т.б. Арқа шертпе күйлері туралы еңбектерді бөліп қарасақ: У. Бекеновтың, Е. Үсеновтың, А. Тоқтаған мен М. Әбуғазының күй жинақтары, М. Гамарниктің Тәттімбет шығармашылығы туралы жазған диссертациясы, т.б. [2].

Батыс Қазақстан (Орал-Атырау, Маңғыстау, Арал-Ақтөбе, Сыр өңірі) ғұрыптық жанрлар және кәсіби дәстүрлі ән өнері бойынша: М. Құрманғалиева, А. Жаңбыршының ноталық жинақтары, Б. Тұрмағанбетова, М. Құрманғалиеваның диссертациялары [3]. Төкпе күй жанры бойынша: А. Жұбановтың, Т. Мерғалиевтің, А. Райымбергеновтың, А. Тоқтағанның (А. Есенұлы), К. Сахарбаеваның жинақтары және П. Шегебаев, Р. Несіпбай, Г. Омарованың диссертациялары [4]. Сыр өңірінің күйшілік және жыраулық музыкасына байланысты: Б. Жүсіпов, Б. Оспанов, Т. Тоқжанның ноталық баспалары және Б. Жүсіпов, Ұ. Байбосынова, Э. Жаңабергенованың диссертациялары [5].

біршама қамтылған. Ал қазақ музыкатану ғылымында назардан тыс қалып келе жатқан, зерттеу нысанына толық алынбаған аймақ – Оңтүстік өлкесі, оның ішінде Қазығұрт, Отырар, Түркістан, Қаратау бөктері. Осы аймақтың өзіндік тарихи-географиялық ерекшелігі, табиғи қалыптасу сипаты, қоғамдық саяси-әлеуметтік ахуалы халықтың тарихи танымына, философиялықпсихологиялық түйсігіне, мәдени-рухани талғамына өзіндік ықпалын тигізген. Сондықтан да бұл аймақтың музыкалық, оның ішінде фольклорлық және кәсіби музыкалық өнерінің өзіндік ерекшелігі арнайы зерттеуді қажет етеді.

Дегенімен, жалпы Оңтүстік Қазақстан өңірінің музыкалық фольклоры, терме-әндері, әдет-ғұрып, салт-дәстүр ерекшеліктері мүлдем зерттелінбеген, жиналмаған деп айта алмаймыз. Оның бір дәлелі 1991 жылы жарық көрген Р. Темірбаевтың «Қазығұрт әуендері» [7] атты еңбегі. Бұл жинақта алғаш рет Қазығұрт аймағының, яғни Шымкент облысының қара өлеңдері біршама жинақталып, нотаға түсірілген. Аспаптық музыкаға байланысты зерттеуші, профессор Г.Н. Омарованың «Оңтүстік Қазақстанның күйшілік өнері» (Қаратау және Сыр өңірлерінің аймақтық байланыстары) [8] атты мақаласы музыкадағы аймақтық дәстүрлерді зерттеу мәселесіне арналған. Автордың пікірінше, Оңтүстік Қазақстандағы тарихи өлкелер (Қаратау, Сыр өңірі) ғасырлар бойы түрлі аймақтар, ру, тайпа мен этностардың тоғысу жері болған. Демек, бұл өңірлер мәдениеттер мен музыкадағы стильдердің де тоғысу жері. Сонымен қатар аспаптық музыкаға байланысты: Ж. Иманалиев пен М. Айтқалиевтің, А. Тоқтаған, Г. Ұлтарахова мен М. Әбуғазы күйлер жинағы, Ж. Спатаевтың терме жинағы1 және Р. Алсаитованың диссертациясы [9].

Биылғы жылы Шымкент облысы әкімінің қолдауымен «Оңтүстік Қазақстанның жүз әні», «Оңтүстік Қазақстанның жүз термесі» және «Оңтүстік Қазақстанның жүз куйі» атты үш бірдей үлкен еңбек жарық көргелі отыр. әрине, бұл жинақтардың жарық көруі – үлкен жетістік, дегенімен осы аймақтың дәстүрлі музыкасын әлі де тереңірек, әлі де кәсіби тұрғыда зерттеп, саралап, басқа аймақтардан ара жігін ажыратып,

Ежелгі күй, ақындық-жыршылықтың зор ықпал еткен және ерекше дамыған жері Жетісу аймағы жайлы: Б. Мүптекеев пен С. Медеубекұлы, А. Әбдуәлі мен М. Әбуғазының ноталық жинақтары және А. Темірбекова, Е. Үсенбаев, Б. Мүптекеевтің диссертациялары [6].

