Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Мұстафа Шоқай мен эмиграциядағы қазақ ақын-жазушылары еңбектеріндегі «тәуелсіздік» концепциясы

Қазақ әдебиетінің тарихында жыраулар поэзиясынан бастап, Махамбет жырларында, қала бер­ ді Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі дәуірдегі өлеңдерде азаттық аңсайтын өршіл сарын жалғасып келген. Бұл сарын Кеңес үкіметі орнаған уақытта үзіліп қалғанымен, соғыс кезінде шет жерде жүріп, тәуелсіз Түркістан мемлекетін құрсақ деп армандаған Тұранның бостандықсүйгіш ұлдарының шы­ ғармаларынан қайта көрініс тапты.

Қазір сол «Эмиграциядағы Түркістан әдебиетінің» көрнекті өкілдері қазақ тарихында дұрыс бағасын алмай, шығармалары жеткілікті түрде зерттелмей келеді. Оған – бұл тұлғалардың сол бір сұрапыл жылдары жау қолына түсіп, солардың қол астында еңбек еткендері себеп болды. Алайда, бұларды келер ұрпаққа «сатқын» деп түсіндіріп, өздерін жазалап, шығармаларын жоюға, олар тура­ лы деректерді келер ұрпақтың санасынан сызып тастауға тырысқан Кеңес үкіметінің өзі де қазір келмеске кетті. Сондықтан олар қалдырған мұраларды зерттеп, зерделеу қажет.

Қазақ тарихы мен əдебиетіндегі тəуелсіз дік идеясының тұғыры тым биік. Әсіресе бұл мақсаттың мəн-маңызы өткен ғасырдағы саяси əрекеттер барысында аса қатты сезіледі. Қазіргі кезеңдегі саяси процестер ұлттық мемлекеттік, өзіндік айқындалуды XX ғасырдың басындағы Қазақстанда болған реформатор-демократтардың қызметінен көруге болады. Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынов, М. Дулатұлы, М. Тынышбайұлы, М. Шоқай жəне М. Әуезовтер бұқара қазақ халқының тағдырын «Оян, қазақ» ұранымен тікелей байланыстыра білген. Яғни олардың мақсаты Россияның құрамынан бөлініп, тəуелсіз автономия құру еді. Соның негізінде өз қоғамының (қазақ) дамуында «біртұтас Түркістан» ілімін қолдады. «Біртұтас Түркістан» аймағына: Тұран, далалық аудан жəне Мауренахр, Орталық Азия, Орта Азия, жəне Қазақстан енді. Бұл сөздің баламасы ретінде Түркістан деген атау қалыптасты. Заки Уəлиди Тоған, М. Шоқай жəне Б. Хайт, Х. Пакстау еңбектерінен біз «Тəуелсіз Түркістан» идеясын кездестіре отырып, оны нақтылай түрде тəуелсіздік идеясымен түсінуге болады. 20-жылдары «Тəуелсіз Түркістан» идеясын Т. Рысқұлов пен М. Ходжаев көтерген болатын. Ал батыста бұл идеяны Мұстафа Шоқай көтерді.

«Туркестан под властью Советов» еңбегінде бұл мəселені жан-жақты қозғаған. [1, 87].

«Тəуелсіз Түркістан» концепциясын ол өзінің «Яш Түркістан» журналы арқылы бұқара халыққа жеткізе білді. «Тəуелсіз Түркістан» концепциясын сонымен қатар Мағжан Жұмабаевтың ақындық шығармаларында кездестіруге болады. Ол Түркістан идеясын Қорқыт, Абай атымен тығыз байланыстырады [2, 60-229].

