Другие статьи

Цель нашей работы - изучение аминокислотного и минерального состава травы чертополоха поникшего
2010

Слово «этика» произошло от греческого «ethos», что в переводе означает обычай, нрав. Нравы и обычаи наших предков и составляли их нравственность, общепринятые нормы поведения.
2010

Артериальная гипертензия (АГ) является важнейшей медико-социальной проблемой. У 30% взрослого населения развитых стран мира определяется повышенный уровень артериального давления (АД) и у 12-15 % - наблюдается стойкая артериальная гипертензия
2010

Целью нашего исследования явилось определение эффективности применения препарата «Гинолакт» для лечения ВД у беременных.
2010

Целью нашего исследования явилось изучение эффективности и безопасности препарата лазолван 30мг у амбулаторных больных с ХОБЛ.
2010

Деформирующий остеоартроз (ДОА) в настоящее время является наиболее распространенным дегенеративно-дистрофическим заболеванием суставов, которым страдают не менее 20% населения земного шара.
2010

Целью работы явилась оценка анальгетической эффективности препарата Кетанов (кеторолак трометамин), у хирургических больных в послеоперационном периоде и возможности уменьшения использования наркотических анальгетиков.
2010

Для более объективного подтверждения мембранно-стабилизирующего влияния карбамезапина и ламиктала нами оценивались перекисная и механическая стойкости эритроцитов у больных эпилепсией
2010

Нами было проведено клинико-нейропсихологическое обследование 250 больных с ХИСФ (работающих в фосфорном производстве Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции)
2010


C использованием разработанных алгоритмов и моделей был произведен анализ ситуации в системе здравоохранения биогеохимической провинции. Рассчитаны интегрированные показатели здоровья
2010

Специфические особенности Каратау-Жамбылской биогеохимической провинции связаны с производством фосфорных минеральных удобрений.
2010

Орта ғасыр жазба ескерткіштері тіліндегі антонимдер («Қутадғу билиг» және «Һибат-ул хақайиқ» ескерткіштері бойынша)

Мақалада орта ғасыр түркі жазба ескеркіштері тілінде кездесетін антонимдер туралы сөз болады. Кейбір антонимдер біздің заманымызға дейін келіп жетсе, кейбір антонимдердің бір сыңары көнеріп, қазіргі түркі тілдерінен шығып қалған. Екі сыңары да көнерген антонимдерде ұшырасады. Оның есесіне тілде кейін пайда болған жаңа сөздер көне түркі жазба ескерткіштеріндегі ұшырасатын сөздермен антонимдік қатар түзген. Антонимдердің сипаты осылайша түрлі-түрлі болып келеді. Екі сыңары да көнеруі себепті тілімізден шығып қалған антонимдер бірен-саран. Ал бір сыңары көнерген жағдайда, оны араб немесе түркі сөздері ауыстырған. Белгілі бір сыңарын қазақы ұғым алмастырған антонимдік жұптар да бар. Антонимдік қатарлардың арасында елеулі фонетикалық өзгерістерге ұшыраған сөздер де кездеседі. Жалпы алғанда, антонимдер – түркі тілдерінің тектестігін, сабақтастығын дәлелдейтін қосымша фактілердің бірі.

Мағынасы қарама-қарсы сөздерді, әдетте, деп атайды. Антоним болу үшін мағына қайшылығы жеткіліксіз. Қарама-қарсы ұғымдар бірін-бірі жоққа шығарып қана қоймай, затқа, құбылысқа жаңа баға беруге тиіс [1, 5]. Осы тұрғыдан келгенде «Қутадғу билиг» пен «Һибат-ул хақайиқ» ескерткіштері тілінде де бірқатар зат есімдік антонимдер бар екендігін анықтадық. Алайда «антонимия құбылысын көбінесе сапалық ұғымдармен шектелгендіктен оның тіл-тілде синонимия, полисемия құбылыстарына қарағанда өрісі тар болады. Зат есімдерден антонимдер болатындар біренсаран ғана. Соның өзінде олардың мағынасынан сапалық белгінің нышаны аңғарылып тұрады [2, 121]. Мұның сыртында көркем шығармалардың барлық антонимдерді қамти алмайтыны тағы бар. Аталған ескерткіштер тілінен біз байқаған антонимдер мыналар.

