Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының жазба нұсқасындағы мазмұндық ерекшеліктер

Мақалада қазақтың ғашықтық жыры «Қозы Көрпеш-Баян сұлудың» таралу кезеңі, таралған аймақтар, ел ішіндегі қабылдану кеңістігі, соншама көп нұсқалық өзгеріске енуі, алғаш хатқа түсіп жиналып, жарық көру барысы іздену бағытына алынады. Бұл ғашықтық жырдың Қазақстан жеріне тараған нұсқаларын түгендеп, әлем қазақтарына жеткендегі өзгерістері түйінделеді. Қытай қазақтарына тарап жүрген «Ғашықтық ғаламаты» деген жыр нұсқасының өзге 32 нұсқасынан көп парықты болуындағы мазмұндарға талдау жасалады. Қытай қазақтарындағы нұсқаның ауызша таралған нұсқа емес, жазба поэмаға жақын екеніне ғылыми кесім жасалады. Сол жазба нұсқасының мазмұндық бөліктері, ұқсамаған кейіпкерлер есімі, сюжеттің алмасуы, трагедиялық тартыстың жаңа дәуір шындығына бейім сипатпен жасалуы, көркемдік деңгейінің көтерілуі қатарлы нұсқалық жаңалығының артықшылығы мен ағаттықтары түгенделеді. Негізі Қазақстан жерінде табылған ғашықтық жыр нұсқалары мен Қытай қазақтарында таралған нұсқасындағы елеулі парықтар мен өзгерістердің фольклорлық негізі сын таразысына салынады. «Ғашықтық ғаламаты» атты жыр нұсқасына ғылыми талдау жасалады.

Қазақ даласындағы еркін өмірдің еркесі, сұлу табиғаттың сұмбылы, ақжал өзеннің арыны, ақбас таулардың жалыны бар, аңқылдаған адамдардың ақ көңілі сіңген қазақ жастарының жан дүниесі де тұнық. Сахарада көшіп жүрген, өмірі кең далада, төңкерілген ашық аспан астында, өзен, судың жағасында өтетін елдің елік мүсіндей ұлдары мен құралай көзді қыздары адалдығын жоғалтпай, таза арын алтын жүзікке сидырып сағыныштың шыңырауына батқан, ақ махаббатын ардақтай білген асыл жандар. Сан ғасырлық аумалы-төкпелі заманда ғашықтықтың еркіндігін қалаған, қиын-қыстау тосқауылдардан өтуге өмірін арнаған ғашықтардың азатшыл идеясы жан жылулығын аңсаған қазақ жастарының ғана жан жүрегімен мүсінделді. Ғашықтық оқиғалар аңыздан-аңызға айналып, сайын даланың түкпір-түкпірін шарлап ең соңында рухани мұра ғашықтар жыры болып ел есінде қалды. Әр дәуірдегі жастар ғашықтар әңгімесінен өз қалағанын тауып алып, еміріне еске түсіріп келеді. Сондай жырлардың тамаша үлгісі«Қозы КөрпешБаян сұлу».

Қозы Көрпеш пен Баянның махаббат әңгімесі жалғыз қазақ емес, түркы текті ұлттардың фольклорында ортақ ұшырайды. Қазақ елінде бұл жырдың неше алуан нұсқасы әр аймақта өзгеше сақталғаны белгілі. Таралған өңірлеріде төтенше кең. Іле өзені, Жетісу аймағының тартып қазақ жасаған елді мекендерде жырдың тартымды нұсқалары табылып келеді. Әлем қазақтары да бұл жырдың түрлі нұсқаларын фольклорлық қорынан өшірген емес, жаттап құнды қасиетін ғылыми бағалап келеді.

