Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Адамдардың жас ерекшелігіне байланысты «қоңыр» түсінің ассоциациялануының лингвомәдени ерекшелігі

Ақиқат дүние адам санасында қалай қабылданса, сол күйінде жадыда сақталып, сол ұлтқа тән тіл арқылы көрініс табады. Кез-келген дүниені қарап тани отырып, санаға сарт ете түскен түсінікті (ассоциацияны) немесе сол дүние туралы ұғымды тіл арқылы жеткізу үшін біліми, мәдени, рухани танымына сүйенеді. Ол тілдік қорындағы тіркес арқылы, метафора арқылы немесе фразеологизмдер арқылы көрініс табады. Мысалы, күз мезгілін таныту үшін логикалық танымда ең алдымен санаға келетін түсініктер: салқындық, жаңбыр, сары жапырақтар, сыртқы жылы киімдер, күңгірттік, бұлтты күндер, қоңыр түс, алтын қырман, т.б. Бұлардың барлығы – адамның бес сезім мүшелері арқылы, яғни сенсорлы-перцептивті қабылдап тануы негізінде санада жинақталған білім көздері, яғни күз мезгіліне берілген ассоциациялар.

Қоңыр – қазақ тіліндегі ең асыл түр-түстердің бірі. Көптеген атаулармен сөз тіркестерінде «қоңыр» атауы аса бай лексикалық қорымыздың бір бөлшегі. Белгілі ғалым М.Әуезов қоңыр түсі жөнінде былай дейді: «Бұл сөздердегі нақты мағыналардың саналуандылығы, ылғалға қанған құнарлы топырақ сияқты ортақ басым эмоциялық сырлы астарды бойына сіңіреді. «Қоңырмен қосақтасатын сөздер адамның көру, есту сезімі, тәні мен жаны және парасаты үшін мінсіз сабақтастық құрайды. Ол жаймашуақ, мамыражай табиғатқа, хас сұлулар мен сәйгүлік тұлпарлардың ғажайыптығына, күміс көмей әншілер мен музыкалық аспаптардың «құлақтан кіріп бойды алатын-тәтті әндері мен әсем күйлерінің» (Абай) құдыретіне, нағыз кемеңгерлердің этикалық дарындылығына және көптеген басқа да адамзат баласын тамсандыратын әдемілікке қолданылады. Бірақ бұл сонымен қатар сағым іспеттес мінсіздік. Оған тағзым етуге болады, бірақ оны адам жасаған жоқ, сондықтан оны ұстап тұру пенденің қолынан келмейді. Бұдан Қоңырдан кейін ілесетін сөздердің кіршіксіз мұңлы сарыны туындайды. Ұдайы толғандыратын, мәңгі саф мөлдірлігін сақтайтын осы атасөздің «мұң» сөзімен тіркесте жиі қолданылатыны барынша табиғи қалыптасқан құбылыс». Қоңыр сөзінің түске қатысты, біршама шартты белгісі: ғайыпқа кетіп бара жатқан өмір сияқты қызыл түстің қара түске қарай ұласуы. Күйзелістер, өздері жасамайтын беймәлім перспективадағы түбегейлі өзгерістер кезеңінде қоңыр сөзі, әрине мұңлы көңіл-күй нышанындағы мағынаға ие болды, бірақ бұл сөзде сұрапыл жылдарды бағындыруға деген ерік-жігер мен ынта да бар еді. Осындай көңіл-күйлерге ең алдымен ақындар, ғұлама-ойшылдар мен қоғам қайраткерлері ұйытқы болды. Мамандардың айғақтары бойынша, XX ғасырдың жиырма-отызыншы жылдарындағы озық қазақ интеллегенциясының арасында «қоңыр» және «жел» сөздеріне ерекше мән берілген. Мұхтар Әуезов өзінің ең алғашқы туындыларын «қоңыр» лақап атымен шығарған. Ұлы Мағжан Жұмабаевтың бүкіл поэзиясындағы толассыз «жел» бейнесі – тосқауылдарды бұзып-жарып өтетін жойқын күш, әрі нәзік және аялап, тербететін татулық пен ырыздықтың ұрығын себетін табиғи құбылыс [1, 29].

