Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Рүстем-Зораб» дастанындағы дәстүрлі сарындар

Әлем халықтарының фольклорында әке мен баланың жекпе­жек айқасына арналған сарын жиі кездеседі. Фирдоусидің «Шаһнама» да­ станынан бастау алатын бұл сарын көптеген ғалымдардың назарын аударды. Әйтсе де «Рүстем­Зораб» оқиғасының типологиясы туралы, белгілі мотивтің қазақ дастандарындағы шығыстық сюжеттермен бай­ ланысы жайлы көп сөз бола қойған жоқ. Мақала авторы «Рүстем­Зо­ раб» шығармасының мағыналық бөліктерін Мәулекей Жұмашұлы хатқа түсірген «Дариға қыз» дастанының сюжетімен, «Көрұғлы» дастанының әзірбайжандық нұсқасымен, «Зораб» туындысының түркиялық вер­ сиясымен салыстыра қарастырып, айырым­өзгешеліктерін анықтауды мақсат еткен. Мұнда парсы­түркітілдес халықтардың көне мұраларын­ дағы ортақ сарындар, ежелгі ескерткіштер құрамы, жанрлар сипаты, олардың стадиялық қатары, көркемдік даму ерекшеліктері, әдеби ық­ палдастық, мәдени байланыстар сияқты мәселелер қамтылған. Сөз жоқ, мақалада қаралған күрделі мәселелер әдебиетші қауымды қы­ зықтыратын, шығыстық желіге негізделген туындылардың табиғатын түсінуге көмегі тиетін жаңалықты жайттар деп білеміз.

Әлем халықтарының фольклорында әке мен бала арасындағы жекпе-жек айқасты өзек еткен тұрақты типологиялық сюжет жиі кездеседі. Зерттеушілер соның классикалық үлгісі ретінде Рүстемнің өз баласы Зорабты қапыда өлтіргені туралы дастанға иек артады. Бұл сюжет Фирдоусидің «Шаһнамасына» «Зораб» деген атаумен енген болатын.

Расында әке мен баланың бірін-бірі танымауы тек нақты өмірде орын алған оқиғаның ғана салдары емес, түп-төркіні сонау көне дәуірден бастау алатын дәстүрлі сарын. Белгілі ғалым Р. Бердібаев мұның жайын былай деп тарқатады: «Бұның арғы ұштығы балаларын әкелері емес, аналары ғана тіктеп айыратын матриархат дәуіріне ұласатын ұғым. Сол ұғым өзге ситуация бойына сыйымды болып, қайта жаңғырыға беруі мүмкін. Бертін келе әке мен баланың түрлі жағдайлармен бір-бірінен алыстап, танымай кездесуі, кейде соғысып күш сынасуы әлемдік көркем сөз туындыларында тосын, әрі қызғылықты дәстүр болып қалыптасқан. Мұндай хал атақты «Шаһнамада» ұшырайтын. Орыс эпосының қаһарманы Илья Муромец те қапияда ұлымен шайқасқа түсетіні мәлім. Аталы-балалының айқасы осылайша арғы негізін ұзақтан бастайды.» [1, 84] Орыс ғалымы Веселовскийдің сюжеттің шығу төркіні туралы ой-тұжырымдары да осы пікірге жақын. [2, 69]

Жалпы, «Шаһнама» эпопеясының ауқымы кең, оның оқиғалық құрамы да қызықты сюжеттерге бай. Солардың қазақ ішіне сіңген ертегі, дастан үлгісіндегі нұсқалары да аз болмаған. Сыр сүлейі атанған Т. Ізтілеуұлы ХХ ғасырдың 30-жылдары ауызша, жазбаша тараған хикаялардың басын құрап, Фирдоуси туындысын кітаби ақындар дәстүрінде қайта жырлап шықты. «Шаһнаманың» Тұрмағамбет ақын жырлаған нұсқасы «Рүстем-дастан» деген атаумен 1961 жылы жеке кітап болып басылды.

«Рүстем-Зораб» оқиғасын «Шаһнаманың» бір тармағы ретінде алғаш жырлаған Ораз Молда деген кісі екен. Осы шығарманы белгілі журналист М. Сералин В.А. Жуковскийдің орыс тіліндегі аудармасынан тәржімалап, «Айқап» журналының 1914-1915 жылдардағы сандарында жариялады. Біз мақаламызда М.Сералиннің 1996 жылғы «Қисса-дастандар» жинағына енген мәтінін пайдаландық.

