Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Cілтеу есімдіктері – Абай прозасының стильдік нормасы

Мақалада Абайдың қара сөздеріндегі сілтеу есімдіктерінің қолданылу ерекшеліктері туралы сөз болады. Абай прозасының тілі оның поэтикасы сияқты көптеген зерттеулерге объекті бола алады. Абай тілінде ерекше қолданысқа ие болған сөздердің бірі есімдіктер болып табылады. Қара сөз­ дердің құрамдас бөлігін құрайтын сол есімдіктердің бір түрі – сілтеу есімдіктері екендігі айтылады. Сілтеу есімдіктерінің грамматикалық амал­тәсілдері мен стильдік қызметі біршама талданады. Абай­ дың қара сөздеріндегі сілтеу есімдіктері, негізінен, стильдік мақсатты көздейтіні сөз етіледі. Тіліміз­ дегі ол, сол, бұл есімдіктерінің қара сөздерді баяндау желісіндегі маңызды орны айқындалады.

Аса көрнекті ақын-жазушылар шығармаларының тілі екі тұрғыдан зерттеледі. Бірі – оның əдебиеттегі орны, өзіндік қолтаңбасы мен сіңірген еңбегін анықтау болса, екіншісі – оның қаламынан туған шеберлік тəсілдері, əр алуан тілдік ерешеліктерін тану. Абай тілін сөз еткенде, ұлы ақынның əдеби тілде көркем шығармалар тудырып қана қоймай, оны жаңаша қырынан көрсетіп, əлдеқайда сапалы деңгейге көтерген суреткер екендігін ескерген жөн. Жалпы хакім

Абайдың тілін зерттеуге даңғыл жол ашып берген Алаш ардақтылары А. Байтұрсынұлы мен Ә. Бөкейхан болатын. Ал Қ. Жұбанов осы бағыттағы зерттеуді шын мəніндегі ғылыми деңгейге көтеріп, құнды пікірлер айта білді. Сондай-ақ М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, І. Кеңесбаев, Ғ. Мұсабаев, Т. Қордабаев, Ш. Сарыбаев сияқты ақын-жазушылар мен ғалымдардың абайтану саласына қосқан үлесі зор болды.

Абайтану саласының аса өзекті саласы – оның шығармалары тілінің стилистикасы мен грамматикасын зерттеп тану деп білеміз. Осы орайда Қ.Жұбановтың мына сөздері еске оралады: «Абайдың тілінің сөздігі (лексикасы), грамматикасы, Абай өлеңінің өлшеуі, ырғағы, ұйқасымы, Абай суретінің бейнесі – бəрі бірге қосылып та, жеке тұрып та негізгі тақырыптың күйіне билеп тұрады. Оның сөздері тек бермек ұғымын жеткізерлік амал болып қоймайды; бірі олай, бірі бұлай да кетпейді; солардың əрқайсысы, үлкен симфония оркестріндегі жеке музыка аспаптары сияқты, өздері бір-бір күй тартып тұрады да, бəрі қосылып негізгі күйді шығарады, тақырып соның бəріне дирижер болып тұрады» [1, 258]. Р. Сыздықованың «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы» деп аталатын монографиясы – Абай тілінің грамматикасын саралайтын бірден-бір еңбек. Бұл еңбекте Абай шығармалары тілінің сөздік құрамы, синтаксистік амал-тəсілдері, ұйқасы, өлшемі, композициясы жан-жақты талданады.