Төңкерістен кейін билік басына большевиктер келгеннен соң орыстың алдыңғы қатарлы зиялыларымен бірге қазақтың озық ойлы даналары да енді мұнда өздеріне орын жоқ екендігін көрегендікпен ұғып, шет ел асты. Солардың бірі Мұстафа Шоқай да болды. Мұстафа Шоқай есімі қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарына ортақ есім. Кеңес үкіметінің озбыр саясатына іште жүріп қарсыласа алмайтынын түсінген ол эмиграцияға кетіп, мұғажырлық (эмиграциялық) күрескерлік жолды саналы түрде таңдап алды. Сыртта жүріп қазақтың азаттық идеясына дем беруші болды. Шет жерде газет-журналдар шығарып, өзі сияқты түркі жұртының азаматтарын біріктіріп, үлкен істер атқаруға мұрындық болды. Францияда, Германияда, Түркияда саяси қызметтер атқарды.

Мұстафа Шоқайдың идеясы бүкіл түркі халықтарының басын біріктіріп, тəуелсіздікке қол жеткізуге бағытталған болатын. Ол 1936 жылы Берлин қаласында Түркістан жастарының алдында сөйлеген сөзінде осы ойын айқын бекіткен:

«...Түрік халқы – батыр халық. Түрік халқы – арыстан ер халық. «Кімнен таяқ жегендей біздің түріктің баласы, алдырып жүрген дұшпанға аузының аласы». Бұл нақыл сөзді ұмытпауымыз керек» [3, 64-65].

М.Шоқай өз еңбегінде Батыс Түркістан мен Шығыс Түркістан жəне Ауған Түркістан деп Түркістанның этнографиялық жəне саяси жағынан шекарасын анықтап береді. Соның ішінде оның баса көңіл бөлгені – кеңестік Түркістан. Яғни Хиуа, Бұхара, Түркістан, Қырғыз өлкесі жəне Астрахань губерниясы. М. Шоқайдың айтуы бойынша, бұл аймақ «біртұтас ұлтты» құрайды. Сондықтан кеңес өкіметі Мұстафаның идеясына қорқынышпен, қауіптілікпен қарай отырып, теріске шығаруға тырысты. Б. Хайт өзінің «Түркістан XX ғасырда» атты еңбегінде

«Біртұтас Түркістан» идеясын одан əрі көтерді. Ол Кеңес өкіметінің Қазақстанның жəне Орта Азия мəселесін Түркістанмен байланыстыруын сынайды. Хайттың айтуынша Түркістан термині осы өңірде орналасқан тарихи, мəдени, саяси жағынан қалыптасқан халықтардың отаны ретінде қаралады. Этнографиялық тарихи жəне басқа да ерекшеліктеріне байланысты М. Шоқайдың «Тəуелсіз Түркістан» концепциясын жан-жақты қарастыруға болады.

ХІХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың басын да өзінің басқару жүйесін Орталық Азияға жая бастаған Ресей отаршылары татар, башқұрт жəне ноғай елдерін бағындыруға қолданған əдісайласын енді жаңа елдерді бағындыруға қолдана бастады. Негізгі тіршілік көзі ата-мекен жерден, ата-салт дəстүрден, мəдениеттен айырылу қаупі енді осы өңірге де төнді. Міне осындай жағдайда Ресей отаршылдығы сияқты мемлекеттік деңгейде ұйымдасқан дүлей күшке қарсы тұра алу үшін соған деңгейлес ұйымдасқан материалдық жəне рухани күш қажет. Осындай күшті бəрі бірдей Ресей империализмінің қол астынан түркі халықтарын тəуелсіз бір майданға біріктіру арқылы қалыптастыру мүмкін еді. Мұстафа Шоқайұлының «Тəуелсіз Түркістан» концепциясының пайда болуының негізгі ядросы оның түрікшілдігі еді. Түрікшілдік жəне исламшылдық (пантюркизм и панисламизм) міне осы орыс отаршылдығына қарсы күрес арқасында өмірге келді. Негізінде бұл пантюркизм мен панисламизм қорғанушылар идеологиясы болатын.

