Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдар: қол қимылдарының семантикасы

Мақалада қарым-қатынаста қолданылатын бейвербалды амалдардың ерекшелігі мен семантикасы қарастырылады. Автор коммуникациядағы қол қимылдары жасалу жағынан ұқсас болғанымен, семантикасы тұрғысынан әртүрлі мағынада және де бір мағынада қолданылатын ым-ишаралар әртүрлі қол кинемалары арқылы берілетіндігі туралы, сонымен қатар қазақ халқының қарым-қатынасында жастар мен жасөспірімдердің қолданысындағы бейвербалды амалдарына тоқталып, тілде кірме ым-ишаралардың болатындығы туралы да сөз етеді. Сонымен қатар қол кинемаларына байланысты берілген бейвербалды амалдар көркем шығармадан келтірілген мысалдар арқылы да дәлелдеді.

Бейвербалды коммуникациялар тілдік таңбалардың барлық қызметін орындай алады. Мәтінге өзгерістер енгізетін бейвербалды компоненттер мынадай жағдайда пайда болады. Біріншіден, сөз бен сөз тіркесін ұмытқанда және оны іздеу барысында; екіншіден, айтып жатқан сөзінің құнды, қажет екенін білдіру мақсатында; үшіншіден, бір вербалды компоненттің бейвербалды компонентпен ауыстырылуы қажет болған жағдайда. Сөйлеудегі осындай деформацияларды И.Н. Горелов «бейвербалды таңбаның көріністері» деп атайды да, әрі қарай ойын былай тұжырымдайды:

«Процесс выражения мысли можно рассматривать принципиально иначе: невербальная внутренняя программа эксплицируется так, что вербальные средства замещают всякие иные средства общения только в случае, если последние оказываются менее эффективными и экономичными при достижении коммуникативных целей» [1, 32]. Ал адам қарым-қатынас кезінде коммуникативтік бағдарламаға вербалды тұлғаны қатыстырып қолданады.

Бейвербалды тәсілдермен хабарлаудың, ақпарат жеткізудің жинақталған, топталған мынадай мағыналық компоненттері бар: сілтеу, бейнелеу, түрту, нықтау, қарсылық білдіру, келісім беру, риза болу (модальдық), күрделі (сұрақ – аң-таң боп қалу), символикалық (қорқыту) [1, 47].

Қарым-қатынас сөйлеу әрекетінің басталуынан бұрын туындайды, демек, оған дейін қарым-қатынас жасаушылар белгілі бір ара-қашықтықты сақтап, дене қалыбын ұстайды. Осы жағдайға лайық бет әлпетін өзгертіп, сәлемдесу дистантты дене қимылдарымен (қол алысу, бас изеу т.б.) алмасады. Осы аталған формалар сөйлеу әрекетіне түсу үшін қолайлы жағдай жасап, қарым-қатынас жасаушылардың қарымқатынас орнатуға дайын екендігін анықтауға мүмкіндік жасайды. Мұндай элементтер сөйлеумен етене жақын, онан дара болуы мүмкін емес. Яғни дене қимылдары, ым, көзқарас қатынастың мағыналық жағын толықтыру функциясын атқарады.

Қарым-қатынас барысында қолмен берілетін қимылдар көп қолданылады. Солардың бірі қол алысу қимылы. Қол алысу қимылының беретін семантикалық сипаты ауқымды. Мысалы, қол алысу – сәлемдесу және қоштасу, алғыс білдіру, құттықтау, танысу, келісімге келу, шартқа отыру, растау, қолдау және бәстескен кездегі сияқты дене қимылдары әдеп ұғымымен ұштасып жатады, сол себепті бұл кинема лексикалық элементке қосымша мағына үстейді.

