Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Ақбілек – қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесінің көркемдік шыңы

Мақалада ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі Ж. Аймауытовтың «Акбілек романындағы» әйел бейнесінің жасалу жолдары қарастырылады. Романнның бас кейіпкері Ақбілек тұлғасын сомдаудағы жазушы шеберлігі, ондағы портреттік бейнелеудің ұлттық табиғи нақыштар, әйел образын жасаудағы дәстүрлі қалып пен жаңашыл ізденістер ғылыми тұрғыдан тұжырымдала­ ды. «Ақбілек» романындағы әдеби­көркемдік жетістіктер шығармадағы әйелдер бейнесінің бай га­ лареясы арқылы айқындалып, олардың әрқайсысының өзіндік болмыс ерекшеліктерінен көріс та­ батындығы жете зерделенеді. Сонымен бірге Ақбілек бейнесі қазақ әдебиетіндегі әйелдер образын сомдаудағы жаңа бағыт екендігі ғылыми талдау негізінде нақты дәлелденеді. Мақалада романда қазақ қызына тән ұлтттық тәлім­тәрбиеден қалыптасқан мінез­құлық ерекшеліктері суреткер ше­ берлігі арқылы типтік бейне жасаудың алғы шарты ретінде көрініс табатындығы жан­жақты ай­ қындалған. Әйел сұлулығын суреттеудегі көркемдік белгілер ұлттық бояу­нақыштан тамыр тартып жатқандығы ұлттық прозаның өзіндік ерекшелігі екендігі зерделенген. Романдағы Ақбілектен бас­ қа да әйел бейнелерінің жасалуы, олардың бір­біріне ұқсамас өзіндік ерекшеліктері шығарманың тақырыптық болмысын байыта түсетіндігі ғылыми тұжырымдалған.

ХХ ғасырдың басындағы алғашқы қазақ романдарында əйел бейнесі алғы қатарға шыққаны белгілі. Бұл жанрындағы қазақ əйелінің бейнесін сомдауға əдебиетімізде тұңғыш түрен салған Міржақып Дулатовтың «Бақытсыз Жамалы», оған ілесе шыққан Спандияр Көбеевтің «Қалың малы», Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлуы» əйел теңдігі арқылы жеке бас бостандығы тақырыбын көтерді. Сол алғашқылардың бірі болған Жүсіпбек Аймауытов қазақ классикалық романының төлбасына саналатын «Ақбілек» романында адам тағдырын ел тағдырымен бірлікте алып, қоғамдық ортаның саяси-əлеуметтік ахуалымен тығыз байланыста суреттейді Егер аңдап қарар болсақ, олардың қай-қайсыннан да тəуелсіздік идеясының көрінісін тану қиын емес. Өткені олардағы оқиға өрбуінің тынысы адам еркіндігінің болмысымен тығыз байланысты болып келеді.

Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» романы қазақ прозасын үлкен бір белеске көтерген күрделі шығарма. Автор қазақ қызы киліккен қасіретті көрсету арқылы аласапыран тұстың озбырлық бейнесін ашады. Оны сол нəубеттен, тағдыр талқысынан құтқарған жаңа өмір салтымен бірге кейіпкер бойына жинақталған ерік-жігер құдіреті екендігі романда айрықша ақындалған. Ұланғайыр уақыт пен жалпақ кеңістікте тағдырдың тар қапасына қамалған Ақбілек қасіретін оның өзін қоршаған ортаның қыспағына іштей қарсылығы мен адами күресін автор психологиялық талдау арқылы кейпкер жан дүниесіне бойлай отырып ашады.

Осынау қос ғасыр тоғысындағы қазақ қоғамы болмысын қазақ қызының қиын да қорлықты өмір сəті арқылы танытуға бағытталған романның арпалыс пен күрестен тұрар өмір күйінің тиегін ағытуы қалай десеңізші!!!

«Ақбілек» романынан ілкі көзге шалынатын Жүсіпбек Аймауытов қаламына тəн бір бел гі – ақынжандылықпен кұбылта жазар қалам жүйріктігі. Бұл стиль оның кейінгі жазушылық шеберлігінің айқындауышына айналды десекте болады. Қаламгер ырғақты ұйқас үлгісімен төгіліп түскен жолдар арқылы оқырманды ə, дегенде-ақ, өзіне еріксіз баурай жөнеледі. Қаламы жүйрік жампозды өзіне сөз берелік: «Өскеменнің аржағында, Бұқтырманың оң жағында əлемге аян Алтай бар. Сол Алтайдың күнгейінен құбыла жаққа құлай аққан, құлай ағып Ертіс түскен, күз күзеткен Күршім бар.

