Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жиынтығын модельдеудің қолданбалы негіздері

Адамның физиологиялық мүмкіндіктері бойынша жасалған тіл дыбыстары да, табиғаттың қатаң заңдылықтарына бағынады. Сондықтан қазақ тіліндегі дыбыстарды белгілі бір белгілері бойынша модельге салып кешен түрінде өрнектеуге болады. Мұның нәтижесі білім алушылардың дыбыстық жүйе туралы алған білімдерін дәйектеп, біржола дағдыға айналдыруға септігін тигізеді. Біздің қарастыруымызда қазақ тілінің төл 9 дауысты дыбысы зерттеу нысанына алынды. Мұнда 6 дыбыс дара болса (а, ы, ұ, ә, і, ү), 3 дыбыс құранды дыбысқа (ө, о, е) жатады. Жалпы түркологияда дыбыстардың моделін куб түрінде беру үрдісі бар. Кубтың белгілі бір бұрышында орналасқан дыбысқа келесі шектесетін бұрышта орналасқан дыбыс өзінің ортақ белгілері бойынша неғұрлым көбірек жақын болуы шарт. Ал неғұрлым ортақ белгілері аз, ал айырым белгілері көбірек дыбыстар бір-бірінен алшақ бұрыштардан орын алады.

Қазақ тілінің жалаң дауысты дыбыстарының жасалым моделін призма түрінде беруге болады. Оған қазақ тіліндегі 6 жалаң дауысты дыбыс мүмкіндік береді. Мұнда қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың тіл қатысы бойынша жуан және жіңішке болып жіктелуі негіз болып саналады (1-сурет). Себебі жуан және жіңішке дауыстылар тек өз ішінде тіркесімділік қабілетке ие [1, 55]. Призма жалаң дауыстылардың құрамы мен айырым белгілер жүйесін өте дәл көрсетіп тұр. Мұнда жауан дауыстылар жеке үшбұрышты құраса, екінші үшбұрышқа жіңішке дауыстылар орналасады. Мұндағы А және Ә дыбыстарының екі ортақ (екеуі де ашық, езулік), бір айырым (А дыбысы жуан, ал Ә дыбысы жіңішке) белгісі бар. Сондықтан ол дыбыстар белгілі бір ортақ белгілерінің сапасы бойынша тұстасатын аймаққа орналасады. Керісінше А және І дыбыстарын салыстыратын болсақ, екі айырым (А жуан, ашық; І жіңішке, қысаң) және бір ортақ (екеуі де езулік) белгісі арқылы ажыратылады. Сондықтан А және І дыбыстары диагонал бойынша ғана байланысқа түседі (2-сурет). Мұндай сипаттама, мысалы Ы – Ә, Ұ – І немесе Ы – Ү дыбыс-тарына да тән.

Ал А және Ү дыбыстарын салыстырудан үш айырым белгіні байқауға болады (А дыбысы – жуан, езулік, ашық; Ү дыбысы – жіңішке, еріндік, қысаң). Сондықтан олар бір-бірінен шалғай нүктелерге орналасады.

1-сурет – Қазақ тіліндегі жалаң дауыстылардың призма моделі

2-сурет – Дауысты дыбыстарды диагонал бойынша тұстастыру

Соңғы фонетикалық зерттеулер дауысты дыбыстарды дәстүрлі жіктеуден өзгеше қарастырады. Мұнда дыбыстардың жасалымы негізге алынады [2, 59 б.] (1-кесте).

1-кесте – Дауысты дыбыстардың жасалым жіктелімі

Кестеде тіл қатысына қарай жуан және жіңішке деп бөлудің дұрыс емес екендігі анық көрініп тұр. Жалпы дыбыстардың тіл қатысына қарай тіл ортасы және тіл арты болып жіктелуі ендігі зерттеулер бойынша дауысты және дауыссыз дыбыстарға ортақ көрсеткіш болады. Мұның өзі қазақ тілінің сингармониялық фонетикасының басты талабына айналады.

