Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақтың дәстүрлі әншілерін оқыту мәселелері

Мақалада музыкалық мұраның үзілмес тарихи жүйесін сақтап жеткізу, сонымен қоса қазақтың дәстүрлі орындаушыларын қазіргі заманауи бағытта білім беру жүйесіне сай оқыту мәселелері қоз­ ғалады. Қазақтың ән дәстүрін сақтап қалудың негізгі шарты ол дәстүрлі әншіге дауыс қою, сонымен қатар қазақ вокалдық орындаушылықтың теориялық негізін жасау. Мақалада келтірілген анықта­ маға мән берсек, аталған тақырыпқа сай әдебиеттердің аздығы, бұл мәселе ғылыми түрде зерттел­ мегені, ал музыкалық оқу орындарында «дауыс қою» пәні әлі де эмпирикалық негізінде жүргізілетіні айқындалады. Автор дәстүрлі вокал мәселелерін өзінің ғылыми зерттеу жұмысындағы басты мақ­ сатымен, яғни, бастауыш және орта білім беру музыка мектептерінде дәстүрлі музыканттарды, оның ішінде, «дәстүрлі ән» бойынша бағдарлама және әдістеме негіздерін жасауымен байланыстыра оты­ рып көрсеткен. Сөйтіп, жалпы дауыс қою мәселесін қоюмен бірге, мақалада музыкалық білім ме­ кемелеріндегі (мектеп, колледждер) дәстүрлі ән мамандығы бойынша сабақ алатын дарынды бала­ ларға дауыс қою жайында берілетін әдістемелік ұсыныстардың ең негізгі параметрлері анықталған.

Жеке тұлғаның рухани дамуына, дүниетанымдық көзқарасының жарасымды қалыптасуына өнер мен мəдениеттің, оның ішінде халық əнінің алатын орны зор. Қазақ халық əндері – ғасырлық мəдениетіміздің көркем формасының бірі, заманның тарихи шежіресі, кешегі күннің белсенді жаршысы. Ән – құдіретті өнер, жан дүниені əсерлендіріп, адамды сəулелі өмірге өршелендіретін, тебірентіп толғантатын сиқырлы өнер.Қазақтың төл тума өнерінің қайнар бұлағы адамзат өнерінің қалыптасуынан атадан балаға мирас болып, ауыздан ауызға тарап, XXI ғасырдың төріне классикалық музыканың талап-талғамына төтеп беретін небір дарабоз, орны бөлек дəстүрлі əнші орындаушыларымен оздырды.

Қазіргі жағдайда, ащы шындыққа жүгін сек жəне дəстүр жалғастығы биігінен қарасақ, дəстүрлі əн салу өнерімізді сəл жүдетіп алған сыңайлымыз. Дəстүрлі əн тағдыры, жалпы əн проблемасы тек композитор не болмаса əнші, музыка зерттеушісі, сол сияқты өнер қайраткерлерінің ғана жанашырлығын қажет ететін сала емес. Дəстүрлі əн тағдыры көпшілік, халықтық проблема. Бүгінгі таңда табиғат аясының экологиялық тазалығы халқымызға қандай қажет болса, əн тағдыры, əн болашағы да халқымызды сондай мазаландырса керек. Міне, осындай толғаныстарға байланысты дəстүр сабақтастығын жалғастырып, дəстүрлі əннің бүгінгі насихатталуын қарастыра келе біз дəстүрлі музыканың бүгінгі трансляциясы1 мəселесінжəне нақтырақ айтсақ, Қазақстандағы музыка мектептеріндегі «дəстүрлі əн» мамандығы бойынша оқу бағдарламасын жəне əдістемелік жүйесін жетілдіру мəселелерін қозғап отырмыз.

Бүгінгі күндеоблыс, қала орталықтарында арнайы музыка мектептерінде балалар түрлі музыкалық аспаптарда (скрипка, фортепиано, саксафон, флейта т.б.) дəріс алуда. Осымəселеге байланысты біз профессор А.И. Мұхамбетованың «Қазақстанда жаппай музыкалық білім

1 Бұл жерде трансляция сөзі тапсыру, әрі жеткізу, жалғастыру мағынада.

