Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Тілді меңгертуді жетілдіру жолдары

Қазіргі қоғамда қазақ тілін барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту – тіл маманының ғана емес, қоғамның да жедел шешуге тиіс міндеттерінің өзектісі. Бұл мәселе жаңа буын электронды білім беру ресурсы (ЖБ ЭББР) арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі ақпараттар қарқыны аса жылдам дамыған ғасырда ерекше басымдыққа ие болып отырған электронды білім беру ресурстары арқы­ лы тілді оқып­үйренудің шексіз мүмкіндігін көрсету – мемлекеттік тілдің қарыштап дамуына зор үлес қосады.

 

Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050.Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында оқыту əдістемелерін жаңғырту жəне отандық білім беру жүйесіне инновациялық əдістер мен құралдарды қарқынды енгізуге, оңтайлы шешу жолдарын қарастыруға тапсырма берді [2, 5–6].

Әлемдік білім кеңістігіне қосылудағы негізгі бағдар – адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан-дүниесінің дамуына жағдай жасау, жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Бұл міндеттерді жүзеге асыру оқу үдерісінің мазмұнын жаңа əдіснамалық тұрғыдан қайта қарауды талап етеді. Ол үшін білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіріп, осы əлемдік білім кеңістігімен ықпалдастыру – білім беру үдерісін жаңаша ұйымдастырудың жолы болып табылады.

Бүгінгі оқытушы өз саласы бойынша тек жаңа оқыту технологиялары мен əдістерін енгізумен шектеліп қана қоймай, білім берудегі ұлттық дүниетанымдық ұстанымдарды қайта қарап, рухани-адамгершілік құндылықтарға бетбұрыс жасау керектігін жақсы түсінеді.

Тілдік тұлғаның бойындағы ашылмаған, сыры мол мүмкіндіктерді қалай дамытуға болады, оның өзіндік ізденісін қалай қалыптастырамыз деген мəселелермен кез келген тіл үйретуші бетпе-бет келіп, соның шешімін іздей бастайды.

Аталған міндетті шешу үшін оқыту әдістемелерін жаңғырту, яғни заманауи технологиялар арқылы тіл үйренудің тиімді жолын қарастыру мəселесі туындайды. Техника құралдарының қарыштап дамып жатқан қазіргі кезеңінде «жаһандық технологиялық төңкерістің бөлшегіне айналу» үшін алдымен соған лайық заманауи құралдармен қаруланған аудитория болу қажеттігі ескеріледі.

Жаңа буынның электронды білім беру технологияларын құру жəне пайдалану білім беру жүйесін жаңғыртудың ең тиімді тəсілі болып табылады.

Ол оқытушыға да, білім алушыларға да көптеген міндеттер жүктейді. Мысалы, оқу материалдарының жаңа түрлерін дайындау, олардың оқу үрдісінде қолдану тəсілдері мен қызметтерін жетілдіру, ақпараттық технологияны тиімді қолдана білу, үнемі ізденісте болу, техниканың жаңа мүмкіндіктерінен хабардар болу жəне т.с.с. күрделі мəселелерді шешуге тура келеді.

Осы мəселені зерттеп жүрген педагог-ғалымдардың (Пичкуренко Е.А., Везиров Т.Г., Бордовский Г.А., Готская И.Б., Ильина С.П., Снегурова В.И.) болжамы бойынша, жаңа оқу материалы: оқу ақпараты, дидактикалық инновация, жаңа ақпараттық технологиялардың бірлесе жүзеге асуы арқылы даярланады [1, 3–5]. Осы бірлестіктің нəтижесінде сапалы жаңа оқу өнімі, яғни, «ақпарат + дидактикалық инновация + компьютер» сызбасы іске қосылады.

Жаңа буын оқулығында: психологиялық-педагогикалық, жалпы дидактикалық, əдістемелік, технологиялық қағидаттар басшылыққа алынады. Аталған қағидат жаңа буын электронды білім беру ресурсы (ЭОР НП – Электронные образовательные ресурсы нового поколения) моделін құрудың негізіне айналып, білім берудің

басқа да құралдарымен байланыста бірыңғай оқу-əдістемелік кешенді құрайды. Ол терминнің мағынасын ашатын болсақ, электронды білім беру ресурсы дегеніміз (ЭББР) – электронды құрылғылар арқылы оқу материалдарын пайдалану. Яғни, қазіргі заманғы компьютер арқылы тыңдау, көру, сөйлесу, жазу т.б. операцияларды орындай отырып, сабаққа қажетті материалдарды пайдалану. ЭББР-ның оқулықтан айырмашылығы өте көп. Ең негізгі артықшылығы – материал қағаз жүзінде емес, компьютер экраны арқылы жүзеге асады. Бірнеше мультимедиалық өнімдерге ие. Мultimedia – ағылшын тілінен аударғанда «көптеген тəсіл» дегенді білдіреді. Яғни, адамның көру жүйесі мен есту жүйесі арқылы түрлі амал-тəсілдерді қатарынан қолдана алу мүмкіндігі. Компьютер не т.б. арқылы шынайы өмірдің көріністерін мультимедиа өнімінің сапасы анықтайды. Оның ең жоғарғы ұғымы «виртуальды шындық» болып табылады. Ол – мультимедиа компоненттерін пайдалана отырып, адам қабылдауы мен сезінуіне лайықтап беру. Тілдесушінің бет-бейнесін, сөзін, сезімін жəне т.б. интербелсенділік арқылы шынайы қабылдау. Іnteractive – ағылшын тілінде «өзара əрекет» деген ұғымды білдіреді екен. Оқу материалдарын пайдаланушы интербелсенді электронды контент арқылы оқу үрдісіне тікелей белсенді түрде араласа алады, оған əсер ете алады, өзгерте алады, жəне т.б. Сондықтан, интербелсенділік – электронды білім беру ресурсының ең негізгі педагогикалық құралы болып табылады.