Қол алысып көрісу қазақ халқының ежелгі дәстүрінде бар. Бұрынғы кезде қазақ халқы амандасу барысында қос қолдап көрісетін болған (жас мөлшеріне байланысты). Жылдар өте бара қол алысып амандасу рәсімі өзгерістерге ұшыраған. Бұл өзгерістің нәтижесі (немесе бір қолын созып амандасу) бір қолдап амандасу. Мысалы, Гасфорт (қарсы алып, қолын ұсынып). Сәлем, Шыңғыс Уәлиевич: (орын нұсқап). Отыруыңызды өтінем [2, 58].

Қол бұлғау қимылы арқылы да сәлемдесу рәсімін жүзеге асыра аламыз. Жастар бірін-бірі алшақтау жерден көрсе, онда олар бір-бірімен қол бұлғау арқылы амандасады. Мұнда қол бас деңгейіне дейін немесе одан жоғары көтерілуі де мүмкін. Мысалы, Қызбен бірге мені көрді. Бірден таныды ғой деймін, маған қолын бұлғап амандасты да, жанымда тұрған қызға:

– Өзің бара бер, Алтынай, – деді дауыстап, – көрмейсің бе, маған қонақ келіп тұрғанын?! [3, 75].

Еуропа елдерінің көпшілігінде жоғары интелегенция өкілдерінің арасында ізеттілікті білдіретін қол сүйіп амандасу рәсімі де кездесіп жатады. Бұл қол алысу, қол бұлғау, қос қолдап амандасу сынды қимылдардың мағынасымен синонимдес болып табылады. Тек бір айырмашылығы аталмыш қимыл қазақ қарымқатынасында қолданылмайды. Мысалы, Гасфорт. Мұнда келіп кетсін деңіз оған. (Алмазов кетеді). Уәлихановтың Катюшаға дәмесі күшейген сияқты. Бірақ мұсылман ғой ол, реті келер ме екен ... (Жабыраңқы кескінмен Елизавета Николаевна кіреді. Гасфорт оны қарсы алып қолын сүйіп). Бонжур, м-мами! Өңің неге сынық! [4].

Ым тілін зерттеуші ғалым К.У. Геворкян қол сүйіп амандасу мен ізеттілікті білдіретін қол сүю кинемасы ананың кеудесін сүю қимылынан пайда болған, яғни бұл қол сүю кинемасының өзгеріске ұшыраған түрі деген пікір айтады. Тілшінің айтуы бойынша, алғашқысында кеуде сүю кинемасы ананың махаббатына деген ізеттілік пен кішіпейілділігін білдірген. Бұл қимыл бірте-бірте қол сүю кинемасы болып өзгерген. Екеуінің мағынасы да бір, – деген тұжырым жасайды [5, 33].

Күнделікті өмірде бір-біріне алғыс білдірудегі қимыл – басын ию қимылы. Сонымен қатар алғыс білдіруде оң қолдың алақанын кеуденің орта тұсына апарып қою (қолын кеудесіне қою) қимылы да бас ию ишарасымен ұқсас болып келеді, яғни синонимдес ымишара. Кейбір елдерде бұл қимыл түрі сол елдің әнұраны ойнаған кезде де қолданылады, оның мағынасы алдыңғылармен сәйкеспейді, өйткені бұл қимыл ел рәміздерін құрметтеу, қадірлеу мақсатында қолданылып отырады.

Өзінің ризашылығын білдіруде, рақмет айтуда қолданылатын, вербалды компонентпен қоса жүретін қол алысу кинемасы көркем шығармаларда былайшы беріледі: Сол сәтте өз емдеуінің мұншалық нәтиже беруіне жас баладай мәз болып тұрған Шерубайға көзім түсіп кетті де, өзімді-өзім ұстай алмай:

– Көп-көп рақмет сізге Шерубай, – дедім екі қолын бірдей қысып [3, 189]. Ризашылығын білдірудегі әңгімелесушісінің қолын қос қолымен қысу (немесе керісінше) қимылы оған шексіз ырза екендігін аңғартады. Бұл қимылмен қатар, жымию, бас изеу қимылдары да қосарланып қатар жүреді.