Алтай, Күршім не заманнан қалың найман мекені. Сол Алтай мен сол Күршімнің қысы қыспақ, жазы самал. Күні жылт етсе, төрт түлік мал қарағайлы қарт Алтайдың қақ басында, алақанның аясында, бал татыған айна сулы марқакөлі, Марқакөлді алқалаған – ақ ауылды Алтай елі».

Иə, шығарма төгіліп түскен шұрайлы тіл өрнектеген Алтай табиғатының таңғажайып сұлу суретіне оқырманды осылайша тамсантады. Сөйтіп жазушы тебірене жазған сұлу Алтай, сол Алтайды мекен қылған сұлу арулар тағдыры кімді болса да қызықтырып, шытырманды оқиғалар иіріміне, тылсым сырлы сезімдер тереңіне тарта жөнеледі.

Романның құрылымдық жүйесі Ж. Аймауытов шеберлігінің бір ерекшелігі ретінде танылады. Автор бірде баяндай отырып кейіпкерін сөйлетіп, шешуі қиын жұмбақтың сырын тарқатса, енді бірде тыңнан қосылған жаңа сарынды сюжет дамуының жаңа бір белесіне айналдырып жібереді. Оның бəрі бас кейіпкер Ақбілектің тартысты тағдырының үш кезеңімен жымдасып кеткен бүтіндік табады. Сондықтан шығарманың жалпы даму желісінде бірде-бір оқшау оқиға, қисынын таппай тұрған тосын сюжеттер жоқ. Жалпы Ж. Аймауытовтың «Абілек» романында кер заманның ең бір құбылмалы тұсында сынға түскен қазақ қызының жігер-қайраты мен ақыл-парасаты арқасында өз ортасынан озып шығып, биік қоғамдық сатыға көтерілуі көркем бейнеленген. Романның бас кейіпкері Ақбілек – əке-шешесінің көзінің ағы мен қарасындай ерке өскен, ажарына ақылы сай елге сыйлы ару. Жазушының Ақбілек портретін сомдауы да сонша сырлы: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, былдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп...». Ал енді жазушы кейіпкер портретін шығарманың өн бойындағы салмақсапасына, оқиғалар желісін дамытуға орай түрлендіріп отырады.

Орыс ортасынан оралғаннан кейінгі Ақбілектің мінезделуін жазушы Бекболаттың көзқарасы арқылы танытады: «... алғаш барып көргендегі оның түрі қандай еді! Маңдайы қасқиып, мойны қаздиып, көзі мөлдіреп, ерні үлбіреп, үріп ауызға салғандай жұтынып, сүйріктей еді-ау! Тал бойында бір міні жоқ, жаңа шығып келе жатқан сүйріктей еді! Шашбауын сылдыр еткізіп, сып етіп түре келгені, тізесімен ақ көйлегін серпе тастап, аяңшыл бедеудей кербездене аяқ басқаны, тысқарыда жүріп, жеңгесімен сыбырлап сөйлесіп, дауысы күмістей сыңғырлап, тəп-тəтті күлгені; əнтек жылмиып келіп, шай жасап, өп-өтірік сызылғансып, үш саусағының ұшымен шын-аяқ əпергені, салалы қою кірпігін салмақпен қағып, анда-санда көз астымен бір қарап қалғаны;... «Қош болыңыз» дегенде, көзін жалт еткізіп, басын əнтек изеп, артынан қарап қалғаны, – бəрі-бəрі сондағыдай сайрап көз алдыңа келеді».

Міне бұл бір кездегі бақыттың бесігінде тербелген Ақбілектің сүйген жігіт көзімен бедерленген сұлу суреті. Автор бұдан кейінгі оқиғалар дамуында Ақбілектің портретіне біртіндеп жаңа қажетті сипаттарды қосып отырады. Сол арқылы біз Ақбілектің мінездеме суреттерімен толығырақ таныса түсеміз. Сондықтан да біз Ақбілекті қашан да болса, қандай бір жағдайда болмасын соншалықты бір жылықпен қабылдаймыз. Ол романдағы қат-қабат оқиғалар тұсында əр кезде-ақ сезіліп тұрады.