Қос ғашық жөніндегі аңыз-бұл ғашықтық жырдың ең байырғы кезеңдегі өңделмеген ескі материял көзі. Оның сюжеті біздің заманымыздан неше ғасыр бұрын пайда болғаны анық. Алтай, Ертіс, Тарбағатай, Алатауда қоныстанған тайпалар ортасында кең таралған жыр. Ел ауызынан екшеліп, сұрыпталып, неше рет өзгеріске түскен ғашықтық жырлардың түріне жатады. Бұл жырдың қазіргі күнге дейін 33 вариянты табылып, ғылыми кеңістікте мойындалды [1, 36]. Аталған жыр нұсқалары қазақ даласына пеодалдық қоғам орнаған кездің тірліктерін жырлайды. пеодалдық қоғамға сәйкес салтсана мен әдет-ғұрып кемістігін сынап, әйелдердің бас бостандығын тілеген азат идеясын дәріптеу басты мақсат етіледі. Пэодал шонжарлар, бай-манаптар әйелді малға сатып алып, қалаған жұмысқа шегетін, бас еркіндігін бермей қорлайтын, жастарға махаббат жолын өзі талдауға жол қоймайтын ауыр қысымдар жасады. Бұл жыр сол қоғамдық ауқымды көтеріп, Қозы мен Баянның тағдырын жырлап, ашық қарсылық білдірді. Бұл жыр таралғаннан бастап, неше өңдеуге ұшырап бүгінгі әдеби мұраға айналу барысына дейін сан ғасырдың қоспасы қосылып отырды. Әр дәуірдің қоғамдық ауқымы, адамдарының жарқын идеясы сіңдіріле бастады. Ғашықтық жыр ел қолына теңдік алғаннан соң, қайтадан дәріптелді әрі құнын тани біліп, бір бөлім вариянтын жинастырып баспа сөзде жариялауға мүмкіндік туды. Бұл вариянттардың жиналу барысы өте ұзақ мерзімді қамтиды. Жиналуы да бір келкі емес.

Ең алғаш «Қозы КөрпешБаян сұлу» жырының башқұрт тіліндегі бір нұсқасын 1812 жылы Т.Белияов жазып алып, Қазан баспасында басып шығып жариялайды [2, 196]. Жырдың қазақ даласына тарған нұсқаларын 1830-жылдардан бастап белгілі шығыстанушы Г. Саблоков, орыс халқының ұлы ақыны А.С.Пушкин жазып алады. Бұл нұсқалар Шөже жырына жақын келеді. Одан кейін қазақтың ұлы ағартушысы, демократы Шоқан Валиханов Жанақ ақынның ауызынан 1842-жылы жазып алса, Шөже ақынның аузынан 1864жылы жазып алып, кейін есіне түсіріп отырады. Бұл жырға өте қызыққан дәнішпан Абай Жанақтың жазуынан, Сыбанбайдың, Найман баланың, Айтпай ақынның жырлауынан естіп біледі. Жанақ нұсқасын Абай 1884-жылы жазып алып, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жыры деп атайды [3, 3-4].

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының қазақ, ұйғыр, барабы татарларының арасындағы түрлі нұсқаларын халық аузынан жазып алып, сол елдердің өз тілінде тұңғыш рет жариялаған, айрықша еңбек сіңірген зерттеушіакадемик В. В. Радлов [4, 253]. Ол бұл ғашықтық жырды кең байтақ сахараны шарлау барысында кезіктіруші әрі арнайы тоқталып зерттеу алып барушы. «Қозы КөрпешБаян сұлу» жырының қазақша нұсқасын В.В. Радлов 1865жылы Аягөз бойынан жазып алып, кітабына енгізеді. Радловтан соң, Й.Н. Березин, П. Мелиорански, Н. Катанов, Е. Баранов, Й.А. Кастане қатарлы фольклортанушылар да жинап, пікір айтады.