Ал, белгілі «Қоңыр» тобының әншісі Жазираның «қоңыр» түсін ассоциациялауы; «Жалпы «қоңыр» деген мағынаны көбісі түс деп таниды. Негізі қазақтың даусы да, даласы да, аспаптарының үні де қоңыр: домбыра да, қобыз да, сазсырнай да. Шәңкілдеп тұрған аспап жоқ бізде. Қазір сахнаға алып шығып жүрген аспаптардың барлығы қоңыр үнді. Қазақ баласына қоңыр мінезділік, яғни байсалдылық, сыпайылық тән. Сондықтан даусымыз да, аспаптарымыздың үні де қоңыр болғандықтан осы атауды жөн көрдік. Қазақтың болмысы қоңыр емес пе? Қазақ пен қоңыр сөзі егіз ұғым!» – дейді. Ақын-жазушылар танымындағы «қоңыр» түсінің ассоциациялық көрінісі, әр-түрлі мән-мағынаға ие. Мәселен, Ж.Нәжімеденовтың төмендегі өлең жолдарын келтірейік:

Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып, Көзін сулап, қалып еді қамығып.

Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп – Қоңырқай ой маза берер емес түк. Қоңырайып жатыр алда жол әлі – Кеудем кейде қоңыр күйге толады. Қоңыр әнмен қазақ бесік тербетіп, Өргізіпті-ау қоңыр-қоңыр баланы. Қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр үн... Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім. Қоңыр күзде қоңыр шаруа-күйбеңмен Қонған қоңыр қызға үйленгем.

Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда – Шешем қалды қоңыр төбе басында.

Қоянжонға қоңыр ымырт түскенде

Қоңырайып отырамын үстелге.

Осы бір қысқа ғана жыр шумағында автор қоңыр атауын жиырма рет қолданып, қаншама жаңа тіркестер жасап отыр. Бірақ қоңыр сөзі қанша рет қайталанса да, бір жерде басы артық тұрған жоқ. Сөз зергерінің күші деосында болса керек.

Өлең жолдарындағы «қоңыр» түсімен берілген ассоциациялық тіркестер (қоңыр шешем, қоңыр кеш, қоңыр жол, қоңырқай ой, қоңырайған жол, қоңыр ән, қоңыр күпі, қоңыр дала, қоңыр күз, қоңыр күй, қоңыр төбе, қоңыр ымырт, қоңырайған отырыс) қазақы ұғымды аша түскендей. Қоңыр түсімен тіркескен барлық сөздерден сабырлыққа, қарапайымдылыққа алып келетінін көреміз. Ақын танымындағы қоңыр түсінің ассоциациялануынан туған тың тіркестер арқылы қалың оқырмаға, қарапайым қазақтың баласы едім, сол сүрлеумен әлі жүріп келемін дегенге саяды. Осы орайда түс табиғатын жан-жақты қарастырған ғалымдардың еңбектерінен (Серікбаева Ұ., Аитова Н., Ақкөзов Ә., Жарқынбекова Ш., т.б.) аңғаратынымыз қоңыр түсі көбінесе қарапайым, бірқалыпты деген ұғымдармен ассоциаланады екен.

Н. Аитова қоңыр түсінің биік, жай, баяу, бос, салқын, қарапайым, бірқалыпты, жұтаң, момын кейде кем деген ұғымдардың мәні болатындығын айта отырып қоңыр үн, қоңыр дауыстың жағымды екендігін, керісінше шұбар, тарғыл, жағымсыз әсер қалдырады деген пікір айтады [2, 8].

Ә. Ақкөзов қоңыр заттың түсін білдірумен қатар үй, дауыс, үн, күй және табиғат құбылыстары атауымен тіркесіп жайлы, жағымды сынды білдіреді деген пікірді жандандырады. (қоңыр кеш, қоңыр үн, қоңыр үй, қоңыр көлеңке, қоңыр төбе, қоңырқай көз, т.б) [3, 21].

