Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұрын жырау жырлаған «Қырымның қырық батыры» эпосы һәм Алтынорда да, Ноғайлы дәуіріндегі рухани жәдігерліктер

«Қырымның қырық батыры» атты атақты эпикалық туынды қа­ зақ халқының ұлттық мақтанышы болып табылады. Академик В.М. Жирмунскийдің айтуынша, бұл туынды көркем сөздің абызы Сыпы­ ра жырау (ХІV ғасыр) шығармашылығынан бастау алады. Аталмыш зерттеуде жыраулық өнердің соңғы ақиығы болып табылатын Мұрын Сеңгірбеков жырларындағы даңқты туындының жай­жапсары жан­ жақты қарастырылған.

Мұрын жырау Сеңгірбеков – берісі қазақ халқының, әрісі бүгінгі таңда 200 миллионға жуықтап отырған, отыздан астам ұлт пен ұлысты құрайтын бүкіл түркі нәсілдестерінің мақтан етуге лайық, бірнеше ғасырда дүниеге бір рет келетін ерекше жаратылыс иесі.

1944 жылы Ташкент қаласында өткен фольклоршылардың Бүкілодақтық ғылыми конференциясының Мұрын жырлаған «Қырымның қырық батыр» эпосын дүниежүзілік маңызы бар ерекше қазына деп қаулы қабылдауының өзі аса кірпияз ғылыми қауым өкілдерінің тарапынан жырау шығармашылығына берілген сындарлы бағасы болатын. Бұл кезде даңқты жыршы 85 жаста еді. 1942 жылдың 12 қаңтарында Қазақ ССР халық комиссарлары советінің төрағасы Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновқа СССР Ғылым академиясы қазақ филиалының басшысы ұлы ғұлама Қаныш Имантайұлы Сәтбаев пен осы филиалдың тіл, әдебиет және тарих институтының директоры Нығмет Тінәліұлы Сауранбаевтар өтініш етіп, оны Маңғыстаудан алдыртқан кезде ол 83 жаста еді. Бұл Ұлы Отан соғысының өрті аспанды шарпып тұрған шақ болатын. СССР атты алып елдің басшысы И.В. Сталиннің өзі жұмыс кабинетіне А.В. Суворов, М.И. Кутузов, П.С. Нахимовтар секілді орыс жұртының қолбасшыларының портреттерін іліп, қанды айқас алдындағы әр халықтың жауынгерлеріне өздерінің батыр бабаларының рухы жар болуын тілеп, жалынды тілектер айтылатын тұс еді. Біздің қазақ майдангерлеріне де сол бір шақта Абылай, Кенесарылар бастаған ерлердің әруағы жар болғай деп талай бата берілген. Бірақ, кейін сол Абылай, Кенесарылардың есіміне «Күндей күркіреген» соғыс басылысымен-ақ, олардың халқы алдында атқарған игі істерін айтуға тиым салынды. Олар туралы жазған ғалымдар мен көркем сөз иелері түрмеге жабылды. Айдауға түсті. Ал, Мұрын жырау жырлаған батырлар әулетінің дені СССР атты империяның негізгі жұрты – орыс халқының бағзы бабаларымен соғысып өткен, бірсыпыра жағдайда тізесін батырған, билігін жүргізген жандар еді. Олар орыс тарихын білетіндер үшін Абылай, Кенесарылардан да гөрі айбыны артығырақ болып есептелінетін-ді. Олай болса, бұлар туралы 1944-1945 жылдардан басталып, 1951 жылдың сәуірінде нүктесі қойылған қуғын-сүргіннен кейін барды бардай сөйлеп, шындықтың пердесін ысыруға елуінші жылдардың ақырына дейін мүмкін болмағаны өзінен өзі белгілі еді. Тіптен, онан беріде де үнемі шетқақпай көріп, зәрезап болып қалған қазақтың зиялы қауымы – ғалымдар қосыны айтар сөзін айта алмай бүгежектеп келді. Бірақ, елдің көңіліне жұбаныш болар бір жай бар-ды. Ол – ұлы жыршыдан біздің елдігіміздің ескерткіші «Қырымның қырық батыры» эпосының хатқа түскендігі еді. Сондықтан небір елжанды, ұлтжанды деген азаматтарымызға үлкен жұрттың кіші халыққа деген көзқарасын өзгертер мемлекет ұстанып отырған саясаттың жылы қабағын күтуден басқа амал қалған жоқ-ты... Сөйтіп күткен үміттің қоламтасы ақыры от алып тұтана бастады. Батыс пен шығыс әдебиетінің білімпазы В.