«Рүстем-Зораб» дастанының қазақ тіліндегі нұсқасында батырдың аң аулауға аттанғаны, көп киік аулап, біреуін шынар ағашымен істіктеп түйреп, кебаб қылғаны баяндалады. Негізі, эпикалық туындыларда мұндай ұсақ детальдарға аса мән берілмейтіндігі мәлім. Ал Фирдоуси болса, батырдың әр ісіне сипаттама береді:

Атына мініп Рүстем ер, Жөнін айтпай ешкімге Жолға кетіп барады... Тұран жаққа назарын Таудан асыра салады, Таудан асып түскенде Көп киікке кез келді... Аңмен соғыс салыпты, Бір саннан артық алыпты. Отын жинап бір жерге Батырың от жағыпты.

От жайнап шоқ болғанда Бір шынарға бір аңды Істіктеп түйреп аударып, Бейне бір кепкен төстіктей

Шоққа кебаб қылыпты. [3, 68]

Рүстем ас ішіп, әл жинаған соң, қалың ұйқыға кетеді. Осы кезде Тұранның адамдары қаумалап, жайылып жүрген күркіреуік тұлпардың мойнына құрық салып, өздерімен бірге жетекке алып жөнелді. Қалың ұйқыдан тұрған Рүстем ер ешбір жерден атын көре алмайды. Қапыта тұлпарынан айрылып, тұла-бойын ашу кернеген батыр түркі қағанатының Саманған атты шаһарына аттанады. Фирдоуси тұрандықтардың бітіспес жауына да құрмет көрсететін қонақжайлылығына көңіл аударады. Шығармада Саманған патшасы Рүстемді құшақ жая қарсы алады:

Хан Рүстемді қарсы алып, Иіле-бүгіле сөйлейді:

Асқан батыр, жол болсын, Жолдас жоқ, жаяу һәм жалғыз, Қайсы жақтан келесіз?

Аң аулап, арып келсеңіз, Бізге мейман боласыз. Қызметіңе даяр тұр Саманғанның бар елі. [3, 71]

Ол Рүстемнің алдына алтын мен күмістен жасалған ыдыспен неше түрлі ас қойып, қызмет көрсетеді. Дастархан жиналған соң Рүстемді жайлы көрпе төселген, құс жастығы сайлы жатын бөлмеге әкеледі. Түн ортасы ауғанда аяғын жеңіл басып Саманған патшасының жалғыз қызы Тахмина келеді. Сөйтсе, батырдың ерлік істері туралы ел әңгімесіне құлақ түріп жүрген қыз оған көптен ғашық екен. Өсектен қорықпай түн жамылып келген себебін ол былай тарқатады:

Мен патшаның қызымын, Есімім болар Тахмина.

Мен құлан мен құлжадай Таудан ескен самалдай, Уайымсыз жүрген жан едім, Келіп тұрмын жаныңа Қайғы ермеген соңыма Уайымсыз жүрген шағымда Қайғы түсіп көңіліме Жүрегімді жандыра, –

деп келіп, қыз әрі қарай өзінің қалауын:

...Жел де етіме тиген жоқ, Сенен басқа еш ханға Оймақтай аузым, батырым,

«Сүйемін сені» деген жоқ. Мені ал, Рүстем, мені ал, Ақ мойныма қолың сал. Әкелетін жасауым,

Алтын сарай толған мал, Ертеңгі сыйға алдыңа Күркіреуік атыңыз

«Сүйінші» деп келеді. [3, 74-75] –

деп білдіреді.

Рүстем қызға көңілі ауған соң, ханға хабар салдырып, Тахминадай сұлуға үйленуге рұқсат сұрайды. Саманғанның қожасы ризалығын білдіріп, Тахмина мен Рүстемге жасырын неке қидырады. Таң ата батыр: «Егер ұл тапсаң қолына тағарсың», – деп, әйеліне орамал қалдырады. Рүстем Саманғаннан аттанып кетеді. Тахмина ұлды болып, есімін Зораб қояды. Баланың келбетін:

...Нағыз Рүстем сипатты Зораб деп оған қойды атты.

