Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тіліндегі намыс концептінің лингвистикалық репрезентациясы

Мақалада намыс концептінің лингвистикалық репрезентациясының вербальды құралдарын зерттеу және оның ұлттық­мәдени ерекшеліктерін анықтау қарастырылған. Заманауи лингвистика­ лық бағыттар негізінде орындалып, намыс концептінің лингвистикалық репрезентациясының тіл­ дік әдістері талданған. Намыс концепті қазақ халқының ұлттық санасында негізгі лингвистикалық түсініктердің бірі болып табылады. Ол қазақ халқының ділінде ең маңызды орын алады. Бұл мақала­ да намыс концепті ар, құрмет, ұят, шыншылдық, адамгершілік сияқты, әдеп тұжырымдарымен өзара байланысы көрсетілген.

Осы мақалада «концепт» терминімен байланысты ұғымдардың мағынасының ашылуы, концепт­ тің тілдік репрезентациясы және оның әдістемелік сараптамасы, ұлттық діл, мәдениет, тіл және тілдік сананың өзара әсерін оқуда туындайтын қиындықтар қарастырылған. Концептілерді зерттеу – ұлт­ тық ерекшеліктерді анықтайтын концептуальдық және тілдік әлемдік бейнені түсінуге көмектеседі.

Қазіргі кездегі лингвистика, философия, мəдениеттану сияқты ғылым салаларында адамды жан-жақты толық зерттеу тенденциясы байқалады, яғни оның табиғатын, жан дүниесін, түр келбетін, ділін жəне т.б. ХІХ ғасыр тіл білімінде тарихи-салыстырмалы кезең болса, ал ХХ ғасырда құрылымдық-жүйелілік билік құрды, ХХІ ғасырда антропоцентрикалық парадигма кезеңі құрылуда. Бұл ғылыми парадигманың айналасында екі ғылыми бағыт қалыптасты: лингвомəдени белгілі бір тілді, ұлттық ділді жеткізуші ретінде, жəне когнитивтік лингвистика тілдегі білімділік процестерінің бейнесі ретінде қарастыру [1, 5].

Когнитиивті лингвистиканың басты назардағы тапсырмасы тілдің ішкі когнитивтік құрылымында жəне айтушы-тыңдаушы ретіндегі қозғалыс түрінде тілдік суреттеулер мен сипаттаулар беру, сонымен бірге ақпараттарды жүйелеуші ретінде жекелей тəуелсіз модуль жəне тілдік ақпараттарды саралаушы қызметін атқарады [2, 53]. Қорыта айтқанда когнитивті лингвистиканың басты мақсаты тіл мен ойлау арасындағы күрделі қарым-қатынастарға араласу, сол сияқты тілдегі таңбалармен ақпараттағы өзгерістерді анықтау болып табылады.

Концепт когнитивті лингвистиканың базалық түсінігі болып табылады. Концепт ұғымы бұл білімділік ерекшелік ретінде терминді ашып көрсетеді. Дегенмен, концепт сөзінің мағынасын ашу мəселесімен көптеген ғалымдар айналысып, жүздеген еңбектер жазылды. Н.Д. Арутюнова, А.П. Бабушкина, А. Вежбицкая, С.Е. никитина, Р.М. Фрумкина, В.Н. Телия еңбектеріндегі терминдерде едəуір өзгешеліктер байқалады.

Қазіргі уақытта концепт категориясын теориялық тұрғыдан қарастыруда зерттеушілер оны жеке-жеке салаларға бөліп қарастыруда, яғни лексикалық, фразеологиялық, синтаксистік, сонымен қатар концептерді біріктіре қарастыру-біріккен лексика-семантикалық, лексика фразеологиялық, лексика-грамматикалық жəне семантикалық аймақтарға бөліп қарастыруда. Жаңа дерек көздері немесе жаңа əдістер қолдана отырып көптеген концептер бір емес, бірнеше рет қарастырылады. Зерттеушілер кейбір жекелей қарастырған концептілермен қатар бір-бірімен байланысты біріккен концептілерді америкалық ғалымдар теориясы бойынша концептуальді ұғым-прототип ретінде қарастырған. Зерттеушілер əртүрлі концептілерді қарастыра отырып шетел когнитивистерінің еңбектерін де арқау болған концептің түрлері мен типтері жайлы сөз қозғайды (фреймалар, сценарийлер жəне т.б.).

