Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту үдерісіндегі лингвомәдениеттану және қызметтік тұрғылардың мәні

Мақалада қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытуға лингвомәдениеттану мен қызметтік тұрғыдан келу проблемалары қарастырылған және де қазақ тілін өзге ұлттық аудиторияда оқытуға аталған тұрғыдан келудегі оқу қызметін және оқу материалын ұйымдастырудың психологиялық, пе­ дагогикалық, әдістемелік ерекшеліктері ашылып көрсетілген. Қазақ тілін жоғары оқу орындарында оқытудағы оқытушының негізгі міндеті әрбір студентке өзінің тілді және тіл туралы материалды иге­ рудегі жеке еңбегін ұғынуға көмектесу болып табылатындығы, аталмыш үдерістің нәтижелі болуы мақсатты түрде білім мен білік жинақтау ғана емес, үнемі тәжірибесін байыту, өзін­өзі ұйымдастыру­ ын қалыптастаруды қамтамасыз ететін дидактикалық әдістемелік технологияны қолдануды қажет ететіндігі туралы тұжырымдар жасалған. Автор әрбір студенттің оқу жағдайындағы дербестігі мен сол дербестігі арқылы ұжымдық қозғалысқа кірігіп, қызмет етуі, яғни интерактивті белсенділіктің, контакт­интакт процедурасының қадамдық күйде іске асуы міндетті түрде қазақ тілін меңгерудегі табыстылыққа әкелетіндігі және де бұл процедураның әрбір студенттің болашақ маман ретіндегі өзінің қызметін әрмен қарата жалғастыруда өзіне жауапкершілікті ала білу, жеке тәуелсіз шешім қабылдау сияқты қасиеттерді қалыптастыру болып табылатындығы туралы қорытындыға келеді.

Қазақ тілі бүгінде Қазақстанның мемлекеттік тілі ретінде өзінің əлеуметтік функциясын толыққанды атқаруда. Тілдік жəне ұлттық саясаттағы бірқалыптылық, қазақ тілінің өсіп өркендеуіне мемлекет тарапынан жасалып отырған барлық мүмкіншілік тілдің əлеуметтік аясын кеңейтуге негіз болып отыр. Қазақ халқының ұлттығын жəне бірегейлігін, дербестігін көрсететін бірден бір құрал оның төл тілі болып табылады. Сондықтан да Елбасымыз өзінің Жолдауында «Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мəніндегі мемлекеттік тіл мəртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз», – деп көрсетті [1, Интернет ресурсы].

Қазақ тілінің шын мəнісіндегі мемлекеттік тіл ретінде қызметін атқаруы үшін маңызды болып табылатын тетік – оқыту жəне үйрету, яғни жасанды тілдік орта жасап, қазақ тілін оқыту арқылы бұқаралық деңгейде қазақ тілін игертуге болады. Ал бұқаралық оқыту бағдарламасы ұзақ мерзімді, барлық əлеуметтік лингвистикалық жəне психолингвистикалық факторларды ескере отырып жасалуы тиіс [2, 341].

Оқыту тілді үйренуші мен тілді үйретушінің (оқытушының) арасында өзара біріге атқаратын асырушы жаңа біліктер мен дағдылар қалыптасады. Сондықтан да қазақ тілін екінші тіл ретінде оқытудың өзіндік ерекшелігі оның объектісі, яғни сөйлеу қызметін қалыптастыру арқылы айқындалады. Ал сөйлеу қызметі белсенді, мақсатталған, қарым-қатынас жағдаятымен шартталып, тілдік жүйемен іске асырылатын хабарды жіберу мен қабылдаудың үдерісі, яғни өнімділік пен рецепция үдерісінің нəтижесі болып табылады [3, 23].

Қазақ тілін оқу жəне үйрену барысында өзге тілді студенттің тұлғасының коммуникативтік құрамдас бөлігінің ішінде, когнитивтік, эмоционалдық, мəдени жəне тілдік деңгейінде өзгерістер болады. Қазақ тілінде қарым-қатынас жасауда студент тілдік кодты ауыстырып қана қоймайды, сонымен қатар сөйлеуші ретінде қарым-қатынасқа түсіп, эмоционалдық жəне мағыналық доминанталарды ауыстырып, коммуникативтік мінез-құлықтың басқа паттерндерін іске асырады жəне басқа когнитивтік кеңістікке кіреді. Осыған байланысты қазақ тілін оқу барысында синергия1 феномені орын алады. Өйткені екі тіл, екі мəдениет түйісу үдерісінде өмір сүру мен коммуникативтік тұлғаның іске асуының өзінің икемділігімен, кеңдігімен, əрменқақызметінің ұйымдастырылуы, соның нəтижесінде тілді үйренушінің психофизиологиялық тұлғасы қалыптасып, оның бойында нақты бір жаңа қызмет түрлері пайда болып, жаңа қызметті іске

