Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Айтыс өлеңдерінің текстологиялық зерттелуі

Ақындар айтысы – өнердің бірнешеуін бір жерге тоғыстырып, ерекше өтетін сөз сайысы, өнер таласы.

Мақалада 1898, 1899 жылдары жарық көрген «Біржан-Сара» айтысының екі нұсқасына текстологиялық салыстырулар жасалған. Зерттеушілеріміз Қазан қаласынан шыққан «Жүсіпбек қожа нұсқасы» мен «Зайсан нұсқасын» ең негізгі, дұрыс нұсқа ретінде атап келеді. Текстологиялық салыстырулар кезінде екі нұсқада да оқиға желісі, түптөркіні бір екенін анықтайды. Айтыстағы өлең жолдарының шумақтары ауысып, тіпті, араласып кеткендігі нақты мысалдармен дәлелдеген. Сондай-ақ екі нұсқада да кейбір сөздер мен сөз оралымдары, бүтін тармақтар өзгертіліп, лексикалық және стилистикалық алшақтықтарға жол берілетіндігін саралап көрсетеді. Айтыстың екі нұсқаларындағы кездесетін сапалық өзгерістер де назардан тыс қалмаған.

Текстология жайында жазылған әдебиетші, тілші ғалымдардың зерттеулерінің ішінен З. Ахметовтің, Қ. Мұхамедхановтың, Р. Сыздықованың Абай, Махамбет өлеңдерінің текстологиясы жайындағы мақалаларымен, Т. Абдрахмановтың Абай және Сұлтанмахмұт шығармалары текстологиясы жайындағы бірнеше мақаласын, М. Жармұхамедовтің айтыс өлеңдерінің текстологиясы, Қ. Өмірәлиевтің Бұхар өлеңдерінің текстологиясы және “Иә, терең зерттеу қажет” мақаласы, С.Қасқабасовтың қазақ ертегілерінің текстологиясы жайында,

Ш.Ш. Сарыбаев пен Ә.Құрышжановтың эпос шығармалары мен халық жырларының текстологиясына арнап жазған мақала, зерттеулеріне көңіл аудардық. Е. Жұбанов пен М. Малбақовтың “Қозы Көрпеш-Баян сұлу эпосының текстологиясы” деген көлемді зерттеу еңбегін атап өткен жөн.

Ал XIX ғасырдың II жартысындағы айтыс өлеңдерінің текстологиясына келсек, бүкіл айтыс өлеңдеріне текстологиялық талдаулар жасау мүмкін емес. Біз 1942, 1964, 1965, 1988 жылдардағы жарық көрген айтыс жинақтарын негізге ала отырып, ондағы тілдік жағынан ерекшелік танытып тұрған сөз, сөз тізбегі, сөйлем, жекелеген шумақтарды ғана салыстырдық. Өйткені бір айтыс бірнеше рет қайталанып басылған.

Жамбылдың айтыстарына келсек, ақынның 150 жылдық мерейтойына байланысты айтыстар мен өлеңдеріне текстологиялық салыстырулар жасалып, 1996 жылы I, II том болып, шығармаларының толық жинағы жарық көрді. Ал “Біржан — Сара айтысының” текстологиясын сөз еткенде, атап айтатын үлкен екі еңбек бар. Оның бірі — “Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері” атты кітаптағы белгілі әдебиетшіғалым М. Жармұхамедовтің (Айтыс өлеңдерінің текстологиясы жайында) зерттеу еңбегі [1,75-100]. Екіншісі — “Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі” атты жинақтағы Ш. Ахметов пен Т.Қанағатовтың (“Біржан — Сара айтысының” текстологиясы) зерттеулері [2, 149172]. Және М. Имашевтың “Біржан — Сара айтысындағы” өмір шындығы және оның көркемдік, текстологиялық ерекшеліктері” атты ғылыми зерттеу еңбегі [3, 124-147].

Осы уақытқа дейін “Біржан — Сара айтысы” бірнеше рет жарық көріп келді. Біз білетін бұл айтыстың екі нұсқасы бар. Оның бірі —“Қисса Біржан сал менен Сара қыздың айтысқаны” деген атпен 1898 жылы Қазан қаласындағы императорлық университеттің типолитографиясынан басылып шықса, екінші нұсқасы 1899 жылы осы қаладағы “М.Чиркова мұрагерлері” баспаханасынан “Қисса Біржан сал менен ақын Сараның айтысқаны” деген атпен жарық көрді. Ғылымда осы екеуінің 1898 жылы басылып шыққанын ең негізгі нұсқа ретінде атап келеді. Осы нұсқаның екінші бетінде: “әлқисса, Жүсіпбек қожаға Сара қыздың Біржан менен айтысқанын қыздың өзі аузынан осылай деп бастан-аяқ баян қылғаны, айтысқанның келер жылында” деген ескертуді оқимыз. Көріп отырғанымыздай, ғалымдарымыз бұрыннан айтып келе жатқандай, 1898 жылы “Біржан — Сара айтысын” тұңғыш бастырып шығарушы ескіше оқыған жоғары білімді Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы екені даусыз. Ендеше “Біржан — Сара айтысының” негізгі нұсқасы тек осы басылым болатынын біз де құптаймыз.

