Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ халық биінің бүгіні мен ертеңі

Бүгін Қазақ халық биі қай бағытта қалай дамып отыр деген срақ хореография өнерін зерт­ теп жүрген ғалымдарды тебірентетіні белгілі. Балабақша, мектеп сахнасына лайықты «Қамажай», «Айгөлек» секiлдi қарапайым әрі жеңiл билердей емес, терең мазмұнды, идеялық көркемдiк деңгейi жоғары ұлттық билердiң сахна төрiнде өзiндiк ерекшелiктерiмен көрiнуi шын мәнiсiнде қазақ би өнерiнiң жарқын табыстары болып саналады. Әрi қазақ биi деп аталатын құбылыстың табиғатын терең сезiнiп, оның даму жолында талай өнерпаздың ерiнбей еңбек еткенiнiң арқасында жеткен табыстар деп білген жөн.

Бұл мақалада хореография өнерiнiң соның ішінде қазақ биінің тарихында бидiң барлығы дерлiк халық шығармашылығынан нәр алғандығы қарастырылған. Қазіргі уақытта қазақ биінің даму жолдарын белгілейтін хореографиялық дәстүрге бай өте құнды би мұрасына айналып отыр.

Қазақстандағы хореография өнерi ХХ ғасырда пайда болып, халықтың рухани байлығына айналған жаңа көркемөнер түрi. Осы ғасырдың екiншi жартысында қазақ биі өнерi саласында небiр өзгерiстер мен бетбұрыстар жасалды. Балабақша, мектеп сахнасына лайықты «Қамажай», «Айгөлек» секiлдi қарапайым, əрі жеңiл билердей емес, терең мазмұнды, идеялық көркемдiк деңгейi жоғары ұлттық билердiң сахна төрiнде өзiндiк ерекшелiктерiмен көрiнуi шын мəнiсiнде қазақ би өнерiнiң жарқын табыстары болып саналады. Әрi қазақ биi деп аталатын құбылыстың табиғатын терең сезiнiп, оның даму жолында талай өнерпаздың ерiнбей еңбек еткенiнiң арқасында жеткен табыстар. Бұл – кейiнгi кезеңдердегi қазақ биі өнерiнiң қол жеткізген табыстары десек, оның болашағы бұдан да жарқын екенiне күмəн келтірмейміз. Себебi, тақырып ауқымы да сан алуан бола отырып, қазақ биі өнерi ендiгi жерде өзiнiң көптеген мəселелерiн алға тарта келдi, өмiрге ендiре бiлдi. Мəселен, көз алдымызда дүниеге келiп, орнықтырылып, қалпына келтiрiлген «Ай қосақ», «Бақсы ойыны», «Келiншек», «Буын биі», «Алқақотан» тағы басқа билер ғайыптан пайда бола салмағаны белгiлi. Олардың шығуы белгiлi бiр сюжетке құрылып, бейнелi құбылысқа, белгiлi бiр ойды бiлдiретiн халқымыздың тұрмыс-салты мен дəстүрiнен, дiни рəсiмдерiнен алынған қимыл-қозғалыс арқылы туындаған бiртұтас би өнерiне жатады. Бұлардың көбi, əсiресе, аңшылық, құсбегiлiк, шаруашылық, тұрмыс-салт қарекетi секiлдi тiршiлiктен туындаған өнер үлгiлерi. Ерте заман адамдары бұл қимылқозғалыс үлгiлерiн тау-тас пен үңгiрлердегi жартастарға сұлбасын қашап қалдырып отырған. халқымыздың қанына сiңген өнерпаздығы биді де рухани асыл мұраға айналған өнер түрiнiң бiрi ретінде артта қалған алыс кезеңдерден бүгiнгi заманға жеткiзе бiлдi.

Хореография өнерiнiң тарихында бидiң барлығы дерлiк халық шығармашылығынан нəр алғаны белгiлi.

