Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ биінің болашақ хореограф педагогын дайындаудың кейбір аспектілері

Білім және тәрбие беру проблемалары қашан да өзекті мәселе. 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің халыққа Жолдауында оқыту үдерісіне заманауи әдістемелер және технологияларды енгізу қажеттілігі туралы атап өткен болатын [1, 2-3]. Елбасының Жолдауын ескере отырып, оқыту саласындағы аса өзекті міндеттердің бірі Қазақстанның шығармашылық жоғары оқу орындарында болашақ маманды, оның ішінде хореограф педагогты дайындау болып табылатынын атап өткен жөн.

Жалпы алғандағы көркем өнер, нақты айтқанда хореографиялық өнер саласында білім беру жүйесін тұрақты түрде трансформациялау белгілі бір кәсіби білік пен дағдыларды игеру ғана емес, сондай-ақ жан-жақты білімдар педагог тұлғасы қабілеті мен қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған осы саланың жоғары білікті мамандарын дайындау қажеттілігін тудырады. Мамандардың дәл осындай типі заманауи білім беру жүйесінде болашақ кәсіби қызметті және әлеуметтік – мәдени салада толыққанды өзін-өзі жетілдіруді жүзеге асыру үшін талап етілетін болады.

Бұл мақалада «Қазақ биі» пәні педагог хореографын дайындаудың кейбір аспектілерін қарастырамыз. Бұл міндеттерді өзі жоғары мәдениет үлгісі болып табылатын, қазақ халқының тарихы, дәстүрлі және этнографиялық мәдениеті, сондай-ақ көркем және эпикалық шығармашылығы туралы білімді кеңінен және жан-жақты игерген білікті маман ғана шеше алады. Жинақтала келіп бұл білімнің барлығы өзіндік дамуға, әлеуметтік-мәдени құбылыстарды шығармашылық тұрғыда түйсіну қабілетіне және жеке қасиеттерін оқу-тәрбие қызметінде нақты түрде қолдана білуге алып келеді. Сондықтан да қазақ хореография өнерінің болашақ мамандарын тәрбиелеу тек педагогты қалыптастыру мен дайындауға ғана бағытталып қоймай, сонымен қатар екіжақты үдеріс болуы тиіс. Бір жағынан бұл – кәсіби дайындық, екінші жағынан – суретші тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Қарастырылып отырған пәннің аталмыш саласы қазақ би өнерінің өзіндік ерекшелігін қарастырып қана қоймай, сондай-ақ халық музыкасын, поэзиясын, қазақ биі пластикасының тілі берілетін ою өнерін зерделейді. Олардың негізінде осы мамандықтың, қазақ биі жөніндегі педагогтың, кәсіби бағытын құрайтын білім, білік және дағдылар жатыр.

Қазақ биінің көптеген пластикалық элменттері мен қозғалыстары, түрлі қимылдары мен қалыптары көп жағдайда өздігінен бола бермейтіні, олардың ара қатынасы халықтың ішкі әлеміне үңілуге мүмкіндік беретін белгілі бір мәнге және мазмұнға, гармониялық үйлесім мен өлшемділікке ие екендігі белгілі. Қазақ биі лексиканың бастау көздері халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпын бейнелейтін терең философиялық мазмұнға ие, бұл ғылыми зерттеулер жүргізу қажеттілігі туралы ой тудырады.

Мысалы, қазақтың әйелдері биіндегі қол қимылы лексикасында қолдың келесі арнайы қалыптары бар: кішкентай сыйлық, үлкен сыйлық, сахналық сыйлық. Қолдың бұл қимылдарын орындаған кезде алақан аспанға қарай жайылады, мүмкін бұл «Тәңірлік» діни көзқараспен байланысты болар. Тәңір сөзі қазақ тілінде «көк» (аспан) ұғымында да айтылады («Көк тәңірі»).