ЭББР-нда бес жаңа педагогикалық құрал пайдаланылады екен:

  • интербелсенділік;
  • мультимедиа;
  • модельдеу;
  • коммуникативтілік;
  • өнімділік.

Мультимедиа нысандарды шынайы қабылдауға көмектеседі, интербелсенділік əсер ету мен жауап беру мүмкіндігін береді, ал модельдеу зерттеу нысаны мен үрдістеріне тəн реакция қалыптастырады (нысанның сапасы, түрі мен түсінің өзгерісінің визуалды көрінісі арқылы).

Коммуникативтілік – бұл тікелей қарым-қатынас жасау, ақпараттарға жылдам қол жеткізу, іс-əрекетті бақылап отыру мүмкіндігі. ЭББР бойынша, ең алдымен, кез келген білім беру ресурстарының, on-line қарым-қатынас жасаудың қолжетімділігі.

Өнімділік – тұтынушының оқу үрдісі барысында қолданған электронды ресурстар арқылы нəтижеге қол жеткізуі. Бұл – педагогикалық құралдың ішіндегі оқу үрдісінің тиімділігін арттыратын ең маңызды əрі тиімді тəсілі, білім алушының өз бетімен жұмыс істеуіне берілетін жаңа мүмкіндік көзі ретінде қарастырылады.

ЖБ ЭББР (Жаңа буын электронды білім беру ресурсы) – түрлі өндірушілердің əр түрлі уақытта, əр түрлі жерде шығарған желілік өнімі. Олардың құрылымы, бағдарламалық құралдарды жаңғырту, тұтынушы интерфейсі бірыңғай жүйеге түскен. Соның нəтижесінде ЖБ ЭББР үшін тəуелсіз сақтау тəсілі, шығарушы компания ресурстарын іздеу мен пайдалану, шыққан уақыты мен орны сияқты мəселелер шешімін тапқан. Яғни, оқыту үрдісінде білім алушының өз бетімен жұмыс жасауына, ізденуіне, қажет ті материалдарды сұрыптап, жинақтауына, оны тиімді қолдануына жасалған жағдай. Атап айтар болсақ:

  • жаңа ақпараттарды таңдауға;
  • жаңа оқу материалын меңгеруге;
  • лабораториялық жəне практикалық жұмыстарды орындауға;
  • виртуальды лабораторияда модельдерді талдау мен құруға;
  • оқу үрдісінде «жеке» өнімін: конспекті, реферат, жоба жəне т.б. құрастыруға;
  • шеберлік пен дағды қалыптастыруға;
  • баяндамалар мен презентациялар дайындауға;
  • байқау, олимпиада, интеллектуалды турнирлерге дайындалуға;
  • оқу-зерттеу жұмыстарын орындауға;
  • аралық жəне ағымдық бақылауға арналған тестілеу жүргізуге ықпалын тигізеді.

Қорыта келгенде, тілді меңгертуге арналған жаңа буын электронды білім беру ресурсын даярлау мен қолдануда күтілетін нəтиже:

  • барлық білім жүйесі үшін (орта білім, арнаулы орта, жоғары білім, ересектерге арналған курстар) мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтайтын бірыңғай біліктілік талаптары мен тіл білуді бағалаудың ортақ нормалары қалыптасады;
  • қазақ тілін оқытудағы құрылымдықжүйелілік бағыт сақталып, соны жандандырып жүрген қазақ тілінің озық оқытушыларының тəжірибелері таратылады;
  • қашықтықтан оқыту жүйесіндегі оқулықтар мен оқу құралдары, анықтағыштар, көрнекі құралдар, электронды оқулықтар мен мультимедиалық кешендердің дамуына жол ашылады, уақыт өте келе бəсекеге қабілеттілері іріктеледі;
  • ақпараттық технологияның қазақша атаулары қалыптасады;
  • тіл үйренудің шексіз мүмкіндігі қазақ тілінің қолданыс аясын арттырады;
  • мемлекеттік тілге қызығушылық білдірген тілдік тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауға мүмкіндігі артады, бұл өз кезегінде тілдік кедергілерді жоюға көмегін тигізеді.
  • қазақ тілінің кəсіби саладағы қызметі жанданады, қазақ тілінің ғылым тілі ретіндегі беделі артады;
  • қоғамда қазақ тіліне деген құрмет қалыптасады жəне оны үйренуге уəжділік туады.

 

Әдебиеттер

  1. Бордовский Г.А., Готская И.Б., Ильина С.П., Снегурова В.И. Использование электронных образовательных ресурсов нового поколения в учебном процессе: научно-методические материалы. – СПб.: Изд-во РГПУ им. А.И. Герцена, 2007. – 31 с.
  2. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050: Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттiң жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2012.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.