Әр халықтың концептосферасында өзіне тəн концептер аз ұшыраспайды, ол ұлттық ерекшелікті айқындай түседі. Мұндай көптеген концептер нақтылық «жетекшілік» қызметін атқара отырып, болған əртүрлі оқиғалар мен құбылыстарды қабылдай аламыз, сонымен қатар ұлттың сөйлеу ерекшелігін айқындаймыз. Өзге ұлттың өзіндік ерекшелігін айқындауда, олардың ойы мен табиғатын түсінуде, суреттеу мен мазмұндауда мұндай концептің атқарар қызметі өте маңызды [3, 76].

Намыс концептін таңдап алу біз үшін кездейсоқтық емес, бұл концепт адамның күнделікті өмірінде, оның басқа адамдармен, қоғам мүшелерімен араласуында намыс күнделікті адам өмірінің бұлтарылмайтын аспектісі болып табылады. Намыс сөзі жалпы түсінікте қайырымдылық, тəрбиелілік, мейірімділік, тəккəппарлық, ұят сөздерімен тығыз байланыста қолданылады. Намыс философия тілінде бағалы бағытта адамның жеке тұлғалық бейнесін суреттейтін, Аристотель, Цицерон, сол сияқты Б. Паскаль, Т. Гоббс, И. Кант, А.Г. Баумгартен, Шиллер т.б. философтардың пікірімен сəйкес келеді. Шиллердің бағалауы бойынша мəртебелі, игі адам бейнесін: «Біз намыс деп айтып жүргеніміз адамның ішкі жан дүниесіндегі ұнамдылық қасиеттердің басқа қасиеттер үстінен үстемдік құруы» деп жазады (Үйлесімділік жəне намыс туралы 1793). Қазіргі уақытта намыс деп адамның жеке тұлға ретіндегі басты қасиеттерін ұғынамыз [4, 114]. Адамның ар-намысы түсінігі жеке тұлға бойындағы бағалы құндылық. Жеке тұлға бойындағы ар-намыс – бұл адамның өзінөзі қоғамда тұлға ретінде бекітуі. Әртүрлі жағдайға байланысты адам өз ар-намысы туралы ұмытып кетуі немесе басқалай адамдардың əсер етуінен өзінің тұлғалық «менін» көрсете алмау жағдайында болмас, əрбір адам кез-келген жағдайға қарамастан жеке намысқа ие. Намыс жайлы мəселе кез-келген уақытта да өзекті мəселе ретінде ұнамдылық, əлеуметтік, экономикалық, азаматтық құқық пен саясатта да қала береді.

Адам намысы тарих қойнауында əр халықтың, əр мəдениеттің əрқайсысында өзгерістерге ұшырап отырды. Намыс концепті қазақ халқының əлем тануында ерекше орын алып, халқымыздың территориялық, рухани құндылықтарын сақтап қалу үшін атқарған ролі зор болды. Ол жалпы адами құндылықтармен қатар өз халқына деген мақтаныш сезімін, өз жеріне өз еліне қызмет ету мақсатын əр перзенттің алдына міндет етіп қоя білетін концепт болып табылады. Еліміздің тəуелсіздік алуына орай, жеке мемлекет болып қалыптасқаннан кейін, өз тарихымыз бен ана тілімізді, рухани құндылықтарымызды қайта жаңғырту талабы туындады. Намыс ұғымына байланысты концепт қазақ халқында ғасырлар бойы қалыптасқан ұғым. Бұған дəлел ретіндегі мысалды Абайдың қара сөздерінен көре аламыз. Өзінің ар, намыс, қателіктер мен жақсы істері жайлы философиялық ойларында ғұлама Абай егер жеке тұлға бойында намыс қасиеті бар адам да, тұтастай халық та намысқа ие. Намысты адам деп толықтай халық құрметіне ие, елге танымал, ел сенімін артқан адамдарды айтқан.

Қазақ тіліндегі намыс концептін зерттеу үшін сөздік дефинициядан тірек лексеманы, синонимдерге сынама, таралу аймағы, сол сияқты тірек лексемаға лексикалық қорытынды жүргізу жатады. Қазақ тіліндегі тірек лексема ретінде концепт бойынша мына сөздер берілді-намыс, намыскер. Сонымен қатар концепт туынды жəне сөзжасамдық тəсіл арқылы жасалынған сезімді білдіретін бірліктермен-намыс, намыскерлік, намысқойлық, намысқорлық, намыссыздық, намыстылық, намысшылдық; сапаны білдіретін-намыскер, намысқой, намысқор, намыссыз, намысты, намысшыл; іс-əрекетті білдіретін-намыстану, намыстандыр. Синонимдері – ар, ұят.