...Бір айда жылдық болады. Үш жасына келгенде

Атқа шапқан құламай. Алты жаста арыстан, Он екіге келгенде

Шақ келмеді алысқан, –

деп сипаттайды. [3, 77]

Бұдан кейін де бар оқиға эпикалық стильде баяндалады. Он екі жасқа толғанда бала анасынан әкесінің кім екенін сұрайды. Анасы сонда:

Сенің әкең – Рүстем ер, Қарағым, балам, біл енді. Сенен артық теңдес жоқ Атаға бала келгенде.

Міне, бір алтын орамал Алшы, балам, қолыңа. Сақтағайсың сен оны

Екі көздің нұрындай. [3, 78-79]

Зораб түркілерден әскер жинап, әкесін іздестіруге аттанбақ болады. Анасы Рүстем қалдырған орамалды ұлына табыстайды. Бұл, байқап отырғанымыздай, осындай жағдайларда қайталанып отыратын тұрақты сарын. Зорабтың көздегені Кейқауысты жеңіп, билікті қолға алу және оны қалайда әкесіне табыстау. Ол Рүстемді Иран тағына лайықты адам деп есептейді. Зораб әрі қарай Тұран еліне қайта оралып, Афрасиаб билігін де тартып алуды ойлайды.

Зораб жайын естіген Афрасиаб қатты қуанады. Он екі мың қол жинап, Зорабқа: «Саған берер көмегім дайын, қашанда сені қолдаймын», – деп хат жазады. Содан кейін өзінің сенімді адамдарына: «Әке мен ұлы бірін-бірі танымайтын болсын, бар жайды бақылауда ұстаңдар», – деп тапсырма береді. Афрасиабтың көздегені кеудесіне нан піскен жас балаға Рүстемді өлтіртіп, артынша баланың да көзін жою болатын. Сөйтіп, екі бірдей қауіпті жаудан құтылу еді.

Сонымен Зораб өз әскерімен Иранға аттанады. Жолда Иран әскерінің негізгі күшімен шайқасқа түсіп, жеңіске жетеді.

Әрі қарай ағасы жеңіліс тапқаннан кейін шаһардың қорғаушысы ретінде Зорабпен жекпежекке шығатын Гордафарид қыздың батылдығы суреттелетін эпизод келеді. (Бұл көрініс М.Сералин аударған нұсқада кездеспейді. Сондықтан орыс тілінде жарияланған үлгі бойынша тарқатып, баяндаймыз). Ер адамның сауыт-сайманын киіп майданға кірген қыздың батыл шабуылдарына Зораб әрең дегенде тойтарыс береді. Тек ұзаққа созылған шайқастан кейін дулығасы жерге түсіп, шашы жайылып кеткенде ғана батыр оның қыз екенін біледі. Ұялып, ыңғайсыз күй кешкен Зораб қыздың сұлу келбетін көріп таң қалады. Оның сырын ұғып койған Гордафарид:

«Түркілер Иран қыздарының арасынан өздеріне ешқашан жар таппайды», – деп ескертеді. Расында да, «Шаһнаманың» батырлар туралы бөлімінде ирандықтардың түркі қыздарына үйленгендігі туралы мәліметтер аз кезікпейді. (Кейқауыс – Афрасиабтың немере қарындасына, Сияуыш Афрасиаб – пен тиранның қыздарына, РүстемСаманған билеушісінің қызына және т.б.) Бірақ түркілерге тұрмысқа шыққан иран қыздары туралы дастанда ешқандай мәлімет жоқ. Жеңіліске ұшыраған ирандықтар патшаларына хат жазып, шайқастар жайын баяндайды. Мұнда Зораб тың әскери жетістіктері жайында да сөз болады. Кейқауыс маңындағы ақсүйектер жас батырдың күш-қайратына қайран қалады. Жағдайды талқыға салғандардың бәрі бір ауыздан жас батырға тек қана Рүстем қарсы тұра алады деген тоқтамға келеді. Кейқауыс оған елшісін аттандырып, Зораб бастаған түркі әскеріне қарсы жорыққа шығуын өтініп сұрайды.