1 Синергия – əлеуметтану ұғымы. Индивидтердің нақты бір сұрақты шешудегі жоспарсыз жəне бейсана түрде ынтымақтастық танытуы, бұл үдерісте əр тұлға өзінің мақсатын көздейді.

рата трансформациялануымен ерекшеленетін жаңа когнитивті-эмоционалды, лингво-мəдени кеңістік пайда болады. Осындай тіларалық жəне мəдениетаралық коммуникация үдерісінде адам мүлдем өзге дискурсқа кіреді, ал қазіргі кездегі қазақ тілін оқыту тек қана тілдік кодты беруге, узусқа ғана бағдарланады, ал дискурсивтік ойлау қалыптастыру кенже қалып отыратын үдеріс болып қалады. Осының негізінде қазақ тілін оқытудағы ұстанатын қағида тіл мен мəдениеттің біріге қаралуындағы мазмұнда болып, мəдениетаралық қатынас құру қабілеттілігін арттыруға бағытталған тілдік білім беруде мұндай қарым-қатынас жасауға үйрету əрекеті шығармашылық үдеріс ретінде құрылуы керек екендігі айқындалады. Әрбір тіл үйренушіге кең мүмкіншілік беретін бұл үдерісте тұлғаның эмоционалды, коммуникативік, өрелік (интеллектуалды) салаларына көп көңіл бөлінеді.

Тілді оқытудың шығармашылық сипаты əрбір тілді үйренушінің дербес пікірін іске асырады. Сондықтан да қазақ тілін оқыту барысында берілетін оқу материалының құрылымы мен мазмұны студенттің когнитивтік дамуына бағытталуы тиіс. Өйткені тілді меңгеру концептілерді кодтау ғана емес, тілді меңгеру сол тілдің тасымалдаушысындай əлем суреті қалыптастыруды көздегенде ғана тілдің барлық құндылықтары игеріледі. Кез келген тілді оқытуда мəдениеттану тұрғысы аясында мəдениетаралық құзыреттілік қалыптастыру дұрыс болып табылады. Өйткені тілді оқытуды мəдениеттану тұрғысынан қарастыру коммуникативтік-когнитивтік, құзыреттілік, қызметтік, тұлғалық-қызметтік жəне əлеуметтік-мəдени бағыттардың басын қосады. Осыған байланысты жалпы дидактикалық қағидалар негізінде туындайтын мына əдістемелік қағидаларды да айтуға болады:

  • оқыту үдерісінің сөйлеуге бағытталуы қағидасы;
  • оқыту үдерісіндегі мəдениетаралық қарым-қатынас жағдайларын модельдеу қағидасы;
  • саналылық қағидасы;
  • модульдік қағидасы;
  • мəдениетаралық құзыреттілікті қалыптастырудағы оқу материалының жүйелілік, толықтық қағидасы;
  • студенттің тұлғалық қажеттілігін есепке алу қағидасы.

Мұның ішіндегі сөйлеуге бағыттау қағидасы жалпы дидактикалық қағида болып табылады. Сөйлеуге бағыттау қағидасын іске асыруда оқыту үдерісінде сөйлеуге бағытталған жəне сөйлеу сипатындағы жаттығуларға аса зейін қойылады. Сондықтан да бұл қағида қазақ тілінде мəдениетаралық қарым-қатынас құруға үйрету үдерісіне тəн болып табылады.

Оқыту үдерісіндегі мəдениетаралық қарымқатынас жағдайларын модельдеу қағидасы қазақ мəдениетімен танысуда жəне онымен қатынасқа түскендегі сөйлеу қызметі жағдайларының параметрлерін модельдеу болып табылады. Бұл параметрлер: қарым-қатынасқа қатысушылар, олардың құндылық бағдарлары, коммуникативтік күтілулер мен нысандар, мəдениетаралық қарым-қатынастағы қатысушылардың рөлдері, олардың фондық білімдері, қарым-қатынастың кеңістіктік жəне уақыттық шарттары мен жағдайлары. Мəдениетаралық құзыреттілікті қалыптастырудағы оқу материалының жүйелілік, толықтық қағидасы оқу материалы көлемінің шағын болуымен жəне оның əр түрлі жаттығуларда мəдениетаралық қарым-қатынасқа түскенде, сөйлеу қызметінде қолданылуын қамтамасыз ететін жоғары деңгейде қайталануымен іске асады.