Ұлы ақынның «сезімшіл ойын» паш ететін рухани мұрасының бір тармағы – оның қара сөздері. Қара сөздердің идеялық мазмұны қаншалықты терең болса, оның сыртқы келбеті де соншалықты əсем, сұлу. Оның əрбір сөзі өзінің мазмұнына лайық түрге оранған. Яғни, өлеңдері сияқты ақынның қара сөздері де əр алуан грамматикалық формаларға өте бай. Профессор Р. Сыздық айтқандай, «Абай тілінің лексикалық, грамматикалық сипатын танымайынша, Абай тұсындағы əдеби тіліміздің «лингвистикалық регистрациясын» жасай алмаймыз» [2, 259]. Осы «лингвистикалық регистрацияны» жасауда ерекше орын алатын сөздердің бірі – есімдіктер. Есімдіктер қара сөздер лексикасының қомақты бір бөлігі десек, қателеспейміз. Олар қара сөздер мəтінінде əр алуан грамматикалық тұлға-тəсілдерде ерекше мəн-мəнісімен көрініс тапқан. Жалпы қара сөздердің синтаксистік құрылысына назар аудартқан ғалымдардың бірі – профессор Т. Сайрамбаев еді [3, 126]. Ол қара сөздер мəтініндегі есімді сөйлемдер мəселесін көтеріп, осы бағыттағы ғылыми ізденістерге жол ашып берді.

Қара сөздерде қазақ тіліндегі барлық сілтеу есімдіктері кездеседі деуге болады. Ол, сол, бұл, осы, ана, мына, әне, міне есімдіктері қара сөз дер мəтінінде тілдік-грамматикалық құралдар ретінде өте орынды қолданылған. Олар, негізінен, стильдік мақсатты көздейді. Ақын өзінің ойтолғаныстарын оқырманға жеткізу үшін сілтеу есімдігі қатысты стильдік тəсілдерді өте шебер қолдана білген. Ең алдымен, ол есімдігі қара сөздер мəтінінде адамды көрсететін жіктеу есімді гі емес, заттар мен құбылыстарды, іс-əрекет пен сын-сапаны білдіретін сілтеу есімдігі ретінде көбірек жұмсалады. Қара сөздердегі ол сөзінің бір ерекшелігі – оның осы, сол, бұл сөздерімен қатар қолданылып, бір-біріне нұсқай айтылуында.

Әрбір мал іздеген малым көп болса, өзімдікі де, балаларым да малды болса екен дейді. Ол мал көбейсе, малшыларға бақтырмақ, өздері етке, қымызға тойып, сұлуды жайлап, жүйрікті байлап отырмақ. Қыстауы тарлық қылса, арызы жеткендік, сыйы өткендік, байлық қызметінен біреудің қыстауын сатып алмақ, ептеп алмақ, тартып алмақ. Ол қыстауынан айырылған және біреуге тиіспек, я болмаса орынсыздығынан елден кетпек – әр қазақтың ойы осы.(3-сөз)

Егер онысы жалға жүргеніңде жаныңды қинап еңбекпенен мал тап деген сөз болса, ол – ар кететұғын іс емес. Тыныш жатып, көзін сатып, біреуден тіленбей, жанын қарманып, адал еңбекпен мал іздемек – ол арлы адамның ісі. Бұлардың бəрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе?(29-сөз)

Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы. Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. (6сөз)

Бұл үзінділерден байқайтынымыз: ол сөзінің микромəтіннің өн бойында қайталана жұмсалу арқылы алдын ала ескертілген дерексіз нəрселерге нұсқау қалпында қолданылуы. Әрі қарай баяндау желісін осы, бұл сөздері жалғастырады да, ол есімдігі меңзеген заттар мен құбылыстарға анафорикалық нұсқау қалпын білдіреді (3, 29-сөздер). Ал 6-сөзден алынған үзіндіде осы, ол, сол есімдіктері ойды баяндауда қатар қолданылып, біріне бірі меңзеп қолданылған. Бұл оқырманның назарын ерекше аудартудың амалтəсілі деп білеміз.

