Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы Ы. Алтынсарин шығармаларының тәрбиелік мәні

Мақалада халық ағарту жұмысын бірінші рет қолға алған, сол жолда өмірінің ақырына дейін үздіксіз еңбек еткен жалынды патриот Ы.Алтынсариннің балалар әдебиетін қалыптастыруға қосқан үлесі талданады. Педагогикалық өмір жолы, қазақ мәдениетін дамытуы, ақындық және жазушылық қызметі қазақ әдебиеті тарихында өзіндік бағаға ие Ы.Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер білім бар жұрттар», «Әке мен бала», «Таза бұлақ», «Бай баласы мен жарлы баласы» сияқты еңбектерінің тақырыптық, тәрбиелік ерекшеліктері айтылады.

Ұлттың негізгі рухани қуатының деңгейі қай заманда болмасын, оның көркемдік дәстүрі, сабақтастығы, сондай-ақ мұра болып келген рухани-эстетикалық, адамгершілік құндылықтары мен сөз өнеріндегі жаңа жетістіктері арқылы өлшеніп отыратындығы белгілі екендігі анық.

Ұлттың тұғырын биіктететін рухани негізін нәрлендіріп, абыройын асарытын арна – әдебиет. Кез келген халықтың өзіндік дүниетанымының өлшемі оның материалдық байлығымен, экономикалық жетістігімен емес, ұрпақтан ұрпаққа жетер әдебиеті мен өрелі өнері

болып саналады. Бұған тарихтан мысалдар көп екендігі де шындық. Бүкіл адамзат баласының өркениет бесігі саналатын ежелгі Грек, Рим мемлекеттерінің аса қымбат қазынасы сол тұста ғалымдар мен қаламгерлер қаламынан туған еңбектер мен өнер туындылары.

Көркем әдебиеттің негізгі зерттеу объектісі өмір шындығы болса, осы өмір шындығы, адам образы арқылы көрініс табады. Өйткені:

«Адам – әдебиеттің жүрегі, адам өмірін бейнелеу – әдебиеттің түбегейлі мақсаты. Дүниежүзі әдебиетінің бұрын-соңды жасалған оңды үлгілерінен реалистік көркем туындыға үнемі

өзек болған адам өмірін, адам образын көреміз. Сондықтан әдебиеттің дүниетанытқыш және тәрбиелік құны адам өмірін қаншалықты толық, терең, нәзік суреттеуімен өлшенбек» [1]Бұндай ұдайы ізденіс, жүйелі еңбек балалар әдебиетіне де қатысты.

Балалар әдебиеті – сөз өнерінің өзекті саласы. Балаларға арналған дәуір талабынан туындаған шығармалардың жасөспірімдердің ой-өрісін, сана-сезімін дамыта отырып, оларға заман талабына сай білім-білік дағдыларын қалыптастырып және тәлім-тәрбие беруге бағытталуы – осы пәннің өзіне ғана тән басты ерекшелігі.

Әдебиет пәнін оқыту, соның негізінде балаларға жан-жақты тәрбие беру болашақ мұғалімдердің алдына балаларға арналған фольклор түрлерін, жазба әдебиет үлгілерін терең меңгертіп, іс жүзінде пайдалана білу мақсатын қояды.

Әдебиет – өнеріміздің үлкен бір арнасы, сүбелі бір саласы. Оның өн бойынан халқымыздың кешегі тарихы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпымен бірге шешендік өнері, даналығы, жалпы ұлттық болмысы айқын танылады.

«Шеберліктің ауқымы кең, ол бір ғана көркемдік құралды жете меңгеріп, тиімді пайдаланумен шыңдалмайды. Көркемдік құрал, әдіс-тәсіл атаулының бәрін табиғи түрде тұтастыра білгенде ғана шығармадағы адам характері, жан дүниесі жан-жақты, барынша терең ашыла түспек» [2,112].

Ғылымда қолдан жасалған шектеулерге, өтірік белсенділікке, саяси науқандыққа өзіндік пікірімен қарсы шығып, тек қана ғылыми шындыққа, нақты тарихи айғақтарға сүйенген зерттеушілердің бірегейі, ғалым Ә.Қоңыратбаевтың назарында ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әдебиеттің тұлғалы өкілдерінің бірі Ы.Алтынсарин өмірі мен шығармаларының өзіндік ерекшеліктері, тақырыптары болғандығын білеміз. Шоқан Уәлихановтың 1861 жылғы реформа тұсында, Ыбырай Алтынсарин реформаның толық жүзеге асқан кезеңінде, ал Абай болса 1868 жылғы реформа тұсында өмір сүргендігін білеміз. Ә.Қоңыратбаев өз еңбектерінде әр ағартушының көзқарасына тән ерекшеліктерін ашып көрсетеді.