Қазақ тіліндегі намыс концептінің репрезенттеуші лексемасының мағынасын саралаймыз. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде Б.Қ. Қалиевтің редакциялауы бойынша [5, 317] намыс сөзіне мынадай анықтама берілген:

Намыс з.е. – Жоғары адамгершілік қасиет, ар-абырой. «Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді» (қазақ мақалы).

Намыскер с.е. – Намысқой, намысшыл.Тарансыз қасқыр қуып, көңіл жарыта алмайтынын ойлағанда, намыскер аңшы шарасыздан булығып қатты аласұрды (С. Елубаев, Ойсыл қара). Жас жігіт кереметтей намыскер болып өсті (Қ. Жұмалиев, Көкейтесті).

Р.Г. Сыздықова мен К.Ш. Хусаиннің редакциясымен шыққан қазақша-орысша сөздікте [6, 620] намыс сөзі келесідей мағына береді:

Намыс з.е. – 1) ар, жақсы атақ, репутация; намыс сезімі, намысқорлық; жалған-жалған намысқорлық;-көру өзін-өзі төмен санау; біреудің намысына тию; Қыздың намысына тию; ер-азаматтың намысына тию: намысқа тырысу; ер жігіттің намысы-елінің намысы; ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы; 2) ұят, масқара, cұмдықұятты қолдан беру; ұятқа бату, масқара болу; оның ұяты келсе керек; ұятты қолдан бермеуге тырыс.

Намыскер с.е. – өр кеуделі, өз намысының қорғаны; намысқор; Оспан өте намыскер болып өсті.

П.В. Косовичтің қазақша-орысша, орысшақазақша сөздігінде намыс сөзі [7, 169] мынадай анықтамаға ие: 1) ар 2) ұят; намыскер-өр кеуделі, ашушаң.

Жоғарыда келтірілген мысалдар негізінде біз келесідей қорытындыға келеміз. Аударма сөздіктерде намыс сөздеріне мынадай анықтама берілген: 1) Адамгершілік қасиет-яғни адамның адами қасиеттерін, ішкі жан-дүниесін, əр адамға тəн мінез-құлықты білдіреді. Ардың құрылымы. Адамды өзінің жағымсыз қылықтары үшін ұялдыратын қасиет. 2) Елдің намысы-барлық сезімнің жиынтық бейнесі, елжандылықтың негізі.

3) Ердің, жігіттің намысы-өз бойына ерлік, намыскерлік қасиеттерді жинай отырып халқына лайық ұл болуға ұмтылу. Ерлік жасауға ұмтылу; «ерлік бір адамға тəн, бірақ ерлік тұтастай бір халық үшін жасалып, бір халыққа тəн болады» [8, 11].

Бұл ұғымдар өзара байланысты болғанымен, бір-біріне ұқсамайды. Бұл жекелей ұғымдардан, əртүрлі денотативті мағына берген кезде көрінеді. Әртүрлі лексемалар мен лексика-семантикалық нұсқалар жалпы концептің əр қилы белгілерін көрсетеді. Тілдік-жүйелі спецификасы концептің əртүрлі белгілері мен факторлары нəтижесінде бір бағытта жүруіне мүмкіндік жасайды. Намыскер сын есімі де сол сияқты сипатқа ие болады.

Сөздіктерде жасалған зерттеулер мен келтірілген мысалдар аталған концептің сөздік қорда басқалай да мазмұнда кездесетінін жоққа шығармайды. Аталған концептің мəтінде кездесетін лексемалық, репрезенттік түріне қорытынды жасау керек. Азаматты арлы ету, намыскерлікке баулу, ерлік салтқа берік ету-адамға тəрбиемен келген асыл қасиеттер, адам бойына тəрбие арқылы жақсы қасиеттерді сіңіру ұлт алдындағы маңызды мəселе. Ата-ана алдындағы басты міндет-халқы үшін жақсы ұл тəрбиелеу-ата-ана мақтанышы. Адам бойында мұндай сезімді қалыптастыру мақсатында мынадай сөздерді де орынды қолдана білген: Ар қайда, намыс қайда, ел қайда, Туған жер, аттандырған белің қайда? (Қ. Ұябаев, Отызыншы жыл). Жас жігіт кереметтей намыскер болып өсті. Сонымен намыс сөзінің тағы бір мағынасы ашылды-намыс, намыскер тəрбиелі адам бойындағы жағымды қасиет.

