Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Казақ тілі сабағында шешендік сөздерді оқытудың тәрбиелік мәні

Мақалада қазақ диаспорасына инновациялық технология бойынша жан­жақты тәлім­тәрбие беру және шешендік сөздерді грамматикамен байланыстыра оқытудың тиімді жолдары қарасты­ рылған. Қазіргі таңда барлық оқу орындарында енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар оқу, білім алу үдерісіндегі әдістемелерге озық, жаңаша тұрғыдан қарап, оны үзбей жаңғырытылуда. Осы­ ған орай, қазақ диаспорасын дербес білім алуына, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында оқытушылардың инновациялық технологияны меңгеруі міндет, парыз.

Қазіргі таңда оқу үдерісіне «жаппай» енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар баршылық. Әрине, инновация көкейкесті мəселелердің тоғысында пайда болып, оқу үдерісіндегі əдістемелерге жаңаша тұрғыдан қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пəндердің мəнін тереңдетуге, оқытушының кəсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға жəне шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған.

Мұндай технологияларды қолдану – біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, тыңдаушының пəнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, тыңдаушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан əдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек.

Оқу мен тəрбие егіз. Оқыту процесі тəрбиелеумен ұштасып жатуы керек. Оларды бір-бірінен бөліп алып қарауға болмайтын, табиғаты танылып тұрған үрдіс. Ұлы ойшыл бабамыз əлФараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тəрбие берілуі керек, тəрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы», – деген екен. Сондықтан, білім беру мен тəрбиелеу негіздерінің мақсаттарын бірлікте қарастыруымыз керек.

Ұлттық салт-дəстүрімізді қастерлеу, ана тілімізді құрметтеу арқылы елдік рухымызды асқақтатуды мақтаныш тұтатын сабақтарды өткізу – тəрбие саласының үлкен жетістігі болып есептеледі. Сабақтардың барлығы, ең бірінші, ұлттық – тəрбие мен тыңдаушылардың жан дүниесін азық болар құндылығы жағынан қарастырылады.

Жоғары білім беру факультетінде қазақ тілін оқытуға байланысты жүргізілетін барлық практикалық жұмыстар – тыңдаушыларды адамгершілікке, ізеттілікке тəрбиелеуге өз кəсібін меңгертуге, сөздік қорын байытуға, мəнерлеп оқу, сөйлеу мəдениетін қалыптастыруға, шығармашылық ой-қабілетін дамытуға арналған.

Ендеше, қазақ тілі сабағы тек тіл үйрету ғана емес, тыңдаушыларды жан-жақты тəрбиелеу сабағы. Бұл ретте дағдылы сабақтан тыс оқу материалы қазақ тілін оқытуда практикалық қана емес, сонымен қатар білім беру, тəрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру болып табылады. Сабақ барысында оқу бағдарламасына байланысты грамматикалық тақырыптарды қайталау, бекіту мақсатында шешендік нақыл, толғауларды пайдалану тиімді. Сабақтың мақсаты:

  1. Грамматикалық материалдарды бекіту, олардың тілдік ерекшеліктерін толық меңгерту.
  2. Шешендік нақыл, толғаулардан тілдік категорияларды тауып, оларды ажырату, талдау, дəлелдеу, тіл ұстарту жаттығуларын жүргізу.

3.Алған білімдері негізінде шешендік сөздердің тереңдігіне, мағынасына көңіл бөлуге, есте сақтауға, ойлау қабілеті мен тіл байлығын тереңдетуге, өзіндік көзқарас танытып, пікір айтуға баулу.

4. Тілдік материалдардың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, жазбаша жұмыстарда сол ерекшеліктерді басшылыққа ала білудің практикалық жолын үйрету. Шешендік сөздер арқылы тыңдаушылардың рухани жан-дүниесін байыту. Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Қазақ халқы шешендікті өнердің ең биік сатысы деп, жоғары бағалады. Өйткені шешендік сөздер елдің əлеуметтік өмірінде аса маңызды қызмет атқарды.

Шешендік нақылдар мен толғаулар – ділмар ата-бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиеті. Мұның тəрбиелік мəні де сонда. Логикалық қисыны мен мəні, тапқырлық жүйесінің ұғымдылығы жағынан бұл шешендік сөздер айтушысы мен тыңдаушының көңілінен шығып отырған. Бұлардың ішінде тəрбиелік мəні зор, халық жүрегіне ұялағандары ғана ғасырлар бойы ұмытылмай, қолданылып келеді.