Аталып өтілген аймақтық дәстүрлі музыканы толығымен зерттелген деп айта алмасақ та, ерекшелігін нақты фактілермен көрсетуді қажет етеді.

Аталмыш аймақтың музыкалық дәстүр лі өнерін бүгінгі тарихи, әдеби мәліметтер мен музыкалық материалдарды қолдана отырып, фольклорлық, эпикалық, сонымен қатар, егер бар болса, кәсіби ән өнерін және де бірқатар ірі тұлғалардың өмірі мен шығармашылығын зерттеу, сипаттау, стильдік ерекшеліктерін айқындау зерттеу жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады.

Ең алдымен бұл аймақтың фольклорын Р. Темірбаевтың «Қазығұрт әуендері»[7] атты ноталық кітабын пайдалана отырып, сонымен бірге алдағы уақытта жоспарланып отырған экспедицияда зерттеу нысанына алынып отырған аймақтың фольклорына байланысты қосымша материалдарды іздестіріп, табу бірінші орындағы өзекті мәселе.

Екінші мәселе – толғау, терме яғни эпикалық жанрдың осы өлкеде кеңінен дамып қалыптасуының өткен тарихи оқиғалары, ақын, жыршы, күйшілердің өмірі мен тағдырына, олардың ақындық және музыкалық шығармашылығына өз әсерін тигізгендігі жайлы нақты фактілер ді мысалға келтіре отырып, әнші, термеші, жыраулардың шығармаларын талдап, олардың өзіне ғана тән даралық сипатын айқындау. Бүгінгі таңда терме, жыр, дастандардың жалпы эпикалық өнердің сақталып қалған жері Сыр өлкесі, одан соң Оңтүстік Қазақстан облысының Сыр өңірімен шекаралас жатқан Отырар ауданы.

Осы тұста Ұ. Байбосынованың «Мұсылмадық Шығыс әдебиеті үлгісіндегі жанрлар және олардың әуездік-эстетикалық ерекшеліктері» атты мақаласында: «Ислам дінінің тарауымен бірге Шығыс әдебиетінің де ежелден қалыптысқан тақырыптық, жанрлық, көркемдік жүйесінде жаңару, жаңғыру, құбылыстары байқалды. ... Араб-парсы поэзиясының тақырыптық-идеялық жүйесіндегі ежелден қалыптасқан өмір құбылыстары хақындағы мазмұнға енді Алла және оның кітабы Құран, Мұаммед пайғамбар, оның төрт сахабасы және т.б. құқықтық этикалық, мәдени-ғұрыптық қарым-қатынастары қамтыла жырланды. Ислам және Шығыс мәдениет дәстүрлерінің тоғысуы әуелде араб халифатының жаулап алу, күштеу саясатына негізделгенімен, келе-келе IX-XI ғасырлардағы Орта Азиядағы түркілік-парсылық мемлекеттердің дербестенуі арқасында әрбір халықтың өзіндік әдеби-мәдени дәстүрлері қалыптасты. Бұл орайда біз Сырдарияның жоғарғы ағысында әбілхасан Рудаки, әлішер Науаи орта ағысындағы Ахмет Иассауи,

Ахмет Игүнеки, Софы Аллаяр туындылары арқылы жасалған әдеби-әуездік дәстүрлерді ауызға аламыз. Исламдық мәдениетті негізге ала отырып, Сыр бойы ақындары өнердің сөз, әуез бірлестігінен құралатын табиғатына гуманистікэстетикалық жаңа дәстүрлері жолды енгізе жасады» [10, 309].

Құран және шығыстық әдебиет үлгілері қазақ ақын, жырауларының шығармашылығында сақталып, дамып, дәстүрлі жалғасын тауып отырды. Сырдарияға шекаралас жатқан, яғни Қаратау өңірінен шыққан Майлықожа, Мәделіқожа, Бұдабай, Мәнсүр сынды ақындардың шығармашылығынан да осы сипаттарды көреміз. Оңтүстік Қазақстаннан шыққан термешілер дегенде ең бірінші ойға келетіні де, айтылатыны да, айтылып жүргені де Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Ал Құлыншақ Кемелұлы, Молда Мұса, Құтбай Дүрбаев, Қайыпназар әйтпеновтар т.б. термеші, ақындары жайлы көбі біле бермейді. Ендігі мәселе Майлықожа атамыздың өмірбаянын шығармашылығын тереңірек зерттей отырып, басқа да термеші, жыршы ақындардың аттарын атап, шығармашылықтарымен тереңірек таныса отырып басқа аймақтардың термеші, жыршыларының мақамдарынан ерекшелігін талдап, саралап түсін түстеп көрсету болып табылады.