Орыс фольклористерінің назарын аударған танымалы ғашықтық жырды қазақ көрегендері көрмей қалған жоқ. Жатқа айтылып келген жаһұт жырды қазақ оқымыстыларға хатқа түсіріп, қатталған бетін ашып қадағалай зерттеуге қадам тастады. Бұрын тек Шоқан мен Абайдың жинаған нұсқаларына ғана назар аударып келсе, енді жаңа вариянттарын тауып, таныса бастады. Жинау, реттеуге көңіл бөлді. Октабр төңкерісінен кейін Совет одағы қазақ топырағында жырдың түрліше вариянттары мол жиналып, кейбір нұсқалары бірнеше рет

басылым көрді. Шөже нұсқасы да револоциядан кейін жазылып алынды. Әдебиет институтының қолжазбалар қорында Шөже ақынның тағы бір үлгісі сақталуда. АйтушысыМұхан машанов. Жазып алған 1905бозтай жақіпбайев. Жырдың тағы басқа вариантын ы. Дүйсенбаев. Тапқан Абдырахманов. Сосын фыролов, Батырханов нұсқаларында қосуға болады. Жанақ ақын жырлаған нұсқасын кейде Бейсенбай нұсқасы деп те атайды. Бірақ Бейсенбай жырлаған жырдың соңы трагедиялық күймен аяқталмайды.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының басты айтушылары-Жанақ, Шөже, Бекбау және Бейсенбай [5, 118]. Ал аталмыш жырдың көне ауыз екі сақталған нұсқаларынан басқа төл жазба туындыға айналдырған және азырақ өзгертіп жаңғыртып жырлаған ақындардың вариянттық дәстүрін кезіктіруге болады. Олар жыр сюжетін түбегейлі өзгертпей, белгілі заманалық жаңалықтар қосып жырлаған ақындар туверчецуасы есептеледі. «Қозы КөрпешБаян сұлу» жыры орыс ғалымдары мен ақындарының да назарын аударадын. Көкшетау ақыны Г.Н. Туеритин (1889-1921) бұл жырдың бір нұсқасын поэма түрінде жырлап кетеді. Бұл поөма еркін аударма. Түрліше шегіністері көбірек суреттелген (Ә.Қоңыратбаев). Қазақтың халық ақындары ішінен Қозы мен Баян әңгімесін Қазақстан республикасы Семей облысы Абай ауданында өткен Шәкір Әбенов жаңғырта жырлады. Шәкір эырдаған жазба поэма 1936жылы басылым көрді.

Қытай қазақтарында жырдың Жанақ нұсқасы мен Шөже нұсқасы жаппай таралумен бірге, жаңа вариянты баспа бетін көріп отыр. Бұл жөнінде «қазақтың ғашықтық жырлары» деген кітаптың алғы сөзінде мынандай сілтеме беріледі.

Бұл дастандардың ішіндегі «ғашықтық ғаламаты» жарияланып кеткен «Қозы КөрпешБаян сұлу» дастанының жаңа бір вариянты.

«Ғашықтық ғаламаты» дастаны Шинжияң Іле ақыны Дәуіт отарбай ұлының 1915-жылы жазып қалдырған нұсқасы бойынша тұңғыш рет жарияланды [6, 75].

Бұл нұсқа Қытай қазақтарына тарап кеткен жырдың жаңа бір нұсқасы. Десе де дастанды оқып көргеннен кейін бұл дастанның жаңғыртып, жаңалап жырлаған нұсқасы екенін байқауға болады. Ғашықтық жырдың көне тілдерін көріктендіріп көркем тілге айналдырып, кейіпкер есімдерін өзгертіп алуы жазба поэмаға тіптен ұқсап кетеді. Оқиғалығында да қызықты қыстырма сюжеттер қосылған. Іленің халық ақыны Дәуіт Отарбай ұлы өз қолымен қайталай жазып шыққан нұсқаға бейім келеді. Ақын жыр басында да айқын ескертеді.

Кім туар дүниеде тақтан аумай, Неше хан өтіп кеткен ала таудай. Дүниеде неше түрлі ғашық өткен, Сырты бүтін, іші түтін лаулай алмай.