Шешендік өнер қазақ халқының тұрмысында жас буынды тəрбиелейтін дəстүрлі мектеп іспетті болған. «Баланы жастан» деп білген қазақ бала тəрбиесіне үлкен мəн беріп, тəлім-тəрбие сіңген салт-сананы атадан балаға мирас ретінде қалдырып отырған. Демек, баланы тəрбиелеуде ата-бабамыз шешендік нақыл сөздерді ең қажетті құрал деп санаған. Таудың аласармауын, бұлақтың сарқылмауын мұрат тұтқан əр би өзінен кейінгі ұрпақтың да ел ұйытқысы боларлықтай азамат болып өсуін ешқашан қаперінен шығармаған. Мүмкіндігінше өз балаларының бірін, болмаса ат тұяғы жетер жердегі көкрегінде сəулесі, көзінде оты бар жасты қия биіктен танып, тəрбиелеп баулып баққан. «Өсер елдің баласы он бесінде баспын дейді, өшер елдің баласы он» бесінде жаспын дейді» дегендей баланы он бес жастан ел билігіне араластыра бастаған. Мəселен, Қаракесек Келдібек би өз баласы Қазыбекті жастайынан сөз өнеріне, шешендік тапқырлыққа баулиды.

Шешендіктің тәрбиелік мәні – қара қылды қақ жарған шындықпен шешілетіндігінде. Қазақтың қара өлеңінде, ұлттық дəстүр, əдет-ғұрып, тұрмыс-салт жырларында, ертегі, аңыздарында, мақал-мəтел, жұмбақтарындағы шешендік үлгілердің тəрбиелік мəні ерекше. Олай болса, қазақ тілін шешендік сөздермен байланыстыра өтудің үлкен маңызы бар деп айтуға болады.

Қазақ тіліне тəн дыбыстардың айтылуын, жазылуын, оқылуын толық меңгерту арқылы тыңдаушылрадың есте сақтау қабілетін жетілді-

ру, сөздік қорын байыту мақсатында, мəселен,

«Отын олжа, су нұрлық» мəтінінен (қазақ тіліне тəн дыбыстар бойынша) «Кім көп сөз табады?» ойынын жүргізуге болады.

Сырым он бес жасында бір құшақ отын құшақтап Нұралы ханның ауылының сыртынан өтіп бара жатса, иығына шапан жамылып далада тұрған хан баланы шақырып алып:

  • Үй ішінің кемдігі отын-сумен жетіледі, ауыл сыртынан отын ұрлап, бала, сенің есің неден кетіп еді? – дейді.
  • Тақсыр, даланың отыны олжа, суы нұрлық, біреудің малы мен ақысын жеу ұрлық, – деп жөніне жүре береді.

Казақ тіліне тән дыбыстарды табыңыз. Сөздерді буындарға бөліп, олардың қандай буын екенін анықтаңыз.

«Бір аяқ сусын бір кісінің құны екен ғой!» Сырым шөлдеп келе жатып, бір үйден түсіп сусын ішіпті.

  • Япырмай, бір аяқ сусын бір кісінің құны екен ғой! – депті, Сырым маңдайының терін сүртіп.
  • Жоқ батыр, бір аяқ сусын бір емес, екі кісінің құны. Бұл сусын табылмаса шөлдеп сіз де өлер едіңіз, ұялып мен де өлер едім, депті үй иесі.

Төмендегі берілген Әйтеке бидің сөздері қандай жағдайда айтылған? Бұл сөздер сіз білетін қандай мақалға ұқсайды? Етістіктерді тауып, олардың қандай шақ формасында тұрғандығын анықтаңыз.

Ашу бар жерде, ақыл тұрмайды. Ашу деген ағын су,

Алдын ашсаң арқырар. Ақыл деген дария, Алдын тоссаң тоқырар.

Етістіктің рай формасы туралы мағлұмат берген кезде шешендік нақыл, толғаулардан мысал келтіруге болады.

«Ақтайлақ би айтты» өлең жолдарынан шартты рай формасында тұрған сөзді тауып, оларды ашық рай мен бұйрық райға айналдырыңыз.

Ақ сауыттың белгісі – Атса мылтық өтпесе, Шын жүйріктің белгісі – Шапса тұлпар жетпесе, Шын жақсының белгісі – Тозған елді септесе,

Ер жігіт деп айтамыз, Жауға тастап кетпесе!

Септіктерді қайталау. Шығыс септігінің жалғауын, тауып, сұрақ қойыңыз. Мысалы:

«Балдан тәтті не бар?»