М. Жирмунский секілді әлемдік даңқы бар академик «Түрік ерлік эпосы» сынды іргелі еңбегінде Мұрын жырау репертуарындағы ерлер туралы, бұл туындылардың өмірге келуіне, бүгінге жетуіне себепкер болған Сыпыра жыраудан басталатын ұлық туындыгерлер жайлы лебіз білдірді. Өзіміздің М. Әуезов, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов, Ә. Марғұлан, М. Ғабдуллин, Ә. Қоңыратбаев, О. Нұрмағамбетовалар зерттеулерінде аздыкөпті сөз бола бастады. Осы тұста ұлы Мұқаң, Мұхтар Омарханұлы Әуезов Мұрын жырау шығармашылығын өзінің аспиранты Сұлтанғали Садырбаевқа диссертация тақырыбы етіп бекіттірді де, ол ұлы жыршы туралы тұңғыш рет кандидаттық диссертация қорғады. Зерттеуін кітап етіп шығарды. Кейін заманның райы түзеліп, ұлтымыздың рухани қазынасын жасқанбай іздестірер тұс келгенде, жырау аузынан жазып алынған мұралар екі том кітап болып жарияланды. Бұл шаруаның тұсында қазақ ғылымы үшін балалық кезеңде жүрген мәтінтану саласының үлкен білімпазы, ақын, жазушы, ХVІІІ-ХХ ғасырларда өмір кешкен сандаған көркемсөз шеберлерінің туындыларын халқымен қауыштырған көрнекті ғалымымыз Қабиболла Сыдиықов ерекше еңбек етті. Ұлтымыздың қайсар қызы, көрнекті ақын Мариям Хакімжанова мен белгілі стенографист Мариям Исаева апайлардың Мұрын жыраудан «Қырымның қырық батыры» жырын хатқа түсіру үстіндегі тек өздерінің сіңірген еңбектерін ғана емес, сол кездегі осы іске шын жанашыр болған ұлтымыздың біртуар перзенттері Қ. Сәтбаев, М. Әуезов, С. Мұқанов, Н. Оңдасынов, Н. Сауранбаев, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, А. Жұбановтардың атқарған азаматтық істерін естеріне түсіртіп естеліктер жаздыртты. Өзі жыраудың 130 жылдық мерейтойы кезінде туындыгер репертуарын, өмір жолын жан-жақты баян еткен тұщымды баяндама жасады. Жыраудың екі томдық еңбегіне ғылыми пайыммен жазылған байыпты алғысөз жазды. Біраз жыл өткеннен кейін «Арыс» баспасы осы екі томдық жинақтың негізін сақтай отырып, ілгеріде аттары аталған М. Хакімжанова, В.М. Жирмунский, С. Садырбаев, М. Мелетинский, Ә. Қоңыратбаев, Р. Бердібай, М. Ғұмарова, А. Тұрғанбаевтармен қатар кейінгі С. Сәкенов, Р. Сахиева секілді ғалымдар еңбектерімен толықтырып 2005 жылы «Ноғайлы жырлары. Қырымның қырық батыры» [1, 544] дейтін атаумен қомақты еңбек жарияланды. Баспаның директоры – Ғарифолла Әнес. Бұлардан тыс әралуан әдебиетке қатысты энциклопедиялық еңбектерде Мұрын Сеңгірбеков туралы мәліметтер жарық көріп келді. Өзінің қысқа ғұмырында қыруар жұмыс тындырған Серікбол Қондыбай марқұмның зерттеу еңбектерінде жырау шығармашылығына қатысты жаңаша айтылған ғылыми тұжырымдар да баршылық. Біраз жылдардан бері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында жырау мұрасы арнайы курс ретінде магистранттар мен студенттерге оқытылып келеді. 2011 жылы осы жолдардың авторының ғылыми жетекшілігімен Бағила Абылғазиева жырау шығармашылығынан магистрлік диссертация қорғады. Өзі өмір кешкен құт мекені – Форт-Шевченко қаласында мұражай үйі ашылды. Бұларды қысқасынан қайырғанда, Мұрын жырауға қатысты ел тарапынан атқарылған жұмыстардың бір парасы деп қабылдауға болады.