Кейіпкердің жан-дүниесі өз басынан өткерген қиындығы мен қияметі жетерлік оқиғалар үстінде ашылады. Ақбілек қасіреті жалғыз оның ғана емес, зобалаңды заманда бастарына қара бұлт үйірілген, тағдыр талқысына түскен қазақ қыз-келіншектерінің ортақ қасіреті болатын.

Уақыт куəгері Жүсіпбектің жүрегіне ақ əскерінің осындай айуандық қылықтары жазылмас жара салған-ды. Уақыт өте келе, көрген мен түйгеннің пісіп-жетілген көркемдік болмысы суреткер қолына қалам алдырды.

Бұл шығарма – жазушы көкірегінде ұзақ піскен, қайнауы əбден қаныққан ізденістің жемісі. Автор Ақбілек қасіреті арқылы зұлмат жылдар халық басына төндірген қасіретті ашуға ұмтылады. Ары тапталған ардақтаған ару тағдыры – құлдықтың құрдымына бет алған ұлт тағдырының символы іспетті.

Ұлтымыздың тəрбиелік, салт-дəстүрлік ұғым-танымы тұрғысынан алғанда, Ақбілек тап болған жайт – адам төзгісіз қасірет!..

Бірақ айуан мінездес қаракүштің дүлей соққысына қарсы тəні таза, жаны пəк, ары аппақ сүттей нəзік қыз қалай күреспек, не айла етпек?!.. Жазушы қолға түскеннен соңғы есін жиған тұста Ақбілек алдына осындай сұрақ тартады. Суреткер сол сəттегі Ақбілек жан-дүниесіндегі қиналысты, жүйкеге ауыр салмақ артқан күйзелісті кейіпкердің ішкі əлемінің астарын аша отырып бейнелі жеткізеді: «Өңі-түсі екенін біле алмай, көзі алас ұрып, қостың ішін сипай сүзіп шықты да, түндегі оқиға есіне түскенде, қайнап шыққан бұлақтың көзіндей, жасы мөлтілдеп, жылап ағып қоя берді. Саңғал киізден сығалап, аңғал шуақ Ақбілектің бетіне түсіп, жайраңдаса да, телегей аққан жасын құрғатуға септігі болған жоқ; жанын жанышқан қараңғылық жарық дүниені аңсатты, əйтседе жарық сəуледен көзін біржола жұмбады, құтылмасына көзі жеткен соң, тым болмаса мына саусылдаған сары қолдың ішінен бір сытылып, даланы бір көргісі келді.

... Төрт құбыладан бірдей үстіне төніп тұрған ақар-шақар тауларға да, тауға біткен үйірімүйірім сабалақ жүнді орманға да, тау басында қалықтап жүрген бүркітке де, тауға тырмыса жайылып жатқан құмырысқадай жылқыға да, қостан аулағырақ өзен құлай шыққан шоқ-шоқ бұтаға да Ақбілектің көзі тоқтап тұра алмай, сырғанап келіп, жерошақ басындағы қазақтың қара құманына, қара астауға, шырық шөмішіне тоқтады. Орыстың қолына түскен əлдекімнің шөміші екен? Сорлы шөміш! Мен де сенің сыңарың ғой дегендей, мұңдасқандай, көзіне тағы жас алды».

Жазушы адам жан дүниесінің қыр-сырына қалай бойлайды десеңізші! Кеше ғана «Мамырбайдың Ақбілегі» атанып «ақ көйлегін көлеңдетіп» жүрген күндер де, көз жанарын ұрлайтын көріністер де енді оған жат, сұрықсыз, керісінше, жайда көңіл тоқтамайтын қарапайым ғана заттар қандай ыстық көрінеді Ақбілекке! Өйткені жансыз болса да олар – туған жұрттың көзіндей жəдігерлер. Ақбілекпен олардың тағдыры бір іспетті. Олардың өзіндей һарамның қолжаулығына айналған мұңдастардай көзіне оттай басылуының сыры осында. Жазушы осыны қалт жібермей, тасқа басқан маржандай мөлдіретіп жеткізеді.