беру» атты мақаласында«Балаларымызды музыкалық мектептерде тəрбиелеп, олардың бойындағы генетикалық қазақы ділін еуропалық мəнерге ауыстыру əрекетін жалғастыра беру арқылы олардан Батыстың өзінде жеткен өрісінен айрыла бастаған XIX ғасырдағы еуропалық мəдениеттің тұтынушыларын өсіреміз бе?» – деп, ой қозғаған ғалым бұл еуропалық мəдениеттің өткен ғасырда-ақ маңызынан айрылғанын атап, өзінің тұжырымын нақтылай түсе «Жоқ əлде Қазақстандағы музыкалық білім беру ісі баланың зияткерлік жəне мəдени əлеуетін дамытатын, оны өз халқының мəдениетін түсініп, қадірлей білу қасиетін тəрбиелейтін, қазіргі замандағы қазақ мəдениетінің біте қайнасқан элементіне айналама?», – дейді [1, 279]. Енді біз осы жерден ғалымның пікірін аңғарсақ, бізге еуро-орыстардың мəдени-рухани үлгісіне ұқсамайтын, ұлттық төлтумалығы айқын дəстүрімізді,өзіміздің төлтума өнерімізді насихаттауымызды, мектеп жасынан тəрбиелеуіміз керектігіне баса назар аудартып отыр.

Иə,музыкабаланы, оның санасын, мінез-құлқын, құндылық айқындамаларын, ақыл-ой қабілеті мен парасатын қалыптастырудың аса қуатты амалы десек, дəстүрлі əн ұлттық əуен-сазға үндесіп, сонымен бірге ұлттың сөйлеу тіліне еліктеуге икемдейді.Қазақстандағы музыка мектептерінде бұрын соңды болмаған дəстүрлі əн сыныптарын ашып, оларға кəсіби деңгейде дəріс беру– бүгінгі күннің міндеті.Жəне де дəстүрлі əннен білім беру – бұл музыкалық педагогиканың арнайы мəселесі, яғни ұлт болашағының мəселесі. Қазақстандағы музыка мектептеріне дəстүрлі əннің білім беру жайы бұрын-соңды ғылыми тұрғыдан пайымдалған емес. Ендеше біздің ғылыми жұмысымыздың мақсаты – дəстүрлі əннің орындаушылық ерекшеліктерін,халық əндерін, халық композиторларының əндерін, Қазақстан сазгерлерінің шығармаларын табиғи болмысын бұзбай, негізгі түбірін сақтай отырып, Қазақстандағы музыка мектептеріне дəстүрлі əннің оқыту бағдарламасын жəне əдістемесін ұсыну. Осы орайда біз XX ғасырдың ірі тұлғасы, аса көрнекті ақын С.Торайғыровтың əн турасында айтқан пікіріне жүгінсек «...біздің қазақ əн құмар халық... Біреу қолына домбыра ұстап əн сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтшы-айтшылап, жанын жағасына келтіреді. Бара-бара сол əндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады», – деген [2, 294].

Балаларға эстетикалық тəрбие беруді қазақ халқы, сонау ертеден көшпелі кезінде-ақ бастағандығын мына төмендегі мысалдан байқауға болады. Енді осы тұста өткен ғасырдың бірінші жартысы алғашқы он жылдығында жарық көрген мақалаға көз жүгіртсек, онда киелі Түркістан қаласында 12 жыл тұрып, қазақ музыкасын зерттеген этнограф П.П. Тихов«Қазақтарға тəн əнге құмарлық қасиет ана сүтімен бірге бітеді. Қазақтар балаларына жаңадан қаз-қаз тұра бастаған кезде-ақ əн үйрете бастайды...», – деп жазды [3, 4]. Бұл жазбаша естеліктерден ұққанымыз – мүмкіндігіне қарай, баланы дəстүрлі əнге жастайынан баулыған жөн. Өйткені əн ана сүтіндей баланың бойына ерте сіңсе, онда ол балаға ауа мен су тəрізді күнделікті қажеттілігіне айналады. Ал мұндай қажеттілік, бала бойына туа біткен дарын дəннің ерте көктеп, гүлденіп жеміс беруіне себебін тигізеді. Осындай жоғарыда ғы ғылыми дəлел тұрғысынан қарағанда балаға саналы эстетикалық тəрбиенің, оның ішінде арнайы дəстүрлі əнненмузыкалық тəрбие беру қамын неғұрлым ертерек қарастырудың қажеттілігін айтпасақ та өзінен өзі түсінікті.