«Тәңір» дегеніміз шығыстанушы С.М. Абрамзонның сипаттауы бойынша «бұл жоғарғы құдірет», ол «барлық барлық астральдық ұғымдар түрінде беріледі, ол «бүкіл әлем» ұғымына барабар» [2, 290]. Тәңір құдайды Тұңғыш жаратушы ретінде табыну көшпенді қоғамға ол алғаш қалыптаса бастаған кезеңде тән болды, көркем өнердің кез келген түрінің, оның ішінде хореографиялық өнердің көрінуінің ерекшелігінде өз қолтаңбасын қалдырған қазақ халқының мифологиялық философиялық ойлау жүйесі оның образымен байланысты. Қол білезігінің мұндай қалыпта болуы қазақ ұғымында жер бетіндегі тіршілік атаулыны сыйлаған Үйлесімді жаратушыны білдіретін Аспан құдайы «Тәңірге» бой ұсыну мен табынудың көрінісі болуы да мүмкін. Философия ғылымдарының докторы, профессор С.Ш. Аязбекова бұл ғибадатшылықты мына түрде сипаттайды: «Басты мәңгілік субстанция болып табылатын, барлық басқа бастапқы көздер: от, су, ауа мен жерді қозғайтын, араластырып және қосатын Бастапқы көз ретіндегі Құдіретті Тәңір. Қазақтың дүниетанымында бүкіл Жаратылыстың Бастапқы көзі дәл осы Көк (Көк тәңірі) болып табылады» [3, 104-105].

Бұрынғылардың ойлау ерекшелігі ұғымы айналып қозғалу мәнін түсіндіру үшін қажетті болып табылды, ол қимыл барлығынан да, нақтырақ айтқанда қол қозғалысында, «айналма» деген атқа ие болған айналулар түрлерінде көрініс тапқан би өнерінде байқалды. «Айналма» деген сөздің өзі дөңгелек, дөңгелену дегенді білдіреді. Ш. Уәлиханов, қазақтың бақсы-шамандарының дәстүрлі магиялық әрекеттерін зерттей келіп, олардың таңғажайып күштері айналудан... адамды айналу, демек оған ауыртпалық түсіріп тұрған барлық арбау күштерін қабылдап алудан тұратынын, ... сондықтан да ең мейірімді сөз ... және сүйіспеншілігін ең шынайы білдіру «айналайын» сөзімен айтылатыны туралы жазды [4, 483]. Бұл сөз сені айналып жүрмін деген мағынаны білдіреді. Қолдың қозғалысы мен «айналма» айналыстары қазақ биі лексикасында негізгі қимылдардың бірі болып табылады, оларды орындау әдістемелік тұрғыда А.К. Құлбекова, Т.О. Изимнің «Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі» [5, 35, 52] кітабында сипатталған. Оларды зерделей отырып, көшпелі халықтың өмірге бүкіл көзқарасында дөңгелек формасына басымдылық беруі Ғарыш (Космос) туралы, уақыт, кеңістік тәрізді ұғымдар туралы түсінігімен байланысты деп болжаймыз. Дөңгелек, дөңгелене қозғалу, шиыршық құрылымы – қазақтың бүкіл мәдениетінің, халықтың адам өмірі туралы түсінігімен байланысты, маңыз ды элементтері. Өмір – аса күрделі цикл, онда әр жаңа мүшел (он екі жылдық өмір циклі) өмір кеңістігінде жаңа айналымды қосып отырады. Дөңгелек формасы үшкір бұрыштары жоқ, тіпті қытай жазбаларында да адам тіршілік етуі үшін анағұрлым үйлесімді кеңістік деп танылған киіз үйдің құрылысында көрініс тапқан. Демек, дөңгелек «түркі мәдениетінің анағұрлым маңызды белгі символы» болып табылады [3, 132].