Этикет нормалары Қытайда күнделікті қарым-қатынаста және мінез-құлқын қалыптастыруда басты рөл атқарады. Қытай этикеттік қарым-қатынасы мен мінез-құлқында алғыс білдірудің әртүрлі формалары бар. Алғыс білдірудің вербалды түрімен қоса, бейвербалды түрі де кең қолданылады.

а) Жеңіл түрде қол қысу кинемасын бірбірімен жақын таныс және бірін-бірі сөзсіз ұғысатын адамдар қолданады.

ә) Қолды қаттырақ қысу арқылы өзіне жақындығы шамалы, таныс емес адамына алғыс білдіре алады.

б) Екі қолымен жеңіл түрде қол қысысу. Бұл кинема жасы үлкен, қарт адамдарға ризашылық білдіруде қолданады. Сонымен қатар

қазіргі кезде іскер адамдар қарым-қатынасында кездеседі.

в) Қолын біріктіру арқылы алғыс білдіру кинемасы қарым-қатынаста қолданылғанымен, ескірген қимыл болып саналады.

г) Өз алғысын, рақметін әйел адамдар бірін-бірі құшақтап, содан кейін бетінен сүю арқылы білдіре алады.

Қытай халқында асханалар мен дәмханаларда даяшы үстелге ас-су әкеліп қойғаннан кейін, тапсырыс берген адам ыдыстың қасына қолын апарып, үстелді сұқ саусағымен тықылдатады. Бұл кинема «әкелген ас-суыңа рақмет» дегенді білдіреді. Бір сөзбен айтқанда, алғыс білдіруде қолданылатын қимыл болып табылады.

Қол алысу кинемалары амандасу, рақмет айту мағыналарымен бірге, танысу кезінде де қолданылады. Қимылдың орындалуы жағынан бір-бірінен ешқандай айырмашылығы жоқ. Бұлар тек қана қарым-қатынастағы жағдайға, контекске байланысты ажыратылады. Мысалы, Сонымды сезіп қойғандай маған жымия қарады да, қолын созып:

– Баймағамбет Ізтөлин, – деді. Мен де қол бердім [6, 367].

Қол алысып танысу ерлерге тән, ал ресми жағдайларда ерлермен қоса, әйелдер де қолданады. Ер адамдар әйелдерге бірінші болып қол бермейді, ал жасы кішілер мен қызметі төмен адамдар үлкендер мен қызметі жоғары адамдарға бірінші боп қол созбайды.

Кездесу кезіндегі ерлер арасындағы қол алысудың өзіндік мағынасы бар. Ерлер мен әйелдер арасындағы қол алысу ресми жағдайларда қолданылады. Жыныстар арасындағы бейресми жағдайларда қол алысу күнделікті өмірде көп кездеспейді.

Кездесу мен танысу кезінде орыс әйелі ерлерге бірінші боп қол береді, сонымен қатар әйелдер ерлердің қолын қыспайды. Ал қытай халқында танысу барысында қол алыспайды, тек қана жымияды. Жымию арқылы танысқандығына қуанышты екендігін сездіреді.

Неміс халқының қарым-қатынасында кездесу мен танысу кезінде әйелдер де, ер адамдар да тең дәрежеде қол алыса алады. Сонымен бірге үлкен-кіші, қызметі жоғары мен қызметі төмендер де бірдей қол алысады. Қол алысу ресми және бейресми жағдайларда да қолданыла береді.

Қол алысу кинемасының берер семантикалық сипаты кең. Солардың бірі – татуласу кезінде қолданылатын қол алысу болып табылады. Адамдар ренжісіп, араздасып қалып жатқанда бірімен-бірі татуласу үшін де қол алысады. Мұның мағынасы айыбыңды кешірдім, сенімен татуластым дегенді аңғартады. Мысалы, – Егер сен кешірсең, арамызда болған оқиғаны мен кешірдім.

  • Мен де кешірдім, – деді батыр Саян күлімсіреп бірінші боп қол беріп [7, 183].