Соның артынша-ақ 1899 жылы белгісіз бір адамның осы айтысқа қайыра оралып, өз ойынан өлең жолдарын қосып, толықтырып, өңдеп жарыққа шығарғаны белгілі. Бұл екінші кітапшаны кімнің жазғаны белгісіз, жазған адам аты-жөнін айтпаған. Ал соңындағы 26

жолдан тұратын “Айтушының сөзі” бөлімінде:

Бұл өлең шыққан екен бірталайдан. Сөйтсе де хат болмайды, басылмайды... Зайсанның жіберілді қаласынан,

Кімнің кім зиян шегер данасынан? [4, 24],—

деп келетінін ескертуге орай ғылымда бұл басылым “Әріп нұсқасы” немесе “Зайсан нұсқасы” деп аталады.

“Біржан — Сара айтысын” зерттеуде халқымыздың ғалым әдебиетшілері үлкенді-кішілі ғылыми еңбектер жазса, ал тілші ғалымдардан С.М. Исаевтың зерттеулері бар. “Біржан — Сара айтысы” туралы алғаш пікір айтқан академик С. Мұқанов демекпіз: “Айтыстың мазмұны — халықтың ойын толғандыратын тақырыпқа құрылғандықтан түсінікті болса, түр жағынан оның түсініктілігі, тілінің таза халық тілімен және халықтың көркем тілімен құрылғандығында” [5, 33]. Осы орайда Қ.Жұмалиевтің еңбегі де баршылық. Ол “Қазақ әдебиеті” оқулығында Біржан сал творчествосына арнайы тоқталып, талдаулар жасаған. Одан кейінгі пікір айтқан ғалымдар: Е. Ысмайылов пен М. Ғабдуллин. Е. Ысмайылов “Жазушы” баспасынан 1967 жылы шыққан “Біржан сал Қожағұлұлы” атты кітапқа жазған “Біржан салдың ақындығы” деген алғы сөзінде, М.Ғабдуллин “Қазақ халқының ауыз әдебиеті” деп аталатын еңбегінің “Біржан — Сара айтысын” талдайтын тарауында — ақындар айтысының ішіндегі аса көркемі, мазмұн, түр жағынан ерекше орын алатынын айтады. Келесі пікір айтып, талдау жасаған — Б. Кенжебаев. Ол айтысты әріп Тәңібергеновтің шығармасы ретінде қарастырып, былай дейді: “әріптің бұрынғы қиссаларына қарағанда “Біржан

— Сара айтысында” тақырып идеясы жағынан болсын, ақындық-шеберлігі жағынан болсын көп ілгерілегенін, көп өскенін көрсетеді.

“Біржан сал мен ақын Сара айтысы” — әріп шығармаларының биік шыңы” [6, 214]. Керісінше, бізді академиктер: С. Мұқанов, М. Әуезов, А. Жұбанов, профессор Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов және т.б. ғалымдардың Біржан мен Сараның кездесіп айтысқанын дәлелдеген сөз қорытындылары иландырады. Осы тұста ұлы ғалым М. Әуезов тұжырымын еске алалық: “Біржан мен Сараның айтысы” болған жоқ, болса сақталмай қалып қойған. Бұл айтысты шығарушы әріп ақын деген де пікірлер бар. Бұл — қате пікір. Анығында Біржан — Сараның айтысы болған. Бірақ дәл қалпында, толық күйінде, алғашқы айтысқан жердегі қалпымен түгел сақталған жоқ. Кейін көпшілікке өз редакциясымен айтып беруші Сара болады... Ал, кейін сол Сараның айтқаны

да көпке шейін ауызда жүреді. Көп айтушы ақындардың аузынан өтеді. Сол тірлігінде, хатқа түскенше бұл айтыс көп өзгерістер көреді. Осындай айтушының, ең алғаш хатқа түсірушінің бірі әріп болады”,— деген ғылыми пікірін негізге аламыз [7, 313-314]. Ал текстология мәселесін сөз еткенде, текстологтың міндеті жайында айтқан Д.С.Лихачевтың мына пікірін ескерелік: “Задача текстолога заключается в том, чтобы по возможности во всех деталях воспроизвести ход работы автора над произведением, восстановить в воображении весь творческий процесс” [8, 43].