Қазақ хореографиясы лексикасында қажетті зерттеуді талап ететін, пайда болуының терең мазмұны бар көптеген мысалдарды келтіруге болады. Себебі біздің ата-бабамыздың философиялық ойлау жүйесі, дүниетанымы қазіргі заманға би тілі арқылы жетіп отыр. Әр элементті зерттей отырып, адамзаттың ерте даму кезеңдерінде ойлары мен сезімдерін білдірудің табиғи құралы ретінде адам денесінің пластикасы қарымқатынас жасау құралы ретінде көрінді деп айта аламыз. Қоғамның ежелгі даму кезеңдерінде би шығармашылығы адамның тіршілік әрекетінің өн бойын дендеп алды десе де боларлықтай, ол барлық сакралдық әрекеттер мен қоғамдық актілердің сөзсіз атрибуты болып табылды.

Алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстары қазақ биінің тұңғыш хореограф-педагогтары Д.Т. Абиров пен А.С. Исмаиловтың «Казахские народные танцы» [6], «История казахского танца» [7]; Ш.Б. Жиенқұлованың «Казахские танцы» [8], «Тайна танца» [9]; О.В. Всевролодская-Голушкевичтің «Бақсы ойны» [10], «Школа казахского танца» [11] еңбектерінде байқалды.

«Казахские народные танцы» кітабының авторлары Д.Т. Абиров пен А.С. Исмаилов ұлттық бидің орындаушылары бола отырып қазақ ерлер және әйелдер биінің негізгі лексикасын, сондай-ақ қандай да бір қимылдың орындалу техникасын сипаттады. О.В. Всевролодская-Голушкевичтің «Пять казахских танцев» жинағында автор әр бөлімде қазақ халқының би дәстүрлері, қандай да бір бидің шығу тарихы, кейбір би қимылдарының мәні туралы, сондай-ақ «би қимылдарының сұлулығы мен үйлесіміділігін анықтауға көмектесетін, олардың көмегімен халықтың ұлттық пластиканың идеалдары туралы түсінігі бейнеленетін» [12, 143] сахналық би костюмдері туралы баяндайды. Сонымен қатар жинақта «Шалқыма», «Өрме өру», «Жезтырнақ», «Қылышпен би», «Айда былпым» тәрізді бес әйелдер биінің сахналық композициясы сипаттамасы бар. Автор қойған бұл билер қазақ биінің хореографиялық мұрасы болып табылады. Осы кітаптардың мазмұны бізге нақты би суретін қалыптастыруға мүмкіндік береді және жекелеген қалыптар мен қимылдарды орындау сипаттамасымен таныстырады. Халық биінің өткенін жаңа хореографиялық жүйемен байланыстыра білген, халық биінің жалпы суреттемесін беретін Д.Т. Абиров пен А. Исмаиловтың, О. Всеволодская-Голушкевичтің, Ш. Жиенқұлованың еңбектерінде қалыптастырылған шығармашылық негізінде қазақ биін орындаушыларды, сондайақ оқытушыларды дайындау жүргізілетінін атап өткен жөн.

Қазіргі кезеңде қазақ биін оқыту кең ауқымды көлемде жүргізіледі, бірақ негізінен оқыту мақсаты студенттердің оқытушы басшылығымен жүргізілетінін әдістемелік жұмысына (оқу комбинацияларын талдау, би этюдтерін құраудың әдістемелік қағидаларын игеру, сабақты музыкамен сүйемелдеу мысалдары), сондай-ақ жан-жақты талдануы тиіс би мұрасын оқып-үйренуге бағытталған. Осы жерде спорттық балдық би жөніндегі болашақ педагогты дайындау мәселесінің проблемасын көтерген спорттық балдық би педагогы Т.В. Терехованың еңбегінен үзінді келтірген орынды. Т.В. Терехова: «Енді ғана бастаған орындаушылармен айналысатын педагог-жаттықтырушы орындаудың базалық техникасынан гөрі анағұрлым көп білімді игерген болуы тиіс... Оқыту әдістемесі деген тек құрғақ орындау техникасынан тұрмайды, сондай-ақ оған біздің түлектерге төрт жыл бойына (бакалавриатурада оқу) оқыту үдерісіне бейімделуге мүмкіндік беретін көптеген сан алуан компоненттер кіреді» [13, 58]. Автордың пікірі дұрыс және біз оған толықтай қосыламыз, оқу үдерісі «тек құрғақ орындау техникасынан тұрмауы тиіс, оған көптеген сан алуан компоненттер кіреді», бәрінен бұрын, дәстүрлі және этностық мәдениетті, көркем және эпостық шығармашылықты, ою-өрнек өнерін оқу кіруі тиіс. Бұл аспектілерді зерттеудің маңыздылығы бұл би мұрасын сақтау мен насихаттауды, жеке тұлғаға рухани-адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруді қамтамасыз ететіндігі факторына негізделген.