Ақын қолданған ерекше болып көрінетін грамматикалық тұлға-тəсілдердің бірі тағы да ол сілтеу есімдігімен байланысты. Жалпы бұл есімдік қара сөздер мəтінінде өте жиі кездеседі жəне оны ерекшелендіріп тұрған нəрсе оның үшін деген формада берілуі. Мұнда қалыпты тілдік жағдай сақталмаған, өйткені мақсат мəнін үстейтін үшін шылауы атау септікті меңгеретін септеулік екендігі белгілі. Ілік септікті сілтеу есімдігінің үшін шылауымен тіркесуі арқылы да мақсаттық грамматикалық мағына сақталып тұр. Сөйтіп, оқырманға ой жеткізуді ерекше əсерлі еткен. Бұл форма, негізінен, діни (теологиялық) тақырыпты қозғаумен тығыз байланысты. Осынау күрделі тақырыпқа оқырманды тереңірек бойлату үшін қолданылған ақынның өзіндік стильдік мəнерінің бір көрінісі болса керек. Мысалы:

Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. (32-сөз)

Оның үшін ол алланың өзіне ғашықтық. Оның үшін мүмкинаттың ішінде не нәрсенің ужуді бар болса, ол бірліктен құтылмайды (38сөз).

Оның үшін өзге жолдағылардан «бәрекелдіні» оңды күтпейді. Оның үшін кітап сөзіменен ізденген талап болса, әуелі көкіректі тазалау керек дейді, онан соң ғибадат қыл дейді.(44-сөз) Қалыпты тілдік жағдайдан ауытқу Абайдың қара сөздерінің стильдік нормасына айналған. Солардың бірі – осы несі екен тіркесі. Бұл қиыса байланысқан тіркесте бастауыш пен баяндауыштың грамматикалық тұлғаластығы сақталмаған. Предикат қызметіндегі сұрау есімдігі тəуелдік тұлғада болғандықтан, субъектінің де сол тұлғада болғандығын талап етеді. Алайда ақын стильдік мақсатта субъектілік сілтеу есімдігін нөлдік қалыпта қолданған (онысы несі немесе осысы несі деудің орнына осы несі деп берген).

Сілтеу есімдікті ерекше қолданыстар Абайдың қара сөздеріндегі теология мəселелерімен тығыз байланысты. Бұл мəселені тереңінен толғаған 38-сөз екендігі белгілі. Ақын мұнда тақырыпты ашу мақсатында араб-парсы сөздерін жиі қолданған. Солардың бірі – һәмма сөзі. Ол сөз бұлардың һәммасы тіркесі арқылы беріледі. Осы тіркеспен синонимдес бұлардың бәрі тіркесі де қара сөздер мəтінінде жиі кездеседі. Сөйтіп, бұл сілтеу есімдігі қатысты осындай тіркестер мəтіннің өн бойында ерекше əсер тудырады. Мысалы:

Бұлардың һəммасы алла тағаланың затия субутия уә фиғлия сипаттары дүр.

Хайуандарды асырайтұғын жансыздарды еті ауырмайтын қылып, жан иесі хайуандарды ақыл иесі адам баласы асырайтын қылып, һәм олардан махшарда сұрау бермейтұғын қылып, бұлардың һəммасынан пайда аларлық ақыл иесі қылып жаратқан. (38-сөз)

Абай прозасына тəн баяндау стилінің тағы бір ерекшелігі – сілтеу есімдікті қайталаулар. Жалпы қара сөздер мəтініндегі қайталама сөздер мəселесін Р.Сыздық өз еңбектерінде қозғаған болатын. Ғалымның пікірінше, қайталама сөздер эмоция тудыру үшін жиі қолданылады [2: 544]. Абай қолданған қайталаулардың бір түрі белгілі бір сілтеу есімдігін мəтіннің өн бойында бірнеше рет қолдану болып келеді. Мəселен, төмендегі мысалдарға көңіл аударалық:

Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.(1-сөз)

... көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт деген осы» деп.

Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» деп.

Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды.

Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық – бәрі соларда.