Намысқа жай ғана ие болып қою аз, оны қорғай білу, бұл атақты алып жүре білу, əділетсіздікпен күресе білу қажет. Бұл жерде намыс сөзі орыс тіліндегі «благородство» сөзімен сəйкес келеді. Намыс ұғымын орынды қолданбау оның коннотациялық ұғымнан керісінше жағымсыз мағынада да қолданылуына əкеліп соғады. Бұл жағдайда намыс концепті өзінің тікелей мағынасынан көрі менмен, өзімшіл деген мағыналардағы түсінікті береді. Өз бойында намыс өз деңгейінде сақтай білу-өзін-өзі сыйлай отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді намыс сөзіне сай қолдана білу. Сонымен əр семема қазақ тіліндегі концептуалды белгілері бойынша зерттелген концептің мазмұнын береді. Сол семемалардың негізінде намыс концептінің бейнесін ашып көрсетеміз.

Ар, ұят синонимдердің мағынасын салыстырып көретін болсақ П.В. Косовичтің қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздігінде [7, 169] мынадай мағына береді: ар – 1) совесть, честь

2) стыд – ұят, ұят болу. Синонимдерді салыстыру барысында намыс сөзінің семасы: ар көру, ары қашқан; арлы болу. Жақсы арына-құл, жаман-малына құл. Синонимдердің өзара үйлесімділігін байқап көрсек. Ер азамат туралы намыс көру, ар көру тіркестерін алсақ, сол сияқты жалған намыс деп қолданылады, бірақ жалған ар айтылмайды. Сол сияқты қыз намысы, ер намысы деп қолданылып, керісінше ер ұяты деген тіркес қолданысқа енбеген. Адам бойында ар, намыс қасиеттерін сіңіру барысында мынадай тіркестер жиі қолданылады: азаматты арлы ету, намыскерлікке үйрету, намыскер болып өсу, бірақ бұл сөздердің орнында «ұят» сөзі қолданысқа түспейді. Ал адам бойындағы əртүрлі эмоциялық сезім түрлерін бергенде ар мен ұят сөздері қатар қолданылатындығын байқадық – Ағасының ойланбай айта салған сөзіне Нұрлан намыстанып қалды, ұялып қалды. Ар, намыс сөздері эмоционалдық жағынан мағыналас болғанымен намыс сөзінің беретін мағынасы жеке адам бойындағы-намыс, жақсы атақ, репутация болса, ар сөзі-адамның ішкі жандүниесіндегі жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің көрінісі.

Намыс концептінің интерпретациялық зерттеу материалдары ретінде «Қазақтың мақалмəтелдері» атты қазақ мақалдарының жинағы таңдалып алынды [9]. Зерттеу барысында байқағанымыздай бұл концепт қазақ тілінде нысан ретінде «намыс» лексемасы сирек кездесетінін байқадық. Жалпы жинақ бойынан барлығы намыс сөзі бес қана мақал құрамында кездесті: Ернамысының құлы; Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді; Ер намысы-ел намысы; Ер жігіт елінің ұлы, намысының құлы; Жігітке жар қымбат, ал ар намыспен одан да қымбат.

Концептің өзектік қабаты ретінде намыс сөзінен басқа негізгі ядросы ретінде ар (честь) лексемасы репрезенттелген, аталған жинақта бұл сөз он екі мақалда кездеседі. Жігіттің құны жүз жылқы, ары мың жылқы; Жақсы арына құл, жаман малына құл; Сұраншақ-арсыздық, жарамсақ-құнсыздық; Адалдық ардың ісі. Намыс концепті сонымен қатар ұят сөзімен мағыналас. Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат надандықтың белгісі.Ұят кімде болса, иман сонда болады. Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

Намыс концептінің өзегі өз бойында жақсы ат, репутация, ар, сияқты ұғымдарды біріктіреді. Мақалдар бойынан көбінесе «ер» лексемасына қатысты пікірлер жиі кездеседі. Ер лексемасы негізі компоненттерде кездесіп жеке адамның қасиеттерін көрсететін репрезентация ретінде халқына адал қызмет ететін, арлы, сыйлы, сонымен қатар жеке тұлғаның эгоцентрикалық ішкі əлемімен шектелмей отан, халық сөздерінің мағынасын аша түседі: Ер өлсе де, аты өлмейді; Ер азамат белгісі-түзде мырза əрі құл;

Атыңнан айрылсаң да, еріңнен айрылма.

Намыс концепті мақалдар құрамында кездесіп мына лексемалармен қатар қолданылып:

«жақсы», «алтын», «əдепті», «əділ» бағалаушылық реңк береді: Ақыл арымас, алтын шірімес; Әділ би халқы үшін, залым би құлы үшін; Хан əділдік қылмаса, хан мəнінен айрылар, би əділдік қылмаса, иманынан айрылар; бай қаһарлы болмаса, бар малынан айрылар, мал бетіне қа-

раған, жан жарынан айрылар. Жақсыны халық мақтар, жаманды халық даттар. «Жақсы», «алтын», «əдепті», «əділ» сөздері намыс концептінде «қоғам берген жақсы баға» деген когнитивті түсінік береді. Аталған когнитивтік мағына адам қасиеттерінің жағымды жағын көрсетіп, ұлттық діл мағынасында өзінің оң бағасын алып, өзіне деген құрмет пен отанға деген сүйіспеншілікті көрсетеді.

