Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ лексикасының парадигматикалық қатынастары: омонимдік қатарлардың ерекшеліктері

Омонимдік қатарлардың әр тілде өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақ лексикологиясында омо­ нимдер студенттер үшін қиын тақырып емес. Студент қолындағы оқулық мазмұны көп жағдайда білім берудің сапасын жақсарта алмайды Сондықтан бағдарлама жасау барысында қазақ тіліндегі омонимдер туралы зерттеулерді толық қарастыра отырып, омонимдерге қатысты теориялық мәлі­ меттерді жүйелеп, студенттерге жан­жақты мәліметтер беруге болады. Тілдегі жалпы үрдіс бойынша әр түрлі мағына әр түрлі формада көрінеді. Алайда омонимия құбылысы бұл қағиданы «бұзады». Омонимдерді жеке тұрғанда анықтау мүмкін емес. Оның омонимдік қасиеті тек сөйлемде, мәтін­ де ғана белгілі болады. Қазақ тілінде кейбір көпмағыналы сөздерді омоним деп беретін мысалдар кездеседі. Омонимдердің ішкі құрылымының күрделі екендігін кез келген омонимдік қатарлардан байқауға болады. Демек омонимдік қатардағы мағыналық ерекшеліктерге басты назар аудару ке­ рек. Омонимдердің тек тілдік табиғатын ғана емес, ұлттық ерекшеліктерін сөз еткенде гомогенді омонимдерді айту керек. Қазақ тіліндегі сөздердің мағыналық дамуының бір көрінісі осы гомогенді омонимдер. Мақалада омонимдерді оқытуға байланысты ұсыныстар да сөз етіледі.

ЖОО-дағы оқып жүрген болашақ маманның заманауи сапалы білім алуының бірден-бір талабы – оқу орындарындағы білім беру үдерісінде жаңа инновациялық технологияларды енгізу екені белгілі. Бұл ретте Қазақстан Республикасының

«Білім туралы» Заңының 11-бабының 9-тармағында оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кəсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу жəне тиімді пайдалану міндеті қойылған.

Э. Роджерстің «инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея» дегенін ескерсек, [1] онда əр білім алушы түлектің пəнді меңгерудегі жаңа идеяларды қабылдап, түсінуі оның білім қорын тереңдетуіне жол ашады. Зерттеушілер инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөледі:

Модификациялық инновация – бұрынғыны дамыту, түрін өзгертіп жетілдіру.

Комбинаторлық модификация – бұрын пайдаланылмаған, белгілі əдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пəндерді оқытудың қазіргі кездегі əдістемесі жатқызуға болады.

Радикалдық инновация – білім берудегі мемлекеттік стандарттардың қайта жасалуы.

Біздіңше, қазіргі білім берудің тəсілдері модификациялық жəне комбинаторлық инновация түрлеріне басымдық береді.

Қазіргі студент – болашақ маманның қабілеті мен талантын ұштауда технологиялық мəдениеттің жедел дамуы, ақпараттық мəліметтердің көбеюі зор ықпал етіп отыр. Сондықтан білім беру кеңістігінде ауадай қажет нəрсе оқытушының ізденімпаздығы мен білім алушы арасындағы шығармашылық байланыстың болуы. Студент қолындағы оқулық мазмұны көп жағдайда білім берудің сапасын жақсарта алмайды. Қазіргі кезде Интернет ресурстарын молынан пайдалану екі жаққа да оқытушы мен əр білім алушыға тиімді болып тұр. Мəселен, силлабустағы кезекті тақырыпты оқытуда студенттердің негізгі білім қорын өз бетімен толықтыруға мүмкіншілігі жоғары екендігін өздік жұмыстарды орындауда пайдалануға болады. Кейде оқыту барысында пəн тақырыптары пəлендей күрделі емес оқу материалдары болады. Бірақ теориялық мəліметтер бойынша тереңдетіп өту керек. Мəселен, қазақ лексикасының семантикалық категориялары туралы айтуға болады.