Студенттің тұлғалық қажеттілігін есепке алу қағидасы тіл үйренуші студентті уəждемелік салаға бағдарлаумен көрінеді. Бұл жердегі барлық психологиялық уəждемелер үш топқа бөлінеді: өрелік (интеллектуалды), моральдық, эмоционалды-эстетикалықМоральдық жəне эмоционалды-эстетикалық уəждемелер арнайы таңдалған жəне ұйымдастырылған оқу мазмұнымен іске асырылса, интеллектуалды уəждемелер өз кезегінде коммуникативтік жəне танымдық болып екіге бөлініп, тапсырмалардың жағдайлық күйде жəне оны сəйкес жағдайларға сай таңдау арқылы сөйлеуге бағытталғанда іске асады. Сонымен қатар студенттің тұлғалық қажеттілігін есепке алу қағидасы салыстыру-лингвистикалық жəне салғастыру-мəдени бағыттағы жаттығулардың проблемалық бағытын қамтамасыз етуде іске асып отырады.

Оқытудың қызметтік сипатымен байланысты қағиданың мазмұны студенттің сыртқы жəне ішкі белсенділігіне байланысты болады. Бұл қағиданың негізінде қызмет теориясы жатады. Қызмет адамның қоршаған, ортамен белсенді өзара қарым-қатынасы ретінде қарастырылады (Л.С. Выготский, А.Р. Лурия, А.Н. Леонтьев, Н.Ф. Талызина). Оқыту үдерісі тұрғысынан студенттің қазақ тілін меңгеруін белсендіру болып табылатын бұл қағидада тілді үйренуші оқу үдерісінің белсенді қатысушысы болып табылуын талап етеді. Осы қағиданы ұастану мен іске асырудағы оқытушының негізгі міндеті əрбір студентке материалды игеруге көмек беру болып табылады. Бұл жердегі білімді игерту мен игеру үдерістерінің алгоритмдік қадамдарының дұрыс ұйымдастырылуы, яғни студент пен оқытушының оқу үдерісіндегі жасайтын қызметтерінің дұрыс бағытта болуы оның екі жақ үшін де табысты жəне нəтижелі болуын қамтамасыз ете алады.

А.Н. Леонтьев [4], П.Я. Гальперин [5], Н.Ф. Талызина [6] ақыл-ой қызметін кезеңмен қалыптастыру теориясында адамның қызмет негізінде оқу мен оқу мазмұнын игеруде белсенді қатысушы бола алатындығын дəлелдейді. Оқу үдерісіндегі белсенділік, оқытудың алгоритмдік қырларының қалыптасуы Ж. Пиаже еңбектерінде де көрініс тапқан. Оның тұжырымдамасында басты орын субъектінің максималды белсенділігіне беріледі. Өйткені Ж. Пиаже бойынша, кез келген өрелік (интеллект) акті бала немесе ғалым болсын, белсенді операциялар қасиетіне ие болады [7, 63]. Бұл тұжырым қазіргі тұлғаға бағдарланған, ақпараттық технологиялар арқылы оқытуға толығымен сəйкес келеді деуге болады. Өйткені білім алушы кез келген мультимедиалық, компьютерлік, желілік құралдар мен бағдарламалар көмегімен белгілі бір алгоритмдер арқылы өзіне қажет материал жасап, оны өзінің оқу қызметінде белсенді қолдана алады. Қазақ тілін мультимедиалық, қашықтықтан, ақпараттық-коммуникациялық, желілік технологиялармен оқытуда қазіргі цифрлық технологияның жетістіктері суденттің шығармашылық əлеуетін ашуға жəне оның табиғи икемділіктерін толықтай дамытуға үлкен мүмкіншіліктер береді. Тілді үйренуші студенттің өз бетінше ізденістері арқылы оқу материалын тауып, оны тілді меңгеруі үшін қолдануы Ж.Пиаже айтқан максималды белсенділік танытып, қажет алгоритмдерді дұрыс қолдана білуінің нəтижесі деуге болады. Бүгіндегі оқыту мен білім берудегі субъект-субъектілік қатынастың орнатылуы оқу үдерісіндегі қатысушылардан тең дəрежедегі екі жақты (білім беруші-білім алушы) белсенділікті талап етеді. Осыған орай қызмет теориясының негізгі тұжырымдары тұрғысынан оқыту қызметтің қажет шартымаңызды компоненті жəне нәтижесі болып табылады.