Түркістандағы отаршылдыққа қарсы күрес ұйымдасқан түрде болмағандықтан, олардың құрған түрлі саяси партиялары мен қоғамдық ұйымдарына қарағанда жеке тұлғалар белсенділігі басым болды. Әлемдегі отаршылдық тағдырын бастан өткерген басқа да елдер тəжірибесінде де дəл осы құбылыс байқалады. Түркістан зиялыларының негізгі мақсаты Ресейдің отарлық саясатын əшкерелеп, халыққа түсіндіру жəне түрікті ұлт ретінде сақтап қалу еді. Олардың осы мақсаттағы ізденістерінің сан-салалығынан ұлттық мүддеге негізделген күрес жолдары да түрліше дамыды.

Кеңестік отаршылдыққа қарсы Түркістан əдебиетінде тəуелсіздік мен ұлттық мүддеге негізделген күрес жолдары төмендегідей бес бағытта көрініс тапқанын айтуға болады:

  1. «Тəуелсіз Түркістан» бірлігін қалыптастыру;
  2. Түркістан мұхтарияты (1917-1918) идеясын толық жүзеге асыру;
  3. Бұрынғыға балама ретінде жаңа жағдайды есептеген коммунистік Түрік республикалары конфедерациясын құру;
  4. Большевизмге қарсы əрекетті қолдау;
  5. Азаттық аңсарды мұғажырлық күрес жолымен жалғастыру.

Әдебиеттің тарихи-заңды қозғалысы өз кезеңінің əлеуметтік, идеологиялық əрі эстетикалық ой-талғамына тəуелді десек, отаршылдыққа қарсы кеңес тұсындағы Түркістан əдебиеті жоғарыда келтірілген бес бағытқа сəйкес дамыды [4, 15].

Осы бес бағыттың бесінші тармағынан көрініп тұрғандай, XX ғасыр басында жалпы əлемдiк сипат алған эмиграция құбылысы Түркістан

азатшылдарын да айналып өтпеді. Ұлттық республикалар таратылып, ел билігі большевиктер қолына өтті. Азатшылдардың күрес бағыттары да саралана бастады: бір тобы кеңес шебіне өтсе, екінші тобы қолына қару алып «басмашылар» қатарына қосылды жəне үшінші тобы шетел асып, сыртта жүріп күресуді таңдады. Шетел асқан мұғажыр азатшылдардың күрес майданы газет-журналдар болды. Олар большевиктік билікке қарсы түрлі формада шығармалар жазып, əдеби үдерісті жалғастырды. М. Шоқайдың «Тұран дəулеті хақында» атты мақаласындағы «Біз Тұрандықпыз. Біздің ортақ Отанымыз – Түркістан... Біздің барлығымыз осы атамекен-бесігімізді империализмнің бұғауынан босауы үшін күресіп жүрміз» деген жолдары мұғажыр азатшылдарының мақсатын айқындап бере алады. Эмигрант зиялыларының ыждағатынан Түркістан əдебиетінің мұғажырлық кезеңі туды. Мұғажыр əдебиетінің өкілдері екі санатта қалыптасты: бірі эмиграцияға ұшыраған есімі белгілі күрескерлер болса, ал екіншілері шетелге оқуға барған шəкірттер еді. Түркістан əдебиетінің мұғажырлық кезеңі негізінен «Иени Түркістан» мен «Яш Түркістан» атты екі басылымның қызметімен қалыптасып, дамыды. Мұғажырлық күрес алаңын рухани күрес, яғни баспасөз бен білім саласындағы күрес деп айтуға болады. Бұл күрес түрік елдері тəуелсіз республикаға айналғанға дейін жалғасты.