Ал, Дәуіт, қалам ұста, ұшын тежеп, Көңілге бір пазылды қойма кезеп. Бұрынғы Ноғайлының заманында, Сөйлейтін бір хиссадан келді кезек [7, 1]

деген тіркестер бар. «Ал, Дәуіт, қалам ұста, үшын тежеп» дейтін тіркес Дәуіт ақынның жырды қаламмен жазып қалдырғанын бейнелеп тұрады. Бірақ бұл дастан жазба поэманың көркем үлгісін ұстанбаған. Мазмұны фольклордың ерекшеліктерімен көрінеді. Бұл мақалада еліміз қазақтарына тараған жаңа вариянтты таныстыруға, басқа нұсқаларымен парқын айқындауға арнайы зерттеу жүргізу мақсат етіледі.

«Ғашықтық ғаламаты»-он бір буынды қара өлең ұйқасымен жазылған махаббат жыры. Қытай халық республикасы Шинжияң өлкесі Үрімжі қаласы «жастар-өрендер баспасынан » шыққан «қазақтың ғашықтық жырлары» дейтін алманақтың №7томында жарық көрген. Көлемі 88 бет ( 80-беттен 188бетке дейін ), 635 шумақ, 2540 жол. Дәуіт Отарбай ұлы жырлаған. Дәуіт ақынның немересі берген нұсқадан Мәулет Құрманбек ұлы жазып алған. Қ. Нұртаза ұлы реттеген. 1915жылы жазылып алынады. Жырдың таралған териториясы Іленің Құлжа ауданына дерлік таралумен бірге, Іленің басқа аудандарына да тараған. Көрші аймақ Тарбағатай жеріндегі қазақтар арасына да жетеді. Алтайға да бұл нұсқа бейтаныс емес.

Ескіліктің кұпиясын жамылған жалынды, тынысты жыр «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»-бір дәуірдің ғана туындысы емес. Жырдың туған заманы туралы тұрақтанған пікір жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл ғашықтық жырды VІІІ-Х ғасырлардағы тұркешқарлық дәуірінің ескерткіші деп ұйғарады. М.Силченко фэодализимнің алғашқы кезеңінде (Ⅹ ғасыр) туған дейді.

Қазақ айтушылары жырдың сюжетін Ноғайлы дәуірімен байланыстырады. Аталмыш жыр тек 19-ғасырдың келгенде ғана баспа бетін көріп, жұртшылыққа таныс болғандықтан, оның көптеген тарихи белгілері өшкіндеп, дәуірлік түсі жаңаланып отырған.

Жырдың сюжеті өзге ұлттар башқұрт, моңғұл, яқұт, ұйғыр, Сібір татарларында болғандықтан тарихын арыдан іздеуге тура келеді. Жырдың ертегілік мазмұны берілген нұсқалар Алтай, Жетісу жағында, Оғыз тайпалар дәуірінде туған деп қаралады. Ал 2002-жылы Қазақстан халқы Юнеско көлемінде «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырының 1500 жылдығын атап өтті. Жыр тарихы фэодализимнің ең бастапқы сатысы патриярхалдық-фэодалдық қарым-қатынас үстем орында тұрған дәуірдегі қазақ қоғамындағы қайшылқтарды жеріне жете әшкерлейді. Ғашық жарлардың теңдік ала алмаған қайғы-қасіретін, мұң-зарын толғап, бас бостандығын аңсауды басты тақырып етеді. Феэодал шонжарлардың жексұрын қылықтарына қамшы сілтейді.

Қытай қазақтарына таныс болған «ғашықтық ғаламаты» деген вариянтында дәуірлік корініс айқын суреттеледі. Ол жырда феэодалдық қоғамның қатал заңдарының құрбаны болған жастардың аянышты тағдырын ашына жырлауды басты орынға қояды.

«Ғашықтық ғаламаты» өзге вариянттарға ұқсамайтын мазмұндармен көріледі. Қарабайдың сараңдығын емес, алмастырып Сарыбайдың сараңдығын келеке етеді. Байлық үшін барын салып, пасық күйде жүретін байлар типі Сарыбай болады. Бұрынғы Ноғайлының заманында өткен қазақ қауымының тірлігінен сыр ашады.

Он екі ру өзбек деген ел бар екен, Дейтұғын Алтай, Қаңғай жер бар екен. Қаңғайды сансыз моңғол мекен еткен, Атақты моңғол шеңгел бел бар екен [7, 45].