Тілдегі сөздердің мағыналық қырларын – парадигматикалық, ал бір-бірімен тіркесіп жұмсалуын – синтагматикалық аспектілерде қарастырғанда жан жақты білуге болады. Мақалада біз омоним сөздердің осындай ерекшеліктерін студенттерге оқыту барысында нендей мəселелерге назар аудару керек екенідігін қарастырамыз.

Омонимдер туралы 1 курс студенттерінің білім қоры жеткілікті деуге болады. Алайда орта мектеп бағдарламасы бойынша омонимнің теориялық жақтарына аса тереңдемей, тек

анықтама мен мысалар ғана беріледі. ЖОО-да оқытылатын Қазақ тілінің лексикологиясында омонимдердің жасалу жолдарына көптеген талдаулар мен тілдік материалдар жан-жақты айтылған. [2, 96-104].

Жалпы қазақ тіл білімінде омонимдердің тілдік сипаты мен түрлерін, олардың жаслу жолдарын ең алғашрет ғылыми тұрғыда зерттеген К. Аханов. Еңбек 1958 ж. шыққан, «Қазақ тіліндегі омонимдер» деп аталады.

Тілдегі жалпы үрдіс бойынша əр түрлі мағына əр түрлі формада көрінеді. Алайда омонимия құбылысы бұл қағиданы «бұзады». Омонимдерді жеке тұрғанда анықтау мүмкін емес. Оның омонимдік қасиеті тек сөйлемде, мəтінде ғана белгілі болады. Омонимдерді полисемиядан ажыратудың басты шарты – ұқсас сөздердің мағыналық байланысы. Мағыналық жақындығы бар сөздер – полисемиялар, ал мағыналық байланысы үзілген сөздер – омонимдер. Қазақ тіліндегі даулы омонимдерді ажыратуда тиімді тəсіл олардың сөзжасамдық сипатына назар аудартады. (Қараңыз: Р. Садықбеков. Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді бір бірінен ажырату туралы // Қазақстан мектебі, 1970, № 12.)

Мысалы, күн, ай сөздері планета жəне календарлық ұғымдағы күн, ай көпмағыналы ма, əлде омоним бе? Мағыналық жағынан алып қарағанда, екі сөздің арасында бəрібір байланыс бар. Өйткені айдың толуы, отыз күннің немесе тəуліктің өтуі сияқты ұғымдық жағы есте болады. Зерттеушілердің айтынша, мұндай даулы мəселелер қазақ тіл білімінде əлі шешімін таппаған. Біздіңше, сөзжасамдық сипат көпмағыналы сөздерді омонимдерден ажыратып, мəселені толық шешіп бере алмайды. Өйткені «тіл күн сайын дамып, толығып отыратын жанды процесс болғандықтан да көпмағыналы сөздердің мағыналық алшақтауы тоқтамай жылжып отырады. Бұл да үнемі назар аударып, қадағалап отыруды қажет етеді». [3, 14].

Омонимдердің ішкі құрылымының күрде лі екендігін кез келген омонимдік қатарлардан байқауға болады. Демек омонимдік қатардағы мағыналық ерекшеліктер басты назар аудару керек. Омонимдік қатар түзетін сөздер қазақ тілінде көп. Омоним туралы зерттеу еңбектерін жазған К. Аханов (Қазақ тіліндегі омонимдер. Алматы, 1958) омонимдік қатарды 7 ге дейін жеткізсе, Ә. Әлметова (Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқыту. – Алматы, 2001) 11-ге дейін қатар түзетін лексеманы мысалға алған.

ЖАЙ І. Зат. Аспан кеңістігіне жиналған электр зарядтарының шағылысуынан пайда бол-

ған жарқыл, найзағай. – Лағынет бұлты шатырлап, жай түсіп неге қатпаймын. (С. Т.).