Бүгінгідей аса тегеурінді халықаралық аралас-құралас (интеграция, глобализация) бел алған заманда ұлттық төлтума мəдениетімізді, дəстүрлі əнді сақтап қалу, оны кеңінен насихаттау бүгінгі күннің өзекті мəселесіне айналуда. Ал бүгінгі күнде осы өнерімізді қалай сақтап қаламыз деген сұраққа жауап іздесек, оның бірден бір жолы мемлекетіміздегі музыкалық мектептерден арнайы дəстүрлі əн, күй, жыр сыныптарын ашып, талантты, дарынды балаларды жинап, оларға XVIII-XIX ғасырда қазақ музыка өнерінің ренессансына айналған алып тұлғалардан қалған бай мұраның қыр-сырын, өзіндік өрнек əуенінің сыр-сипатын, дəстүрлік ерекшеліктерін түсіндіріп, үйрету.

Ал бұл жасөспірім талантты шəкірттерімізді, дəстүрлі вокалға тəрбиелеу барысында біз қандай проблемаларға кезігіп отырмыз.Ең алдымен шешуін таппай жатқан дауыс қою педагогикасындағы дəстүрлі вокалды орындағанда маңызы мен оны қолданудың əдіс-тəсілдері, дауыс қоюдың техникалық жолдары өз алдына зерттелімін күтіп тұрған тың сала.

Дəстүрлі əншінің дауысын тəрбиелеу мəселелеріне байланысты еліміздің маңдай алды өнер ошақтарында жүрген дəстүрлі əншілер мен консерватория жəне академия сынды оқу орындарында сабақ беретін ұстаздардың дəстүрлі вокалды педагогикалық əдістемелік оқу-құралы, оқытудағы əдіс-тəсілдері, дəстүрлі вокалға дауыс қою жайында жарияланған еңбектері, мақалалары жоқтың қасы.

Бұл мəселелерге байланысты Қазақтың ұлттық дəстүрлі вокалын ғылыми-теориялық, ғылыми-практикалық жағынан зерттеу бүгінгі күннің ең басты өзекті мəселесіне айналуда.

Дəстүрлі вокал турасында ғылыми еңбектерді іздегенде ə. Нұғыманованың «Қазақтың əншілік дəстүрі» ғылыми монографиялық жинағы [4], Б. Тлеуханның «Қазақтың кəсіби вокалды өнерінің кейбір ерекшеліктері» [5], Б.Тлеухан, Р. Несіпбайдың «Исполнительская специфика казахского народно-профессионального искусства пения» [6] мақалаларын кездестірдік. Аталған еңбектерді қарастыра келе біз дəстүрлі вокал педагогикасы қазақ топырағында толық шешуін таппай қалғанын, əлі күнге дейін ғылыми теориялық жағынан бекітілмегенін жəне толық бір арнайы еңбек болып жарияланбағанын байқаймыз.

Кез келген рухани мұра сияқты дəстүрлі вокалды да қабылдау, зерделеу қабілетін, оның жеке өзіндік шығу, таралу, жету тарихын, сол туралы айтылған пікірлерді анықтап, ең бастысы бекітіп алған жөн. Қазір əлемдегі музыкалық білім жоғары деңгейдегі дамыған елдерде, дұрыс дауыс қоюдың техникалық жолдары анықталған. Еуропалық классикалық вокалда дауыс қою түрлерін зерттеген Кеңес кезеңіндегі Ресей ғалымдарының бірнеше еңбектерін кездестіруге болады. Атап айтқанда И. Левидов, Л.В. Дмитриев, Л.К. Некрасов, А.В. Саркисян, Н.М. Малышева, Ф.Ф. Заседателев, К. Мазурин т.б. Бұл ғалымдардың еңбектері опералық вокалды орындауда, əншіге дауыс қою техникасын, дұрыс тыныс алу жолдарын, дыбыс шығару қағидаларын үйретуді көздейді.Осы еуропалық вокалдан қандай өзгешелігіміз бар дегенде,дəстүрлі əннің ұлттық бояуы қанық, иірімдері нəзік əрі күрделі келеді. Оның күрделілігі мелодиялық тартымдылығы мен формасынан көрінеді. Кеңкөмей, қызыл тілден төгілген сөз маржаны сұлу сазбен жымдасқанда, қазақ əнінің дəстүрлі ерекшелігіне тəнті боласың.