Тегінде жыршылық – бұл ел қадірлейтін қастерлі өнер. Әлемдік өркениетте халықтың өз басынан өткен елеулі тірлігін, елдік тарихын төгілдіре баяндайтын мұндай өнер иелерін сол елдің тыңдарманы қай кезде де ардақтай білген. Ал, Мұрын жырау сынды өзімізге көрші, туыс жұрт қырғыз ағайындар кешегі Сағымбай Оразбақов, Саяқбай Қаралаевты, бүгінгі Ұрқашты қырғыз жұртының құты деп есептейді. Мұрын Сеңгірбекұлы да осындай еліміздің көркем сөз өнерінің құты ретінде қабылдануға лайықты тұлға. Ол өз заманында теңдесі жоқ мол жырды зердесінде ұстай білген құймақұлақ орындаушы ғана емес, сонымен қатар үлкен диапозонның ақыны, сөз зергері, суреткер жан. Оның бар өмірін «Қырымның қырық батырын», «Көрұғлы» сияқты ұлық туындыларды жырлауға арнауының өзі тегін емес. Ұстаздары Нұрым, Мұрат, Қашаған сияқты жыр дүлділдері. Сексеннен асқан жыраудың «Қарға бойлы Қазтуған» туындысының соңында «Ел аңыз қып айтады, Қазтуған ердің өмірін. Естіген елден ертектей, жыр қылып ұзын ырғасын – өрдім жырдың өрімін. Естігенді елге жаймасам, Алдына беріп қоймасам, басылмайды көңілім. Тағы да талай жырлармын, жыр кестесін сырлармын, жетсе егер өмірім» дейтін сөздерінде оның бүкіл шығармашылық кредосы тұр. Ол тек біреудің айтқанын жаттаумен жүрген жан болса, бұлай сөйлемес еді.

Жалпы Мұрын жыраудың қазақ жұрты үшін қадірі ерекше екендігінде дау жоқ. Бірақ, үстем жұрттың қабағына қарап өткен аламан-тасыр заманда өмір кешкен ұлы жыршының елі оның баға жетпес қазынасын ең болмаса 1930 жылдардың ортасына дейін хатқа түсіріп ала алған жоқ. Мұның өзі қазіргі қолда бар жырау мұрасының көркемдік өрнегінің біраз кеміп, көлемінің едәуір қысқарып хатталуына себепкер болды. Оның үстіне күллі түркі жұртына ортақ «Көрұғлы», «Оғыз» сынды жырау айтатын ұлы жырлар, арабтың Рамуз, Ысырау патшалары жайлы толғамды туындылары хатқа түсіп үлгермеді. Демек, ұлы жыршы жырлаған елдік туындыларымыз ертерек жазып алуға мүмкіндік болмағандықтан да – оны кейінгіге жеткізушінің асқақ қабілеті бірсыпыра жағдайда көмескіленіп жетті.