ЖАЙ ІІ. Зат. Тұрмыстағы хал ахуал, жағдай, күй. Қамардың жайы мұндай болған соң, ...араздық, пəленді қойып, Омар да күні түні қасында болды. (С. Т.).

ЖАЙ ІІІ. Зат.Белгілі бір мекен, тұрақ. – Ызғарлы аяз жан иесінің бəрін де жауратып, жүдеу тарттырып, жылы жай іздеткендей.(М. Ә.)

ЖАЙ ІV. Етістік. Таратып, ыдырытып жазу.

– Бұлар үндемеген соң, Ыбырайым шөпті айырмен қозғап, жайып тұрды. (Ж. А.)

ЖАЙ V. Сын есім. Қарапайым, қатардағы, жұпыны. – Көбі майданға кеткен. Майданға кетпегендері осында шахталарда жай жұмыс істеп жүр. (І. Е.)

ЖАЙ VІ. Сын есім. Жайлы, қолайлы. – Малға жай, егінге бай, топырағы май. (Қ.Ә.)

ЖАЙ VІІ. Үстеу. Ақырын, баяу. – Алтын артқан бір есек солармен келеді. Ол жай жүрсе, жұрт та жай, ол желсе, жұрт та желеді. (С. Т.)

ЖАЙ VІІІ. Өзімен өзі, жайбарақат, тыныш.

...Керегі жоқ іс болып, Жай жатпағым, тыныш таппағым, күш болып. (Абай)

ЖАЙ ІX. Үстеу. Ақысыз, пұлсыз, тегін. – Дүкен осы азық түлікті жай бере ме? (І.Е.)

ЖАЙ X. Үстеу. Әдетттегіден кеш, кейін, соң.

– Қайыркенің еркіндеп демалатын күні тек жексенбі күні. Ол бүгін жексенбіде де жай тұрды. (С. Б.)

ЖАЙ XІ. Үстеу, əйтеуір, əншейін ғана. – Бұл аят та басқа аяттар сияқты жай жазыла салған көп сөздің бірі. (М. Г.) [2, 14].

Қазақ тілінде мұндай омонимдік қатар сирек кездеседі. Алайда омонимдік қатарларды əлі де қарастыру қажеттігі бар. Әдетте омонимдік қатарлар түзетін сөздер біркелкі бола бермейді. Омоним сөздердің құрамы түбір жəне туынды омонимдер деп бөлінеді. «Қазақ тілінің омонимдер сөздігінде» (Белбаева М. – Алматы, 1988) түбір сөзден жасалған омонимдер көп.

Омонимдердің тек тілдік табиғатын ғана емес, ұлттық ерекшеліктерін сөз еткенде гомогенді омонимдерді айту керек. Қазақ тіліндегі сөздердің мағыналық дамуының бір көрінісі осы гомогенді омонимдер. Бұл қазақ тілі дамуының көрсеткіші деуге болатын құбылыс. Сөздердің мағыналық жақтан іштей жіктелуі семантикалық жетілу, толығу үдерісі деп танылады. Қазақ тілінде сөздердің мағыналық дамуын əсіресе, шығу тегі бір, түбірі мен мағынасы бір сөздің сапалық дамуының нəтижесі гомогенді омонимдерден көруге болады.

Гомогенді омонимдердің пайда болуы туралы талдау оның лексикасемантикалық ерекшеліктеріне байланысты. Мысалы, Т ө б е I адам басының үстіңгі жағындағы бөлігі. Т ө б е II дөңестеу келген жер бөлігі. Соматикалық жəне географиялық атаулардың бір бірімен сəйкес келетін ортақ белгілеріне қарай дыбысталуы бірдей болып тұр. Ал гомоцентристік принцип бойынша туындаған екінші географиялық атау – Т ө б е II омонимдік мағынаның пайда болуына Т ө б е I əсер еткен. Ал Т ө б е II – географиялық атау мағынасынан туындаған басқа семантикалық тізбектер «Көктөбе, Күлтөбе, төбесі тесік, төбесі биік»т.б. сияқты мысалдардан байқалатыны мағыналарының тақырыптық жағынан алшақтауы арқылы омонимдік қатынасқа түседі. Омоним сөздердегі көнелік мағына сабақтастығын этимологиялық талаулар арқылы

білуге болады.