Баш – адақ. Бірі жоғары, бірі төмен қарама-қарсы орналасқан дене мүшелері. Қазақ тілінде де бас – аяқ антонимдік қатар түзеді [1, 46]. Өкүз азақы болғынча бузағу башы болса йег ДТС 86 (Өгіздің аяғы болғанша, бұзаудың басы болған жақсы); Билигсиз сөзи өз башыны йейүр ҚБ 25 (Білімсіздің сөзі өзінің басын жейді). Адақ берти ики йорығу үчүн ҚБ 104 (Екі аяқты жүру үшін берді). Қаза бирла санчылур адаққа тикан ҺХ 437 (Аяққа тікен де бұйрықпен кіреді).

Бұл атаулардан пайда болған ауыспалы мағыналар да бір-біріне антонимдес бола алады. Бір істің басталуы, аяқталуы деген мағынада: Муңа көңүл бағламақ бил хаталар башы ҺХ 220 (Бұған көңіл қойғаның, біліп қой, қатенің басы). Бу ер ол ышығ адаққа тегүрган ДТС 14 (Бұл кісі ол істі аяғына дейін жеткізе алады). Алайда ескерткіштерде бұл антонимдес қатар сыңарларының барлық ауыспалы мағыналары қамтылмаған.

Йай – қыш. Йай – көктемнен кейін келетін жыл маусымы деген мағынада. Йай анта йайладым ДТС 226 (Мен ол жерде жаз бойы жайладым). Қадыр қышқа йанды йарумыш йайы ҚБ 46 (Жарқыраған жазы қатал қысқа айналды). Орхон-енисей ескерткіштері тілінде,

«Қутадғу билигте» йай жаз ұғымын берсе, йаз көктем ұғымын береді. Еринчиг қышығ сүрди йазғы есин ҚБ 13 (Көктемнің самал желі азапты қысты қуды). Демек, йаз қышпен антонимдес бола алмайды. Махмуд Қашғари де йаздың көктем ұғымын беретіндігін өз сөздігінде көрсетіп өткен: Йазын қатығланса, қышын севнүр ДТС 250 (Көктемде қамдансаң, қыста сүйінесің). Алайда «Һибат-ул хақайиқ» ескерткішінде йаз қазіргі тілдердегідей жаз ұғымын береді: Келүр күз кечар йаз барур бу өзүм ҺХ 453 (Күз келеді, жаз кетеді, бұл өмір өтеді). Қазіргі оғыз тілдерінде йай формасы сақталып қалған.

Қыш – күзден кейін келетін, ең суық жыл мезгілі деген мағынада. Қышын қытан тапа сүладим ДТС 448 (Қыста кидандарға соғыс аштым). Бұл атаулар ауыспалы мағынасында да антонимдес бола алады. Татығ барды андин йайы болды қыш ҚБ 38 (Одан барлық қызық кетті, жазы қысқа айналды). Қазақ тілінде жаз атауында көктем мағынасы жоқ. Қысқан қыс іріп-шіріп қырдан кетіп, жақсы жаз ойды-қырды нұрландырған [1, 64]. Ежелгі дәуірлерде

йаз бен қыш антонимдес бола алмағанымен, қазіргі қыпшақ тілдерінде антонимдес.

Күн – түн. Көне түркі заманынан біздің заманымызға дейін формасы да , мағынасы да өзгеріске түспей келіп жеткен антонимдік қатар. Күн йема түн йема йелү бардымыз ДТС

326 (Күнімен, түнімен желіп отырдық). Түн күннүң қаршысы ол ДТС 326 (Түн күннің қарама-қарсы жағы). Түнәтүр түнүңни күнүң кетәрип күнүң кетәрип баз йарутур таң-а ҺХ 16 (Күніңді кетіріп қараңғы түн етеді, Күніңді келтіріп қайтадан жарық таң етеді). Тарихи ескерткіштерде де, қазіргі қазақ тілінде де күн

– таңның атуы мен күннің батуы аралығындағы уақыт, күндіз деген мағына береді. Түн – тәуліктің кешкі уақыттан таңертеңгілікке дейінгі аралығы, қараңғы бөлегі.

Бұл антонимдік қатар ауыспалы мағыналарында да бір-біріне қарама-қарсы ұғым ретінде түсініледі: Қараңқуда ердим йарутты түнүм ҚБ 39 (Қараңғыда едім, түнімді жарық етті). Бу күн бу ажунда кишилиг азиз қаныҺХ 385 (Бұл күнде бұл дүниеде қане шынайы адамгершілік бар ма? Бұл синонимдерге қарағанда антонимдердің өміршеңдігін көрсетеді).