Ал бірін-бірі құттықтау, бір-бірімен бәстесу мағынасында қолданылатын қол қысу немесе қол алысу қимылдары көркем шығармаларда былайшы беріледі. Мысалы, Федор Иванович, бізді де құттықтауыңызға болады, – деп ол жарылып кеткен қара қайыс қолын ұсынды, – шалғайдағы бөлімшелерде де соң егілетін егінді дәл мерзімінде аяқтаттық [8, 26]. Бұл мысалдан қол алысу арқылы құттықтау рәсімін көруге болады. Ал қол алысу арқылы бәстесу көркем шығармаларда былайша суреттеледі. Мысалы, Теміршот. Алтыншаштың жүзі тұрсын, ізін бастырмаспын саған. Сапар. Әкел қолыңды! (Екеуі қол алысады) [4, 283].

Қарым-қатынас барысындағы қоштасу жағдайында көбіне дене қимылдарынан қол алысу, қол бұлғау, қолды жоғары көтеру қимылдары қолданылады. Қоштасу кезінде, амандасқанда қолданылатын қалыптасқан дене қимылдары бар және олар көптеген тілдерге ортақ. Орыс тіліндегі осы саланың көрнекті зерттеушісі Н.И. Формановская: «Әңгімелесушілердің контактісінде қоштасу барысында дене қимылдары қолданылады. Олар сәлемдесу рәсімінде қолданылатын кинемалармен байланысты» – [9, 90] деген тұжырым жасайды. Бұл тұжырым қазақ тіліндегі кинемалар табиғатына да жат емес. Мысалы, Осындай халімді Аяужан түсінді ме, әлде менімен сөйлескісі келді ме, қоштасқалы ұсынған қолымды алып тұрып:

  • Жантас аға, бізге өнеріңізді көрсеттіңіз оныңызға көп рақмет, – деді, егер қиынбасаңыз, сіз де біздің өнерімізді көріңіз мен істеп жүрген кранға келіңіз… [3, 74].

Қоштасу рәсіміндегі қол алысу: Бұл жолғы дидарласуда біз бір-бірімізді ренжіткен жоқпыз, алдағы кезде де осындай ақ пейіл, адал ниетпен, дос көңілмен кездесіп, қол алысатын болайық! – дегенді аңғартады.

Қоштасу рәсімінде қол бас деңгейіне дейін алақан алға созылған күйі, толқынды суреттеген тәрізді қимыл жасалады, яғни мұны қол бұлғау қимылы деп те атауға болады.

Көбінесе жасы кіші немесе бастауыш сынып оқушылары амандасу, қоштасу жағдайларында және жеке бейресми әңгіме үстінде ымишараларды жиі қолданады. Балалар амандасу сәтінде қолын сәл жоғары көтеріп бұлғайды. Ал қоштасу сәтінде арқадан қағады немесе қолын бұлғайды. Бұл балалардың бейвербалды амандасуы мен қоштасуы ер балаларға тән.

Қолды бұлғау қимылынан біз адамның адресатты өзіне шақыруын біле аламыз. Егер де бұл қимыл түрі біріншісінде, қолын ақырын бұлғаса, бұл асығыс емес жәйтті білдіреді, екіншісінде өте тығыз бір шаруаны айтуда немесе қарым-қатынас жасаушысының өзіне өте қажет екендігін аңғарта алады. Мұнда қимылды алғашқысындағыдай ақырын бұлғау арқылы емес, қолын тез бұлғағандығы арқылы ажыратуға болады. Мысалы, Хамитке Төлебай «тез!» дегендей қолын бұлғайды. Хамит жалтақтап жақындайды [2, 160]. Бұл қимыл түрі, шамамен айтқанда, 60-70-ші жылдардың ішінде енген деген пікірлер де айтылады.

Қол көтерудің халқымыздың таным-түсінігінде бірнеше мән-мағынасы, ұғымы, нышаны бар [10, 71-72]. Бірінші – сөзім бар, айтарым бар дегені. Екінші – «тоқта, тоқтат, жетер» дегені.