«Ыбырай 1861 жылғы реформаның толық жүзеге асқан кезеңінде жазған қаламгер. 70-жылдардағы Шортанбай мен дулат дәуірінде Қостанай мен Торғайда жүрген Ыбырай қазақ халқының экономикасы, тұрмысы мен мәдениетінің неғұрлым жылдам дамып, ілгері басуына бет бұрған. Ыбырай идеясының жаңашылдығы осында... Ыбырай өзінің өлеңдерін 60-жылдары, прозасын 70-80 –жылдары жазған деп шамалаймыз. Ол ақын, жазушы, әрі педагог болғандықтан, өзінің ағартушылық пікірлерін көбіне ғибрат түрінде үндеп, үгіттеп отырады» [3],-деп Ы.Алтынсариннің ескі қоғам мен жаңа қоғам арасындағы қайшылықты көргендігін, оның басты тақырыбы – еңбек болғандығын айтады.

Ы.Алтынсариннің ұдайы көтерген тақырыптарының бірі – еңбек. «Бай баласы мен жарлы баласы», «Өрмекші, құмырысқа, қарлығаш», «Әке мен бала» т.б. көптеген әңгімелері мен аудармалары еңбек ету арқылы бар ойлаған мақсатыңа жететіндігіңді дәлелдейді.

«Бай баласы мен жарлы баласы» әңгімесінде Асан мен Үсенді салыстыру арқылы көп еңбектенген кедей баласы Үсеннің үлкен ақылпарасат иесі, сабырлы, пайымды бейнесін тіршілікке қыры жоқ болып өскен Асан образына қарама-қарсы қояды.

«Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар»деп салған ұран бүгінгі күнде де өзінің тәрбиелік мәнін жоғалтқан емес, керісінше айшықтана түскені де мойындайтын шындық.

«Бала – баршаның байлығы мен бақыты. Бүгінгі бала ертеңгі ер азамат болғандықтан да балаға қарап біз болашағымызды болжап, бағалаймыз, бағдарлаймыз» [4]. Тіршіліктің табалдырығынан енді аттаған сәбидің алдымен адам, жеке тұлға, саналы, парасатты азамат болып қалыптасуына берген тәрбиенің ықпалы зор. Мектеп қабырғасынан бастап бүлдіршін балаға Ы.Алтынсариннің шығармаларымен танысырып, қаһармандар образын санасына сіңірсек, еңбек ету арқылы оқу-білімге қол жеткізе алатындығын, кез-келген адамнан адамгершілікке толы іс-әрекет ету қолынан келетіндігін ұғындырсақ мақсатымызға жетеріміз анық.

Балаларға арналған шығармаларға қойылар талап жеңіл емес, әрбір баланың жүрегіне мейірімділік, сүйіспеншілік, адалдық, еңбекқорлық сезімдерін қалыптастыра алатын эмоциялық әсер қажет. Онда, ұлттық сипат, колорит, тағылымды тәрбие, танымдық білім т.б. басты назарда болуы шарт.

Ыбырай шығармалары балаларға арналғандықтан алдымен оның тілі жеңіл болуын қарастырған. Қарапайым тілмен, халықтың тілімен жазады. Баланың ұғымына қиын тиетін ауыр сөздер жоқ, сөйлемдері қысқа, әңгімелер көлемі шағын, оқиға желісі жинақы.

Ы.Алтынсарин шығармашылығының ерекшелігін танытуға арналған көптеген зерттеушілердің еңбектеріне сүйену арқылы жасалған сабақ жоспарын ұсынып көрелік.

Сабақтың тақырыбы: Педагог, ақын, жазушы – Ыбырай Алтынсарин 172 жаста

Білімділік: Педагогикалық өмір жолы, қазақ мәдениетін дамытуы, ақындық және жазушылық қызметі, сол дәуірдегі тарихи оқиғалар туралы білім-білік дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық: Педагог өмірі, қызметі жайлы ізденуге, логикалық ой еңбегіне тәрбиелеу, таным дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Эстетикалық адамгершілік-имандылық, еңбек, білім тәрбиесіне баулу.

Әдісі: ой шақыру стратегиясы, топтастыру, эвристикалық сұрақтар, слайд шоулар, баяндау, түсіндіру.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, орыс тілі, қазақ тілі

Сабақтың барысы І. Ұйымдастыру.

ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі.

Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік орны бар жазушының бірі – Ыбырай Алтынсарин. Ол – өз заманының ірі қоғам қайраткері, тұңғыш педагогі, жазушы, қазақ балалары үшін дүниелік ғылымдар негізін оқытатын тұңғыш қазақ мектебін ашушы.

Х.Сүйіншәлиев

ІІІ. Қызығушылығын ояту. ЫБЫРАЙ КІМ?

ақын философ

жазушы ағартушы

ғалым этнограф

демократ аудармашы

методист публицист тұңғыш педагог қоғам қайраткері

1.Паульсоннан:

2. Л.Толстойдан:

3.К.Ушинскийден

Бір уыс мақта;

Селинги ханым;

Түлкі мен ешкі;

Алтын шеттеуік;

-Тәкаппаршылық;

  • Мұңсыз адам;
  • Данышпан қазы;
  • Үш ұры;

Сауысқан мен қарға;

Әдеп.

  • Жақсылыққа жамандық;
  • Жаман жолдас
 

4. И. Крыловтан:

  • Қайырымды түлкі;
  • Егіннің бастары;
  • Қарға мен түлкі.
   
 

IV. Ой қорыту:

А. «Білім дөңгелегі» ойыны сұрақтары:

 

1,2,3,4

1,2,3,4

1,2,3,4

1,2,3,4

1.Ыбырай Алтынсарин өмірі:

    1. Ыбырай Алтынсариннің туған жері, мерзімі.
    2. 1850жылы Ыбырай оқыған орыс-қазақ мектебі орналасқан қала
    3. 1853 жылы Орынбордағы шекаралық комиссияда тілмаш қызметінде жүргенде танысқан Шығыс зерттеушісі, прфессор.
    4. Ыбырай алғаш мұғалім болған мектеп 2.Ыбырай Алтынсарин шығармалары: 2.1.Ыбырай аудармалары?

2.2.Педагогтің үндеуге айналған өлең жолдары? 2.3.Ыыбырай әңгімелеріндегі басты тақырып?

2.4. Этнографиялық очерктері?

  1. Ыбырай туралы ізденістер, көркем шығармалары:
    1. «Дала қоңырауы» поэмасының авторы?
    2. Н.Ильминский естелігінің тақырыбы?
    3. Ә.Дербісалиннің Ы. Алтынсарин туралы зерттеу еңбегі, баспадан шыққан мерзімі?
    4. 1884 жылы «Оренбургский листок» газетінде Ы.Алтынсариннің бүгінгі және болашақтағы қазақ мектебінің дамуына тигізер әсері туралы жазылған мақаланың авторы?
  2. Ыбырайдың ұстаздық жолы:
    1. Ы. Алтынсарин аштырған мектептер?
    2. Ы.Алтынсариннің қазақ тарихы алдындағы еңбегі?
    3. Ы.Алтынсариннің методикалық еңбектері?
    4. Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиетіне енгізген жанрлары? Ә. Әр топ өз мәліметтерімен таныстыру:
    • «Ыбырайтанушылар» (Ыбырай туралы мәлімет жинауы, Ы.Алтынсарин туралы жазылған материалдар негізінде педагогикалық әдістемелік еңбектері бойынша өз ізденістері негізінде педагогикалық әрекетіне, тарихи жағдайларға талдау, түсінік айту)
    • «Зияткерлер» тобы (Ақындық, жазушылық, ғылыми еңбектері негізінде талдау, түсінік айту) Б. «Дала қоңырауы» тақырыбында эссе жазу.
  3. Қорыту. «Слайд шоу» арқылы
  4. Бағалау.
  5. Үйге тапсырма «Тарих және Ыбырай» тақырыбына 10 минуттық эссе жазу. 3 – өзіндік жұмыс
  6. Балалар әдебиетінің талаптарына сәйкестендіріп: «Бала тілі – бал», «Балабақшада», «Он жасар чемпион», «Балалар үйінде» тақырыптарында эссе жазу.
  7. «Білесің бе?» ойын тапсырмасының сұрақтары мен жауап үлгісін толықтыру. а. Ыбырайдың этнографиялық тақырыптағы шығармасы...

б.Табиғатты жырлаған өлеңдері... с. Әлпештеген ата-ана

Қартаятын күн болар. Қартайғанда жабығып Мал таятын күн болар... Үзінді тақырыбы: Жауап үлгісі

  1. Ыбырайдың этнографиялық тақырыптағы шығармасы. «Өлген адамды жерлеу»
  2. Табиғатты жырлаған өлеңдері: «Өзен», «Жаз»
  3. Әлпештеген ата-ана Қартаятын күн болар. Қартайғанда жабығып, Мал таятын күн болар.