Аталған уақытта баспасөздің мұғажырлық күрес алаңына айналуының өзіндік себебі бар. Еуропаның түрлі елдерінде Түркістан тəуелсіздігі идеясын басшылыққа алған түркістандықтар сан алуан газет-журналдар ұйымдастырды. Олардың ішінде белгілі журналдар: «Милли Түркістан» (Ұлттық Түркістан) (1942-1975, Берлин / Дюселдорф) шығарушысы – Уəли Қаюмхан; «Милли адабият» (Ұлттық əдебиет) (19431945, Берлин) шығарушысы – Уəли Қаюмхан, Қобызшы Қорқыт (Мəжит Айтбаев); «Озод Түркистан» (Азат Түркістан) (1954, Қахыра) шығарушысы – Мехмет Емин Түркістани; «Түркістан» (1953, Стамбұл) шығарушысы – Мехмет Емин Бұғра, Зияеддин Бабақұрбан; «Түркістан сеси» (Түркістан дауысы) (1956-1957, Анкара) шығарушысы – Мехмет Емин Бұғра; «Бүйүк Түркели» (Ұлы Түрікелі) (1962, Измир) шығарушысы – Хасан Оралтай т.б. бар.

Бұл кезеңнің басты-басты белгілерін төмендегідей көрсетеміз:

    • мұғажыр əдебиетінің өкілдері эмиграцияға кеткен есімі белгілі күрескерлер мен шетелдегі

шəкірттерден тұратын екі санатта қалыптасты. Олар большевиктік билікке қарсы түрлі формада шығармалар жазып, əдеби үдерісті жалғастырды;

    • бұл кезеңнің əдебиеті «Иени Түркістан» мен «Яш Түркістан» атты екі журналдың жəне осы басылымдар шекпенінен шыққан «Милли Түркістан», «Түркістан» сияқты т.б. газет-журналдардың қызметтері арқылы дамыды;
    • мұғажыр күрескерлердің негізгі орталығы
  • Түркияда «Жас Түркістан басылымдары» атты сериямен жарық көрген кітаптарда еңбектері насихатталмай қалған, əрі репрессияланған азатшылдардың мұрасы əдеби-танымдық үдерістің үзіліссіздігін көрсетті;
    • Кеңес кеңістігінде қараланып, ғылыми тұрғыдан зерттелуіне қатаң тыйым салынған «басмашылар» тақырыбы шетелдерде зерттелінді;
    • Әнуар паша секілді тұлғалардың бейнесі көптеген əдеби шығармалардың өзегіне айналды;
    • Түркістанның мұғажыр əдебиеті мен Түркия руханияты өзара ықпалдастық негізінде дамыды.

Түркістанның мұғажырлық əдебиетінің дамуына Түркістан Ұлттық Легионы құрамындағы ақын-жазушылардың шығармашылығы өте мол серпін берді. Ал жоғарыда айтылған Мұстафа Шоқайдың «Тəуелсіз Түркістан» идеясы Түркістан Ұлттық Легионымен тікелей байланысты. Ол осы легионның ішінде, қауіп-қатердің ортасында өзі жүрді. Соғыс кезінде тұтқынға түскен қандас бауырларын немістердің азап-қорлығынан құтқарып қалу үшін осындай қадамға барды.

Түркістан Легионы туралы бүгінгі зерттеушілер оның тұтас армия дəрежесіне жеткенін, қуатты күш болғандығын айтады. «Әр алуан деректер бойынша 1942 жылдың көктемінде құрылған Түркістан легионы құрамында болғандардың саны 180 мыңнан 250 мыңға жетіп, бұл əскери құрылым шығыс легиондары арасында ең үлкені болыпты» [5, 38].

Немістердің алдына Мұстафа Шоқай екі шарт қойған. Біріншісі, немістердің көмегімен болашақ Түркістан мемлекеті кадрларын дайындау. Екінші шарты – тұтқынға түскен ортаазиялық жауынгерлерден əскери бөлімшелер ұйымдастырып, оларды немістер Орта Азия республикаларының шекарасына жеткенше, Қызыл Армияға қарсы пайдаланбау.