Мысалы, Т и ы н I – орман, тоғайларда ағаш басында өмір сүретін терісі қымбат, күлте құйрық кішкене аң. Т и ы н II – металдан жасалған əр түрлі көлемді майда ақша. Этимологтардың айтуына қарағанда, бұрын бұлар омоним емес, керісінше бір сөз болған. Омоним сөз Т и ы н II мағынасының пайда болуына « Өте ертеде тиын аңының терісі қазіргі майда ақша орнына жүрген. Ұсақ ақша атауын тиын атауымен байланыстыру шындыққа жанасады» дейді Ә.Нұрмағамбетов. [3]

Омонимдерге ұқсас, айырықша түрлері деуге болатын – омофондар (фонетикалық) мен омографтар (орфографиялық), паронимдер (орфоэпи ялық), каламбур бар.

Мысалдар:

Омофондар Омографтар

Қара ала сын. – қарала етістік алма зат. алма етістік

Қара ат сын. қарат ет. тартпа тартпа

Сары ала сын сарала ет. Барса келмес жер аты – барса, келмес ет.

Паронимдер:

Ол үлкен театрда отырғандай Үнінен найзағайдың оты ұрғандай

Науқас жан айтты мұны ентігіп ақ,

Ойда жоқ ендігі сор, ендігі бақ

(Х. Ерғалиев)

Каламбур:

Қалқам жаным қарағым, Бетіңе келмес қарағым (С. Т.)

Тағыдай таудан су ішкен Тарпаңдай түзесін бүгіп от жеген. Тағы сынды жан едік

Тағы келдік тар жерге Таңдансақ тағы болар ма?

(Махамбет)

Ал омонимдердің жасалу жолдарын оқулықта берілген дайын материалдардан гөрі, студенттер өз бетімен мысалдар тауып, талдап жаттығу жүргізеді, жасалу жолдарын өз бетімен анықтауы тиіс. Бұл ретте көркем əдебиет оқып, мысалдар жинау студенттің білім деңгейін көтеруге ықпал жасайды. Тұлғаның білім деңгейін дамытуда шығармашылық үрдістің маңызы зор. Қазақ лексикасының парадигмалық қатынастарын толық əрі жан-жақты меңгеру үшін шығармашылық ізденіспен жұмыс істеуге студенттерді дағдыландыру тетіктері бар. Бұл оқытушының өз ізденісіне қарай жүзеге асырылады.

Студент өзінің іс-əрекетінің субъектісі болу деген ұғым бар. Бұл ертеңгі маманның қоғам үшін қай жағынан алсаңыз да, білімі мен біліктілігінің тең түсуі. Ұлттық университеттің филология факультетін бітірген маман кез келген салада қазақ сөзінің майталман иесі екендігін жұмыс берушіге дəлелдей алуы тиіс. Еңбек нарығының талаптарына сəйкес білім бағдарламалары икемді болуына қарай, еңбек нарығы жоғары білімі бар мамандармен толыға алады.

 

Әдебиеттер

  1. http://www.creativeconomy.ru/articles/30149/ интернет ресурсынан
  2. Қалиев Ғ.Болғанбаев Ә. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен. фразеологиясы. – Алматы: Сөздік-Словарь, 2006. – 225 б.
  3. Әлметова Ә. Көп мағыналы сөздер мен омонимдерді оқыту. – Алматы, 2001.
  4. Нұрмағамбетов Ә. Сөз төркіні. // Ана тілі. 7.09.1995. – №5.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.