Енді құранды дауыстылардың мәселесіне қарастырып көрейік. Қазіргі қазақ тілі дыбыстық жүйесінде бұл дыбыстарды құранды деп қарау артикуляциялық және акустикалық белгілеріне қарай негізделген. Демек бұл дыбыстардың дара дыбыстардан басты айырмашылығы құрамында бір емес бірнеше дыбыстардың болатындығы. Әдетте дыбыстың негізгі сапасын көрсететін бөлігі алдынан акустикалық жағынан әлсіз позицияда белгілі бір дыбыстардың селбесетінін байқауға болады. Ал артикуляциялық жағынан бұл дыбыстың сипаттамасы дара дыбыстарға қарағанда әлдеқайда күрделі екенін проф. Ә. Жүнісбек ашып берген болатын. Ғалым О, Ө және Е дыбыстарының жасалым моделінде тұрақтылықтың жоқ екендігін, дара дыбыстардан айырмашылығы тек олардың фонетикалық (жасалым) табиғатында болып тұрғандығын, бұл дауыстылардың құрамын Е=йі, О=уұ, Ө=уү түрінде көрсетеді [2, 65]. Байқап отырғанымыздай ғалым аталған дыбыстардың алдынан селбесетін дыбыстарға Й және У дыбыстарын атайды. Бірақ қазіргі қазақ тілінің фонологиялық зерттеулері қазақ тілінде бұл дыбыстарға сөз басталмайтынын, жалпы сөздің дұрыс танылуы үшін аталған дыбыс селбесуінің маңызы төмен екенін көрсетіп отыр. Проф. С. Мырзабек е‚ о‚ ө-нің алдынан селбесетін й‚ у (йел‚ йер‚ уол‚ уон‚ уөрт‚ уөн) емес‚ ій‚ (ійел‚ ійер)‚ ұу‚ үу‚ (ұуон‚ ұуол‚ үуөн‚ үуөрт‚ үуөн) екенін айтады [3, 45]. Ғалымның мұндағы ұстанымы тілдің табиғи қалпын сақтау.

Тілімізде аталған дыбыстардың алдынан әнтек естілетін және айтылатын дыбыстардың бар екендігін тілдік материалдарға сүйеніп байқауға болады. Қазақ тіліндегі ө-ү, о-ұ және е-і дыбыстарының бар екендігі белгілі. Мысалы, өбекте – үбекте, көңірсі – күңірсі, сөйтіп – сүйтіп, өйткені – үйткені, сорау – сұрау, оқсас – ұқсасәне – әні, ерегісу – ерегесу, міне – міні және т.б. Сонда аталған құранды дыбыстардың құрамындағы негізгі сапаны көрсететін дыбыстан өзгеше жағдай қалыптасып, дыбыстың алдынан селбесетін қосар дыбыстың белсенділікке көшетін жағдайы болады екен. Мұның өзі қазақ тілінде У және И дыбыстарына сөз және дыбыс басталмайды деген пікірімізді қуаттай түседі және тілдің даму барысында сөз варианттарың пайда болуындағы ішкі заңдылықтардың негізсіз емес екендігін білдіреді.

Сонымен бірге біздің қарастыруымызда бұл дыбыстардың дара дыбыстардан айырмашылығы жасалымы бойынша ғана емес айтылымы бойынша да байқалады. Ол үшін белгілі бір зерттеу құралдарына сүйенеміз. Алдымен құранды дыбыстардың моделіне тоқталып көрейік.

Ғалым Ә.Жүнісбек құранды дауыстылардың екінші сыңары өзі тектес қысаң дауыстылармен іргелес (тұстас) орналасқаны дұрыс болады. Бұл олардың бір-бірімен фонетикалық (жасалымы) жағынан жақындығын, тіптен бір дыбыс екенін көрсетеді. Сонда Е құранды дауыстысы І жалаң дауыстымен тұстас, Ө құранды дауыстысы Ү жалаң дауыстымен тұстас, ал О құранды дауыстысы Ұ жалаң дауыстысымен тұстас орналасады. Мұның өзі қазақ тіліндегі құранды дауыстылардың дыбыс құрамын жіктеп беруге үлкен сеп болмақшы деп моделді дамыта түседі.

Одан әрі қысаң дауыстылар мен құранды дауыстылардың беттескен моделін моделін жасап береді.

Осы моделге қарап қазақ дауыстыларының жасалым сипаттамасын бере беруге болады. Модельден ең алдымен дауыстылардың жалаң және құранды болып екі топқа бөлінетіні көрінеді. Әрі қарай әр топ өзінше талданады.