Күнделікті тұрмыста тығыз бір нәрсені айту барысында шулап, адамға сөз бермей, күбірлесіп сөйлеп отырған қауымды тынышталдыру, сөзді «қоя тұрыңыздар», «сабыр етіңіздерші» дегенді білдіретін қимылдардың да түрі бар. Мұнда қарым-қатынас жасаушы бір қолының немесе екі қолының алақандарын адресаттарға бағыттаған күйі бас деңгейіне дейін (немесе бастан сәл жоғары көтерілуі де мүмкін) көтереді, мұның мағынасы «қойшы», «тыныш», «тыныштық сақтаңыздар» сөздерімен пара-пар. Бұны сөзбен айтпай-ақ, қолын көтере салуға да болады. Мысалы, Рая, (қолын көтеріп). Тоқтатыңдаршы! (Жұрт тына қалады. Жылдам ілгері басып кеп). Самат аға, қайда жоқ боп кеттің? Маған сен қажетсің [4, 108].

Алайда қол көтеру қимылдарының барлығы бірдей тынышталдыру мағынасын бере бермейді, кей жағдайда олар дауыс беру кезінде жақтаушылардың, қарсы шығушылардың санын анықтау мақсатында да қолданылады. Мұндай жағдайлар көбінесе қоғамдағы түрлі жиналыс, сайлау т.б. жиындарда көрініс табады. Дауыс беру барысындағы қол көтеру қимылдары мен қол алысу, қол қысу қимылдары көптеген халықтардың қарым-қатынасында кездеседі.

Қимылдар етістік, зат есім, одағай т.б. сөз таптарының қызметін атқарумен бірге сын есімнің қызметін де атқара алады. Керемет, әдемі, тамаша деген сөздердің орнын бейвербалды амалдардан үлкен, яғни бас бармағын көрсету кинемасы ауыстыра алады. Мысалы, Зейнеп. Оған кім қарсы, жаным-ау!.. Ойда орыс, қырда қазақтың қай игі жақсысы саған қызын бермейді? (Үлкен бармағын көрсетіп). Мынау деген ақсүйек біреудің қызын таңдап жүріп неге алмайсың? Есіктегі жалшының қызына үйленем дейсің, бұл қылығыңды жұрт естісе не демек? [2, 89]. Бұл қимыл нәрсенің, заттың сынын, сапасын білдіру мақсатында ғана қолданылады. Сонымен бірге қимыл фраза мен сөздің орнына жүруі де мүмкін. «Қалайсың?» деген сұраққа жауап ретінде бас бармағын көрсетуі мүмкін. Бас бармағын көрсету – жақсы‚ тамаша дегенді білдіретін ишара. Жест-символ. Бұл кинема дерексіз мазмұнға ие және «өте жақсы» деген мағынаны білдіреді. Қимыл көптеген халықтар қарым-қатынасында «өте жақсы» деген сөздің орнына жүреді. Тағы да «менің көйлегім қалай?» деген сұраққа жауап ретінде бас бармағын көрсету қимылы қолданылып, оның жақсы екендігін білдіреді. Бұл қимыл сонымен қоса тілдегі «әдемі», «жақсы», «керемет», «тамаша» деген сөздердің орнына да қолданылады. Бұл қимыл түрі ТМД елдеріне Батыс елдерінен енген, яғни кірме кинема болып саналады.