Үшінші мәселе – Оңтүстік Қазақстан аймағының рулық құрамы, сол рулардың шежірелік негіздері және осы аймақпен байланысты этнотарихи оқиғалар. Себебі, аймақтық дәстүрлі музыка тек территория және өлкелердің қалыптасу, дамуымен ғана емес, сонымен қатар Қазақстан территориясындағы этно-тарихи процесстерімен және қазақ шежіресімен де тығыз байланысты [11, 13-19]. Оңтүстік Қазақстанға қатысты мына мәліметтерді қолдануымыз қажет: «XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Шымкент уезінің қазақтары этникалық тұрғыдан үш жүзді түгел қамтыды. Кіші жүзден мұнда тамалар, жағалбайлылар мен шеркештер тұрады; Орта жүзден қоңыраттар; ал Ұлы жүзден Ысты, Ошақты, Сіргелі мен Дулат руы төрт атасының басым бөлігі мекен етті. Сондықтан қазақ халқының мұндағы басым бөлігі Ұлы жүз өкілдері болып есептеледі. Мәселен, көптеген жаныстар Ташкент уезінің шекарасынан бастап, Арыстың Сырдарияға құяр сағасына дейін екі жағалауда, Келес, Бадам өзенінің жоғарғы жағалауында тұрақтады. Арыс өзенінің оң жағында, Боралдай, Бөген бойында Шымыр руының өкілдері аумақ-аумақ болып отырса, Сайрамның солтүстігінде ботбайлардың аз бөлігі мекендеді. Арыстың төменгі саласында ең көп Сиқым руының өкілдері тұрып жатты. Бұл уездегі Дулаттар руының шаруашылық пен тұрмыс тіршілігінде суармалы жер, диқаншылық пен бау бақша маңызды орын алды. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы, түрлі уй кәсіптері мен қолөнер де олардың арасында кең тарады. Сөйтіп Ұлы жүздің саны ең көп Дулат рулары Сырдария облысының Шымкент пен әулиеата уездерінде, Жетісу облысының Верный уезінде орналасты» [12, 56-57].

Сонымен, Шымкент уезіндегі Ұлы жүз руларының ішіндегі ең көп тараған этникалық топ дулаттар. Шымкент облысы мен Жамбыл облысында көптеп қоныс аударған дулат руының

басынан өткізген тарихи оқиғаларына, кәсіптеріне, орналасқан айамағына байланысты, осы рудан шыққан өнерпаздардың музыкасында ерекшеліктер бар ма? Қәзірше біздің байқағанымыз, Сағатбек Медеубекұлы мен Базаралы Мүптекеевтің «Жетісу әуендері» атты еңбегіндегі қара өлеңдер мен халық әндері «Қазығұрт әуендері» атты музыкалық жинақтағы Оңтүстік Қазақстан әуендері қатты ұқсас, тіпті бір музыкалық ладта құралған ұқсас әуендер. Бұл мәселені алдағы уақытта диссертациялық жұмысымызда нақты дәлелдермен мысал келтіре отырып талдау, саралау қажет.

 