Жалаң дауыстылардың тілдің көлденең, тік және ерін қалпына қарай жіктелімі көрнекі берілген. Ал құранды дауыстылардың құрамындағы тірек дыбыстың қай дауысты екені тұсындағы дауыстыдан көрініп тұр.

  • Қазақ тілі дауыстыларының осы жасалым моделіне енбеген дыбыстар төл дыбыстар қатарына жатпайды.
  • Жалаң дауысты дыбыстардың жиынтық көрнекі моделі олардың өздеріне тән жасалым белгілерінің бәрін түгел қамтып отыр.

Осы пікірлерді одан әрі дамытуға болады. Ол үшін дауыстыларды акустикалық жағынан зерттеу үшін фонетикалық сараптау бағдарламасы Praat-ты қолдануға болады [4]. Бағдарлама Windows операциялық жүйесінде оңай жұмыс жасайды және бағдарламаның тәжірибелік мақсаттарды шешудегі мүмкіндігі мол. Біздің зерттеуімізде: 1. Формант (форманттық талдау),

  1. Спектограмма (спектрлік талдау), 3. Осциллограф (осциллографтық талдау) белгілері негізге алынады. Зерттеу нысаны ретінде алынған құранды дыбыстарымыздың құрамы қандай дыбыстардан тұратынын аталған бағдарлама нақты шешіп бере алады. Бағдарлама мүмкіндіктерінің

ішіндегі форматтық талдау дыбыстың құрамын анық ашық береді. Ол дауыс тонының жиілік деңгейімен байланысты және дыбыс тембрін жасаушы сөз дыбыстарының (ең алдымен дауысты) акустикалық мінездемесін білдіретін құрал болып табылады.

3-сурет – Құранды дыбыстардың дара дыбыстармен тұстасқан моделі

4-сурет – Дара және құранды дыбыстардың беттескен моделі

Бағдарлама бойынша жазылып зерттелген құранды Ө дыбысының кескіні 5-суретте берілген. Суреттегі кескінге қарасақ Ө дыбысының құрамы құранды екенін байқалады. Ол әсіресе кескіннің төменгі бөлігіндегі нүкте түрінде көрінетін форманттардан анық байқалады. 4465 Hz жиілікте форматтардың жиілігі тұрақсыз екенін анық көрініп тұр. Енді компьютерлік сараптау қорытындысы бойынша Ү дыбысының 6-суретте берілген дара кескініне зер салайық.

ISSN 1563-0223 KazNU Bulletin. Philology series. №3 (155). 2015 15

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар жиынтығын модельдеудің қолданбалы негіздері

5-сурет – Ө дыбысының осциллографтық, спектрлік, форманттық кескіні

6-сурет – Ү дыбысының осциллографтық, спектрлік, форманттық кескіні

Суреттегі кескінге қарап Ү дыбысының құрамы дара екенін, ешқандай қосамжар белгілердің жоқтығын байқауға болады. Сонымен бірге бұл дыбыстың сараптау кескініндегі белгілердің Ө дыбысының бастапқы позициясындағы белгілермен белгілі бір дәрежеде ұқсастығы бар екенін аңғару қиын емес. Сонда Ө дыбысының бастапқы позициясында Ү дыбысының белгілері бар деп айтамыз. Бұдан бас қа Е мен І, О мен Ұ дыбыстарын зерттеудің сараптамасы Ө және Ү дыбысына байланысты жасалған сараптау қорытындысын растап шықты.

Қорытындылай келгенде, дауысты дыбыстардың моделін жасау үшін тек артикуляциялық фонетика, тілдің ішкі даму үрдістерінің нәтижелерін пайдаланумен шектелуге болмайтындығына көз жеткіземіз. Фонетикалық соңғы зерттеулерде қолданылатын құралдарды пайдаланып та белгілі бір дәрежеде нәтижелер алуға болады екен. Бұл тілді зерттеушілер және білім алушылар үшін зор қызығушылық туғызады.

 

Әдебиеттер

  1. Ақымбек С.Ш. Дауысты дыбыстар тіркесінің мәселелері // ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. –2012. – №1 (135).
  2. Жүнісбек Ә. Қазақ фонетикасы. – Алматы: Арыс, 2009. – 312 б.
  3. Мырзабеков С. Қазақ тілі фонетикасы. – Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 277 б.
  4. http://www.praat.org

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.