Жоғарыда аталған кинема түрі «тамаша», «өте жақсы» дегенді білдірсе, осы кинемаға қарама-қарсы мағынада қолданылатын қимыл түрі ол – оң қолдың бас бармағын төмен (қалған саусақтар алақанға бүгіледі) бағыттау. Мұның мағынасы жақтамауды, келіспеуді білдіреді. Сонымен қатар бұл қимыл түрі екі адам бір-бірімен күресіп, төбелесіп жатқан кезде жеңіліп бара жатқан адамды «сұлат», «дымын қалдырма» деген мағынада жұмсалады. Бұл кинема түрі қазіргі қазақ жастарының арасында да қолданылады. Оның мағынасы «өшірді», «өлтірді» (өшірді, өлтірді дегендер қазіргі жастар тілінде қолданылатын жаргон сөздер болып табылады. Бәстесіп, сөз таластырып отырған қарсыласын сөзбен жеңді, тығырыққа тіреді дегенді білдіреді) дегенді аңғартады. Осыған байланысты бұл кинема бір жағынан Батыс елдерінен келген кірме, екінші жағынан жаргон кинема болып табылады.

Қазақ қарым-қатынасында қол кинемасына байланысты ым-ишаралар көптеп саналады. Солардың бірі – қол сілтеу. «Қол сілтеу», «Қолын бір-ақ сілтеу» фразеологизмдері – «қойшы соны» деген ренішті көңіл-күйден хабар берумен бірге, «мейлі», «бопты» сияқты сөздердің (лажсыз келісім беру немесе қарсылық білдіру) қимылымен берілуі. Сонымен бірге қол сілтеу «кет», «кетіңдер» дегеннің және жол сілтеу, жол көрсету сияқты мағыналарды да білдіреді. Мысалы, Хан сол теріс бұрылған қалпында «бәрің де кетіңдер!» деген ишарат білдіріп қолын сілтей салды. Уәзір, шабарман тұтқынды ала жөнелді [7, 107]. «Мейлі» деген сөздің орнына жүретін бейвербалды амал төмендегіше беріледі. Мысалы, Кеңсеге баруға қауіптенсең, шошқа фермасы да алыс емес қой.

  • Машина жолай тоқтап қалды. Жаңа ғана жеттім.
  • Онда, жарайды, – Качан қолын сермей салды [8, 16]. Жол сілтеу мағынасында қолданылатын қол сермеу, қол сілтеу кинемалары көптеген тілдерде мағыналас болып келеді. Былайша айтқанда, көптеген елдердің қарымқатынасында кездеседі деген сөз. Мысалы, – Қалай қарай кетті өздері? Сойыл тиіп, бір қолы сынып, жанын қоярға жер таба алмай тұрған керуен басы сау қолын кейін сермеді [7, 723].

Қол сермеу арқылы «күте тұр», «қазір» деген мағыналарды да білдіруге болады. Мысалы, Пәрменімізше айқайлаған дауысымыз кран басына жетті ме, әйтеуір кабинаның терезесінен Аяужанның басы көрінді де, қолын бізге «қазір» деп сермегендей болып, қайтадан жоқ болып кетті [3, 111].

Адамды өзіне қарату, шақыру мақсатында екі қолының алақанын шапалақтау орын алған. Мысалы, Хан енді басын көтеріп алды, қоңырау орнына алақанын шапалақтады. Үйге Бақты-Қожа уәзір кірді [7, 105]. Бұған қоса үстелді тақылдату қимылы да өзіне қажет адамды шақыруды аңғартады. Мысалы, Әбдіш столды тақылдатып ұрып еді, белдемшелі, үрпек бас сары қыз жетіп келді [11, 25]. Алақанды шапалақтау арқылы адамды өзіне шақыру, қарату мағынасындағы қимыл қазіргі таңда қолданыстан шығып қалған қимылдар қатарынан саналады. Аталмыш кинема көбінесе жас жігіттердің таныс немесе бейтаныс бойжеткенді өзіне қарату мағынасында қолданылатын жаргон қимыл ретінде жастар арасында жиі кездеседі.