Ақтардың қолына түсіп, орыс əскерлерінің қорлығына ұшырап, ауылына оралу – күнəсіз де пəк қыз үшін өте ауыр масқара іс. Міне, осы сəттегі Ақбілектің іштен тынуын, өзімен-өзі арпалысуын, шешімге келуін автор психологиялық талдау арқылы танытады. «Ақбілек əкесінің оңашада бір ауыз тіл қатпағанына қапа болды. Ол түгілі əкесі Ақбілектен оңаша қалудан қашатын тəрізді. Әкесі мен екеуінің арасын қара мысық кесіп өткендей, бір өткелдің түскенін Ақбілектің жүрегі сезеді. Әкесінің қабағы қашан жадырар екен, қашан жылы қарар екен, қашан тіл қатар екен?.. деп сарылып, сарғайып күтеді; əкесінің көзі түсер ме екен деп, жансыз аңдып та отырады. Бір қараса қайғысы жеңілдейтіндей, бақытты болатындай көреді. Сонда да əкесі көз салмайды. Енді Ақбілекке шешесінің өлімінен мынау қатты батты».

Жазушы əке мен бала арасындағы қатынас арқылы Ақбілек тағдырының қиынды қырларының сан салалы қыртыстарын ашады. Жаны нəзік, болмысы берік қыз бен ойы бұзық жұрттың арасындағы ой алшақтықтың адам аспас асуының биігі осылай алынады.

Ақбілек қарапайым қазақ қызы болғанымен, оның ең басты ерекше қасиеті – сезімталдығы. Оны көп қиындықтан құтқарған да осы сезімталдық. Ол ең алдымен, Қарамұрт офицермен қарым-қатынасы кезінде анық сезіледі. Алғаш көргеннен – қоштасқанға дейінгі аралықтағы ісəрекет, ішкі құбылыстан біз осы қасиетті анық танимыз.

Жазушы жаны жаралы, көңілі қаралы қыздың өмір мен өлім күресі сəтінде ішкі түйсікті арпалысын терең тебіреніспен жеткізеді. «Алды-арты тұйық, қараңғылық, не болары белгісіз... Сонда да Ақбілек тірі, Ақбілек сұлу... Ол елден асты: қазақ тұрсын, атағын орыс естіп, іздеп келіп, алып қашты... Орыс біткен бұған бола қырқысты. Кім біледі, тірі болса үмітсіз сайтан. Өз еркімен келіп отырған жоқ, қара күшке тағдырға не шара? Жамандығынан мұндай болған жоқ... Ақбілекті кім жазғыра алады? Малына, жанына ие болып отырған қай қазақ бар? Азар болса, жазықсыз құрбан болып жатқан көп қорғансыздың, көп сорлының бірі шығар.

Ойдан ой қуып, басы даң боп, шапанының етігіндегі май тамғанға қарап отырғанында, тым-тырыс күте қалған қарамұрттың ыстық қолы қолына келіп тиді. Ақбілек қабағын ауыр бір қағып, «менде не ерік бар?..» дегендей, терең қасіретпен оның бетіне қарады. Қара мұрт тілмəшіне иек қағып шығарып жіберді де, Ақбілектің қолын өзіне тартып, ерніне апарды. Ақбілек қасарысқан жоқ».

Жауыздық пен қатігездік шегіне жетіп тұрған ортаға түскен «тағы» қыздың тағдырына арашашы болған қарамұрт қан жылаған жүректің түнегін түрген сезімнің ақ сəуле шуағы еді. Ол тағдыр тəлкегіне ұшыраған кыздың соңғы үміті, жантүршігерлік ортадағы қорқыныш пен үрейді сезімге жеңдірген тірегі де.

Екіншіден, барша қиындыққа төзе білген Ақбілек – батыл да шешімшіл қыз. Оны атып кетуге бекінген Қарамұрттың оғынан құтқарған да осы батылдық. «Алтыатарын алып, Ақбілекке кезене бергенде, Ақбілек шаңқ етіп, безілдеп кезеулі мылтыққа қарсы жүгірді. Қарамұрттың кезенген қолы сылқ етті. Алты атары жерге түсіп кетті».

Қорлық атты қаратүнектің құрсауынан ерікті билеген ерке сезім құтқарған қыздың ажалға қарсы шабуы, осынау шын махаббаттың құдіретіне сенгендік еді. Жүрегінде қатігездіктен қуат алған қанішерлік пен пəк сезімнің тылсым күші қатар арбасқан қату қабақ, қанды қол орыс офицері қыз жанарынан осыны ұқты, ұқты да аз уақыт болса да алданышына ғана емес, шынайы махаббатына айналған аруды өлімге қия алмады.