Тоғар – батар. XI-XII ғасырлардағы ескерткіштер тілінде тоғар күн шығатын жақ деген мағынада жұмсалады. Тоғардын йашық баш көтүрди өрү ҚБ 391 (Шығыстан күн жоғары көтерілді). Батар күн бататын жақ деген мағына береді. Тоғардын батарға йорып тезгинүр Тиламиш тилакин сеңа келдүрүр ҚБ 318 (Шығыстан батысқа дейін дүниені кезіп аралап Қалаған затыңды тауып әкеледі).

Антонимдес бұл зат есімдерді қазақ тілінде шығыс (батысқа қарама-қарсы жақ, дүниенің төрт торабының бірі), батыс (шығысқа қарамақарсы жақ, дүниенің төрт торабының бірі) атаулары алмастырған.

Бал – ағу. «Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің» анықтауынша, бал – гүл шырынынан ара арқылы алынатын қоймалжың келген, шипалы тәтті тағам. Ол аңар бал йалғатты ДТС 79 (Ол оған бал жалатты); Ол балығ қашуқлады ДТС 79 (Ол балды қасықпен алды). «Қутадғу билиг» бал зат есімін пайдаланбаған. Ал

«Һибат-ул хақайиқта» бастан-аяқ араб тілінен енген ’асал: Көни сөз ’асал дег бу йалған басал ҺХ 161 (Шын сөз бал сияқты, жалған – жуа).

У – тірі организмге әсер еткенде, қалыпты тіршілік әрекеттерін күрт өзгертетін, не өлімге душар ететін химиялық зат. Қалы қарны ашса біліп йер ағу ҚБ 93 (Егер қарны ашса, уды біле тұра жейді); Йылан дег бу ажун

йылан оқлағу Йоқамаққа йумшақ ичи пур ағу ҺХ 214 (Бұл дүние жылан сияқты . Жыланның көзін жой. Сипағанға жұмсақ, іші тола у). Қазақ тілінде де бал мен у антонимдік қатар түзеді. Бұл атаулар қазақ тілінде ауыспалы мағыналарында да бір-біріне антоним бола алады. Тарихи ескерткіштерде ауыспалы мағыналары тіркелмеген.

Бай – чығай. Тарихи ескерткіштерде бай – иелігінде көп мал-мүлкі бар, дәулеті тасыған деген мағына берсе, чығай – киер киімі, ішер тамағы жетіспейтін, күн көрісі қиын адам деген мағына береді. Қырық йылқа тегин бай чығай түзлинүр ДТС 79 (Қырық жылдың ішінде бай мен кедей теңеседі); Көзи соқ киши неңке болмас бу бай ҚБ 103 (Затқа көп сұқтанған кісі бай бола алмайды). Чығайығ бай қылды азығ үкүш қылды ДТС 148 (Ол жарлыны бай қылды азды көп етті).

Қазақ тілінде чығай көне сөз ретінде сөздік құрамнан шығып қалған. Шығайбай деген кісі атауының құрамында ғана кездеседі. Бұдан бір замандарда бұл сөздің тілімізде қолданыс тапқанын байқаймыз. Ауыспалы мағыналарында да бір-біріне антонимдес бола алады.

Байлық – чығайлық. Бұлар – бай және чығай түбірлерінен -лық жұрнағы арқылы жасалған туынды зат есімдер. Қоқуз қыл бу байлық мүйан ал толу ҚБ 381 (Бұл байлықты азайт, оның орнына о дүниелік игілік ал); Бу байлық чығайлық иди қисматы ҺХ 187 (Бұл байлық пен кедейлік Жаратушы иенің берген үлесі). Бор ишса ачылды чығайлық йолы ҚБ 109 (Арақ ішсең кедейлікке жол ашылады). Бұл сөздердің түбір күйінде де, ауыспалы мағыналарында да, сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған туынды күйінде де бір-біріне антонимдес болуы күнделікті өмірде аса жиі қолданылуынан деп білеміз.

