Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Л. Толстойдың «Той тарқар» шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы

Мақалада орыс халқының атақты жазушысы Л.Н. Толстойдың өзіндік ерекшелігі, тарихы бай шығармасының қазақ тіліне аударылу тарихы туралы сөз етіледі, шығарма қашан аударылды, қалай тәржімаланды деген мәселелер сөз болады.

«Той тарқар» шығармасының көркемдігін жеткізе білген М. Әуезовтің аудармашылық қырлары сараланады. Еркін аударманың тамаша үлгісін көрсете білген аудармашы туралы сөз болады. Аударма нұсқа мен түпнұсқаның арасындағы бірлік пен айырмашылық туралы жете зерделенеді. Еркін аудару барысында кеткен айырмашылықтар айқындалады. Ұзақ құрмалас сөйлемдердің жай сөйлемдерге айналу үрдісі нақты мысалдар келтіру арқылы көрсетіледі. Аудармашы шебер қолданған сөйлемдер талданады. Қорытынды бөлімде аударманың сәтті шыққандығы туралы айтылады.

Л.Н. Толстойдың «Той тарқар» шығармасын қазақ тіліне аударған М. Әуезов болатын. М. Әуезов аударманың еркін түрін қолданған. М. Әуезов Л.Н. Толстойдың «После бала» дейтін əңгімесін «Той тарқар» деп аударып, 1938 жылы өзі құрастырған əдебиет хрестоматиясына (орталау, орта мектептердің 6-класына арналған) енгізді. Бұдан соң ол аударма кейде басқа хрестоматияларға да қосылып жүрді, 1953 жылы «Жаңа өмір» журналында басылды.

Л. Толстойдың бұл əңгімесі терең психологиялық əрі лирикалық толғаныспен жазылған, Николай патшаның кезіндегі əлеуметтік теңсіздікті, əскери өмірдегі айуандық қалыпты əшкерлеуге арналған. Әңгіме кейіпкердің өз атынан баяндалады. Онда адам баласына озбырлық жасап, зəбір көрсетушіліктен жирену сезімі кісі ні шын махаббаттың өзінен де кісіні бездіріп жіберетіндігі əңгімеленген. Көлемі шағын ғана осы əңгімеде зор эпикалық серпін, философиялық меңзеу бар. М.Әуезов əңгімені өте шебер аударған. Сондықтан да аударма өте жақсы шыққан. Оқырман қызығушылыпен оқиды. Аудару үлгісі жағынан, бұл еркін аударма. Осындағы еркіндік оқырмандарға түсінікті болу мақсатынан туғандығы белгілі.

М. Әуезов орысша атауларды батыл енгізіп, қазақ жұртшылығына соншалықты жатық етіп берген. Мысалы, балда қыз əкесі – қарт полковникке жұрттың бəрі жабыла қошемет көрсетіп, биге шақырғанда, оның біраз паңданып тұрып барып билеп кететін жерін Толстой ғашық жігіттің сөзімен былай суреттеген: «Мазурка күйінің басы бастала бергенде, ол бір аяғын екпінмен тарс еткізіп екіншісін соза бастады. Зор, ауыр денесі кейде жай, кейде қалқып, кейде құлшынып, екіленіп кетеді». Бір аяғын бір аяғына соғып немесе табанымен тақтай теуіп, зал бойымен жылжып берді. Вареньканың нəзік, сұлу бойы қасында ілесе жүзіп келеді. Кішкене, ақ, атлас аяғының адымын мезгілімен, кейде қысқарта басады. Барлық зал бұл пардың бар қозғалысына тесіле қарап тұр. Мен сүйсіну былай тұрсын, ерекше бір қуанышпен елжірегендей де едім. Екеуіне солай қарадым» [1, 102].

Осы көрністегі аударма бар бояумен, динамикалық екпін, ырғағымен, өз үні, өз тынысымен, сана-сезіміңе, жүрегіңе еркін жетіп жатады. Енді осы үзіндіні түпнұсқамен салыстырайық:

«Дождавшись начала мазурочного мотива, он бойко топнул ногой, выкинул другую, грузная фигура его то тихо и плавно, то шумно и бурно, с топотом подошв и ноги об ногу, задвигалась вокруг залы. Грациозная фигура Вареньки плыла около него, незаметно, вовремя укорачивая или удлиняя шаги своих маленьких белых атласных ножек. Вся зала следила за каждым двжением пары. Я же не только любовался, но с восторженным умилением смотрел на них» [2, 16].

Осы екі мəтінді салыстырып қарағанда аударманың дəл жəне көркем берілгендігін байқаймыз. Сөйлем бөлшектеніп тұр, алайда автордың сөз құрау жүйесі мен стилі бұзылмаған. Себебі, түпнұсқаның ұзақ күрделі сөйлемдерін бөлшектейтін жерде аудармашының толымсыз сөйлемдер (неполные предложения) жасағандығын байқаймыз. Мысалы, «Дождавшись начала мазурочного мотива, он бойко топнул одной ногой, выкинул другую, и высокая, грузная фигура его то тихо и плавно, то шумно и бурно, с топотом подошв и ноги об ногу, задвигалась вокруг залы » деген сөйлемнің бөлшектеп, аударылғандығынсалыстырайық.«Мазуркакүйінің басы бастала бергенде, ол бір аяғын екпінмен тарс еткізіп, екіншісін соза бастады. Зор, ауыр денесі кейде жай, кейде қалқып, кейде құлшынып, екіленіп кетеді. Бір аяғын бір аяғына соғып немесе табанымен тақтай теуіп, зал бойымен жылжып берді».