Тиісті қолдау тапқан Шоқай мен көмекшісі Уəли Қаюм хан енді немістің əскер басшыларының көмегімен «Түркістан Ұлттық комитетін» құрады. [6, 199].

Бірақ Уəли Қаюм опасыздық жасап, бəрін жеке басының мүдделеріне пайдаланады. Ол Шоқайдың сыртынан немістермен келіссөз жасап, жауынгерлерді жедел түрде қызыл əскерге қарсы ұрысқа салуды сұрайды. Билікқұмар ол Шоқайға қастандық жасап, у беріп өлтірген деген деректер бар. Өзі легион басшылығына жайғасады. Уəли Қаюмнің шыққан тегі өзбек болғандықтан, оның тарапынан қазақтарға көпекөрінеу қиянаттар жасалғаны туралы мəліметтер көп. Осылайша ұлттық мүдделерге қараниет пиғылдылар араласады.

Бұл саясатқа келіспей, «Түркістан Ұлттық Комитетінің» Қарыс Қанатбаев бастаған бір топ қазақ жігіттері ұлттық намысқа тырысып, Уəли Қаюмға қарсы шыққан. Кейіннен Қарыс Қанатбаев жəне оны жақтаушылар Уəли Қаюм басқарған «Түркістан Ұлттық Комитетінен» бөлініп, өз алдына «Түркістан Ұлттық Кеңесі» ұйымын құрған [7, 4].

Легион құрылымы төрт бөлімнен тұрған: əскери бөлім, насихат бөлімі, ғылым бөлімі, əскери тұтқын бөлімі, радиохабар, шығыс жұмысшылары, денсаулық сақтау бөлімдері.

Насихат бөлімінің ішінде Түркістан ұлттық əдебиеті қалыптасты. Идеологиялық мақсатта газет-журналдар шығып тұрды. «Милли Түркістан» (Ұлттық Түркістан) саяси журналы айына екі рет, «Милли Әдебиет» (Ұлттық əдебиет) əдеби-көркем журналы айына бір рет шығып тұрды. «Милли Әдебиет» журналы тұтқында жүрген қазақ жауынгерлерінің ұлттық санасын оятудың басты құралы болды. Қазақ халқының дүниетанымы əріптер бояуымен бірге газетке сіңген бұл журналдың мұғажырлық мəдениетті қалыптастырудағы еңбегі ересен. Өйткені оның редакторлары болып Мəжит Айтбаев, Хакім Тыныбеков сияқты қайраткер, күрескер тұлғалар жұмыс атқарған еді.

«Түркістан легионындағы» түркі тілдес елдердің ақын-жазушыларының арасында тəуелсіздік идеясының қалыптасуына əсер еткен Түркістан түркілерінің рухани һəм қайраткер көсемі Мұстафа Шоқайдың саяси ойлары болуы ықтимал. Себебі, жанындағы жолдастары Шоқайдың идеяларын жарыққа шығарып, таралуына баспасөз беттері арқылы белсене атсалысып отырған. Оның санаулы ізбасар шəкірттерінің бірі Мəжиттің өзі болатын. Мəжиттің бастамасы бойынша легион жанынан құрылған əдеби бірлестік төмендегідей қағидаларды өздеріне мақсат етіп алады:

«1. Түркістан бір уақыттары ең құдіретті, бай, мəдени жəне сонымен бірге тəуелсіз бір мемлекет болып тұрған еді. Бұл өлке өткен заманда үлкен ғалымдар, астрономдар, пəн, əдебиет, санат (көркем өнер) ұстаздарын жеткізген. Бірақ орыстар Түркістанды басып алғаннан кейін, айрықша, большевиктер мемлекет басына келгеннен кейін, еліміз өз құндылықтарын жоғалтты. Халқымыз кедейлікке жүз тұтты.