Біз айтыстың 1898, 1899 жылдардағы Қазан қаласынан шыққан “Жүсіпбек қожа нұсқасы” мен “Зайсан нұсқасына” текстологиялық салыстырулар жасадық. Қазан типографиясы татар баспасына арналғандықтан, көне араб әрпінде шыққан екі нұсқаны оқу қиындық келтірді. Айта кететін болсақ, араб әріптерінің белгілері көрінбей, көмескі тартып қалған дыбыстарды оқуда қиындық туғызды. Және де о, ө, у, ұ, ү әріптерінің орнына бір ғана “о ” әрпі қолданылған. Кітапханашылар тарапынан 1898 жылы жарық көрген нұсқаға қайта өңдеу жасалғандықтан, тармақтың басындағы не тармақ соңындағы сөздердің басқы екі не үш дыбысы ғана бар. Соңғы әріптерді қайта өңдеу кезінде желімдеп тастаған. Сондықтан лентаға түсірілген микро жазуларды оқуға тура келді. Ал 1899 жылғы “Зайсан нұсқасын” оқу кезінде 20, 21 — беттер жоқ. Оны 1902 жылы жарық көрген вариантымен толықтырдық. Көбінесе 1912 жылғы вариантына жоғарыда аталып кеткен әдебиетші ғалымдар текстологиялық салыстырулар жасағандықтан, көмескі көрінбей қалған дыбыстар мен сөздерді 1902 жылғы вариантымен салыстырдық, кейбір түсініксіз сөз тізбектерін анықтауда 1912 жылғы вариантын да пайдаландық.

Екі нұсқаны да оқып шыққанда алдымен айтарымыз, айтыстағы негізгі уақиға желісін сақтап тұрған бөлімдер бір, яғни түптөркіні бір екенін аңғарамыз. Дегенмен де мынадай айырмашалықтарды айта кету керек. Зайсан нұсқасында Жетісу өлкесінің бұлбұлы ақын Сараны “Арқадан ат сабылтып” іздеп келе жатқан Біржан сал мен “Қасында алты жігіт жолдасы бар, Аулына Тастанбектің келіп жетті” дейді де, сол жерде Біржан сал алдымен ақын қыздың шешесімен, соңынан сіңілісімен сөз қағыстырып, “Аттанып бір ауылға бұлар келді, Бұлардың құлағына дауыс келді” деп айтыс басталып кетеді. Ара-арасында айтушының сөзі бар және жиылған жұрттың бұларға берген сыйы деген ескертпемен 20 жол сыйлық

туралы айтылып, “Сал Біржан осы сөзбен тоқтайды енді” деген айтушының сөзімен басталып, “Жігіттер, тәмәт-тамам болсын бұл сөз” деген тармақпен аяқталады.

1898 жылғы “Жүсіпбек қожа нұсқасында” “Қыз көріспеген соң ұялғаннан Біржанның айтысқаны”:

Найманның болады екен қызы надан, Үлгісіз қандай халық түрі жаман.

Ағаға іні келер біздің елде,

Көп боп па сұрауға есен-аман [9, 4].

Сонда қыздың берген жауабы: “Ей, Біржан, кімге дәрі амандығың” деп аузын аштырмай бастырмалатып былай дейді:

Хауа анаға бұрын барған адам ата, Есіткенің жоқ па еді мұны да ақымақ. Данышпан білгіш қой деп ойлаушы едім

Арғын да тантиды екен жоқты мақтап [9, 4],—

деп кете береді де, жынды, антұрған, делбе, ит сөздерімен жауабын аяқтайды. әрине, арғынның ақтанкер ақыны мұндай мазақ сөзді жауапсыз қалдырмайтыны белгілі. Біз бұл жауапты “Зайсан нұсқасынан” табамыз. Бұл кітапшаның 8 — бетінде “Біржан салдың айтқаны” деп былай беріледі:

Қараңдар, ақын қыздың сөзге ұстасын, Келтірді Адам — Хауа бір нұсқасын. Артың таяз кісіше ашуланып,

Мұнша неге ұстайсың сөз қысқасын?.. [10, 8].

Бұл 12 жолдан тұратын шумақтар 1898 жылы жарық көрген “Жүсіпбек қожа нұсқасынан”, 1964, 1965 (I том) жылдардағы айтыс және т.б. жинақтардан түсіп қалған. Ал 1899 жылғы “Зайсан нұсқасында” осы 12 жол өлеңнен кейін барып мынадай жолдар берілген:

Көтерді домбырасын көкке сермеп, Салады түрлендіріп әннен өрнек. Бұл сөзге ызаланып алғаннан соң,

Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп [10, 8].

1898 жылғы басылымда “Сонда Біржан сөйледі” деген ескертпемен былай беріледі:

Біржан сал домбырасын көкке сермеп, Жіберді түрлендіріп әннен өрнек.