Бауадат дейтін жігіттің сұрақтарына Назым деген қыздың берген жауаптары:

  • Балдан тəтті не бар, қылыштан өткір не бар, удан ашты не бар?
  • Балдан тəтті бала бар, қылыштан өткір тіл бар, удан ащы əдепсіз адамның аузынан шыққан сөз бар.

Өлең жолдарынан ілік септігі мен тəуелдік жалғауының III жағында тұрған сөзді табыңыз. Қазақ тіліндегі жалғаудың түрлерін атаңыз.

Астындағы атың жүрдек болса, Жалғанның пырағы.

Алғаның жақсы болса, Үй мен қонақтың тұрағы.

Бала бидің сөздерін оқыңыз. Оның «жерден не ауыр, судан не терең, оттан не ыстық, көктен не биік?» деген сұраққа берген жауаптарын қалай түсінесіз. Сіз үшін не ауыр, не терең, не ыстық, не биік? Ойыңызды айтыңыз.

Берілген шешендік сөздермен морфологиялық талдау жасаңыз.

«Жерден ауыр не?»

Бала би қартайған шағында елінің игі жақсыларымен кеңесіп отырып: «Жерден ауыр не, судан терең не, оттан ыстық не, көктен биік не?»

– деп сұраған екен.

Бұған ешкім ауыз толтыралықтай жауап бере алмапты. Сонда Бала бидің өзі шешіп берген екен дейді.

Жерден ауыр дегенім – ақыл-білім, Судан терең дегенім – оқу-ғылым. Оттан ыстық дегенім – адамның өмірі,

Көктен биік дегенім – тəкаппардың көңілі.

Көптік жалғауын табыңыз. Сөйлем мүшелеріне қарай талдау жасаңыз.

«Саудагерлер не жейді?»

Бір жолы үш жасар Жалмамбет əкесіне еріп Ташкент базарына барыпты. Саудагер, делдал дегенді алғаш рет көрсе керек. Үлкендерден

«Саудагер қулар алдап жеп кетіп жүрмесін» деген сөздерді естіп жүреді. Жолда бара жатып:

  • Көке, осы саудагерлер не жейді? – деп сұрапты. Сонда Байдебек жас баласына:
  • Саудагерлер, делдалдар түске дейін өзгелерді алдап жейді, түстен кейін өзді-өзін алдап түсіреді, – депті.

Есімдіктер құрамына және мағынасына қарай қаншаға бөлінетіндігін айтыңыз. Сілтеу, жіктеу, өздік есімдіктерінің септелуіне мысалдар келтіріңіз. Төменде берілген нақыл сөздің мағынасын түсіндіріңіз.

Нұрлыханның Сырымды сынауында «Жол анасы не, сөз анасы не, су анасы не?» деген жұмбақ сұрауларға

Жол анасы – тұяқ, Сөз анасы – құлақ,

Су анасы – бұлақ, – деп тапқыр жауап берген. Ақыл парасат, тапқырлық, терең логика қосқосынан табылатын шешендік өнердің бір саласы – жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер. Жай айтылған шешендік сөздерден гөрі жұмбақпен айтылатын нақыл сөздер алдеқайда қызық та, көркем де.

Әрине, дағдылы сабақтан тыс оқу материалымен жұмыс жүргізу барысында тыңдаушыларға ұсынылатын түрлі тапсырмалар тізімін жалғастыра беруге болады. Бұл жүмыстың мақсаты өткен грамматикалық тақырыптарды меңгеру дəрежесін бақылаумен қатар, тыңдаушылардың өз бетінше ауызекі сөйлеу дəрежесін көтеруге мүмкіндік жасауға бағытталады.

 

Әдебиеттер

  1. Шешендік шиырлары. – Алматы: Қайнар, 1993.
  2. Төрекелдіұлы Т. Шешендік сөздер. – Алматы: Алтын алка, 2010.
  3. Дала кемеңгері немесе сырым туралы сыр. – А., 1992.
  4. Оразбаев Ф.Ш. Қатысым теориясы мен əдістемесі. – Алматы, 2000.
  5. Құрманова Н.Ж. Қазақ тілін оқытудың əдіснамалық негіздері. – Астана, 2008.
  6. Валиева М. Жаңа педагогикалық технологиялар. – Алматы: Әдістемелік нұсқау, 2002.
  7. Қазақ тілі мен əдебиеті. – №5. – 2004.
  8. Ж.Қ. Түймебаев Қазақ тілі: Грамматикалық анықтағыш. – Алматы, 2004.
  9. Қазақтың мақал-мəтелдері. – Алматы: Көшпенділер, 2002.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.