Төр – ел. Ескерткіштерде төр үйдің есігіне қарама-қарсы жоғарғы жағы, құрметті орын мағынасында жұмсалса, ел, керісінше, төрге қарама-қарсы, есікке жақын, қадірсіз жер ұғымында пайдаланылып антонимдік қатар жасаған. Ауыспалы мағынасында ғана қарамақарсылықты білдіреді. Ағырлады хажиб орун берди төр ҚБ 52 (Хажиб құрметтеп төрден орын берді). Билигсизка төрда орун болса көр Бу төр елка санды елиг болды төр ҚБ 31 (Наданға төрде орын болса, байқайсың ба, төр босағаға айналады, босаға төрге есептеледі).

Антонимдерді арнайы зерттеген Ж. Мусин де босаға мен төрді антонимдік қатарға жатқызған. Төр алдында, мырзалар, Көп мақтаса ырзалар. Босағада нашарлар, Одан әркім қашарлар (С. Торайғыров) [1, 52]. Бұл ретте де ауыспалы мағынада тұр.

Чын – йалған. Тарихи ескерткіштерде бұл екі атау әрі сын есім, әрі зат есім мағынасында жұмсалған. Шын – зат есім мағынасында ақиқат, шындық. Йалған – зат есім мағынасында шындығы жоқ өтірік, жалғандық. Қазіргі тілдерде де осы сипатын жоғалтпаған. Ешитгил сөзүг ирта йалған чынығ чынығ өзга алғыл қына йалғанығ ҚБ 420 (Сөзді жалған ба, шын ба айырып тыңда. Шын болса өзіңе қабыл ал да, жалған болса жазала). Бу сөзни бүтүн чын тутар душмани ҺХ 58 (Бұл сөзді досы түгіл дұшпаны да түгел шындық деп ұғады). Өзүм тапламас нең бири йалған ол ҚБ 71 (Өзім құптамайтын нәрсенің бірі – жалғандық).

Чынлық – йалғанлық. Чын және йалған атауларынан -лық жұрнағы арқылы жасалған туынды зат есімдер. Бу чынлық била кәд бүтүн дин керәк ҚБ 132 (Мұндай шындықпен қатар ақиқатты ажырата алатын дін керек). Бұл антонимдік қатардың алдыңғы сыңары орта ғасырларда-ақ жиі қолданыста болса, соңғы сыңары кейінгі замандарда ғана айналымға түскен.

Ач – тоқ. Бұл атаулар көне түркі тілінде де, қазіргі қазақ тілінде де әрі сын есім, әрі зат есім бола алады. Кеча йатза таңта йана ач турур ҚБ 103 (Кешкілік тойып жатса, таңертең қайтадан аш тұрады). Семиз болса ыт тоқ авын авламаз ҚБ 108 (Ит семіз болса тоқ кезінде аң ауламайды).

Ачлық – тоқлуқ. Ач және тоқ атауларынан -лық/-луқ жұрнағы арқылы жасалған туынды зат есімдер. Ажун тоқлуқы көрза ачлық турур ҚБ 150 (Дүниенің тоқтығы, байқап қарасаң – аштық). Көзи ач киши өлса ачлық қозур ҚБ

153 (Ашкөз кісі өлсе, аштығы ұмытылады). Кедим бирла тап тут қарын тоқлуғын ҺХ 186 (Киімнің барлығын, қарынның тоқтығын қанағат ет). Чығай қылса кимни көзи суқлуқы Байутмас аны бу ажун тоқлуқы ҚБ 195 (Кімдекім көзінің сұқтығынан кедей болса, Оны бұл дүниенің байлығы бай ете алмайды).

Аш пен тоқ зат есімдері де, аштық пен тоқтық туынды зат есімдері де қазіргі қазақ тілінде антонимдік қатар түзе алады.

Уқуш – ачығ. Көне түркі жазба ескерткіштерінде уқуш ақыл, адамның ойлау қабілеті мағынасында, ачығ ыза, реніш, бұлқан-талқан күй, ашу мағынасында түсініледі. Қолданылу ретіне қарай қарама-қарсы ұғымда жұмсалады. Уқуш һош йититип сөзүмни уң-а ҺХ 22 (Ақылойыңа салып, сөзімді аңла); Ол ол ақыл уқуш һош хирадка макан ҺХ 47 (Ол ақылдың, сана-

сезімнің, парасаттың қоймасы). Тилин сөкса бүтмас ачығы йылын ҚБ 192 (Тілін қадаса, оның ашуы жылдар бойы басылмайды).