Қазақ халық əндері жүрекке жеңіл əрі жанға жағымды. Сондықтан оны «жүректен шығып, жүрекке жететіндей нəзік өнер» деп қараймыз. Халқымызда «күміс көмей, жез таңдай» немесе «кеудесі сандуғаштай сайраған, көмейіне бұлбұл ұялаған, асқақ үні аспандағы аққумен үндескен кең тынысты əнші» деген даналық сөздер бар. Музыка туралы ғылым дамыған бүгінгі күнде ғана емес, өткен ғасырдағы дəстүрлі əншілеріміздің өзіндік дауыс қою тəсілдері болғанын байқаймыз. Оған дəлел ретінде қазақтың байырғы тарихын зерттеушілердің бірі ғалым С.Я. Вольфсон өзінің «Қазақтар (Киргизы)» деген еңбегінде қазақ халқының əнге құмарлығын айта келіп: «Әннің қазақ өмірінде алатын зор маңызын басқа халықтан кездестіруге екі талай. Қазақтар тіпті жай сабақты да балаларға əн көмегімен оқытады. Алдымен жеке дыбыстарды əндетіп, соңынан толық бір сөзді əнмен айтады», деп жазды [Цитата Ә. Нұғыманованың еңбегінен алынған – 7, 3]. Осындай ғылыми дəлел тұрғысынан қарағанда біздің өзіміздің дауыс қою формасы болғаны анық. Біз одан ары қарай дəлелімізді нақтылай түссек, дəстүрлі орындаушы жайлы сөз қозғаған тарихшы, этнограф, саяхатшы, музыка зерттеушісі, орыс ғалымы М.В. Готовицкийдің «Қырғыз əндерінің сипаты» атты мақаласында: «Домбыраның немесе үш ішекті гитара тəрізді аспаптың сүйемелдеуімен əн салатын əнші, өлеңшіні халық рахаттана тыңдайды. Бірде бір жиын-той өлеңшісіз өтпейді», – дейді [Цитата Б. Ерзакович пен З. Қоспақовтың еңбегінен алынған – 8, 73 ].

Ғалымның еңбегінде сол кездегі əнді орындаушылар мен халыққа таратушылардың қазіргі тілмен айтқанда кəсіби əншілер болғанын дəлелдей түсуде.Бірақ этникалық, нақты қазақ əншілік кəсіби өнерінің, оның ішінде, вокалдық техникасының ерекшеліктері жəне«еуропалық вокалдан, дəстүрлі вокалдың айырмашылы ғы қандай?» деген өзекті мəселелердізерттеуде біз бірнеше кемшіліктерді кезіктіріп отырмыз. Олардың кейбіреуіжоғарыда көрсетілген Б. Тілеуханның мақаласында, яғни, сол 90-шы жылдардың аяғында-ақ белгіленген. Бұл кемшіліктер жалпы дəстүрлі өнердің бүгінгі жағдайында

«дəстүрлі орындаушылар неге аз, даму қарқыны неге қуатсыз?» [5, 137 ] деген сұраққа жауап іздегенде, табылған:

«1. Ел ішіндегі дəстүрлі өнердегі үлкен буын өкілдерінің кешіндігі, қалаөмірі саясында дамып жатқан мəдениетімізге араласуға мүмкіндіктіңжоқтығы.

  • Күнделікті телерадиодағы үгіт насихат. Бұл ағынның тасасындақалуы, осылардың əсерінен ұрпақ талғамы, тыңдаушы талабыныңбұзылуы.
  • Ұрпақ тəрбиесінің негізгі көзі боп саналатын орта мектептерқабырғасындағы музыкадан алшақтығы, əдістемелік жүйесіздігі.
  • Табиғи жалғасы қиындаған дəстүрді бүгінге сай əдістемелік жүйесінтаппауы, əн зерттеуші теоретиктер мен орындаушылар арасындағы байланыстың кемшіндігі» [5, 137].

Осы мəселелердің 3-ші жəне 4-ші пункттері бізідің тақырыбымызға тікелей қатысы бар жəне де əлі күнге дейін мəнді. Бұған тағы мыналарды қоса айтсақ болады:

  • кəсіби өнердің негізгі бөлігінің бірі боп саналатын дəстүрлі əншіге дауыс қою ережелері мен шарттарының жоқтығы;
  • дəстүрлі əншілердің жастайынанмектеп оқу бағдарламасы жетілдірмегені;
  • бұл мамандықтың жалпы əдістемелік оқуқұралдарының аздығы жəне мектеп қабырғасында оқу жəне əдістеме жүйесінің жоқтығы.