Қазақ халқының тiршiлiгiне көз жіберсек, малшылық пен аңшылық егiз тұрғанға ұқсайды. Әйтсе де, ең алдымен аңшылық пайда болған. Себебi үй хайуандарының өздерi алғашында тағы болғаны мəлiм. Адамзат ең алдымен соларды аулап, тiрiдей ұстағандарын қолға үйреткен, үйренбегендерiн тiршiлiк үшiн пайдаланған. Мылтық шыққанға дейiн аңшылардың неше алуан тəсiлдерi болған. Ал, осы аңшылық өнердiң көне заманнан күнi бүгiнге дейiн ең көп қолданылатын əдiсi – ит жүгiртiп, құс салу.

Құстардың iшiнде қазақ халқының қадiрлейтiнi бүркiт. Қазақтың айтуынша, азулы аң арыстан да екi күшiк тапса, қанаттыда қасиеттi құс аққу мен жыртқыш құс бүркiт қана екiден артық жұмыртқаламайды екен. Бүркiт ұясын ең биiк ағаштың басына, тау шыңдарының ең биiк төбесiне, жел мен аяздың өтiне салады деседi көптi көрген қариялар. Сондықтанда бүркiттiң балапандары жұмыртқаны жарып шыққанда желге, ыстық пен суыққа шынығып өсетiн сияқты. Орман мен таудағы ұядан алынған бала бүркiт аңнан тайсалмайтын болған. Әдетте қазақ құсбегiлерi бүркiттiң ересегiн емес, балапанын ұшар уақытында ұядан алған. Бүркiттiң көбi қоян, қарсақ, түлкi, қасқыр сияқты аңдарға түседi. Әдетте олар аңды көргенде əуелi аспанға самғай көтерiледi де, алатын жемiне жоғарыдан төмен қарай түйiледi. Аңға түскен бүркiт бiр аяғымен бастан, екiншi аяғымен сауырынан қайқайта бүрiп, тыпыр еткiзбей ұстайды. Бүркiттiң, не басқа алғыр құстардың бабын бiлетiн адамды «бүркiтшi» немесе «құсбегi» деп атайды. Мiне, бүркiттiң бар қасиетiн тани бiлген халық осы қасиетін өзінің рухани байлығына айналдырған.

Осынау кең-байтақ иен даланы мекенде ген қазақ халқы көңiл көтеретiн талай-талай қызықтарды да таба бiлген. Сол қызықтың аңшылық-саятшылық. Жүйрiк ат, қыран бүркiт, құмай тазы – мiне, осының барлығы өзiндiк тамашасымен əркiмдi де елiктiре бiлген. Сонымен бiрге, аңшылық-саятшылықтың тағы бiр ерекшелiгi, адамды салқын сабырлыққа, табиғатты бiлiп түсiнуге, ерiк күшi мен дене күшiнiң үндестiк табуына ықпал етедi. Бұл ретте айта кететiн бiр жəйт, қазақтың аңшылықты кəсiп емес, өнер ретінде қабылдауында да үлкен мəн бар. Қазақ ауыз əдебиетi мен аспаптық музыкасында кездесетiн аңыздар мен күйлердiң бiр саласы аң аулап, ит жүгiртiп, құс салу өнерiне арналады. Осы аңыздар мен күйлер халық биiне де негiз болды. Бұл күйлер ырғақтық жағынан ширақ, бас-аяғы жинақы, мелодиясы ұтымды жəне жеңiл де ойнақы болып келетiндiгi дененiң пластикалық қозғалысқа түсуiнде өте ыңғайлы. Халық арасында ежелден биленiп келе жатқан «Қоян-бүркiт», «Құсбегi-дауылпаз» билерi. Кəсiби сахнада «Қоян-бүркiт» биiнiң «АйманШолпан» музыкалық спектаклiнде қолданыс тапқан. Ал «Құсбегi-дауылпаз» биi алғашында Қазақ ССР-нiң Мемлекеттiк əн-би ансамблiне қойылған болса, кейiн жұптасып орындауға арналып қайта қойылған би екi орындаушының билеуiнде жаңа түр алды.