Көне түркілік уқуш атауын араб тілінен енген ақыл зат есімі ығыстырып жіберген. Ал ачығ тұлғасы ашу формасында қалыптасқан. Ақыл мен ашу антонимдік қатар түзеді.

Асығ – қор. Көне түркілік асығ атауы ескерткіштерде олжа, табыс, адамға қажетті жақсылық мағынасында, қор атауы зарар, залал, пайдасы жоқ, зиян мағынасында жұмсалған. Тавар асығ немиш барур сән йалың ҺХ

287 (Малдың пайдасы немене жалаңаш өлесің); Бақығлы оқуғлы асығ алсу деп ҺХ 78 (Көруші, оқушыға пайдасы болсын деп). Чықыш көрмаса ыш болур ерка қор ҚБ 54 (Шығынын есептей алмаған адам зиянға ұшырайды). Йана қорға түшар нәң булмас ДТС 457 (Тағы да зиянға қалып, еш нәрсе таба алмады). Қазақ тілінде сорлы, бейшара, байғұс мағыналарын беретін қор сын есімі бар. Өмірден зиян-зақмет көрген, зәбір-жапа шеккен адамдарды бірте-бірте осылай атауы мүмкін. Біздіңше, әйтеуір бір семантикалық байланысы бар сияқты.

Уштмаһ – тамуғ. «Көне түркі сөздігінің» анықтауынша, уштмаһ – соғды сөзі. Қазақ тілінде жұмақ формасында өзгеріске ұшыраған. Бұл жерде у ~ ұ, ш ~ ж, т ~ ǿ, һ ~ қ сәйкестіктері көрініс береді. Дауыссыз бен дауыссыз дыбыстар ғана емес, дауыссыз бен дауысты да метатеза құбылысына ұшырайтынын байқататын мысалдардың бірі осы. Тілімізде метатезаға ұшырамаған ұшпақ варианты да бар. Мағынасы – ол дүниедегі рақат орын, пейіш. Тамұқ – діни ұғым бойынша о дүниеде азап көрсететін жер. Ажун етгүка ачты уштмаһ йолы ҚБ 17 (Дүниені жасандыру үшін жұмақ жолы ашылды); Солуңдын таму орны уштмаһ оң ол ҚБ 77 (Солынан – тамұқ, оңынан – жұмақ). Һарам йегли орны тамуғ ол батығ ҚБ 378 (Кім рұқсат етілмеген астарды жесе оның орны терең тамұқ). Бұл атаулар көне түркі тілінде де, қазіргі қазақ тілінде де ауыспалы мағыналарында да антонимдік қатарға түсе алады.

Ақы – саран. Қолы ашық, береген, жомарт адамды қазақ сақы деп атайды. Көне түркі тілінде бірінші дауыссыз дыбыстарды түсіріп айту фонетикалық заңдылық болған. Осы себепті ақы мен сақы бір-біріне вариант. Ақы суратин ким көрайин теса ҚБ 15 (Жомарттың бейнесін кім көргісі келсе). Қазақ тілінде арабтың сақы сөзін парсының жомарт сөзі ығыстырған. Сондықтан тілімізде жомарт – сараң зат есімдері ғана өзара антонимдес бола алады.

Сараң – көне түркі жазба ескерткіштері тілінде де, қазіргі қазақ тілінде де – біреуге бірдеңе бере қоймайтын, қолы тар адам. Саран болса беглар атын артатур ҚБ 311 (Сараң болса бек өзінің ізгі атын жойып алады). Саранқа қопар тегма йерда чоғы ҚБ 174 (Сараңға кез келген жерде у-шу көтеріледі). Жомарт ұғымының көне түркілік вариантын ұшырастыра алмадық.

Тириг – өлүг. Қазақ тілінде тірі жаны бар, өмір сүріп жүрген деген мағынада көбінесе сын есім қызметінде жұмсалады. Мәтіннің ыңғайына қарай зат есім де бола алады. Өлі сын есімі қаза болған, ажалы жеткен ұғымын береді. Зат есім мағынасында да, сын есім мағынасында да антонимдес бола алады. Тарихи ескерткіштерде сын есім мағынасына қарағанда зат есімдік мағынасы көбірек пайдаланылған. Алқуны өлүргай бир тириг ыдмадылар ДТС 562 (Барлығын қырып тастайды, бірін тірі қалдырмайды). Билигсиз тирикла йитиг көргүлүг ҺХ 94 (Білімсіз тірісінде көрде жатқан өлік сияқты). Өлүгтин тириг һәм тиригдин өлүг чықарур ҺХ 17 (Өліні тірі, тіріні өлі етеді). Бұл атаулар ауыспалы мағыналарында да антонимдес бола алады. Билигсиз тириг еркан аты өлүг ҺХ 96 (Білімсіз тірі жүргенімен, аты – өлік).