Қалмақпен қоныстас отырған мұсылман еліне қарайтын екі бай Қарабайдың Қалтайдан тарағанын, Сарыбайдың Бағыс елінен өсіп өнгенін руларына дейін анық атайды. Ескі замандағы Естек пен моңғұлдардың көрші отырғанын дастанның басында баяндайды. Алтай мен Қаңғай жерінде көшіп-қонып жүрген көшпелі елдің еркін өмірінен елес беріп, олардың дарқан мекенін, аңқылдаған елін жырға қосады. Жыр осылай басталғанымен сюжет құрылымында қазақ қауымының ислам дініне сеніп, бір алланың құдыретіне табынатын бүгінгі дәуірдің болмысын да қосып отырады. Жыр соңында Қарабай елінің Шинжияң топырағында қазіргі күнге дейін бар екенін, ұрпақтарға олардың іздерін жалғап келе жатқанын айтып жаңа қоғамға дейін жалғастырады.

Сол жігіт Лобнұрға барған екен, Хотан дейтін шәріден арман екен. Үндістанның жеріне таяуырақ, Соған да сауда жолын салған екен.

Жүздей-ақ ауғанында түтін екен, Бұзылмаған шаруасы бүтін екен. Қазақта естек деген елміз дейді, Әйтеуір діні кетпей күтулі екен [7, 50].

Міне бұл шумақтарда Қарабай мен Сарыбайдың ұрпағы оңтүстғк Шинжияңда жасаған ұйғырлармен бірге қазірде өмір сүріп келеді деген болжам айтады. Жырдың жазба ұлгісі осы жағынан ұқсастық танытады.

Айтыскер, қаламгер Дәуіт өткен мен бүгінді жалғап дәуірлік тынысты жаңалап көрсетуге барынша назар аударады. Осы арқылы ғашықтық жырға бүгіннің таңбасын баса көрсетуге талпыныс жасайды. Ескі жырды електен өткізіп сюжетіндегі қалаулысын алып, қалған деталдарды толық қамтуды мақсат етпейді.

Дәуіт жырдың сюжетіне де өзгеріс енгізіп жырлайды. Бұрын айтылатын балталы, бағаналы елден келген немесе Абай айтатын салталы, сақалы елден келген Қарабай мен Сарыбайдың орнын ауыстырып, естек дейтін елдің ұрпағы деп түсіндіреді. Аңшылықта табысып достасқан екі бай, ежеқабыл құдалық өткізеді. Құдандалық қатынастың бодауына Сарыбай Қарабайға буаз малдарды атқызып, дүниеден ерте жөнелтеді. Ал олардың балалары сегіз жасқа келгенде Сарыбай бөліне көшеді. Алдымен Жандос, одан соң Қозы Сарыбай қоныстарына іздеу салады. Іздеп тауып Баянды алып қашып қосылады. Өз елінде ұлан-асыр той жасап алғашқы күндерін көңілді өткізсе де, қайыншылап барған күйеу бала арақ ішіп отырған жерінде қодардың байқаусызда жүрекке пышақ салуымен өмірі трагедияға жолығады. Ал Баян басына төнген ауыр қасыретті ернінерніне тістеп жүріп көтеріп Қозының қырқын өткізіп, басына өте айбынды күмбез орнатып барып өзі де көрге кіріп жарық дүниемен қоштасады. Бұндай бейнелеу өзге вариянтта сирек кездеседі. Қозы мен Баянның 8 жасқа келгенше балалықпен бірге ойнауы, Қозының ержеткен соң Баянды іздеп барып алып қашуы, еліне аман жетіп қуанышты той өткізуі, ауылаймағын тегіс шақыруы, Қозының Сарыбай еліне қайындап баруы, Қодармен бірге отырып бүгінгі күннің ашты сусыны арақты сылқита ішуі, Қозы өлген соң Баянның қырқын өткізіп, басына күмбез орнатуы, оның Қарабай ұрпақтарының елді мекенінен табылуы өзге Жанақ және Шөже нұсқасында кездеспейтін оғиғалықтар есептеледі. Жыршы Дәуіт жыр сюжетін шытырман оқиғалықтарға құру үшін, осы деталдарды пайдалануға батылдық жасайды. Ал жырдағы басқа вариянттарда мүлде ұқсамайтын мазмұн-Қодардың Дюана кейіпке енуі. Қозымен тосыт соғыстырып арақты сылқылдата жұтуы, бұл ескі мен бүгінгіның қоспасы.