Сонымен, «Қазақ биі» пәнінің мақсаты ұлттық хореографияның бастау көздерінен бастап бүгінгі күнге дейінгі даму эволюциясы бойынша білімнің біртұтас жүйесін қалыптастыру, орындаудың ұлттық бояуын, сипатын және мәнерін сақтау болып табылады. Ол қазақ биі бойынша хореограф-педагогты студенттің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік білігін дамыту және дүниетанымын кеңейтуге арналған негіз ретінде пайдаланылатын теориялық білім жүйесі арқылы қалыптастыруға бағытталған.

Сондықтан да мақалада қарастырылған кейбір аспектілерді білу қазақ биі педагогтарын орынды, толыққанды және табысты оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл білімді, ғылыми және практикалық әдістердің бүкіл жүйесін пайдалана отырып, кәсіби-педагогикалық білім алып жүрген қазақ биінің болашақ педагогын тәрбиелеуде қолдану ойлау жүйесінің эстетикалық және көркемдік жағын байытуға алып келер еді, сондай-ақ ұлттық хореография мазмұнын толық әрі терең түсінуге және ұлттық хореография өнерінің көркемдік тұрғыдан жоғары туындыларын жасауды дамытуға жәрдемін тигізер еді.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың ҚР Парламенттер палаталарының бірлескен мәжілісіндегі Қазақстан халқына Жолдауы // Казахстанская правда. – 28.01.2012. – 2– 3 бб.
  2. Абрамзон С.М. Киргизы и их этногенетические и историко-культурные связи. – Фрунзе: Кыргызстан, 1990. – 478 б. – 290 б.
  3. Аязбекова С.Ш. Картины мира этноса: Коркут-ата и философия музыки казахов. – Алматы: ҚР БҒМ Философия және саясаттану институтының компьютерлік-баспа орталығы, 1999. – 285 б. – 104-105 б.
  4. Уәлиханов Ш.Ш. 5 т. шығармалар жинағы. – Т. 1. – Алматы: ҚазКСР ҒА баспасы, 1961. – 431 б. – 483 б.
  5. Кулбекова А.К., Изим Т.О. Қазақ биін оқытудың теориясы мен әдістемесі. – Астана: Tengri Ltd, 2012. – 200 б. – 35, 52 б.
  6. Абиров Д.Т., Исмаилов А.С. Казахские народные танцы. – Алматы: Казгослитиздат, 1983. – 111 б.
  7. Абиров Д.Т. История казахского танца. – Алматы: Санат, 1997. – 160 б.
  8. Жиенкулова Ш.Б. Казахские танцы. 1955.
  9. Жиенкулова Ш.Б. Тайна танца. – Алматы: Өнер, 1980. – 280 б.
  10. Всевролодская-Голушкевич О.В. Школа казахского танца. – Алматы: Өнер, 1994. – 184 б.
  11. Всевролодская–Голушкевич О.В. Бақсы ойыны. – Алматы: Рауан, 1996. – 144 б.
  12. Всевролодская–Голушкевич О.В. Пять казахских танцев. – Алматы: Өнер, 1988. – 152 б.
  13. Терехова Т.В. Размышления на тему спортивных бальных танцев // ҚР БҒМ Поиск. – 2013. – №1. – 2013.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.