Дүниеге батырлық жырлар мен тарихи жырларды келтіретін жыраулар мен ақындар қауымы азаматты ерлік істеуге итермелейтін қандай күштер, батырдың қайраты мен ақылы нендей мақсатқа қызмет етуге тиіс деген келелі мәселенің қастерлі сырын, себебі мен салдарын ашуға тырысатыны хақ. Мұрын жыраудың ғибратнамалық ұлы туындысында да осы мәселелерге әр тұста кейіпкерлер аузымен жауап беріліп отырады.

Жырау шығармашылығына тән басты ерекшелік – Ноғай ұлысының сонау Едіге заманында айбыны асқақ кезінен басталып, кейінгі ХVI ғасыр басында қазіргі Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау облыстарының аймағына, Еділ мен Жайық бойына келіп қоныс тепкен Хоорлог қарамағындағы торғауыт қалмақтармен арадағы қанды қырғынды жырлауы деп танимыз. Әрине, ноғай этносының шығу тегін атақты Н.М. Карамзин даңқты қолбасшы Ноғай есімімен байланыстырады.

Тарихта Ноғай есімді адам бірнешеу. Бірақ, солардың ішінде Жошы ханның күңінен туған жетінші ұлы Тевелдің немересі, Алтын Орда ханы Берке хан тұсында ересен қолбасшылық қабілетімен елін мойындатқан, бірақ күңнен өрбіген ұрпақ ретінде қанша жерден қабілетті болса да хан деген лауазымды иеленуге хақы жоқ Ноғайдан даңықтысы жоқ еді. Ол Берке хан өлгеннен кейін 1266-1300 жылдардың ішінде Алтынорданы билей отырып, Венгрия, Польша, Сербия, Болгарияны, Оңтүстік орыс княздықтарын уысында ұстады, Византия, Литваға, Ресейге ықпалын жүргізді[2, 268].

Әлбетте, мұндай адамның қарамағындағы қауымының Ноғайдың еліміз, Ноғайлы жұртымыз деп ауыздарын толтырып мақтаныш пен айтатыны белгілі. Сол ел, сол халық ХІV ғасырдың тоқсаныншы жылдарындағы Алтынорданың, яки «байтақтың» негізгі елі ретінде Тоқтамыс хан аузымен айтылатын «Он сан ноғай» жұрты болды. Ал, қазақтар болса, Қаржас Қопабай жыршы айтатын «Едіге» жырындағы Тоқтамыс хан аузымен жырланатын сол «он сан ноғайдың» ішіндегі «360 отау қазағым» атанған қастерлі ұғымға ие қадірменді қауым еді. Біз бұл жерде, бір кездегі В.М. Жирмунскийден бас тап Ә.Кекілбаевқа дейінгі ғалымдардың Мұрын Сеңгірбекұлы жырлауындағы тарихи кейіпкерлердің тарихи еңбектердегі тарихи тұлғаларменен сәйкестіктерін қарастырған зерттеулеріне егжей-тегжейлі тоқталмай-ақ, екі халыққа ортақ жәдігерліктер жайын қысқаша сөз етпекпіз.

Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы Алтынорда дәуірінен бергі кезеңдегі ауызша үрдіспен кейінге жеткен авторлар шығармашылығын 1391 жылы опат болған, ХІІІХІV ғасырдың перзенті Сыпыра жыраудан бастайды. Сыпыра жырау көп жасаған, көпті көрген, көп білетін, кемел ойлы кемеңгер адам. Ол Тоқтамысқа да, Темір Тарағайұлына да, Едігеге де іштартып, шындықтың бетін бүркемелемейді. Болған жайды болған қалпында айтады. Жырау өзінің атақты Темір билеушіге айтқан толғауында:

– Әмір Темір Көреген, Тоқсан алты хан дүреген. Ханның зәулім сарайы, Ақ Орда деген жер екен. Айналасы биік тау, Батылы барып кірмес жау, Алпыс биі бірігіп, Ақ Орда да шешкен дау, бұларды көрген бабаңмын. Көрдім қалың еліңді, Едіге деген еріңді. Жамандық пен жөнсіздік, қайыстырды-ау белімді, небір-небір билерің көргенсіз боп көрінді... Өзінің елін бүлдірген, бәтуаға келмеген, Сүргін салған жұртына, Жесір қатын, жетім ұл тыңдамай датын жылатқан, Әзәзіл жолдан тайдырған, Қайсыбірін айтайын, Сіздерді көрген бабаңмын, – деп толғанса, Тоқтамыс ханға: «Уа, Хан ием, Хан ием, құлағыңды сал, ием... Жемтік болды дұшпанға көп ноғайдың баласы, көздерімнің қарасы. Жер жетпесе еш саған, жерің тұр ғой алдыңда. Көл жетпесе еш саған, көлің тұр ғой алдыңда. Қырғи болып құтырып, қызыл етті аңсама... Еліңді талап сен алдын, Темірменен тең алдың. Халқынды жинап бір жерге, жеңімпаз хан атандың. Елің әбден толықты, енді саған не керек?..Тентек ханды ел сүймес, шатақ ерге қыз тимес. Қанды көйлек киілмес, тұтқын қатын сүйілмес»-дейді. Бұл сөздерді Сыпыра абыз, араб ғұламаларының сөзіне сүйеніп айтар болсақ, 1390 жылдарға дейінгі 15жылдың ішінде Дешті Қыпшақ даласын бірде дос, бірде жау болып жүрген Тоқтамыс пен Темір Тарағайұлының, яки Ақсақ Темірдің талай рет қанға бояған қылықтарына орай айтқан [3, 276-279].

Бұл жерде туындысынан үзінді келтіріліп отырған Сыпыра жырау «Қырымның қырық батыры» атты атамұрамыздың ең басында тұрған, ең бірінші авторы. Сонан кейінгі қазақ әдебиетінің ұлық жыршысы – Асанқайғы. Ноғай ағайындар өзінің елдік әдебиетін осы жыраудан бастайды. Автордың «Құйрығы жоқ, жалы жоқ»деп аталатын туындысы екі халықта да жетінші жолдан өзгесі сөзбе–сөз келіп отырады [4, 173].

Асанқайғының ноғай еліндегі қалған шығармаларының жалпы мазмұны мен жекелеген сөздері де қазақ нұсқасына өзара сәйкестігімен сүйсіндіреді. Рас, Ноғай ағайындардағы Асанқайғы шығармаларының көлемі біздегісінен біраз шағындау. Бірақ, сол шағын мәтіндердің ішінен «Теңіз бастан былғанды, толқымай тез тынса игі. Тел құлындар адасты, енесін тез тапса игі. Тең құрбыдан айырылдық, тентіретпей қосса игі» – деп келетін әліге дейін ел жадынан шығармай жүрген сөздерді оқығанда, қайран баба жырау егіз елдің 1456 жылғы айырылысуына қанша ма қайғырған деп, күрсініп барып, ойға берілесіз...

Дана жырауды Ноғай ұлысы XIV-XVғасырдың перзенті деп есептейді екен. Дұрыс. Осы мәселеге орай 1393 жылғы Польша королі Ягайлоға Тоқтамыс хан атынан елшілікке барған екі адамның бірі екендігіне, 1897жылғы «Дала уалаяты газетінде» Асанқайғы мен Жәнібекке байланысты жарияланған ел аңыздарын, сондай–ақ, Халид Құрбанғалидың, Шәкәрім қажының, т.б. еңбектерін жырау туындыларымен салғастыра отырып, оның өмір сүрген уақытын 1370-1470 жылдардың іші болуға сәйкес келеді деген қорытындыға келгенімізді де айта кетуді орынды деп есептедік[5, 23-24].