Бір Дюана ел шетін ақтап жүрді, Анада мынау бар деп қақсап жүрді. Садақа қайыр жиған нәрсені алып,

Қасында Шағатай ит жақтап жүрді. Ел еркін, ауыл йесіз болған кезде,

Барсам деп ақ отауға шақтап жүрді [7, 56].

Мінеки Қозының қас дұшпаны Қодар дюана болып жасанып, елден қайырсадақа жиып жүріп Қозыға серік болады. Оның болашағынан болжамдар айтып, бірге арақ ішуге дейін барады. Бұрынғы вариянттарда Қозы у ішіп жан тәсілім болса, бұл жырда Қозы арақтан удай мас болып қодардың пышағынан шыбын жанынан айырылады. Бұл жырды жаңа дәуірге сәйкесітіріп алған қыстырма оқиға есептеледі.

«Ғашықтық ғаламаты» жырының соңғы сөзінде дүниені шарлап сауда жасап жүрген кезбе саудагер Тұрсынбайдың баласы Әбділ Ләтіптің ауызынан берілген әңгіме мүлде тыңнан кірістіріледі. Ол сюжеттік оқиға екі ғашыққа қамқор болған елдің соңғы ұрпағын іздеу үшін алынған қортындыдай сезіледі. Сол ұрпақтардың Қытайға келіп қазіргі күнде тірлік етіп жатқанын да айтады. Жырдың дәуірлік өзгерісі, оған қосылған қоспалар Дәуіттің ауызынан ғана беріледі. Ал бұрынғы жыршылар қазақтың ежелгі өміртынысын баса жырлайды. Ертедегі көне салтсана, шілдехана, той салты, өлімжітім жөнелту салты, аударыспақ, көкпар тарту қатарлы салттар айна қатесіз беріледі. Дәуіт жырлаған жыр варианттарында бұл дәстүрлі ойын, салттар жойылып кетпейді. Қайта, түрлендіріліп барынша шеберлікпен жырланады.

«Ғашықтық ғаламаты» атты жазба нұсқасынла сюжеттік парық кездесіп қоймай жер-су аттары мен адам аттары жөнінде де ұқсамаған мазмұндер беріледі. Жыршы Дәуіт өткен ғашықтар трагедиясынан мүлде хабарсыз фольклорис емес. Ол Қозы мен Баянның жасаған ортасынан, қатысқан адамдардың есімдерінен, жасаған жердің териториялық бөлінісінен, табиғат көрінісінен белгілі сауатқа йе оқымысты. Солай бола тұрса да дастанның мазмұнына жаңалау алып барып, жақсы нұсқа шығаруға барынша күш шығарады. Сарыбайды сараң, қарабайды қайсар, адал жан ретінде бағалайды. Жырда аты өзгерген кейіпкерлер: ноғайлының бір бегі Қодардың есімі-Әбдыжапар, Тайлақ бидің немересі Айбастың атыЖандос, жаңадан сайланған қалмақтың ханы Уаң хан, Тауасар шешен, ақсақ кемпір, Баянның ағасы Сағымбай мен жеңгесі Айсұлу, Қоған, Мысжан, қас қараубайдың тойы, Майлыбай би (Тайлақ бидің орнына алынған), Қодардың серігі Шағатай, Әбдүлләтіп, Қалтай, Бағыс (ру аттары) қатарлы өзгеше аталады.