Б. Тілеубердиев қоңыр түсі алғашқыда түс атауы болғанымен, кейін туынды, ауыс мағыналарының өріс алатындығын айтады. Қоңыр атауымен аталған төбелер (Қазақстанның орт. аудандарында) шөбі қысқа мал жайылымы үшін ыңғайлы, жайлы құм төбелер дегенді білдіреді. Қазақстанның оңтүстігіндегі қыраттар жасыл шөппен көмкерілсе де қоңырқай аталуы оның онша биік болмай, шағын, жайлы болуынының салдарынан деген пікірлер айтылған [4, 62]. Демек қоңыр түсінің қайда да жанға жайлы сабырлылық символы екенін аңғарамыз. Бұдан қоңыр түсінің қазақы танымында ерекше мәнге ие екендігін көреміз (қоңыр жер, қоңыр тіршілік). Қоңыр түсі жанға жайлы қарапайымдылық, сабырлылық ұялататынын медицина тұрғысынан да адамды тыныштандыратын қасиетін ұғатындаймыз (қоңыр дауыс – жағымды дауыс). Адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасында да қоңыр дауыспен жай айтылған сөз соншалықты әсерлі болып, сенім ұялатары даусыз. Немесе қоңыр – қарапайымдылық символы оның қарама-қарсы мәні – тәкаппарлық. Ал тәкаппарлықтың адамзатқа тигізер пайдасынан залалы көп. Айтылған пікірлерден қоңыр түсінің қазақы танымда ассоциациялануы, жағымды мәндегі конотацияға ие болатындығын аңғарамыз. Дархан даланың еркін халқы болған қазақ ұлты үшін «қоңыр» атауының таным-түсінікте төрт түлікпен баяйланыстырыла ассоциациялануы тегіннен-тегін емес. Мәселен, халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар тереңінен ауызша жеткен төрт түліктің баласын сүюі деген жыр бар.

Қой сүйеді баласын қоңырым деп,

«Ештеңе білмейтін момыным» деп. Сиыр сүйеді баласын «торпағым» деп,

«Қараңғыға баспаған қорқағым» деп. Түйе сүйеді баласын «боташым» деп,

«Жаудыраған көзіңнен тоташым» деп. Жылқы сүйеді баласын «құлыным» деп,

«Тұлпар болып жүгірер жұрыным» деп. Ешкі сүйеді баласын «лағым» деп,

«Тастан-тасқа секірген шұнағым» деп (Халық ауыз әдебиетінен).

Байқап отырғанымыздай, әр түлік өзінің төлін өз атауымен атаған. Ал қой малының қошақан, қозы секілді төлінің атауы болса да, қоңырым деп сүйеді. Бұл жерде халқымыз қоңыр түсіне қатысты атады десе, қозының ақ, қара, ала, қызыл түсті болатыны және белгілі. Біз бұл қолданыстағы қоңырдың қазіргі мағынасын қойдың жуас, момын болуына байланысты баласын да солай атады деп түсінеміз. Алайда жылқы құлыным деп баласын атағандай, қой да қоңырым деп қошақанын атаған. Сонда қоңыр, қозы, қошақан деген сөздер өзара мағыналас болады. Келтірілген деректерден қоңыр түсінің қазақы танымда жуас, момын ұғымымен ассоциациялануы, қойдың осы қасиеттерімен байланыстыруынан туындаған болса керек.

Заман ағысымен қоңыр түсінің қазақы танымда тың көрініс, ұғымдармен ассоциацияланып берілуі тек лингвистикалық тұрғыдан тілге ғана емес, өнер саласына да біршама өзгерістер алып келді. Соның бір айқын дәлелі ретінде белгілі суретші Ғалымжан Қаржасовтың «Қоңыр» туындысын (2004 жылы кенеп/майлы бояу, көлемдері 90х120 см) айтуымызға болады. Осы туынды арқылы суретші танымындағы қоңыр түсі жалпылай қазақ халқымен ассоциацияланады. Олай деуге толықтай себеп боларлық ұғымды туындының желісінен аңғару қиын емес. Жалпылай алғанда,туындының сюжеті қарапайым екі қарт адамның отырысын бейнелейді. Композициялық құрылымы бойынша суреттің көрерменге айтары көп, бірақ тілдесу үнсіз, оны тек ішкі түйсік арқылы ұғыну керек. Ал туындының атауы сырт көзге «Қоңыр». Неліктен суретші осы жұмысын қоңыр деп атады? Қазақтың қоңыр деген ұғымы басқа тілдерге аударылмайды. Суретші қоңыр деген ұғымды осы жұмыспен толықтай ашқан. Өйткені қазақтың қоңыр деген сөзі үлкен философиялық ұғым екенін мәлім. Қоңыр сөзінің мағынасы көптеген өмірдің құбылыстарын қамтиды, яғни, қарапайым тіршіліктен, философиялық және психологиялық тебіреністерге дейін жетеді. Қаржасовтың «Қоңыр» туындысында жан-жақтың барлығы тыныштыққа бөлінген, оны көрген көрермен де сондай күйге бөленеді. Екі қарттардың қимылсыз отырысы суреттегі кейіпкерлердің қимылсыздығынан айрықша. «Қоңырдың» қарттары өзіне тереңнен үніліп, өзіне-өзі жол тапқанын көреміз. Сол жақтағы қарт жастау көрінеді, оның бешпенті ашық, сақалы сәл ұзындау, басында бөрік, қолдары бірбіріне жақын қойылған. Ал, оң жағындағы қарт адам сол жақтағы отырған атамыздан жасы үлкенірек болуы тиіс, себебі оның бейнесі жинақы, сабырлы, әрі оның қолында жердің түсініксіз тесігіне бағытталған таяқшасы бар. Осы жерден суретшінің қоңыр түсін беруде қарт адамдарды таңдауы белгілі жайт. Себебі, қазақы таным-түсініктегі қоңыр түсі жас-ерекшелікке сай егде кісілердің түсі болып табылады. Мәселен, қоңыр ой, қоңыр жүз, қоңыр үн, қоңыр бешпент т.б.