Ноғай әдебиетшілері Асанқайғыдан кейінгі шығармашылық тұлға ретінде Шалкиіз Тіленшіұлын атайды. Бұл да – екі халыққа ортақ аса көрнекті жырау екені белгілі. Автордың ноғай тіліндегі туындылары М.Османовтың «Ноғай уа құмық шиғырлары» (СПб., 1883), В.Радловтың «Образцы народной литературы тюркских племен», том 7, (СПб., 1896) жинақтарынан бастап кейінгі А.Жәнібектің «Ауыл поэзиясы иа де ноғай ел әдебиеті» (Мақаш-қала, 1935), т.б. еңбектерде жарияланып келеді. Ал, қазақ тіліндегі Шалкиіз туындылары 1875 жылғы «Записки Оренбургского отдела Императорского Русского географического общества» жинағында, 1879 жылғы Ыбырай Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясында» (Орынбор), Мақаш Бекмұхамедовтың «Жақсы үгіт» (Қазан, 1908), Ғабдолла Мұштақтың «Көкселдір, яки бұрынғы мырза ұлы һәм ноғайлы батырлары уа Ғайри мағыналы жырлар» (Орынбор, 1911) кітаптарында басылған жарияланымдарынан бастау алады. Жырау шығармаларының кейінгі «Бес ғасыр жырлайды», «XV-XVІІІ ғасырлардағы қазақ поэзиясы», «Алдаспан» жинақтарына енген туындыларының мәтінін түзіп, автор шығармашылығы туралы еңбектер жазған ғалымдарға осы екі халықтың тілдерінде шыққан туындылардың игі ықпалы орасан зор болды. Сондай-ақ, екі халыққа ортақ XVІ ғасырдың жыршысы Доспамбеттің туындыларын зерттеуге де ілгеріде аталған М.Османов пен В.Радловтың, Ғ.Мұштақ, М.Бекмұхамедов жинақтарының орны ерекше болғандығын айта кету орынды болмақ.

Жырау жырлап отырған ноғайлы елі көп жағдайда пейілсіз, қайырсыз, қатты жұрт. Ноғайлы қауымының бұл қасиеттері Аңшыбай батыр елінің жауына аттанар тұстағы сәтінде былайша берілген: «Енді аттанам дегенде, жеме-жемге келгенде, жау көрмеген жасықтар бетбетіне тарапты. Аңшыбайға сенбеді. Бір ноғай да ермеді. Тіл қатпады батырың, кеудесін кек кернеді. Аттанды жалғыз аяулы ер, айтысып тұра бермеді». Сондай-ақ, әкесінің соңынан іздеп шыққан Асылзат қыздың жанына бір еркектің ермей қалуы мен қапияда елін жауға алдыртып алып, көмек сұрай келген Алаудың інісі Әметке де Жаңбыршының өзі «Қаңғырып шетке шығып жүрген ноғайға әскер бере алмаймын» деп бетін қайтаратын сөздерінен анық көрінеді. Бірақ, сондай елдің өзіне халқы үшін туған азамат-ұлан жанын шүберекке түйіп қызмет етеді. Туындының басты кейіпкерлері туған халқы қандай болса да соны іргелі ел қылып, есін кіргізіп, еңсесін көтеруді саналы ұлдың парызы деп біледі. Арсыздан, намыссыздан ерлік шықпайды. Парпария сынды батырдың «Намысы үшін халқымның ерен ерлік етейін» дейтіні де сондықтан. Оның Шамақанның елін шабарда әйеліне «Бір Алла өзі оңдаса, жолымды менің қолдаса, ер жігіт серттен тая ма? Желге кетер мал үшін, жетім-жесір жан үшін, мінемін атқа сен үшін, Ноғайлы деген ел үшін, туып өскен жер үшін, ар-намыс үшін бар күшім» деп, белін бекем буатындығы да осыдан.