Ғашықтық жырдағы адам аттарының өзгеше аталуы айтушының жырды басқа формамен жаңаша тудыруымен байланысты. Бірақ, сол адамдардың істеген істері бұрынғы кейіпкерлердің іс-әрекетінен шеттеп кетпейді. Тек аттары өзгереді. Бұрын мүлде кезікпейтін Мысжан, Сағымбай және Айсұлу қатарлы кейіпкерлерде ұшырасыды. Тіпті дастанның соңында бүгінгі саудагер жігіт Әбдұл Ләтіп те дастанда жаңаша харектерлермен ортаға шығады. Міне бұлар адам аттарындағы айқын өзгеріс.

«Ғашықтық ғаламаты» атты жыр нұсқасында жерсуаттары көп жаңаланады.

Сарыбай бастап көшті елден ауып, Көңілін көтермекке қылар сауық. Өзенге қырат асып қона қалса, Қыран құсы қашыпты ебін тауып.

Ол жердің атын содан қыран қойды, Үріккен ел үрей қумай жыяр ма ойды. Оған да байыз таппай көшіп еді, Зорығып бір бурасы жолда өледі.

Ол жердің атын қойып бура асуы Тоқтамай толғанғандай жөнеледі.

Қонады онан өтіп бақын суға, Ұржардың маңайына жақын суға. Тегінде ұйғыр тұрған мекен етіп,

Маңғолдар атайды оны қатын суда [7, 61].

Жырда Сарыбай көшкен мекендер мынадай жерлермен тектеледі: Қыран өзені, Бура асуы, Бақын су, Үржар, сосын елсіз мекеннен өтіп, Жеменейге жеткені айтылады. Ал жырдың өзге нұсұаларында көш батыстан шығысқа қарай жол тартады. Ертісті өрлейді, қара су көліне жетеді. Одан кері бұрылып, Алатау жағалап, Ілені баса Құлжаға бет түзейді. Іледен көшіп Шыршыққа, одан кейін Сыр бойына ат шалдырады. Қоқанға да қаңғырып барады. Сарыарқаның бетбақ даланың бетбақ даласын басып өтеді. Ал «ғашықтық ғаламаты» атты нұсқада бұл мекендер басқаша аталады. Алтай және Қаңқай деген екі жердің есімі ғана таныс. Қалған өңірлер бейтеныс сезіледі. Қазіргі Қытай жеріндегі қалалар мен аудандар қамтылып жүреді. Мәселен, Құлжа, Үрімжі, Бижиң, Қотан, Жеменей қатарлы жаңа қалалар араласаып жүреді. Жырау Дәуіт аталмыш жырды бүгінгі күнге барынша бейімдеп жіберген.

«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры-романтикалық және писихологиялық негізге құрылған аса кәркем лирикалық жыр. Оның әрбір вариянтынан қазақтың он бір буынды қара өлең өлшемін, өлең жүйесін байқауға болады. Халықтық тілдің қаймағы бұзылмаған қайнар көзін, жырдың жібек баулы жіңішке шашақтарын тағып, әуезділігімен, саздылығымен, тартымдылғымен ойға көркем эстетика бағыштайды. Кейіпкерлердің жүрек түкпіріндегі терең сырларға үңіліп, саңлаусыз қалтарыстарына бара алады. Жыр геройы болған Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ауызынан сүзілген сұлу сөздерді шымыр ұйқастарға бағынады. Қазақтың бай сөздік қорынан молынан пайдаланады. Көнеріп кеткен архаизим сөздерді жандандырып, шешендік толғамдарды толық пайдаланады. Екі ғашықтың айналасындағы адамдардың да портыретін жасаумен бірге, табиғат сұлулығын суреттеуге көп кұш шығарады.

«Ғашықтық ғаламаты »атты бұл нұсқада көркем суреттеулер, параллелдік салыстырулар, ритімді ырғақтар шебер құрылыстырылады. Бейне жазба поэмадағы төрт тармақ ұйқастың жіңішкелігіне аса назар аударады. Жыраулық дәстүрге тән естірту, жоқтау, жаржар өлеңдері де дастан сюжетіне кіріп, фольклорлық түсін де қоюлатады. Өлеңге тән көркемдік бейнелеу амалдарын молынан пайдаланады.