Күвәнч – қазғу. Қазақ тілінде күвәнч қуаныш тұлғасында, қазғу қайғы тұлғасында қалыптасқан. Бірақ мағыналарында өзгеріс жоқ. Қуаныш – шаттық, көңілділік, қызық; Қайғы – күйік, қасірет, мұң-шер. Күр алп ер күвәнчи чәриг күнлари ҚБ 128 (Нағыз алып ерлердің қуанышты күндері әскер арасында жүргенде). Кечүрди күвәнчин севинчин күни ҚБ 227 (Күндерін қуанышты сүйінішті жағдайда өткіз-ді). Қоқуз болды қазғу севинчи толу ҚБ 55 (Қайғысы түкке тұрмайтын, сүйініші тасып-төгіліп жатты). Қазғу атауының қадғу варианты да бар. Осы вариант «Қутадғу билигте» де, «Һибат-ул хақайиқта» да көбірек қолданылған. Қадғу болур йығлағу ҚБ 360 (Жылайтын қайғы болады); Бу күн қадғу сақынч йарын йүк вабал ҺХ 408 (Бүгін арман-қайғы, ертең күнә, обал!).

Севинч – ранж. Сүйініш – бір нәрсе жайында марқайып қуанған нәзік сезім, ризалық. Реніш – бір нәрсеге риза болмаудан, көңіл қалудан туған кейіс, өкпе, қынжылысСевүнч ерса кедин көңүл тут аңа ҺХ 371 (Сүйінішті іс болса, оған кейін көңіл қой). Бирин келса рахат келүр ранж онун ҺХ 210 (Рақат біріндеп келсе, реніш ондап келеді). Севинч ексилмагай сөзүм тутса сен ҚБ 62 (Егер менің сөзімді ұстансаң, ешқашан сүйінішің таусылмайды).

Жоғарыдағы антонимдік жұптардың қайқайсысын алсақ та мағына қарама-қарсылығына негізделген. Басқаша айтқанда, «антонимдік жұптардың сыңарлары бір сапаға берілген бір-біріне қарама-қарсы екі түрлі бағаның атауы болып табылады» [4, 71]. Бір таң қаларлығы ежелгі дәуірлерде берілген баға қазірге дейін құндылығын жоймаған. Талдау барысы көрсеткеніндей, синонимдік қатарлардың көпшілігі көнеріп, немесе әр түрлі себептермен ыдырап, қазіргі қазақ тілі лексикасынан шығып қалған болса, антонимдердің басым бөлегі, керісінше, қаймағы бұзылмай, ескі замандардан біздің дәуірімізге дейін келіп жеткен. Кейбіреулері тура мағыналарында да, ауыспалы мағыналарында да антонимдік қатар түзе алады. Енді бір топ антонимдік қатарлар көне түркі жазба ескерткіштері тілінде әрі зат есім, әрі сын есім қызметін атқарса, қазіргі тілдерде де сол сипатын сақтап қалған. Туынды антонимдік жұптар да бір-біріне көп ұқсайды. Бұл антонимдердің синонимдерге қарағанда әлдеқайда өміршеңдігін көрсетеді.

Кейде XI-XII ғасырлардағы көне түркі жазба ескерткіштерінің тілінде антонимдік жұптардың екеуі бірдей кездесе бермейді. Жоқ сыңар мұндай реттерде орхон-енисей ескерткіштерінен табылады. Кірме антонимдік сыңарлардың қазақ тіліне де сіңісіп кеткенін байқаймыз.

Екі сыңары да көнеруі себепті тілімізден шығып қалған антонимдер бірен-саран. Ал бір сыңары көнерген жағдайда, оны араб немесе түркі сөздері ауыстырған. Белгілі бір сыңарын қазақы ұғым алмастырған антонимдік жұптар да бар. Антонимдік қатарлардың арасында елеулі фонетикалық өзгерістерге ұшыраған сөздер де кездеседі. Жалпы алғанда, антонимдер – түркі тілдерінің тектестігін, сабақтастығын дәлелдейтін қосымша фактілердің бірі.