Еңбек қылып, мал табудың да жөнін солар

біледі, салтанат, әсем де соларда.(2-сөз)

Бұл мақалдардан не шықты? Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіндей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?(5-сөз)

Қайталама сөздердің қатарында ақын осы, сол, бұл есімдіктерін жиі келтіреді. Бұл есімдіктер мəтінде тұлғалас болып та, əр алуан тұлғада да кездесе береді. Тұлғалас есімдіктердің өзі контексте əртүрлі мағыналық қатынастарда жұмсалған. Мəселен, 1-сөздегі осы есімдігі бірде аттрибутивтік мағынада болса, бірде объектіні білдіреді. Ал 2-сөздегі сол есімдігін субъектілік-предикаттық қатынаста жəне объекті ретінде де байқаймыз. Бірақ соған қарамастан қайталана қолданылған бұл есімдіктер мəтінге ерекше бір стилистикалық реңк беріп отыр. Мұның өзін хакім Абайдың баяндау шеберлігінің бір қыры деп түсінеміз.

Психологиялық параллелизмді өз өлеңдерінде шебер қолдана білген ұлы ақын бұл əдісті прозалық шығармаларына да арқау етті. Қара сөздер мəтінінде қатарлас, мөлшерлес, теңдес ұғымдар өте əсерлі қолданылған. Бұл жөнінде Р.Сыздық былай дейді: «Абайдың «Қара сөздері» текстерінен билер сөздеріндегідей ұйқасқа, өлшемге, ырғаққа, құрылған синтаксистік параллельдерді, образды фразеологизмдерді де, əсерлі теңеулерді де кездестіре аламыз ...» [2, 544]. Расында да, қара сөздер сөйлемдерінің кейбір лексика-грамматикалық байланыстарының үйлесімділікке, ұқсастыққа құрылуы ерекше көзге түседі. Мұндай параллельдердің біршама бөлігін сілтеу есімдіктері құрайды. Оның себебі сілтеу есімдіктеріне тəн сөздердің негізгі лексикалық мағынасында, яғни, аралық қатынастарды көрсету қасиетінде болса керек. Ақын бұл сөздердің «жақындық» жəне «қашықтық» сияқты аралық қатынастарын негізге алған, сөйтіп, бұл екі ұғымды бір-біріне қарама-қарсы қолдана отырып, негізгі тақырыпты жеткізуге тырысқан. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нәрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз? (6-сөз)

Ол баланы не қылады? Осыдан басқасы бар ма? «Әне, оны берем, міне, мұны берем» деп. (10-сөз)

Ұлықтар пәлі-пәлі, бұл табылған ақыл деп, мен сені бүйтіп сүйеймін деп, ананы жеп, сені бүйтіп сүйеймін деп, мынаны жеп жүр.(11-сөз) Жүйрік ат – кейде ол елде, кейде бұл елде болатұғын нәрсе, қыран құс та, жүйрік ит те – кейде оның қолына, кейде мұның қолына түсетұғын нәрсе.(26-сөз)

Ол ана қулық қой, бұл мына қулық қой» деп, «оған бүйдей салсаң болмай ма?» деп бар оңбаған жауапты үйретіп, амалшылықтың жолын үйретем деп, ол байдың өзін кісіге сенбейтұғын қылады. (42-сөз) деген сөйлемдерден ол-бұл, әне-міне, оны-мұны, ананы-мынаны, оның-мұның, ана-мына жұптаса қолданылған сілтеу есімдіктерін байқаймыз. Мұндағы үйлесімділік, шамаластық олардың тұлғасының біркелкі болуымен тығыз байланысты. Сілтеу есімдікті жұптар қара сөздер мəтінінде нөлдік тұлғада да, түрленген грамматикалық формада да кездесе береді. Сөйтіп, мəтінде эмоциялы мазмұнды сөйлемдер тізбегін құрайды. Мұның өзі ұлы ақынның ойды жеткізудегі стильдік-экспрессивтік мақсатын айқындаса керек.

 

Әдебиеттер

  1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. – Алматы, 2010. – 258 б.
  2. Сыздық Р. Абай жəне қазақтың ұлттық əдеби тілі. – Алматы, Арыс. 2004. – Б. 259-549.
  3. Сайрамбаев Т.Оңалбаева К. Есімдер синтаксисінің кейбір мəселелері. – Алматы, 2005.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.