Халық күйлерiмен қатар халық музыкасын пайдаланған композиторлар, балетмейстерлер қазақ халқының би қозғалысы элементтерiн пайдалана отырып, хореография өнерiн дамытуда сахналық бидi жаңа тəсiлдермен байытып, өзгертiп, қазақ биiнiң халықтық түрiн кеңейте түстi.

Сондай-ақ елiктеуден туындаған «Қаражорға», «Тепеңкөк» билерi қазақтың жылқы малын дəрiптеп, ер қанатына телуiнiң мəнiн көрсеткендей. Ат жарысы – ең сүйiктi, ең кең тараған ұлттық спорттық ойын түрi. Бала кезiнен ат құлағында ойнап, көкпар тартуды меңгерген жiгiттер аламан бəйгеде өнер көрсеттi. Қазақ күйлерiнiң, əндерiнiң арасында жылқы малына арналған шығармалар өте көп. Сондықтан болар, би өнерiнде де жылқы малын суреттеуде өте тартымды композициялар құрылған. Бұл билер аттың нағыз шабысын, ер үстiндегi жiгiттiң қимыл-қозғалыстарын суреттейтiн билер. Халық күйi «Қаражорғаға» би сонау 1930-жылдардан бері қойылып келе жатыр. Соның iшiнде Мəскеу сахнасында биленген би жөнiндегі жазба деректерге сүйенсек, өте сəттi көрсетiлген бидің бірі. Осы дəстүрлiлiктiң жалғасы iспеттес болған би Ш. Жиенқұлова атындағы қазақ биiнiң Республикалық байқауында да көрсетiлген.

Сахна төрiнен орын алған ендiгi бiр тақырып – еңбек тақырыбы. Еңбек тақырыбына сүйене отырып қойылған «Кесте», «Өрмек би», «Ұршық», «Киiз басу» билерi. «Кесте» биiн Мемлекеттiк «Гүлдер» ансамблiне сонау 70-жылдардың басында Д.Қияқова қойған болатын. О. Всеволодская-Голушкевич қойған «Киiз басу» биiн «Алтынай» ансамблi билесе, «Өрмек биiн» осы мақала авторы билеген. «Қазақ биi» пəнiнен ұзақ жылдар дəрiс берiп келе жатқан Ғ. Бейсенованың «Ұршық», «Киiз басу» билерi қазақ халық биiн оқып үйренуде негiзге алынып отыр.

Ұлттық ойындардың да би өнерiн дамыту барысында талай идеяларға жетектеп балетмейстерлердiң қиялын ұштағанын жоғарыда айттық Соның бiрi халық арасында осы уақытқа дейiн сақталған «Қыз қуу» ойыны. Жалпы «Қыз қуу» о баста қыз бен жiгiттiң бiр-бiрiне деген ойын бiлдiретiн, бiр-бiрiмен үйлесуi үшiн ойналған ойын түрi болуы мүмкiн. Жiгiтке сəйгүлiк мiнген қызды қуып жетiп, оған деген сезiмiн бiлдiре алатын мүмкiндiк берiлгендей. Ал қуып жете алмаған жағдайда бойжеткеннен күдерiн үзуге мəжбүр болған.

Халықтық би үлгiлерiнде қуаныш пен шаттыққа толы көпшiлiк билердiң ежелден болғанын бiлiп отырмыз.

Композитор М. Төлебаевтың «Бiржан Сара» операсынан алынған музыкаға қойылған З. Райбаевтың «Мереке биi», Д. Әбiровтің «Ұтыс биi» сол сияқты Е. Усиннiң жəне мақала авторының Е. Брусиловскийдiң «Қыз Жiбек» операсынан алынған музыкаға қойған «Шашу» билерi осындай шаттыққа толы билер.