 

Әдебиеттер

  1. Мусин Ж. Қазақ тілінің антонимдер сөздігі. – Алматы: Мектеп, 1984. – 5 б.
  2. Болғанбайұлы Ә.Қалиұлы Ғ. Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 21 б. 3 Кеңесбаев І., Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика. – Алматы: Қазақтың оқу-педагогикалық мемлекеттік баспасы, 1962. – 76 б.
  3. 4 Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. – Алматы: Мектеп, 1974. – 43 б.

Разделы знаний

Биология

Биология бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  ғылыми және тәжірибелі биология бойынша көптеген мақалалар мен баяндамаларды таба аласыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында қазіргі билогияның негіздері, тарихы,  зерттеу бағыттары мен ғылыми зерттеулердің нәтжелері және биология ғылымының басқа да бөлімдері жайлы толық анықтама береді.

Медицина

Совокупность наук о болезнях, их лечении и предупреждении.

Педагогика

Бұл бөлімде сіздер педагогика пәні бойынша көптеген тақырыптарға арналған мақалалар мен баяндамаларды таба аласыз. Бұл мақалалар сіздерге түрлі педагогика жайлы ғылыми жұмыстарды жазуға бағыт-бағдар бере отырып, жаңа ғылыми ашылымдар мен тәжірибелік зерттеулердің нәтижелерін танып-білуге көмектеседі.

Психология

Психология бөлімінде психология пәні, міндеттері мен мақсаттары, психикалық құбылыстардың пайда болу заңдылықтары, психология бөлімінің тармақтары, психология ғылымының пайда болу тарихы, қалыптасуы және психологияның басқа да тақырыбындағы қызықты мақалаларды таба аласыздар. 

Социология

 Бұл бөлімде социология немесе әлеуметтану ғылымы жайлы, қоғамның қалыптасуы, жұмыс істеуі және даму заңдылықтары туралы мақалалар қарастырылған. 

Тарих

Бұл бөлімде сіздер тарих ғылымының түрлі тақырыбына жазылған көптеген ғылыми мақалаларды таба аласыздар. Бұл мақалалар сіздерге рефераттар мен баяндамаларды жазуға көмектеседі.

Техникалық ғылымдар

Мұнда келесідей ғылыми мақалалар жарияланады: физика-математикалық , химиялық, гелогия-минерология, техникалық және гуманитарлық ғылымдардың өзекті  мәселелері, ғылыми конференциялардың, семинарлардың материалдары, ғылыми-техникалық комиссияның қағидалары, техникалық білімнің мәселелері.

Филология

 Бұл бөлімде филология пәні жайлы, филологияның түрлі тақырыбына жазылған мақалалардың жиынтығы қарастырылған. 

Философия

Қазақстанның ғылыми журналдарында жарияланған  философия пәні бойынша ғылыми мақалалар. Бұл бөлімде қоғам тану жайлы көзқарастар, сонымен қатар қазақ халқының ұлы тұлғаларының философиялық көзқарастары келтірілген.

Халықаралық қатынастар

Халықаралық  қатынастар  бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында халықаралық қатынастарды дамытудың жолдары мен оларды дамытудағы негізгі алғышарттарды қарастырады. Халықаралық экономикалық қатынастардың мемлекетті дамытудағы ролі мен маңызын ашып көрсетеді.  Мұнда сіздер халықаралық қатынастар, сыртқы экономикалық саясат тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Экология

Экология

Экономика

Экономика бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастарды дамытудың жолдарын қарастырады.  Мұнда сіздер экономика, экономикалық теория тақырыбы бойынша көптеген материалдарды таба аласыздар.  

Құқық

Құқық бөлімінде сіздер Қазақстанның ғылыми журналдары мен жиынтықтарында жарияланған, мақалалар мен баяндамаларды табасыздар.  Авторлар өздерінің жұмыстарында құқық туралы жалпы түсінікті ашады, құқықтық қоғамның қалыптасып дамуы жайлы және оның маңызын қарастырады. Мұнда сіздер құқық пәні тақырыбында жазылған көптеген материалдарды таба аласыздар.