«Қоңыр қой, қоңыр сиыр, қоңыр қаз» десек, осындағы жан-жануарлар түсін айтып отырғанымыз анық. Бірақ, қоңыр сөзі түсті ғана бейнелей бермейді, кейде анықтауыш қызметін атқара береді. Мысалы, «қоңыр жел, қоңыр кеш, қоңыр күз, майда қоңыр, жай қоңыр» – жайлы, ұнамды дегенді білдіреді. «Дауысын қоңырлатып сөйледі. Қоңырлатып отыр» – десек, ол адамның көңіл-күйінің нашарлығын айтқанымыз. Мысалы, Ғ. Мүсірепов «Алғашқы адымдарда» жасы он жетіге жаңа келген жас қыз Шәйзаның ауыр жағдайын, күйкі мен көңілсіз өмірін былай суреттейді. «Өмірдің уы Шәйзаның балаң ойына түгел жайлағандай, уланғандай болды. Қоңыр көлеңке үйдің қоңыр сәулесі Шәйзаны да қоңырландырып, сұғылтқа таңдық түс берді. Үй де қоңыр, көлеңке де қоңырҚоңыр үйдегі Шәйзаның ойы да қоңырҚоңыр ойлы Шәйзаның әні де қоңыр... Қоңырлатып, ыңырсып өлең айтып отырады. Өлең емес, қоңыр күймен ішіндегі зарын төгіп отырады... (Ғ. Мүсірепов). Қоңыр түсі сондай-ақ, көңілге қуаныш сыйлайтын жылылықты да ассоциациялайды. Мысалы, «Көктем күнімен ілесе Алматыға бір жылылық, қоңыр леп келіпті. Бұл жанға жақын самалды Фурманов көшесіндегі аялдамадан сезіне аласыз...» [5, 24].

Жас ерекшелікке байланысты қоңыр түсі қазақы ұғымда «биязылықты, қарапайымдылық пен сабырлықты, ұстамдылықты» ассоциациялайды екен. Мәселен, мосқал, не қарт әйелдер «жасы келеген адамға қызыл-жасыл жараспайды» деп, көбіне-көп қоңыр түсті киім-кешекті қалайды. Ал, еркектер қауымы ертеректе бас киім, сырт киімдердің қоңыр, қарасы мен солғын түстерін ұнатқан. Кейде ашық, қанық түсті жақсы көруді тек адамның жасы мен жынысына ғана емес, сонымен қатар оның мінез-құлқына да (жеңілтектік және т.б.) байланыстырады.

 

Әдебиеттер

  1. Сарекенова Қ. Қазақ танымындағы табиғаттың түсі // Тіл және руханият. Халықаралық конференция материалдары. – Астана, 2010. – 143 б.
  2. Аитова Н. Қазақ тіліндегі түске байланысты «қара» және «көк» сөздерінің семантикалық сипаты. Тіл тарихы және сөз табиғаты. – Алматы: Ғылым, 1997. – 224 б.
  3. Ақкөзов Ә.Ә. Сапалық сын есімдердің семантикасы және жүйесі: фил. ғыл. канд... дисс. – Алматы, 2004. – 35 б.
  4. Қожанұлы М. Кіші жүз шежіресі құрамында кездесетін түр-түске қатысты этнонимдердің (ру, тайпа) танымдық сипаты // Қазақ тілінің лексикология, лексикография, фольклортану мен көркем аударма мәселелері; қалыптасуы, дамуы мен болашағы: халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы: Арыс, 2007. – 143 б.
  5. Жанғабылов З.К. Қазақ тіліндегі түр-түс атауларының тұлғалық ерекшеліктері // Байқадыров Ө.А. атындағы Жезқазған университетінің Хабаршысы. – 2010. – № 2. – 84 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.