Осы сынды сүбелі мəселелер зерттеуді талап ететін бүгінгі біздің көкейдегі сауалдар. Бұл мəселердің ішінде, əрине, дауыс қою – өте күрделі процесс, өйткені дауыс қоюшы алдындағы шəкірттің өзі білмейтін, өзі шығара алмайтын дыбысын танып, оны дұрыс шығартуға міндетті. Сондықтан да дауыс қою ұстаздың тəжірбиесі мен əдістемесіне байланысты. Әншінің қандай болмағы ұстазға, алған тəрбиесіне байланысты. Дəстүрлівокалды орындау əдіс-тəсілдерін ұстаздар, шəкірттеріне көрсету, сөзбен түсіндіру арқылы жеткізеді. Оның бір себебі, жаратқан ием қазаққа тіл бітіріп, санасына сөз салғанда ұлттық болмысымен біте қайнап, бірге жаралған тіл ерекшелігіндегі үнділігі жалпы қазақ жəне әр аймақтағы артикуляциясында ерекше ө, ы, і, ң, ү, ұ, ғ əріптерінің дыбысталу үні, оның əн салуда бунақ-бунаққа берер құлаққа жағымды əуезділігінің дəстүрлі əншіліктегі ерекшелігінде. Ол үндерді кез келген əнші мəнеріне келтіріп тыңдаушысына жеткізе бермейді. Ән айтуда еуропалық вокалға ұқсамайтын тағы бір қасиет– əн əуезіне ерекше сипат беретін, асқақ үнінің əрін келтіріп, дауыс ырғағын мəнерлей түсетін, ой-сана мен жүрекке жылы тиетін қазақ тіліндегі ұяң дыбыстар м, ң, ү, л əріптерінде.

Ендеше бізалдын-ала болжам бойынша, дəстүрлі əншінің дауыс қою процессін мынапараметрлер арқылы нақтылай аламыз:

  • дəстүрлі əн салу мəдениеті;
  • дауыс аппаратын дайындаушеберлігі;
  • əн айту кезіндегі тыныс алу дағдысы;
  • дем мен резанаторлардыңбайланысын белгілеуі;
  • дауыс регистрінің үйлесімін, жоғарғы дыбысты дамытудағы əдіс-тəсілдерін анықтау;
  • дыбыс шығарғанда ауыз қуысының мүшелері (тіл, таңдай, ерін,бөбешік, астыңғы-үстіңгі жақ) табиғи жəне тиімді жолдарын табу;
  • əндеткенде дикция мен артикуляцияның таза шығуын қадағалау;
  • көркем шығарманы эмоциямен жəне мəнерлеп орындау дағдыларын қалыптастыру.

Ең басты мəселеге орала келсек, біздің түпкі мақсатымыз – қазақ дəстүрлівокалының балаларға арналған бағдарламасымен əдістемесін, педагогикалық оқыту тəсілдерін ғылыми тұрғыдан тұжырымдап бекіту.

Мақаланың қортыныдысы ретіндеайтатынымыз, өнер мұраты – іздену,үйрену, санаға сіңдіру, ғылыми тұжырым жасаудан тұрады. Ендеше уақытелегінен өтіп ұлттың бет пердесіне, дəстүріне айналған классикалық ұлттықөнеріміздің тереңіне бойлап, бүгінгі күннің еншісінде насихаттау. Кезінде екіауыз өлең білмейтін қазақ болмаған, яки біз, «бүкіл қазақ даласы əн салыптұрғандай» деген пікірге ие болған, əншілігі аңызға айналған сауыққойхалықпыз. Олай болса, əн салу ұлттық дəстүріміздің жалғасы екенінұмытпағанымыз абзал!

 

Әдебиеттер

  1. Аманов Б.Ж, Мұхамбетова А.И. Қазақстандағы жаппай музыкалық білім беру // Дəстүрлі қазақ музыкасы жəне XX ғасыр. – Астана, 2013. – 278-288 бб.
  2. Торайғыров С. Өлең һəм айтушылар // Айқап. – 1913. – №13. – 293-295 бб.
  3. Тихов. П.П. О музыке Туркестанских киргиз // Музыка и жизнь. – 1910. – № 3. – 4 б.
  4. Нұғыманова Ә. Қазақтың əншілік дəстүрі. – Алматы: Арыс, 2009.
  5. Тлеухан Б. Қазақтың кəсіби вокалды өнерінің кейбір ерекшеліктері // Курмангазы и традиционная музыка на рубеже тысячелетий: Мат. междунар. конф., посв. 175-летию Курмангазы / сост. А.И. Мухамбетова. – Алматы: Дайк-Пресс, 1998. – 136-143 бб.
  6. Тлеухан Б.Несіпбай Р. Исполнительская специфика казахского народно-профессионального искусства пения // История искусств Казахстана. – Том 1. – Алматы, 1998. – 298-323 бб.
  7. Нұғыманова Ә. Кіріспе сөз //Балалар дауысының тəрбиесі. – Алматы: Жазушы, 1970. – 3-4 бб.
  8. Ерзакович Б.Қоспақов З. Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы. – Алматы: Ғылым, 1986. – 73 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.