Әдебиеттер

  1. Кәрменов Ж. Халық әндері мен халық композиторларының әндері. – Алматы, 1990; Байтенова Г. Көкшетау әуендері. – Алматы: Өнер, 1993; Сарыарқа әндері антологиясы. / М. Әбуғазы. – Алматы, 2009; Елеманова С.А. Казахское традиционное песенное искусство. – Алматы: Дайк-Пресс, 2000; Амирова Д. Аркинская песенная традиция: жанрово-стилевая система: Автореф. дис. ... канд иск. – Л., 1994; Байбек.А. Песенный стиль Арки в контексте этносольфеджио (вузовский курс): Автореф. дис.... канд. иск. – Алматы, 2009.
  2. Күй табиғаты / Құр. Бекенов У. – А., 1981; Тәттімбет: Саржайлау. Күйлер / Күйлердің ред. қараған Е.Үсенов. – Алматы: Өнер, 1988; Тәттімбет және Арқа күйлері /А. Тоқтаған, М. Әбуғазы. – Алматы: Білім, 2005; Гамарник М. Жизнь и творчество Таттимбета: Автореф. дис. ... канд. иск. – Алматы, 1996.
  3. Құрманғалиева М. Мұхит сал. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005; Адайдың ырғымасы / құрастырған Жаңбыршы А. – Алматы: Нұр әлем, 2005; Тұрмағанбетова Б. Ж. Қазақстанның Батыс аймағының ән мәдениеті. – Алматы, 2009; Құрманғалиева М. Мұхит Мералиев и его наследие (опыт реканструкции жизненнего и творческого пути): Автореф. дис. ... канд. иск. – Алматы, 2009.
  4. Құрманғазы. Күйлер / Құр. Жұбанов А. – А., 1960; Дәулеткерей. Күйлер / Құр. Жұбанов А. – А., 1961; Мерғалиев Т. Домбыра сазы. – А., 1972; Қазанғап. Ақжелең / Құр. Райымбергенов А. – А., 1984; Есенұлы А. Күй – тәңірдің күмбірі. – Алматы: Дайк-Пресс, 1996; Есенұлы А. Күй – қастерлі әуез. – Алматы: Өлке, 1998; Сахарбаева К. Атырау ән-күй Мұхиты.Алматы: Дайк-Пресс, 2001; Шегебаев П. Домбровые кюи Западного Казахстана: традиционная форма и индивидуальный стиль: Автореф. дис. ... канд. иск. – Л., 1987; Несипбай Р. Кюй токпе в системе традиционного мироотношения казахов (проблемы темы, формы и композиции в кюях-токпе): Автореф. дис. ... канд. иск. – Алматы, 1999; Омарова Г.Н. Казахский кюй: культурно-исторический контекст и региональные стили: Автореф. дисс. …доктора искусствоведения. – Ташкент, 2012.
  5. Жүсіпов Б. Жиделі Байсын күйлері: Оқу құралы. – Алматы: «Ғылым», 2000; Оспанов Б. «Дат» дастаны. – Алматы, 2001; Тоқжан Т. Сырлы сарын. – Алматы: Фонд «Сорос-Қазақстан», 2002; Жүсіпов Б. Сыр бойының жыраулықжыршылық дәстүрі: өнертану канд. ... дисс. авторефераты. – Алматы, 1999; Байбосынова Ұ. М. Сыр бойы ақын-жыраулары шығармашылығындағы ислам тақырыбы: Филология ғылымдарының канд. … дисс. авторефераты. – Алматы, 2006; Жаңабергенова Э. Арал өңірінің жыраулық дәстүрі: өнертану канд. ... дисс. авторефераты. – Алматы, 2010.
  6. Медеубекұлы С.Мүптекеев Б. Жетісу әуендері. – Алматы: Өнер, 1998; Мүптекеев Б, Медеубекұлы С. Жетісудың күйлері. – Алматы.: Өнер, 1998; Жетісу ақындарының жыр сарындары / А. Әбдуәлі, М. Әбуғазы. – Алматы: Атамұра, 2008; Темирбекова А. Песенное творчество казахов Семиречья: Автореф. дис. ... канд.иск. – М., 1966; Үсенбаев Е.Т. Күй өнері және күйші шеберлігі: өнертану канд. ... дисс. авторефераты. – Алматы, 2004; Мүптекеев Б.Ж. Жетісу оңтүстік шығысындағы күйшілік дәстүр: өнертану канд. ... дисс. авторефераты. – Алматы, 2009.
  7. Темірбаев Р. Қазығұрт әуендері. – Алматы: Өнер, 1991.
  8. Омарова Г.Н. Инструментальные традиции Южного Казахстана (к вопросу о межрегиональных музыкальных связях Каратау и Сырдарьи) // Вестник КазНУ им. аль-Фараби. Серия филологическая. – 2011. – №3 (131). – С. 252-255.
  9. Иманалиев Ж, Айтқалиев М. Қаратау шертпесі. Күйлер жинағы. – Алматы, 1975; Тоқтаған А, Ұлтарахова Г, Әбуғазы М. Қаратау шертпесі. – Алматы, 2006; Спатаев Ж. Терме сазы. – Шымкент, 2014; Алсаитова Р. Сүгір күйлері және оның орындаушылары: өнертану канд. ... дисс. авторефераты. – Алматы, 2010.
  10. Байбосынованың Ұ. Мұсылмандық шығыс әдебиеті үлгісіндегі жанрлар және олардың әуездік-эстетикалық ерекшеліктері // Этнокультурные традиции в музыке: Материалы международной конференций, посвященной памяти Т. Бекхожиной. – Алматы, 1999. – С. 309-321.
  11. Омарова Г.Н. Казахский кюй: культурно-исторический контекст и региональные стили: Автореф. дисс. …доктора искусствоведения. – Ташкент, 2012.
  12. Арғынбаев Х.Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. – Алматы, 2000.
Жыл: 2015
Қала: Алматы
Категория: Филология
loading...