«Қырымның қырық батыры» туындысын да қалмақ жұрты кей тұста қайратты, еңселі ел ретінде суреттеледі. Сондықтан да Айса батыр Алауға «Ерлік деген бір болар, Айла деген оң болар, Айласыз ер сор болар», жауыңды айламен ал деп үйретеді.

Қысқасы «Қырымның қырық батыры» туындысындағы ноғайлы жұрты таза батыр лар жайлаған ел емес. Бірақ, соған қарамастан ол ел ындыс, қызылбас, қалмақтармен соғысып жүріп, жерін, елін, дінін сақтайды. Мұның өзі, қарадан туып хандық дәрежеге лайық болған Аңшыбай, оның ұлы Бабатүкті шашты әзиз, оның ұлы Парпария, оның ұлы Құттықия, оның ұлы Едіге, одан тарайтын ұрпақтар, солармен замандас жандар туралы ұлы жыр кейіпкерлерінің ісі өз кезінде құрамына қазақ жұрты кірген ноғайлы елінің жырмен кестеленген елдік тарихы ретінде қабылданған. «Досан батыр» дастанын шығарған тұста «тарих қылып тастайтын» деп, Мұрын жыраудың замандас інісі, халық ақыны Сәттіғұл Жанғабылов айтқандай, Мұрын жыраудың өзіне дейінгі әртүрлі шығармашылық тұлғалар бөлек-бөлек жырлап келген ноғайлы ерлерінің ерлік жолдарының бәрінің басын қосып, теңдесі жоқ ұлық жырға айналдыруы, аталмыш туындының өз кезінде тыңдармандары үшін жырмен өрнектелген ел тарихы сияқты қабылдануына жол ашты. Ал, бұл қазақ халқының, сөз жоқ, мақтан етуге тұрарлық перзентінің шығармашылық ерлігі деп қабылдануға лайықты. Рас, бұл туындыдағы тарихи тұлғалардың барша ісі үнемі тарихи жазба деректермен, ел аңыздарымен сәйкес келе бермейді. Және олай болуы мүмкін де емес, шарт та емес. Бірақ, осындағы «Манашұлы Тұяқбай» жырындағы «Тұяқбай батыр өтіпті, мұрадына жетіпті, алып беріп ел кегін» деп, жырланғанындай, елдің кегін қайтарып, басын азат жұрт еткен ерлердің ісі тірлік кешіп жатқан кейінгі өмірге келе берер ұрпақтары үшін қуаттың қайнар көзі бола білгендігімен де қастерлі. Даңқты эпоста тек ел қорғаған ерлер ғана емес Қосайға жар болатын Қарабек Сарыбайқызы, Манашының қызы Жұбай, Қазтуғанқызы Асылзат секілді қыздардың барлығы да ақылдылығымен, жүректілігімен тәнті етеді. Батырлар мінген тұлпарлардың жүйріктігі, кейбір тұста иесімен тілдесуінде де көп мән бар. Бұл аналар әулеті оңғарылмаса, бүгінгі заманның небір жетілдірілген жүйрік техникасының орнына жүрген тұлпарлар келіспесе елдікті қорғаудың мүмкін еместігі бәрі де жырау назарында болғандығынан деп білеміз. Соның арқасында дауылпаз жыр ұрпақтан ұрпаққа ұласып өмір кешіп, алдағы ғасырлардың есігін айқара аша бермек.

 

Әдебиеттер

  1. Ноғайлы жырлары. Қырымның қырық батыры. – Алматы: Арыс, 2005. – 544 б.
  2. Бегалин К. Ханы Золотой орды. – Алматы, 2011. – 268 с.
  3. История Казахстана в арабских источниках. Т. 1. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005.– С. 276-279.
  4. Қарайдар мен қызыл гүл: Ноғай жыры. Құрастырған және алғы сөзін жазған профессор Рахманқұл Бердібаев. – Алматы: Жалын, 1989. – 173 б.
  5. Тілепов Ж. Қазақ халқының хандық дәуір әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2003. – Б. 23-24.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.