Қазақ биі шығармашылығы көркемдiк дүние танымының бiр бөлiгi ретiнде, əсем қимыл түрлерiн қалыптастыра отырып, халықтың эстетикалық талғамын бекiттi. Сонымен қатар, би өнерiне деген жалпы көзқарасының қалыптасуына ықпал еттi. Би қимылдарында дене, қол пластикаларында, бет мимикасында халықтың салтдəстүрi мен сезiмнiң аз ғана өзгешелiгiнен бастап, ренiшi мен қуанышы көрсетiлдi.

Қазақтың халықтық-сахналық биi қалай дамып келе жатыр деген ой туғанда, осы өнердiң жетiстiктерiнiң бiрi, 1992, 2001 жəне 2006 жылдары өткiзiлген Ш. Жиенқұлова атындағы қазақ биiнiң Республикалық байқауы болды десек жаңылмаймыз. 2012 жылы əйгілі бишінің 100-ге толғанын атап өту мақсатында осы Республикалық би байқауы төртінші рет өткізілді. Алғаш рет байқау бағдарламасында аға ұрпақ қойған қазақ биінің сахналық мұралары орындалды.

Бұл байқау жай ғана өнер мерекесi емес, осы өнер түрiнiң əрі қарай қай бағытта дамып отырғанын байыптайтын, ел iшiндегi өнерпаздардың өрiсiн кеңейтетiн бас қосу болды. Байқауға қатысушылар мен оның бағдарламасы халықтың ұлттық тамырынан iнжу-маржан таба бiлетiнiн аңғартты. Осы байқаудың арқасында халық биiнiң сан-салалы жанрлары кеңiнен насихатталуда.

Ғасырдан-ғасырға халық арасындағы ойын түрiнде дамыған, ырғақты əсем қимылдар əртүрлi өзгерiстерге ұшырай отырып жетiлдi. Бүгінгі заман талабына сай қазақ биі оқу орындарындарында жеке пəн ретінде оқытылып отыр. Осы бағытта жаңа оқулықтар жазылып, енгізіліп отырғаны да құптарлық жағдай. Оқулықтарда қазақ халық биiнiң дене, қол, аяқ қимылдары жүйелендiрiлiп бiр қалыпқа келтiрiлдi. Осы жолда «Қазақ биi» пəнiнен сабақ беретiн оқытушылар мен би өнерiн өмiрiне серiк еткен өнерпаздар өз үлестерiн қосып жүр дегiмiз келедi. Өскелең би өнерiнiң көкжиегi кеңiген сайын оның əр саласындағы, сан жанрдағы орындаушыларының да сапалық, сандық деңгейлерi көңiлдегiдей өсiп келе жатыр.

Би билейтiн адамға өнер ерекшелiгiне байланысты мiнез-құлық, табиғатынан бойға сiңген қасиет керек. Мұнсыз бидiң де, бишiнiң де жақсы қыры танылып, берiк қалыптаспайтынын ерте кезден берi көрiп, бiлiп отырмыз. Сондықтан жас түлектерге жол ашатын, өнер айдынында еркiн жүзе бiлуге себi тиетiн жақсы дағдыларға қол созып, қиындықтар мен кедергiлерден тайсалмай iздене бiлуге тəрбиелеу аға ұрпақ мiндетi. Сонымен, тыңғылықты дайындық, дағдыға айналған би элементтерiн қайталау – дененi бабында ұстаудың шарты болса керек. Ол əрi көркем образды дүниеге əкелетiн тылсым күш, төгiлген тер, адал еңбек, ол үшiн табыстың негiзi болып есептелiнедi. Ұлттық бидiң, ұлттық өнердiң əсемдiгiнiң, көркемдiгiнiң қыр-сырын танып бiледi. Асылы, өнердi өрiстететiн ең басты қасиет – еңбекқорлық, iзденгiштiк болса керек. Осыны қағида тұтқан өнерпаздың мұратына жетерi белгiлi.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.