Қарым-қатынас барысында адресаттың ойын нақтылай, айқындай түсетін қимылдың бір түрі – нұсқау мағынасындағы қимылдар. Нұсқау мағынасындағы қимыл – қолмен, иекпен, қас-қабақпен нұсқау арқылы жүзеге асады. Қасқабақпен, иекпен, қолмен нұсқау зат есімнің (деректі және дерексіз заттарды көрсету) сонымен қатар пысықтауыштың қызметін атқара алады. Дәлірек айтсақ, зат есім, пысықтауыш сияқты сөйлем мүшесі мен сөз табын бей-вербалды амал ауыстыра алады. Оның мағынасы сұраған нәрсесін көрсету, сонымен бірге жай ғана адамды немесе затты нұсқау. Мысалы, – Молдеке! – деді Мұстафа, қасында бейшарасыған кескінмен қарап отырған молдаға, босағада тұрып қалған мені қолымен нұсқап, – анау баланы танисыз ғой? [6, 58]. Біздің пікірімізше, иекпен нұсқау, көрсету бейвербалды қарым-қатынаста сұқ саусақпен көрсетуге қарағанда онша да дөрекі қимыл емес. Егер иекпен нұсқау қимылы ешқандай да бір агрессивті қимылсыз берілсе, онда бұл кинема жақсы қабылданады деуге болады.

Жұдырығын түю (жұмылған жұдырық әңгімелесушіге қарай бағытталған) қимылы қорқытуды, сес көрсетуді білдіреді. Мысалы, «Әулие шыңының» басындағы Пішпектің құшбегі Әлішер датқа мен Орман Манаптар «бәлем тұра тұр!» деп жұдырықтарын түйеді [7, 744].

Сұқ саусағын ауыз тұсына, яғни ерінге тигізіп белгі беру – сөйлеме, айтпа, үніңді шығарма, тыныш дегендерді аңғартады. Мұның мағынасы төңіректегі басқа адам баласы оның айтар сөзін естіп қоймасын дегендегісін білдіреді. ТМД халықтарының көпшілігінде тыныштыққа шақыруда оң қолдың (сол қол) сұқ саусағын тигізіп, «тсс, тшш, ыш-ш» вербализациясымен қоса көрсетіледі. Ал неміс қарымқатынасында ерінге төрт саусақты тигізеді. Бұл да тыныштыққа шақыруды аңғартады. Мысалы, Гуля. Сейткерей жездем мен Батыршаны жаңа арестовать етіпті. Әбіш (қолымен белгі қып). Ыш-ш-ш! Болды, тоқтат, тілеуіңді берсін [4, 80].

Жоғарыда аталған қимылдарды салғастыру, салыстыру барысында қарым-қатынастағы кинесикалық элементтердің мағынасы ашылды, оның тілмен ара қатынасы, қимылдарды орындаудағы органның қызметі және сөзбен суреттеудегі қимыл түрлері ажыратылып, белгілі бір мысалдар арқылы дәлелдене түсті.

 

Әдебиеттер

  1. Горелов И.Н. Невербальные компоненты коммуникации. – М.: Наука, 1980. – 104 с. 2 Мұқанов С. Шығармалар жинағы. – Т. 5. – Алматы, 1974. – 244 б.
  2. Есенберлин І. Ғашықтар. – Алматы, 1992. – 190 б.
  3. Әуезов М. Шығармалар жинағы. – Т. 5. – Алматы, 1982. – 432 б.
  4. Геворкян К.У. Кинесический язык (Введение в кинесику): Автореф. дис. д-ра. филол. наук. – Ереван, 1991. – 33 с. 6 Мұқанов С. Өмір мектебі. – Алматы, 1970. – 487 б.
  5. Есенберлин І. Көшпенділер. – Алматы, 2002. – 758 б.
  6. Есенберлин І. Көлеңкеңмен қорғай жүр. – Алматы, 1974. – 224 б.
  7. Формановская Н.И. Употребление русского речевого этикета. – М.: Русский язык, 1982. – 193 с.
  8. Момынова Б.Қ., Бейсембаева С.Б. Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақша-орысша түсіндірме сөздігі. – Алматы, 2003. – 136 б.
  9. Майлин Б. Таңдамалы шығармалар. – Алматы, 1977. – 543 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.