Мақалдарды саралай отырып анықтағанымыздай қазақ ұғымындағы намыс колданылады, концепті мынадай мағыналар береді: 1) намыс – байлықтан артық саналады. Намысты адам əр кез басты құндылық (жақсы арына құл, жаман малына құл); 2) ұят, ары бар намысты адам (Әдептілік, ар-ұят-адамдықтың белгісі, тұрпайы мінез, тағы жат надандықтың белгісі); 3) намысты адам өзінің отан алдындағы борышын біледі. (Ер намысы-ел намысы; Ер елімен жақсы, жер күнімен жақсы; Ер өлсе де, аты өлмейді); 4) адамның намысы оның жасаған ісінен көрінеді (Мақал-сөздің атасы, уəде-ердің опасы; Адалдық ардың ісі);

халық өз намысына лайық баласын ешқашан ұмытпайды. (Ер өлсе де, аты өлмейді; Жақсыны халық мақтар, жаманды халық даттар).

Қазақ мақалдары көрсетіп отырғандай намыс концепті əртүрлі қырынан кең түрде көрсетіледі. Намыс лексемасы зерттеу обьектісі ретінде мақалдар құрамында сирек кездеседі, бұған

қарағанда аталған концепт тілдік ортаға кешірек келіп, кейіннен мақалдар құрамында жиірек кездесетін болған деген тұжырымға келеміз.

Жасалған сынама қорытындысының нəтижесінде байқағанымыздай бұл адам бойындағы адамгершілік қасиеттерінің ішіндегі ең бағалысы-намыс болып есептеледі. Намысты адам əр кез өз намысына сай өмір сүреді, оның өмір сүру мəнерінде, əдет қылығында мұның бəрі сəйкес келеді. Намысты адам – бұл жеке адам бойындағы асыл қасиеттердің бірі ретінде адами баға болып қоғаммен қабылданады. Орыс жəне ағылшын концептосферасында намыс-əлеуметтік мінездеме, яғни намыс ұғымы ата текті қуалау (графтар əулетінің намысы), қазақ концептосферасында намыс лексемасы тікелей денотативті белгісіне қарай емес, коннотативтік семема-халықтық (қоғамдық) танылуымен белгілі. Қазақ тіліндегі намыс семемтемасы концептінде ағылшын жəне орыс тілінде кездесетін құқықтық белгі жоқ. Қазақ тіл мəдениетінде халықтан алған баға ең жоғары баға болып есептелсе, орыс немесе ағылшын тілдерінде намыс сөзі, ұғымы адамның жеке басына, жан дүниесіне байланысты қаралады. Ал қазақ халқы үшін намыс концепті отан жəне халық деген ұғымдармен қабылданады. Қазақ тілінде намыс лексемасын – елсүйгіштіктің негізгі ұғымы ретінде қабылдауға болады.

 

Әдебиеттер

  1. Маслова В.А. Лингвокультурология: учебное пособие – М.Академия, 2001. – C. 5.
  2. Кубрякова Е.С., Демьянков В.З., Панкрац Ю.Г., Лузина Л.Г. Краткий словарь когнитивных терминов / Под ред. Кубряковой Е.С. – М.: Филологический факультет МГУ им. Ломоносова, 1997. – C. 53, 93, 90-92.
  3. Попова З.Д., Стернин И.А. Очерки по когнитивной лингвистике. – Воронеж: Истоки, 2003. – C. 76, 38, 60-61.
  4. Философский энциклопедический словарь. – М.: Инфра, 1999. – C. 144.
  5. Қалиева Б.Қ. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. – Алматы, 1983. – 317 б.
  6. Казахско-русский словарь / Под ред. Р.Г. Сыздыковой, К.Ш. Хусаин. – Алматы: Дайк–Пресс, 2002. – C. 620.
  7. Косович П.В. Казахско-русский и русско-казахский словарь. – Костанай: Толмач – Евразия, 2009. – C. 169.
  8. Гарифолла Есим. Наука совести. – Алматы: Раритет, 2008. – C. 11.
  9. Қазақтың мақал-мəтелдері. Құрат. Смайлова А.Т. – Алматы: Көшпенділер, 2005. – 400 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.