  1. Түркістандық ұлтшыл зиялылар Ресейдің бір орталықтан басқару саясатына қарсы ұзақ жылдардан бері ашық жəне жасырын күресіп келді. Түркістанның бүтіндігі үшін күреске жүздеген зиялыларымыз, мыңдаған жігіттеріміз құрбан болып кетті.
  2. Түркістанның келешегін ойлаған, ұзақты көре білетін реһберлер (көсем) əрі мемлекет ішінде, əрі мемлекет тысында өз кадрларын даярлаған еді. Бұл кадрлар əрі ішкеріде, əрі тысқарыда Түркістан тəуелсіздігі үшін күресті, күресіп тұрады жəне бұл күресіп жеңіп шыққанша жалғасады.
  3. «Түркістан милли жазушылар бірлігінің» түпкі мақсаты: Түркістанның бүтіндігі, тəуелсіз, ерікті жасауы үшін күрес жəне Түркістандықтардың рухын осы негізде қайта құру.
  4. «Түркістан милли жазушылар бірлігі» өзінің күресін Түркістан Милли Комитетінің басшылығымен алып барады. Бұл комитеттің алдыға қойған міндеттерін Бəди (көркем) əдебиетте жариялайды.

Төмендегі міндеттер:

  1. Түркістанның өткенін білу.
  2. Түркістанның бүтіндігі үшін болған күресте құрбан болған кісілердің образын бейнелеу.
  3. Науаи, Мəшрəб, Бедил, Абай, Мақтымқұлы, Мұқимлы секілді жазушы, шайырлардың жəне Еуропа алдыңғы қатарлы жазушыларының өмірін білу. Олардың кəсіби шығармаларын бастыру.
  4. «Түркістан милли жазушылар бірлігі» өз алдына ұлттық жазушыларды, отансүйгіштік рухында тəрбиелеуді; олардың шеберлігін халықты патриоттық рухында тəрбиелеуге бұрып жіберуді, негізгі міндет қылып алады» [8, 132]. Бұл қағидадан көрініп тұрғандай, тəуелсіздік мұраты олардың басты ұстын-тірегіне айналған. Жоғарыдағы айтылған ойларды жинақтай келе, төмендегідей қорытынды шығаруға негіз бар.

Қазақ əдебиетінің ХХ ғасырдағы кезеңі – сан тосқауылдан өтіп, бейнет жүгін қайыспай көтерген ерлердің əдебиет майданындағы ерліктеріне толы болды. Қазақ ұлтының жеке ел ретінде қалыптасуына іштегі азаматтар ғана емес, сырттағы тұлғалар да белсене атсалысты. Қазір сол кездегі əдебиет «Эмиграциядағы Түркістан əдебиеті» деген атпен белгілі.

Қазақ əдебиетінің тарихында жыраулар поэзиясынан бастап, Махамбет жырларын да, қала берді Кеңес үкіметі орнағанға дейін гі дəуірдегі өлеңдерде азаттық аңсайтын өршіл сарын жалғасып келген. Бұл сарын қызылдар басқарған үкімет орнаған уақытта үзіліп қалғанымен, соғыс кезінде шет жерде жүріп, бəрінен де (немістен де, орыстан да) тəуелсіз Түркістан мемлекетін құрсақ деп армандаған Тұранның бостандықсүйгіш ұлдарының шығармаларынан қайта көрініс тапты. Соның арқасында олар бөтен елде жүрсе де, бір-бірімен ынтымақтасып, бір тудың астына жиналды.

Қазір аталмыш əдебиеттің көрнекті өкілдері қазақ тарихында дұрыс бағасын алмай, шығармалары жеткілікті түрде зерттелмей келеді. Оған бұл тұлғалардың сол бір сұрапыл жылдары жау қолына түсіп, солардың қол астында еңбек еткендері себеп болды. Десе де, бұларды келер ұрпаққа «сатқын» деп түсіндіріп, өздерін (тірі қалып, қайта оралғандарын) жазалап, шығармаларын жоюға, бұлар туралы деректерді келер ұрпақтың санасынан сызып тастауға тырысқан əкімшілəміршіл Кеңес үкіметінің өзі де қазір келмеске кетті. Қазір сол жазалаушы үкіметтің орнында сол тұлғалар аңсап кеткен азат ел отыр. Енді бізге сол жоғалтқандарымызды қайта тауып, өшкенімізді жандыруға ешкім де кедергі емес. Сол себепті, оның артынан қалдырған мұраларын зерттеп, зерделеу – кезек күттірмейттін іс.