Сөзіме ызаланып алғаннан соң,

Дауысқа салды Біржан аспанға өрлеп [9, 5],—

деген бір шумақ “Мың жарым жылқы біткен Қожағұлға” деп басталатын жолға қосылып кетеді. Ал “Ақын Сара” деп аталатын кітапта “Айтушының сөзі” ретінде жеке берілген. Осы жайында М. Жармұхамедов: “Соның нәтижесінде айтыс тәртібі амалсыз бұзылып, кейінгі Біржан атынан берілетін екі кезек бір-біріне әдейі қосылып, сапырылысып кеткен”,— дейді

/13, 92/. 1898 жылғы шыққан кітапшаның 6 — бетінде “Сонда Сараның айтқан жауабы” деген ескертпемен берілетін 64 жол ұзақ сүре жауабы,

“Зайсан нұсқасында” үшке бөлініп берілген. 1899 жылғы кітапшада 24-ақ жол болып, “Тірілсең ертең кешке, бүгін өліп” (10 — бет) деген жолдармен аяқталады.

“Жүсіпбек қожа нұсқасындағы” “Арғынның тантықтығы міне осындай” (6 — бет) деген жолдар “Зайсан нұсқасында” “Арғынның сөзі”, “Қыз иттің” деп беріліп, Біржан сөзі қылып өзгертіліп (10 — бет), “Қыз иттің тантықтығы міне осындай” деп басталады да:

Мен, Біржан, әрбір жерде болмайтұғын Жылан боп жеті басты арбасаң да [10, 10],— деген жолдармен аяқталады. Бұл екі тармақ “Жүсіпбек қожа нұсқасында” берілмеген. “Зайсан нұсқасындағы” осы жауапта “Озармын қуып жетіп “Қарқабаттап” деп өзгертіпті. 1898 жылғы кітапшада “Қуып жетіп озамын найман шалдап (найманшылап)” деп берілген. Сондайақ, “Зайсан нұсқасындағы“ (15, 16 — беттер) кітапшада “Ыбырайға тамам елің найман жетпес” деп басталып, “Сен түгіл жеткен емес еркек қуып” деген жолдарға дейінгі шумақтардың кейбір тармақтары болмаса, түгелімен “Жүсіпбек қожа нұсқасында” жоқ. Тағы бір айта кететін жағдай — 1898 жылғы кітапшадағы өлең шумақтары “Зайсан нұсқасында” ауыстырылып берілуімен бірге Біржан жауабында жалпы ой сол қалпында қалады да, кейбір сөздер мен сөз оралымдары, тіпті бүтін тармақтары өзгертіліп, лексикалық және стилистикалық алшақтықтарға жол беріледі. Iлгеріде келтірілген өлең жолдары 1898, 1899 жылдардағы Қазан қаласынан шыққан кітапшалардан алынды.

Қорытындылай келгенде, айтыстың сыни мәтінін жариялау керек деп ойлаймыз.

 

Әдебиеттер

  1. Жармұхамедов М. Айтыстың даму жолдары. – Алматы: Ғылым, 1976. – 168 б.
  2. Ахметов Ш.Қанағатов Т. “Біржан – Сара айтысының” текстологиясы // Жинақ: Қазақ фольклоры мен әдебиет шығармаларының текстологиялық зерттелуі. – Алматы, 1983. – 264 б.
  3. Имашев М. “Біржан – Сара айтысындағы” өмір шындығы және оның көркемдік, текстологиялық ерекшеліктері //
  4. Кандидаттық диссертацияның қолжазбасы. – Алматы, 1992. – 157 б.
  5. Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы. Қисса Біржан сал менен ақын Сара қыздың айтысқаны. – Қазан, 1898. – 18 б. 5 Мұқанов С. Халық мұрасы. Тарихи – этнографиялық шолу. – Алматы: Жазушы, XV т., 1979. – 380 б.
  6. Лихачев Д.С. Текстология на материале русской литературы X-XVII веков. – Ленинград: Наука, 1983. – 640 с.
  7. Әуезов М. Абай жолы. Екінші кітап. – Алматы: Жазушы, 1989. – 616 б.
  8. Лихачев Д.С. Текстология на материале русской литературы X-XVII веков. – Ленинград: Наука, 1983. – 640 с.
  9. Жүсіпбек қожа Шайхисламұлы. Қисса Біржан сал менен ақын Сара қыздың айтысқаны. – Қазан, 1898. – 18 б.
  10. Қосбасаров Е. Бүркітшілік терминдері жайында // Жинақ: Жауапты редакторы Қайдаров Ә.Т. Қазақ тілі тарихи лексикологиясының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1988. – 200 б.
  11. Қисса Біржан сал менен ақын Сараның айтысқаны. – Қазан, 1899. – 24 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.