Студенттердің сабақта өз ішкі белсенділігін танытуы оқу материалының игерілгенінің белгісі болып табылады. Ал лингвомəдениеттану мазмұнындағы оқу материалдары арқылы жасақталған оқу бағдарламасы өзінің құрылымы мен мазмұны жағынан студент үшін өзекті жəне қызығушылығын арттыратын ішкі белсенділікті оятудың құралы бола алады.

Қызмет теориясына сəйкес Дж. Ломпшер оқытудағы үдерістердің ішінен екі негізгі форманы бөліп көрсетеді:

  • қызмет көмегімен ұйымдастырылған оқыту;
  • оқытуды қызмет ретінде ұйымдастыру [8, 148].

Біріншісінде оқу үдерісіне түрлі қызметтерді қосу, қызметтің қолданбалы түрлерін, ойындарды қосу болса, екіншісінде өзін өзі оқыту қызметі түрінде алынады. Мысалы, өзге тілді студенттің өзінің төл мəдениетінен қазақ халқының əдет-ғұрыптары мен дəстүрлеріне ұқсас элементтерді табу, мəдени ұқсастық тар мен айырмашылықтарды ажырату арқылы жалпы адамзаттық құндылықтардың бірлігін ашу жəне осы мазмұндағы басқа да тапсырмалардың берілуі, ол ақпаратты қазақ тілінде жеткізу сияқты өз бетінше орындауға арналған тапсырмалар білім алушының үлкен белсенділігін ояту мен қазақ тіліне деген позициясын өзгертудің бір құралы бола алады. Қазақ тілі сабақтарында белсенді қолдануды талап ететін аталмыш тапсырмалар түрлері өзге тілді студенттің қазақ тілінде сөйлеуінің уəждемесі ғана болып қоймайды, сонымен қатар студенттердің қазақ тілінде сəйкес жағдайларда өз бетінше сөйлеуді тудыру мен түсінуге негіз бола алады. Өйткені студент өз бетінше ізденістер арқылы сөздік қорын молайта алады, түрлі ақпараттарды жинақтап, талдап, өңдеп, синтездейді, ең маңыздысы негізгі мəтінді қазақ тілінде құрастырып, айтып береді. Ол үшін оқытушы студенттерге тақырып мазмұнына сай тірек сөздер мен синтакситік құрылымдардың, мəтіннің үлгісін ұсынуы қажет, яғни бұл жерде оқытушының оқу қызметіне сауатты жетекшілік ете білуі маңызды шарт болып табылады.

Оқытуды жекелей отырып, ұжымдық белсенділікті арттыру контакт-интакт процедурасы арқылы іске асырылатын қызмет түрі. Сабақ барысындағы көпжақты қарым-қатынастың болуы оқытуда студенттің тұлғалық мүмкіншіліктерін ашуға септігін тигізеді. Осы тұрғыда күрделі ойды жəне күрделі күйді қарым-қатынасқа қатысушылардың коммуникативтік мақсатына, жай-күйіне сəйкес айтуға үйрету қажет. Сондықтан да аталмыш қағидаға сəйкес қызметтік тұрғыдан оқытуда мына шарттар міндетті түрде орындалуы қажет:

  • сөйлеу қарым-қатынасының студенттің өзге қызметінің өрелік-эмоционалды контексіне толықтай енуі керек;
  • пəнаралық байланыс бірізділікпен іске асатындықтан, студенттің аудиториядағы сөйлеу қарым-қатынасының кеңейіп, сабақтан тыс уақытта да сəйкес қарым-қатынастардың болуы қамтамасыз етілуіне жағдай жасау керек;
  • əрбір студент психологиялық кедергілерге қарамастан, сабақ бойы өзінің шығармашылығын танытуға, белсенділігін жəне өз бетінше жұмыс істей алатындығын көрсетуге талпынады [8, 213]. Сондықтан да оқытушы максималды түрде берілген тақырыптарға сай сөйлеу жағдаяттарын тудырып, оның қажет лексикалық қырын, синтаксистік құрылымдарын жобалап қамтамасыз етіп отыруы керек.