Ақбілек табиғатындағы бұл қасиеттің психологиялық дəлелін жазушы оның қараңғы түндегі қамаған қасқырмен арпалысынан да аңғартады. Кейіпкердің қорқынышын ақылға жеңдірген де осы батылдық болатын. Өмір мен өлім арпалысқан осы бір сəтте жазушы кейіпкер психологиясына терең бойлап, ол тұрғыдағы оқырман танымын бекіте түседі.

Мұндағы автор қолданған əдістің бірі, шығармашылығының ерекшелігін айқындайтын көрсеткіш көзі – монологтар. Ж. Аймауытұлы өз ойын кейіпкер сырымен астастыруда осы бір əдістің небір түрін шебер қолданады. Ж. Аймауытұлы монологтары ойлау, армандау, еске түсіру, диалог іспетті құбылып келе береді. Олар көбіне кейіпкердің ішкі əлемін, мінез құлық сипатын терең ашуға қызмет етеді.

Ақбілек тағдырының тауқыметі мұнымен бітпейді. Оны алда ет-жақындарының, тілі бір тілдесінің, діні бір діндестерінің қорлығы күтіп тұр еді. Төсек жаңғыртқан əкесі Мамырбайдың қатал мінезі, өгей шеше Өріктің өсек-аяңы, айттырған жігіті Бекболаттың суынуы – Ақбілек алдынан тосқан «тағдыр сыйы», өмір сыны. Ақбілек жүрегіне қосымша жүк артқан сол күндердің қасірет күйін жазушы кейіпкер ойы арқылы былай береді: «Бір қайғының үстіне бір қайғы жамылып, Ақбілек ең соңғы алданышынан айырылғандай, ойын қара тұман басты. Кешегі «өлгенім жақсы еді», деген ой тағы келді. Өзін бұл дүниеге керексіз, артық адамдай, жұртта қалған бұралқы, жұрым күшіктей көріп, табан тірерлік, сүйенерлік, аяқ астында алақандай жер қалмаған адамша жаны түршігіп, жүрегі ауызына тығылып, көзінің жасы көл болып аға берді, аға берді...».

Осынау қорлық пен мазаққа Ақбілекті шыдатқан қандай күш?! Ол – Ақбілек бойындағы үшінші қасиет – төзімділік. Жаны нəзік қыз болғанымен, Ақбілек керемет қайсар. Бұл оның өзі сезінбегенмен, туа біткен табиғатында бар қасиет. Автор Ақбілек бойындағы мұндай ерекше қасиетті əрбір қажетті сəтінде, керек кезінде ашып отырады. Мəселен Орынбордағы оқу кезіндегі қиындықтарды жеңе білу де оның осы төзімділігінің арқасы. «Бес жүзге тарта бала бар. Үй тар. Отын кем. Жұмасына бір жаға ма, жақпай ма. Үйдің іші былғаныш, сасық. Көп бала сасытпай тұра ма? Тесікті ашсаң, азынап суық кіреді – ауырып қаласың. Ашпасаң тұншығып кете жаздайсың. Оның үстіне тамақ та жайсыз. Ашаршылық жылы ғой. Таласып тармасып, күніне жарты қадақ нан, бұлдыры жоқ картоп салған сорпа ішесің. Кешке бір қайнаған су. Оқу оқып жетілгеннен бұрын, аштан өле жаздадық. Талай бала ауырып шығып кетті. Өлгендері де болды. Қыстың аяғына жете алмай, мен де жүдеу басқа айналдым».

Жазушы кейіпкерін жиі сын тезіне салып, сын сағатындағы мінез-құлық иірімдерін, ішкі жан дүниесін тап басып танытады.

Ақбілектің оқу іздеп шығуы да дəлелді. Ақтар арасында болғанда Ақбілектің тəніне ғана емес, жанына да өзгеріс енген еді. Өзі түсінбегенмен, оның жанына өзге бір əлем, өзге бір қарым-қатынас дəнін еккен Қарамұрт болатын. Ол ауылдан бекер кеткен жоқ, санасына жарық түсірген болымсыз сəуленің шырағын іздеп кеткен-ді.

Арада бес жыл өткеннен кейінгі Ақбілек – енді мүлде бөлек жан! Көкірек көзі ашылып, санасы жетілген, білікті де білімді адамды көреміз. Балташтай өзіне тең серігін тапқан Ақбілек – тағдырмен күрестің жеңісін көріп, жемісін татқан бақытты əйел. Оның жан жарасын жазған көзі ашық, көңілі ояу, қадірін білер Балташты кездестіруі немесе ұлы Ескендірмен табысуы ғана емес, сонымен қатар санасына нұр шашқан оқу-білім қуаты.