Бір күрделі, құрмалас сөйлем үшке бөлінген. Бірақ екеуі де бастауышсыз сөйлемдер болғандықтан, алдыңғысымен жалғасып, бəрі қосылып, бір көріністі ғана бейнелейді. Автордың стилін сақтағандығын осы үзіндіден де анық байқауға болады. Асы аталған үзіндіні аудару барысында толымсыз сөйлем етіп аудармай, əрқайсысын жеке-жеке берген болса, аударма нұсқа əсерсіз болып шығар еді деген ойдамыз. Яғни, автордың стилі бұзылар еді.

М. Әуезовтей көркем сөз шеберінің қолынан шыққан бұл аударма үлкен əдеби мұра болып қалады. Бірақ уақыт озып, мəдениетіміз дамыған сайын оның тілі мен стилі байқалатыны сөзсіз. Қазақ халқының əдеби тілі де жаңарып, жетілді. Аударма ғылымы да өсіп-өркендеді. Сондықтан да, көркем аударманың тамаша туындылары өз дəуірінің құнды ескерткіші болып қала береді де, ал əр кезеңде жаңа аудармалар туып жататыны да заңдылық.

Жоғарыда айтылған дəуірдің ізі осы аудармада да сезіледі. Оны біз, ең алдымен, қолданылған сөз баламаларынан көреміз. Мəселен, «бал» дегеннің барлық жерде «той» деп алынуы, «ғашық» дегеннің орнына кейде «асық» боп кетуі (... «мен ол кезде асық едім. Тегінде көп рет асық болдым, бірақ мынау солардың ішіндегі ең күштісі еді» деген сияқты), «теория» дегеннің «жүйе», «коньки» дегеннің «шаңғы аяқ» боп жүруі – осылардың бəрі тек қана сол кездегі əлі көп сөздердің аударма баламаларының қалыптаспағандығының негізгі айғағы.

Шығарманың атының «Той тарқар» деп алынуын қолдаймыз. Әдеби еңбектердің аттары кейде осылай образды түрде еркін алына береді. Қайта «Балдан кейін» деуден гөрі «Той тарқар» деген əлдеқайда əсерлі де. Бірақ дəл қазіргі уақытта болса, М. Әуезовтің өзі де мəтіннің ішінде кездесеін «бал» деген сөзді «той » деп алмас еді. Өйткені «бал» – «той» емес.

Осындай тек қана тілдің дамуына, мезгілдің озуына байланысты оқта-текте кездесетін біренсаран ұғымдар болмаса, бұл аударма, негізінен алғанда, күні бүгінге дейін көркемдігі жағынан сапалы да тартымды.

«Той тарқар» əңгімесінен бір мысал алып талдап көрейік. Түпнұсқада «Держалась она всегда необыкновенно прямо, как будто не могло иначе, откинув немного назад голову, и это давало ей с ее красотой и высоким ростом, несотря на ее худобу, даже костлявость, какой – то царственный вид, который отпугивал бы от нее, если бы не ласковая всегда веселая улыбка и рта, прелестных блестящих глаз, и всего ее милого, молодого существа ». [2, 105].

Қазақшасы: «Бойын тіп-тік ұстайды, басқаша ұстауға болмайтын сияқты. Иегі көтеріңкі басы аз шалқалай тұрады. Сонысы ұзын бойы мен сұлу жүзіне сонша жарасып, біраз арықтығын, сүйектілігін білдірмей тұрады. Қайта барлық қалпына бір ханзаданың реңкін береді. Маңғаздық реңкінен жұрт қаймыққанда болар еді. Оған жібермейтін сұлу, нұрлы көзі мен езуіндегі ерке, ашық күлкісі жəне сүйікті жас тұлғасының барлық, нəзік еркелігі ». [1, 16].

М. Әуезов түпнұсқадағы күрделі сөйлемді қысқа-қысқа алты жай сөйлемге бөліп аударған. Автордың бір сөйлемдегі айтқан ойын түгел қамтыған. Дегенмен, интонация, ырғақ, түпнұсқаға тəн стильдер сақталынбаған. Аудармашы нағыз еркін аударма түрін пайдаланған.

Аудармашылық дегеніміз – əдеби-шығармашылық өнер болғандықан да, ол өнер иесінің тек қана өзіне тəн өрнегі əрқашан аңғарылып тұруы тиіс деп есептейміз. Мəселен, көркем аудармада қандай əдісті қолданғанымен, мейлі еркін аударсын, мейлі дəл аударсын, бəрібір біз М. Әуезовтің қолын, стилін, ырғағын т.б. аңғарамыз.

Аудармашы-жазушы неғұрлым көрнекті тұлға болған сайын оның аудармадағы өзіндік ерекшелігі де соғұрлым айқынырақ аңғарылады. Мұны біз Л.Н. Толстойдың «Той тарқар» əңгімесінің аударылуынан көреміз.

 

Әдебиеттер

  1. Әуезов М. Толық шығармалар жинағы. 20 томдық. – Т. 7 – 354 б.
  2. Толстой Л.Н. Собрание сочинений в восьми томах. – Т. 7. – М.: Лексика, 1996. – 245 с.
  3. Жармағамбетов Қ. Көркем аударманың кейбір мəселелері. – А., 1957. – 137 б.
  4. Сатыбалдиев Ә. – Алматы: Жазушы, 1987. – 232 б.
  5. Талжанов С. Аударма жəне қазақ əдебиетінің мəселелері. – Алматы: Жазушы, 1975. – 232 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.