Рүстем майдан ашпай тұрып түркілердің қосын аралап кетеді. Ол Зорабтың дене-бітімін көріп таң қалады. Осы арада Зораб та жолай кездескен елден Рүстем жайын сұрастырып, тірі жаннан оңды жауап ала алмайды. Шайқас алаңында, Рүстеммен жеке кездескен сәтте, оған деген бір жылы сезім билеп, батырдан: «Сіз Рүстем емессіз бе?» деп сұрайды, бірақ ол жауап қатпайды. Әкесі мен ұлы арасындағы жекпе-жек басталады. Шайқас үш күнге созылады. Батырлар бірін-бірі жеңе алмайды, сондықтан белдесу арқылы күш сынаспақ болады. Зораб үнемі әкесі туралы ойлайды. Рүстеммен қайта кездескенде ол: «Бітімге келейік. Өзіңнің жайыңды таратып айтшы», – деп өтінеді. Зораб кіммен де болса алысуға дайын, тек онымен емес.

Рүстем ұлының өтінішін қабылдамай, күресті бастауға ниет білдіреді. Зораб ә дегеннен Рүстемнің жамбасын жерге тигізіп, күрес тәртібі бойынша басын кесіп алу үшін кездігін суырып алады. Рүстем «қайта алысып көрелік, біздің елде жеңілген адамның басын екінші рет басымдыққа ие болған адам алады», – дейді. Зораб келісімін береді. Рүстем келесі күні Зорабты жеңеді. Сол сәтте-ақ оған қанжар сұғып, өлімші етіп жаралайды. Дәм-тұзы таусылып, ажал аузында жатқан Зораб әкесі Рүстемнің атын атап, «ол сенен кегімді алады», – дейді. Өз ұлын өлтірген әкенің трагедиялық халі үлкен шеберлікпен суреттеледі. Кейқауыс ауыр жарақат алған адамға дәру болатын бальзамды үнемі жанында сақтағанымен оған беруден бас тартады. Сонымен Рүстемді қаншалықты жек көретінін көрсетеді. Бұл жайттан соң әке трагедиясы тереңдей түседі. Зорабтың қазасы қалың әскерге де ауыр тиеді. Рүстем ұлының денесін өзінің отанына алып кетеді.

Осындағы жекпе-жек барысында әлсіреп, қуаты қайтқан Рүстемнің тәңіріне сыйынып, жаратушыдан бұрынғы күшін қайтаруды сұрайтыны туралы мотив Мәулекей Жұмашұлы хатқа түсірген «Дариға қыз» дастанында да бар. Мұнда да алғаш алысқанда Дариғадан жеңіле бастаған Ғали құдайға құлшылық етіп әл жинайды да, екінші рет күрескенде жеңіп шығады.

Содан кейін Фирдоусидегі әке мен баланың жекпе-жегі орыс былиналарында да суреттеледі, ал «Дариға қызда» тек күрестің нәтижесі ғана айтылады. Бастапқы екеуінде баланың әкесінен күші басым болып шығады. Зораб та, Сокольник те осылай. Жалғыз «Дариға қызда» Мәди мен әкесі Ғали екеуі кездесіп, танысады. Ғали өз баласымен күресіп жүргенін түсінеді. Мәди болса, әкесіне қолы тигенін кешірілмес күнә санап, жер астына кіріп кетеді. Дәл осы жерде «Дариға қыз» дастанындағы айырмашылық айқын көрінеді. Алдыңғы шығармаларда әке мен бала айқасы соңғысының қазасымен бітсе, «Дариға қызда» осы трагедиялық финал сақталған. Баланың өлу себебі басқаша түсіндірілген. М. Жұмашұлы қолжазбасында баланың қазасы әкесінің күштілігінен емес, баланың перзент парызын биік санайтындығынан болды делінеді.

Бұл мотив 1862 жылы басылып шыққан И.Березиннің «Турецкая хрестоматиясына» енген татардың «Чура батыр хикаятында» да бар. [4, 108] Ол шығармада Шора Қырым жерінен келіп, Құлыншақ деген досымен Қазан қаласын орыс әскерінен қорғауға қатысады. Шарасыз жау батырдан бала көтерсін, кейін Шора сол ұлдың қолынан ажал құшсын деген оймен Қазан шаһарына бір қызды жібереді. Қыз батырмен біраз тұрып, өзінің жұртына қашып кетеді. Осы аралықта Шора Қырымға аттанады. Онда бірнеше ай болып, Қазанға қайтып оралады. Келсе, шаһар жау қолында қалыпты. Уақыт өте орыс ішінде бір батыр пайда болады. Ол – Шораның ұлы екен. Шора онымен бірнеше рет айқасқа түседі, бірақ жеңіске жете алмайды. Шайқас барысында батырдың астындағы аты өзенге қарай ала қашып, биік жардан Еділге құлайды. Шора сол жерде суға батып, қаза табады. Сонымен, көнеден келе жатқан сарынның тарихи негізі айқын жыр желісінен де өз орнын тапқанына куә боламыз. Дәстүрлі мотив негізгі кейіпкер әрекетін толықтырып, шығармадағы тартысты ширықтыра түсуге септескен.