Жүсіпбек кейіпкерлері туралы аймауытовтанушы ғалым Р. Тұрысбек: «Романда жекеленген бейнелердің монологтары, өмірдегі мұраты мен міндеттері айқын бейленген» [1, 61], — деген түйін жасайды

Жүсіпбектің кейпкер жан-дүниесін ашудағы шеберлігіне: «Жазушының палитрасы өте бай. Бірде автор атынан төгілте əңгімелесе, бірде кейіпкерлердің өзіне сөз беріп (офицер, Бекболат, Мұқаш) олардың өздерін сөйлетеді. Енді бірде автор кейіпкерлердің жан дүниесіне еніп, солардың не сезініп, не қойғанын, не ойлағанын солар болып баяндайды. Кейіпкерлерінің жан дүниесі, психологиялық құбылыстары, қуаныштары, күйзелістері, мақсаттары мен армандары жазушы назарынан бір сəт қапас кетпейді. Мейлінше көркем, мейлінше айқын сөйлемдер əндетіп терме-жыр айтып отырғандай əсер береді. Қазақ ауыз əдебиетінің ең озық, Шығыс пен Батыс əдебиетінің көркем қара сөз жəне дастандық үлгілерінің бір-бірінен қабысқан, ұштасқан жерін Ақбілектен көрдім дер едім» [2] – деп кезінде жазушы Сайын Мұратбеков орынды бағасын берген-ді.

Ақбілектің жаңа өмірі басталған сəттен бастап, оған өздерінің сезімін ашқан Балташ пен Ақбала жаңа заманның адамдары ретінде көрінеді. Жаңа өмірдің салтына қадам басқан Ақбілек өмір белесіне қол ұстасып, қатар қадам басар серік іздеген сəтте өмір-тағдыр қос таңдауды алға тосады. Ақбілек тағдырдың талқысына түскен өмір атты қиын да қызықты құбылыстың қилы қиындықтарынан өткен жан ретінде, адалдық пен адамдыққа бас ұрады. Сөйтіп, көрсеқызар Ақбаладан гөрі, азаматтығы адамдығымен астасқан Балташты таңдайды.

«Ақбілек» романы – қазақ халқының ұлы өзгерістер тұсындағы қасірет-тауқыметін, жаңа өмірге бет бұрысын қарапайым қазақ қызының тағдыр-талайы, талғам-танымы арқылы кең көлемде көрсеткен толымды туынды» [3, 176].

Бұл шығарма туралы академик С. Қирабаев мынадай тұжырым жасағанды: «Қазақ романының алғашқы үлгілерінің бірі бола тұрса да, Жүсіпбектің бұл жанрдағы ізденісінде «Ақбілек» көрнекті орын алады. ...ол бұл шығармасында адам характерін тереңірек ашуға, кейіпкердің психологиялық жайларын толықтыруға көбірек көңіл бөлді. Жазушы суреткерлігі де артып, оның авторлық позициясы айқындала түсті. Сондықтан «Ақбілек» қазақ романының туу тарихында да, жазушы шығармашылығында да алғашқы кесек үлгі болып саналады» [3, 376].

Біздің бұған қосарымыз, Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақбілек» атты классикалық шығармасы қазақ əдебиетіндегі əйел бейнесін кең түрде жан-жақты ашып, айшықты сомдаған тұңғыш көлемді көркем туынды. Оған талас болмаса керек-ті. Жүсіпбек Аймауытов шығармашылық шеберлігінің мың сан шындығының бір сыры осында жатыр.

 

Әдебиеттер

  1. Тұрысбек Р. Ұлттық проза жəне «Ақбілек» əлемі // Ақиқат. – 2010. – № 12. – 58-69 бб.
  2. Мұратбеков С. Қазақ романы жəне «Ақбілек» // Қазақ əдебиеті. – 2004. – 28 мамыр.
  3. Әбдиманұлы Ө. Қазақ əдебиетіндегі ұлттық рух. – Алматы: Қазақ университеті, 210. – 176-376 бб.
  4. Қирабаев С. Көп томдық шығармалар жинағы. – Алматы: «Қазығұрт» баспасы, – 2007. Т. 4. – 424 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.