Қазақ тілін оқытудағы қазіргі білім беру талаптарына сəйкес қағида студенттің қазақ тілін меңгеруі бойынша дербестенуін қалыптасты ру болып табылады. Бұл қағида шетел тілдерін оқыту əдістемесінде студенттің тілді меңгерудегі қызметін белсендіру деп қарастырылады. Бұл қызмет студенттің тəртібі мен оқуға деген ынтасын емес, оның жеке белсенділігінің болуын талап етеді, яғни студент өзінің дербес ақылой, сөйлеу, ойлау, сөйлеу-ойлау белсенділігін арттыруды көздейді. Ол дегеніміз – өзге тілді аудиторияда сабақ беру үдерісіндегі студенттің топтағы студенттермен қазақ тілі сабағында қазақша сөйлеуге мүмкіндік алып, өзін өзі тілді меңгерген субъект ретінде таныта білуіндегі өз жетістігіне деген ішкі қуанышы мен сыртқы белсенділігі. Сонымен қатар студенттің ішкі сенімінің оянып, сыртқа шығатын білім мен біліктің толықтай өзектендіріліп, белсенді түрде қарымқатынасқа түсу жағдайы туындайды, осыдан келіп, студенттің белгілі бір уақыт бойы жинақтаған білімі, қалыптастырылған сөйлеу білігі мен дағдысы сыртқа шығып (экстериоризацияланып), студент бойында өз еңбегінің нəтижесіне деген қуаныш пайда болады. Бұл жердегі оқытушының негізгі міндеті əрбір студентке өзінің тілді жəне тіл туралы материалды игерудегі жеке еңбегін ұғынуға көмектесу болып табылады. Аталмыш үдерістің нəтижелі болуы мақсатты түрде білім мен білік жинақтау ғана емес, үнемі тəжірибесін байыту, өзін өзі ұйымдастыруын қалыптастаруды қамтамасыз ететін дидактикалық əдістемелік технологияны қолдануды қажет етеді. Ал лингвомəдениеттану мазмұнындағы оқу материалы тілді үйренушінің бойында үйреніп жатқан тілінің мəдениетінің құрамдас бөлігіндей сезінуіне негіз бола алады.

Әрбір студенттің оқу жағдайындағы дербестігі мен сол дербестігі арқылы ұжымдық қозғалысқа кірігіп, қызмет етуі, яғни интерактивті белсенділіктің іске асуы, контакт-интакт процедурасының қадамдық күйде іске асуы міндетті түрде қазақ тілін меңгерудегі табыстылыққа əкеледі. Бұл əрбір студенттің болашақ маман ретіндегі өзінің қызметін əрменқарата жалғастыруда өзіне жауапкершілік ала білу, жеке тəуелсіз шешім қабылдау сияқты қасиеттерді қалыптастыруының құрамдас бөлшегі бола алады. Сондықтан да қазақ тілін өзге тілді аудиторияда оқыту үдерісін ұйымдастыруда оқытушы əрбір тілді үйренушінің оқу қызметін өз бетінше, белсенді атқаруына жəне өзінің болашақ мамандығы аясында қазақ тілінде сөйлеу тəжірибесін көрсете білуге жəне қатесін саналы түрде түзете білуге үйретуді мақсат етуі қажет.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. akorda.kz/kz/page/page_kazakstan-re...02.02.2014.
  2. Хасанов Б.Х. Языки народов Казахстана: от молчания к стратегии развития (социопсихолингвистические аспекты).– Алматы: Арда, 2007. – 384 c.
  3. Русский язык как иностранный. Методика обучения русскому языку: уч. пос. для вузов / под ред. И.П. Лысаковой. – М.: Владос, 2004. – 270 c.
  4. Леонтьев А.Н. Деятельность. Сознание. Личность. Библиотека www.koob.ru. 02.02.2014.
  5. Гальперин П.Я. Основные результаты исследований по проблеме «Формирование умственных действий и понятий».– М.1965. – 321 c.
  6. Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. – Изд.3-е. – М., 1999. – 356 c.
  7. Пиаже Жан. Избранные психологические труды: пер. с англ. и фр. / вступ. cтатья В.А. Лекторского, В.Н. Садовского, Э.Г. Юдина. – М., 1994. – 680 c.
  8. Гальскова Н.Д., Гез Н.И. Теория обучения иностранным языкам. Лингводидактика и методика. – М.: Академия, 2006.– 336 c.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.