«Рүстем-Зорабқа» өзек болған осы сюжет «Көрұғлы» дастанының әзірбайжандық нұсқасында да кездеседі. [5, 173] Екі сюжеттің детальдарында ұқсастықтар көп. Сонымен бірге әр халықтың эпикалық дәстүрлерінен туындайтын айырмашылықтар да жоқ емес. Мәселен, әзірбайжандық нұсқада Дербент билеушісінің қызы Көрұғлыға хат жазып, «мені алып кет», – деп өтініш айтады. Қыз мұндай хаттың жазылуына ұзаққа созылған ғашықтық сезімнің салдары түрткі болды деп түсіндіреді. Саманған патшасының қызы да осындай себеппен Рүстем батырға өз еркімен жар болғысы келеді. Тура «Шаһнама» дастанындағыдай, Көрұғлы Дербент билеушісінің қызына әкесінің рұқсатымен үйленеді. Біраз уақытын сол қайын жұртында өткізеді. (Рүстем Саманған шаһарынан екінші күні аттанып кетеді.) Содан кейін тағы да Рүстемнің ісін қайталап:

«егер ұл тапсаң, қолына тағарсың», – деп әйеліне өзінің орамалын табыстайды. Екі жырдың қаһарманы да «мен кеткен соң қыз туса, басына мұны тартқайсың», – деп ағынан жарылады. Көрұғлы жоқта Хасанхан атты ұл дүниеге келеді. Ол бала күнінен жұрттың үрейін алып, әбігерге түсіреді, сол себепті Құртұғлы (Бөлтірік – Б.П.) атанады. Ол он сегізге жасқа толғанда («Шаһнамада» 12 жас) анасынан әкесінің кім екенін сұрап біледі. Қос шығармадағы екі ана өздерінің күйеулері туралы мақтанышпен айтады, екеуі де олардың батыр әрі елге мәшһүр адам екендігіне тоқталады. Құртұғлы әкесі Көрұғлының Гератынан туған айғырға мініп, әкесін іздеуге аттанады. Жолда екі рет Түрік патшасымен шайқасқа түседі. («Шаһнамада» Зораб екі рет ирандықтармен соғысады). Сөйтіп, Құртұғлы әкесі Көрұғлының тұрағы Шымлыбелге де жетеді.

Әкесі мен ұлының арасындағы жекпе-жек көрінісі екі шығармада да сол күйі қайталанады. Әзірбайжан дастанында, «Шаһнамада» суреттелгендей, алдымен әке мен бала бар қаруын жұмсап, ат үстінде шайқасады, содан кейін белдесіп үш рет күреседі. Бастапқы екі кезекте жас жігіт жеңіске жетеді және әр кезек сайын батырдан «атыңызды айтыңызшы» деп өтінеді. Бірақ Көрұғлы бозбаланың алдында өзінің шарасыздығын көрсеткісі келмейді. (Осы деталь «Шаһнамада» бар). Көрұғлы үшінші кезек келгенде ғана жас жігіттің жамбасын жерге тигізеді. Жекпе-жектің тәртібі бойынша оның басын кесіп алу үшін алдымен қанжар сұғу керек («Шаһнама» дастанындағы көрініс). Жас жігітті Көрұғлының әйелі аман алып қалады. Әзірбайжандық дастанның соңы мен парсылық шығарманың аяқталуында айырма көп. Мұнда әке баласымен қауышып, барша мұратына жетеді.

 

Әдебиеттер

  1. Бердібаев Р. Қазақ эпосы. – Алматы: Жазушы, 1982. – 230 б.
  2. Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – М., 1940. – С. 312.
  3. Рүстем-Зораб // Қисса-дастандар. – Алматы: Жазушы, 1986. – 333 б.
  4. Садеков М.Д. Образ Чуры в «Казанской истории» (ХІV в.) и в татарском фольклоре // татар фольклоры мәсьәләләре. – Казань: Фикир, 2004. – С. 167.
  5. Жирмунский В.М., Зарифов Х.Т. Узбекский народный героический эпос. – Москва, 1947. – С. 518.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.