Жырда Баян қыздың сыртқы көркін суреттейтін теңеу, балу сынды әдеби тілдердің бәр-бәрі ескі эпикалық поэзияның қорынан ауысқан, ескі өмірдің салт жырларынан қайталанған суреттеулермен беріледі.

Баян қыз сұлу екен мақтағандай, Қара қасы қағазға қақтағандай.

Сұңқардың форымындай мойыны бар, Көзіне гауһар отын жақтағандай.

Өзі ашылып біреуге сөйлемесе,

Аузынан ешкім ләззат таппағандай [7,70].

деп келеді. Баянның бойындағы басқаларда жоқ қасиетті Сұңқардың сұлу тұріне, асыл заттардың құнына балап көрсетеді. Жырдың әрбір шумақтарында көркемдік бейнелеу амалдарындағы эфитет, метафора, теңеу, кейіптеу, ұқсатулардың әрбір түрі толық табылады.

«Ғашықтық ғаламаты» атты жыр нұсқасында романдық немесе лиро-эпосқа тән түс-

тік бейнелеу тәсілдері өте тартымды алынады. Қозының, Баянның алуан түрлі көрген түстерін көркемдік суретке көтеріп, алдын ала болжай алатын адамның түйсік-ерікінен іздейді. Осы арқылы жырның мазмұндық көркемдігін халықтық терең идеяға көтереді.

Өмірің қысқа десе ұзын болар, Көңілі надандардың бұзыл болар. Түс түлкінің боғы деп жорушы айтар, Түлкі жүні құбылған қызыл болар.

Жоруым жора болсын қызыр дарып, Оминға қолыңды жәй жетім ғарып. Жағың түспей жамандық сірә көрме,

Қосағыңмен қоса ағар жарыңды алып [7, 123].

Мұнда түсті айта келіп, түс жорушының шар патшаға сыйынып, қызырдың айтқаны келіп жақсылыққа жетуіне жалбарынады. Түсэпостағы негізгі желі. Жыр осы желіні дамытып, жұтындырып жеткізеді. Адам өміріндегі жақсылық пен жамандықтың пайда болуында берілетін түйсікті түстен сезіп, түстен жоруға болады.

«Ғашықтық ғаламаты» – ғашықтардың қайғысын биік дәрежеге көтерген көркем жыр. Оның құны Қытай қазақтарына ғана емес, өзге ел фольклористерінің де назарын аударған. Қытай жерінде ғашықтардың махаббатына куа болатын жер аттары, ел аттары, ескерткіш орындар, көне мұрағаттардың байқалуы ойымызды растай түседі. Бұл жыр Қытай қазақтарының қолынан қайта толғанып, ұлы махаббаттың алтын тұғырын толғауға құрылады. Ежелгі феодалдық түзімнің қара лағы болған екі жастың тауқыметті тағдырын осы жыр арқылы ұғып алуға болады. Жыр сюжеті шындыққа сүйеніп, бұрынғы үлгісін жоғалтпай бұдан кейін де сақтала берсе деген үлкен үмітті айтқымыз келеді.

 

Әдебиеттер

  1. 1 Жолдасбеков М.Қасқабасов С. Қозы Көрпеш-Баян сұлу. – Астана: Фолиянт, 2002. – 353 б. 2 Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклористикасының тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 271 б.
  2. 3 Садырбаев С. Қозы Көрпеш-Баян сұлу жырының нұсқалары.– Алматы: Қазақ университеті, 2005. – 189 б. 4 Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – Алматы: Мектеп, 1974. – 234 б.
  3. Әуезов М. Әдебиет тарихы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – 349 б.
  4. Қазақтың ғашықтық жырлары. – ҚХР. – Үрімжі: Шыңжаң, 1981. – 2 т. – 538 б. 7 Қазақ хиссалары. – ҚХР. – Пекин: Ұлттар, 1982. – 1 т. – 437 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.