Біздің зерттеу жұмысымызға осы тақырыпты арқау еткеніміз де сондықтан. Өйткені мұндай тұлғалар тарихтан өз орнын алып, шығармалары халық игілігіне айналуға əбден лайық.

«Тəуелсіз Түркістан» идеясы үшін күрескен Мұстафа Шоқай мен «Түркістан легионы» құрамындағы ақын-жазушылар бейбіт күндердің рахатын сезген жоқ, жанын шүберекке түйіп, ұлтын кеңестік құрсаудан ажыратып алуды негізгі мақсаты етіп алдына қойған тұлғалар. Олар туған жеріне жетуді армандады, бірақ ол арманына жете алмады.

Бүгінгі таңда олардың арманы орындалды деп толық айтуымызға негіз бар, өзі жат жер топырағында қалса да, шығармалары, толғаныстары, өлеңдері елге оралды. Мəжит Айтбаевтың өзі айтқанындай:

«Шерлі болам, бұл өмірден өтермін, Бірақ жырым өлмес, өшпес көңілден...»

Олар аңсап өткен тəуелсіздік орнықты. Ұлттық ен-таңбаларымызды түгендеп алдық. Тарихымыздағы қара дақтарды тазартып алып жатырмыз. Тек сол Мəжиттің, Мұстафа Шоқайдың бастарын кеңестік кезден бері жалғасып келе жатқан даудан арашалай алмай келеміз. Ұрандап жүріп, рухын өзіміз оятып алған Мұстафа Шоқайдың идеясы «Үлкен Түркістанның» қалай күйрегендігін біршамасы білсе де, бүгінгі буын оның күңіренісін біле бермейді. Осыған қатысты айтар ұсыныстарымыз:

Түркістан Ұлттық Комитетінің бүкіл əдебикөркем мұраларын жеке жинақ етіп бастырып шығаруымыз керек.

Қазақ əдебиетінің шет жердегі екінші тынысы болып саналатын эмиграциялық əдебиетті зерттеу мектебін қалыптастыру қажет.

 

Әдебиеттер

  1. Чокай М. Туркестан под властью советов. – Париж, 1935. – Переиздано на англ. яз. Mustafa Chokay. Turkestan under soviet Power. – Oxsford, 1986. – 87 б.
  2. Жұмабаев М. Шығармалар жинағы. – Алматы: Жазушы, 1989. – 60-229 б.
  3. Шоқай М. Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы: Жалын, 1992. – 64-65 б.
  4. Жалмырза А. Отаршылдыққа қарсы Түркістан əдебиеті: қалыптасуы, даму ерекшеліктері жəне көркемдік сипаты. Фил. ғыл. канд. ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация авторефераты. – Астана, 2010. – 15 б.
  5. Кəкен. А. Түркістан легионы. – Астана. Республикалық баспа-полиграфия орталығы, 2000. – 38 б.
  6. Ахметова Ж. Шоқай туралы деректер // Қазақ тарихы. – 2004. – № 2. – Б. 199.
  7. Бəкіров Ә. Түркістанның азаттығы үшін // Ана тілі. – 1994. – № 17. – Б. 4.
  8. Айтбаев М. Милли əдебиетіміз – ұлттық көркем сөзіміз жөнінде // Жауынгердің күнделік дəптерінен (Әңгіме-өлеңдер топламы). – Берлин. – 1944. – 132 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.