Үзінді тақырыбы: «Кел, балалар, оқылық»

  1. Ғылыми еңбектермен, естеліктермен жұмыс.
  2. Ыбырайдың хаттары, үкіметке жазған есеп-мақалалары бойынша, оның демократтық ағартушылық көзқарасын білдіретін пікірлерін саралап ала білу.
  3. Ыбырайдың білім беру, тәрбиелеу, оқушы-мұғалім-оқулық туралы пікірлерін жинақтап (хат, мақала, әдеби шығармалары бойынша), оның педагогика, әдістеме, тәрбие жайындағы ілімдеріне өзіндік пікір, баға беруге талпыну.
  4. Бүгінгі, болашақтағы қазақ мектептеріне Ыбырай мұрасының ықпалы жайында айтысқа негізделген пікірталасын жүргізу, пікірлерін қорғай білу.
  5. Ыбырайдың төл шығармасын, таза аудармасын, еркін аудармасын ажырату, жүйелеу, іздену.
  6. Ыбырайдың «Өнер-білім бар жұрттар»

Мемлекет балалық шақты адам өмірінің маңызды кезеңі деп таниды және балалардың қоғамдағы толыққанды өмірдегі құқықтарының басымды ұстанымдарын көздейді. Адамзат баласының ұрпақ тәрбиесіне аса мән беріп, оның бойына жақсылық атаулыны жиятыны бесенеден белгілі. Қазіргі уақытта балаларға арналған көркем туындылардың бүгінгі заман талабына жауап бере алмайтындығы жиі сөз болып жүр. Балаларға арнап жазатын ақын-жазушыларымыздың өзі бұл тақырыпқа жиі соға бермейтіндігі оның тым күрделілігінен болса керек. Оның үстіне ақпарат тасқыны жүріп жатқан қоғамда балалардың өздігінен көркем туындыларды оқуының өзі қиынға соғып отыр.

Балалар тәрбиесіндегі кемшілікті біз көркем әдебиет оқымағандығынан немесе тек қоғамдық тәрбие беру орталықтарынан ғана емес, ертегі айтар әже тәрбиесінің азайғанынан да байқауға болады.

Осыған орай, «Біздің балаларымыз – еліміздің және әлем азаматтарының ертеңгі болашағы. Олар тарихты жасайды. Біздің балаларымыз – болашақ аналар мен әкелер. Олар да өздерінің балаларын тәрбиелейтін болады. Балаларымыздың тамаша азамат болып өсулері қажет. Алайда, әңгіме мұнымен бітпейді, балаларымыз – бұл біздің ертеңгі қарттығымыз. Дұрыс тәрбие – бұл біздің бақытты кәрілігіміз, нашар тәрбие – бұл біздің болашақ қайғымыз, көз жасымыз: басқа адамдар алдындағы, ел алдындағы кінамыз болып табылады» [5], – деген пікірмен келісуге де болады.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың басымды бағыты өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесін дамыту болып табылады.

Ұрпақ тәрбиесінде әлем халықтары өзінің сан ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тарихи тәжірибесін қолданады. Келешек иелерін тәрбиелеудің негізі өздері әрқашанда өткен уақыттан қалған бай мұра болмақ. Жылдар өтіп, ел жаңарған сайын жаңғыра түсетін, қайта айналып соға беретін тақырып ұрпақ тәрбиесі. Кеңестер Одағы кезінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты мәселелелерде одақтағы әр ұлттың өз салт-дәстүрі, әдет-ғұрып, мәдени ерекшеліктері ескерілмеді. Бүгінгі тәрбие үрдісін халқымыздың әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ұлттық ерекшеліктерін ұстана отырып, жаңарту керек. Бала ең алдымен өз ұлтының мәдениетін бойына сіңіріп, сонан соң өзге халықтардың мәдениетінің игі мұрасын меңгергені дұрыс. Жалпы дүниежүзілік өркениет әр ұлттың рухани қазынасы арқылы дамып, байып отыратыны сөзсіз.

 

Әдебиеттер

  1. Қаратаев М. Таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1974.
  2. Мәмесейітов Т. Зерделілік айнасы. – Алматы: Жазушы, 1988. – 112 б.
  3. Қоңыратбаев Ә. Қазақ әдебиетінің тарихы. – Алматы: Санат, 1994. – 128-130 б.
  4. Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Өнер, 1995. – 102 б.
  5. Күмісбайұлы Ш. Балалар әдебиетіне деген ықыласты күтемін// Қазақ әдебиеті. – 1 маусым, 2007.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.